16 aqpan PDF 2019 j

Page 1

Jambyl oblystyq qoǵamdyq-saıası gazet

АҺАН Д

А

Ж

BІRІŃDІ, QAZAQ, BІRІŃ DOS, KÓRMESEŃ, ІSTІŃ BÁRІ BOS. (ABAI).

және

Сарысу ауданы

Мойынқұм ауданы

ЖАМБЫЛДА

Мойынқұм

Шу ауданы

Талас ауданы

Төле би

Жаңатас

Жамбыл облысты о амды -саяси газет

Қаратау

Жамбыл ауданы

Меркі ауданы

Байзақ ауданы

Т.Рысқұлов ауданы

Аса

Құлан

Жуалы ауданы

Қордай ауданы Қордай

Меркі

Бауыржан Момышұлы

№18 (18668), Senbі, 16 aqpan, 2019 jyl

ak-jol-taraz@rambler.ru

www. aqjolgazet.kz

Gazet 1922 jyldyń 1 mamyrynan shyǵady

ПРЕЗИДЕНТ

ЕЛБАСЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СПОРТ САЙЫСТАРЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫМЕН ЖӘНЕ ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ Басқосуға Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті Т.Құлыбаев, Мəдениет жəне спорт министрлігі Спорт жəне дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы С.Сəпиев, фристайлмогулдан еңбегі сіңген спорт шебері Ю.Галышева, кəсіби боксшы С.Ахмедов, мəнерлеп сырғанаудан халықаралық дəрежедегі спорт шебері Э.Тұрсынбаева, шаңғымен трамплиннен секіру спортынан халықаралық дəрежедегі спорт шебері С.Ткаченко қатысты. Мемлекет басшысы еліміздің спорт саласын дамытуға жəне халықаралық аренада Қазақстанның имиджін ілгерілетуге үлес қосқан жас шеберлердің еңбектерін ерекше атап өтті. – Мен сіздермен жүздескеніме қуаныштымын. Осы жыл «Жастар жылы» деп жарияланды. Ал спорт, негізінен – жастардың ісі. Мемлекет бұл саланы дамытуға баса мəн береді. Сіздерге қарап жастарымыз с п о рт п е н ш ұ ғ ы л д а н у ғ а ж ə н е саламатты өмір салтын ұстануға ұмтылады. Сіздердің жетістіктеріңіз мемлекеттің беделін арттыруға септігін тигізеді, – деді Қазақстан Президенті. Жас спортшылар халықаралық жарыстарда көрсеткен өнері, алған əсерлері жөнінде ой бөлісіп, келешек жоспарлары туралы айтты.

НДА ЖАҺА МАКЕДОНИЯ Бұдан былай «Македония» атауы ресми түрде «Солтүстік Македония» деп аталатын болды. Бұл туралы осы елдің Сыртқы істер министрі Никола Димитров мәлімдеді.

ФРАНЦИЯ Елдегі асыранды балалардың 80 пайызы – шетелдіктер. Статистикалық мәліметке сүйенсек, француз отбасылары бөбектерді Гаити, Колумбия, Вьетнам мен Кот-д’Ивуардан асырап алады екен. ҰЛЫБРИТАНИЯ Ағылшын ғалымдары дәрі-дәрмек жасап шығаратын 3D принтер ойлап тапты. Оны тіпті келешекте әр адам қалтасына салып, өзімен бірге алып жүре алатын болады. ФИНЛЯНДИЯ Лапландияда «Тақтар ойыны» киносериалының желісі бойынша тұрғызылған қонақ үй ашылды. Тұтастай мұздан тұрғызылған нысан Вестеростағы қамалға ұқсайды.

 АРМЕНИЯ Республикада соңғы 12 жылдан бері миграциялық жағдай жақсара бастады. Елге көшіп келген адамдардың саны артып, сәйкесінше өзге елдерге қоныс аударушылар бәсеңдеді. Сарапшылардың пікірінше, бұл Еуразиялық экономикалық одақ аумағында бірыңғай еңбек нарығының қалыптасуымен байланысты жағдай.

Д БЫЛ М А Ж

А

ТАРАЗ «Бәйтерек» мөлтек ауданында былтыр ішкі кварталдық автомобиль және жаяу жүргінші жолдарының, сыртқы жарықтандырудың, арық-атыздардың және тұрғын үй алаңшаларын абаттандыру жұмыстары аяқталған. Биыл дәл осындай құрылыс жұмыстары «Арай» көп қабатты тұрғын алабында жүргізілмек.

ЖАМБЫЛ

– Ме н ə рд а й ы м Қ а з а қ с т а н жастарын спортпен шұғылдануға шақырамын. Барлық облыстарда заманауи спорт инфрақұрылымы бар. Стадиондар салынып, жабық кешендер бой көтерді. Спорт – денсаулық пен ұзақ өмір сүрудің

ЕЛБАСЫ БАРЛЫҚ УАҚЫТТА ХАЛЫҚТЫҢ ӘЛ-АУҚАТЫН АРТТЫРУҒА НАЗАР АУДАРДЫ Мемлекет басшысы барлық уақытта да әлеуметтік саланы жаң ырту және халықтың аз қамтыл ан тобына қолдау көрсету шараларын тиімді жүзеге асыру маңыздылы ына назар аударды, деп атап өтті ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Айдос Үкібай. «Бұл бағытта ақпан айының басында Президенттің тапсырмасымен азаматтардың табысын арттыру, тұрмыс сапасын жақсарту жəне көп балалы отбасыларға қолдау шараларын күшейту жөніндегі жұмыс тобының құрылуы маңызды қадам болды. Нұрсұлтан Назарбаев жұмыс тобының алдына аталған санаттағы азаматтардың проблемалық мəселелерін шешу үшін республикалық бюджеттен қосымша резервтер табу жəне нақты тетіктер əзірлеу тапсырмасын жүктеді», – деп атап өтті Қазақстан Президентінің баспасөз хатшысы. Ол халықты əлеуметтік қолдауды кеңейту б о й ы н ш а ұ с ы н ы л ы п от ы р ғ а н ш а р а л а р топтамасының мəні неде екендігін де жеткізді. «Мемлекет басшысы бірінші кезекте атаулы əлеуметтік көмек алуға қолжетімділікті жеңілдету жəне көп балалы отбасылар үшін жəрдемақы төлемдерін жетілдіру, сонымен қатар айрықша қажеттілігі бар көп балалы отбасыларға м у н и ц и п а л д ы ж а л д а м а л ы п ə т е рл е рд і ң қолжетімділігін арттыру мүмкіншілігін қарастыру бойынша шаралар қабылдауды тапсырды. Бұл ретте орталық жəне жергілікті атқарушы органдар, өңір əкімдері бұл салада тиісті бақылауды жүзеге асыруы тиіс. Бұған қоса, Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтардың əлауқатын арттыруды қамтамасыз етуге басымдық бере отырып, барлық деңгейдегі бюджеттік шығыстардың басымдықтарын қайта қарау қажеттігін көрсетті. Мəселен, бірқатар өңірдің жəне республикалық маңызы бар қалалардың басшылары көп балалы отбасыларға жəне өзге де көмекке мұқтаж азаматтарға нақты көмек көрсету үшін қосымша мүмкіншіліктер мен резервтер тапты», – деді Айдос Үкібай. «Бұл жұмыс барлық бейінді мемлекеттік жəне қоғамдық құрылымдардың белсенді қатысуымен жалғасады деп ойлаймын. Өз кезегінде, Президент Əкімшілігі Мемлекет басшысы жүктеген міндеттердің орындалу барысын қатаң қадағалайтын болады», – деп атап өтті баспасөз хатшысы. Астана қаласы.

кепілі, – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Мемлекет басшысы жас спортшылардың кəсіби т ұ р ғ ы д а н од а н ə р і ө с у і н і ң перспективаларына назар аударды. – Бағындыратын биіктеріңіз

əлі алда екенін көріп отырмын. Əлемдік жарыстан медаль алу оңай емес. Жастардың сіздерге қарап бой түзеп, дендері сау, мықты болып өскенін қалаймын, – деді Қазақстан Президенті. Соңында Нұрсұлтан Назарбаев

атлеттерді қол жеткізген жетістіктерімен тоқтап қалмай, жаңа табыстарға жете беруге шақырды. Кездесуде жас спортшыларға Қазақстан Президентінің атынан естелік сыйлықтар табыс етілді.

ҚАЛА МЕН АУДАН ӘКІМДЕРІ ЕСЕП БЕРДІ: ЖЫЛ НӘТИЖЕСІ НЕШІК?

МАҚСАТ – АЙҚЫН, МІНДЕТ – ЗОР Альмира ОМАРОВА «Орталық атқарушы органдар басшыларының, əкімдердің, ұлттық жоғары оқу орындары ректорларының халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы» Президенттің 2016 жылғы 5 ақпандағы №190 Жарлығына сəйкес, 30 қаңтардан бастап Тараз қаласының əкімі Ғалымжан Əбдірайымов шаһардың барлық аумақтық округінде тұрғындармен е сеп беру кездесулерін өткізген болатын. Ықылас Дүкенұлы атындағы қалалық Мəдениет үйіндегі қорытынды есеп беру жиынына Қазақст ан Ре спубликасы Президенті əкімшілігінің мемлекеттік инспекторы Еркін Базарханов пен облыс əкімі Асқар Мырзахметов қатысты. Алқалы жиында былтыр облыс орт а лығында атқарылған жұмыстар айтылып, биылға арналған міндеттер талқыланды. Қала əкімі алдымен шаһар

э ко н ом и ка с ы н ы ң н е г і з і саналатын өнеркəсіп саласына тоқталды. «2018 жылы облыс орталығында 240,2 миллиард теңгенің өнімі өндіріліп, нақты көлем индексі 101,1 пайызды

құраған. Жа лпы өнеркəсіп құрылымының 38,4 пайызы – химия, 22,2 пайызы – электр, жылу, газ жəне сумен қамту, 6,1 пайызы тамақ өнеркəсібі мен 12,4 пайызы машина құрастыру,

м е т а л л ө ң д еу с а л а л а р ы н а тиесілі», – деген Ғалымжан Əбдірайымов Тараз өндіріс көлемі жағынан республикада 14-орын алатынын жеткізді. Ал негізгі капиталға түскен инве стиция 69,3 миллиард теңгені құрап, 104,9 пайызға орындалған екен. Осы жетістігі арқылы шаһар басқа облыс орт алықт арының арасында 11-орынды иеленіп отырған көрінеді. «Қаланың өнеркəсіп саласына тиесілі жалпы жер телімі – 4297 гектар. Елбасы экономиканың тұрақты өсімін 4 пайыздан кемітпеуді тапсырғаны белгілі. Соған байланысты бос тұрған өнеркəсіп орындарын анықтап, иелерімен бірлесіп алдағы ке зеңдерге даму жоспарын жасап тым болмаса əлеуетті инвесторларға беру жолдарын қарастыру қажет», – деген қала басшысы қазір 32 712 кəсіпкерлік субъектісі тіркелгенін де атап өтті. (Жалғасы 3-бетте).

АЙТЫС

Төгілді сахнада төкпе өлең

«ЖАМБЫЛ – МЕНІҢ ЖАЙ АТЫМ, ХАЛЫҚ – МЕНІҢ ШЫН АТЫМ» АТТЫ ОБЛЫСТЫҚ АҚЫНДАР АЙТЫСЫ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ Табиғат АБАИЛДАЕВ

Облыс əкімдігі мəдениет, архивтер жəне құжаттама басқармасының бастамасымен өткен жылы тұңғыш рет «Жамбыл – менің жəй атым, халық – менің шын атым» атты республикалық ақындар айтысы Тараз төрінде ұйымдастырылғанды. Өңір басшысы Асқар Мырзахметовтің қолдауымен бұл жыр додасы дəстүрлі түрде өтетін болып шешілді. Əрі облыс əкімі ақындар

аламанын жаңа форматпен жаңғырту қажеттігін е ске салған еді. Соның нəтижесінде тасада қалған жас таланттарға да мүмкіндік туды. Ауылдағы ақындар аудандық іріктеуде бақ сынап, оза шапқандары облыстық дода жолдамасын жеңіп алды. Кешегі айтыста үздік шыққан сегіз ақын 28 ақпан күні жиырмасыншы ғ а с ы рд ы ң Г ом е р і ат а н ғ а н Жамбыл Жабаевтың туған күнінде өтетін республикалық айтыстың жолдамасына иелік етті. Сонымен... (Жалғасы 8-бетте).

Ауданда 6 370 басқа арналған 13 мал бордақылау алаңы, 14 тауарлы-сүт фермасы жұмыс істеуде. Өндірілген өнім көлемі 9 миллиард 221,6 миллион теңгені құрап отыр.

МОЙЫНҚҰМ Бірлік және Кеңес елді мекендерінде жалпы аумағы 774 шаршы метрді құрайтын екі жылыжай жұмыс істеп тұр. Қызанақ пен қиярдан 4,5 тонна өнім жиналды.

САРЫСУ «Шаян – Еврохим – Жаңатас» бағытында жоғары қысымды газ құбырын салу жоспарлануда. Құбырдың ұзындығы 98,3 шақырым. Жоба құны 8,8 миллиард теңгені құрайды. Жаңатас қаласына газ құбыры тартылған соң ауданның 14 елді мекенін «көгілдір отынмен» қамту көзделуде.

ҚОРДАЙ Елді мекендерді сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін техникалық пайдалану ережесін басшылыққа ала отырып, аудандық бюджеттен Беріктас, Қызылсай және Отар ауылдарындағы су жүйелерін ағымдағы жөндеуден өткізуге қаржы қаралуда.

Іргесі берік елді жау ала алмас, Бірлігі бар елді дау ала алмас. ГАЗЕТТІҢ АЛТЫН ДІҢГЕГІ – ОҚЫРМ АН

«AQ JOL» -ДАН ҚОЛ ҮЗБЕ, ҚАДІРЛІ ОҚЫРМАН!

Ғ

асырға жуық тарихы бар облыстық «Aq jol» газеті қашанда салмақты сараптамалық мақалалары арқылы жұртшылыққа Елбасының сарабдал саясатын насихаттап, мемлекеттік бағдарламалардың қалай орындалып жатқанын жəне облыс əкімінің өңір экономикасын өркендетудегі атқарып жатқан игі істерін тұрғындарға уақтылы жеткізіп келеді. Сонымен қатар оқырмандарды толғандырған түрлі тақырыптағы материалдарды да үздіксіз жариялап тұруды назардан тыс қалдырған емес. Газет – қашанда оқырманымен бай. Сондықтан облыстың бас басылымына жазылым жыл бойы жалғасатынын естеріңізге салғымыз келеді. Газетке өткен жылы жазылуға үлгере алмай қалғандар болса, кешіктік деп екінші жартыжылдықты немесе келесі жылды күтпей-ақ қойғаны жөн. Себебі жазылым «Қазпошта» немесе өзге де баламалы құрылымдық бөлімдерде жыл бойы тоқтаусыз жүргізіледі. Жазылым жасаудың жолы да жеңіл. Ол үшін «Қазпоштаның» кез келген бөлімшесіне барсаңыз болады. Ал қанша айға жазылам десеңіз де өз еркіңіз, оны сіздің патша көңіліңіз біледі. Біздің міндет – əр айдың 25-іне дейін облыстық «Aq jol» газетіне жазылсаңыз, келесі айдан бастап газет қолыңызға тиетінін айту. Мысалы, ақпан айының 25-іне дейін жазылсаңыз, келесі айдың 1-нен бастап газетті қолыңызға алатын боласыз. «Aq jol» газетінің 1 айлық бағасы жеке жазылушылар үшін – 443,55 теңге, ал заңды тұлғалар үшін – 485,22 теңге. Ең бастысы – жазылым жыл бойына жалғасады, қадірлі оқырман!


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.