10 шілде

Page 1

ДОСЫ КӨПТІ ЖАУ АЛМАЙДЫ, АҚЫЛЫ КӨПТІ ДАУ АЛМАЙДЫ

Жамбыл облыстық қоғамдықсаяси газет №102 (17959), Бейсенбі, 10 шілде, 2014 жыл

ak-jol-taraz@rambler.ru

www. akjolgazet.kz

Газет 1922 жылғы 1 мамырдан шығады. l ТАРАЗ

l РАХМЕТ САҒАН, ТУҒАН ЕЛ! l

Табиғаты әсем, суы шипалы Ыстықкөлде жамбылдық ұстаздардың алғашқы легі алаңсыз демалуда. Шілденің алғашқы онкүндігінде мұнда 450 кәсіподақ мүшелері, ұстаздар мен медицина қызметкерлері демалса, жазғы маусымда барлығы 1500 адам демалып қайтады.

ЕЛБАСЫ БЕЙНЕСІ – ЕЛДІКТІҢ АЙНАСЫ

ӘЛЕМДІ МОЙЫНДАТҚАН

АРУ ҚАЛА

l ЖУАЛЫ Аудандық орталық мешіт басшылығы Рамазан айының құрметіне аудан тұрғындарына қоғамдық көлікте бір күн тегін қатынауға мүмкіндік берді. Орталық базардан аурухана бағытына қатынайтын төрт шағын автобус ертеден кешке дейін жолаушыларды сауап үшін тегін тасыды. Рамазан айының қасиетін сезінген әрі межелі жеріне ақысыз қатынаған жүргіншілер дән риза.

Айдархан СИХАЕВ, Қазақстан Суретшілер одағы облыстық филиалының төрағасы.

МЕРЕКЕСІ ТАРАЗ ТӨРІНДЕ ДЕ ТОЙЛАНДЫ САРЫАРҚАНЫҢ САЙЫН ДАЛАСЫНДА, ЕРКЕ ЕСІЛДІҢ ЖАҒАЛАУЫНДА ОРНАЛАСҚАН АРУ ҚАЛА, ЕЛІМІЗДІҢ БАС ҚАЛАСЫ АСТАНА ОН АЛТЫ ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫН АТАП ӨТТІ. АТА-БАБАЛАРЫМЫЗДЫҢ САН ҒАСЫРЛЫҚ АРМАНТІЛЕГІН БІР АРНАҒА ТОҒЫСТЫРҒАН АРМАН ҚАЛАНЫҢ ТУҒАН КҮНІ ОБЛЫСЫМЫЗДЫҢ БАРЛЫҚ АЙМАҚТАРЫНДА ДА БАР СӘН-САЛТАНАТЫМЕН ТОЙЛАНДЫ. ЕЛБАСЫМЫЗ АТАП АЙТҚАНДАЙ, «ТАРИХЫМЫЗДЫҢ ТЕМІР ҚАЗЫҒЫ», ЕКІ МЫҢ ЖЫЛДЫҚ ТАРИХЫ БАР ТАРАЗ ҚАЛАСЫ ДА МЕРЕКЕ КҮНІ АСТАНАҒА ӨЗ СӘЛЕМІН ЖОЛДАҒАН БОЛАТЫН. (Жалғасы 8-бетте).

l БАЙЗАҚ

Елі сүйген, елін сүйген Елбасының ғажайып еңбектері ақын, жазушы, суретші, сазгерлер шығармаларының да алтын арқауы болып өрілуде. Әсіресе, айтулы тұлғаның бейнесін кескіндеу асқан төзімділікті, үлкен суреткерлік пен біліктілікті талап ететін шаруа екені белгілі. Бұл іске жамбылдық қылқалам шеберлері қатарында мен де өзіндік үлесімді қосқанымды мақтаныш етемін. Былай қарасаң, мұндайға екінің бірі тәуекел ете де бермейді ғой. Өйткені, ол – жауапты да күрделі жұмыс. Қалай сүйкесең де ырқыңа көнетін қылқаламның мүмкіндігі молдау дегенімізбен, бұл іспен 3-4 ай бойы тапжылмай айналысуыма тура келді. Нәтижесінде, дүниеге тың туынды келді. Сондағы қуанышымды тілмен айтып жеткізу мүмкін емес. Шығармашылық жолындағы табыстың да, қуаныштың да жөні бөлек қой. Негізінен, бұған дейін Мемлекет басшысының тек кеудеге дейінгі ғана мүсіндік бейнелері кескінделіп келсе, айтулы тұлғаны бастан-аяқ, суретшілер тілімен айтсақ, «парадтық» жанр түрінде бейнелеуге ел өнершілері арасында алғашқылар қатарында тәуекел етіппін. Бұл туынды ел ұстыны – Астанамызда құрылыс жұмыстары қызу жүргізіліп жатқан тұста, 2006 жылы ақ қағаз бетіне түсті. Биіктігі 2 метр 40 сантиметр, ені 1 метр 80 сантиметр көлемінде орындалды. Оның ерекшелігі де осынысында – ауқымдылығында. Алғаш облыстық тарихи-өлкетану музейінің көрме залына қойылып көрсетілді. Былтыр еліміз бойынша бізде алғаш жүзеге асырылған «Уақыт бейнелері» атты инновациялық жоба аясында өткізілген көшпелі сурет көрмелерінде жергілікті қылқалам шеберлері туындылары қатарында қала, аудандар тұрғындарының назарына ұсындым. Жұртшылықтың Елбасы портреті жөнінде жылы лебіздерін білдіргендері де болды. Елден асқан сыншы жоқ қой. Елдің еңбегіме берген бағасы мені Астана мерекесіне орай жаңа шығармашылық ізденістерге жігерлендіре түсті. Тараз қаласы.

«Парыз» қоғамдық бірлестігі «Тарихи шайқастардағы жамбылдықтар» атты акция негізінде Ұлы Отан соғысында ерлік көрсетіп, Ленинград, Новгородта қаза болған жамбылдық 2500-дей жауынгерлердің дерегін жинап, әскери комиссариаттарға тапсырды. Олардың 150-і байзақтықтар екен. Ал, жақында аталмыш қалалардағы ескерткіштерге есімдері жазылған 11 байзақтық батыр белгілі болды.

l ШУ Аудандық «Әсем әуен» фольклорлық ансамблі Тараз қаласында өткен облыстық фольклорлықэтнографиялық ансамбльдер байқауынан жеңіспен оралды. Бас жүлдені олжалаған өнерпаздар 150 мың теңге көлемінде қаржылай сыйлыққа ие болды. Әуесхан Келгенбаев жетекшілік ететін 10 музыканттан құралған ансамбль бүгінде өнерсүйер қауымның ілтипатына бөленіп жүр.

ҰЛТТЫҚ ГВАРДИЯ ҰСТАНЫМЫ Қоғамдық қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ КӨМЕКШІСІ – ҚАУІПСІЗДІК КЕҢЕСІНІҢ ХАТШЫСЫ ҚАЙРАТ ҚОЖАМЖАРОВ 2014 ЖЫЛЫ 9 ШІЛДЕДЕ «ОРТАЛЫҚ» АЙМАҚТЫҚ БАСШЫЛЫҒЫНЫҢ ӘСКЕРИ БӨЛІМДЕРІ БАЗАСЫНДА ҰЛТТЫҚ ГВАРДИЯНЫҢ КОМАНДАЛЫҚ ҚҰРАМЫМЕН ӨТКЕН ОҚУӘДІСТЕМЕЛІК ЖИЫНЫНА ҚАТЫСТЫ.

Суретті салған Айдархан СИХАЕВ.

ТАҒАЙЫНДАУ

ІС ТҮЙІНІН КАДР ШЕШЕДІ Сапарғали ӘЛІБАЙ, «Ақ жол».

Дүйсенбіде облыс әкімі Кәрім Көкірекбаев облыс активіне Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігінің келісімі және өзінің бұйрығы бойынша жаңадан тағайындалған облыс әкімінің орынбасары Қалижан Серікұлы Әбдірайымовты таныстырды. Кәрім Нәсбекұлы жаңа орынбасарының құзырына облыстың өнеркәсіп саласына, кәсіпкерлікке, шағын және орта кәсіпорындарды дамытып-өркендету ісіне басшылық жасау міндеті жүктелетінін айтты. Ал, Қалижан Әбдірайымовқа аумақта қолға алынуға тиіс ісшаралардың аса ауқымды екендігін, тек кейінгі үш-төрт жылдың бедерінде ғана аумақта 41 инвестициялық жобаның қолға алынып, оның 29-ының пайдалануға берілгендігін, солардың бірі — күні кеше ғана Мемлекет

басшысы телекөпір арқылы іске қосуға рұқсат берген натрий цианидін өндіретін зауыт болып табылатындығын, ал, алдағы кезеңде Тараз химиялық паркі құрамындағы 16 химия кәсіпорнының және басқа да облыстың экономикалық әлеуетін арттыруға мүмкіндік беретін жаңа өндірістік қуаттардың пайдалануға берілетіндігін әрі мұның барлығы да облыс әкімінің жаңа орынбасарының жұмысымен байланысты болатындығын атап көрсетіп, оның жұмысына сәттілік тіледі. Бұдан кейін облыс әкімінің орынбасары Қалижан Әбдірайымов сөз алып, өзіне сенім артып, жауапкершілік жүктеген облыс әкіміне ризашылығын білдірді. Елбасының жылма-жыл республика халқына арнаған Жолдауларынан туындайтын міндеттердің үдесінен шығуға барлық күш-жігерін жұмылдыратындығын жеткізді.

ЕГІН ОРАҒЫ – 2014

l

ҚАМБАҢ ТОЛСЫН АСТЫҚҚА

облысы әкімінің орынбасары болған. 2008-2010 жылдары Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Мемлекеттік бақылау және аумақтықұйымдастыру жұмысы бөлімінің мемлекеттік инспекторы; 2010-2011 жылдары Ақмола облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарды. Бүгінге дейін «Қазақстандық тұрғын үй құрылыс корпорациясы» акционерлік қоғамы директорлар кеңесінің төрағасы қызметін атқарып келді.

Облыс әкімі Кәрім Көкірекбаевтың төрағалығымен өткен аппараттық кеңестің күн тәртібіне бірінші болып «Жергілікті атқарушы органдардың бұқаралық ақпарат құралдарымен байланысы туралы» мәселе шығарылып, ол бойынша облыс әкімдігі ішкі саясат басқармасының басшысы Рахия Тұрмаханбетова хабарлама жасады. Қазіргі таңда облыста 47 бұқаралық ақпарат құралы тіркелген. Оның 22-сі мемлекеттік болса, 25-і мемлекеттік емес басылымдар. Биыл мемлекеттік ақпараттық тапсырысты жүзеге асыру мақсатында облыстық бюджеттен 503,3 миллион теңге қаржы бөлінген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 78,7 миллион теңгеге артық. Хабарламашы өз сөзінде жергілікті атқарушы органдар мен бұқаралық ақпарат құралдары арасындағы байланыс мемлекеттік ақпараттық тапсырыс, тақырыптық медиа-жоспарлар

өкілдері, сала тізгінін ұстап жүрген басшылар, әлеуметтік жағынан әлсіз қорғалған жандар, қалалық және аудандық мешіттердің бас имамдары, дінге бет бұрған қарапайым халық пен жас буын өкілдері арнайы шақырылып, мол дастархан басында бас қосты. Дастарханға жиналған жамағатты облыс әкімі Кәрім Көкірекбаев қасиетті Рамазан айымен құттықтап, өңірдегі әр шаңыраққа амандық-саулық тіледі. Ауызашар барысында ҚМДБ-ның облыстағы өкіл имамы, «Һибатулла Тарази» орталық мешітінің бас имамы Данияр Жұмабаев қасиетті Рамазан айының шарапаты туралы уағыз айтып, Құран бағыштады. Сонымен қатар елге сыйлы қариялар ізгі тілектерін арнап, сауапты іс жасаған облыс әкіміне ақ батасын берді.

Пайғамбарымыз (с.ғ.с) өз хадистерінде «Рамазан – бұл сабыр айы. Сабырдың сыйы – жәннәт», «Кімде-кім бұл айда Ораза ұстаған бір адамға ауыз аштырса, бұл амалы күнәларының кешірілуіне себеп болып, Ораза ұстаушының сауабындай сауапқа ие болады» деген. Жыл сайын қасиетті Ораза айында облыс әкімі ауызашар беруді игі дәстүрге айналдырып келеді. Биыл да бұл үрдіс жалғасын тауып, облыс әкімі Кәрім Көкірекбаев Тараз қаласындағы «Сәтті» мейрамханасында Ораза ұстаған мұсылман қауымына арнап ауызашар дастарханын жайды. Әкімнің ауызашарына аузы дуалы, сөзі уәлі қариялар, зиялы қауым

БІЗ ОЙТАЛ АУЫЛЫНЫҢ ТӨМЕНГІ ЖАҒЫНДАҒЫ ҚЫРМАНҒА КЕЛДІК. АУДАННЫҢ БАС МАМАНЫ ӘРІ БАС АГРОНОМЫ ДОСТАЙ СӘРСЕМБИЕВ ҚЫРМАНДА ЖАТҚАН 150 ТОННАДАЙ АРПА МЕН ЕЛУ ТОННАДАЙ БИДАЙДЫ КӨРІП: «ЕККЕН ЕГІНІМІЗ АЗ ЕМЕС, АУДАН БОЙЫНША МАСАҚТЫ ДАҚЫЛ 30 МЫҢ 240 ГЕКТАР АЛҚАПТАН ЖИНАЛАДЫ. ОРАҚТЫ ЖАҢА БАСТАДЫҚ,

ҚАЗІР ЕГІНЖАЙДА 72 КОМБАЙН ДӘН БАСТЫРУДА. ОСЫ «ЖЫЛЫБҰЛАҚ-МЕРКІ» ЖАУАПКЕРШІЛІГІ ШЕКТЕУЛІ СЕРІКТЕСТІГІНДЕ ЖЕТІ ДАЛА КЕМЕСІ БАР ДЕСЕК, СОНЫҢ ҮШЕУІ СУ ЖАҢА «НИВА» КОМБАЙНЫ» ДЕДІ. (Жалғасы 2-бетте).

әзірлеу, әкімдер мен басқарма басшыларының «Қазақстан -Тараз» телеарнасындағы «Көкейкесті» бағдарламасына шығуы және журналистерге арнап брифингтер өткізу арқылы іске асырылып жатқандығын айтты. М ы с а л ы , а ғ ы м д а ғ ы ж ы л д ы ң а л ға ш қ ы жартыжылдығында облыстық бұқаралық ақпарат құралдары редакцияларымен бірлесе отырып, 21 тақырыптық медиа-жоспар әзірленген. Соған сәйкес 705 тақырыптың 698-і жарияланған. Сондай-ақ, өткен жартыжылдықта облыс әкімімен белгіленген 13 брифингтің 10-ы өткізілген. Ал, брифинг өткізбегендердің қатарында облыс әкімдігі жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар, туризм, дене шынықтыру және спорт басқармаларының басшылары бар. Сонымен қатар басқарма басшылары және Тараз қаласы мен аудан әкімдерінің жергілікті телеарнадан «тікелей эфирге» шығуы да мәз емес. Бүгінгі күні жоспарланған жиырма «тікелей эфирдің» 13-і ғана өткен. Бекітілген кесте бойынша жоспарланған облыс әкімдігі басқармаларының басшылары Г.Қайнарбеков, С.Омарбекова, Ү.Сапақова мен аудан әкімдері Б.Мәдікенов, Б.Нұркенов, Б.Көпбосынов, Р.Дәулет «тікелей эфирден» табылмаған.

Сол сияқты Тараз қаласы мен аудандық газеттерде жергілікті атқарушы органдар өкілдерінің тарапынан 65 материал жарық көрген. Жалпы, аудандар мен Тараз қаласында жыл басынан бері газеттердің 535 саны шыққанын ескерсек, атқарушы органдар тарапынан 65 мақаланың берілуі өте төмен көрсеткіш. Жергілікті атқарушы органдар тарапынан арнайы мемлекеттік және салалық бағдарламаларды халыққа жеткізу деңгейі де төмен. Атап айтқанда, облыстық, аудандық, қалалық газет беттерінде «Бизнестің жол картасы-2020», «Жұмыспен қамту -2020», «Сыбаға» және басқа да мемлекет тарапынан берілетін несиелер мен субсидиялар шарттары туралы хабарландырулар мүлде жарияланбаған. Бұқаралық ақпарат құралдарының бірі – интернет желісі. Сондықтан атқарушы органдардың ресми веб-сайттарына тұрақты талдау жұмыстары жүргізіліп отырады. Мәселен, бүгінгі күнге дейін Жамбыл және Мойынқұм аудандары әкімдерінің жеке блогтары ашылмаған. Қордай ауданы әкімдігі сайтының бірнеше бөлімдері әлі де толық толтырылмаған. Жамбыл мен Меркі аудандары сайттарында өңірдің тыныс-тіршілігі туралы материал орналастырылмаған. Кәсіпкерлік және

Астана келбеті Ұлт келбеті. Нұрсұлтан Назарбаев. Е ІГ Ш З МА ТІЛ ҒЫ ЫР ТЫ ПС ТА

ӨМІР ЖӘНЕ ӨҢІР

БАСПАСӨЗІ КҮШТІ ЕЛДІҢ ӨЗІ ДЕ КҮШТІ

АҚПАРАТТАНДЫРУ ЖАЙЫ МӘЗ ЕМЕС

РАМАЗАН САБЫР АЙЫ Тұрсынбек СҰЛТАНБЕКОВ, «Ақ жол».

ОБЛЫСТЫҚ ӘКІМДІКТЕ

Тұрсынбек СҰЛТАНБЕКОВ, «Ақ жол».

ДІНІҢ ТҰРСЫН ДІН АМАН l

облыс әкімі Кәрім Көкірекбаев Ораза ұстаған қауымға ауызашар берді

ӘБДІРАЙЫМОВ ҚАЛИЖАН СЕРІКҰЛЫ 1965 жылы туылған, ұлты – қазақ, білімі – жоғары. 1988 жылы Алматы халық шаруашылығы институтын Экономист мамандығы бойынша бітірген. Әр жылдары Қазақстан Республикасы Экономика, энергетика, индустрия және сауда министрліктерінде, Құрылыс жұмысы комитеті төрағасының орынбасары қызметтерін атқарған. 2004-2008 жылдары Ақтөбе облысы әкімінің аппарат басшысы, Ақтөбе

Осы іс-шара аясында Ұлттық гвардия әскери кеңесінің отырысы өткізіліп, оның барысында қызметтік-жауынгерлік әрекеттердің негізгі қорытындылары шығарылды және алдағы кезеңге нақты міндеттер анықталды. Отырыста Қ. Қожамжаров Ұлттық гвардияның қоғамдық қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етудегі рөлін атап өтті. Сондай-ақ, Ұлттық гвардия жасақтарының күш пен заттарды шұғыл-қызметтік қолдану ауданына тастаудағы практикалық әрекеттері, сонымен қатар, парашют-десанттық және әскери-барлау топтарының іс-қимылы көрсетілді. Жиын қорытындысы бойынша Президент көмекшісі-Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы «Орталық» аймақтық басшылықтың жеке құрамына оң баға берді.

индустриалды-инновациялық дамыту басқармасы сайтының басты бетіндегі жаңалықтар тек орыс тілінде берілген. Туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының сайтында басқарма басшысының блогы орналаспаған, «Сұрақ-жауап» бөлімі қарастырылмаған. Ал, ауылшаруашылығы, дін істері, сәулет және қала құрылысы, жер қатынастары басқармаларының сайттары атымен жоқ. Рахия Сейітбекқызы өз хабарламасында мемлекеттік атқарушы органдардың бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара байланысын арттыру үшін бірқатар ұсыныстарды да алға тартты. Біріншіден, әр басқарма мен аудан әкімдіктерінде аталған салаға жауапты қызметкер болу қажет. Екіншіден, мемлекеттік және салалық бағдарламалардың орындалуын ақпараттық сүйемелдеу үшін медиа-жоспарлар әзірлеп, әр сала бойынша арнайы спикерлер тізімін жасау керек. Үшіншіден, салалық бағдарламалар бойынша ақпараттық бейнероликтер әзірлеуге қаржы қарастырған абзал. Төртіншіден, мерзімді басылымдарға сала спикерлері мен мамандарының шығуын тұрақты түрде ұйымдастырған жөн. (Жалғасы 2-бетте).

ТА

СТАҚ Ы Қ А Р А Қ

ҚЫЗЫЛ МИЯҒТА ИЮДЕ АЙ

ҚЫРҒИД

ҚЫЗЫЛ МИЯ – «ҚЫЗЫЛ КІТАПҚА» ЕНГЕН СИРЕК КЕЗДЕСЕТІН ӨСІМДІК. БІЗДІҢ ЕЛІМІЗДЕ ОЛ СЫРДАРИЯ, ЖАЙЫҚ, ІЛЕ, ШУ ЖӘНЕ ҚАРАТАЛ ӨЗЕНДЕРІНІҢ БОЙЫНДА, КӨБІНЕ САЗДЫ АЛҚАПТА ҚАУЛАП ӨСЕДІ. БИІКТІГІ 100-130 САНТИМЕТРГЕ ДЕЙІН ӨСЕТІН ОСЫНАУ КӨПЖЫЛДЫҚ ШӨПТІҢ ТҰҚЫМЫ КЕЙІНГІ КЕЗДЕ ТЫМ АЗАЙЫП, ҚҰРДЫМҒА КЕТІП БАРА ЖАТҚАНЫ ТУРАЛЫ ЖИІ ЕСТИТІН БОЛЫП ЖҮРМІЗ. БІЗДІҢ ОБЛЫСЫМЫЗДЫҢ МОЙЫНҚҰМ, ШУ ЖӘНЕ МЕРКІ АУДАНДАРЫНАН ОСЫ УАҚЫТҚА ДЕЙІН ШЕТЕЛДІК КОМПАНИЯЛАР ҒАНА ЕМЕС, ӨЗ АРАМЫЗДАН ДА ОҢАЙ ОЛЖАҒА КЕНЕЛГІСІ КЕЛГЕНДЕР АРАКІДІК БОЙ КӨРСЕТІП ҚАЛЫП ЖҮР.

(Жалғасы 3-бетте).


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.
10 шілде by akjolgazet - Issuu