0000

Page 1

5

зерде

www. akjolgazet.kz ak-jol-taraz@rambler.ru facebook.com/akjolgazet/

13 қаңтар, 2018 жыл

Құттықтаймыз!

12 қаңтар – Д.Қонаевтың туған күні

Елін танытқан ер Дінмұхамед Қонаев атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасында «Елін танытқан ер» атты жиын өтті. Жанғазы АХМЕТ

Тұлға рухына тағзым Табиғат АБАИЛДАЕВ 12 қаңтар – Дінмұхамед Қонаевтың туған күні. Биыл алаштың ардақты ұлының дүниеге келгеніне – 106 жыл. Бұл күні тараздықтар ұлты үшін туған дара тұлғаның ескерткіші алдына жиналып, тұлға рухына тағзым етті. Тараз қаласы әкімінің орынбасарыв Жасұлан Ханалиев бастап, қалалық ардагерлер кеңесі мүшелері, мәслихат

депутаттары, Тараз қаласына қарасты барлық бөлімдер мен мекеме қызметкерлері, білім беру және денсаулық сақтау саласының өкілдері Дінмұхамед Қонаев ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, алаштың аяулы ұлының рухын ұлықтады. «Ел – ырыстың кілті, ер – ырыстың қорғаны» дегенді қазақ текке айтпаса керек. Қазақ елінің қорғаны, жоқшысы әрі сақшысы болған Дінмұхамед Қонаев есімі ешқашан ұмытылмақ емес. Өйткені артында қара ормандай қалың қазағы бар.

Шара барысында кітапхана оқырмандары – мектеп оқушыларымен кезде скен Халықаралық Қонаев қорының облыстық бөлімшесінің төрағасы Амангелді Кәрент аев, төраға орынбасары, облыстың Құрметті азаматы Нәриім Сейдуалиев және қор бөлімшесінің аға реферанты, ақын Құрманғазы Демешов тұлға туралы тағылымды естеліктер айтып, игі ойларымен бөлісті. Алғашқы болып сөз а лған Амангелді Кәрентаев қордың жұмысы, оның мақсаты туралы кеңінен баяндап, ұлы тұлғаның есімін ұлықтау жолында елеулі еңбек етіп жатқандарын жеткізді. – Соңғы ке зде облыстық ардагерлер кеңесінің қолдауымен Тараздағы Қонаев қоры өз жұмысын

біршама жандандырып отыр. Қор басқармасының құрамы жаңарып, демеушілерімен жұмыс белсендірек жүргізіле бастады. Жұртшылықтың, атқарушы биліктің тарапынан қолдау да жақсы. Осының арқасында өткен жылы талай шаруа тындырдық. Соның бірі – облыс ақсақалдары, ардагерлер, зиялы қауым өкілдері тарапынан айтылып келе жатқан қор бөлімшесімен бір аумақта орналасқан облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасына Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың есімін беру еді. Қор бөлімшесінің тиісті орындарға шығып, қозғау салуымен бұл мәселе жоғары құзырлы органдар тарапынан қолдау тапты. Кітапханаға Қонаев есімінің берілуі – қала жұртшылығы үшін үлкен тарту әрі дара да дана тұлғаны ұлықтау бойынша Қазақстандағы мақтанышпен сөз етілер игі істің бірі, – деген А.Кәрентаев былтыр аға ұрпақ өкілдерінің естеліктерінен, жеке отбасылық мұрағаттарда cақталған фото суреттерден тұратын «Дінмұхамед Қонаев және Әулиеата өңірі» атты жинақ жарық көргенін, облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасы

Жамбыл облысының Құрметті азаматы Ә. Әсілбеков мырзаға ұжымы қор бөлімшесімен бірлесе отырып тақырыптық кітап көрмесін ұйымдастырғанын айтты. Сондайақ облыстық білім басқармасының қолдауымен білім мекемелері оқушыжастардың мұражай жұмысымен танысуына арналған экскурсиялар ұйымдастырып тұратынын жеткізді. Ал Нәриім Сейдуалиев көзкөрген ретінде татымды естеліктерімен бөліссе, ақын Құрманғазы Демешов тұлғаның қарапайымдылық, адами тұрғысына көптеп тоқталып, өзінің Дінмұхамед Қонаевқа арнаған отты жырын оқып берді. Келелі ке зде су барысында патриоттық сарындағы әуезді әндер айтылып, қонақтарға әдемі әсер сыйлады. Тұлғаның өмірі мен елеулі еңбегіне арналған деректі фильм көрсетіліп, кітапхана бұрышынан елін т анытқан ерге арна лған «Ұлы тұлға» атты кітап көрмесі таныстырылды. Соңынан кітапхана директоры Гүлфайруз Іңкәрбекова сөз алып, келген қонақтарға алғысын айтып, оқырман жастарға халық перзентінің өмірі өнегеге толы екенін жеткізіп, содан сабақ алып, елжанды, білімді азамат болып қалыптасуға шақырды.

Еңбегі елге елеулі

Т

ағылымы тәнті ететін, болмысы биік азаматтар – баршаға үлгі. Қоғам үшін сіңірген еңбегін бұлдамайтындар сирек те болса бар. Ондай кісілермен кездескенде көңіліңде «Жақсы адам осы» деген бір ғана ой тұрары анық. Облыс халқына кеңінен танымал Әбдінұр Әсілбековтің есімі осындай ұлағатты ортаны толтырып жіберетіні даусыз. Бұл әсерді біз қоғамға сіңірген еңбегі бар азаматтың құтты шаңырағына барғанда ерекше сезіне түстік.

Істің адамы Есет ДОСАЛЫ

Әбдінұр Әбілдаұлын 2006 жылдан бері сырттай білемін. Облыс әкімдігінің үлкен залында өткен жиындарда көргенбіз. Ол кісі – облыстық мәслихаттың хатшысы, біз қарапайым журналист едік. Сессияның төралқасында отырғанда сұсты көрінетін. Ол мүмкін баспасөз бетінен көріне беруге аса ықылас таныта бермейтінінен болар. Әлі күнге дейін біздер Әбекеңді бұқаралық және электронды ақпарат құралдарынан көп кездестіре алмаймыз. Алайда сол кездің өзінде төңірегіндегілер, халық қалаулылары бұл кісі туралы тек жақсы пікірлер айтатын. Оған бас кейіпкеріміздің қарапайым қалпы, үлгілі өмір жолы себеп болса керек. Әбекең 1948 жылғы 15 қаңтарда Оңтүстік Қазақстан облысының, Түлкібас ауданында өмірге келген. Алайда барша ғұмыры Әулиеата топырағында өтіп келеді. Қаратау қаласында орта мектепті әйгілі «ДосМұқасан» ансамблінің белгілі әншісі Шәріп Омаровпен бірге бітіргенін біреу білсе, біреу білме с. 1970 жылы Жамбыл жеңіл және тамақ өнеркәсібі технологиясы институтын инженер-экономист мамандығы бойынша бітірген соң, Мойынқұм ауданындағы «Айдарлы» кеңшарынан экономист болып еңбек жолын бастады. Көп ұзамай бас экономист қызметіне жоғарылаған. Мұнан соң әскер қатарына алынып, Отан алдындағы борышын өтеп қайтқаны бар. Әскерден келген Әбекең үшін өрлеу жолы басталып жүре берген еді. Алматы зоотехникалық-мал дәрігерлік институтын инженер-

зоотехник мамандығы бойынша сыртт ай оқып бітірді. Білімін жетілдірген жас азамат Тараздың і р ге с і н д е г і Жа м б ы л ауд а н д ы қ партия комитетінің нұсқаушысы болып ауысып, бірер жылдан кейін ұйымдастыру бөлімінің басшысы лауазымына лайықты деп танылған. Бұл қызметті 7 жылдан астам уақыт атқарады. Мұнан соң аудандық атқару комитеті төрағасының орынбасары қызметіне барды. Бұл өрлеу баспалдағында да абыройдан қол үзген жоқ. Іргелі ауданның құрылыс, энергетика, көлік қозғалысы, су шаруашылығы жағын басқарып, талай шаруаны өрге бастырды. Аудандық партия комитетінің сол кездегі бірінші хатшысы Тұрсынхан Мүсірәлиев еді. Аудан басшысы мұның жоспаржобаларына үнемі қолдау танытып отырыпты. – Аудандық атқару комитетінің төрағасы Николай Полющук болатын. Аты аталған кісілермен қоян-қолтық жұмыс атқарып, біраз шаруаны жүзеге асырдық. Ауданда орталық аурухана, 7 орта мектеп, 4 балабақша жаңадан салынды. Газ, су торабы тартылып, бірнеше көшелерге асфальт жол жетті. Ауылдарда амбулаториялар бой көтерді. Осы күні ойласақ, халық игілігі үшін біраз шаруа атқарылған екен, – деп сол тынымсыз жылдарды еске алады Әбекең. ұнан соң ауданаралық мал өсіру және мал бордақылау бірле стігінің директоры болып тағайындалып, «Қызыл жұлдыз» кеңшарының тасын өрге сүйреген екен. Оны ауыл тұрғындары да ризашылықпен айтады. Осы директорлық қызметте де 7 жыл

М

Жағымды жаңалық

отырыпты. Кейіннен облыстық шаруа қожалықтары мен өндірістік кооперативтер қауымдастығының төрағасы болады. Осылай іскерлігімен көрінген Әбдінұр Әсілбеков 1998 жылы Жамбыл ауданының әкімі қызметіне тағайындалды. Өзінің іскерлігін, тәжірибесін танытатын сәт енді туған еді. Ол кезең жалақы мен зейнетақының, әлеуметтік төлемдердің жылдап кешігіп жатқан уақыты еді. Мұндай сәтте аудан басшысының есігінде қайдан тыным болсын. «Тәулігіне 10-15 тұрғын, әйел азаматшалар қабылдауыма келіп, айқай шығарып кететін. Ауыр-ауыр сөздер айтатын. Ол кезде елімізде экономикалық жағдайдың өзі тұрақтанбай тұрды ғой. Оны қарапайым тұрғындарға қа лай түсіндіресің?!» – деп еске алады сол сәттерді Әбекең. Алайда Әсілбеков мұнан шығар жолды да тапты, өзінің іскерлігін де танытты. Барлық шаруаның қаражатқа тірелетінін түсінген ол ауданда салықты өз деңгейінде жинауды қолға алды. Т і п т і , эл е кт р то р а б ы н , г а зд ы тұтынушыларға да салық төлетті. Ұзақ жыл салығын «жеңіл жолмен» төлеп келген «БМ» шарап зауыты да қазынаға толық деңгейде салық құя бастады. Соның нәтижесінде ауданда жиналатын салық көлемі 450 миллион теңгеден 2 миллиард теңгеге өсті. Сол себепті айлық пен жәрдемақы уақтылы беріле бастады. Аудандағы барлық мектептер күрделі жөндеуден ө т і п , қ а ң қ а с ы қ а л ғ а н к л уб т а р қалпына келтірілді. Ауданда «Аса сазы» оркестрі құрылып, көпшілікке концерт ұсыныла бастады. Орталық

ауруханаға УЗИ, рентген аппараттары алынып, денсаулыққа көңіл бөлінді. Аудан әкімі Әсілбеков «Мектеп директорлары тек білім сапасын қадағалаумен, бас дәрігер емдеу ісімен айналыссын. Ол мекемелердің шаруашылық жұмыстарымен басқа адамдар шұғылдансын» деген талап қойды. Сол – сол екен, білім сапасы да жақс арды, халықтың емдеу мекемелеріне деген көзқарасы да оң жағына өзгерді. леуметтік сала ғана емес, ауыл шаруашылығы да өрлеп, өркендеп жатты. «Райс», «Айтақ» каналдары арқылы егіс алқаптарына су жеткізу, жерді тыңайту жұмыстары сәтті жүзеге асты. Ауданда мал басының саны еселеп артты. Әсілбеков бұл тәжірибесін екі жыл бойы Байзақ ауданының әкімі болған жылдарында да жалғастырып, мұндағы тұрғындардың да алғысын алды. Салық жинауды 250 миллион теңгеден 1 миллиард теңгеге дейін көтерді. Аудан орталығында аллея, демалыс саяжайын салдырып, тұрғындардың а лғысына бөленді. 2003 жылы облыстық мәслихаттың хатшысы болып сайланды. Осы лауазымды екі шақырылым бойы атқарып, 2012 жылға дейін жалғастырды. Өзі де Жамбыл, Байзақ ауданынан облыстық мәслихаттың депут аттығына сайланған. Елдің мұң-мұқтажына халық қалаулысы ретінде де көп көңіл бөлді. Ауыл шаруашылығының дамуына, экологияның тазалығына, қоршаған ортаның жақсаруына назар аударды. Халыққа қажетті мәселені көтеріп, елдің көкейіндегіні қозғап ұсыныс айтқан депутаттарды әр сессияда қолдап, олар ойлаған істің

Ә

жүзеге асуына ықпал жасап отырды. Сондықтан мәслихат хатшысы ретінде де құрметке бөленді. 2002 жылы «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталса, 2010 жылы мемлекеттік марапат – «Құрмет» орденін кеудесіне тақты. Мұнан бөлек, он шақты мерекелік медальдардың иегері. Ұзақ жылғы жемісті еңбегі осылай бағаланды. 2012-2014 жылдары облыс әкімдігі мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және біліктілікті арттыру орталығының директоры қызметін атқарып, еңбек демалысына шықты. Бұл күнде «Жамбыл облысының Құрметті азаматы» атанып отырған Әбдінұр Әбілдаұлы өзінің мазмұнды өміріне риза екенін айтады. Кезінде комсомол тойын өткізіп қосылған өмірлік жолдасы Мәрзия апа екеуі 3 ұл тәрбиелеп өсіріп, олардан 9 немере сүйіп отыр. Перзенттерінің бәрі жоғары білімді, өмірден өз орындарын тапқан. – Жақсы-жаманын халық өзі бағалай жатар. Менің қызметім осылайша елдің көз алдында. Сеніп тапсырылған қызметтерді жауапкершілікпен атқарған секілдімін. Әр жылдары 6 облыс әкімімен бірге қызмет атқардық. Әкем Әбілда Тортайұлы да аудандық атқару комитетінде нұсқаушы, ауылдық кеңес төрағасы қызметтерін атқарған кісі еді, Ұлы Отан соғысының ардагері болатын. Анам Күлзейнеп екеуі 3 ұл, 3 қыз тәрбиелеп өсірді. Олар Отанға, елге адал болды. Сол әкемнен дарыған жақсы қасиеттер мені де адамшылықтың ауылынан алыстатқан жоқ. Қай қызметте жүрсем де адалдық, шыншылдық, қарапайымдылық, турашылдық, жауапкершілік, тәртіпті болу – менің кредом болды. Ел басқару қызметінде жүрсем де, әдебиетті жанымдай жақсы көрдім. Қазір де менің бір серігім – ә д е б и к ө р ке м ш ы ғ а рм а л а р . Тәуелсіз еліміздің әр сәтті қадамына қуанамын. Кеше ғана жолданған Елбасының биылғы Жолдауындағы жаңашылдықтарды да құптаймын. Біз бір орында тұрып қалмай, қашанда өрлеуге, жаңа мүмкіндіктерді игеруге ел болып ұмтылуға тиіспіз. Бұған еліміздің, ел жастарының әлеуеті жетеді деп сенемін, – деп сөзін түйіндеді Ә.Әсілбеков. Суретті түсірген Лола Нұрматова

ұрпақ тәрбиесі

Келешектің мәселелері кеңінен қаузалды

«Әулиеата» – жаңа басылым Облысымыздың ақпарат айдыны тағы бір басылыммен толығып отыр. Жаңа жылдың алғашқы күндерінен бастап меншік иесі «Қанатты қалам ә л е м і » ж ау а п к е р ш і л і г і ш е к т еул і с е р і к т е с т і г і н і ң демеушілігімен «Әулиеата» қоғамдық-саяси газеті 5 мың дана таралыммен өз оқырмандарына жол тартты. Газеттің бас редакторы – Олжас Иенберген. Басылымның бұл нөмірінде Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында белгілі ғалым Сағындық Ордабековтің «Көсегенің көк жоны», белгілі журналист Тұрсынхан Жаманбаевтың «Шал тауы – шежірелі мекен» тарихи-танымдық зерттеу мақалалары берілген. Журналист Ардақ Үсейінованың «Өмірден түйген өрімдер» атты шағын әңгімелері де қалың оқырманды баурап алатыны анық. Сондай-ақ алғашқы санының өзінде бірнеше ауданнан жедел дайындалған ақпараттар, сұхбаттар қамтылған. Бұл басылым көпшілік оқырманның қызығып оқитын ақпарат құралына айналатынына сеніміміз зор. «Әулиеата» газетінің ұжымын алғашқы қадамдарымен құттықтап, шығармашылық табыстар тілейміз. «Ақ жол-Ақпарат»

Мемлекет басшысының жақында жарияланған Қазақстан халқына Жолдауы мен «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру » бағдарламалық мақаласы аясында Т.Рысқұлов атындағы №48 орта мектепте білім ошағынан қанат қаққан түлектермен тағылымы мол кездесу өтті. Жаңғыру жолындағы жастардың рөлі мен орнын айқындау, табысты түлектердің еңбек жолдарын бүгінгі буынға үлгі ету мақсатындағы жиынға 2000 жылғы түлектер – Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің қаржылық кеңесшісі Фейруза Малғажинова, облыстық ішкі істер департаменті арнайы даярлық басқармасының инспекторы Медет Байбулеков, «Амангелді газ» ЖШСның геолог маманы Кеңес Алешов және қалалық қылмыстық атқару істері бойынша бөлім прокуроры Нариман Торабеков қатысты. Басқосу барысында қонақтар оқушыларға мамандықтарының қырсырын, жетістіктерін, жарқын да мағыналы істері туралы әңгімеледі. Тек қызмет барысы ғана емес, балалық шағы, студенттік жылдары, болашақтағы мақсаттары туралы да сөз етті. Оқушылар тарапынан қойылған сұрақтарға да жауап беріп, бүгінгі түлек ертеңгі ел тірегі екенін айтты. Шарада өнерлі жеткіншектер келушілерге мерекелік көңіл-күй сыйлады. Қонақт ар болашақ маман иелеріне және өздері білім алған мектепке жылы лебіздерін білдіріп, «Табысты тілек ағашына» қолтаңбаларын қалдырды.

Құрметті Әбдінұр Әбілдаұлы! Сіздің ғұмырыңыздың жарқын белесі – 70 жасқа толған мерейтойыңызбен шын жүректен құттықтаймыз! Өмірдің асу-беле стерінен абыроймен өтіп, бүгінде ел ағасы болған сіздің ғұмырнамаңыз өзгелерге үлгі-өнеге боларлықтай ізгілікті істерге толы. Сіздің өміріңіздің әрбір соқпағында биік парасатты, үлкен жүректі, ардақты азаматтың өзіндік қолтаңбасы, өшпес ізі бар. Өмір жолыңыз, өнегелі істеріңіз көпке үлгі боларлықтай десек, ағалық қамқор сөзіңіз, болмысыңызға біткен ақылпарасатыңыз артыңыздан ерген інілеріңіз үшін сарқылмас қазына екені анық. Сіз Жамбыл жеңіл және тамақ өнеркәсібі технологиялық институтын бітірген 1970 жылдан бері облыстың экономикасы мен мәдениетін өркендетуге зор үлес қосып келесіз. Еңбек жолыңызды Мойынқұм аудандық ауыл шаруашылық басқармасында инженер болудан бастап, Қазақстан КП Жамбыл аудандық комитетінде нұсқаушы, бөлім меңгерушісі, халық депутаттары Жамбыл аудандық кеңесі атқару комитеті төрағасының орынбасары, Жамбыл, Байзақ аудандарының әкімі, 2003-2012 жылдары Жамбыл облыстық мәслихатының хатшысы қызметін атқардыңыз. Қандай қызметте жүрсеңіз де алға қойған міндеттеріңізді мүлтіксіз орындап, өзіңізге артқан сенімді абыроймен ақтай білдіңіз. Азамат ретінде танылдыңыз, сондықтан да жұрт сізді сыйлайды, қадірлейді. Сіз сонымен бірге ынтымағы жарасқан әулеттің пір тұтар басшысысыз. Жұбайыңыз Мәрзия екеуіңіз көпке үлгі боларлықтай тамаша ұлдарды тәрбиелеп өсірген ата-ана, немерелеріңіздің қызығын көріп отырған бақытты атаәжесіздер. Отанымыздың мақсат-мүддесіне арналған адал еңбегіңіз бағаланып, «Құрмет» ордені және бірнеше медальдармен, Құрмет грамоталарымен, Алғыс хаттармен марапатталдыңыз, Жамбыл облысының Құрметті азаматы атандыңыз. Аса қадірлі Әбдінұр Әбілдаұлы! Кемел жасқа толған мерейтойыңыз құтты болсын. Деніңізге саулық, ұзақ ғұмыр, қажымас қайрат, шаңырағыңызға шұғылалы шуақ тілейміз! Ізгі ниетпен: О. Есіркепов, С. Сейдазимов, М. Байгелді, Т. Нұрбаев, Р. Бегалиев, Т. Жігітеков, С. Сейтбеков

Құрмет

Майдангерлер – мақтанышымыз Сонау сұрапыл соғыс жылдарында кеуделерін жаңбырдай жауған оққа тосып, туған жерін, елін жау басқыншылығынан азат еткен майдангерлердің сапында Әулиеата тумасы Балтабай Сатувалдиев та болды. Бүгінде Ұлы Отан соғысының ардагері, қарт жауынгер 95 жасқа толып отыр. Майдангер 1923 жылы Жамбыл өңірінде дүниеге келген. Ұлы Отан соғысы басталар алдында минометшілер курсын аяқтағаннан кейін Солтүстік Кавказ майданына жіберіліп, сол жақта соғысты аяқтайды. Бірқатар мемлекеттік және мерекелік медальдармен марапатталған. Соғыстан кейін көп жылдар бойында сауда саласында қызмет еткен. Бүгінгі күні майдангер 6 баласынан 19 немере, 4 шөбере сүйіп отырған үлкен әулеттің алып бәйтерегі. Тараз қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Алдияр Түсіпов және облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы, қалалық әскери комиссариаттың өкілдері бастаған топ майдангердің үйіне барып, қарт жауынгерді мерейлі күнімен құттықтады. Иығына шапан жауып, сый-сияпат табыс етті. Әлі де болса өмірге деген құштарлығы басым абыз қария өз тілегін білдіріп, оларға ақ батасын берді. Алдаберді МАҚАШЕВ, Тараз қалалық ардагерлер кеңесінің мүшесі

ХАБАРЛАНДЫРУ Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы б а с қ а р м а с ы Қ а з а қ с т а н Р е с п у бл и к а с ы Ау ы л шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 1 ақпандағы №50 «Кредиттер және технологиялық жабдықтың, ауыл шаруашылығы малын сатып алудың лизингі, сондай-ақ ауыл шаруашылығы техникасының лизингі бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» бұйрығымен бекітілген Қағидаларының 2-тарау 7-тармағы бойынша құжаттарды қабылдау басталғандығы туралы хабарлайды. Өтінімдер «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы орталықтарында қабылданады. Анықтама алу үшін Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасына (комиссия хатшысы – Ж.Құрманбеков) 8 (7262) 45-60-21 нөмірі арқылы хабарласуға болады.

«ақ жолдың» жарнама қызметі Телефон/факс: 8 (7262) 43-32-50 ak-jol-taraz@rambler.ru

ТЖД ескертеді Оқушылар кездесу кешінің мамандықты дұрыс таңдауларына қолдау болғанын, алдағы арман-мақсаттарға қол жеткізу үшін сенімділіктерін арттырғанын жеткізді. С о н ы м е н қ ат а р , о с ы б і л і м бе ру мекемесінде «Қыз тәрбиесі – қоғам тәрбиесі» тақырыбындағы ток-шоу өтті. Оған облыстық іскер әйелдер қауымдастығы жанынан құрылған «Ел анасы» кеңесінің мүшелері, Білім ісінің үздігі, Ы.Алтынсарин медалінің иегері К.Ахметжанова мен профессор, доцент Г.Жолдасова, ата-аналар А.Шанбаева, Н.Жұмабаева, В.Салимжанова қатысып, қыз тәрбиесіне байланысты сүбелі ойларымен бөлісті. Өмірдегі тәжірибелерін ортаға салып, ақыл-кеңестерін айтты. Бүгінгі қоғамда орын

алып жатқан келеңсіз мәселелер төңірегінде қойылған сұрақтарға жауап берді. Шара барысында «Қыз тәрбие сі» бейнеролигі көрсетіліп, оқушылар өздерінің әсерлерін жеткізді. Тәрбиелік мәні зор көріністер қойылып, тағылымды кеш өтті. Шара соңында мектеп директоры Айжан Абдешова сөз сөйлеп, қазақ қоғамындағы қыз баланың рөлі туралы әңгімеледі. «Әр елдің өсуі, өркендеуі, ұлт болып қалыптасуы қыздарға берілетін тәлім-тәрбие арқылы өлшенеді» деген ұлағатты ой-пікірін айтты. Ерқанат Мылтықбай Тараз қаласы

Әуесқой балықшылар назарына! Ауа райы температурасының жиі өзгеруіне байланысты өзен, көлдердегі мұз үсті қауіпті болуы мүмкін. Қауіпсіздік шараларын қатаң сақтаңыздар!

Жамбыл облыстық қазақ драма театрының басшылығы мен ұжымы Әбиірбек Қонысбаевқа анасы Рысбике Нұрымбетқызының қайтыс болуына байланысты қайғысына ортақтасып көңіл айтады.


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.