ЖАМБЫЛДА
Сарысу ауданы
Мойынқұм ауданы
ДОСЫ КӨПТІ ЖАУ АЛМАЙДЫ, АҚЫЛЫ КӨПТІ ДАУ АЛМАЙДЫ
НЕ ЖАҢАЛЫҚ?
Мойынқұм
Жамбыл облыстық қоғамдықсаяси газет
№98 (18132), Сейсенбі, 11 тамыз, 2015 жыл
ak-jol-taraz@rambler.ru
www. akjolgazet.kz
Шу ауданы
Талас ауданы
Төле би
Жаңатас Қаратау
Жамбыл ауданы
Меркі ауданы
Байзақ ауданы
Аса Жуалы ауданы
Т.Рысқұлов ауданы
Құлан
Меркі
Қордай ауданы Қордай
Бауыржан Момышұлы
=ЖУАЛЫ
Газет 1922 жылғы 1 мамырдан шығады.
«Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында ауданда «Денсаулық жолы» акциясы өткізілді. Аудандық орталық емханада өткен іс-шара барысында тұрғындарға кең көлемді ақпараттар берілді. Облыс орталығынан келген дәрігерлер тобына ауыл тұрғындары тегін қаралып, ем-дом алды.
АУЫС-ТҮЙІС
КЕҢЕСІП ПІШКЕН ТОН КЕЛТЕ БОЛМАС
=ҚОРДАЙ Дәстүрлі «Мектепке жол» акциясы аясында биыл тұрмысы төмен отбасыларынан 3250 балаға 26 миллион теңгенің көлемінде көмек беру ұйғарылды. Акция басталған алғашқы күні-ақ аудан орталығындағы көптеген сауда орталықтары мен кәсіпкерлік жүйелері он үш отбасының мектеп жасындағы балаларына жалпы көлемі 550 мың теңгенің мектеп формасы, сөмкелер және оқу құралдарын тарту етті. Бұл сауапты іске аудандағы барлық ауылдық округтер бойынша кәсіпкерлер мен қалталы азаматтар белсене қатысуда.
=САРЫСУ Игілік ауылдық клубында аудандық ардагерлер кеңесінің ұйымдастыруымен «Атадан – аманат, ұрпақтан – ұлағат» атты атты ардагерлер арасында аудандық сайыс өтті. Олар «Бердім сәлем бәріңе, үлкен-кіші, кәріңе», «Атадан қалған ақ бата, ұрпаққа үлгі бақ бата», «Атадан қалған домбыра, біле білсең, мол мұра», «Атамнан білдім ақыры...» аталымдары бойынша сынға түсті. Жарыс қорытындысы бойынша 1-орынды Жайылма ауылдық округінен Ж. Қозыбағаров жеңіп алды, 2-орынды Жаңатас қаласының тұрғыны О. Қоңырбеков, 3-орынды саудакенттік Р. Жұмабаева иеленді.
=МОЙЫНҚҰМ Осы жылдың 6 айында барлығы 797 шағын кәсiпкерлiк субъектi құрылымдары тіркелген. Оның толықтай және iшiнара жұмыс iстеп тұрғаны 654. Құрылымдар 6 айда 325,0 млн. теңгенің өнімін өндірген. 2014 жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 104,0 % құрап, 12,6 млн. теңгеге артып отыр. Бюджетке 42,1 млн. теңге салық кірістеліп, былтырғы жылдың 6 айымен салыстырғанда 2,9 млн. теңгеге артты.
=ТАЛАС
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Нұр Отан» партиясы Саяси кеңесінің Бюро отырысына қатысты. Отырыс барысында Елбасы үлкен жұмыс атқарғаны үшін Бауыржан Байбекке алғыс айтты және партия Төрағасының жаңа бірінші орынбасары, бұрынғы Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Асқар Мырзахметовті таныстырды. Мемлекет басшысы жұмыс сапарымен Оңтүстік Қазақстан облысына келді. Елбасы сапар аясында облыстық мәслихаттың сессиясына қатысты, оның барысында депутаттар облыстың жаңа әкімі – Бейбіт Атамқұловтың кандидатурасын бір ауыздан мақұлдады.
Қазақстан Президенті бұрынғы әкім А.Мырзахметов үлкен жұмыс атқарғанын, нәтижесінде өңір экономикасы табысты дамып, әлеуметтік нысандар құрылысы белсенді жүргізіліп, қызмет көрсету саласы жүйелі түрде жақсарып келе жатқанын атап өтті. Елбасы жұмыс сапарымен Алматы қаласына келді. Қазақстан Президенті сапар аясында қалалық мәслихаттың сессиясына қатысты. Сессия барысында Алматы қаласының жаңа әкімі Бауыржан Байбектің кандидатурасы депутаттар тарапынан бірауыздан қолдау тапты. Мемлекет басшысы сондай-ақ қала активімен кездесіп, жаңа басшыны
таныстырды және мегаполистің бұдан әрі даму бағыттарын айқындады. Қазақстан Президенті «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясының басшылығына тағайындалған Ахметжан Есімов Алматы қаласының әкімі лауазымында үлкен жұмыс атқарғанын атап өтті. Осы уақыт аралығында қала елеулі нәтижелерге қол жеткізді, келбеті өзгерді, барынша икемді әрі жайлы бола түсті. Баспана құрылысы қарқынды жүргізіліп, жаңадан екі аудан пайда болды. Азиада табысты өткізілді, қазіргі кезде Дүниежүзілік студенттер ойынына дайындық жүріп жатыр. Алматыда
шағын және орта бизнес екпінді дамуда. Оның үлесі қала экономикасында 30 пайыздан асып, бюджет түсімдерінің үштен екісін қамтамасыз етіп отыр. Бұл – маңызды көрсеткіш, – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Қазақстан Президенті атап өткендей, А.Есімовтің тәжірибесі қазіргі уақытта Астанада ЭКСПО көрмесін ұйымдастыру және өткізу үшін қажет. Соңында Нұрсұлтан Назарбаев ел экономикасындағы күрделі ахуалды еңсеру және оның әрі қарай жүйелі дамуы көп жағдайда Алматының табысты дамуымен байланысты екеніне назар аударды.
І. Жансүгіров атындағы орталық кітапхананың ұйымдастыруымен Абай Құнанбаевтың туғанына – 170 жыл толуына орай «Адамзаттың Абайы» деген тақырыпта әдеби-сазды кеш өтті. Онда қала мектептерінің бір топ оқушылары ұлы ақынның өлеңдері мен қара сөздерін жатқа айтып, әндерін орындады. Кеште қаламгер С.Әбсадықұлы Абайдың өмірі туралы сөз сөйлеп, оқушыларды Абай мұрасын құрметтеуге шақырды.
Тұлпары озған елдің, тайы да озады. Халық мақалы.
А ҚЫ Т АНА – Б БАСП
ЕАЭО: АЛЫС-БЕРІС, БАРЫС-КЕЛІС
ША М Ы
ҚОРДАЙ АУЫЛЫНДА ЕЛУ ПӘТЕРЛІК ЖАҢА ТҰРҒЫН ҮЙДІ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРУ САЛТАНАТЫНА ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ БЕКБОЛАТ ОРЫНБЕКОВ ҚАТЫСЫП, ҚОНЫСТАНУШЫЛАРҒА ПӘТЕР КІЛТТЕРІН ТАПСЫРДЫ.
ТАРАЗ ҚАЛАСЫНЫҢ 2000 ЖЫЛДЫҚ ТОЙЫНДА ҚАСИЕТТІ ӘУЛИЕАТА ЖЕРІНЕ АЛЫС-ЖАҚЫН ШЕТЕЛДЕРДЕН ҚОНАҚТАР
АУЫЛЫ АРАЛАС, ҚОЙЫ ҚОРАЛАС...
КЕЛІП, ХАЛЫҚТЫҢ РУХЫ КӨТЕРІЛІП ҚАЛҒАНЫ ӘЛІ ЕСТЕ. БИЫЛ ЖАМБЫЛ ЖЕРІНДЕ ТАҒЫ ДА БІР ДҮБІРЛІ ТОЙ ӨТКЕЛІ ОТЫР. ОЛ – ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНЫҢ 550 ЖЫЛДЫҒЫ.
ТАРАЗДЫҚТАРДЫҢ ТАРТУЫ Қанат ТІЛЕПБЕРГЕН, «Ақ жол». Бүгінде елдігімізді танытатын тойға дайындық Тараз қаласында қызу жүріп жатыр. Шаһар көшелері қайта жаңғыртылып, түрлене түсті. Даңғыл жолдардың бойындағы ескі жарықтандыру жүйелері жаңартылып, тұрғын үйлердің қасбеттері сырланып, жаңадан гүлзарлар салынуда. Бұл тойдың ерекшелігі – қызықты думан-cауықтардан гөрі есте қалатын игі істерге мән берілуде. Тараз қаласын көріктендіру, абаттандыру жұмыстарына өзге өңірлер де атсалысуда. Сондай гүлзарлардың бірі – жергілікті демеушілер есебінен Қайрат Рысқұлбеков саябағы алдында салынып, бүгінде тараздықтардың демалыс орнына айналып үлгерді. Ондағы төрт субұрқақ аптап ыстықта тұрғындар саялайтын орынға айналған. Жалпы, шағын бақтың құрылыс жұмыстарына 20 миллион теңге жұмсалды. Оған аяқ жолдың төсеме тастары, оюы келісті гүлсауыттар, мәрмәрлі орындықтар орнатылып, қоқыс жәшіктері және жарықтандыру жүйелері қайта жаңғыртылды. Сонымен қатар облысымыздың және Тараз қаласының Құрметті азаматтары және Олимпиада жеңімпаздары мен жүлдегерлері, Әлем және Азия чемпионаттары мен Азия ойындарының жеңімпаздарының есімдері жазылған көрнекті тақталар қойылған. Суреттерді түсірген Ақәділ РЫСМАХАН.
ҚУАНЫШТАРЫНДА ШЕК ЖОҚ
Қырғыз Республикасының ЕАЭО-ға кіруі аясында мемлекеттік шекараның ашылу рәсімі 12 тамызда өтеді. Қырғызстанның ЕАЭО-ға кіруі туралы шартқа өткен жылы желтоқсанда Мәскеуде Жоғары еуразиялық экономикалық кеңес отырысында қол қойылған. Шартқа сәйкес ол депозитарий дипломатиялық арналар бойынша елдердің ратификациялау туралы мемлекетішілік рәсімдерді орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарламаны алған сәттен бастап күшіне енеді. Өткен аптада Қазақстанда Қырғызстанның қосылуы бойынша барлық ратификациялық рәсімдер аяқталды. Тиісті құжаттар пакеті мен Қазақстанның нотасы ЕЭК-ке жіберілді. Қырғызстанның Еуразиялық экономикалық одаққа кіруіне және кедендік бақылауды жою туралы рәсімдерді жүргізуге байланысты 12 тамызда сағат 8 сағат 00 минуттан 13 сағат 00 минутқа дейін қырғыздың «Ақжол-автожол» өткізу пунктінде қырғыздық-қазақстандық мемлекеттік шекараны кесіп өтетін тұлғалар, автокөлік құралдары мен жүктерді шекаралық бақылауды жүзеге асыру уақытша тоқтатылады, – деп хабарлады ведомство.
Құрманбек ӘЛІМЖАН, «Ақ жол». Аудан орталығына Алматы жақтан кіре берісте бой көтерген бес қабатты тұрғын үйдің құрылысы өткен жылдың сәуір айында басталған болатын. Бас мердігер – тараздық «Арқат» ЖШС аудан көлеміндегі ең биік ғимараттың құрылысын бас-аяғы бір жарым жылда аяқтап, тұрғындардың игілігіне ұсынды. Оны мемлекеттік комиссия мамыр айының соңында қабылдап алған. Одан бері де
абаттандыру, айналаны көріктендіру жұмыстары жүргізілді. Тұрғын үйде бір бөлмелі – 10, екі бөлмелі – 20 және үш бөлмелі – 20 пәтер бар. Бір бөлмелі бір пәтердің тұрғын алаңы – 18,2 шаршы метр, екі бөлмелісі – 37, үш бөлмелісі – 57 шаршы метрден. Ғимаратқа су, газ кіргізіліп, аулада балалар алаңы, сәкілер, гүлзарлар салынған. Іргедегі жылыту қазандығының жұмысы да сынақтан өткізілген. (Жалғасы 3-бетте).
ОБЛЫСТЫҚ ӘКІМДІКТЕ
ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА ӘЗІРЛІК ҚАЛАЙ? Жанғазы АХМЕТ, «Ақ жол». Биылғы жаңа оқу жылында облыс бойынша 449 мектеп жұмыс істемек. Бұл өткен оқу жылымен салыстырғанда мектептер санының біреуге қысқарғанын көрсетеді. Осы және басқа да мәселелер облыс әкімі Кәрім Көкірекбаевтың төрағалығымен өткен аппарат кеңесінде жан-жақты қаузалды. Аппарат кеңесін ашық деп жарияламас бұрын Кәрім Нәсбекұлы облыс әкімдігі ауыл шаруашылық
басқармасының басшысы болып тағайындалған Нұржан Нұржігітовті таныстырып өтті. Облыс әкімдігі білім басқармасының басшысы Сұлушаш Құрманбекова өңірдегі білім мекемелерінің жаңа оқу жылына дайындығы туралы баяндады. – Жаңа оқу жылында облыс мектептеріне 197 мыңнан аса оқушы келеді деп күтілуде. Оның ішінде 1-сыныпқа 26071 бүлдіршін қадам басады. Бұл көрсеткіштер өткен жылмен салыстырғанда едәуір артып отыр. Ағымдағы жылы 24 білім нысанының құрылысы
жүргізіліп жатыр десек, қазіргі уақытқа дейін Жамбыл ауданы Еңбек ауылындағы 120 орынға арналған орта мектептің құрылысы толық аяқталып, пайдалануға қабылданды. Одан бөлек 13 нысан, яғни 8 мектеп, 5 балабақша жыл соңына дейін пайдалануға беріледі деп күтілуде. 6 мектеп жаңа оқу жылында оқушыларға есігін айқара ашады деп жоспарланған. Олар Шу, Қордай, Т.Рысқұлов, Меркі аудандарындағы орта мектептер. (Жалғасы 3-бетте).