29 mausym 2019 j

Page 1

АҺАН Д

Jambyl oblystyq qoǵamdyq-saıası gazet

А

Ж

BІRІŃDІ, QAZAQ, BІRІŃ DOS, KÓRMESEŃ, ІSTІŃ BÁRІ BOS. (ABAI).

және

Сарысу ауданы

Мойынқұм ауданы

ЖАМБЫЛДА

Мойынқұм

Шу ауданы

Талас ауданы

Төле би

Жаңатас Қаратау

Жамбыл облысты о амды -саяси газет

Жамбыл ауданы

Меркі ауданы

Байзақ ауданы

Т.Рысқұлов ауданы

Аса

Құлан

Жуалы ауданы

Қордай ауданы Қордай

Меркі

Бауыржан Момышұлы

№71 (18721), Senbі, 29 maýsym, 2019 jyl

ak-jol-taraz@rambler.ru

Gazet 1922 jyldyń 1 mamyrynan shyǵady

ПРЕЗИДЕНТ

ЕЛБАСЫ

ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТ ЖАҢА МЕШІТКЕ БАРДЫ

www. aqjolgazet.kz

ҰЖЫМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІК ШАРТ ҰЙЫМЫ БІЗ ҮШІН МАҢЫЗДЫ

НДА А Һ А Ж АҚШ Сан-Францискода электронды сигарет сатуға тыйым салынды. Бұл үрдіс құрылғының тұрғындар денсаулығына тигізетін әсеріне зерттеу жүргізілмейінше жалғаса береді.

ГЕРМАНИЯ Берлин хайуанаттар бағында күннің ыстығынан аңдарды тек салқын суға шомылдырып, кәмшаттарды мұздатылған балықпен құтқаруда. Ыстыққа шыдай алмай жатқан горилла мен лемурларға мұздатылған жемістер беріліп жатыр.

ФРАНЦИЯ 2024 жылы Парижде ұшатын пилотсыз такси қызметі іске қосылады. «Vahana» деп аталатын ұшатын аппарат электр токпен қозғалады, 80 рет сынақтан өткізілген. Такси жылдамдығы сағатына 160 шақырымды құрайды.

РЕСЕЙ «Қазан» халықаралық әуежайына танымал татар ақыны Ғабдулла Тоқайдың есімі берілді. Ғ.Тоқай – татар халық ақыны, әдеби сыншы, публицист және аудармашы. Ол татар тілі мен әдебиетінің негізін салуға атсалысып, поэзия мектебін ашқан.

Елбасы астананың С а р ы а р қ а ауд а н ы н д а орналасқан жаңа мешітке барды. Бұған дейін қаланың 380 мыңнан астам тұрғыны бар осы аймағында жаңа мешіт

ГРУЗИЯ Елде дәріні рецептімен сату тәртібі әу бастан бар. Алайда ереже қатаң сақталмағандықтан, құрамында есірткісі бар қауіпті дәрілерді алу оңай болатын. Енді жергілікті билік міндетті электронды рецептіні енгізіп, қатаң бақылау жүргізе бастады.

Д БЫЛ ЖАМ

А

ТАРАЗ Ақтөбе, Көкшетау қалаларының Назарбаев зияткерлік мектеп оқушылары «Туған елге тағзым» патриоттық жобасы аясында көне шаһарға келді. Олар аймақтың тарихи-мәдени, ғылыми-оқыту және индустриалды ерекшеліктерімен танысты.

БАЙЗАҚ

салу туралы ұсыныс айтылған болатын. Нұрсұлтан Назарбаев бұл бастаманы қолдады. М е ш і т ж е к е инвесторлардың қаржысына тұрғызылды. Ғимарат классикалық ислам стилінде салынып, сырты жəне іші ұлттық ою-өрнекпен безендірілген. Мешіттің ауданы 2000 шаршы метрден асады.

Ж

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының Баспасөз қызметі.

АЗ

Тегістік ауылының тұрғыны, 4 қыз, 1 ұлдың ата-анасы Азамат Күдериев пен Эльмира Әлімқұлова тұрғын үйлі болды. Кәсіпкер Алтынбек Жәмішжанов көп балалы отбасыға әлеуметтік қолдау көрсету үшін өз қаражатына 5 бөлмелі жайды сатып алып берді.

Қазақстан Президенті Беларусь Ре с п убл и ка с ы Қ ау і п с і зд і к ке ң е с і н і ң Мемлекеттік хатшысы Станислав Засьті қабылдады. Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан аст анасына келген Ст анислав Заське ілтипат білдіріп, Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымының өңірдегі бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтауда маңызы зор екенін атап өтті. Сондай-ақ Қазақстан Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымының Бас хатшысы лауазымына Беларусьтің кандидатурасын басынан бастап қолдағанын айтты. – Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымы ха л ы қ а р а л ы қ ұ й ы м р е т і н д е Е у р а з и я

қ ұ р л ы ғ ы н ы ң ау қ ы м д ы ке ң і с т і г і н д е қауіпсіздікті қамтамасыз етудің елеулі факторына айналып, нығайды. Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымы – біз үшін маңызды ұйым. Беларусь сияқты біз де оны дамытуға зор үлес қостық. Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымының Парламент Ассамблеясында белсенді жұмыс істейміз. Сіздің алдағы уақыттағы тағайындалуыңыз ұйымның əлеуетін нығайту тұрғысынан маңызды рөл атқарады, – деді Қазақстан Президенті. Станислав Зась Қасым-Жомарт Тоқаевқа кездескені үшін алғыс айтып, сайлаудағы жеңісімен жəне Қазақстан Республикасының

НАТЫП, КҮН КҮЛДІРІП Й А Ж

Президенті қызметіне кірісуімен құттықтады. – Қазақстан халқы Сіз сияқты жанжақты əрі мол тəжірибесі бар мемлекет қайраткері болып қалыптасқан парасатты адамды дұрыс таңдады. Қазақстанның игілігі жолындағы барлық ісіңізге табыс тілеймін. Біз мемлекеттеріміз бен халықтарымыз арасында қалыптасқан достық қатынастарды жоғары бағалаймыз жəне Қазақстанның халықаралық алаңдарда, соның ішінде Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымында Беларуське көрсеткен қолдауы үшін ризашылығымызды білдіреміз. Өзара пайдалы іс-қимылдарды нығайта беруге тырысамыз, – деді Станислав Зась.

Мереке мезіреті

ШУ Шу қаласының тұрғыны 5 бөлмелі үйдің кілтіне қол жеткізді. Ұзақ жылдар бойы тұрғылықты жері болмай, пәтерден-пәтерге ауысып жүрген отбасыға белгілі кәсіпкер, облыстық мәслихаттың депутаты Ким Никон өз қаражаты есебінен пәтер сыйлады.

МОЙЫНҚҰМ Аудандық соттың мұражайы ашылды. Онда 1975-1981 жылдардағы судьяның жұмыс креслосы, ВОМАН-301 радио, ескі телефон, стол, орындықтар, «Литвица» жазу машинкасы қойылған.

Т.РЫСҚҰЛОВ Түркістан облысының Арыс қаласында болған жарылыстан зардап шеккендерге қолұшын созу үшін «Таза су-2014» мекемесінің ұжымы «Түркістан» әлеуметтік даму қорына бір күндік жалақыларын, яғни 250 мың теңге қаражат аударды.

ЖУРНАЛИСТЕР ЖҰЛДЫЗЫ БИІКТЕН КӨРІНГЕН КҮН

Досыңмен дос болғанға шаттан, Досыңмен дұшпан болғаннан сақтан.

Р А Л А Л А Б Н Е Г Л Е АРЫСТАН К Е Д Н І Р Е Л Ь Р Е Г А Л С ДЕМАЛЫ Түркістан облысы Арыс қаласында орын алған оқыс оқиға жергілікті тұрғындарға оңай соқпағаны анық. Бейбіт күнде естіген жарылыстың даусын арыстықтар көпке дейін ұмыта қоймас. Дегенмен сын сағатта елдігімізді көрсетіп, зардап шеккендерге барынша əлеуметтік көмек дер кезінде көрсетілді. Жа м б ы л д ы қ т а р ө з г е ө ң і рл е р г е ү н қосып, Арыс қаласының тұрғындарына əлеуметтік көмекпен қатар зардап шеккен отбасы балаларының жазғы демалысын ұйымдастыруды жөн санады. Қала сыртында орналасқан сауықтыру лагерьлерінде 200ден аса баланы демалыс жəне сауықтыру шараларымен қамту бойынша дайындық жұмыстары толығымен жүргізілген болатын. Кеше арыстық балалардың алғашқы легі Шымкент қаласынан Таразға арнайы автокөліктермен жеткізілді. Оларды жамбылдықтар күтіп алып, Жамбыл ауданы Жасөркен ауылының аумағында орналасқан «Болашақ» сауықтыру лагері мен Жуалы ауданындағы «Тау самалы» сауықтыру кешеніне орналастырды. Сонымен қатар б а л а л а р ө зд е р і н е қ а же т т і з ат т а рм е н толығымен қамтылды. «Aq jol-Aqparat».

ГАЗЕТТІҢ АЛТЫН ДІҢГЕГІ – ОҚЫРМ АН

«AQ JOL» -ДАН ҚОЛ ҮЗБЕ, ҚАДІРЛІ ОҚЫРМАН!

Ғ

Ерман ƏБДИЕВ Қолына қаламды серік етіп, қоғамның игі мүддесін арқалаған жамбылдық журналистердің кəсіби мерекесі биыл да ерекше форматта өтті. Алдымен облыс орт а лығындағы «Nessibeli» мейрамханасының алдына төселген қызыл кілеммен жүріп өткен облыстық, қалалық

редакциялар, телеарналар ұжымдары өз тілектерін, құттықтауларын білдірді. Бұдан соң журналистердің құрметіне жайылған дастарқан төрінде салтанатты шара басталды. Облыс əкімі Асқар Мырзахметов журналистерді құттықтады. – Қоғамда билік пен халықтың арасында алтын көпір болып отырған ж у р н а л и с т е р қ ау ы м ы н ы ң е ң бе г і

ерен. Сіздер күнделікті жаңалықтар мен хабарларды халыққа шынайы, ашық жеткізіп, елімізде болып жатқан жаңалықтармен хабардар етіп отырсыздар. Сондықтан еңбектеріңізге т а б ы с , ш ы ғ а рма ш ы л ы қ е р к і н д і к тілеймін, – деді облыс əкімі. (Жалғасы 2-бетте).

асырға жуық тарихы бар облыстық «Aq jol» газеті қашанда салмақты сараптамалық мақалалары арқылы жұртшылыққа еліміздегі сарабдал саясатты насихаттап, мемлекеттік бағдарламалардың қалай орындалып жатқанын жəне облыс əкімінің өңір экономикасын өркендетудегі атқарып жатқан игі істерін тұрғындарға уақтылы жеткізіп келеді. Сонымен қатар оқырмандарды толғандырған түрлі тақырыптағы материалдарды да үздіксіз жариялап тұруды назардан тыс қалдырған емес. Газет – қашанда оқырманымен бай. Сондықтан облыстың бас басылымына жазылым жыл бойы жалғасатынын естеріңізге салғымыз келеді. Газетке өткен жылы жазылуға үлгере алмай қалғандар болса, «кешіктік» деп екінші жартыжылдықты немесе келесі жылды күтпей-ақ қойғаны жөн. Себебі жазылым «Қазпошта» немесе өзге де баламалы құрылымдық бөлімдерде жыл бойы тоқтаусыз жүргізіледі. Жазылым жасаудың жолы да жеңіл. Ол үшін «Қазпоштаның» кез келген бөлімшесіне барсаңыз болады. Ал қанша айға жазылам десеңіз де өз еркіңіз, оны сіздің патша көңіліңіз біледі. Біздің міндет – əр айдың 25-іне дейін облыстық «Aq jol» газетіне жазылсаңыз, келесі айдан бастап газет қолыңызға тиетінін айту. Мысалы, шілде айының 25-іне дейін жазылсаңыз, келесі айдың 1-інен бастап газетті қолыңызға алатын боласыз. «Aq jol» газетінің 1 айлық бағасы жеке жазылушылар үшін – 443,55 теңге, ал заңды тұлғалар үшін – 485,22 теңге. Ең бастысы – жазылым жыл бойына жалғасады, қадірлі оқырман!


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.