ДОСЫ КӨПТІ ЖАУ АЛМАЙДЫ, АҚЫЛЫ КӨПТІ ДАУ АЛМАЙДЫ
Кеше Астанадағы Бейбітшілік жəне келісім сарайында Əлемдік жəне дəстүрлі діндер лидерлерінің V съезі өз жұмысын бастады
Жамбыл облысты о амды саяси газет
№70 (18104), Бейсенбі, 11 маусым, 2015 жыл
ak-jol-taraz@rambler.ru
www. akjolgazet.kz
Газет 1922 жыл ы 1 мамырдан шы ады.
ӘЛЕМДІК ЖӘНЕ ДӘСТҮРЛІ ДІНДЕР ЛИДЕРЛЕРІНІҢ V СЪЕЗІ
Елбасы Əлемдік жəне дəстүрлі діндер лидерлерінің V съезіне қатысуға келген Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы Пан Ги Мунмен кездесті. Кездесу барысында Нұрсұлтан Назарбаев пен Пан Ги Мун өтіп жатқан Əлемдік жəне дəстүрлі діндер лидерлері
съезінің жұмысын талқылады жəне ынтымақтастықты одан əрі нығайту жолдарын қарастырды. Қазақстан Президенті Бас хатшының съезд жұмысына қатысуы іс-шараның маңызын айтарлықтай арттыра түсетініне назар аударды. – Сіз экономика мен саясатқа, конфессияаралық мəселелерге қатысты алмағайып кезең орын алған қазіргі шақтағы жұмысбастылығыңызға, БҰҰ-ның 70 жылдығына дайындық жұмыстары жүріп жатқанына қарамастан біздің елімізге келіп отырсыз. Сонымен қатар, сіз ядролық полигонды жабу жөніндегі бастамамызды қолдадыңыз. 29 тамыз Ядролық сынақтарға қарсы халықаралық іс-қимыл күні ретінде атап өтіледі. Қазақстан бүгінгідей форумдар өткізу арқылы жер бетінде бейбітшілік орнату ісіне өз үлесін қосып келеді деп есептеймін, – деді Мемлекет басшысы. Пан Ги Мун əлемдік діндер көшбасшылары жиналған осындай маңызды іс-шараға қатысуға шақырғаны үшін Нұрсұлтан Назарбаевқа алғыс айтты.
Ш ЛА О Б
ІЛ ІЛТІ – Б К Қ А
Елбасы Əлемдік жəне дəстүрлі діндер лидерлерінің V съезі аясында өткен Діни лидерлер кеңесінің екінші отырысына қатысты. Қазақстан Президенті өз сөзінде бұған дейінгі IV съезде Діни лидерлер кеңесін құру ісі Астанада өткен форумға қатысушылар арасында қалыптасқан сенімнің заңды нəтижесі екенін атап көрсетті. – Діни лидерлер кеңесі жалпы əлемдік рухани-адамгершілік құндылықтарды нығайту, діндер мен мəдениеттердің арасындағы өзара түсіністік пен келісімге қол жеткізу ісінде маңызды рөл атқаратынына сенімдімін. Əлем дамуының қазіргі барысы жаһандық конфессияаралық диалогтың осындай бірегей тетігіне деген сұраныс өсіп келе жатқанын көрсетіп отыр, – деді Мемлекет басшысы. Нұрсұлтан Назарбаев осының алдындағы съезден соңғы үш жыл ішінде əлем жұртшылығы адамдар арасына діни əркелкілік арқылы іріткі салудың жаңа
əрекеттеріне тап келіп отырғанына назар аударды. – Əскери жəне ішкі қақтығыстар көбейді, оған қатысушылар адамдардың діни ұстанымын белс енді пайдалануда. Бізді о сындай қақтығыстардың бірі мұсылмандардың ең басты киесі, Ислам əлемінің бесігі – Мекке мен Мəдинеге жақын маңда – Иеменде тұтанғаны алаңдатпай тұра алмайды. Бірқатар экстремистік топтардың іс-қимылдары түрлі конфессияны ұстанушылардың арасында жаулық тудырып, Азия мен Африкадағы көп қоғамды жікке бөлуде. Украинаның шығысында қалалар мен селоларды атқылау кезінде храмдардың бүлінгені туралы хабарлар да алаңдатады, – деді Қазақстан Президенті. Мемлекет басшысы жаһандық лаңкестіктен төнген қатер «ислам мемлекеті» деген акция түріндегі мейлінше қауіпті сатыға көшкенін атап айтты. – Содырлар жа лған діни көзқарас ықпалымен Ирак пен Сирияда мыңдаған жылдар бойғы өркениеттердің мəдени
мұраларын əдейі қиратуда. Олар өзге дін ұстанушыларды, журналистер мен еріктілерді жария түрде өлім жазасына кесудің сұмдық шараларын ұйымдастырып, интернет арқылы таратуда, – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Қазақстан Президенті əлемнің барлық діндері ұстамдылық пен төзімділікке, соғыстар мен қақтығыстарды тоқтатуға, бейбітшілікке жəне адамдар арасындағы келісімге шақыратынын атап өтті. – Исламды экстремизм мен лаңкестіктің кез-келген формасын ақтау үшін пайдалануға тырысу – күпірлік. Осынау күрделі кезеңде барлық діни қайраткерлерді өз жамағаттарын татулық пен келісімге, толеранттылық пен кешірімділікке үндеуін еселей түсуге шақырамын, – деді Мемлекет басшысы. Нұрсұлтан Назарбаев кез-келген халық өз бірлігін бағалап, сақтай білгенде ғана өміршең əрі ұлы болатынын атап көрсетті. – Қазақстан халқы даналығы арқасында біртұтас болып отыр. Біздің халқымыздың даңқы да, қуаты да достықта,
өзара түсіністікте, келісім мен бірлікте, толеранттылықта. Бұл – біздің еліміз қатарына кіруге ұмтылып отырған озық отыз елдің ең биік құндылықтары. Осы ізгі мақсат үшін «Қазақстан-2050» стратегиясын жүзеге асырудамыз. Бес институционалдық реформаны іске асыруға кірістік. Ұлт жоспары – Қазақстанды жаңғыртудың 100 қадамы барлық қазақстандықтарға этникалық жəне діни айырмашылықтарына қарамастан лайықты тұрмыс жағдайын жасауға бағытталған, – деді Қазақстан Президенті. Мемлекет басшысы еліміз Діни лидерлер кеңесінің Əлемдік жəне дəстүрлі діндер көшбасшылары съезінің идеялары мен шешімдерін ілгерілету жұмысына жан-жақты қолдау көрсететінін атап өтті. Қазақстан Президенті діннің рухани бастапқы негіз ретіндегі рөліне баға жетпейтініне назар аударды. (Жалғасы 2-бетте).
ІМДЕ
МАҚТАНСАҢ, БІЛІМДІ ҰРПАҒЫҢМЕН МАҚТАН! ОБЛЫС ӘКІМІ КӘРІМ КӨКІРЕКБАЕВ ДАРЫНДЫ ОҚУШЫЛАРДЫ ҚАБЫЛДАДЫ
ХАНДЫҚТЫҢ ТОЙЫ – ХАЛЫҚТЫҢ ТОЙЫ
Құдайға құрмет елдің салты, Еліне құрмет ердің даңқы.
Халық мақалы.
ОҒАН АТСАЛЫСУ – ӘРБІР АЗАМАТТЫҢ ПАРЫЗЫ Жанғазы АХМЕТ, «Ақ жол». Хандықтың тойы – халықтың тойы. Оған барша халық болып атсалысуымыз керек. Облыс əкімінің бірінші орынбасары Бекболат Орынбеков ашып, жүргізіп отырған жиынға облыс кəсіпкерлері қатысты. – Бүгінгі таңда тойға үш айдай ғана уақыт қалды. «Тойдың болғанынан боладысы қызық» демекші, қазір тойға жанжақты дайындық жұмыстары қызу жүргізілуде. Оған бүкіл ел болып білек сыбана кірісуде десек артық айтқандық емес. Барлық облыстар Тараз шаһарынан өздерінің үлесіне тиген аумақтарда ағымдық-күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізіп, абаттандырып жатыр. Облыстың əр аудандары мен басқармалары, түрлі мекемелері де қол қусырып қарап отырған жоқ. Жұмыла жұмыс жасап жатырмыз. Облыстық мəслихаттың кезектен тыс 37-cессиясында депутат Асаубай Майлыбаев Қазақ хандығының 550 жылдық тойын атап өтуге көп болып үлес қосу үшін қор құруды ұсынған болатын. Сондай-ақ, ол өз қаражаты есебінен 550 мың теңге аударатынын жеткізген. Сол ұсыныс бойынша қазір екі
есептік шот жұмыс істеуде. Оңды бастама өз жалғасын тауып жатса, елдіктің тойына əрқайсымыздың қосқан зор үлесіміз сол болар еді, – деді Бекболат Серікбекұлы. Бұдан кейін сөз алған Тараз қаласының əкімі Нұржан Календеров дайындық жұмыстарының барысына тоқталып өтті. Бұдан кейін сөз алған облыстық мəслихаттың депутаты Асаубай Майлыбаев өзінің орамды ойларын ортаға салды. – Осыдан 550 жыл бұрын Қазақ хандығының туы біздің облысымыздың аумағында көтерілгені тегін емес шығар. Ендеше, сол бес ғасырдан кейін тойланып жатқан дүбірлі тойға бəріміз үлесімізді қосуға міндеттіміз. Мемлекет бəрімізге өз көмегін көрсетіп, жағдайымызды барынша жасап отыр. «Мемлекет маған не береді емес, мемлекетке мен не беремін» демекші, ендігі кезекте біздің мемлекетке пайдамызды тигізетін кез келіп жетті, – деп депутат А.Майлыбаев жиналғандардың намысын жаныды. Бұдан соң өз пікірін білдірген «Галеника», «Караван» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Қатира Аққұлиева: «Той – бəрімізге ортақ. Барша кəсіпкерлер бұдан шет қалмайды, қолдан келгенше атсалысады деп ойлаймын», – деді.
АҚЖОЛТАЙ ХАБАР
Ардақ ҮСЕЙІНОВА, «Ақ жол». Биыл аймақ басшысының қабылдауына 103 білімді жеткіншек шақырылыпты. Бəрі шетінен үздік оқушылар, республикалық, халықаралық білім додаларында озып шыққандар. Негізі, 2014-2015 оқу жылында түрлі деңгейдегі интеллектуа лдық жарыст арға қатысқан 252 оқушының 133-і жүлдегер атанған болатын. Оның 51-і халықаралық пəн олимпиадалары мен ғылыми жоба жарыстарында олжа салды. Алпыстан астамы республикалық білім додасында топ жарған. – Республикалық пəн олимпиадасы мен ғылыми жоба жарысында облыс оқушыларының бірнеше жыл қатарынан командалық есепте жүлделі бірінші орынды иеленуі – дарынды оқушыларымызға берілген лайықты баға деп есептеймін. Осы кездесуге қатысып отырғандар арасында 68
мектеп бітіруші түлек бар. Қазірдің өзінде олардың барлығы – жоғары оқу орындарының мемлекеттік грант иегерлері. Биыл халықаралық пəн олимпиадаларында, əсіресе, дарынды ер балаларға арналған қазақ-түрік мектеп интернатының оқушылары ерен табыстарға қол жеткізді. Солардың арасынан химия пəнінен Мəскеу қаласында өткен ха л ы қ а р а л ы қ Д . И . Ме н д е л е е в олимпиадасынан қола медальді жеңіп алған Əмзебек Азаматтың, Афина қаласында өткен олимпиадада қола медальға, халықаралық Жəутіков олимпиадасында күміс медальға ие болған Əбесбек Даниярдың, сондай-ақ о сы олимпиадада күміс медальді иеленген Сегізбай А я н н ы ң , мат е мат и ка п ə н і н і ң халықаралық Азия-Тынық мұхит олимпиадасының күміс жүлдегері Дінмұхаммед Түзеловтің есімдерін ерекше мақтанышпен атауға болады. (Жалғасы 2-бетте).
ЖАМБЫЛДАҒЫ МЫ ЖАҢА ҚОЙ ТҰТЫҚНДЫ А» ДҮНИЕГЕ КЕЛДІ
«МЕРКІ АСЫЛ ТҰҚЫМДЫ ҚОЙ ЗАУЫ Облысымыздағы «Меркі асыл тұқымды қой зауытында» қойдың жаңа тұқымы пайда болды. Етті əрі жүні де сапалы түліктің бұл түрін өмірге əкелу үшін ғалымдар жарты ғасырдай уақыт тер төккен. Жақында ғана бұл жаңалықты растауға келген мемлекеттік жəне шетелдік комиссия қой тұқымын сараптамадан өткізді. Сонымен, асыл тұқымды биязы жүнді қой «Қазақстан мериносы» деген атау алды. Ғылымға жаңалық болып енген асыл тұқымды қойды асылдандыруға кеткен уақыт та аз емес. 1965 жылы «Оңтүстік қазақ мериносы» деген қой тұқымы шығарылған. Оны ғалымдар Австралиядан əкелінген қошқарлармен будандастырған. Мамандардың бұл ізденісі оң нəтижесін берді. Серік Оспанов, Қазақ қой шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының директоры: – Ғалымдардың арқа сында асыл тұқымды қой шаруашылығындағы мамандармен бірлесе
отырып, біз қойдың Австралияның мериносына пара-пар келетін, жүнінің сапасы жағынан ешбір
қалыспайтын, ал бірақ жергілікті жерге жақсы бейімделген, өсімтал, салмағы үлкен қойдың жаңа тұқымын дүниеге əкелдік деп айтуға болады. Асыл тұқымды «Қазақстан мериносының» біреуі 15 келіге дейін сапалы жүн береді. Етті келеді. Салмағы 120 келіге дейін барады. Жазда – жайлауға, қыста құмға айдауға да бейім. Владимир Берус, Қазақ қой шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының бас ғылыми қызметкері: – Бұл тұқымның бұрынғы өсіріліп жүрген «Оңтүстік қазақ мериносынан» ерекшелігі – жүнінің сапасында. Қазір сапалы жүнге, əсіресе биязы, жіңішке жүнді қойларға сұраныс өте жоғары. Жүннің ұзындығы, жүннің тығыздығы өте жоғары, біз күткеннен де жоғары. Меркі ауданындағы «Асыл тұқымды қой зауыты» – еліміздегі іргелі шаруашылықтардың бірі. Қазір мұнда 26 мыңнан астам қой бар. Шаруашылық ұжымы алдағы уақытта төлдердің санын арттырып, одан əрі жетілдіруді қолға алуда. Бүгінде бұл шаруа шылықта 300-ден астам ауыл тұрғыны еңбек етеді. Олардың өсіріп отырған қойлары енді еліміздің өзге аймақтарында да өрістемек. Қазірдің өзінде көптеген шаруалар асыл тұқымды қойларды алуға ниет білдіріп отыр. «Ақ жол-Ақпарат».