ДОСЫ КӨПТІ ЖАУ АЛМАЙДЫ, АҚЫЛЫ КӨПТІ ДАУ АЛМАЙДЫ
Жамбыл облыстық қоғамдықсаяси газет №88 (17945), Сейсенбі, 10 маусым, 2014 жыл
ak-jol-taraz@rambler.ru
www. akjolgazet.kz
Газет 1922 жылғы 1 мамырдан шығады. l ТАРАЗ
ОБЛЫСТЫҚ ӘКІМДІКТЕ
БАҒА БАҚЫЛАУДА БОЛСЫН облыс әкімі Кәрім Көкірекбаев әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағаларын тұрақтандыруды тапсырды ОБЛЫС ӘКІМІ АППАРАТЫНЫҢ СЕЛЕКТОРЛЫҚ РЕЖІМДЕ ӨТКЕН КЕҢЕСІНЕ ОБЛЫС ӘКІМІ КӘРІМ КӨКІРЕКБАЕВ ТӨРАҒАЛЫҚ ЕТІП, ОНДА КҮН ТӘРТІБІНЕ БІРІНШІ БОЛЫП ШЫҒАРЫЛҒАН «ӘЛЕУМЕТТІК МАҢЫЗЫ БАР АЗЫҚ-ТҮЛІК БАҒАЛАРЫН ТҰРАҚТАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ТУРАЛЫ» ОБЛЫСТЫҚ ӘКІМДІКТІҢ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ АБДАЛЫ НҰРАЛИЕВ ХАБАРЛАМА ЖАСАДЫ.
l БАЙЗАҚ Ауданда мал азығы жоңышқаның алғашқы орымы аяқталды. «Достық -99» ЖШС 50 гектар жоңышқа алқабының әр гектарынан 4-5 тонна өнім жинады. Алқап басынан жоңышқаның әр түгі 350 теңгеден босатылуда. Осы жексенбіде Тараздағы мал базарында байзақтық шөпшілердің жоңышқасына сұраныс мол болды.
l ҚОРДАЙ Аудан шаруалары тамшылатып суару технологиясын ұтымды пайдалануда. Қазір бұл әдіс 1200-1300 гектар алқапта қолданылуда. соның бірі "Алмаз” шаруа қожалығында 94 гектар жер осы әдіспен суарылуда. Арықпен суаруға қарағанда, тамшылату әдісінде су 7 есе аз мөлшерде жұмсалуда. Фильтр стансасы суды қатты құм мен тас түйіршіктерінен де, арам шөптердің тұқымдары мен егін зиянкестерінен де тазалайды.
Амангелді ӘБІЛ, «Ақ жол». Облыс бойынша биылғы 1 маусымға инфляция деңгейі 105 пайызды құрапты, оның ішінде азықтүлік тауарлары бойынша көрсеткіш те осындай болған. Жергілікті атқарушы органдар тарапынан жүргізілген жұмыстың нәтижесінде үстіміздегі жылдың мамыр айында инфляция көрсеткіші 0,5 пайыз ғана болса, оның ішінде азық-түлік тауары бойынша да 0,5 пайыз. Облыстық статистика департаментінің соңғы мәліметтері әлеуметтік маңызы бар 25 азықтүлік тауарының бөлшек саудадағы бағалары шектік мәннен жоғары екенін көрсеткен. Бағаны тұрақтандыру бойынша құрылған облыстық штабтың жүргізген мониторинг мәліметтерінше әлеуметтік маңызы бар 33 азық-түлік тауарының 14 түрінің бағасы шекті деңгейден жоғары, қалғандары одан төмен болыпты. – Көкөніс, ұн, сүт, шай және тұзға бағаның өсуі, облыстан және республикадан тыс жерден кіретін тауарларға ірі тасымалдаушылардан жіберілетін бағаның көтерілуімен, өндірістің маусымдылығымен және жыл басынан тарифтердің көтерілуімен байланысты. Ет өнімінің көтерілуіне мал азығының қымбаттауы әсер етті. Дегенмен, облыстық штабтың мәліметі бойынша осы жылдың мамыр айында 11 ақпаннан кейін көтерілген азық-түлік тауар бағаларының төмендегені сезілген. Кеспе 1, қарақұмық 3, тауық еті 1, майлылығы 2,5 сүт 3, сүзбе 16, маргарин 6 пайызға төмендеген. «КазАгроМаркетинг» акционерлік қоғамының мәліметі облысымызда азық-түлік тауарларының ішінен 10 тауардың бағасы орташа республикалық бағалардан жоғары екенін көрсетті. Статистика, «КазАгроМаркетинг» және облыстық штабтың ұсынған азық-түлік бағаларының мәліметтерінде байқалатын ауытқулар мониторингті жүргізу әдісіне байланысты. Облыстық штабтың мониторинг әдісі-өңірдің азық-түлік нарығындағы орташа бөлшек саудадағы баға негізінде жүргізіледі және белгілі бір тауар өндірушінің өніміне ғана сүйенбей, барлық ассортименттегі өнімнің түрін ескереді, – деді А.Нұралиев. Хабарламашы өңірде азық-түлік өнімдерінің тұрақтандыру қорын қалыптастыруға ел қазынасынан бөлінген 728,9 миллион теңге толығымен «Тараз ӘКК» акционерлік қоғамына аударылғанын,
Мектептен тыс іс-шараларды өткізетін облыстық орталықтың «Бозторғай» ән-би ансамблінің хор үйірмесінің оқушылары Алматыда өткен VI «Ғұмырдария» халықаралық ән-би байқауында жүлделі орындарға ие болды. Оқушылар Марат Думан, Қажымұрат Еркін І орын, Балнұр Карлова ІІ орын, Алдияр Жарықбаев ІІІ орынды иеленді. Олар енді республикалық телевизиялық «Айгөлек» байқауына қатысатын болады. * * * Жамбыл облыстық қаржы полициясы басқармасы Н. Тілендиев атындағы мектеп-интернатта оқитын үш жүз елуге жуық баланы үлкен қуанышқа бөледі. Шаңырақ көтергеніне 20 жыл болған мекеме қызметкерлері интернатқа музыкалық аспаптар тарту етті. Айту керек бұл мектептің әр екінші оқушысының музыкалық білімі бар. Қаржы полициясы қызметкерлері «20 игі іс» акциясын өткізе отырып, «Қамқор ана» қайырымдылық қоры мен ондағы мүгедек балаларға материалдық көмек көрсетті.
l МОЙЫНҚҰМ Мыңарал ауылындағы күрделі жөндеуден өтіп жатқан бұрынғы балық зауыты жұмыс ауқымын ұлғайтпақ. Қазір мұнда балық аулайтын 8 кеме жөндеуден өтіп, жергілікті балықшыларды жұмысқа қабылдай бастады. Балқаш көлінің облысқа қарайтын бөлігіне иелік ететін балықшылар әлденақ күндік норманы орындауда.
l Т. РЫСҚҰЛОВ Қарақыстақ шатқалындағы Ә.Молдағұлова атындағы жазғы сауықтыру лагері оқушыларды қабылдауға әзір. Онда алғашқы маусымда 80 оқушы демалатын болады. Соңғы бесінші ауысымында аудан әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі тарапынан жағдайы төмен отбасылардың және даму мүмкіндігі шектеулі балаларды демалту көзделуде.
l САРЫСУ
қаржының 115,6 миллион теңгесі «Тараз» ӘКК» АҚның есепшотына акцептсіздік тәртібімен «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» АҚ есебіне аударылғанын, қалған 613,3 миллион теңге тұрақтандыру қоры арқылы жұмсалып жатқанын жеткізді. Одан әрі хабарламашы тұрақтандыру қорына қанша сомаға қандай азық-түлік түрлері сатып алынғанын, қазіргі уақытта қорда қанша мөлшерде азық-түлік сақтаулы екендігін егжей-тегжейлі баяндады. Нан және қант бағасын тұрақтандыру жөнінде атқарылған шараларға да назар аударды. «Азық-түлік емес тауарларға бағаны тұрақтандыру шаралары туралы» қосымша хабарлама жасаған облыстық әкімдіктің кәсіпкерлік және индустриялықинновациялық дамыту басқармасының басшысы Досан Рымтаев басқарма тарапынан әлеуметтік маңызы бар азық-түлік және азық-түлікке жатпайтын тауарлардың бағасына тұрақты түрде мониторинг жүргізіліп жатқанын еске салды. Ол да инфляция
деңгейін салыстырмалы түрде айтып берді. Мәселен, азық-түлікке жатпайтын тауарлар бойынша дизельдік отын 11,7, жеке күтімге арналған тауарлар 1,1, жиһаз және үйге қажетті заттар 0,9, фармацевтикалық өнімдер 0,8, тұрғын үй-жайларды күтіп ұстау мен жөндеуге арналған материалдар 0,6, киім 0,3 және аяқ киім 0,2 пайызға қымбаттаған. Ал, керісінше сәуір айымен салыстырғанда мамырда ыстық су мен орталықтан жылыту тарифтері 0,3 пайызға төмендепті. Д.Рымтаевтың мәлімдеуіне қарағанда тауар өндірушілер және тауарларды көтерме жеткізушілер арасында түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, бағаны негізсіз көтерген жағдайда тиісті шаралар қолданылатыны ескертіліпті. Сонымен қатар, базар басшыларымен де жалға алу құнын 2014 жылдың 1 наурызынан 1 шілдеге дейін 50 пайызға дейін төмендету жөніндегі келісімге қол қойылыпты. Хабарламашы 600 грамдық бір бөлке нанның бағасы 40-42 теңгеден сатылуы тиіс бола тұра, Меркі
«ҰБТ – 2014»
«БАЛАПАН» БАҒДАРЛАМАСЫ ІС ЖҮЗІНДЕ
БАРҒА ҚАНАҒАТ, ЖОҚҚА
САЛАУАТ ДЕЙМІЗ БЕ?
Ардақ ҮСЕЙІНОВА, «Ақ жол».
БАЛАБАҚША
ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРІП ЖАТЫР
БАУЫРЖАН МОМЫШҰЛЫ АУЫЛЫНДА 280 ОРЫНДЫҚ БАЛАБАҚША САЛЫНУДА. ОНЫҢ ЖОБАЛЫҚ СМЕТАЛЫҚ ҚҰНЫ – 560 975,44 МЫҢ ТЕҢГЕ. АЛДЫҢҒЫ ЖЫЛЫ БӨЛІНГЕН ҚАРЖЫНЫҢ 60 131,0 МЫҢ ТЕҢГЕСІ, АЛ, ӨТКЕН ЖЫЛЫ 154 303,0 МЫҢ ТЕҢГЕСІ ИГЕРІЛГЕН. БИЫЛҒЫ ЖЫЛҒА 332 793,44 МЫҢ ТЕҢГЕ БӨЛІНГЕН. НЫСАННЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫН «ҚАЗМҰНАЙҚҰРЫЛЫС» ЖАУАПКЕРШІЛІГІ ШЕКТЕУЛІ СЕРІКТЕСТІГІ ЖҮРГІЗУДЕ. Балабақша қазан айында пайдалануға берілуі тиіс. Қос қабатты ғимараттың төбесі жабылып, ішкі әрлеу жұмыстары жүргізілуде. Бұл жұмысқа барлығы 63 құрылысшы тартылған. Құрылысшылардың бір тобы еден төсеу жұмысын бастап кеткен. Сонымен қатар кіре берістегі баспалдағын жасау, электр желісін тарту жұмыстары қатар жүргізілуде. – Іші-сыртын әрлеу жұмыстарын екі айдың көлемінде аяқтаймыз. Техникамыз жеткілікті. Нысанды белгіленген мерзімде тапсырамыз, - дейді серіктестік прорабы Қанат Кенебаев. Марат ҚҰЛИБАЕВ. журналист. Жуалы ауданы. Суретті түсірген Ағаділ РЫСМАХАН.
Үш лекте өткен ұлттық бірыңғай тестілеу аяқталды. Нәтиже қандай? Түлектердің көкейіндегідей ме? Облыстық білім басқармасынан алынған мәліметтер бойынша сандарды сөйлетсек: Облыс бойынша жүзден жоғары балл алғандар – 810 мектеп бітіруші (12,12%). «Алтын белгі» жалпы орта білім туралы аттестатының иегерлері – 102 (34,6%). Үздік аттестат алатындар – 18 (15,79%). Шекті деңгейден өте алмағандар – 1016 (15,2%). Сондай-ақ, аудиториядан шығарылған бір талапкер тіркелген. Мектеп бітірушілердің орта білімін аттестаттау жүйесі – ұлттық бірыңғай тестілеу осымен он бірінші рет өткізілді. ҰБТ-ның
АЛДЫҢА КЕЛСЕ, АТАҢНЫҢ
ҚҰНЫН КЕШ
Петропавлдық талапкер Айнұр Серік ҰБТ сұрақтарының ішінде сыра зауыты туралы сұрақтың кездескенін телеарна арқылы айтып, елді бір шулатқан еді. Бірақ ҚР БҒМ Ұлттық тестілеу орталығының директоры Қали Әбдиев баспасөз мәжілісінде 2014 жылғы ҰБТ-да сыра зауыты туралы сұрақ болған жоқ деп мәлімдеді. Тіпті Айнұрдың Қазақстан тарихынан тапсырған тест сұрақтарын әкеліп, журналистерге көрсетті. Айтса айтқандай, сұрақтар арасында одағай сауал жоқ екен. Ал, Алматының сыра зауытына қатысты сұрақ тестілеуде былтырғы жылы кездесіпті. Жақында талапкер жалған ақпараты үшін ҚР Білім және ғылым министрінен кешірім сұрады.
талаптарына әр жылы түрлі толықтырулар мен өзгерістер енгізілгенімен, сынақтың форматы сол күйде сақталған. Бірақ, жыл сайын бірыңғай жүйеге бірінші рет көшкендей, тест тапсырғанда түлектер абыржып-ақ қалады. Сынама тесттерінде жоғары балл жинап, 11 жыл алған білімдерін дәлелдей алмағандарға қарап, осылай демеске лажымыз жоқ. Биыл ҰБТ тапсыруға өтініш берген 6773 мектеп бітірушінің 6683-і (99,3%) тестілеуге қатысты. Тест тапсырмаған 90 түлектің 83-і халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жоба жарыстарының жеңімпазы. Олар Білім және ғылым министрлігінің шешімімен сынақтан арнайы босатылған. Ал, алты талапкер денсаулық жағдайларына байланысты тестке қатыспапты. Бастапқыдағы «Алтын белгі» жалпы орта білім туралы аттестатына үміткер бітірушілердің саны – 295 болды. Ал бірбір балдан кем жинаған 24 түлек «Алтын белгіден» айырылды. Үздік аттестаттан
ауданында 50 теңгеден сатылып жатқанына, Тараз қаласында, Шу және Т.Рысқұлов аудандарындағы «жабайы» сауда түріне алаңдаушылық білдірді. Облыс әкімі Кәрім Көкірекбаев биылғы қыс және көктем мезгілінде көкөніс бағасының шарықтап кеткеніне басқарма басшыларының назарын аударды. Баға ақпан айындағы доллар құнының көтерілуінен бұрын өсіп кеткен. Мәселен, бір килограмм қияр бағасы шарықтап 500 теңгеге дейін жеткен. «Жамбыл ауданы Бектөбе ауылы маңындағы жүзден аса жылыжайдың өніміне кім бас-көз болып отыр?» деп сұрақ қойды әкім. Солтүстік Қазақстан, Павлодар және Ақтөбе облыстарында егін егетін шаруашылық құрылымдары тұтынушылармен алдын ала өнім бағасына келісімшартқа отырады. Күзгі жиын-терінде өнім сол келісімшарт бойынша өткеріледі екен. Осыны неге біздің өңірде қолға алмасқа, деді облыс әкімі. (Жалғасы 2-бетте).
үміттілердің көрсеткіші бұдан да төмен. 114 бітірушінің 18-і (15,79%) өз білімдерін дәлелдесе, үздік аттестат алу үшін 12 үміткерге 1 балл ғана жетпей қалған. Аудандардың ішінде ең жоғары көрсеткішке Жуалы ауданы (80,57 балл) қол жеткізген. Ең төменгі нәтиже Т. Рысқұлов (65,39 балл), Байзақ (67,8 балл), Қордай (66,44 балл) аудандарында тіркелді. Ал, мектептер арасында жақсы нәтижені «Айша бибі» атындағы облыстық дарынды қыз балаларға арналған қазақ-түрік мектепинтернаты көрсетті. Интернаттың орташа көрсеткіші 106,28 балды құрайды. Тараз қаласындағы №45 гимназияның көрсеткіші – 101,8 балл. ҰБТ-ның алғашқы легінде облыс бойынша ең жоғары 123 балл алған Тараз қаласындағы №1 гимназияның бітірушісі Анастасия Ханның көрсеткішінен ешкім аса алған жоқ. Тараз қаласы №1 гимназияның бітірушісі Анель Оразалиева, Жуалы ауданы Мыңбұлақ орта мектебінің түлегі Жансая Сыдықбек, Меркі ауданындағы №17 И.Трубицын атындағы мектеп-гимназияның шәкірті Салтанат Разақова, Айша-бибі атындағы дарынды қыз балаларға арналған қазақ-түрік мектеп-интернатының оқушысы Жанар Әділ 122 балл жинады. Үш лекте өткен ҰБТ сынағының өңіріміздегі қорытынды нәтижелері, міне, осындай.
«Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-ның облыстық филиалы өткен жылы ауданның 47 азаматының өтінішін дұрыс деп тауып, 34 миллион теңге бөлген еді. Ол қаржыға шаруалар мал басын көбейтіп, қожалықтың инфрақұрылымын жақсартуға жұмсады. Биыл ауданға осындай мақсатта республикалық бюджеттен 94 миллион теңге бөлініп отыр.
l ТАЛАС Қаратау қаласының 7 жасар тұрғыны Серікбай Құндыз ауыр науқастан емделуі үшін шетелдік үздік клиникадан ем қабылдауы қажет болған еді. Жас балғынның өміріне араша түскен таластықтар емге қажетті 20 000 АҚШ доллар жинап берді. Қытайдың Үрімші қаласындағы әскери госпитальде емделген Құндыз құлан-таза айығып, аяғынан тік тұрды.
l ШУ Ауданда «Көкнәр-2014» жедел алдын алу операциясына орай жиын өтті. Оған ҚР Ішкі істер министрлігінің есірткі бизнесіне қарсы күрес комитетінің төрағасы, генерал-майор А. Н. Выборов қатысты. Жиында Астана, Алматы қалалары мен өзге облыстардан келген сала мамандары ойларын ортаға салып, қоғамға қауіпті есірткі дертімен күрестің жайын сөз етті. Иісшіл иттердің кәсіби «біліктілігі» сыналған оқужаттығу ойындары өтті.
Ата-анаң бар болсын, Бала кезде жар болсын. Халық мақалы.
ой с ы Оқ ЖАУАБЫН
КІТАП АЙТАДЫ
Бір адам түнімен көз ілмейтін дертке шалдығады. Әлгінің ауруы алдында дәрігер де, емші де шарасыз. Әбден қиналған байғұс: – Енді не істеймін? – деп көршісіне мұң шағады. Көршісі көп оқитын белгілі ғұлама екен: – Кітап оқы, – деп кеңес береді. – Сонда ұйықтап қалам ба? -Ұйықтап қаларсың, қалмассың, бірақ дөңбекшумен босқа өткен түндеріңе өкініп, жүйкең жұқармайтын болады. – Қалай? – Оның жауабын мен емес, кітап айтады.
«Ақ жол - Ақпарат».
Азамат ТАЛАСИ.