аһан д
а
Jambyl oblystyq qoǵamdyq-saıası gazet
Ж
Bіrіńdі, qazaq, bіrіń dos, kórmeseń, іstіń bárі bos. (Abaı).
және
Сарысу ауданы
Мойынқұм ауданы
Жамбылда
Мойынқұм
Шу ауданы
Талас ауданы
Төле би
Жаңатас
Жамбыл облыстық қоғамдық-саяси газет
Қаратау
Жамбыл ауданы
Меркі ауданы
Байзақ ауданы
Т.Рысқұлов ауданы
Аса
Құлан
Жуалы ауданы
Қордай ауданы Қордай
Меркі
Бауыржан Момышұлы
№17 (18667), Beısenbі, 14 aqpan, 2019 jyl
ak-jol-taraz@rambler.ru
Gazet 1922 jyldyń 1 mamyrynan shyǵady
www. aqjolgazet.kz
президент
біз бабаларымыздың арманын жүзеге асырған ұрпақпыз
нда жаһа =ұлыбритания Елдің премьер-министрі Тереза Мэй брекситті Брюсельмен қайта талқылау үшін парламенттен тағы біраз уақыт сұрады. Бұл осы аптада өтуі тиіс дауыс беру үдерісінің тағы кейінге қалатынын білдіреді. =италия Экстремал Паоло Вентурини Якутияда 52 градус аязда 40 шақырымға жуық марафонды жүгіріп өтті. Бұл қашықтықты ол 3 сағат, 54 минут, 10 секундта еңсерген. =ресей Мәскеуде аққала соғудан жарыс өтті. Сайысқа қатысушылар түрлі пішіндегі 80-нен астам аққаладан бөлек, түрлі аң-құс және ертегі кейіпкерлері бейнесіндегі мүсіндер тұрғызды. =қырғыз Бішкекте бір топ жас банктердің маңына «Тойға несие алма!» деген жазу қалдырды. Өйткені өрендер замандастарының дүркіретіп той өткізу үшін жиі несие алатынына алаңдайды. Себебі, қарыз алушылардың кейбіреуі қаржылық құлдыққа душар болып, өзге елдерде жұмыс іздеуге де мәжбүр екен. =сицилия Елдегі босқындарға арналған Кара Минео лагері жабылатын болды. Ғимаратта орналастырылған келімсектердің бүгінде 50 адамнан құралған алғашқы легі лагерь аумағынан көшірілді.
д был жам
а
=тараз Мемлекет басшысы «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасына қатысушылармен кездесті. Н ұ р с ұ л т а н Н а з а р б а е в ке зд е суд е жобаның екінші кезеңіне қатысушылардың жетістіктерімен танысты. Мемлекет басшысы сөйлеген сөзінде Қазақстанның мемлекеттілігі м е н е ге м е н д і г і н н ы ғ а й ту жол ы н д а жастарымыздың әлеуетін іске асырудың маңызды екенін атап өтті. – Баршаңыз – тәуелсіздіктің перзенттерісіздер. Біз бабаларымыздың арманын жүзеге асырған ұрпақпыз. Енді сіздердің уақыттарыңыз келді. Мұны ұмытпауға тиіссіздер, – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Елбасы тәуелсіз Қазақстанның қалыптасу тарихына тоқталып, жастар үшін ашылған мүмкіндіктер туралы әңгімеледі. Қазақстан Президенті еліміздің білім және ғылым саласының даму қарқынын
д
к ере
пен дәйек
с а қ т ауд ы ң ә р і о н ы е с е л е й т ү суд і ң маңыздылығы туралы айтты. – Жасанды интеллект, ақпараттық технологиялар, биоинженерия, нанотехнология – осы инновацияның бәрі бізді алға жетелейді. Сондықтан біз стартап жобалары үшін ЭКСПО павильондарының бірінде жаңа зертханалар аштық, – деді Мемлекет басшысы. Елбасы жобаға қатысушылардың жетістіктеріне тоқталып, жастардың жеке және кәсіби тұрғыдан өсуі үшін өз мүмкіндіктері мен уақытын тиімді пайдаланудың маңызды екенін атап өтті. – Бәрі де адам мен оның ерік-жігеріне байланысты. Біз армандай білуге және көздеген мақсатымызға жету үшін әрекет етуге тиіспіз. Бұл байқаудың қатысушылары – өскелең ұрпақ үшін үлгі-өнеге. Сіздер өз еңбектеріңіздің нәтижелері арқылы бұл өмірде бәріне де қол жеткізуге болатынын көрсеттіңіздер, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Қазақстан Президенті бас қаламыз – Астананың салыну тарихы жөнінде егжейтегжейлі әңгімеледі. Елорда – бұл, ең алдымен, адамдар. Мұнда озық медициналық кластер құрылып, керемет опера театры мен бірегей спорт кешендері бой көтерді. Астананың даму деңгейі мен тұрғындарының тұрмыс сапасы артып келеді, – деді Мемлекет басшысы. Нұрсұлтан Назарбаев елімізді дәйекті дамыту ісіндегі белсенді жастардың рөлін атап өтті. – Сіздердің әрқайсыңыз Қазақстанның болашағына үле с қо сып келе сіздер. Келешегіміз білімді, өзіне сенімді, бірнеше тілді меңгерген азаматтардың қолында. Оған сіздердің мүмкіндіктеріңіз жетеді, – деді Қазақстан Президенті. Мемлекет басшысы ұлттық экономиканы дамыту және өсімнің жаңа көздерін ашу үшін қабылданып жатқан шараларға тоқталды.
– Егер біз пайдалы қазбаларға үміт а рт ат ы н б ол с а қ , о н д а қ а р а ж ат с ы з қаламыз. Сондықтан экономиканы өзгеше қалыптастыруға мүмкіндік беретін елімізді индустрияландыру процесін іске асыруды бастадық. Алты жыл ішінде 1200 зауыт пен фабрика салдық. Бұл жұмысты жалғастыра береміз, – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Қ а з а қ с т а н П р е з и д е н т і ау ы л шаруашылығын дамытудың, ғылымның әлеуеті мен технологиялық прогрестің жетістіктерін пайдаланудың маңызды екеніне назар аударды. – Барлық нәрсенің негізі еңбекте. Өз еңбегінің арқасында жеткен жетістік адамды бақытты етеді, – деді Мемлекет басшысы. Соңында Нұрсұлтан Назарбаев жобаға қатысушылардың бәріне ризашылық білдіріп, Қазақстан жастарын елімізді одан әрі дамыту ісіне белсенді атсалысуға шақырды.
Аудан әкімдерінің есебі: жыл нәтижесі нешік?
Ел экономикасы еңбекпен еселенеді
Өңір тұрғындарының Облыс бойынша халықтың жан басына шаққандағы күнкөрісінің ең төменгі деңгейінің шамасы орт аша е с еппен ағымдағы жылдың қаңтар айында 24 031 теңгені құрағаны белгілі болып отыр. Осы мерзім ішінде негізгі тамақ өнімдерін тұтынудың ең төменгі нормалары бойынша есептелінген бұл көрсеткіш өткен жылдың желтоқсан айымен салыстырғанда 1,1 пайызға өскен. Яғни есепті кезеңде тұрғындардың жан басына шаққандағы азық-түлік тауарларына жұмсалған шығыны орташа есеппен 13 217 теңгені құраса, азық-түлікке жатпайтын тауарлар мен ақылы қызметтер құны 10 814 теңге көлемінде қалыптасқан. Бұлар – облыстық статистика департаменті келтірген деректер. Айта кету керек, ең төменгі күнкөріс деңгейі – мөлшері бойынша ең төменгі тұтыну қоржынының құнына тең, бір адамға қажетті ең төменгі ақшалай табыс. Ең төменгі тұтыну қоржыны адам тіршілігін қамтамасыз етуге қажетті тамақ өнімдерінің, тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің заттай және құндық көріністегі ең төменгі жиынтығы болып табылады. Ол азық-түлік қоржынынан және азық-түлік емес тауарлар мен ақылы қызметтерге жұмсалатын шығыстардың бекітілген үлесінен тұрады. Ал күнкөрістің ең төменгі деңгейін есептеуге арналған аз тұтынылатын азықтүлік емес тауарлар мен көрсетілетін қызметтерге жұмсалатын шығыстардың үлесі ең төменгі тұтыну қоржыны құнының 45 пайыздық мөлшерінде белгіленген.
Ұлбике ақын атындағы мәдениет орталығында аудан әкімі До смаханбет Алиев тұрғындар алдында 2018 жылы атқарылған жұмыстар мен алда тұрған міндеттер туралы қорытынды е с ебін берді. Алқалы жиынға облыс әкімі
Асқар Мырзахметов қатысты. – Аудан бойынша өндіріліген өнімнің және қызметтердің к ө л е м і 3 6 м и л л и а рд 3 0 8 миллион 200 мың теңгені құрап, 106,8 пайызға орындалды. 2018 жылы 18 миллиард 363 миллион 500 мың теңгенің
өнеркәсіп өнімдері өндірілген. Бұл – өткен жылғыдан 4 м и л л и а рд 4 6 м и л л и о н 700 мың теңгеге артық. Индустриялық-инновациялық дамыту бағдарламасы аясында 18 миллиард 211 миллион 700 мың теңгені құрайтын 3
ірі инвестициялық жоба іске асырылған. Олар – жылына 15 мың тонна натрий цианидін шығаратын «Talas Investment Company», жылына 300 мың тонна цемент өндіруге қауқарлы «Жамбыл-Недр» және 110 мың тонна мәрмәр тасын шығаратын «Қаратау-Про» жауапкершілігі ш е кт еул і с е р і кт е с т і кт е р і . Алайда бүгінгі күні 3 жобаның біреуі - «Жамбыл Недр» ЖШС толық қуаттылығына шыға алмай отыр. 2018 жылы барлығы 10289 тонна цемент және 6473 тонна клинкер шикізаты өндірілді. Себебі зауытқа жүргізілген инфрақұрылым толық аяқталмаған, яғни орнатылған қо салқы станса электр желілеріне қосылмаған. (Жалғасы 3-бетте).
сынап едік, жауап берді
тасөткелде интернет игілігін көретін күн жақын Аудан әкімдігі облыстық «Aq jol» газетінің Шу және Мойынқұм аудандарындағы тілшісі Е.Қартайғанның басылым бетінде 2019 жылдың 2 ақпан күнгі нөмірінде жарияланған «Байланыс аясынан тыс жердегі ауыл» атты сын мақаласына төменгідей жауап берді: «Ауыл қариясы Р.Жолдасбаев Тасөткел ауылында байланыс пен интернет жоқ деген сөзі байланыс жүйесінің әлсіздігі деген мағына береді. Ауылда 15 абонент өз өтінішімен «Қазақтелеком» АҚ-ның интернет жүйесіне қосылған. Ауыл мектебіндегі компьютерде «Kundelik.kz» бағдарламасы кедергісіз жұмыс істеуде. Ауа райына байланысты қиындық
туғызатын жайттар жоқ емес. Мақа лада көрс етілгендей, «Кcell», «Beeline» секілді ұялы байланыс желісінің ауылдың әр жерінде ғана ұстайтыны рас. Алайда ауыл әкімі Б.Жақсымбетов Та р а з қ а л а с ы н д а ғ ы « A c t i v » байланыс орталығына барып, 2019 жылы 11 қаңтарда №11 қатынас хат жазған. Аталған байланыс орталығының басшысы М.Хамидов өз орнында болмағандықт ан Мадина есімді қызметкерге мәнжайды түсіндірген. Нәтижесінде қатынас хатты осы оператордың Алматы қаласында орналасқан бас кеңсесіне жолдау керектігі мәлім болды. Мадина ханымның айтуынша, байланыс мәселесін шешу үшін ауылға байланыс мұнарасын орнату
керек. Бірақ ол жоспар бойынша 2020 жылы орнатылуы тиіс. Сол шаруаны тездету тек Алматыдағы «Кcell» басшысы Д.Жамбакиевтың құзырында екен. Осы жайтты ескерген аудан әкімі Қ.Досаев Алматы қаласынан аталған байланыс операторларының арнайы маманын шақыртып, мәселенің өзектілігін түсіндірді. Қолына ауыл әкімінің қатынас х ат ы н т а б ы с т а п , о л х ат т ы ң техникалық бөлімнің қарауына берілгенін білді. Қазір тиісті шара қабылданады деп күтілуде. Сонымен қатар ауыл әкімі 2018 жылдың 18 желтоқсанында №466 шығыс нөмірімен «ЖамбылТрансТелеком» басшылығына қатынас хат жазып, кабельді интернетті жақсартуды
сұрады. Аталған ұйым басшылығы Тасөткел ауылына 2019 жылдың II тоқсанында кабельді интернет жүйесі жетеді, әрі үздіксіз қызмет етеді деп жауап берді. Аудан әкімдігінің тұрғын үй, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы Е.Қожанбердиев берген мәлімет шындыққа сәйкес. Дегенмен оның әлсіздігінен байланыс жоқ деген пікір қалыптасқан. Жоғарыда аталған мәселелер жыл соңына дейін шешімін табады. Тасөткел ауылының тұрғындары интернет игілігін көріп, туыстарымен тығыз байланыста болатын күн алыс емес. Тиісті шара қабылданған күні, қосымша хабарлайтын боламыз». Шу ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.
«Өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясында «Барысхан» және «Бурыл» тұрғын алқаптарын таза ауызсумен, Әуежай аумағындағы тұрғын алқапты электрмен қамтамасыз ету, Абай даңғылы бойындағы жылу магистралін қайта жаңғырту бойынша құрылыс жұмыстары іске асырылды.
=жуалы Сүт өңдейтін 3 кәсіпорын тұрғындардан 14150 тонна сүт қабылдап, 1087 тонна ірімшік, 216 тонна сары май өндірді. Сонымен қатар 5021 тонна ултрапастерленген қораптағы сүт өнімін өндіріп, нарыққа шығарды.
=меркі Ауданда элиталы көшет өсірумен 3 шаруашылық айналысады. Олар бүгінде 980 мың түп жеміс ағашын баптап өсіруде. Сондай-ақ 0,90 гектарға фермерлік үлгідегі жылыжай мен баужай салынып, шаруалар тың кәсіпке бет бұруда.
=Т.Рысқұлов Шаруалар ет экспорты тапсырмасын артығымен орындаған. Атап айтсақ, 202 тоннаның орнына қожалықтар 219 тонна қозы етін өткізген. Ал мүйізді ірі қара еті тапсырмаға сәйкес 50 тоннаны құрап, жоспар 100,4 пайызға орындалған.
=талас Аудандық төтенше жағдайлар және №5 өрт сөндіру бөлімдері Қаратау жедел құтқару қызметкерлерімен бірлесіп, өрттің шығуына жол бермеу мақсатында түсіндіру жұмыстарын ұйымдастырды. Іс-шара барысында 200-ден астам қаладағы жеке тұрғын үй иелерімен кездесті.
Су - ырыстың көзі, Еңбек - кірістің көзі. газеттің алтын діңгегі – оқырм ан
«Aq jol» -дан қол үзбе, қадірлі оқырман!
Ғ
асырға жуық тарихы бар облыстық «Aq jol» газеті қашанда салмақты сараптамалық мақалалары арқылы жұртшылыққа Елбасының сарабдал саясатын насихаттап, мемлекеттік бағдарламалардың қалай орындалып жатқанын және облыс әкімінің өңір экономикасын өркендетудегі атқарып жатқан игі істерін тұрғындарға уақтылы жеткізіп келеді. Сонымен қатар оқырмандарды толғандырған түрлі тақырыптағы материалдарды да үздіксіз жариялап тұруды назардан тыс қалдырған емес. Газет – қашанда оқырманымен бай. Сондықтан облыстың бас басылымына жазылым жыл бойы жалғасатынын естеріңізге салғымыз келеді. Газетке өткен жылы жазылуға үлгере алмай қалғандар болса, кешіктік деп екінші жартыжылдықты немесе келесі жылды күтпей-ақ қойғаны жөн. Себебі жазылым «Қазпошта» немесе өзге де баламалы құрылымдық бөлімдерде жыл бойы тоқтаусыз жүргізіледі. Жазылым жасаудың жолы да жеңіл. Ол үшін «Қазпоштаның» кез келген бөлімшесіне барсаңыз болады. Ал қанша айға жазылам десеңіз де өз еркіңіз, оны сіздің патша көңіліңіз біледі. Біздің міндет – әр айдың 25-іне дейін облыстық «Aq jol» газетіне жазылсаңыз, келесі айдан бастап газет қолыңызға тиетінін айту. Мысалы, ақпан айының 25-іне дейін жазылсаңыз, келесі айдың 1-нен бастап газетті қолыңызға алатын боласыз. «Aq jol» газетінің 1 айлық бағасы жеке жазылушылар үшін – 443,55 теңге, ал заңды тұлғалар үшін – 485,22 теңге. Ең бастысы – жазылым жыл бойына жалғасады, қадірлі оқырман!