ДОСЫ КӨПТІ ЖАУ АЛМАЙДЫ, АҚЫЛЫ КӨПТІ ДАУ АЛМАЙДЫ
КЕШЕ АСТАНАДАҒЫ БЕЙБІТШІЛІК ЖӘНЕ КЕЛІСІМ САРАЙЫНДА ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВТЫҢ ТӨРАҒАЛЫҒЫМЕН ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ ХХІ СЕССИЯСЫ ӨТТІ.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КОНСТИТУЦИЯСЫ МЕН МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ТУРАЛЫ ЗАҢЫНА СӘЙКЕС МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР ӨЗ МІНДЕТІН АТҚАРУҒА КІРІСКЕН СОҢ, ЕЛБАСЫНА АНТ БЕРЕДІ.
Жамбыл облыстық қоғамдықсаяси газет №53-54 (17910-17911), Сенбі, 19 сәуір, 2014 жыл
Газет 1922 жылғы 1 мамырдан шығады.
ХАЛЫҚ ПЕН ЕЛБАСЫ АЛДЫНДА АНТ БЕРДІ
17 сәуірде Ақорда төрінде Жоғарғы Сот Кеңесінің төрағасы Б. Бекназаров, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрағасы Қ. Жаңбыршин, Президент Күзеті қызметінің бастығы Ә. Садықұлов, бірқатар Үкімет мүшелері мен облыс әкімдері қатарында біздің облысымыздың әкімі Кәрім Көкірекбаев та халық пен Елбасы алдында адал қызмет етуге салтанатты түрде ант берді. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев берілген анттың әр сөзі зор жауапкершілік жүктейтінін атап өтті. – Сіздердің орындарыңызда басқа адамдар, басқа азаматтар болуы мүмкін. Бірақ осы қызметке келгеннен кейін оны абыроймен орындау керек. Сіздердің әрқайсыңыз өз салаларыңыз бойынша жүктелген міндеттерді ең жоғары деңгейде орындауға тиіссіздер. Сіздердің парыздарыңыз ел экономикасын жақсарту, әрбір өңір тұрғындарының әл-ауқатын арттыру, халықтың бірлігін сақтау болмақ. Егер әркім өз жұмысын ойдағыдай атқаратын болса, біз алға қойған барлық мақсаттарға қол жеткізе аламыз, – деді Президент.
l ТАРАЗ Жамбыл гуманитарлық-техникалық университетінің ұйымдастыруымен Тараз қалалық мәдениет үйінде әлемдік өркениет және оның дамуындағы ғылымның әлеуетін арттырудың өзекті мәселелеріне арналған халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Конференция жұмысына Қытайдың Шыңжаң техникалық, Ресейдің Смоленск мемлекеттік, Астанадағы Еуразия ұлттық университеттерінің, еліміздегі басқа да жетекші жоғары оқу орындарының ғалым-оқытушылары, сондай-ақ, «Өрлеу» БАҰО АҚ Қызылорда, Жамбыл облысы бойынша филиалдарының басшылары қатысты. Конференцияның пленарлық және секциялық мәжілістерінде жасалатын баяндамалар алдын ала әзірленіп, толымды жинақ болып та жарық көрді.
l ЖАМБЫЛ Тараз-Жалпақтөбе-Гродеково, Айша бибі-Күйік асуы бағытындағы 17,8 шақырым автокөлік жолы бойындағы тал-дарақтар бұталып, санитарлық тазалау шаралары жүргізілді. Аудан мекемелері өздеріне тиісті ғимараттары ауласындағы арық-атыздарды күл-қоқыстан арылтты. Аталмыш сенбілікке 74 мекеме, 17 орта мектеп атсалысып, 22 тонна күл-қоқыс шығарылып, 1200 сәндік ағаш отырғызылды. l ҚОРДАЙ Ноғайбай ауылында жаңа денсаулық сақтау нысанының құрылысы басталды. Оған облыстық бюджеттен 85 миллион теңге бөлініп отыр. Құрылысты мердігер компания «Астана-Автострой» ЖШС жүргізеді. Құрылысқа жергілікті тұрғындардан он жеті адам тартылған. Алдағы уақытта жұмыс ауқымының артуына орай жұмысшылар саны артатын болады. Мердігерлер жаңа нысанды үш айдан кейін пайдалануға беруді көздеп отыр.
«Ақ жол – ақпарат».
СЕССИЯНЫҢ САЛИҚАЛЫ СӨЗІ: УКРАИНАДАҒЫ ЖАҒДАЙ ӘРБІРІМІЗГЕ САБАҚ БОЛУЫ ТИІС
Қазақстан әлемнің жаһандық және аймақтық деңгейдегі жаңа қатерлеріне бетпе-бет шығуға тиіс. Бұл туралы бүгін Қазақстан халқы Ассамблеясының XXI сессиясында Нұрсұлтан Назарбаев мәлім етті. «Біз де ашық елдердің біріміз, біз де қақпақ астында өмір сүріп жатқан жоқпыз. Бізді барша елдермен мыңдаған экономикалық, саяси және жай ғана адамдық байланыстар біріктіреді.”Барлық әлемде тек ашық елдер даму жолынан тайған жоқ. Шаруашылықпен айналысқан жабық елдер тұғырынан тайды. Сондықтан Қазақстан дұрыс жолды таңдады. Еліміз әлемнің жаһандық және аймақтық деңгейдегі жаңа қатерлеріне бетпе-бет шығуға тиіс”, – деді Президент. Елбасының атап өткеніндей, бейбітшілік пен келісімді нығайту біздің елдің 2050 жылға арналған басты стратегиялық бағдарламасының негізгі тұтқасы.”Жаһанда болып жатқан кейінгі оқиғалар алдымыздағы жүз жылдықтың қаншалықты қиын болатындығын көрсетіп отыр. Украинадан келген ақпараттар бізге ауыр тиюде. Ол біздің ТМД-дағы басты әріптестеріміздің бірі. Бізді онжылдықтарға созылған экономикалық байланыстар ғана емес, ортақ тарих байланыстырып отыр”, – деді Назарбаев. Елбасының пікірінше, Қазақстан бір ғасыр бұрын күштеп жер аударылған және Ұлы Отан соғысы жылдарында көшірілген жүз мыңдаған украиндықтардың екінші үйіне айналды. Олар қазақ жерінде өндірістерді ашуға және тыңайған жерлерді игеруге атсалысты. Тың және тыңайған жерлерді игеруге биыл 60 жыл толады. Бүгінде қазақстандықтардың 300 мыңнан астамы украиндықтар болып табылады. Украин жері – соғыс жылдарында фашизмге қарсы күресте қазақ жауынгерлерінің табаны тиіп, қаза болған қасиетті жер. “Мыңдаған қазақ жастары Украинада білім алған. Солардың бірі мен екенін сіздер білесіздер. Ол жерде мен металлургия ісін меңгердім. Біз, қазақстандықтар украин қауымының бірлігі мен тұрақтылығының қайта орнауына тілектестік білдіреміз. Украина ішкі мәселелерін ешкімнің сырттан араласуынсыз бейбіт жолмен өздері шешулері қажет деп есептейміз”, – деді Президент. Осы орайда, Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Украинадағы жағдайға қарап, ой қорытуға шақырды. Президенттің айтуынша, Украинада болып жатқан оқиғалар әрбірімізге сабақ болуы тиіс. Экономикалық даму, тұрақты өмір тек бейбітшілік пен келісімнің арқасында ғана болатын құндылықтар.
«Ақылды патша елдің берекесі, Дақылды бақша - жердің берекесі»
Мойынқұм ауылындағы мәдениет үйінде облыстық халық шығармашылық орталығының ұйымдастыруымен Шәмші Қалдаяқовтың әндерін орындаушылардың «Ән аға» атты облыстық фестивалі шымылдығын түрді. 16-35 жас аралығындағы жас әншілер қатысатын өнер додасында облыстық мәдениет, мұрағат және құжаттама басқармасы басшысының орынбасары Нұргүл Оспанбекова мен аудан әкімі Болат Мәдікенов құттықтау сөз алып, өнерпаздарға сәттілік тіледі. Тараз қаласы мен барлық аудандардан 22 әнші қатысатын өнер додасын аудандық мәдениет бөлімінің өнерпаздары Шәмшінің өмірі туралы сахналық көрініспен ашып, композитордың «Мойынқұмда ауылым» әнін шырқады. l МЕРКІ Аудан әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің ұйымдастыруымен бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтіп, 110 адам жұмысқа орналасуға жолдама алды. Оның ішінде 5 мүмкіндігі шектеулі азамат жұмыс орнына ие болды. «Жастар тәжірибесімен» 63 жас еңбекке тартылса, кәсіптік оқыту курстарына 20 адам қабылданды. l ТАЛАС
Халық мақалы.
«Талас-Таза су» мекемесін қажетті техникалармен қамтамасыз ету мақсатында аудандық бюджеттен 15 миллион теңге бөлінген еді. Жақында сол қаржыға су тасығыш автокөлігі, экскаватор және жүк салғыш УАЗ көлігі алынды. l
Татулық - түйсінуден, тыныштық - қанағаттан КЕШЕ ЕЛОРДАДАҒЫ БЕЙБІТШІЛІК ЖӘНЕ КЕЛІСІМ САРАЙЫНДА ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ ХХІ СЕССИЯСЫ «ҚАЗАҚСТАН-2050: БЕЙБІТШІЛІК, РУХАНИЯТ ЖӘНЕ КЕЛІСІМ МӘДЕНИЕТІ» ТАҚЫРЫБЫМЕН АШЫЛДЫ. ОНЫҢ ЖҰМЫСЫНА ҚХА МҮШЕЛЕРІ, ПАРЛАМЕНТ ДЕПУТАТТАРЫ, ҮКІМЕТ МҮШЕЛЕРІ, САЯСИ ПАРТИЯЛАР, ДІНИ КОНФЕССИЯЛАР, ДИПЛОМАТИЯЛЫҚ МИССИЯ БАСШЫЛАРЫ, ЗИЯЛЫ ҚАУЫМ МЕН БҰҚАРАЛЫҚ АҚПАРАТ ҚҰРАЛДАРЫНЫҢ ӨКІЛДЕРІ ЖӘНЕ ШЕТЕЛДЕН КЕЛГЕН ҚОНАҚТАР ҚАТЫСТЫ.
Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХІ сессиясына орай әзірленген топтаманы газетіміздің 3-4-беттерінен оқисыздар.
l МОЙЫНҚҰМ
Сессияға төрағалық еткен Мемлекет басшысы, Қазақстан халқы Ассамблеясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев сөз сөйледі. – Қымбатты отандастар, қадірлі қауым! Қазақстан халқы Ассамблеясының 21-ші сессиясының ашылуымен баршаңызды шын жүрегіммен құттықтаймын. Ұлы Жамбыл ақынның «Жігерлі болса ер болар, бірлікті болса ел болар» деген сөзі бар. Бүгінгі сессияның өзегі бейбітшілік, руханият және келісім мәдениеті біздің осындай бірлікті ел болуымыздың кепілі. Мәдениет – тіршіліктің тірегі. Ортақ игіліктің ұлықталып, ұлы істерге ұйымдастырудың бірегей тетігі. Бейбітшілік, руханият пен келісім – бәрінің тамыры мәдениетте, – деді Елбасы. «Биыл біздің тілдер туралы заңымыздың қабылданғанына 25 жыл толып отыр. Барша қазақстандықтардың мемлекеттік тілді білуі – бізді біріктіреді, баршамызды тең етеді. Өзінің ана тілін, сонымен қоса мемлекеттік тілді меңгерген жастар келешекте жақындық пен теңдіктің тетігіне айналады. Болашақта, басқа елдердегі секілді Үкіметтің, мемлекеттің басшылығына ұлтына, тіліне қарамастан тағайындалатын болады, алайда олардың барлығы мемлекеттік тілді білуге тиіс», – дей келе, этникалық, тілдік, діни, әлеуметтік ерекшеліктеріне қарамастан барша қазақстандық тең құқылы екендігін, еліміздегі бейбітшілік пен тыныштыққа нұқсан келтіретін кез-келген кемсітушілік әрекеттерге түбегейлі жол берілмейтіндігін баса айтты. Елбасы қазақ зиялылары мен рухани жетекшілерді Ұлы ұстаздардың ұлағатын ұмытпауға шақырды. Ол өз сөзінде, Ислам діні әу баста Жаратушыдан біздің ата-бабамызға қалай түссе, бүгінгі Қазақстанға дейін солай жетуін тарихтың өзі қамтамасыз еткенін жеткізді. Қасиетті қазақ жерінде әсіредіншілдер ешқашан болмағанын баса айтты. Сонымен қатар, ұрпақты жат ықпалдан қорғауға, адасқандарды оқыс қадамдардан сақтандыруға тиіс екенімізді атап өтті. Мемлекет басшысының пайымынша, ХХІ ғасырдың ең басты заңы – татулық. Татулық пен тыныштық арқылы экономика өсіп, халықтың әл-ауқаты күшейеді, бейбітшілік орнайды. (Жалғасы 3-бетте).
Қаперіңізде болсын l
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы №365 2014 жылғы 17 сәуір Астана, Үкімет Үйі
ДЕМАЛЫС КҮНДЕРІН АУЫСТЫРУ ТУРАЛЫ
Еңбекшілердің демалысы үшін қолайлы жағдай жасау және 2014 жылғы мамырдағы жұмыс уақытын ұтымды пайдалану мақсатында Қазақстан Респуб ликасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Демалыс күндері: 2014 жылғы жексенбі 4 мамырдан – 2014 жылғы жұма 2 мамырға; 2014 жылғы жексенбі 11 мамырдан – 2014 жылғы бейсенбі 8 мамырға ауыстырылсын. 2. Қажетті өнім шығару, қаржылықты қоса алғанда, қызметтер көрсету, сондай-ақ құрылыс объектілерін іске қосу үшін еңбек, материалдық және қаржы ресурстарымен қамтамасыз етілген ұйымдарға кәсіподақ ұйымдарымен келісім бойынша 2014 жылғы 2 және 8 мамырда жұмыс жүргізуге құқық берілсін. Көрсетілген күнгі жұмыс Қазақстан Рес пуб ли касының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өтеледі. 3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.МӘСІМОВ.