Jambyl oblystyq qoǵamdyq-saıası gazet
АҺАН Д
А
Ж
BІRІŃDІ, QAZAQ, BІRІŃ DOS, KÓRMESEŃ, ІSTІŃ BÁRІ BOS. (ABAI).
және
Сарысу ауданы
Мойынқұм ауданы
Se‡senb‡
ЖАМБЫЛДА
Мойынқұм
Шу ауданы
Талас ауданы
Төле би
Жаңатас
Жамбыл облысты о амды -саяси газет
Қаратау
Жамбыл ауданы
Меркі ауданы
Байзақ ауданы
Т.Рысқұлов ауданы
Аса
Құлан
Жуалы ауданы
Қордай ауданы Қордай
Меркі
Бауыржан Момышұлы
№22 (18672), Seısenbі, 26 aqpan, 2019 jyl
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ЖАРЛЫҒЫ А.Ұ. Маминді Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі қызметіне тағайындау туралы Асқар Ұзақбайұлы Мамин Қазақст ан Ре спубликасының Премьер-Министрі болып тағайындалсын.
ak-jol-taraz@rambler.ru
www. aqjolgazet.kz
Gazet 1922 jyldyń 1 mamyrynan shyǵady
ПРЕЗИДЕНТ
ҚАЗІР КҮРДЕЛІ КЕЗЕҢ. АЛДЫМЫЗДА МАҢЫЗДЫ МІНДЕТТЕР ТҰР
Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ Астана, Ақорда, 2019 жылғы 25 ақпан
НД ЖАҺА
ГЕРМАНИЯ Берлинге әлемнің түкпір-түкпірінен келген емделушілер саны 14 мыңға жетті. Ел билігі медицинаның дамуына жылына 374 миллиард еуро бөледі. Бұл – ЖІӨ 11 пайызы. Яғни денсаулық сақтау саласына күніне 1 миллиард еуродан аса қаражат жұмсалады. ЭКВАДОР Галапагос аралдарында осыдан 100 жыл бұрын жоғалып кеткен тасбақа түрі табылды. Мамандардың айтуынша, табылған жануардың жасы 100 жылдан асады. Ғалымдар тағы тірі қалған тасбақаларды табу үшін аралдарға қайта сапар шегуді жоспарлап отыр. БАӘ Билік ел тұрғындарының 100 миллион доллар қарызын кешіру туралы шешім қабылдады. Үкімет осы мақсатта 13 банкпен несиесін өтей алмай жүрген жандардың берешегін жабу туралы келісімге келген. Нәтижесінде 3 мыңнан аса азаматтың қарызы кешірілді.
№ 847
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ЖАРЛЫҒЫ
ҮНДІСТАН Карнатака штатындағы авиашоу кезінде өрт шығып, 300-ге жуық көлік жанып кетті. Оқиға Бангалор шаһары маңындағы Елаханка әуежайында болған. Оттың неден тұтанғаны әлі белгісіз.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан əрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 3) тармақшасына сəйкес мемлекеттік басқару жүйесін жаңғырту жəне тиімділігін арттыру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
ТҮРКИЯ Елде «Өндірушіден – тұтынушыға» атты сауда орталықтары ашылды. Анкара мен Ыстамбұл тұрғындары енді тауарды делдалсыз тікелей өндірушіден ала алады. Арнайы құрылған сауда орталықтарында қазір ең қажетті 8 көкөніс түрі сатылады.
Д БЫЛ ЖАМ
1. Мыналар: 1) Қазақстан Республикасының Қоғамдық даму министрлігі, оған Қазақстан Республикасының Ақпарат жəне коммуникациялар министрлігінен ақпарат саласындағы функциялары мен өкілеттіктері беріле отырып, оны Қазақстан Республикасының Ақпарат жəне қоғамдық даму министрлігіне қайта құру жолымен; 2) Қазақстан Республикасының Қорғаныс жəне аэроғарыш өнеркəсібі министрлігі, оған Қазақстан Республикасының Ақпарат жəне коммуникациялар минист рлігінен байланыс, ақпаратт андыру, «электрондық үкімет», мемлекеттік қызметтерді көрсету саласындағы мемлекеттік саясатты дамыту саласындағы функциялары мен өкілеттіктері беріле отырып, Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, қорғаныс жəне аэроғарыш өнеркəсібі министрлігіне қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын. 2. Қазақстан Республикасының Ақпарат жəне коммуникациялар министрлігі таратылсын. 3. Қайта ұйымдастырылатын мемлекеттік органдар, берілетін функциялар мен өкілеттіктерге сəйкес, таратылатын жəне қайта ұйымдастырылатын м е м л е ке т т і к о р г а н д а рд ы ң қ ұ қ ы қ т а р ы м е н міндеттемелерінің құқықтық мирасқорлары болып белгіленсін. 4. Қазақстан Республикасының Үкіметі: 1) Қазақстан Республикасының Президенті Əкімшілігімен келісу бойынша қайта ұйымдастырылатын жəне таратылатын мемлекеттік органдар мен оларға ведомстволық бағынысты ұйымдардың штат санын қайта бөлуді; 2) осы Жарлықты іске асыру бойынша өзге де шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін. 5. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 22 қаңтардағы № 6 Жарлығына мынадай өзгерістер енгізілсін: 1-тармақта: мына: «Қазақстан Республикасының Қорғаныс жəне аэроғарыш өнеркəсібі министрлігі; Қазақстан Республикасының Қоғамдық даму министрлігі» деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын: «Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, қорғаныс жəне аэроғарыш өнеркəсібі министрлігі; Қазақстан Республикасының Ақпарат жəне қоғамдық даму министрлігі»; «Қазақстан Республикасының Ақпарат жəне коммуникациялар министрлігі» деген жол алып тасталсын. 6. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Əкімшілігіне жүктелсін. 7. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Президенті Н. НАЗАРБАЕВ. Астана, Ақорда, 2019 жылғы 25 ақпан №848
А
ТАРАЗ
ЕЛБАСЫ ПАРЛАМЕНТ М Ж Л С БЮРОСЫНЫҢ ОТЫРЫСЫНА ҚАТЫСТЫ. НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ МЕМЛЕКЕТТ Ң СТРАТЕГИЯЛЫҚ БАҒДАРЛАМАЛАРЫН ОДАН Р ТИ МД ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫН АТАП ӨТ П, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕМЬЕР-МИНИСТР ЛАУАЗЫМЫНА АСҚАР МАМИНН Ң КАНДИДАТУРАСЫН ТАЛҚЫЛАУҒА ҰСЫНДЫ. – Бұрынғы Үкімет отставкаға кетті. Осыған байланысты сіздермен жаңа Премьер-Министр Асқар Маминнің кандидатурасын ұсынып отырмын. Оның мол тəжірибесі бар. Ширек ғасырдан бері бірге жұмыс істеп келеміз. Қала əкімі, көлік министрі, ПремьерМинистрдің бірінші орынбасары болды. Оның жетекшілігімен, əсіресе инфрақұрылымды дамыту саласында көп жұмыс атқарылды, – деді Қазақстан Президенті. Н ұ р с ұ л т а н Н а з а р б а е в Ас қ а р Маминнің интеграциялық бірлестіктердің жұмысына, сондайақ бірлескен жобаларды іске асыруға
белсенді атсалысқанын айтты. – Қазір күрделі кезең. Алдымызда маңызды міндеттер тұр. Алға жылдам ұмтылуымыз керек, – деді Мемлекет басшысы. Ж и ы н б а р ы с ы н д а П а рл а м е н т М ə ж і л і с і н д е г і с а я с и п а рт и я л а р фракцияларының жетекшілері мен комитеттер төрағалары Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі л ау а з ы м ы н а ұ с ы н ы л ғ а н А с қ а р Маминнің кандидатурасын қолдады. * * * Мемлекет басшысы Парламент Мəжілісінің пленарлық отырысына
қатысты. Қазақст ан П ре зи ден ті Парламент Мəжілісінің депутаттарына арналған сөзінде бұрынғы Үкіметтің жаһандық дамудың күрделі жағдайына қарамастан экономиканың өсімін сақтауға күш салғанын атап өтіп, Үкімет мүшелеріне атқарған жұмысы үшін ризашылық білдірді. – Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев туралы арнайы айтқым келеді. Ол бұған дейін Павлодар о б л ы с ы н ы ң ə к і м і , э ко н о м и к а министрі, вице-премьер, бірінші вице-премьер лауазымдарын лайықты ат қ а р ы п , ө з і н ж а қ с ы қ ы р ы н а н көрсетті. Бақытжан Сағынтаев – адал əрі тəжірибелі азамат. Ол басқа да салаларда қызмет ете алады. Бірақ жекелеген министрліктердің, əсіресе əлеуметтік саладағы ведомстволардың жұмысындағы олқылықтар бүкіл Үкіметтің отставкаға кетуіне əкеп соқтырды, – деді Елбасы. (Жалғасы 2-бетте).
«Барысхан» алқабын электрмен, Ы.Дүкенұлы көшесін су жүйесімен қамтамасыз ету, 4-ші «Тараз энерго» орталығынан басталатын М-2 және М-4 жылу магистральдарын қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде.
ЖУАЛЫ Көкбастау және Нұрлыкент ауылдық округтерінен жалпы алаңы 86,7 гектар жерге инфрақұрылым жұмыстары жүргізілмек. Қазіргі таңда Нұрлыкент, Қосбөлтек пен Теріс ауылдарындағы жаңа тұрғын алқапқа электр желілерін тарту үшін қаржы бөлінді.
МОЙЫНҚҰМ Мирный, Бурылбайтал ауылдары мен Қияқы стансасын таза ауызсумен қамту жұмыстары жалғасуда. Оған биыл облыстық бюджеттен 596,5 миллион теңге қаралған.
САРЫСУ Былтыр Жаңатас қаласындағы шағын аудандардың ішкі жолдары мен 8 елді мекеннің көше жолдары жөнделсе, биыл 9 елді мекеннің 9 көшесін жөндеу жоспарлануда.
ТАЛАС «Көгілдір отын» тартылған 5 елді мекендегі медициналық нысандар толықтай газға көшірілді. Ауыстыру жұмыстарына 3 миллион 606 мың теңге жұмсалған.
АЛҒЫС АЙТУ КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА
Ел ұлсыз болмас, Жер гүлсіз болмас.
ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ ЖОБА ЖЕТКІНШЕКТЕРГЕ НЕ БЕРЕДІ?
Үш жыл бұрын 1 наурыз – Алғыс айту күні болып бекітілген еді. Содан бері бұл күн барлық қазақстандықтардың бір-біріне деген мейірімділігінің, достығының символына айналған. Өзара сыйластықтың қадірін арттырған мереке қазақ жерін мекен еткен түрлі ұлт пен ұлысты бір-біріне жақындастыра түсті. Алғыс айту күніне орай əрі Елбасы идеялары мен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде Білім жəне ғылым министрлігі бекіткен іс-шаралар жоспарын іске асыру мақсатында биыл облыстық білім басқармасы «Ризашылық – мейірімділік бұлағы» жалпыұлттық мəдени-білім беру жобасын қолға алып отыр. Жас ұрпақты толеранттылыққа тəрбиелеу жəне əртүрлі ұлттың мəдени дəстүрлерін зерттеу арқылы балалардың бойында рухани адамгершілікті дамыту, барлық қазақстандықтардың бірбіріне деген сүйіспеншілігі негізінде көпұлтты Қазақстанның бірлігін сақтау жəне дамытуды көздейтін жоба аясында көптеген акциялар
ұйымдастырылмақшы. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте басқарма басшысының орынбасары Талғат Жамалов айтып берді. Мектеп оқушылары, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға арналған ұйымдардың тəрбиеленушілеріне қолдау əрі қамқорлық көрсетуді мақсат тұтқан жоба шеңберінде
аудандар мен Тараз қаласында түрлі мерекелік іс-шаралар, танымал адамдармен кездесу, жылжымалы көрмелер, байқаулар өткізу жоспарланып отыр. Соның ішінде «Қазыналы керуен», «Дəстүр – халқымыздың рухани өзегі», «Қолөнер – тəрбие көзі», «Жүректен – жүрекке», «Халқыма ризамын», «Алғысым шексіз халқыма» шығармашылық фестивальдерінің жас ұрпаққа берер тағылымы мол болары сөзсіз. Ал «Ризамын!» қайырымдылық акциялары, арт-акциялары, «Бір Отан – бір отбасы» тақырыптық сағаттар, «Татулықтың тұтқасы – бірліктің бесігі» əдеби марафоны, ф ото к ө рм е л е р ж а с же т к і н ш е кт е рд і ң шығармашылық əлеуеттерін арттыруға ықпал етеді деген сенім мол. Іс-шаралардың қорытындысы бойынша барлық қатысушыларға сертификаттар, жеңімпаздарға дипломдар мен құнды сыйлықтар, жетекшілеріне Алғыс хаттар беріледі. Жансая САБЫР.
«ТАРАЗ ЖЕРІНЕ ТАҒЗЫМ!» ЖАС ТУРИСТЕР ФЕСТИВАЛІНЕ КЕЛУШІЛЕР ТАРИХИ ОРЫНДАРДЫ АРАЛАДЫ Табиғат АБАИЛДАЕВ Бүгінгі күні елімізде балалар туризмінің кенжелеп қалғаны жасырын емес. Рас, еліміз бойынша жас туристөлкетанушылардың орталығы мен стансалары баршылық. Одан бөлек туристік-өлкетану үйірмелері де жолға қойылып келеді. Əйткенмен бұл бағытта нақты жұмыс кемшін түсіп жатқаны ақиқат. Осы олқылықтың орнын толтыру мақсатында Тараз төрінде «Тараз жеріне тағзым!» атты жас туристер фестивалі өтті. Б ұ л ф е с т и ва л ь д і ң Жастар жылы аясында
қолға алынып отырғаны да қуантады. Іс-шараға өңірімізден бөлек, Алматы жəне Түркістан
о бл ы с т а р ы н а н 1 4 - 1 8 ж а с аралығындағы жүздеген оқушы келді. Үш күнге созылған
фе стиваль аясында олар шаһардың тарихи орындарын аралап, экскурсиялық турға қатысты. Олар бірінші күні Қарахан, Дəуітбек кесенелерін, «Көне Тараз» қалашығын, «Жеңіс» саябағын жəне өзге жерлерді өз көздерімен көрсе, екінші күні Айша бибі, Бабажы Хатын ке с енелерін, Қазақ хандығы монументін, Əулие бастау, Таусамалы, Берікқара, Төрткүл керуен сарайы секілді тарихи орындарды тамашалады. Экскурсиялық тур аясында білікті мамандар жас туристерге тарихи орындар туралы мол мəлімет берді. (Жалғасы 6-бетте).
А
ГАЗЕТТІҢ АЛТЫН ДІҢГЕГІ – ОҚЫРМ АН
«AQ JOL» -ДАН ҚОЛ ҮЗБЕ, ҚАДІРЛІ ОҚЫРМАН!
Ғ
асырға жуық тарихы бар облыстық «Aq jol» газеті қашанда салмақты сараптамалық мақалалары арқылы жұртшылыққа Елбасының сарабдал саясатын насихаттап, мемлекеттік бағдарламалардың қалай орындалып жатқанын жəне облыс əкімінің өңір экономикасын өркендетудегі атқарып жатқан игі істерін тұрғындарға уақтылы жеткізіп келеді. Сонымен қатар оқырмандарды толғандырған түрлі тақырыптағы материалдарды да үздіксіз жариялап тұруды назардан тыс қалдырған емес. Газет – қашанда оқырманымен бай. Сондықтан облыстың бас басылымына жазылым жыл бойы жалғасатынын естеріңізге салғымыз келеді. Газетке өткен жылы жазылуға үлгере алмай қалғандар болса, кешіктік деп екінші жартыжылдықты немесе келесі жылды күтпей-ақ қойғаны жөн. Себебі жазылым «Қазпошта» немесе өзге де баламалы құрылымдық бөлімдерде жыл бойы тоқтаусыз жүргізіледі. Жазылым жасаудың жолы да жеңіл. Ол үшін «Қазпоштаның» кез келген бөлімшесіне барсаңыз болады. Ал қанша айға жазылам десеңіз де өз еркіңіз, оны сіздің патша көңіліңіз біледі. Біздің міндет – əр айдың 25-іне дейін облыстық «Aq jol» газетіне жазылсаңыз, келесі айдан бастап газет қолыңызға тиетінін айту. Мысалы, ақпан айының 25-іне дейін жазылсаңыз, келесі айдың 1-нен бастап газетті қолыңызға алатын боласыз. «Aq jol» газетінің 1 айлық бағасы жеке жазылушылар үшін – 443,55 теңге, ал заңды тұлғалар үшін – 485,22 теңге. Ең бастысы – жазылым жыл бойына жалғасады, қадірлі оқырман!