11 қараш пдф 2018 ж

Page 1

www. akjolgazet.kz

AQ JOL ЖАМБЫЛ ОБЛЫСТЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ ГАЗЕТ

«Біз жаңа заманға сай болу үшін Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы тарихи өрлеу бастауында тұрған біртұтас ұлт болуымыз керек».

№4 (18498) БЕЙСЕНБІ 11 ҚАҢТАР 2018 ЖЫЛ

Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ 1922 ЖЫЛҒЫ 1 МАМЫРДАН ШЫҒА БАСТАДЫ

Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері Қазақстан Республикасының Президенті Н. НАЗАРБАЕВТЫҢ Қазақстан халқына Жолдауы

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауына қатысты МӘЛІМДЕМЕСІ Қымбатты отандастар! Қазақстан əлемдегі түрлі сынақтарға төтеп беріп, қарқынды экономикалық даму жолына бет алды. Еліміздің 2050 жылға дейінгі ұзақ мерзімді Даму стратегиясы жүзеге асырылуда. Жүз нақты қадам Ұлт жоспары аясында біз реформаларды жүргізіп келеміз. Индустрияландыру саласын өркендету үшін жүйелі жұмыстар атқарылуда. Біз конституциялық реформаны жүзеге асырып, еліміздің Үшінші жаңғыруын бастадық. Рухани жаңғыру бағыты бойынша кешенді іс-шаралар жүргізілуде. «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы қабылданды. Құрметті қазақстандықтар! Бүгін адамзат жаңа өнеркəсіптік революция дəуіріне аяқ басып отыр. Заманауи технологиялар дүниені өзгеріске ұшыратуда. Жаһандық технологиялық ілгерілеушіліктер өзімен бірге сын-қатерлерді де, сондай-ақ өсімнің жаңа мүмкіндіктерін де алып келуде. Бұл – біздің əлемдегі аса дамыған 30 елдің қатарына жедел ену үшін тарихи мүмкіндігіміз. Менің Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауым жарияланды. Ол елімізді Төртінші өнеркəсіптік революция жағдайында дамытуға арналған. Мен алдымызда жүзеге асыратын 10 негізгі міндетті көріп тұрмын. Енді олардың мəнін қысқаша мазмұндап берсем деймін. Бірінші. Қазақстан индустриясы жаңа технологияларды енгізудің көшбасшысына айналуы тиіс. Б і зд і ң ө н е р к ə с і б і м і з ге е ң бе к өнімділігінің деңгейін өндірістік проце стерді цифрландыру жəне заманауи бизнесмодельдерді меңгеру арқылы арттыру керек. Е к і н ш і . Р е с у р с т ы қ ə л еу е т т і пайдаланудың тиімділігін айтарлықтай жақсартқан жөн. Ақпараттық-технологиялық шешімдерді енгізу талап етіледі. Олар алынатын ресурстардың үлесін, оларды қайта өңдеудің ауқымын ұлғайтуға, сондай-ақ өндірістің энергия тиімділігі мен экологиялылығын

арттыруға мүмкіндік береді. Үшінші. Агроөнеркəсіп кешенін жаңа технологиялық деңгейге көтеру керек. Бұл ауыл шаруашылығында еңбек өнімділігі мен өңделген өнім экспортын түбегейлі арттыруға тиіс. Т ө рт і н ш і . Тр а н с п о рт п е н логистикалық инфрақұрылымды одан əрі дамыта беру. Цифрлық технологияларды енгізу мен Интеллектуалды транспорт жүйесін құру жүк тасымалдау мерзімдерін қысқартуға жəне транзиттен түсетін табыстарды еселеуге мүмкіндік береді. Бесінші. Құрылыс пен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығында заманауи технологияларды қолдану. Құрылыстың жаңа тəсілдері, ғимараттардың энергия тиімділігіне талаптардың арттырылуы, инфрақұрылымдарды басқарудың интелл ектуалдық жүйел ері қазақстандықтардың өмір сапасын жақсартуға мүмкіндік береді. Алтыншы. Қаржы секторын «қайта жаңғырту». Банк жүйесін сауықтыру шаралары бақылауды күшейтумен қоса жүруі ж ə н е қ а р ап а й ы м а з а м ат т а рд ы ң мүддесін ескеруі тиіс. Банк иелері мен оларды басқаратындардың жауапкершілігін айтарлықтай арттыру қажет. Несиелендіруді кеңейту жəне қор нарықтарын дамытуды қамтамасыз ету талап етіледі. Жетінші. Адами капиталдың жаңа сапасы. Білім беру жүйесінің барлық деңгейі заман шындығы мен экономика сұраныстарына жауап беруі тиіс. Бұл арада мұғалім мамандығының беделін арттыру керек. Денсаулық сақтау саласында жаңа технологияларды қолдану аурулардың алдын алу мен емдеуді айтарлықтай жақсартып, медициналық қызмет көрсетулердің сапасын жоғарылатуы тиіс. 2016-2017 жылдары əлеуметтік төлемдер үш рет арттырылды. Оның ішінде базалық зейнетақылар 29%-ке, ынтымақты зейнетақылар 32%-ке, денсаулық сақтау саласы қызметкерл ерінің еңбекақылары 28%-ке дейін, білім беру саласы қызметкерлерінің еңбекақылары 29%-

ке дейін, мемлекеттік қызметшілердің еңбекақылары 30%-ке ұлғайтылды. Бұл үрдіс жалғастырылатын болады. Үстіміздегі жылы əлеуметтік салаға деген бюджет шығындары 12%-ке арттырылып, 4 триллион теңгеден асып түседі. Базалық зейнетақы жұмыс өтілі ескеріле отырып орташа есеппен 1,8 есе көбейеді. Оқу бағдарламаларының жаңартылған мазмұны аясында оқудан өткен мұғалімдердің лауазымдық жалақысы біліктілігін дəлелдеуіне байланысты 30-дан 50%-ке дейін өсетін болады. Сегізінші. Бұл – тиімді мемлекеттік басқару. Цифрлық технологиялар бизнесті реттеуге қатысуды əрі қарай азайтуды жалғастыруға, мемлекеттік қызмет көрсетулер мен мемлекеттік қолдау с апасын жақс артуға, азаматт ар сұранысын толығырақ е скеруге мүмкіндік береді. Өңірлердің экономикалық еркіндігі мен жергілікті өзін-өзі басқаруы кеңейтілетін болады. Тоғызыншы. Заң үстемдігі мен жемқорлықпен күрес мемлекеттік саясаттың басым бағыттары болып қала береді. Оныншы. «Смарт Сити» технологияларын енгізу өсіп келе жатқан қалалардың проблемаларын тиімді шешуге мүмкіндік беріп, олардың инвесторлар үшін тартымдылығын арттырады. Бүгінде баршамызға осы он міндетті шешу жолында жұдырықтай жұмылу қажет. Олар Жолдаудың толық мəтінінде егжей-тегжейлі мазмұндалған. Құрметті қазақстандықтар! Аталған міндеттерді орындау үшін бүкіл қоғамның бірлігі мен ынтымағы керек. Ол үшін Үкімет пен əкімдер кеңінен түсіндіру жұмыстарын жүргізуі қажет. Отанымыздың көркеюі əркімнің жаңа «цифрлық дəуір» талаптарына сай болуына байланысты. Осыны əрбір қазақстандық терең түсінуі керек. Қазақстанның жарқын болашағы жолында барлық мақсаттарға қол жеткізетінімізге кəміл сенемін!

Құрметті қазақстандықтар! Бүгінде әлем Төртінші өнеркәсіптік революция дәуіріне, технологиялық, экономикалық және әлеуметтік салалардағы терең және қарқынды өзгерістер кезеңіне қадам басып келеді. Жаңа технологиялық қалып біздің қалай жұмыс істейтінімізді, а з а мат т ы қ қ ұ қ ы қ т а р ы м ы зд ы қалай іске асыратынымызды, балаларымызды қалай тәрбиелейтінімізді түбегейлі өзгертуде. Біз жаһандық өзгерістер мен сынқатерлерге дайын болу қажеттігін ескеріп, «Қазақстан – 2050» даму стратегиясын қабылдадық. Алдымызға озық дамыған отыз елдің қатарына кіру мақсатын қойдық. 100 нақты қадам – Ұлт жоспары жүзеге асырылуда. Оның 60 қадамы қазірдің өзінде орындалып қойды. Қалғандары, негізінен, ұзақ мерзімге арналған ж ә н е жо с п а р л ы т ү р д е і с ке асырылуда. Өткен жылы Қазақстанның

Үшінші жаңғыруы бастау алды. Индустрияландыру бағдарламасы табысты іске асуда. «Цифрлық Қазақстан» кешенді бағдарламасы қабылданды. Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі дамуының кешенді стратегиялық жоспары жасалды. Біздің ұзақ мерзімді мақсаттарымыз өзгеріссіз қала береді. Қажетті бағдарламалардың барлығы бар. Бұл Жолдау жаңа әлемге, яғни Төртінші өнеркәсіптік революция әлеміне бейімделу мен жетістікке жету жолын табу үшін не істеу қажеттігін айқындайды. Құрметті отандастар! Біз әлем елдерінің сенімі мен құрметіне бөленіп, брендке айналған тәуелсіз Қазақстанды құрдық. 2017 жылы біздің ел БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі болды. 2018 жылдың қаңтар айында оған төрағалық етудеміз.

Біз дүниежүзілік ЭКСПО мамандандырылған көрмесін өткізу үшін әлемдік қоғамдастық таңдап алған ТМД және Шығыс Еуропа елдері арасындағы бірінші мемлекет болдық. Қазақстанда табысты жұмыс істеп келе жатқан нарықтық экономика моделі қалыптасты. 2017 жылы еліміз әлемдік дағдарыстың қолайсыз салдарын еңсеріп, сенімді өсу жолына қайта түсті. Жыл қорытындысы бойынша ішкі жа лпы өнімнің өсуі 4 процент болып, ал өнеркәсіптік өнімнің өсуі 7 проценттен асты. Бұл орайда, өнеркәсіптің жалпы көлемінде өңдеуші сектордың үлесі 40 проценттен асып түсті. Қазақстанның қолайлы дамуы орта таптың қалыптасуына мүмкіндік берді. Кедейшілік 13 есе қысқарып, жұмыссыздық деңгейі 4,9 процентке дейін төмендеді. Жалғасы 2-3-беттерде

АСҚАР ИСАБЕКҰЛЫ МЫРЗАХМЕТОВ – ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы А. И. Мырзахметовті Жамбыл облысының әкімі қызметіне тағайындау туралы Асқар Исабекұлы Мырзахметов Жамбыл облысының әкімі болып тағайындалсын. Қазақстан Республикасының Президенті Н. НАЗАРБАЕВ Астана, Ақорда, 2018 жылғы 10 қаңтар № 619 Асқар Исабекұлы Мырзахметов 1962 жылғы 1 қазанда Шымкент қаласында дүниеге келген. Ауыл шаруашылығы және экономика мамандықтары бойынша білім алған. 1997–2006 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы ПремьерМинистрінің кеңесшісі, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министрі, бірінші вицеминистрі және Ауыл шаруашылығы министрі лауазымдарында қызмет атқарған. 2006 жылғы сәуірден 2007 жылғы қыркүйек арасында Қ а з а қ с т а н Ре с п убл и ка с ы н ы ң Өзбекстан Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі. 2007 жылғы қыркүйектен 2009 ж ы л ғ ы н ау р ы з а р а л ы ғ ы н д а

– «Оңтүстік» Әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы» Ұлттық компаниясы» АҚ басқармасының төрағасы. 2009 жылғы наурыздан 2015 жылғы тамызға дейін – Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі. 2015 жылғы тамыздан бастап 2016 жылғы мамырға дейін – «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары. 2016 жылғы мамырдан – ҚР Ауыл шаруашылығы министрі. Мемлекет басшысының Жарлығымен 2016 жылдың маусымынан ПремьерМинистрдің орынбасары қызметін атқарған (ҚР ПремьерМинистрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрі болды).

БАСТЫ МІНДЕТ – ЕЛБАСЫ ТАПСЫРМАЛАРЫН ОРЫНДАУ

Кеше Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасымен Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев пен Президент Әкімшілігінің басшысы Әділбек Жақсыбеков облыстық мәслихаттың кезектен тыс сессиясына қатысты. Отырыс барысында Үкімет басшысы Президенттің облыстық мәслихат депутаттарына бағытталған облыс әкімі қызметіне Асқар Мырзахметовті тағайындау туралы ұсынысы жазылған хатты оқып берді. Депутаттар Мемлекет басшысы ұсынған кандидатураны бірауыздан қолдады. Бұдан кейін ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев пен Президент Әкімшілігінің басшысы Әділбек Жақсыбеков облыс активімен кездесіп, жиын барысында жаңа әкімді таныстырды.

Үкімет басшысы облыстың бұрынғы әкімі Кәрім Көкірекбаевқа бірлесіп атқарған жұмыс үшін алғыс айтты. Таныстыру барысында Бақытжан Сағынтаев Асқар Мырзахметовтің түрлі жауапты басшылық лауазымдардағы мол тәжірибесін атап өтіп, жаңа басшылыққа Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арнаған «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауын іске асыру бойынша бірқатар нақты міндеттер қойды. Сондай-ақ, облыс активімен кездесуде «Қазфосфат» ЖШС-ның бас директоры, Қазақстанның Еңбек Ері Мұқаш Ескендіров, облыстық қоғамдық кеңес төрағасы Жандар Кәрібаев сөз сөйледі.


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.