19 aqpan PDF 2019 j

Page 1

аһан д

а

Jambyl oblystyq qoǵamdyq-saıası gazet

Ж

Bіrіńdі, qazaq, bіrіń dos, kórmeseń, іstіń bárі bos. (Abaı).

және

Сарысу ауданы

Мойынқұм ауданы

Жамбылда

Мойынқұм

Шу ауданы

Талас ауданы

Төле би

Жаңатас

Жамбыл облыстық қоғамдық-саяси газет

Қаратау

Жамбыл ауданы

Меркі ауданы

Байзақ ауданы

Т.Рысқұлов ауданы

Аса

Құлан

Жуалы ауданы

Қордай ауданы Қордай

Меркі

Бауыржан Момышұлы

№19 (18669), Seisenbі, 19 aqpan, 2019 jyl

ak-jol-taraz@rambler.ru

www. aqjolgazet.kz

Gazet 1922 jyldyń 1 mamyrynan shyǵady

нда жаһа

Облыстық әкімдікте

Алдағы атқарылатын жұмыстар ауқымды

=германия Елде өткен халықаралық Берлин кинофестивалінің қорытындысы жарияланды. Сайыста биыл 400 фильм көрсетіліп, «Алтын аю» мен «Күміс аю» сынды басты жүлделер үшін 17 картина таласты. =АҚШ Желіде «Apple» компаниясының жаңа iPhone сызбалары пайда болды. Гаджеттің ашық күйдегі мөлшері планшетпен пара-пар. Бүктелген құрылғы смартфонмен бірдей. Оны әртүрлі бұрыштарға июге, тіпті ішке де, сыртқа де ашуға болады. =иран Демалыс күндері елде жасалған «Фатех» сүңгуір қайығы таныстырылды. 600 тонналық субмарина 200 метр тереңдікке дейін төмен түсіп, сол деңгейде бес аптаға дейін жұмыс істеуге қауқарлы. =италия Венецияда дәстүрлі карнавалдар маусымы басталды. Мұнда бишілер мен акробаттар, сосын сайқымазақтар өнер көрсетеді. Биылғы мерекенің тақырыбы – «Ойынға арналған қала».

Жамбыл өңірі үшін өткен жыл жемісті түйінделді деуге болады. Тындырылған тірлік, атқарылған шаруа аз емес. Әсіресе былтырғы жылы оң шешімін тапқан әлеуметтік маңызға ие мәселелер көп-ақ. Мысалы, есепті кезеңде облыстағы 377 елді мекеннің газдандырылғаны 48 пайызды, ал оның ішінде орталықтандырылған газ торабына қосылмаған халықтың саны 88 мың адамды құраған еді. Оның 53 мың адамы бар үйлерді былтырғы жылдың соңына дейін газ торабына қосу жоспарланған. Есепті кезеңде аудан әкімдері төмен бағамен, 82 756 теңгеге «көгілдір отын» кіргізу жұмыстарын («Жамбыл жылу», «Темір жол жылу» мекемелері мен жеке мердігерлер күшімен) жүзеге асырды. Нәтижесінде жоспар 98,1 пайызға орындалды. Бұл іс 52 065 адамы бар үйлерді қамтыды. Қалған 35 мың адам – Тараз қаласына бертінде қосылған саяжайалқаптарында тұратындар. Сондай-ақ былтыр 10 елді мекен ауызсумен қамтылды. Орталықтандырылған сумен қамтылған ауылдық елді мекендер тарифтерінің жоғары болуына және су жүйесіне қосылуына қаржылары жетіспеушілігіне байланысты 50,0 мың адам су жүйесіне қосылмаған болса, бүгінде олардың 7150і орталықтандырылған ауызсу жүйесіне қосылды.

Бәр

Осы ретте өңірдің ауыл шаруашылығы саласында да жаңғырулар орын алғанын атап өткен жөн. 2018 жылы құрылған «Талас-Аса» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны базасында жасақталған механикалық отряд бүгінгі күнге дейін Байзақ, Жамбыл және Мойынқұм аудандарындағы 10 су шаруашылығы нысанына – 3 су қоймасына және ұзындығы 26, 8 шақырымды құрайтын 7 каналға 14,2 миллион теңгеге ағымдық жөндеу жұмыстарын жүргізді. Соның нәтижесінде, 1404 гектар суармалы алқап қалпына келтіріліп, ол жерлерге енді басымдыққа ие ауыл шаруашылығы дақылдары егіліп, өсірілетін болады. «Талас-Аса» кәсіпорнына 2019 жылы 234,1 миллион теңгеге ұзындығы 63,2 шақырым болатын 14 каналды тазалау, жөндеу және өзендердің жағалауларын нығайту жұмыстарын жүргізуге 6 ауданнан тапсырыс түсті. Осы жұмыстар жүзеге асырылған жағдайда көлемі 8631 гектарды құрайтын суармалы алқап қалпына келтірілетін болады. Бұл – былтыр атқарылған тірліктердің бір парасы ғана. Алдағы уақытта атқарылатын жұмыстар бұдан да ауқымды. Осы ретте өңір басшысы Асқар Мырзахметовтің облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының нақты

екелді!

алғышарты ретінде жұмыс жүргізудің арнайы жүйесін қалыптастыруды ұсынғаны белгілі. Бүгінде жыл қорытындысы қаралып жатқан түрлі деңгейдегі есепті жиындар соның бір айғағындай. Атап айтар болсақ, ағымдағы жылдың қаңтар айының ортасынан бастап облыс әкімдігінің салалық басқармалары өңір басшысына жеке-жеке есеп беріп, өткен жылдың негізгі көрсеткіштері туралы баяндады. Аталмыш есепті жиындарға басқармалардың тек басшылары ғана емес, аудан әкімдерінің тиісті орынбасарлары, бөлім қызметкерлері, сала мамандары да қатыстырылып, нәтижемен қатар, өзекті мәселелер де жанжақты талқыланды. Түйінді түйткілдерді оңынан тарқату үшін, нақты ұсыныс-шешімдер айтылып, сараланды. Сондай-ақ бұған дейін өңірдің барлық ауданы мен Тараз қаласының әкімдері халық алдында қорытынды есептерін беріп үлгерді. Меркі, Талас аудандары мен Тараз қаласында өткен есепті жиынға облыс әкімі Асқар Мырзахметовтің өзі, қалғандарына орынбасарлары түгелдей қатысты. Бұдан соң, өткен бейсенбі күні аймақ басшысының төрағалығымен облыс әкімдігінің кеңейтілген алқа мәжілісі өтті. Онда мемлекеттік және үкіметтік бағдарламаларда бекітілген индикаторлық

көрсеткіштердің, ҚР Премьер-Министрі мен облыс әкімі арасындағы, облыс әкімі мен қала, аудан әкімдері арасындағы келісімдердің орындалу барысы егжей-тегжейлі қаралды. Облыс әкімінің орынбасарлары өздеріне қарасты басқармалар мен аудандардың өткен жылғы жұмыстарын бағалап, жұмысы сылбыр жауапты тұлғаларға тәртіптік шара қолдану бойынша өз ұсыныстарын білдірді. Асқар Исабекұлы барлық ұсыныстарды толығымен қолдап, жауапкершілік бар жерде жұмыс жемісті болатынын баса айтты. Бүгін және ертең барлық аудан әкімдіктерінде де осы форматтағы алқа мәжілістері өтеді. Оған аудан әкімдіктері мен бөлім мамандары ғана емес, ауылдық округ әкімдіктерінің қызметкерлері де қатысады. Облыс әкімінің орынбасарларының төрағалығымен өтіп жатқан жиындарда облыс әкімі тарапынан берілген хаттамалық тапсырмалардың орындалуы қаралуда. Айта кетейік, 2018 жылы аудандар мен Тараз қаласы әкімдеріне барлығы 1473 хаттамалық тапсырма берілген болса, оның 610-ы орындалған, 206-сы орындалмаған, 368-і орындалу үстінде. Ал 28-і толық орындалмаған. Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

ныс-тіршілігі қала ты

Жаздың сәнін қыс ойлап...

«Жастар аллеясының» құрылыс жұмыстарына жұмыла кіріскендердің қарасы мол

= финляндия Лапландияның Патсойоки өзенінің маңында түн жамыла теріскей шұғыласы сәулесін шашты. Бұл сәтте толған айды да тамашалау мүмкіндігі болды. Жарты сағатқа созылған жасыл түсті құбылыс алдағы бірнеше түнде қайталануы мүмкін.

д был м а ж

=тараз

а

Қалада 10 «ақылды бағдаршам» орнатылды. Енді қанатқақты жоба ретінде «Астана» мөлтек ауданында 8 ауланы «ақылды жарықтандырумен» қамту жоспарлануда.

=жуалы «Көктөбе» тұрғын алабына инфрақұрылым жүргізілуде. Оған облыстық бюджеттен 180 373,0 мың теңге бөлінген. Құрылыс жұмыстары биыл аяқталып, кезекке тұрғандарға жер телімдері берілмек.

=меркі Аспара өзенінен келетін АПТ магистраль мен АПТП шаруашылық аралық каналдары қайта қалпына келтірілуде. Каналдың жалпы ұзындығы 7890 метрді құрайды. Бөлінген қаражат – 922 миллион теңге. Құрылыс жұмыстары биыл аяқталады деп күтілуде.

=Т.Рысқұлов Қазақ Ұлттық аграрлық университетінің сүйемелдеуімен аудан шаруашылығы 100 гектарға соя дақылын егуді жоспарлап отыр. Бұл басым дақылға керекті егістік жер күзде жыртылып, дайындалған. Қазіргі таңда бизнес жоспары әзірленіп, шаруашылық басшыларымен келісімшарт жасалуда.

=сарысу Былтыр аудан бюджетінен 5 ауылдық округке малға дәрі егетін, қан сынамаларын алатын алаң орнатылған болатын. Биыл ветеринария саласын 4 ветпункт және 5 алаңмен қамтамасыз ету жоспарланып отыр.

Баймаханбет Ахмет

біздің Жас ғалымдар – халықаралық бәсекенің жүлдегері Жамбылдық жас дарындар талай білім бәсекелерінде үнемі биіктен көрініп, топ жарып жүр. Олардың жүлде қоржынымызға салған олжасы көп. Жақында Тараз қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары «Биология» және «Экология» секциялары бойынша өткен XV Балтық ғылыми-инженерлік зерттеулер байқауында жүлдегер атанды. Сайыстың финалдық кезеңінде елімізден бөлек, Ресей, Белоруссия, Украина, Мордовия және Сербиядан 600-ге жуық оқушы өз жаңалықтарын және өнертабыстарын ұсынғанын ескерсек, бұл – үлкен жетістік. Атап айтсақ, Дамир Үсібалиев, Дарина Лысакова және Дарина Мұхамеджанованың жобалары III орынға лайық деп танылды. Олар дипломдармен және конкурстың ғылыми қазылар алқасының арнайы сыйлықтарымен марапатталды. Сондай-ақ Дарина Мұхамеджанова, Рифат Абашев пен Ануар Сағымбек мұғалімдер мен бизнес-қазылар алқасы сыйлығының лауреаттары атанды. Байқауда бақ сынап, жақсы таныстырылым жасағаны үшін Файми Зуфаровқа сертификат табысталды. Байқау жүлдегерлерінің бірі – Дарина Лысакова осы жарыс арқылы елдің жас ғалымдарымен танысып, ең маңызды инновациялық компаниялардың басшыларымен сөйлесуге мүмкіндік алғанын айтады. Әсіресе ол танымал ресейлік кәсіпкер «Cognitive Technologies» компаниялар тобының президенті Ольга Усковамен кездескеніне өте қуанышты. Ал Рифат Абашев пен Ануар Сағымбек ғалымдардың назарына іліккендеріне риза. «Біз көкөніс дақылдарының вирусын жылдам диагностикалаудың жолын ұсындық. Байқау кезінде белгілі ресейлік генетик Олег Тиходеевпен сөйлестік. Ғалым хабарласып, кеңес алып тұруға келісімін берді. Енді өз жобамызды генетик кеңестерінің негізінде одан әрі дамытуды жоспарлап отырмыз», – дейді олар. Жамбылдық жас ғалым Дарина Мұхамеджанованың жобасы ауыл шаруашылығы саласының мамандары үшін таптырмас жаңалық екен. Нақтырақ айтсақ, оңтүстік өңірлерде кездесетін топырақтың жоғары сортаңдануы жағдайында ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігін арттыруға бағытталған. Қазір Дарина осы жоба бойынша инвестиция тарту мақсатында патенттеуді қолға алып, бизнес-жоспар құрып жатыр. Жас зерттеушілер өз жұмыстарын қазылар алқасына, сарапшыларға, ресейлік бизнес өкілдеріне, журналистерге, жалпы ғылымға қызығушылық танытатындардың барлығына таныстырып, өз жобалары ғылыми жаңалық екенін дәлелдей алды. Онда мәселелерді шешудің жаңа әдістері мен тәжірибеде қолдану бойынша ұсыныстар да көрініс тапқан. Жас ғалымдардың бәсекесінде оқушылардың ғылыми жетекшілері Инна Аксенова мен Камилла Лишанлаеваның да еңбегі елеусіз қалған жоқ. Олар ұйымдастыру комитетінің төрағасы, «Время науки» қорының президенті И. Чистяковтан Алғыс хат алды. Балтық ғылыми-инженерлік байқауы – Ресейдегі мектеп оқушыларына арналған ең ірі ғылыми жарыстардың бірі. Жастардың ғылыми фестивальдерін қазіргі заманғы дәстүрге сай ұйымдастыратын шара. Тағы бір айта кететіні, бәсекеде үміткерлердің еңбектерін ғалымдар мен университет профессорлары бағалайды. «Aq jol-Aqparat».

Шынында да, солай. Қазіргі уақытта қалада жаздың сән-салтанатын қыста ойлаудан туған қам-қарекеттер ақ қар, көк мұзда да қауырт жүргізілуде. Өңір басшысының тапсырмасына сәйке с Сүлейменов көше сінің бойындағы «Атшабар» сквері аумағын жаңғыртуды қолға алған мекемелер жұмысын бұрнағыдан да еселей түскен. Айтпақшы, бұл аумақты биылғы Жастар жылының құрметіне «Жастар аллеясы» деп атау ұсынылып отыр екен. Аталмыш аумақ бүгінде үлкен құрылыс алаңына айналған. Қайда қарасаңыз да қызу жұмыс. Жұмысшылардың бір тобы беткейге өрнектастар, екіншілері баспалдақтар төсеумен, тағы біреулері электр және су желілерін тартумен айналысуда. Бұл іспен айналысушылар қат ары да бұрнағыдан көбейе түскен. «Жасыл Тараз», «Арайстроймаркет-2003» ЖШСларының, басқа да мекемелердің 60-70-тей жұмысшысы мен түрлі техникаларының күшімен аллея аумағы түбегейлі жаңғыртылуда. «Арайст роймаркеттіктер» алаңның орта тұсындағы кіреберіс қақпасына биіктігі 7-8 метрлік арка, колонналар

Мал - баққандікі, Жер жыртқандікі. орнату жұмыстарын бастап кеткен. Тап осы жерден ашық аспан астындағы амфитеатр салынып, үлкен LEDэкран қойылып, жаз мезгілінде концерттер мен кинофильмдер көрсетілетін болады. Жастар үшін ғаламтор желісіне үздіксіз қосылуға мүмкіндік беретін іргедегі интернет-кафенің құрылыс жұмыстары аяқталуға таяу. Бұл нысан «Табыс» жауапкершілігі шектеулі

серіктестігінің демеушілігімен бой көтерген. Мұнда жақын маңдағы бірқат ар о рт а а р н аул ы ж ә н е жоғары оқу орындары студенттерінің ғаламтор арқылы өздеріне қажетті ақпараттар іздестіріп тауып, оқу үрдісінде пайдалануларына да мүмкіндіктері бар. (Жалғасы 2-бетте).

Ардагерлер – алтын қорымыз

Зейнеткерлер зерікпейді Камила Борашова

«Нұр Отан» партиясының «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы аясында өңірімізде «Белс енді ұзақ өмір сүру » орталығы ашылды. Партияның облыстық филиалы мен Қазақстан халқы Ассамблеясының бірлескен бастамасы қарттардың өмір сапасын арттырып, қамқорлық көрсетуді көздейді. Жоспарланған шаралар «Қарт адамдардың бос уақытын ұйымдастыруға жәрдемдесу», «Саламатты жас»,

«Атаулы көмек», «Ұмытылмас батырлар» атты төрт бағытта жүргізілмекші. «Достық» үйінде ашылған бұл орталыққа қазірдің өзінде 80-ге жуық ардагер жазылыпты. Олар бос уақыттарында өздерінің сүйікті ісімен айналысады. «Өзіңеөзің көмектес», «Музыкалық қонақ бөлме сі» клубтарына жазылып, тіл үйренгісі келетіндер мен қолөнермен айналысам деушілерге барлық мүмкіндік қарастырылған. – «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы 2013 жылдан бері жүзеге

асырылып келеді. Әрбір 63 жастан асқан ардагерді партия қамқорлығына алып, белсенді өмір сүру үшін көптеген ісшараны жүргізуде. Арнайы құрылған орталықтарда ардагерлеріміз рухани демалып, жастарға өмірлік тәжірибелерін

үйрететін болады. Сонымен қатар «Тараз-Арена» спорт сарайында жүзумен айналысамын деген зейнеткерлерімізге тегін мүмкіндік те қарастырылған, – деді партияның саяси жұмыс бөлімінің меңгерушісі Айнұр Келімбетова. Мұндағы ардагерлердің жүзінен қуаныш лебі сезіледі. Бірі ән айтып, шахмат ойнап, бірі қолөнермен айналысуда. Жылы да жайлы орталықта әңгіме айтып, еркін ой бөлісе алатын болғанына қариялар да қуанып жүр. Тараз қаласы.

газеттің алтын діңгегі – оқырм ан

«Aq jol» -дан қол үзбе, қадірлі оқырман!

Ғ

асырға жуық тарихы бар облыстық «Aq jol» газеті қашанда салмақты сараптамалық мақалалары арқылы жұртшылыққа Елбасының сарабдал саясатын насихаттап, мемлекеттік бағдарламалардың қалай орындалып жатқанын және облыс әкімінің өңір экономикасын өркендетудегі атқарып жатқан игі істерін тұрғындарға уақтылы жеткізіп келеді. Сонымен қатар оқырмандарды толғандырған түрлі тақырыптағы материалдарды да үздіксіз жариялап тұруды назардан тыс қалдырған емес. Газет қашанда оқырманымен бай. Сондықтан облыстың бас басылымына жазылым жыл бойы жалғасатынын естеріңізге салғымыз келеді. Газетке өткен жылы жазылуға үлгере алмай қалғандар болса, кешіктік деп екінші жартыжылдықты немесе келесі жылды күтпей-ақ қойғаны жөн. Себебі жазылым «Қазпошта» немесе өзге де баламалы құрылымдық бөлімдерде жыл бойы тоқтаусыз жүргізіледі. Жазылым жасаудың жолы да жеңіл. Ол үшін «Қазпоштаның» кез келген бөлімшесіне барсаңыз болады. Ал қанша айға жазылам десеңіз де өз еркіңіз, оны сіздің патша көңіліңіз біледі. Біздің міндет – әр айдың 25-іне дейін облыстық «Aq jol» газетіне жазылсаңыз, келесі айдан бастап газет қолыңызға тиетінін айту. Мысалы, ақпан айының 25-іне дейін жазылсаңыз, келесі айдың 1-інен бастап газетті қолыңызға алатын боласыз. «Aq jol» газетінің 1 айлық бағасы жеке жазылушылар үшін – 443,55 теңге, ал заңды тұлғалар үшін – 485,22 теңге. Ең бастысы – жазылым жыл бойына жалғасады, қадірлі оқырман!


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.