БҮГІНГІ АХУАЛ – БІЗДІҢ ЖЕТІСТІКТЕРІМІЗДІ СЫНҒА АЛЫП, ЕЛДІГІМІЗДІ ШЫҢДАЙ ТҮСЕТІН УАҚЫТ ТЕЗІ. ЖАУАПТЫ СӘТТЕ БІРЛІГІМІЗДІ САҚТАП, ЕЛІМІЗДІҢ ИГІЛІГІ ҮШІН АЯНБАЙ ТЕР ТӨГУІМІЗ КЕРЕК. БІРІМІЗ – БӘРІМІЗ ҮШІН, БӘРІМІЗ – БІРІМІЗ ҮШІН ДЕГЕН ҚАҒИДАНЫ ҰСТАНЫП, ЕҢБЕК ЕТУГЕ ТИІСПІЗ.
ДОСЫ КӨПТІ ЖАУ АЛМАЙДЫ, АҚЫЛЫ КӨПТІ ДАУ АЛМАЙДЫ
Жамбыл облысты о амды саяси газет
НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ.
№152 (18186), Бейсенбі, 10 желто сан, 2015 жыл
ak-jol-taraz@rambler.ru
www. akjolgazet.kz
Газет 1922 жыл ы 1 мамырдан шы ады.
ПРЕЗИДЕНТ
Мемлекет басшысы мұнай жəне газ саласын дамыту мəселелері жөнінде кеңес өткізді. Кеңеске Премьер-Министр К.Мəсімов, Президент Əкімшілігінің басшысы Н.Нығматулин, салаға жетекшілік ететін ведомстволар мен ұйымдардың басшылары қатысты. Кездесу барысында көмірсутек шикізатының əлемдік бағасының тұрақсыздығы жағдайындағы
мемлекеттің энергетика саясатының аспектілері қаралды. Сонымен қатар, Қазақстанның оңтүстік өңірлерін қысқы маусымда газбен қамтамасыз ету, энергия көздерін тасымалдау саласындағы қызметті оңтайландыру жəне инфрақұрылымын дамыту мəселелері талқыланды. Мемлекет басшысы кездесу қорытындысы бойынша бірқатар нақты тапсырма берді.
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ – МӘРТЕБЕЛІ МІНДЕТ
Маржан РАҚАЙ, «Ақ жол». Жылдағы дəстүр бойынша өңірдің барлық деңгейдегі əкімдерінің басын қосқан кезекті семинар-кеңес М.Үркімбаев атындағы Жастар сарайында өтті. Облыс əкімі Кəрім Көкірекбаев ашқан шараға Ұлттық экономика министрлігі Өңірлік саясат жəне жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту департаментінің директоры Санат Тұңғышбеков, аталған министрліктің Мемлекеттік
активтерді басқару саясаты басқармасының басшысы Нұрлан Əбілқасымов, облыс əкімінің орынбасарлары, басқарма жəне департамент басшылары мен аудан, қала, ауылдық округ əкімдері, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Облыс басшысы Кəрім Көкірекбаев жергілікті өзін-өзі басқаруға енгізіліп отырған жаңалықтарға, өңірде жыл басынан бері атқарылған жұмыстарға тоқталып, əкімдердің еңбегіне баға берді. Атқарылған істердің ауқымды екенін айтқан ол бірқатар кемшіліктерді де тілге тиек етті. – Елбасы өзінің былтырғы Жолдауында біздер басшылыққа алып жұмыс істейтін негізгі жеті бағытты айқындап берді. Сонымен қатар, биыл Ассамблеяның 20 жылдығы, Конституцияның 20 жылдығы, Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығы, Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойы қатар атап өткізілді. Осындай айтулы шараларға белсене ат салысып, оларды жоғары деңгейде өткізуге ат салысқандарыңыз үшін үлкен алғыс айтқым келеді. Өздеріңізге белгілі Елбасы биыл 30 қарашада Қазақстан халқына кезекті Жолдауын жолдады. Алдымызға бірқатар ауқымды міндеттер қойылды. Осыған орай алдымызда отандық қаржы секторын тұрақтандыру, инфляция деңгейін төмендету, барлық бюджеттік бағдарламаларды қайта қарап, бюджеттік шығындарды ыңғайластыру, экономикалық бəсекелестікті ынталандыру, мүлікті жария ету, инвестициялық ахуалды жақсартуды жүзеге асыру міндеттері тұр. Сондайақ, Елбасы 5 халықтық реформаны да жариялаған болатын. Оны жүзеге асырудың «100 нақты қадам» – Ұлт жоспары бекітілген. Аталған реформаның бір қадамы кəсіби мемлекеттік аппарат қалыптастыру. Осыған байланысты таяуда Мемлекеттік қызмет туралы жаңа Заң қабылданды. Сондай-ақ, жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту мəселелері бойынша заңнамаларға бірқатар өзгертулер мен толықтырулар енгізілді. Осыған орай, жергілікті əкімдіктердің өзіндік дербес есепшоттары қалыптастырылып, түсетін түсімдер тізбесі бекітілді. Дербес шоттағы қаражатты ауылдық округ əкімдері арнайы құрылған жергілікті қоғамдастықпен келісе отырып, мақсатты жұмсауы қажет. Сонымен қатар, ауылдық округте орналасқан коммуналдық меншіктің бір бөлігі де ауылдық əкімдердің басқаруына берілмек. Осылайша, ауылдық округ əкімдеріне мол мүмкіндік беріліп, оларға деген талап та күшейіп отырғанын түсіну керек. (Жалғасы 3-бетте).
астам нормативтік-құқықтық актіге, соның ішінде 200-ден аса заң жобасына сараптама жасалды. Кəсіпкерлерден келіп түскен 9,6 мың шағымның 41 пайызына қатысты оң нəтижеге қол жеткізілді. Сонымен қатар, сатып алу жəне жергілікті қамту жүйесін жетілдіру аясында 2014 жылдың 1 тамызынан бері «Атамекеннің» ат салысуы арқылы отандық өндірушілермен арада ұзақ мерзімге арналған 334 миллиард теңгенің 750 шартына қол қойылды. Мемлекет басшысы кездесу қорытындысы бойынша бірқатар нақты тапсырма берді.
СҮЙЕР ҰЛЫҢ БОЛСА, СЕН СҮЙ, СҮЙІНЕРГЕ ЖАРАР ОЛ!
КӘСІПҚОЙЛАР ФУТБОЛ ЛИГАСЫНДА ЖЕҢІМПАЗ АТАНҒАН «ТАРАЗ» ЖАСТАРЫН ОБЛЫС ӘКІМІ КӘРІМ КӨКІРЕКБАЕВ ҚАБЫЛДАДЫ Табиғат АБАИЛДАЕВ, «Ақ жол». Кəсіпқойлар футбол лигасында қатарынан оза шауып, кубок иегері атанған «Тараз» футбол клубының қосалқы құрам ойыншыларын облыс əкімі Кəрім Көкірекбаев қабылдап, жеңіс жолында жанкештілік танытқан жерлестерімізге ризашылығын жеткізді. – Биылғы жыл, өздерің білетіндей, саяси оқиғаларға, спорттағы табыстарға толы болды. Таяуда ғана ауыр атлетикадан АҚШ-тың Хьюстон штатында өткен əлемдік додада жас өреніміз Жасұлан Қыдырбаев қола жүлдені мойнына ілді. Одан бұрын Елдос Сметов қазақ дзюдошылары арасынан алғаш рет əлем чемпионы атағына қол жеткізді. Боксшымыз Азия чемпионы Олжас Сəттібаев сынды өрендеріміз де Олимпиада жолдамасын иеленуді басты мақсаттары санайды. Талай чемпиондарды түлеткен Тараз топырағында өздерің секілді өрімдей жастардың өсіп келе жатқаны қуантады. Рас, «Тараз» футбол клубының негізгі ойыншылары премьер-лигада тоғызыншы орын алды. Д е г е н м е н , б ұ л , ө т ке н ж ы л ғ а қарағанда, жақсы нəтиже. Енді үздік
АП АН »Б АҒ Д А
ӨЗІН-ӨЗІ БАСҚАРУДЫҢ ЖАҢА ЖҮЙЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
еңбекпен қамту жəне ауыл тұрғындарын оқыту саласындағы жұмысын жандандыру қажеттігін атап көрсетті. Палата басшылығы кəсіпкерлерді қолдау орт а лықт ары 188 аудан орт а лығында, моноқалалар мен шағын қалаларда жұмыс істеп тұрғанын айтты. Бүгінде солардың негізінде 212 мың кəсіпкерге көмек көрсетілген. Ұлттық палатаның нормалар əзірлеу саласындағы шығармашылық жұмыс пен кəсіпкерлікті қорғау арқылы бизнес жүргізетін ортаны жетілдіру ісіне белсене қатысатыны атап өтілді. Мəселен, биыл 6,9 мыңнан
АМ Л Р
Ы АС
ІС
МЕРЕКЕ МЕЗІРЕТІ
алтылыққа да енер. Менің ойымша, сендер өз қалаларыңның патриоттары болуларың керек. Рухтарың биік болсын! Алдағы уақытта негізгі команданың басты ойыншылары ретінде өздеріңді көргім келеді. Легионер дегендер келеді. Басында жақсы ойнап өзін көрсетеді, сосын жарақат алады да, жатып алады. Сырттан келген футболшылардың болғаны дұрыс шығар, бірақ, алдағы уақытта сендер команданы өрге сүйреуге тиістісіңдер. Өйткені, сендер туған жер үшін жандарыңды салып тер төгесіңдер! Жеңістерің құтты болсын! –
деп ізгі тілегін арнаған Кəрім Нəсбекұлы кубокты т абыст аған команданың бапкерлік құрамына, ойыншыларға алдағы уақытта да қолдау көрсетілетінін атап өтті. Өз кезегінде команданың бас жаттықтырушысы Сергей Пак жасалып отырған қамқорлық үшін облыс əкіміне ризашылығын жеткізді. Соңынан өңір басшысы «Тараз» футбол клубының Президенті Махамбет Дүйсенбаевқа қосалқы құрамның үздіктері саналатын Əділет Əбдінаби секілді ойыншыларды негізгі командаға шақыру керектігін ескертті.
Е ЗІНД Ү Ж
БҮЛДІРШІНДЕРГЕ ЕСІК АШТЫ
Тәуелсіздіктен қымбат сый жоқ «ЖАМБЫЛ-ТАРАЗ» ГАЗЕТІНІҢ ҰЖЫМЫ ТӘУЕЛСІЗДІК ДАСТАРХАНЫН ЖАЙДЫ Табиғат АБАИЛДАЕВ, «Ақ жол». ТӘУ ЕТЕР ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІ ТАЯҒАН САЙЫН ТҮРЛІ ШАРАЛАР АТҚАРЫЛЫП ЖАТЫР. АТА-БАБАЛАРЫМЫЗ АҢСАҒАН АЗАТТЫҚТЫҢ АҚ ТАҢЫН ҚҰРМЕТТЕУ, ҚАДІР ТҰТУ – БАРШАМЫЗДЫҢ БОРЫШЫМЫЗ. ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТТЫҢ ДЕПУТАТЫ, НӘЗІК ИЫҒЫНА АУЫР ЖҮК АРҚАЛАП ЖҮРГЕН ӘРІПТЕСІМІЗ, ҚАЛАЛЫҚ «ЖАМБЫЛ-ТАРАЗ» ГАЗЕТІНІҢ ДИРЕКТОРБАС РЕДАКТОРЫ ЭЛЬМИРА МЫРЗАҒАЛИДЫҢ БАСТАМАСЫМЕН ЕКІНШІ ЖЫЛ ҚАТАРЫНАН БАСЫЛЫМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ӘРІПТЕСТЕРІ МЕН ҚЫЗМЕТТЕ ЖҮРГЕН АЗАМАТТАРҒА АРНАП ТӘУЕЛСІЗДІК ДАСТАРХАНЫН ЖАЙДЫ.
(Жалғасы 6-бетте).
Есет ДОСАЛЫ, «Ақ жол».
Полатқосшы ауылдық округіне қарасты Жалпақтөбе ау ы л ы н д а 2 8 0 о р ы н д ы қ «Болашақ» балабақшасы бүлдіршіндерге есігін ашты. О н ы ң а ш ы л у с а л т а н ат ы н а облыс əкімінің орынбас ары Ерқанат Манжуов қатысып, ауыл тұрғындарының қуанышына ортақтасты. Ерқанат Нұрбапаұлы: «Елбасымыздың барлық салалармен қатар, білім беруге жаңашылдықпен, жанашырлықпен назар аударғаны өз жемісін беріп отыр. Облысымызда бүгінгі таңда 421 мектепке дейінгі мекемеде 45 мың бүлдіршін тəрбиеленеді. Мемлекеттік «Балапан» бағдарламасы аясында біздің аймақта 252 балабақша ашылды», – дей келе, Тəуелсіздік мереке сі қарсаңында ашылған мекеменің ұжымына облыс ə к і м і н і ң ат ы н а н с о ң ғ ы ү л г і д е г і плазмалық теледидар тарту етті. Бұдан əрі жаңа нысанның лентасы қиылып, ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Əбдухалил Маюфи жəне облыстық мəслихат депутаты Сембек Сейдəзімов жылы лебіздерін білдіріп, тəрбиешілердің жұмысына сəттілік тіледі. Мердігер мекеме «Ст рой Ин Нұр Тараз» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Андрей Лигай балабақша
Көп жұмысқа қиналсаң, Машақатқа тап боларсың. Азға қанағат етпесең, Оған да зар боларсың. Халық мақалы.
ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТТАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА!
«БА Л
АУЫЛЫНА ҚАРАП, ӘКІМІН ТАНЫ
Елбасы «Атамекен» Ұлттық кəсіпкерлер палатасының басшыларын қабылдады. Кездесуде Президиум төрағасы Т.Құлыбаев пен Басқарма бастығы А.Мырзахметов Мемлекет басшысына Ұлттық палатаның 2015 жылғы қызметінің қорытындылары мен алдағы кезеңге арналған жоспарлары туралы баяндады. Қазақстан Президенті Ұлттық палата құрылған 2013 жылдан бері ауқымды жұмыс атқарылғанын атап өтті. – «Атамекен» кəсіпкерлік өкілдерінің пікірін танытады. Палата мемлекеттің шағын жəне орта бизнесті қолдау үшін қабылдаған көптеген шараларын жүзеге асыруға қатысты. Бес институционалдық реформа аясында 80-дей заң қабылданды. Оларды əзірлеу ісіне де палата өз үлесін қосты. Енді сол шараларды жүзеге асыратын уақыт келді, – деді Мемлекет басшысы. Нұрсұлтан Назарбаев жекешелендіру үдерісі барысында отандық бизнестің мүддесін барынша қамтамасыз етіп, мүлікті жария етуге қатысты түсіндіру жұмыстарын белсендірек жүргізуді тапсырды. Мемлекет басшысы Қазақстанда өндірілген тауарларды ілгерілетудің, əсіресе сыртқы нарықтарға шығарудың маңыздылығын айтты жəне «Атамекен» Ұлттық кəсіпкерлер палатасының инвестиция тарту, сондай-ақ ауыл шаруашылығы кооперациясындағы,
Бесінші шақырылған облыстық мəслихаттың кезекті XХХХIІІ сессиясы 2015 жылдың 14 желтоқсанында облыс əкімдігінің
меңгерушісі Райхан Дəулетқұловаға ғимараттың символикалық кілті мен соңғы үлгідегі музыкалық орталық түріндегі сыйлығын табыс етті. Бұдан кейін облыс əкімінің орынбасары жаңа ғимаратты, бүлдіршіндерге арналған б і р н е ш е то п т ы ж ə н е м ед и ц и н а л ы қ бөлмені ара лап көріп, құрылыстың сапалы жүргізілгенін айтты. Бұл жаңа нысанның құрылысына (заманауи жаңа үлгідегі жабдықтарын қоса есептегенде) республикалық бюджеттен 227 миллион теңге қаражат бөлініп, игерілген. 2014
жылдың соңында басталған құрылыс биылғы желтоқсанда аяқталып отыр. 12 топ бар, 82 адам жаңа жұмыс орнымен қамтылған балабақшада бүлдіршіндер 1,5 жастан бастап 5 жасқа дейін тəрбиеленеді. «Жалпақтөбеде он мыңға жуық адам тұрады. Жаңа мектеп, емхана, 140 орындық балабақша бар. 533 бүлдіршін мектепке дейінгі мекеме кезегінде тұрған болатын. Енді балабақшаға мұқтаж балалар саны 280-ге азайды», – дейді ауылдық округтің əкімі Ержан Данаев. Жамбыл ауданы.
мəжіліс залында (2-қабат) сағат 15.00-де келесі күн тəртібімен өтеді: 1. 2016-2018 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы; 2. «Жамбыл облысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің жағдайы жəне оның алдын алу бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы» облыстық мəслихаттың 2010 жылғы 2 маусымдағы №25-4 шешімінің орындалуы туралы; 3. Облыстық мəслихаттың білім, денсаулық сақтау, əлеуметтік-мəдени даму, қоғамдық жəне жастар ұйымдарымен байланыс жəне əйелдер істері мен отбасыдемографиялық саясат мəселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының атқарған жұмыстары туралы есебі. 4. Əртүрлі мəселелер. * * * Облыстық мəслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы облыс əкімдігінің мəжіліс залында (2-қабат) 2015 жылдың 14 желтоқсанында сағат 14.00-де өтеді. * * * Депутаттарды тіркеу 2015 жылдың 14 желтоқсаны күні сағат 13.30-да басталады. Бағлан ҚАРАШОЛАҚОВ, облыстық мəслихаттың хатшысы.