09 қыркүйек пдф

Page 1

МӘДЕНИ МҰРА

ШОҚАЙ ДАТҚА

ДОСЫ КӨПТІ ЖАУ АЛМАЙДЫ, АҚЫЛЫ КӨПТІ ДАУ АЛМАЙДЫ

МЕШІТІ ЖАҢҒЫРТЫЛДЫ Жамбыл облыстық қоғамдықсаяси газет

№127 (17984), Сейсенбі, 9 қыркүйек, 2014 жыл

ak-jol-taraz@rambler.ru

Газет 1922 жылғы 1 мамырдан шығады.

www. akjolgazet.kz

Сәулембай ӘБСАДЫҚҰЛЫ, «Ақ жол».

2015 ЖЫЛ- ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ ЖЫЛЫ

ТАТУЛЫҚ. ТОЛЕРАНТТЫЛЫҚ. ТҰРАҚТЫЛЫҚ ӨҢІРДЕГІ ЭТНОС ӨКІЛДЕРІ ЕЛБАСЫ ЖАРЛЫҒЫН ҚОЛДАП, ҚУАТТАУДА Тұрсынбек СҰЛТАНБЕКОВ, «Ақ жол». Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың Астана қаласында өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХІ сессиясында сөйлеген сөзінде «Алдағы жылы Ассамблея құрылғанына және референдумда ел Конституциясының қабылданғанына 20 жыл толады. Бұл – біздің жылнамамызды біртұтастандыратын екі ұлы оқиға. Нақ Ассамблея өзінің алғашқы екі сессиясында 1995 жылғы Конституцияны қабылдауды қолдады. Ол барлық қоғамдық институттар арасынан алғаш болып халықты референдумда Конституция үшін дауыс беруге шақырды. Сондықтан келесі 2015 жылды – Қазақстан халқы Ассамблеясының жылы деп жариялауды ұсынамын» деп айрықша атап көрсеткені белгілі. Сындарлы жылдарда 130-дан астам ұлт пен ұлыс өкілдерін бір шаңырақтың астына топтастырып, елімізді жарқын болашаққа бастап келе жатқан Елбасы күні кеше 2015 жылды Қазақстан халқы Ассамблеясының жылы деп жариялау туралы Жарлыққа да қол қойды. Ұлт Көшбасшысының бұл шешімі қоғам тарапынан қызу қолдау табуда. (Жалғасы 2-бетте).

«БАЛАПАН» БАҒДАРЛАМАСЫ ІС ЖҮЗІНДЕ

Татулық табылмайтын бақыт. Халық мақалы.

БҮ

КП

ЕС

ІЗ

өңірімізде «Балапан» бағдарламасы аясында 300-ге тарта балабақша, оның ішінде 163 шағын орталық бүлдіршіндер игілігіне қызмет етуде. Оларда барлығы 41 мың 104 бала тәрбиелену үстінде. Бүгінгі таңда 8 балабақшаның құрылысы жүргізіліп жатса, ағымдағы жылы 4 сәбилер үйі ашылмақшы. 2010 жылы жеке

ӘҢ

ГІ

М

меншікке жататын балабақша саны небәрі 2-еуді құраса, олардың саны қазіргі таңда 20ға жетіпті. Осылай деген облыс басшысының орынбасары жиналған қауымды жаңа балабақшаның ашылуымен құттықтап, жас ұрпаққа жарқын болашақ тіледі. Айтулы шарада Байзақ аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Рәш Шәметов бата беріп, кәсіпкер Алтынбек Жамишжанов елімізде

«АТА АЙҒАЙЫНЫҢ АСТЫНДА ҮЛКЕН ТӘРБИЕ ЖАТАТЫН...» – Ең басынан бастасақ. Момышұлы әулетімен алғашқы таныстығыңыз қалай басталды? –Жасымыздан қазақтың атақты жазушылары жайлы естіп, әсіресе, олардың шығармаларын оқып өскен адамбыз. Құдайға шүкір, өсіп-өнген, көзі ашық, сауатты отбасында бойжеттім. Әкем - дәрігер, шешем де оқыған, зиялы адамдар болғандықтан отбасымызда Александр Бектің «Арпалысынан» бастап, түрлі дастандар мен хиссалардың неше түрі болатын. Ата туралы аңыз әңгімелерді көп естігендіктен бе екен қиялымда ол кісіні баяғының батырларындай «отқа салса күймейтін, суға салса батпайтын» өзгеше бір керемет бейнеге айналдырып алғам. Кейін ҚазМУ-

ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ... ! м е ш ү і ш үшін

кәсіпкерлікке кең өріс ашылып жатқанын айта келе, қолға алынған жұмыстың нәтижелі болуына септігін тигізген облыс, аудан басшыларына алғысын жеткізді. Мұнан кейін лента қию рәсімі өткеріліп, шашу шашылды. Ішке енген қонақтар мен ата-аналар әсем де әдемі ғимарат ішін аралап көріп, танысты. Кезінде әкімшілік мекемесі болған нысан 45 миллион теңгеге күрделі жөндеуден өткізіліпті. Балабақша әзірге 75 балаға арналып ашылып отыр. Алдағы уақытта мұнда «Айгөлек», «Бәйтерек», «Балапан» топтарының қатары балаларға ағылшынша үйрететін арнайы топпен толықтырылмақ. Жаңа нысанның ашылуымен байланысты 25 маман жаңа жұмыс орнымен қамтамасыз етілді.

Ардақ ҮСЕЙІНОВА, «Ақ жол». Та р а з қ а л а л ы қ перинатальдық орталығында үшем дүниеге келді. Бауыржан Оспановтың отбасын толықтырып отырған нәрестелердің үшеуі де қыз бала. Ақнұр, Балнұр, Жаннұр есімді сәбилердің анасы Күлпан Тәжіқоразованың айтуынша, әкесі жағында да, күйеуі жағында да үшем немесе егіздер болмаған екен. Ал нағашыларында егіз бар көрінеді. Күлпан күйеуі екеуі қала маңындағы Шөлдала ауылында

Айдана ШОТБАСОВА, журналист. Байзақ ауданы.

Е

нің» е м і г ң ә з і с е п к «Бү бүгінгі қонағы лының шұ ы м о М н а ж р Бауы ы келіні, жазуш ва ето Зейнеп Ахм

АТАНЫ АЛҒАШ КӨРУІМ

ЖАҒЫМДЫ ЖАҢАЛЫҚ

«ЕҢЛІК» ЕСІГІН АШТЫ

Жеке кәсіпкер Алтынбек Жамишжановтың заманауи үлгідегі «Еңлік» балалар бақшасы өткен сенбі күні балғындарға есігін айқара ашты. Аудан аумағындағы алғашқы жеке меншіктегі нысанның ашылу салтанатында облыс әкімінің орынбасары Е.Манжуов елімізде соңғы жылдары Елбасының қолдауымен «Балапан» бағдарламасы аясында көптеген мектепке дейінгі білім беру орындары пайдалануға берілгенін, осы бағытта облысымызда да бірқатар іс-шаралар атқарылғанын атап өтті. Ерқанат Нұрбапаұлының айтуынша,

дың филология факультетіне оқуға түсіп, студент боп жүрген кезімде, 1963 жылы болуы керек, университетте атамен кездесу болды. Қателеспесем, ата соның алдында ғана Кубада болып келді. Шетелге бару деген ол кезде сирек жағдай. Жәй турист ретінде барса да бүкіл бір мемлекеттің қадірлі қонағына айналып кетпеді ме ол кісі. Содан университеттің үлкен залы, Киров көшесі дейтінбіз ол кезде, сол жерде, лық толы студенттердің ортасына таман отырғам, бір кезде келді. «Ойпырмай, мына кісі де ел сияқты екен ғой» деймін ішімнен. Бірақ сонау жерден қарағанның өзінде көзіндегі от адамға сұмдық әсер етеді екен. Әңгімесін ұйып тыңдадық, сұрақ қоятындар сұрақ қойып жатты. Менің атаны бірінші көруім сол жолы болды. (Жалғасы 4-бетте).

Өткен сенбі күні Игілік ауылында үлкен рухани іс-шара өтті. Сонау бір жылдары діндарлардың құлшылық ететін мешіт үйі ескіріп, тозып, құлауға айналған. Осыны көрген Сарысу ауданының тумасы, Алматы қаласындағы Медеу ауданындағы мешіттің бас имамы Сәкен Әбдіралин Алланың үйін қайта жаңғыртуға ниет етіп, ізгі ойын жүзеге асыруға белсене кіріскен болатын. Амал не, асыл азамат жол апатынан қаза тауып арманына жете алмай кетті. Жақсы бастама жалғасын тауып, осы ауылдың тумалары Ұлан Жәкиев пен Айман Ботабекова сияқты қолы ашық жомарт жандар мешіт үйін қайта жаңғыртуға қалталарынан қаржыларын шығарып, демеушілікке өзге де кәсіпкерлерді тартып, әрі ауыл халқын жұмылдырып жыл ішінде мешіт үйін қайтадан жаңғыртып ел игілігіне ұсынды. Мешіттің ашылу салтанатына ауыл халқы мен сырттан шақырылған қонақтар қатысып, бір-біріне салауат айтысты. Жиында сөз алған облыс әкімінің бірінші орынбасары Бекболат Орынбеков мешіт үйінің ашылуымен жамағатты құттықтай келе, осының барлығы ел тәуелсіздігінің арқасында болғандығын атап көрсетіп, алдағы уақытта діндарларды дәстүрлі дінімізді нығайтуға шақырды. «Мешіт үйі жұма күні ғана жиналатын орынға айналмай, күнделікті есігі айқара ашылып жамағатты жақсылыққа шақырып, имандылыққа ұйытатын қасиетті ортаға айналуы тиіс», – деді ол. Сондай-ақ, құттықтау сөз сөйлеген Сарысу ауданының әкімі Қанатбек Мәдібек мешіт үйінің қайта жаңғыртылуына, оны имандылыққа ұйытар орынға айналдыруға үлес қосқан кәсіпкерлер мен ауыл халқына алғысын жеткізді. Облыстық маслихаттың депутаты А.Майлыбаев мешіттің қоғамдағы алатын орны орасан зор екендігін әңгіме етті. Осы ауданда еңбек еткен қоғам қайраткері Б.Байқошқаров имандылық жөнінде ой өрбітті. Облыстық Хибатулла Тарази мешітінің бас имамы Данияр Жұмабаев та сөз алып, өз атынан мешітке сый-сияпат жасады. Салтанатты рәсімнен кейін алқызыл лента қиылып, мешіт үйінің құжырқанасында әруақтарға арналып алғашқы дұға оқылды. Артынша ас таратылып, аламан бәйге өтті. Сарысу ауданы.

екі бөлмелі үйді жалдап тұрады екен. Отағасы осы уақытқа дейін маусымдық жұмыстарды істеп, үш баласын асырап келіпті. Босанғанға дейін №2 қалалық емханаға есепке алынып, үнемі дәрігерлердің бақылауында болыпты. Тіпті, «Бөбек» орталығына жолдама беріп, емделуіне жәрдемдесіпті. «Жасым 37-де, қазір бір ұл, бір қызым мектепке барып жүр. Кіші ұлым – үш жаста. Өзі ерке, енді мына қарындастарын жұбатып, бұзықтығын қоятын шығар. Өзім көпбалалы отбасында өстім. Шешеміз алтын құрсақты батыр ана», – дейді үшемнің анасы.

Неонатолог-дәрігер Ә й ге р і м Е с і м б а е в а қ а з і р үшемнің денсаулық жағдайы бір қалыпты екенін айтады. Маманның сөзіне сүйенсек, үш нәресте де дүниеге келген күннен бастап, тек қана ана сүтімен тамақтандырылуда. «Ешқандай қосымша қоспалар беріліп жатқан жоқ. Ана сүті ү ш е у і н е д е тол ы қ ж ете д і . Салмақтары қалыпты. Бүгін үйлеріне қайтады», – дейді дәрігер. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметіне сүйенсек, Ақнұр, Балнұр, Жаннұр биыл Тараз қаласында дүниеге келген үшінші үшем көрінеді. Тараз қалалық перинатальдық орталықтың акушер мамандары ағымдағы жылы туылған егіздер саны былтырғымен салыстырғанда көп екенін айтады. Бүгінгі күнге дейін аталған емдеу мекемесінде сегіз егіз өмірге келіпті. Суретті түсірген Ақәділ РЫСМАХАН.

ОБЛЫСТЫҚ ӘКІМДІКТЕ

ҚҰНТТЫЛЫҚ КЕРЕК БҰЛ ІСТЕ

Эльвира ЖАРЫЛҚАСЫНОВА, «Ақ жол». ОБЛЫС ӘКІМІ КӘРІМ КӨКІРЕКБАЕВТЫҢ ТӨРАҒАЛЫҒЫМЕН ӨТКЕН АППАРАТТЫҚ КЕҢЕСТЕ ТҰРМЫСЫ ТӨМЕН ОТБАСЫЛАРДЫ ҚОЛДАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ МЕН ӨҢІРДІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАЙЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ.

ҚОЛДАУ ДА, КӨМЕК ТЕ БАР, БІРАҚ... Ағымдағы жылдың сегіз айының қорытындысына сүйенсек, облыста кедейшілік шегінен төмен тұратын азаматтар саны 6995ті құраған. Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау үшін жергілікті және республикалық бюджеттерден 286,9 миллион теңге қаралған. 18 жасқа дейінгі 64503 балаға мемлекеттік балалар жәрдемақысы төленген. Осы жылдың ақпан айындағы Үкімет қаулысы негізінде Ақмола, Шығыс Қазақстан, Жамбыл облыстарында «Өрлеу» жобасы бойынша шарттық ақшалай көмек енгізілген. Жобаны іске асыру үшін 766,7 миллион теңге бөлініп, оның 700,1 миллион теңгесі шарттық ақшалай көмекке қаралыпты. Жеті ай ішінде 5408 аз қамтылған азаматтарға 64,5 миллион теңгенің көмегі тағайындалған. Оның 9,1 миллион теңгесі жергілікті бюджет е с е б і н е н т өл е н ге н . О с ы л а й ш а ш а рт т ы көмекке республикалық бюджеттен қаралған қаражаттың небәрі 7,8 пайызы игерілген. Т ұ р м ы с ы т ө м е н о т б а с ы л а р д ы қ ол д а у мәселелері бойынша хабарлама жасаған облыс әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Жорабек Баубеков оның себебін

бірнеше жағдаймен байланыстырды. Басқарма басшысының айтуынша, біріншіден, жергілікті атқарушы органдардың жұмыспен қамту мүмкіншіліктері шектеулі болса, екіншіден, маусымдық жұмыс істейтіндер, ұсынылған тұрақты жұмыстарға жалақысы төмен болғандықтан барғылары келмейтін көрінеді. Жәрдемақы алушы балалы отбасылардың ішінде жұмысқа жарамды тек біреу болса, оның өзі көбінде бала күтімімен отырып, еңбекке қатыса алмайды. Ал, облыстағы аудандар ішінде ең көп атаулы әлеуметтік көмек алушылар саны Меркіде тіркелген. Биыл олардың саны – 811-ге жеткен. Оның себебін сұраған облыс әкіміне аудан әкімі Бақтияр Көпбосынов мардымды жауап бере алмады. Сондықтан Кәрім Көкірекбаев аудандағы сала басшысымен тілдесуге мәжбүр болды. Алайда, маман жауабы да облыс әкімін қанағаттандырмады. Жорабек Баубеков облыс орталығында тұрғылықты мекені жоқ жандарды уақытша орналастыратын орталық бар екендігін, бұл бағытта өзге де жұмыстар атқарылып жатқанын айтты. Бұдан кейін облыс әкімі тұрақты жұмыспен қамтылғандар саны уақытша жұмыспен қамтылған азаматтар санынан жоғары болғаны жөн екендігін, аз қамтылған отбасылар жан-жақты қолдауға ие болулары керектігін айтып, мүмкіндік болса, оларға несие беру жолдарын қарастыруды тапсырды.

ТҰРМЫСТЫҚ ҚАЛДЫҚТАРДЫҢ КӨБЕЮІНЕ КІМ КІНӘЛІ? Күн тәртібіне шығарылған екінші мәселе бойынша хабарлама жасаған облыс бойынша экология департаментінің бастығы Мұхтар Қонысбеков алғашқы жартыжылдықта 116 экологиялық заң бұзушылық анықталғанын айтты. Атмосфераға тасталатын ластаушы заттардың шығарындылары өнеркәсіп

мекемелерінен алынған деректер бойынша жарты жыл ішінде 15,388 мың тоннаны құраған. Облыстық гидрометеорология орталығының дерегіне сүйенсек, Тараз қаласы бойынша атмосфераның ластану деңгейі былтыр 6,2 бірлік болса, биыл 7,62 бірлікке жеткен. Экология мәселесі бойынша облыста ең күрделі мәселелердің бірі – Тараз қаласының шайынды суды тазарту бойынша биологиялық кешенді құрылысын салу ісі өз шешімін таппай тұр. Республика бойынша Таразда ғана тазартқыш имараты жоқ. Сүзгі алаңы бүгінде тазартқыш имараты жұмысын атқара алмайтын, су жинағыш ғана болып есептелетін көрінеді. Облыстың бас экологының айтуынша, сүзгі алаңы тұрақты гидравликалық салмақ әсерінен жерасты суларын ластауда. Сондықтан, Жамбыл ауданының бес елді мекенінің тұрғындары ауыз суға зар болып, ауылшаруашылығы жерлері батпаққа айналып, топырақ құнарсыздануда. Тағы бір өзекті мәселенің бірі – облыс аумағындағы 6381,281 мың тонна тұрмыстық қалдықтарды көму мен қайта өңдеу болып отыр. Небәрі жарты жыл ішінде пайда болған тұрмыстық қалдықтар – 34,404 мың тоннаға жетіп жығылған. Ал, оларды сорттайтын және текшелеп қайта өңдейтін зауыт немесе цех облысымызда жоқ. Сонау 2005 жылы Тараз қалалық қалдық өңдеу зауытының техника-экономикалық негіздемесі рәсімделіп, облыстық бюджеттен 5,78 миллион теңгемен қаржыландырылады. Бірақ, жоба Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі тарапынан қолдау таппайды. Облыс әкімі сондай-ақ, зауыттар мен кәсіпорындардың экологиялық нормаларды сақтауы, орман шаруашылығындағы жағдайларды да пысықтады. Кеңес соңында талқыланған тақырыпқа сай тапсырмалар беріп, көріктендіру-көгеріштендірудің екі айлығы басталғанын, оған барша облыс тұрғыны атсалысуға тиіс екенін жеткізді.


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.
09 қыркүйек пдф by akjolgazet - Issuu