Ж
(АБАЙ).
А
БІРІҢДІ, ҚАЗАҚ, БІРІҢ ДОС, КӨРМЕСЕҢ, ІСТІҢ БӘРІ БОС.
А ҺАН Д
және
Сарысу ауданы
Жамбыл облыстық қоғамдықсаяси газет
Мойынқұм ауданы
ЖАМБЫЛДА
Мойынқұм
Шу ауданы
Талас ауданы
Төле би
Жаңатас Қаратау
Жамбыл ауданы
Меркі ауданы
Байзақ ауданы
Т.Рысқұлов ауданы
Аса
Құлан
Жуалы ауданы
Қордай ауданы Қордай
Меркі
Бауыржан Момышұлы
ak-jol-taraz@rambler.ru
№93 (18287), Бейсенбі, 11 тамыз, 2016 жыл
АҚОРДА
www. akjolgazet.kz
Газет 1922 жылғы 1 мамырдан шығады.
НДА ЖАҺА
«НҰРЛЫ ЖОЛ» – БОЛАШАҚҚА БАСТАР ЖОЛ
БАҒДАРЛАМА АЯСЫНДА 148 ПӘТЕР БЕРІЛДІ
ҚАЗАҚСТАН ПРЕЗИДЕНТІ ПӘКІСТАН ИСЛАМ РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ МАМНУН ХУСЕЙНГЕ КВЕТТА ҚАЛАСЫНДА БОЛҒАН ТЕРРОРЛЫҚ АКТІГЕ БАЙЛАНЫСТЫ КӨҢІЛ АЙТУ ЖЕДЕЛХАТЫН ЖОЛДАДЫ
Жед е л хат т а Ме м л е ке т басшысының Кветта қаласында болған террорлық акт салдарынан көптеген жазықсыз адамның қаза болғаны туралы суыт хабарды зор күйзеліспен қабылдағаны атап өтілген. «Қазақстан жаһандық қауіпсіздікке қатер төндіретін халықаралық экстремизм мен терроризмнің әрекеттерін қатаң айыптайды. Әлемдік қауымдастықтың осы қауіпқатердің таралуына қарсы күрестегі күш-жігерін толық қолдаймыз», – делінген жеделхатта. Нұрсұлтан Назарбаев қайғыға ортақтаса отырып, Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан қаза болғандардың отбасыларына және жақындарына, сондай-ақ барша достас Пәкістан халқына көңіл айтты. Елбасы зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді.
Маржан РАҚАЙ, «Ақ жол».
Кеше Премьер-Министр Кәрім М ә с і м о вт і ң т ө р а ғ а л ы ғ ы м е н Үкіметтің селекторлық режімдегі кезекті отырысы өтті. Онда «Нұрлы жол» инфрақұрылымды д а м ы туд ы ң 2 0 1 5 - 2 0 1 9 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы, «100 нақты қадам» – Ұлт жоспарын іске асыру және астық жинау жұмыстарының барысы талқыланды. Кеңесте Ұлттық экономика вице-министрі Марат Құсайынов осы жылдың 8 айында «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша 8,9 мың шаршы метр тұрғын үй немесе 148 пәтер пайдалануға берілгенін мәлімдеді. Бұдан өзге, вице-министр «Самұрық-Қазына» қоры бағдарлама операторы жылжымайтын мүлік қорына 42,9 миллиард теңге аударғанын, олар бойынша толық келісім жасалып, тамыз айының ішінде б ө л і н г е н қ а р а ж ат и г е р і л е бастайтынын айтты. Жалпы, мемлекеттік бағдарлама аясында бөлінген Ұлттық қор қаражатын игеруде жоспар кешеуілдеп орындалуда. Сонымен қат ар, «Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамыту мемлекеттік бағдарламасы бойынша елде 13 мектеп пен 8 балабақша салынған. Бұл туралы аталған жиын барысында ҚР Білім және ғылым вице-министрі Бибігүл Асылова мәлімдеді.
КІТАП ОҚУ АДАМ ӨМІРІН ЕКІ ЖЫЛҒА ҰЗАРТАДЫ
Ғалымдар әдебиетке деген сүйіспеншілік адамның зияткерлік деңгейіне оң әсер етіп қана қоймай, оның өмірін де ұзартатынын анықтады. Йель университетінің қызметкерлері көп жылдық зерттеу жүргізді, нәтижесінде көп оқитын адамдар кітап оқымайтындарға қарағанда, орташа екі жыл артық өмір сүретінін көрсеткен. =ТАИЛАНД АЯҒЫ ЖОҚ ИТ ПРОТЕЗДІҢ КӨМЕГІМЕН ЖҮГІРІП КЕТТІ
Таиландта алдыңғы екі аяғы жоқ ит протездің көмегімен қайта жүре бастады. Кола деп ат қойылған ит көршінің аяғынан қапқан, бұған қатты ашуланған ол семсермен алдыңғы екі аяғын шауып тастаған екен. Бұл оқиға әлеуметтік желіде қоғамдық пікір туғызып, кеңінен талқыланды. Осыдан соң желі пайдаланушылары жануарды емдеуге қаржы жинай бастады. Қайырымды жандардың арқасында ветеринар дәрігерлер итке протез жасап берген.
«Ағымдағы жылы Ұлттық қор қаражаты есебінен білім беру нысандарын салуға 57,9 миллиард теңге бөлінді, соның нәтижесінде 96 нысан салынып жатыр, оның 77-і мектеп және 19-ы балабақша», – деді Білім және ғылым вице-министрі. Келесі кезекте «100 нақты қадам» – Ұлт жо спарын іске асыру мен астық жинау жұмыстарының барысы талқыланды. Аталған мәселелер
бойынша өңір басшыларының да мәліметін тыңдаған Үкімет басшысы тиісті министрліктер мен облыс әкімдеріне және о сы мәс елелерді тікелей қадағалайтын облыс әкімдерінің орынбасарларына нақты тапсырмалар берді. Селекторлық кеңе сте айтылған мәселелер мен берілген тапсырмалардың орындалуын үйлестіру үшін облыс әкімі Кәрім Көкірекбаев орынбасарлары
Б е к б о л а т О р ы н б е ко в п е н Тимур Жанкеге бірқат ар жұмыстар жүктеді. Олардың қат арында «Нұрлы жол» және «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламаларының жүзеге асырылуы, Тараз қаласындағы жылу жүйелерінің жаңғыртылуы, қаржы игеру, облысқа инве стиция тарту, астық ору науқанын аяқтау мен дизельді отын мен мазут қорын жинақтау мәселелері бар.
ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР БІРІНШІЛІКТІ ҚОЛДАН БЕРМЕДІ
Құрманбек ӘЛІМЖАН, «Ақ жол».
»М
Мұрат СВАНОВ, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы.
СІ ИФЕ АН
ЖҰМЫР ЖЕРДІҢ ТЫНЫШТЫҒЫ ҚЫМБАТ
Қазіргі кезде әлемде орын алып жатқан түрлі қақтығыстар жан түршіктіреді. Ұлы Дала елінде мызғымас тыныштық пен бейбітшілік салтанат құрып тұр. Мұның бәрі салиқалы саясаткер Елбасының ерен еңбегінің нәтижесі екені баршамызға мәлім. Татулық пен достықтың алтын бесігіне айналған қазақ даласына, Қазақстан мемлекетіне әлем елдері сүйсіне, қызыға қарайтыны ақиқат. Қалай десек те, бүгінгі таңда адамзат атаулы соғыстың қатер екенін, оның ішінде ең қауіптісі ядролық арсенал екендігін түсінді. Вашингтонда өткен, күллі әлемнің назарын аударған Ядролық қауіпсіздік жөніндегі ІV саммитте Қазақстан Президентінің сөз сөйлеп, ядролық қауіпсіздік туралы өте өзекті, өткір проблемалар жайында мәселе көтеруі – Қазақстанның халықаралық аренадағы өзіндік орнын, принципін тағы бір мәрте айқындап бергені даусыз. Нұрсұлтан Назарбаев өз манифесінде қазіргі таңда ядролық қарудан келетін қатерлердің сейілмей, қайта ұлғайып бара жатқаны әлем халқының қаперіне тағы бір мәрте салып өтті. Құлашын кеңге жайып үлгерген озбыр террорлық ұйымдар мен аймақтық ұлтаралық қақтығыстардан туындап отырған түйінді мәселелердің бар екенін де тіліне тиек етіп, жаһандық деңгейдегі ойды қозғады. Әлемді ядролық қарусыздандыру туралы бастама көтерген саясаткерлердің көшбасында Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев тұратыны аян. 1991 жылы 29 тамызда Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Семей ядролық полигонын жабу туралы Жарлық шығарды. Арада бірер жыл уақыт өткенде, дәл осы күн Ядролық сынаққа қарсы халықаралық іс-қимыл күні ретінде бекіді. Сол кезеңдерден бергі аралықта Елбасы атқарылып жатқан талай игі бастамалардың қасынан табылып жүр. Ең бастысы, Президенттің тың идеяларының бәрі де әлемдік қоғамдастық тарапынан үлкен қолдау тауып отыр. Қазақ – қашанда бауырмал халық. Елбасы өзінің ядролық қарусыздану туралы тың ойлары арқылы әлем жұртын тыныштыққа, бауырмалдыққа, татулыққа кезекті мәрте үндеді. Бірлік болған жерде берекелі тірлік болатынын жаһан жұртшылығына тағы бір мәрте жеткізді. Т. Рысқұлов ауданы.
АЛҒАШ РЕТ ҰЯЛЫ БАЙЛАНЫС СПУТНИГІН ҰШЫРДЫ
ҚХР-да алғашқы ұлттық ұялы байланыс спутнигі ұшырылды. «Tiantong-01» аппаратын іске қосу Сичан ғарыш айлағынан жүргізілді. Орбитаға спутникті «Long March-3B» зымыранын шығарды. «Синьхуа» агенттігінің мәліметтері бойынша, бұл спутник елдің ақпараттық ғарыш инфрақұрылымының басты оқиғасы болмақ. Қытай тағы бірнеше геостационарлық спутниктерді ғарышқа аттандыруды жоспарлауда. =АҚШ
«АРМИЯ ОЙЫНДАРЫ – 2016»
«ӘЛЕМ . ХХ І ҒА СЫ Р
=ҚЫТАЙ
«АРМИЯ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ОЙЫНДАРЫ – 2016» АЯСЫНДА ОТАРДАҒЫ 40-ӘСКЕРИ БАЗАНЫҢ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ПОЛИГОНЫНДА ӨТКІЗІЛГЕН «АРТИЛЛЕРИЯЛЫҚ ОҚ АТУ ШЕБЕРЛЕРІ» ЖӘНЕ «МЕРГЕН ШЕБІ» БАЙҚАУЛАРЫНДА ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ӘСКЕРИЛЕР АБСОЛЮТТІ ЖЕҢІСКЕ ҚОЛ ЖЕТКІЗДІ. БАРЛЫҚ КЕЗЕҢДЕРДІҢ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ БОЙЫНША БІЗДІҢ МЕРГЕНДЕР МЕН АРТИЛЛЕРИЯШЫЛАР ҮЗДІК НӘТИЖЕ КӨРСЕТІП, ЖАРЫСТЫҢ ЕКІ ТҮРІНЕН ДЕ БІРІНШІ ОРЫНДЫ ЕНШІЛЕДІ. ҚАЗАҚСТАН ЖЕРІНДЕ АЛҒАШ РЕТ ӨТКЕН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИР ЖЕҢІМПАЗДАРЫН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚОРҒАНЫС МИНИСТРІ ИМАНҒАЛИ ТАСМАҒАМБЕТОВ ҚҰТТЫҚТАДЫ.
=ТАРАЗ ТӘУЕЛСІЗДІК МОНУМЕНТІ БОЙ КӨТЕРУДЕ
Тәуелсіздіктің 25 жылдығы құрметіне Төле би көшесінің бойында монумент құрылысы жүріп жатыр. Бұл үшін облыстық бюджеттен 108 миллион теңге бөлінген. Құрылыс жұмысын «Арай строй маркет» ЖШС жүргізуде. Нысан құрылысы осы айдың аяғында аяқталмақ. =ЖАМБЫЛ АРДАГЕРЛЕР АСТАНАДА
Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай ауданның 25 ардагері Астанаға аттанды. Олардың бұл сапарына аудан әкімі М.Мұсаев бас болып, аудандық ардагерлер ұйымы қолдап, кәсіпкерлер демеушілік жасады. Ауданның өсіп-өркендеуіне, дамуына өзіндік үлес қосқан ардагерлер Астананың көрікті орындарымен танысып, демалып, тамашалап қайтады. =ҚОРДАЙ АЛТЫ ЖЫЛ ҚАҢЫРАП ТҰРҒАН ЕДІ
2010 жылдан бері апатты жағдайда тұрған, есігіне қара құлып ілінген Степной ауылдық мәдениет үйін күрделі жөндеуге биыл бюджеттен 83 миллион теңге қарастырылған болатын. Тендердің жеңімпазы тараздық «Темір Байлық» ЖШС нысанның төбесін бүтіндей жаңартып, есік-терезелерін ауыстырып, іші-сыртын қайта сылап, барынша әрлеп, мәдениет ошағын қазан айында пайдалануға беруді көздеп отыр.
Айнаға үйір бойын түзейді, Халыққа үйір ойын түзейді.
(Жалғасы 2-бетте).
А ЖАҢ
А ЫЛД Б М А Ж
ДЫҚ ҚАЛАЙ? ЫНА ДАЙЫН Л Ы Ж ОҚУ
«АЛТЫ ЖАСАР АЛПАМЫС МЕКТЕПКЕ БАРАДЫ»...
НЕМЕСЕ БІРЫҢҒАЙ ФОРМАҒА КӨШУ МӘСЕЛЕСІНІҢ МӘН-ЖАЙЫ Ардақ ҮСЕЙІНОВА, «Ақ жол». Сабақтың басталуына тұп-тура үш аптадай уақыт қалды. Бір-бір үйдің еркетотайлары, «алты жасар Алпамыстары» мектепке барады. Баруын барады-ау, бірақ не киіп барады? Мәселе осында... Жаңа оқу жылына дайындық – ешқашан ескірмейтін, мәнін жоймайтын тақырып. Білім нысандарының жөндеу жұмыстары, мекемелердің қысқа дайындығы, оқушыларды оқулықтармен қамтамасыз ету секілді науқандық жұмыстарға биыл бірыңғай мектеп формасын енгізу деген мәселе тағы қосылды. Мәселе дегенде, жұрт шулап, дабыра қылатындай да нәрсе емес негізі. Мектеп басшылары мен ата-аналардың өзара келісімімен шешуге де болады оны. Бірақ, қағыс естіп, «Барлық мектеп бірыңғай формаға көшеді екен, енді қайттік?» деп жүргендер де жоқ емес. «Баламыздың мектепке не киіп баратынын мұғалімдер айтады» десіп, жайбарақат отырған ата-ана да бар. (Жалғасы 2-бетте).
ЖАЗЫЛЫМ – 2016
«АҚ ЖОЛ» – әр шаңыраққа! Ахмет БАЙТҰРСЫНҰЛЫ: «Газет — халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек. Дүниеде болып жатқан істер, сөйленіп жатқан сөздер — кімге пайдалы? Кімге зарарлы екендігін күні бұрын біліп, пайдалы болса, шаттанып, зарарлысынан сақтандырып тұрады».
«ҚАЗПОШТА» БАЙЛАНЫС БӨЛІМШЕЛЕРІНДЕ: ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАР ҮШІН
ЖЕКЕ ТҰЛҒАЛАР ҮШІН
Ауылдағы кәсіпорындар мен ұйымдарға: 6 айға – 3185,10 теңге 1 жылға – 6370,20 теңге ИНДЕКСІ 15457
Ауыл тұрғындарына: 6 айға – 2935,08 теңге 1 жылға – 5870,16 теңге ИНДЕКСІ 65457
Тараз, Қаратау, Жаңатас, Шу қалалары бойынша 6 айға – 2849,76 теңге 1 жылға – 5699,52 теңге ИНДЕКСІ 15457
Тараз, Қаратау, Жаңатас, Шу қалалары бойынша 6 айға – 2599,74 теңге 1 жылға – 5199,48 теңге ИНДЕКСІ 65457
ТАРАЗ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ ҮШІН: «Эврика-пресс» ЖШС, «Тараз-пресс» ЖШС, «ERNUR-PRESS» ЖШС бөлімшелері арқылы жазылуға болады.