10 караша 2015ж пдф

Page 1

ЖАМБЫЛДА

Сарысу ауданы

Мойынқұм ауданы

ДОСЫ КӨПТІ ЖАУ АЛМАЙДЫ, АҚЫЛЫ КӨПТІ ДАУ АЛМАЙДЫ

НЕ ЖАҢАЛЫҚ?

Мойынқұм

Жамбыл облыстық қоғамдықсаяси газет

№139 (18173),Сейсенбі, 10 қараша, 2015 жыл

ak-jol-taraz@rambler.ru

www. akjolgazet.kz

Газет 1922 жылғы 1 мамырдан шығады.

Шу ауданы

Талас ауданы

Төле би

Жаңатас Қаратау

Жамбыл ауданы

Меркі ауданы

Байзақ ауданы

Аса Жуалы ауданы

Т.Рысқұлов ауданы

Құлан

Меркі

Қордай ауданы Қордай

Бауыржан Момышұлы

=МЕРКІ

№39 Темірбек Қожакеев атындағы орта мектеп-гимназиясында республикалық «Өрлеу» БАҰО мамандары меркілік ұстаздарға семинар-тренинг өткізді. Білікті ұстаздар жетекшісі Сандуғаш Көмекова әріптестеріне әуелі «Өрлеудің» бағыт-бағдарын таныстырды. Ол өз сөзінде орталық жұмысының негізгі бағыты орта мектептерде еңбек етіп жүрген ұстаздардың біліктілігін арттырып, олардың жаңашылдықпен жұмыс жасауына бейімдейтінін айтты. Семинар-тренинг барысында меркілік ұстаздар тәжірибесін жетілдіріп, оқытудың тың әдістерін меңгерді.

ПРЕЗИДЕНТ

=МОЙЫНҚҰМ

Аудандық ішкі істер бөлімінің құрылғанына 50 жыл толды. Салтанатты іс-шараның ашылуы аудан орталығындағы спорт кешенінде өтті. Полиция қызметкерлері, полиция ардагерлері және ауыл жастарының қатысуымен волейбол және футбол спорт түрінен жарыс ұйымдастырылды. Спорттық жиынды аудан әкімінің орынбасары Бақытжан Есеев ашып, аудан тыныштығын күзетіп жүрген полиция қызметкерлерін шын жүректен құттықтап, алғысын білдірді. Аудандық ІІБ басшысының кадр жөніндегі орынбасары Батырхан Ибраев бұл күннің маңыздылығы полиция қызметкерлерінің өзара ынтымақтастық сезімін нығайту екендігін айтып, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.

ҚАЗАҚСТАН ЮНЕСКО-НЫҢ ҚЫЗМЕТІН ТОЛЫҚ ҚОЛДАЙДЫ

Елбасы ЮНЕСКО Бас конференциясының 38-сессиясына қатысты. Конференцияға қатысушылар алдында сөйлеген сөзінде Мемлекет басшысы Біріккен Ұлттар Ұйымы жүйесінде ЮНЕСКО-ның алатын орны айрықша екенін атап өтті. – Қазақстан негізгі басымдығы Біріккен Ұлттар ұйымының орнықты даму мақсатының маңызды бағыты болып саналатын ЮНЕСКОның қызметін толық қолдайды, – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Қазақстан Президенті өзі осы мінберден 20 жыл бұрын баяндаған мақсат-міндеттердің бәріне, сондай-ақ БҰҰ Мыңжылдық даму мақсаттарына біздің ел қол жеткізгенін айтты. Нұрсұлтан Назарбаев этносаралық, мәдениетаралық, дінаралық негізде өркениеттердің күйреуі мен қақтығысы ушығып кеткеніне арнайы тоқталды. Қазақстан Президенті қазіргі әлемнің мақсаты ядролық қарусыз әлемді орнықтыру екенін, сол үшін БҰҰ Ядролық қарудан ада әлемге қол жеткізу

жөніндегі жалпыға ортақ декларация қабылдауды ұсынатынын айтты. – 2016 жылы менің Семей ядролық полигонын жабу туралы жарлыққа қол қойғаныма 25 жыл толады. Бұл әлем қоғамдастығының ядролық қарусыз әлемге қол жеткізу жолында күш жұмылдыруы үшін маңызды себеп бола алады, – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Мемлекет басшысы терроризм мен діни экстремизмге қарсы біртұтас халықаралық майдан ашу мәселесіне де тоқталды. Ислам радикализмімен күрес кезінде оны бейбітсүйгіш исламмен шатастырып алмау маңызды екені, ал экстремизмге тек мәдениетаралық және дінаралық диалог негізінде ғана қарсы тұруға болатыны да атап өтілді. Нұрсұлтан Назарбаевтың айтуынша, біздің ел ұсынған «Ислам терроризмге қарсы» атты форум нақ осы мақсатқа бағытталған. Қазақстан Президенті бейбітшілік пен халықаралық тұрақтылықты қамтамасыз ету барысында ЮНЕСКО-ның әлеуетін кеңінен

ОБЛЫСТЫҚ ӘКІМДІКТЕ

ЖЕР ТЕЛІМДЕРІ ДАУҒА АЙНАЛМАСЫН

Маржан РАҚАЙ, «Ақ жол».

Облыс әкімі аппаратының кезекті отырысында қаралған негізгі мәселе жер пайдалану, оны реттеу мен бақылауға арналды. Қаңтар айында облыс әкімдігінің №9 қаулысымен құрылған жерлерді пайдалану мен қорғалуын бақылау басқармасының басшысы Серік Тәпиев «Нысаналы мақсатында пайдаланылмаған жерлерді мемлекет меншігіне қайтару және тағы басқа жер қатынастары саласындағы қадағалау, бақылау шараларының жүргізілуі барысы туралы» баяндама жасап, нақтылы кезеңдегі аталған мәселенің жай-күйін атап өтті. Басқарма құрылған уақыттан бері 227 тексеру жүргізіліп, 92 заң бұзушылық анықталған екен. Сонымен қатар, 69 тұлғаға ескерту жасалып, 23 тұлғаға 3,5 миллион теңге айыппұл салынған. «Жер дауы, жер заңнамасының талаптарын бұзу фактілері негізінен заң нормаларын түсінбегендіктен, сонымен қатар, лауазымды тұлғалар тарапынан жер заңнамасын әдейі бұрмалап бұзуынан туындайды. Негізгі заң бұзушылықтар кодекс қабылданған жылдан бастап, жерге сұраныс күрт артқан 20052010 жылдары жаппай орын алды. Ал заң бұзушылықтардың зардабын жою өте күрделі мәселе болып табылады. Соған қарамастан, осы орын алған бұзушылықтарды жою – күн тәртібінен түспейтін мәселе. (Жалғасы 4-бетте).

пайдалану қажеттігіне тоқтала отырып, ұйым жанынан Бейбітшілік пен орнықты дамуды қолдау жөніндегі халықаралық академия құруды ұсынды. Мемлекет басшысы Француз монахы Гильом Рубрук 13-ғасырдың ортасында христиан, будда, манихей және мұсылман қауымы тату тіршілік кешкен қазақтың көне Қойлық қаласында болғанын еске салды. Елбасы өз сөзінде Ұлы Жібек жолы дәстүрлерін жаңғыртудың айрықша маңыздылығын атап өтті. – Оның тарихына қарап, тығыз ынтымақтастық пен өзара мәдени байланыс бүкіл адамзат үшін бейбітшілік пен даму негізі екеніне көз жеткіземіз. ЮНЕСКО-ның атаулы даталар күнтізбесіне Жібек жолының Жетісу бөлігіндегі тоғысу орталығы болған Алматы қаласының 1000 жылдығы енгізілгенін ризашылықпен атап өткім келеді, – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Сонымен қатар Мемлекет басшысы іс-шараға қатысушыларға Қазақстанның ЮНЕСКО-ға біздің ел бастамашылық еткен 2013-2022 жылдарға арналған мәдениеттер жақындастығының

ГИЯСЫ СТРАТЕ 2050» Н А СТ ЗАҚ «ҚА

: МЕЖЕ МЕН МІНДЕТ

ОН АУЫЛҒА ТАБИҒИ ГАЗ ЖЕТТІ Есет ДОСАЛЫ, «Ақ жол».

Бүгінде аудан аумағындағы 46 елді мекеннің 38-і «көгілдір отынға» қол жеткізді. Бұл мәлімет меркіліктердің 90 пайызы табиғи газдың рахатын көріп отырғандығын білдіреді. Өзге аудандармен салыстырғанда, бұл – ауыз толтырып айтарлық көрсеткіш. 2014 жылы Ақермен, Кентай, Алтынарық, Қайыңды сай, Аспара, Тұрлыбай батыр ауылдарына «көгілдір отын» жеткізу үшін республикалық бюджеттен 483,5 миллион теңге бөлініп, газ құбыры тартылған. Ал биыл Кеңес, Беларық, Тәтті, Ақжол ауылдары «көгілдір отынды» пайдалану игілігіне қол жеткізді. Аудандағы аталған ауылдарды газдандыруға 2015 жылы 1 миллиард 605 миллион теңге республикалық қазынадан қарастырылыпты. Біз жақында ғана табиғи газ құбырына қосылған Кеңес ауылына арнайы бардық. Кеңестіктер бұл іске дән риза. Қазірдің өзінде жүзден астам

үй көмір жағып, күл шығармайды. Ауыл тұрғыны Пермебай Жүнісов үйіне алғашқылардың бірі болып газ кіргізіпті. «Жалпы үйге құбыр тартқаны, пеш орнатқаны, аристон қойғаны бар – барлығына 500 мың теңгедей қаржы жұмсалды. Бұл қаржыны бөліп төлеуге де болады. Біз барлық шығынның жартысын төлеп қойдық. Қалғанын ай сайын зейнетақыммен есептесудемін. Негізі, газға бір қол жеткізген үй ұтылмайды.Соған көзім жетті. Есесіне күл-қоқыстан құтылдық, көмір сатып алмаймыз. Бір қыс бойы жағу үшін жылына әр үй шамамен 130-150 мың теңгеге көмір сатып алады. Оған тамызық ағашын, бейнетін қосыңыз. Одан да қаржысынан қиналмай, газ орнатқан пайдалы екен», – деді П.Жүнісов. – Қазір рахат. Таң сәріден күл шығарып, бүрсеңдеп от жақпайсың. Тетігін бұрап қалсаң, тамағың әзір, үйің жылы. Тіпті, азанымен оянып, газды тұтата салғанға да әуелі үйрене алмай жүрдік. Отын жағып, әбігерге түсетін

ЖАЗЫЛЫМ – 2016

Алғашқылардың бірі болып жазылдық МАХМЕТҒАЛИ САРЫБЕКОВ, М.Х. ДУЛАТИ АТЫНДАҒЫ ТАРАЗ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ РЕКТОРЫ, ПЕДАГОГИКА ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ ДОКТОРЫ, ПРОФЕССОР.

Арқалағаны атанға жүк болар «Ақ жол» газетінің қоғамдағы алар орны ерекше. Бүгінде ол облыс баспасөзінің киелі қара шаңырағына айналып отыр. «Ақ жол» – қандай да мәселе болсын атүсті қарамай, діттеген ойын жеткізіп, қарапайым халыққа тұшымды, салмақты ой сала білетін сауатты, қоғамдағы елең еткізер жаңалықтарды, білім, спорт, мәдениет, руханият салаларына қатысты мәселелерді ашық айта білетін, еркін ойлы басылымдардың бірі де бірегейі. Жалпы, әуел баста біздің университет базасында «Журналистика» мамандығын ашудағы негізгі мақсат – аймақтық БАҚ-тағы кәсіби кадрлық құрамды жетілдіру болған. Бұл мақсат толықтай іске асты. Айтпақшы, осы орайда айта кетейін. ТарМУ-дан «Журналистика» факультетін ашу жөнінде ой қозғап, мәселе көтерген «Ақ жолдың» қазіргі редакторы К.Сәттібайұлы болатын. – Болашақ журналистерге теориялық білім университет қабырғасында берілсе,

халықаралық онжылдығын жүзеге асыру ісі бойынша қолдау көрсетіп отырғаны туралы да айтып берді. Мемлекет басшысы ЮНЕСКО-ның бас директоры Ирина Боковамен кездесті. Кездесу барысында мәдени және тарихи мұраларды сақтау ісінде, білім және ғылым саласында халықаралық байланыстар аясын кеңейтудегі Қазақстан мен ЮНЕСКО-ның өзара ықпалдастығы мәселелері талқыланды. Елбасы Қазақстанның ЮНЕСКО-ны қолдайтынын және белсене ынтымақтасып келе жатқанын айтты. Нұрсұлтан Назарбаев И.Бокованың 2012 жылы Астанаға сапары аясында Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезіне қатысуының маңыздылығын атап өтті. И.Бокова өз сөзінде Қазақстан ЮНЕСКОның ең белсенді әрі ілкімді серіктесі болып саналатынын, соған байланысты ұйымның 70 жылдығында оның Бас конференциясының Нұрсұлтан Назарбаевсыз өтуін елестету мүмкін еместігіне назар аударды.

көптеген студенттердің кәсіби шыңдалуы осы «Ақ жол» редакциясында жүзеге асырылады. Оған қоса, университеттің профессорлық-оқытушылық құрамы мен студенттеріміз осы газеттің тұрақты оқырманы болумен қатар, қоғамға ой салар мақалаларын да жиі жариялап отырады. Газет бетіндегі тұрақты түрде берілетін «Президент», «Дағдарыс және даму», «100 нақты қадам», «Өнегелі өмір», «Болашағы біртұтас ел» айдарларының оқырманға өз айтары бар. Байырғы һәм тұрақты оқырманы ретінде мен газеттің бірде-

бір санын жібермей қарап отырамын. Әсіресе, «Президент» айдарын қалт жібермеймін. Себебі, бұл айдарда Елбасымыздың сарабдал саясаты ұдайы жарияланып, оның көрші елдермен және әлемнің алпауыт мемлекеттерімен келіссөздері, еліміздің экономикалық және саяси тұрақтылығы үшін жасаған батыл қадамдары оқырмандарына дер кезінде жетіп отырады. Сонымен бірге, халықтың барын мақтап, жоғын жоқтап жүрген басылымдағы әлеуметтік, жастар саясаты мәселелері де орынды қозғалады. Әдеби-танымдық, сатиралық шығармалардың жиі жариялануы құптарлық. Түрлі айдарлармен берілетін дүниелердің де рухани таным-түсінігімізді арттыруға себі тиюде. Сонымен қатар, басылымның әр беті заман талабына сай әрленген. Тіпті, көрген беттеақ оқығанша ынталанып тұрасың. Газет беттерінен көзі ашық оқырман қауым, әсіресе, жастар іздегенін табады. Ел оқитын «Ақ жолдың» әрдайым айтары бар! Сондықтан да университ басшысы ретінде мен де «Ақ жолға» алғашқылардың бірі болып жазылдым. Өзім жетекшілік ететін оқу орнының профессороқытушылар құрамының да толығымен осы газеттің тұрақты оқырманына, ал «Ақ жол» олардың ең сүйікті басылымына айналатынына сенімім зор.

уақыттың орнын толтыра алмай, қалақ ұстап үйреніп қалған екі қолымызға жұмыс таппағандай күй кешкеніміз бар, – дейді отанасы Байқұлова Алтынкүл апай қалжыңдап. Ауыл әкімі Нұрлан Өмірқұлов ауылға жеткізілген газды әр үйге құбыр арқылы жақындату үшін «ГазТранссАймақ» акционерлік қоғамының облыстық филиалымен келіскендерін, бүгінгі таңда жұмыс нәтижелі екенін айтып өтті. Меркі ауданы.

«АҚ ЖОЛ» – әр шаңыраққа!

«Газет — халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек. Дүниеде болып жатқан істер, сөйленіп жатқан сөздер — кімге пайдалы? Кімге зарарлы екендігін күні бұрын біліп, пайдалы болса, шаттанып, зарарлысынан сақтандырып тұрады». Ахмет БАЙТҰРСЫНҰЛЫ.

«ҚАЗПОШТА» БАЙЛАНЫС БӨЛІМШЕЛЕРІНДЕ: ЖЕКЕ ЖАЗЫЛУШЫЛАР ҮШІН Ауыл тұрғындары үшін 6 айға – 2414.40, 1 жылға – 4828.80 теңге ИНДЕКСІ 65457 Қаратау, Жаңатас, Шу қалалары бойынша 6 айға – 2185.08, 1 жылға – 4370.16 теңге ИНДЕКСІ 65457 Тараз қаласы бойынша 6 айға – 2041.26, 1 жылға – 4082.52 теңге ИНДЕКСІ 65457

КӘСІПОРЫНДАР МЕН ҰЙЫМДАР ҮШІН Ауылдағы кәсіпорындар мен ұйымдар үшін 6 айға – 2664.42, 1 жылға – 5328.84 теңге ИНДЕКСІ 15457 Қаратау, Жаңатас, Шу қалалары бойынша 6 айға – 2435.10, 1 жылға – 4870.20 теңге ИНДЕКСІ 15457 Тараз қаласы бойынша 6 айға – 2291.28, 1 жылға – 4582.56 теңге ИНДЕКСІ 15457

=ҚОРДАЙ

«Балапан» бағдарламасы аясында мемлекеттік тапсырыспен соңғы жылдары аудан орталығында «Нұр Мүбәрак Сезім», «Мақсат», «Балбала Қордай», «Айнала-Шуақ», «Нұр Ел» атты бес мектепалды жекеменшік балалар бақшасы жұмыс істеп келеді. Осы айда олардың қатарына «Алтын бесік», «Ернұр 550», «Қуаныш», «Мерей» жекеменшік балалар мекемелері қосылып, 220 бүлдіршінге есігін ашпақшы. Сөйтіп, аудандағы балалар бақшасына деген сұраныс азая түспекші. =ТАЛАС

Ақкөл ауылының тұрғындары мен мекемелердің сұранысын өтеу үшін бір наубайхана керек еді. Кәсіпкер Еркін Темірбеков аудандық жұмыспен қамту орталығына бизнес-жоспарын тапсырып, «Жұмыспен қамту –2020 жол картасы» бағдарламасы аясында 2 миллион теңге несие алып, ол қаражатқа нан өнімдерін шығаратын құралжабдықтар сатып алды. Жақында «Жұпаркүл» наубайханасы ашылып, онда пісірілген нан тағамдарының түр-түрі тұтынушыларға сатыла бастады. Үстіміздегі жылы «Сыбаға» бағдарламасы арқылы 6 адам 37 миллион теңге, «Жұмыспен қамту – 2020 жол картасымен» 10 адам – 16 миллион тағы да басқа бағдарламалар шеңберінде 82 миллион теңге алған ақкөлдіктер шағын және орта кәсіптерін ашып, нәсіптерін ажыратуда.

Бастың көркі - жүз, Жүздің көркі - көз. Ауыздың көркі - тіл, Тілдің көркі - сөз. Халық мақалы.


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.