Ж
Jambyl oblystyq qoǵamdyq-saıası gazet
АҺАН Д
А
BІRІŃDІ, QAZAQ, BІRІŃ DOS, KÓRMESEŃ, ІSTІŃ BÁRІ BOS. (ABAI).
және
Сарысу Са С Сар ар а ры ысу ыс су су ауданы ауд а уд удан ан аны ны ы
Мо Мой М о ой йын ын Мойынқұм ау ауд ау уд да ан н ауданы
ЖАМБЫЛДА
Мойынқұм
Шу ауданы
Талас ауданы
Төле би
Жаңатас Қаратау
Жамбыл облысты о амды -саяси газет
Жамбыл ауданы
Меркі ауданы
Байзақ ауданы
Т.Рысқұлов ауданы
Аса
Құлан
Жуалы ауданы
Қордай ауданы Қордай
Меркі
Бауыржан Момышұлы
№78 (18572), Seısenbі, 10 shіlde, 2018 jyl
ak-jol-taraz@rambler.ru
Gazet 1922 jyldyń 1 mamyrynan shyǵady
www. aqjolgazet.kz
НДА ЖАҺА
«ҚАЗАҚСТАН – 2050» СТРАТЕГИЯСЫ: АЗЫҚ-ТҮЛІК ҚАУІПСІЗДІГІ
МАҢДАЙ ТЕРДІҢ ӨТЕУІ – ТАУ БОП ҮЙІЛГЕН ДӘН
ИТАЛИЯ
Ивреа әлемдік мұралар тізіміне енді Ивреа ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұраларының тізіміне енді. Кішігірім қала мемлекеттің солтүстігінде орналасқан және «Оливетти» атты жазу машиналарын шығаруымен танымал. Компанияда, жұмыскерлер мен жетекшілерді қосқанда, барлығы 12 мың қызметкер бар. Күн сайын 1400 жазу машинкасын шығарады. Бұл зауытты 1907 жылы кәсіпкер Камилло Оливетти құрған. Сол ғасырдың ортасында ұлының басқаруымен Италияның ең беделді компанияларының бірі атанды. Табысты кәсіпкер жұмыскерлеріне арнап тұрғын үй кешені, ортақ асханалары, балабақша мен мектебі бар қала тұрғызды. Оның жоспарын сол заманның алдыңғы қатарлы жобалаушылары мен архитекторлары жасады. ЕГИПЕТ
Қолды болған жәдігерлер көрмесі
Ә
Қазір егістік алқабында еңбек көрігі нағыз қызған кез. Шіліңгір шілденің аптап ыстығына қарамастан, шаруалар тыным таппауда. Бар мақсаттары – сабағы толып, піскен егіннің бір түйір дəнін шашау шығармай жинап алу. Күзгі жəне көктемгі науқандық жұмыстар кезінде төккен тердің жемісін көру үшін тағы да бел жазбай еңбек ету керек. Егін ору науқанының барысын барлап, шаруалардың жай-күйін білу үшін облыс əкімі жұмыс сапарымен Т.Рысқұлов жəне Байзақ аудандарына барды. Өңір басшысы Асқар Мырзахметов көрші жатқан екі аудандағы масақты дəнді дақылдарды жинау, сондайақ жазғы дала жұмыстарының барысымен танысты.
Л
М ЕУ
Ең алдымен Асқар Исабекұлы іссапарды Т.Рысқұлов ауданы, Өрнек ауылдық округіне қарасты Сұмқайтты елді мекеніндегі «Шəушен» шаруа қожалығының тұқым шаруашылығының жоғарғы репродукциялы күздік бидай алқабына атбасын бұрды. Алқапқа орақ түскелі біраз болыпты. Комбайншылар уақытты үнемді пайдалануға тырысуда. Себебі олар 4 мың гектар жаздық, тағы 4 мың гектар күздік бидайдың дəнін шашау шығармай, жинап алуы тиіс. Жалпы 1996 жылы құрылған «Шəушен» шаруа қожалығының негізгі бағыты – асыл тұқымды мал жəне егін шаруашылығын дамыту. Жер көлемі 26 мыңнан аса гектарды құраса, оның 11 мың гектарға жуығы егістік алқабы екен. Биыл ораққа түсетін 8 мың
гектар алқапқа 22 трактор, 12 жүк көлігі, 9 комбайн дайындалыпты. Техникалармен толық жарақталған шаруа қожалықта 175 адам жұмыспен қамтылған, жалақылары орташа 120 мыңды құрайды. Қожалық басшысының жұмысшыларға қолайлы жағдай жасағанының арқасы бүгінгі күні шаруашылықтың ісі алға басып, иелігіндегі мал саны 52 мың қойға, 2620 жылқыға жетіп отыр. Дегенмен шаруа қожалық басшысы ет өндіретін база салып, шаруашылығын əрі қарай өркендеткісі келеді. Науқандық жұмыс барысын таныстырған Сайранбай Дөненбаев облыс əкімінен жақын маңнан жер қарастыруға ықпал етуін сұранды. Қожалық басшысының ет өндіретін жаңа база салудағы мақсаты – мал өнімін толық кəдеге
жаратуға жол ашу. Расында бүгінгі таңда ет қабылдайтын комбинаттар сойылған малдың бас сүйегін, терісін, ішек-қарнын қабылдауға құлықсыз. Ал бұл мал өнімінен пайда тауып, шаруасын дөңгелетіп отырған «Шəушен» сынды шаруа қожалықтарға кедергісін келтіруде. Осыны ескерген облыс əкімі ауыл шаруашылығы бойынша салалық орынбасары мен басқарма басшысына таяу арада жер қарастырып, сойылған малды толығымен кəдеге жарату үшін комбинат салудың тиімді жолдарын табуды тапсырды. Сонымен қатар облыстағы ет экспорты жұмысын одан əрі дамыту үшін етті уақытша сақтау базасы мен ет мұздататын камераларды жаңарту қажеттігін қадап айтты. (Жалғасы 2-бетте).
ЕТ ПЕН ӘЛЕУЕТ ОБЛЫСТЫҚ ӘКІМДІКТЕ
САУДА ДҮҢГІРШЕКТЕРІ СӘНІМІЗДІ БҰЗБАСА Жанғазы АХМЕТ
ЗЕЙНЕТАҚЫ ТАҒАЙЫНДАУДЫҢ ЖАҢА ЖҮЙЕСІН ЕСТІДІҢІЗ БЕ? Камила БОРАШОВА 1 шілдеден бастап базалық зейнетақы тек қана жалпыға бірдей белгіленген зейнет жасына жеткен кезде және зейнетақы жүйесіне қатысу өтіліне байланысты тағайындалатын болды. Зейнетақы төлеудің жаңа жүйесінің бұрынғыдан айырмашылығы қандай екенін білу үшін Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің облыс бойынша департаментіне хабарласқан едік. Біздің сауалымызға департаменттің №1 зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің бас маманы Шолпан Үсібәлиева жауап берді.
– Енді базалық зейнетақыны тағайындауда 1998 жылғы 1 қаңтарға дейінгі еңбек өтілі жəне 1998 жылғы 1 қаңтардан кейінгі жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысу кезеңдері есепке алынатын болды. Осылайша 1998 жылғы 1 қаңтардан бастап 2018 жылғы 31 маусымға дейінгі кезеңде мемлекеттік зейнетақы жарнасын аудару жүргізілмеген жағдайда, зейнетақы жүйесіне қатысу өтілін растайтын қосымша құжат ретінде – жұмыс істейтін əкенің жас балаларды немесе 16 жасқа дейінгі мүгедек баланы бағып-күту фактісі жəне кезеңін, мемлекеттік зейнетақы жарнасын аудару кезеңін растайтын сот шешімін ұсынады. Негізі басқа əлеуметтік маңызы бар кезеңдерге қосымша – үш жасқа дейінгі балаға жəне 16 жасқа дейінгі мүгедек балаға күтім жасау, дипломаттардың жұбайларының шетелде тұрған кезінде, əскери қызметшілердің, əлеуетті құрылымдар қызметшілері жұбайының жұмысқа орналасу мүмкіндігі жоқ болған жерлерде, бірақ 10 жылдан көп емес, тұрған кезеңдері жəне тағы басқалары қосылады. Базалық зейнетақы төлемінің мөлшері зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі 10 жыл немесе одан аз немесе мүлдем болмаса, онда оның мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейінің 54 пайызын құрайды, 10 жылдан артық əрбір жыл үшін оның мөлшері 2 пайызға ұлғайтылады, ал 33 жыл жəне одан көп болған жағдайда ол ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасына тең болады, ол – 28284 теңге. Яғни базалық зейнетақы 13010 теңгеге көбейді, – дейді маман. Шолпан Үсібəливаның сөзіне сүйенсек, бүгінде қайта есептеу бойынша барлық тиісті жұмыстар жүргізіліп, нəтижесінде 118 мыңнан аса адамның базалық зейнетақысы қайта қаралған. Енді базалық зейнетақының мөлшері бүгінгі күнге дейін зейнеткерлердің алып отырған зейнетақысының мөлшерінен төмен болмайды. Ал еңбек өтілі 10 жыл немесе одан кем болғандардың базалық зейнетақы мөлшері өзгеріссіз қалады.
Бүгінде облыст ағы шағын жəне орта бизнесті дамыту, нарық бағасын тұрақтандыру ісі қызу қолға алынуда. Оның бір мысалы облыс орталығы саналатын Тараз қаласының көшелеріне бір типтік дүңгіршектер соғу десек, қателеспейміз. Бұл бағыттағы дайындық жұмыстары, талдап-саралау шаралары облыс əкімі Асқар Мырзахметовтің тікелей назарында. Осыған қатысты облыс əкімдігінде өткен жиын барысында өңір басшысы тиісті тұлғалардың баяндауын тыңдап, нақты тапсырмалар берді. Бір типтік заманауи дүңгіршектер соғу шын мəнінде нарық бағасын тұрақтандырып қана қоймай, Тараз қаласының эстетикалық келбетін бір жүйеге келтіруде, жаңа жұмыс орындарын ашуда да үлкен мəнге ие. Тұрғындардың қажеттілігін қамтамасыз ету – оның негізгі мақсаттарының бірі. Тиісінше мұнда кəсіпкерлер мүддесі де ескерусіз қалмақ емес. Айталық, жоспарға сəйкес, заманауи сауда орындары салынатын жерлер кəсіп иелеріне 7-10 жылға жалға беріледі деп күтілуде. Жиында осы орайда атқарылып жатқан шаралар барысын баяндаған «Тараз»
əлеуметтік-кəсіпкерлік корпорациясы» ҰК басшысы Нұркен Шарбиев өз тараптарынан тек жерді жалға беру жұмыстарын ғана атқаратындығын тілге тиек етті. Ал қалған жұмыстар кəсіпкерлердің өз еркінде екен. Бір типтік дүңгіршекті өзі соға ма, сатып ала ма, ол жерде қандай тауарларды сатылымға шығаратынын да өзі шешпек. Асқар Ис абекұлы кəсіпкерлерді қолдаудың ұтымдылығын ескеріп, шаһар шырайын да арттыра түсетін бастаманың баянды болуы үшін нақты жұмыс керек екендігін ескертті. Бүгінде дайындалып отырған 100 орынға қатысты нақты шараларды тездету керектігін, қысқа уақыт ішінде құжаттар əзірленіп, игі істің соңы сұйылып кетпеуін қадағалауды тапсырды. – Құжат рəсімдеудегі əуре-сарсаңды азайту, кəсіпкерлерге қолайлы жағдай жасаудың тетіктерін қарастыру, шығынды есептеп, мəселені зерделеу жəне барлығын халыққа ашық түрде жариялап, хабарлап отыру қажет. Тауар өндірушілермен де кездесіп, олардың да ұсынысын тыңдайық. Бұл жердегі мақсат əлеуметтік кəсіпкерлік корпорациясын байыту немесе табыс табу емес. Мақсат – шағын жəне орта бизнесті қолдау. Мысалы, жаңадан салынатын
кəсіптің құны 2-3 миллион теңге болатын болса, оны қашан қайтарады, олар қандай баға қою керек, соны жан-жақты есептеу керек, – деген Асқар Мырзахметов жалға берудің жайына да баса назар аударды. Облыс басшысы жаңа дүңгіршіктердің алғашқы эскиз жобаларымен танысып, оны əлі де жетілдіру керектігін ұсынып, қаланың шет жəне орталық аумақтарына орналасуына байланысты олардың да сыртқы көрінісінде аздап өзгеріс болатынына тоқталды. Айта кету керек, мұндай бірыңғай типтегі дүңгіршектерді қойған Астана, Қызылорда жəне тағы басқа аймақтарда сауда нысандары бүгінде тиімді жұмыс істеп тұр десек, жобаны жүзеге асыруда аймақтың ерекшеліктері мен экономикалық əлеуеті де ескерілмей қалмайды. Жиында облыс орталығында əлеуметтік дүкендерді көптеп с а лу мəс еле сі, сол арқылы əлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағаларын тұрақтандыру, өзге де жайттар қаралды. Жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар берген Асқар Мырзахметов бір апта уақыт ішінде кем-кетіктерді жоюды, айтылған ұсыныстар мен ескертпелерді қайта қарауды қадап айтты.
Ка и р м ұ р а ж а й ы қ ы л м ы с ке р л е р м е н з а ң с ы з археологтерден тәркілеп, Мысыр еліне қайтарған ондаған мың жәдігердің көрмесін өткізді. Контрабандашылар қолды еткен бұйымдардың арасында 15 мың тиын, 151 мүсін және түрлі заттар бар. Олардың арасынан перғауындардың мүсіндері, безендірілген ыдыстар, тіпті табытты да кездестіруге болады. «Бізге қайтарған жәдігерлердің барлығы түрлі ғасырларға тиесілі. Бұдан контрабандашылар Египетте қай уақыттан бері әрекет етіп келген деген сұрақ туындайды. Бұл жақсы ұйымдасқан қылмыстық топтар елді солтүстіктен оңтүстікке қарай жаппай тонаған. Ал Египетте заңсыз қазба жұмыстары мен тарихи жәдігерлерді ұрлау 2011 жылғы көтерілістен кейін жиілеген», – дейді мұражай өкілі Самир.
ДА БЫЛ М А Ж CАРЫСУ АУДАНЫ
Анықтаманы ауылдан-ақ алады Жайылма ауылында цифрландырылған ақпараттық орталық ашылды. Енді ауыл тұрғындары қажет болған жағдайда аудан орталығы Жаңатасқа 25 шақырым жол жүрмей-ақ, туу, неке қию, тегін, атын ауыстыру, жылжымайтын мүлкінің бар-жоғы және зейнетақы аударымдары туралы электрондық анықтамалар ала алады. Сонымен қатар ақпараттық орталықта «Қазпошта» терминалы, Асанәлі Әшімовтің көрмесі, қолөнер бұйымдарының көрмесі, караоке залы бар. Тұрғындарға тегін интернет желісін пайдаланып, электронды кітап оқу жағдайы да қарастырылған. Айта кетейік, «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы және облыс әкімі Асқар Мырзахметовтің тікелей тапсырмасын орындау аясында ашылып отыр. МЕРКІ АУДАНЫ
Жиырмадан аса шаруашылық қызылша екті Былтыр 2000 гектар жерге қант қызылшасын егіп, одан мол өнім алған меркілік шаруалар осы межені биыл да қайталады. Мәселен, өткен жылы 200 гектар жерге балтамыр отырғызып, одан 800 центнерге дейін өнім алған «Сыпатай Батыр» серіктестігінің қазіргі қызылша алқабы 300 гектарға артты. Қазіргі таңда бұл шаруашылықта жаңбырлатып суару әдісі қолданылады. Бүгінде қызылшаның салмағы 400-500 грамға дейін жетіп қалды. «Бұл уақтылы суғарып, минералды тыңайтқыштарды тиімді қолданудың арқасы», – дейді агро саланың мамандары. Жалпы, Меркі ауданы бойынша биыл 20-дан астам шаруашылық қант қызылшасымен нақты айналысып отыр.
Диқан жерін анасындай сүйеді, Жер диқанды баласындай сүйеді. ЖАЗЫЛЫМ – 2018
БӘРЕКЕЛДІ!
ІІ ÆÀÐÒÛ ÆÛËÄÛҚҚÀ ÆÀÇÛËÓ ÁÀÑÒÀËÄÛ, ҚÀÏÛ ҚÀËÌÀҢÛÇ, ÎҚÛÐÌÀÍ!
БУРЫЛ АУЫЛЫНАН «БАҒЛАН» БАЛАБАҚШАСЫ АШЫЛДЫ Астананың мерейлі мерекесі биыл жыл соңына дейін тойланбақ. Осыған байланысты еліміздің түкпір-түкпірінде көптеген іс-шаралар өтіп, түрлі бастамалар қолға алынған болатын. Солардың бірі – Байзақ ауданының Бурыл ауылдық округінде ашылған алғашқы же ке м е н ш і к б а л а б а қ ш а . «Бағлан – 2018» деп аталатын бұл мекеме о сындағы мемлекеттік 3 балабақша мен 1 шағын орталықтан кейінгі бөбекжай-бақша екен. Салтанатты рəсімге қ а т ы с қ а н ауд а н д ы қ мəслихаттың хатшысы Нұржан Тілепов пен Бурыл ауылдық
округі ардагерлер кеңесінің төрағасы Сады Қуатбеков тұсауке сер лентасын қиып, балабақшаға келетін балғындар болашағымызды баянды етер балабақшаға ү л ке н а з а м ат б ол ы п ө су і н е тілектестік білдірді. Аудандық білім бөлімінің басшысы Əбдікəрім Əбдімомыновтың айтуынша, биыл Ұлттық бірыңғай тестілеуде ауданның облыс көлемінде орташа көрсеткіші 100,6 балды құрап, бірінші
орынға шығуы білім саласына көрсетіліп жатқан осындай ү л ке н қ ол д аул а рд ы ң арқасы. Бұдан 4 ай бұрын ғана мидай дала болып жатқан жерге құрылыс жүргізіліп, кең əрі жайлы ныс анның қолданысқа енгізілуі соның бір айғағы десек болады. Аталған бөбекжайбақшаның меңгерушісі Заура Ле сбекқызы: «31 миллион т е ң ге қ а р а ж ат ж ұ м с а л ғ а н ғ и ма р ат ы м ы з 1 0 0 о р ы н ғ а
шақталған. Бөбектер мұнда 4 топқа бөлініп, тəрбиеленетін болады. 17 адам жұмыспен қамтылған балабақшамызда л о го п ед , п с и хол о г с ы н д ы мамандар да бар. Бүлдіршіндерді би, домбыра, ағылшын тіліне де баулитын боламыз», – деді. Аст ананың мерейтойы қарсаңында ашылған бөбекжайда балғындарға барлық жағдай қарастырылған. Əсіресе асай-мүсейдің əсемдігі, ойыншықтың түр-түрі бар ойын, жатын жəне үйірме бөлмелері көңіл қуантады. Альмира ОМАРОВА. Байзақ ауданы.
«Қазпошта» Заңды тұл алар үшін Ауылда ы кәсіпорындар мен ұйымдар а: 6 ай а – 3246,48 теңге 1 жыл а – 6492,96 теңге Индексі 15457 Тараз, Қаратау, Жаңатас, Шу қалалары бойынша 6 ай а – 2911,32 теңге 1 жыл а – 5822,64 теңге Индексі 15457
байланыс бөлімшелерінде: Жеке тұл алар үшін Ауыл тұр ындарына: 6 ай а – 2996,46 теңге 1 жыл а – 5992,92 теңге Индексі 65457 Тараз, Қаратау, Жаңатас, Шу қалалары бойынша 6 ай а – 2661,30 теңге 1 жыл а – 5322,60 теңге Индексі 65457
Тараз қаласының тұр ындары үшін: Эврика-пресс
ERNUR-press Тараз-пресс
Қыран-пресс
БӨЛ%МШЕЛЕР% АРҚЫЛЫ ЖАЗЫЛУҒА БОЛАДЫ