АБАИҒА
ДОСЫ КӨПТІ ЖАУ АЛМАЙДЫ, АҚЫЛЫ КӨПТІ ДАУ АЛМАЙДЫ
Жамбыл облыстық қоғамдықсаяси газет
№42 (18076), Сенбі, 11 сәуір, 2015 жыл
ak-jol-taraz@rambler.ru
ҚОЛДАН КЕЛЕ БЕРЕ МЕ ЖҰРТ МЕҢГЕРМЕК? ҚАРТАЙДЫҚ, ҚАЙҒЫ ОЙЛАДЫҚ, ҰЙҚЫ СЕРГЕК, АШУЫҢ–АШЫҒАН У, ОЙЫҢ-КЕРМЕК. МҰҢДАСАРҒА КІСІ ЖОҚ, СӨЗДІ ҰҒАРЛЫҚ, КІМ КӨҢІЛДІ КӨРЕТІН, БОЛАДЫ ЕРМЕК?
www. akjolgazet.kz
Газет 1922 жылғы 1 мамырдан шығады.
«НҰРЛЫ ЖОЛ» - БОЛАШАҚҚА БАСТАР ЖОЛ
ҚОРДАЙДАҒЫ ИГІ ІСТЕРГЕ КӨҢІЛ ТОЛАДЫ ОБЛЫС ӘКІМІ КӘРІМ КӨКІРЕКБАЕВ ҚОРДАЙ АУДАНЫНА ЖҰМЫС САПАРЫН КЕШЕ ТҮС ҚАЙТА ОТАР АУЫЛЫНАН АШЫЛҒАН АУДАНДЫҚ ХАЛЫҚҚА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ОРТАЛЫҒЫ БӨЛІМШЕСІНІҢ ТІРЛІГІМЕН ТАНЫСУДАН БАСТАДЫ. ОТАР АУЫЛДЫҚ АЙМАҒЫНДА ГВАРДЕЙСКИЙ ӘСКЕРИЛЕР ҚАЛАШЫҒЫН ҚОСА ЕСЕПТЕГЕНДЕ, ОН МЫҢНАН АСА ХАЛЫҚ МЕКЕНДЕЙДІ.
ЖАС ҚАРТАЙМАҚ, ЖОҚ ТУМАҚ, ТУҒАН ӨЛМЕК, ТАҒДЫР ЖОҚ, ӨТКЕН ӨМІР ҚАЙТА КЕЛМЕК. БАСҚАН ІЗ, КӨРГЕН ҚЫЗЫҚ АРТТА ҚАЛМАҚ, БІР ҚҰДАЙДАН БАСҚАНЫҢ БӘРІ ӨЗГЕРМЕК. ЕР ІСІ АҚЫЛҒА ЕРМЕК, БОЙДЫ ЖЕҢБЕК, ӨНЕРСІЗДІҢ ҚЫЛЫҒЫ ӨЛЕ КӨРМЕК. ШЫҒА ОЙЛАМАЙ, ШЫҒАНДАП ҚЫЛЫҚ ҚЫЛМАЙ, ЕРІНШЕК ЕЗДІГІНЕН КӨПКЕ КӨНБЕК. ЖАМАНДАР ҚЫЛА АЛМАЙ ЖҮР АДАЛ ЕҢБЕК, ҰРЛЫҚ, ҚУЛЫҚ ҚЫЛДЫМ ДЕП ҚАҒАР КӨЛБЕК. АРАМДЫҚТАН ЖАМАНДЫҚ КӨРМЕЙ ҚАЛМАС, МЫҢ КҮН СЫНБАС, БIP КҮНІ СЫНАР ШӨЛМЕК. АДАМЗАТ ТІРІЛІКТІ ДӘУЛЕТ БІЛМЕК, АҚЫЛ ТАППАҚ, МАЛ ТАППАҚ, АДАЛ ЖҮРМЕК. ЕКЕУІНІҢ БIPI ЖОҚ, АУЫЛ КЕЗІП, НЕ ҚОРЛЫҚ, ҚҰР ҚЫЛЖАҢМЕН КҮН ӨТКІЗБЕК? НАДАНҒА АРАМ АҚЫЛДЫ ҚҰЛАҚҚА ІЛМЕК, БҰЛ СӨЗДЕН ЕРТЕГІНІ ТЕЗ ҮЙРЕНБЕК. РАС СӨЗДІҢ КІМ БІЛЕР ҚАСИЕТІН? АҚЫЛСЫЗ ШЫНҒА СЕНБЕЙ, ЖОҚҚА СЕНБЕК.
Құрманбек ӘЛІМЖАН, «Ақ жол». Облыс басшысының өткен күзде ауданға келген сапарында тұрғындар өздерінің елді мекендері орталықтан алыс жатқанын, оның үстіне, қыс айларында асудан өту еселеп қиындай түсетіндіктен, аудандық ХҚКО-ның осында бөлімшесін ашып беруге өтініш айтқан еді. Міне, сол тілек бүгін орындалып, ауылдық әкімдікпен бір ғимаратта орналасқан орталықтың бөлімшесі жұмыс істей бастады. Енді тұрғындар құжат ресімдеу мәселесімен аудан орталығына шапқылап жатпайтын болды. Мұндағы мамандар келушіге қажетті кеңес беріп, тиісті құжатын ресімдеуде электрондық поштамен тікелей орталықпен байланысып, белгілі уақытта оны дайындап та береді. Қордай асуының Мұзбел учаскесінде жұмысын жалғастырып жатқан «VISTA INTERNATIONAL» ЖШС-ның жел электр стансаларының жұмысы жандана түсуде. Бұл жерде өндірістік қуаты 21 мегаватт болатын, жалпы сомасы 6362 миллион теңгенің жобасы іске асырылуда. Бүгінде мұнда алып қалбағайлы он үш мұнара бой көтеріп іске қосылған. Бұл құрылыстар бойынша біздің облыстың «ЭКСПО –2017» көрмесінің басты тақырыбына айналып отырған «жасыл энергияға» бетбұрыс жөнінен еліміздегі жол бастаушы өңір екені мәлім. Облыс басшысы стансаның жұмыс барысымен таныса келе, оның басшылары мен мамандарына құрылыс қарқынын төмендетпей, толық жобалық қуатқа жету мерзімін сақтаудың маңыздылығын ескертті. Бұдан соң Кәрім Көкірекбаев Масаншы ауылдық аймағындағы « Щ е н хо » ш а р у а қ ож а л ы ғ ы н ы ң тамшылатып суару әдісіне негізделген
құлақ түрейікші, ағайын!
ҚЫЗЫЛ АРАЙ, АҚ КҮМІС, АЛТЫН БЕРГЕК * ҚЫЗЫҚТЫ EPТЕГІГE КӨТЕРІЛМЕК. АҚСАҚАЛДЫҢ, ӘКЕНІҢ, БІЛІМДІНІҢ СӨЗІНЕН СЫРДАҢ ТАРТЫП, ТЕЗ ЖИРЕНБЕК. АҚЫЛДЫ ҚАРА ҚЫЛДЫ ҚЫРЫҚҚА БӨЛМЕК, ӘР НӘРСЕГЕ ӨЗІНДЕЙ БАҒА БЕРМЕК. ТАРАЗЫ ДА, ҚАЗЫ ДА ӨЗ БОЙЫНДА, НАДАННЫҢ СҮЙЕНГЕНІ КӨП ПЕН ДҮРМЕК. АЛАШҚА IШI ЖАУ БОП, СЫРТЫ КҮЛМЕК, ЖАҚЫНЫН ТІРІДЕ АҢДЫП, ӨЛСЕ ӨКІРМЕК. БІР-ЕКІ ЖОЛЫ БОЛҒАН КІСІ КӨРСЕ, ҚҰДАЙ CҮЙІП ЖАРАТҚАН ОСЫ ДЕМЕК.
көктемгі егіс жұмыстарының және Қарақоңыз су қоймасының жайымен танысты. Әсіресе, су қоймасының басында байыпты әңгіме қозғалды. «Қазсушар» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Жамбыл филиалының директоры Қоңырбай Шатанов әкімге су қоймасына қатысты мәселені жан-жақты баяндады. Пайдаланылып келе жатқанына отыз жыл болған бұл су қоймасы осындағы Масаншы және Қаракемер ауылдық округтері тұрғындарының қажетін өтеп келеді. Егер оның о баста жобасы қаралған екінші кезегін де салып іске қосар болса, онда көрші Сортөбе, Ауқатты ауылдық округтерінің жерлерін қоса қамтып, барлығы сегіз жарым мың гектардай аумақты суландыруға болар еді. Оның үстіне, су қоймасының екінші кезегінің сметалық жобасы жасалып дайын тұр екен.
– Соңғы жылдары егістік суының жайы қиындап кеткені рас, – деді Кәрім Нәсбекұлы. – Қырғыз ағайындардың суару маусымының ең бір қызған кезінде судан қысатыны бар, ауа райының да қуаңшылығы жиілеп кетті. Сондықтан, осындай өз қолымызда бар мүмкіндіктерді тиімді пайдалану керек. Бөгенге судың толғанын көріп тұрмыз, ал тауда әлі мол қар жатыр, оның өзінен осынша суды тағы жинап алуға болатын тәрізді. Бұл ауданда Ноғайбай ауылдық округінде жиырма бес мың текше метрлік жаңа су қоймасын салу жобасы да кезегін күтіп тұр. Кезі келгенде мұның бәрі жүзеге асатын болады. Халқының саны қырық мыңға жуық аудан орталығының іргесінен тағы бір тұрғындар қалашығы бой көтеруде. Б ұ л – а л мат ы л ы қ « Л А - Р и в ь е р а » ЖШС құрылысын жүргізіп жатқан
жаңа үлгідегі шекара заставасының ғимараттар кешені. Барлығы мың сексен адамға лайықталған құрылыста биыл жетпіс адамдық казарма, жүз он адамдық жатақхана, үш жүз адамдық асхана, энергетикалық, көліктік және байланыс шаруашылық нысандар, инженерлік жүйелері (су жүйесі, кәріз, жылу жүйелері, газдандыру), тікұшақ алаңын салу жүргізілуде. Келесі жылы штаб, жүз он адамдық жатақхана, қоймалар, күзет бөлмесі, медициналық пункт, автотұрақ, монша-киім жуатын кешен, үш блокты бақылау-өткізу пункттері, жанар-жағар май қоймасы, он сегіз пәтерлі тұрғын үй тәрізді нысандар салынатын болады. Мердігерлік құрылыс ұйымының басшысы Әбіләкім Сурманов облыс әкіміне құрылыс қарқыны ережеге сай екенін, еш кедергілер жоқ, сондықтан нысанның келесі жылы белгіленген мерзімде
пайдалануға берілетінін мәлімдеді. Бұл күні облыс басшысы, сондайақ, аудандық орталық ауруханада болды, биыл жаңа оқу жылына пайдалануға берілуі тиіс 300 орындық мектептің құрылысымен танысты. Жалпы, «ТемірСтройСервис» ЖШС осымен бұл ауданда бесінші мектепті тұрғызуда екен. Бұған дейін құрылыстың сапасына сын айтылған кезі болмаған. Мына мектептің де көптің көңілінен шығарына үміт артуға болады. – Осы қарқыннан танбасаңдар, әлі де талай жауапты құрылыстарды сіздерге тапсыратын боламыз, – деді Кәрім Нәсбекұлы құрылыс басшыларына. Осының өзі – жұмыстың сапасына берілген қысқа да нұсқа баға. Облыс басшысының аудандағы жұмыс сапары бүгін де жалғасады. Қордай ауданы. Суретті түсірген Ақәділ РЫСМАХАН.
СЫРТТАНСЫНБАҚ, ҚУСЫНБАҚ, ӨРШІЛДЕНБЕК, СЫБЫРМЕНЕН ТОП ЖАСАП БӨЛЕК-БӨЛЕК. АРАМДЫҚПЕН БАР МА ЕКЕН ЖАННАН АСПАҚ, ӨЗІМЕН ӨЗІ БIP КҮН БОЛМАЙ МА ӘЛЕК? ҚОЛДАН КЕЛЕ БЕРЕ МЕ ЖҰРТ МЕҢГЕРМЕК? АДАЛДЫҚ, АДАМДЫҚТЫ КІМ ТЕҢГЕРМЕК?! МАҚТАН ҮШІН ҚАЙРАТСЫЗ БОЛЫС БОЛМАҚ, ИТТЕЙ ҚОР БОП, ӨЗІНЕ СӨЗ КЕЛТІРМЕК.
* Бергек – шаршының үстінен жабатын сәндік жаулығы
А ҰЛАССЫН! Ң ТОЙҒ Ы Й ТО
«МЕНІҢ ҚАЗАҚСТАНЫМ» ПОЙЫЗЫ ӨҢІРІМІЗДЕ
Қошқар болар тоқтының, Тұмсық жағы дөң келер. Адам болар баланың, Маңдай алды кең келер.
ЕЛ БҰЗЫЛСА, ТАБАДЫ ШАЙТАН ӨРНЕК, ПЕРІШТЕ ТӨМЕНШІКТЕП, ҚАЙҒЫ ЖЕМЕК. ӨЗІМНІҢ ИТТІГІМНЕН БОЛДЫ ДЕМЕЙ, ЖЕҢДІ ҒОЙ ДЕП ШАЙТАНҒА БОЛАР КӨМЕК.
АДАМДЫҚТЫ АЙТ, ЕРЛІКТІ АЙТ, БАТЫРЛЫҚТЫ АЙТ...
ЕЛІМІЗ ҮШІН БИЫЛҒЫ ЖЫЛДЫҢ БАСТЫ ЖАҢАЛЫҒЫ БОЛҒАЛЫ ОТЫРҒАН ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНЫҢ 550 ЖЫЛДЫҒЫНА ТАРАЗДА ДАЙЫНДЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛЫП КЕТТІ.
ЕЛ БІРЛІГІН САҚТАҒАН ТАТУЛЫҚТЫ АЙТ
Халық мақалы.
Суретті түсірген Петр НОРКИН.
ЖАСТЫҚТЫҢ ОТЫ ЖАЛЫНДАП...
«ЖАСТАР – ОТАНҒА!»
БАҒДАРЛАМАСЫ ҚАБЫЛДАНДЫ АСТАНАДА «ЖАС ОТАН» ЖАСТАР ҚАНАТЫНЫҢ КЕЗЕКТЕН ТЫС ІІІ СЪЕЗІ ӨТТІ
Маржан РАҚАЙ, «Ақ жол». 9 сәуір күні Астанада «Нұр Отан» партиясы жанындағы «Жас Отан» жастар қанатының кезектен тыс ІІІ Съезі өтті. Съезге еліміздің барлық өңірлерінен жалпы саны 2000 делегат қатысты. Олардың ішінде жамбылдық 42 делегат пен жастар ұйымдарының көшбасшылары, шығармашыл, ғылыми, жұмысшы және ауыл жастарының өкілдері де бар. Елдің барша белс енді жасы мен От ан жанашырларының басын қосқан бұл алқалы жиында «Қазақстан-2050» Стратегиясын іске асырудағы жастардың рөлі кеңінен талқыланды. Сьезд жұмысы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық универсиетінің қабырғасында секциялық жұмыс түрінде жалғасты. Онда «Қазақстан 2050»: біз ел келешегін қалай елестетеміз?, «Нұрлы жол» бағдарламасы және жастар, «Жас Отан» жұмысының жаңа пішімі: PR-акциялар мен жобалық қадам, Жастар проблемасы: сынтегеуріндер ме, әлде мүмкіндіктер ме? «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы – болашақ жеңістердің бағдары сынды тақырыптар талқыға түсіп, жастар өз ойларын ортаға салды. Сонымен қатар, жастар саясатын іске асыруда басты құжат болып табылатын «Жас Отан» жастар қанатының 2020 жылға дейінгі бағдарламасы қабылданды. (Жалғасы 3-бетте).
Сәрсенбі күні ре спубликалық «Менің Қазақстаным» пойызы Ұлы Жібек жолының күре тамырында орналасқан киелі де құнарлы мекен – Құлан жеріне ат басын тіреді. Луговой ауылындағы темір жол бекетіндегі митингіге жиналған жұртта есеп болмады. Митингіні аудан әкімі Жарылқасын Айтақов құттықтау сөзімен ашса, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі Надежда Нестерова мұндай емен-жарқын кездесулерден өздерінің ешқашан жалықпайтынын айтып, татулықты ту еткен еліміздің көсегесі кең болуын тіледі. Ал «Менің Қазақстаным» пойызының директоры Ғазиз Телебаев, бір айға жуық өздері аралаған 29 стансаның жиынтығы жайлы айтты. Алғашқы топ ең алдымен Луговой ауылындағы Т.Рысқұлов орта мектебінде қоғамдық қабылдау өткізді. Онда тұрғындарды толғандырып жүрген бірнеше сұрақтар ортаға салынды. Халық қалаулысы Надежда Нестерова азаматтарды жеке сұрақтарымен қабылдап, тиісті жауаптарын берді. Бұл шараға облыс әкімінің орынбасары Ерқанат Манжуов та қатысты. Қабылдауда балабақша, Ауған соғысы ардагерлеріне тиісті жәрдемақылар, оралмандар мәселесі сияқты тақырыптар кеңінен
қозғалды. Жалпы тоғыз азаматтың ұсыныспікірлері қабылданып, назарға алынды. Одан кейін Әділет министрлігіне қарасты түрлі құзырлы орғандардың басшылары мен қызметкерлерінен құралған арнайы топ, аудан тұрғындарымен кездесу өткізіп, кеңес берді. Ал аудан орталығындағы №2 орта мектепте өткен басқосу «Н.Ә.Назарбаевтың қоғамдық келісімнің қазақстандық үлгісі» тақырыбында өрбіді. Ауданымыздағы бірден-бір іргелі оқу орны – Құлан ауыл шаруашылығы колледжінде «Мәңгілік Ел жастары – индустрияға» деген тақырыппен кездесу өтті. Пойыз құрамында жоғары с анатты дәрігерлердің келгендігін естіген тұрғындар аудандық ауруханаға көптеп жиналыпты. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі медициналық көмекті ұйымдастыру департаментінің бас сарапшысы Нұрлан Қыдырбаевтың айтуынша, бір күннің ішінде 510 адам тіркеліп, 214 адамға сырқаттарына байланысты көмек көрсетілген. 14 бала облыстық деңгейдегі орталықтарға жіберілді. Сондай-ақ, 2 науқастың үйіне дәрігерлер арнайы барып қарады. (Жалғасы 3-бетте).
ТАРАЗДАҒЫ БЕС ЖАРЫМ ҒАСЫР МЕРЕКЕСІ ОНЫ ЛАЙЫҚТЫ АТАП ӨТУГЕ БАРЛЫҚ ОБЛЫСТАР АТСАЛЫСУДА Жасұлан СЕЙІЛХАНОВ, «Ақ жол». Естеріңізде болса, бұған дейін бұл ұлы тойды өткізу мәселесінде аздаған тартысты жағдайлар болған. Алайда ПремьерМинистрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев жетекшілік еткен арнайы комиссия хандықтың қ ұ р ы л у т а р и х ы Жа м б ы л жерімен тығыз байланысты деген тарихшылар пікірін ескеріп, тойды біздің облыста өткізуді ұйғарды. Облыс әкімдігі
сәулет және қа ла құрылысы басқармасының басшысы Ержан Ахметовтің айтуынша, алғашында хандығымыздың 550 жылдығын Шу ауданындағы « Та с ө т ке л » с у қ о й м а с ы н ы ң маңындағы Қарауылтөбе тұсынан мың гектарлық алқапта өткізу жо с п а рл а н ғ а н е ке н . Ке з і н д е Д.Қонаевтың резиденциясы орналасқан бұл жердің т а б и ғ ат ы е р е к ш е . Д е ге н м е н , далаға инфрақұрылым тартып, тематикалық шатырлар тігу, атшабар дайындап, киіз үйлерді орналастыру біраз қаржы мен еңбекті, уақытты талап еткен.
Т ү п т е п ке л г е н д е т о й т о л ы қ көлемде Таразда өтетін болды. Өйткені, қалада барлық шараны жоғары деңгейде өткізуге қажетті инфрақұрылым мен мәдениспорттық нысанның бәрі бар. – Комиссия жетекшісі Бердібек Сапарбаев өзінің біраз ұсынысын ке л т і р і п , то й ө т е т і н о р ы н д ы Таразға жақындату туралы ойын айтты. Ойлап қарасақ, далаға инфрақұрылым тартатын болсақ, оған кеткен қаржы құмға сіңген судай жоқ болатын түрі бар. (Жалғасы 4-бетте).