на
ха
ҚАЗАҚ
550 нд ғы ы
ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ЕЛІМІЗДІҢ БАСҚА ДА ӨҢІРЛЕРІ СИЯҚТЫ ӨЗ ДАМУЫ ЖОЛЫНДА ЖАҢА БИІКТЕРГЕ ЖЕТЕТІНІНЕ СЕНІМІМ МОЛ. ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ – МЕНІҢ ЕҢ ЖАҚСЫ КӨРЕТІН ӨҢІРІМ. ТАРИХ ТУРАЛЫ СӨЗ БОЛА ҚАЛСА, КӨНЕ ТАРАЗДЫ АЙТПАЙ КЕТУ МҮМКІН ЕМЕС.
ЖЫЛ!
ДОСЫ КӨПТІ ЖАУ АЛМАЙДЫ, АҚЫЛЫ КӨПТІ ДАУ АЛМАЙДЫ
Жамбыл облыстық қоғамдықсаяси газет
НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ. №126 (18160), Сенбі, 10 қазан, 2015 жыл
ak-jol-taraz@rambler.ru
www. akjolgazet.kz
Газет 1922 жылғы 1 мамырдан шығады.
ЕЛДІГІМІЗДІ ТАНЫТЫП, МЕРЕЙІМІЗ ТАСЫҒАН КҮН ТАРАЗДА ӨТКЕН ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНЫҢ 550 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫНА ЕЛБАСЫ НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ ҚАТЫСТЫ ЖАҢАРҒАН «ӘУЛИЕАТА» ӘУЕЖАЙЫ Өз тарихында мың өліп, мың тірілген қазақ халқының тамыры тереңде жатыр. Қ а з а қ ха н д ы ғ ы н ы ң м е р е й то й ы н а байланысты облысымызда жыл бойы көптеген іс-шаралар атқарылды. Ғылымиконференциялар, акциялар, тарихымызға терең бойлаған 500-ден аса іс-шара өтіп, той қарсаңында 8 автордың кітаптары баспадан жарық көрді. Ел өмірінде маңызға ие Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойы аясында еліміздің барлық облысы демеушілік жасап, көне Тараз шаһарының той өтетін жерлерін а б ат т а н д ы р у, к ө р ке й т у, ж а ң а р т у жұмыстарын жүргізді. Елдігімізді танытқан бұл іс-шаралардың арқасында Тараз той күндері гүлге оранып, халықтың көзайымына айналды. Ал Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев өңірге сапарын күрделі жөндеуден өткен «Әулиеата» халықаралық әуежайының жолаушыларға арналған жаңа терминалына барудан бастады. Қайта жаңарған «Әулиеата» нысанын аралау барысында Мемлекет басшысына жаңа терминал таныстырылып, әуежайды қайта жөндеу, арнаулы жаңа техникалар алу бағытында атқарылған жұмыстар жөнінде баяндалды. (Жалғасы 2-бетте).
Той таралғысы
ҚАЗАҚ ХАНДАРЫМЕН ҚАУЫШТЫРҒАН ҚОЙЫЛЫМДАР
Елдің даңқын қонағы шығарар, Жердің даңқын бұлағы шығарар. Халық мақалы.
«КӨК АСПАН ҚАЗАҒЫМНЫҢ КӨК ТУЫНДАЙ, ӘЛЕМНІҢ ЖЕЛБІРЕГЕН ТӨБЕСІНДЕ»
ТАРАЗ ТӨРІНДЕ ӨТКЕН «МӘҢГІЛІК ЕЛ» АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АҚЫНДАР АЙТЫСЫ ЕЛ ШЕЖІРЕСІНЕН СЫР ШЕРТТІ
ТОРҚАЛЫ ТОЙ БАРЫСЫНДА КӨРЕРМЕНДЕРДІҢ ЖҮРЕК ҚЫЛЫН ШЕРТТІ
ТОРҚАЛЫ ТОЙ БАРЫСЫ ТАҒЫЛЫМҒА ТОЛЫ ШАРАЛАРҒА ТОЛЫ БОЛДЫ. ӘСІРЕСЕ, ТЕАТРСҮЙЕР КӨРЕРМЕНДЕР ОСЫ КҮНДЕРІ ТАРИХТАН СЫР ТАРТҚАН ТАРТЫМДЫ ДҮНИЕЛЕРМЕН СУСЫНДАДЫ ДЕЙ АЛАМЫЗ. ОБЛЫСТЫҚ ҚАЗАҚ ДРАМА ТЕАТРЫНЫҢ «ҚАЗАҚТАРЫ», С. СЕЙФУЛЛИН АТЫНДАҒЫ ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСТЫҚ ҚАЗАҚ ДРАМА ТЕАТРЫНЫҢ «ҰЛЫ АРМАНЫ» ДА ӨТКЕН КҮННІҢ ӨТКІР СӘТТЕРІН КӨЗ АЛДЫМЫЗҒА ӘКЕЛГЕН ТАРИХИ ҚОЙЫЛЫМДАР БОЛДЫ. СОНДАЙ-АҚ, ТАРАЗ ҚАЛАСЫ ОРТАЛЫҚ СТАДИОНЫНДА АШЫҚ АСПАН АСТЫНДА ОРЫН АЛҒАН «ҚИЛЫ ЖОЛ» ТАРИХИ ДРАМАСЫ ДА ТАЛҒАМПАЗ КӨРЕРМЕНДЕРДІҢ КӨҢІЛІНЕН ШЫҒЫП, ЖҮРЕК ҚЫЛЫН ШЕРТЕ БІЛДІ. БҰЛ ШЫҒАРМАЛАР АРҚЫЛЫ ҚАЛА ҚОНАҚТАРЫ МЕН ТҰРҒЫНДАРЫ ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНЫҢ НЕГІЗГІ ХАНДАРЫ ЖӘНЕ БАТЫРЛАРЫМЕН БЕТПЕ-БЕТ ҚАУЫШҚАНДАЙ ӘСЕР АЛДЫ. (ЖАЛҒАСЫ 5-БЕТТЕ).
АЙТЫС – ҚАЗАҚТЫҢ АУЫЗ ӘДЕБИЕТІНІҢ ҒАЛАМАТ ҮЛГІСІ РЕТІНДЕ ҒАСЫРЛАРДАН ӨТІП, БҮГІНГЕ ЖЕТТІ. КЕШЕГІ ТІЛІ ОРАҚ, АУЗЫ ДУАЛЫ, ЕРТЕДЕН САЛСАҢ КЕШКЕ ОЗҒАН АЙБЫНДЫ АЙТЫСКЕРЛЕРДІҢ ЖОЛЫН БҮГІНГІ ІЗБАСАРЛАРЫ ЛАЙЫҚТЫ ЖАЛҒАП ЖҮРГЕНІНЕ ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНЫҢ 550 ЖЫЛДЫҚ ТОЙЫНА АРНАЛЫП ТАРАЗДАҒЫ «БАЛАСАҒҰН» ОРТАЛЫҚ КОНЦЕРТ ЗАЛЫНДА ӨТКЕН «МӘҢГІЛІК ЕЛ» АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АҚЫНДАР АЙТЫСЫНДА ТАҒЫ БІР КӨЗІМІЗ ЖЕТТІ. БҰЛ КҮНІ «БАЛАСАҒҰН» САРАЙЫНЫҢ 1300 (БАЛКОНЫМЕН ҚОСА ЕСЕПТЕГЕНДЕ) ОРНЫНАН БӨЛЕК ЖЫР АЛАМАНЫН ЖҮЗДЕГЕН ЖАНКҮЙЕР ТІКЕСІНЕН ТІК ҰРЫП ТАМАШАЛАДЫ. АЙТЫСҚА ДЕГЕН ҚҰРМЕТ, ӨНЕРПАЗДЫ БАҒАЛАУ ДЕГЕНІҢІЗ МІНЕ, ОСЫ БОЛСА КЕРЕК. МОҢҒОЛИЯДАН, ҚЫТАЙДАН ЖӘНЕ ЕЛІМІЗДІҢ БІРНЕШЕ АЙМАҒЫНАН КЕЛГЕН ҚАЙМАҚ АҚЫНДАРДЫҢ АЛДЫНДА «НҰР ОТАН» ПАРТИЯСЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫНЫҢ КЕҢЕСШІСІ БЕРІК УӘЛИ ҚҰТТЫҚТАУ СӨЗ СӨЙЛЕП, ЖАН-ЖАҚТЫҢ ҮМІТІН ҮКІЛЕГЕН 26 АЙТЫСКЕРГЕ СӘТ-САПАР ТІЛЕДІ. АЛ КСРО ХАЛЫҚ ӘРТІСІ АСАНӘЛІ ӘШІМОВ БАСТАҒАН ҚАЗЫЛАР ҚҰРАМЫНДА ӘДЕБИЕТ ПЕН ӨНЕР, ҒЫЛЫМ САЛАСЫНЫҢ КӨРНЕКТІ ӨКІЛДЕРІ БОЛДЫ. (ЖАЛҒАСЫ 6-БЕТТЕ).