"Ақ жол" электрондық нұсқа

Page 1

Досы көпті жау алмайды, Ақылы көпті дау алмайды

Жамбыл облыстық қоғамдықсаяси газет №128 (17985), Бейсенбі, 11 қыркүйек, 2014 жыл

ak-jol-taraz@rambler.ru

www. akjolgazet.kz

Газет 1922 жылғы 1 мамырдан шығады.

билік: БАРЫС-КЕЛІС, АЛЫС-БЕРІС

Сейсенбі күні Елбасы Н.Назарбаев Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Иран Ислам Республикасының Президенті Х.Руханимен кездесті. Шағын құрамдағы келіссөздер барысында Қазақ-Иран өзара ықпалдастығын бұдан әрі дамыту мен нығайтудың негізгі жолдары мен тетіктері талқыланды. Атап айтқанда, экономика, энергетика, инфрақұрылымдарды дамыту, ауылшаруашылығы және көлік транзиті салаларындағы ынтымақтастық мәселелері қозғалды. Сонымен қатар Нұрсұлтан Назарбаев пен Хасан Рухани өзекті халықаралық тақырыптар төңірегінде пікір алмасты. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Иран Президенті Хасан Рухани бірлескен баспасөз мәслихатын өткізді. Нұрсұлтан Назарбаев елімізге алғашқы сапары үшін Х.Руханиге ризашылығын білдірді. – Екі ел арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайту үшін Сіздің бұл сапарыңыздың маңызы өте зор. Иран – әлемдегі аса ірі және маңызды әріптесіміз әрі Каспий жағалауындағы тату көршіміз, – деді Мемлекет басшысы. Қазақстан Президенті жүргізілген келіссөздер барысында екіжақты ынтымақтастықтың бірқатар нақты мәселелері талқыланғанын айтты.

ҚАЗАҚСТАН-ТҮРКІМЕНСТАНиран ТЕМІР ЖОЛЫ Сонымен қатар Мемлекет басшысы екі елдің өзара ықпалдастығының негізгі бағыттары туралы әңгімеледі. – Біз Иран кәсіпкерлерін Қазақстанның ауылшаруашылығындағы жобаларын жүзеге асыруға қатысуға шақырамыз. Олардың тарапынан қазірдің өзінде қызығушылық бар. Тағы бір маңызды мәселе – көліктранзит саласын дамыту жайы. Қазақстан – Түрікменстан – Иран бағытындағы темір жолдың ашылуына байланысты біздің еліміздің бидай экспортының көлемі 5 есе ұлғаятын болады. Сондай-ақ, бұл қатынас жолы 10 миллион тонна жүк жеткізуге мүмкіндік тудырады. Осы жол арқылы Иран – Ресей мен Қытай нарықтарына, ал біздің еліміз өз кезегінде Парсы шығанағындағы барлық мемлекеттерге шығуға мүмкіндік алады. Биылғы қараша айының басында ашылуы жоспарланып отырған осы магистраль екіжақты және өңірлік сауда-экономикалық ынтымақтастықты жаңа деңгейге көтеруге зор серпін береді, – деді Қазақстан Президенті.

БЕЙБІТШІЛІК ЕЛШІСІ БОЛҒАН ЕЛБАСЫ Нұрсұлтан Назарбаев кездесулер аясында бірқатар халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасылғанын айтты. Атап айтқанда, Ирактағы, Сириядағы, Израиль мен Палестинадағы ахуал, сондай-ақ, Иранның ядролық бағдарламасы мәселесі бойынша мемлекеттер «алтылығы» мен Иран арасындағы келіссөздер үдерісі сөз болды. Соған орай Қазақстан Президенті Иранға қатысты санкциялардың алынып тасталуы Иран халқының әл-ауқатының артуымен қатар, осы елдің экономикасы мен саудасының ұлғаюына да оң ықпалын тигізеріне сенім білдірді. Мемлекет басшысы біздің еліміз осындай келіссөздер жүргізу үшін тағы да қажетті алаңды ұсынуға дайын екенін білдірді.

Соңында Нұрсұлтан Назарбаев Х.Руханиға және бүкіл Иран халқына табыс тіледі. Иран Президенті Х.Рухани өз кезегінде Қазақстанға шақырғаны үшін Елбасына алғысын айтты. Ол сондай-ақ, Иранның Қазақстанды жақын дос әрі тату көрші санайтынын да айтты. – Біз екі елдің арасындағы тауар айналымы бес есеге ұлғаюы тиіс деп есептейміз. Бүгін бірқатар шешімдер қабылданды, солардың нәтижесінде осындай межеге жете аламыз. Біз Каспий теңізіне қатысты да тыңғылықты келіссөз жүргіздік. Бұл орайда, Қазақстан Президентінің мәлім еткеніндей, Қазақстан-Түрікменстан-Иран темір жолының қараша айында жұмыс істей бастауы маңызды мәнге ие, – деді Х.Рухани. Сапар аясында Қазақстан мен Иран Президенттерінің бірлескен мәлімдемесі қабылданды, сондай-ақ, бірқатар үкіметаралық келісімдерге қол қойылды.

Қазақстан-Иран бизнес форумы Форум қатысушылары алдында сөйлеген Мемлекет басшысы Иран Қазақстанның Таяу және Орта

Коммуналдық қызмет тегін көрсетілуде Облыс әкімі Кәрім Көкірекбаев ағымдағы жылдың 13 тамызында облыстық ардагерлер кеңесінің кезекті V пленумында сөйлеген сөзінде соғыс ардагерлері мен майдангер жесірлері 25 киловатт электр энергиясы және 20 текше метр табиғи газбен, Тараз қаласында орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылған 97 ардагер жылумен тегін қамтамасыз етілгенін тілге тиек еткен еді. Қала әкімдігі Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің ауыз су және кәріз жүйесі үшін төлемдерін қаржыландырып отырғанын да айтып өткен ол коммуналдық төлемдердің көлемі белгіленген жеңілдіктерден артық екендігін еске салды. Сондықтан да облыс басшысы тиісті мекемелер мен аудан және қала әкімдері бірлесіп, соғыс ардагерлерін жылуға төленетін төлемдерден алдағы қысқы маусымнан, ал басқа коммуналдық төлемдерден 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап босату бойынша шаралар

Елбасы Иран Президенті Хасан Руханимен бірге «Назарбаев университетіне» барды. Нұрсұлтан Назарбаев пен Хасан Рухани университет ғимаратын аралап, оның қызметімен танысты. Бұған қоса, Қазақстан мен Иран Президенттері студенттермен және оқытушы-профессорлар құрамымен кездесті. Сондай-ақ, Х.Рухани олардың алдында қазіргі қоғамды дамытудағы ғылымның рөлі туралы дәріс оқыды. Соңында Иран Президенті құрметті қонақтар кітабына қолтаңба жазып қалдырды.

Астанамызда өтетін «ЭКСПО – 2017» халықаралық көрмесіне дайындық қызу жүргізіліп жатқаны белгілі. Сарапшылардың айтуынша бұл көрмені ұйымдастыру, өткізу, насихаттау және басқа да шараларға екі миллионнан астам адам қатысады деп күтілуде. Қазірден бастап жер-жерлерде қуат көздерін тиімді пайдалануға байланысты халықаралық семинарлар өтуде. Онда мамандар қуат көздерін тиімді пайдалану, оны сақтау және экологиялық залалсыздығын мемлекеттік саясат тұрғысынан қалай қамтамасыз ету керектігі жайында ой бөлісіп, пікір алмасуда.

Қуат көздерін тиімді пайдалану Мойынқұм ауданында да қызу қолға алынды. Ауданда энергия үнемдеу және оның тиімділігін арттырудың 2013-2015 жылдарға арналған кешенді жоспары жасалды. Аталған жоспардың орындалу барысы жақында өткен аудан әкімдігі мәжілісінде арнайы қаралуы бұл мәселенің маңызды екендігін білдіреді. Онда аудан әкімі Болат Мәдікенов әрбір ауылдық округ әкімдері мен мекеме басшыларына электр энергиясын барынша үнемдеуге байланысты нақты тапсырмалар берді. Оны үнемдеу ауданымыздың шалғайдағы ауылдарында алдымен қолға алына бастағаны бізді қуантады. Солардың бірі – Кіші Қамқалы ауылындағы іскер де, ілкімді азамат Арқабек Қарамергеновтің тірлігі өзгелерге үлгі боларлықтай. Ел тәуелсіздік алған жылдардағы қиыншылықтарға шыдамаған Кіші Қамқалы ауылының жұрты жан-жаққа үдере көшкені белгілі. Сондықтан да мұнда электр энергиясының трансформаторлары, бағаналар мен сымдары түгел жиналып алынған. Ел көшсе де туған жер, ата-жұртты қимаған Арқабек отбасымен осында қалды. Ол қарап отырмай қолдағы малын көбейтіп, «Ахметжан» шаруа қожалығын ашты. Кіші Қамқалы көлінен балық аулап, балық шаруашылығымен қоса айналысты. Онысы нәтижесіз де емес.

Аудандық ардагерлер кеңесінің ұйытқы болуымен Көптерек ауылдық округінің әкімшілік ғимаратында семинар-кеңес өтті. Оған Тегістік, Ынтымақ елді мекендерінің ауылдық ардагерлер алқасының мүшелері қатысып, ауылдағы көкейкесті мәселелерді ортаға салды. Жиынды жүргізген аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Р. Шәметов ауыл ардагерлерінің өмірлік бай тәжірибесі жастар тәрбиесіне қажеттігіне тоқталды.

l жамбыл Аудан аумағында 1 қыркүйек-10 қараша аралығы тазалықтың екі айлығы болып жарияланды. Осыған орай өткен сенбіде аудандағы 74 мекеменің қызметкерлері сенбілікке шықты. Арық-атыздар, көшелер тазаланып, 72 тонна күл-қоқыс шығарылды. Сенбілікке 17 техника жегілді.

l қордай Сенбі күні аудан орталығында «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында «Белсенді ұзақ өмірмен жүз жасаймыз!» девизімен кең ауқымды денсаулық фестивалі өтті. Ауыл көшелерімен жаппай жүгіру, батпан көтеру, армрестлинг тәрізді спорт жарыстарынан, концерттік бағдарламадан, тақырып бойынша жастардың флеш-мобынан тұратын іс-шараға тұрғындар көптеп қатысты.

l сарысу «Кітапханаға кітап сыйлайық» атты акция аясында аудан әкімі Қ. Мәдібек аудандық орталықтандырылған кітапханаға 143 дана кітап сыйға тартты. Қазақ әдебиетінің классиктерінің таңдаулы шығармалары енген кітаптар баға жетпес байлық. Бұл кітаптар әлден-ақ оқырмандардың сұранысына ие болуда.

l талас Ақкөл ауылы Оспанәлі Иманәлиев атындағы Мәдениет үйінде өткен «Мектепке – жол» акциясына ақкөлдіктер белсене қатысты. Ауылдағы екі білім ошағының әлеуметтік қолдауды қажет ететін 14 оқушысы мектеп формаларымен қамтамасыз етілді.

l Шу Облыстың бас имамы Данияр Жұмабаев ауданда болып, Шу қаласындағы жаңа мешіт құрылысымен танысты. Сондай-ақ, қант зауыты шағын ауданында «Әбу Бәкір Сыддық» мешітінде жамағатпен жүздесті. Аудандық орталық мешітте болып, Бас мүфтидің бұйрығымен Қуандық Мұсаевты ауданның бас имамы қызметіне тағайындады.

ХАСАН РУХАНИДІҢ дәрісІ

Интернет материалдары негізінде әзірлеген Фариза Әбдікерімова, «Ақ жол».

АРҚАБЕККЕ АЛҒЫС

артықшылық жасала береді

қабылдауды тапсырған болатын. Міне, осы бағытта Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен жесірлеріне кәсіпорындар тарапынан қандай жеңілдіктер қарастырылуда? Соған аз-кем тоқталып өтсек. «Таразэнергоорталық» акционерлік қоғамы соғыс ардагерлеріне және жесірлеріне 18 шаршы метр тұрғын жайы үшін жылуды тегін беруде әрі оларды үш текше метр ыстық сумен қамтамасыз етуде. Ал, «Таразсу» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны аталған тұлғалардың ауыз суды тегін пайдалануына мүмкіндік жасаған. «Жамбыл Жарық Сауда-2030» ЖШС майдангер ардагерлер мен жесірлеріне бұрын ай сайын 50 киловатт электр қуатын тегін босатса, енді бұл мөлшерді екі есеге көтеріп, 100 киловатт электр қуатын тегін беру мәселесін шешіп отыр. Осылайша облыста коммуналдық қызмет көрсету саласы өңір басшысының шешімін түсіністікпен қабылдап, Ұлы Отан соғысына қатысушыларға қамқорлық қолұшын созуда.

кешені, көлік, логистика және туризм секілді салаларда кеңейте алар еді. – Олардың кейбіріне қатысты, инвестициялар көлемі 1 миллиард доллар болатын, жалпы саны 20-ға жеткен қазақстандық-ирандық бірлескен жобаларды талқылау жүріп жатыр, - деді Нұрсұлтан Назарбаев. Мемлекет басшысы Қазақстан өз алдына әлемнің дамыған 30 елінің қатарына кіру сынды биік мақсат қойып отырғанын айтты. Бұл мақсатқа жетудің негізін табысты кәсіпкерлік қалайтын болады. – Бұл міндетті жүзеге асыру үшін елде біздің экономикаға инвестиция салу үшін бірегей жағдайлар жасалуда. Инвестициялық субсидияларды, заңнаманың тұрақтылығын, салық преференцияларын, тарифтердің болжамдылығын қарастыратын ынталандырудың жаңа пакеті заңнамалық деңгейде бекітілді, - деді Елбасы. Нұрсұлтан Назарбаев бүгінгі Қазақстан ірі компаниялармен қатар, орта бизнес үшін жаңа мүмкіндіктер мен орасан әлеует екенін атап өтті. – Дүниежүзілік экономикалық форумның Жаһандық бәсекеге қабілеттілік туралы есебінің нәтижелеріне сәйкес, биыл Қазақстан 144 елдің арасынан 50-інші орын алды. Дүниежүзілік банктің жыл сайын жасалатын «Бизнес жүргізудің жеңілдіктері» рейтингісінде де Қазақстан 50-інші орында тұр. Жалпы алғанда, бұлар – Кеден одағы елдері мен біздің көршілеріміз арасындағы тәуір көрсеткіштер, – деді Мемлекет басшысы. Елбасының айтуынша, елде қазірдің өзінде 10 арнаулы экономикалық аймақ жұмыс істейді, индустриялық аймақтардың инфрақұрылымы қалыптасуда. Ол аумақтарда кәсіпкерлерге жанжақты қолдау көрсетіледі, салықтық преференциялар жасалуда. Бұған қоса Қазақстанда шетелдік кәсіпкерлер үшін бизнес жүргізуге мейлінше қолайлы жағдай жасалған. Иран Президенті Хасан Рухани Иран мен Қазақстанның ортақ тарихи және мәдени-гуманитарлық байланыстары екі елдің болашақ қарым-қатынастарын орнату үшін қажетті зор жетістігі екенін айтты.

жаңа міндет: Жасыл экономика

ардагерлерге

Лесбек Сайлаубек, «Ақ жол».

Шығыстағы маңызды экономикалық серіктестерінің бірі екенін айтты. – Бірінші жартыжылдықтың деректеріне сәйкес, біздің елдеріміздің арасындағы тауар айналымы өсіп келеді, біз оны бір миллиард доллардан асады деп сенеміз. Бүгінгі форум елдеріміздің арасындағы саудаэкономикалық қарым-қатынастарды мүлде жаңа сапалық деңгейде құру үшін бастапқы серпін болады, - деді Қазақстан Президенті. Нұрсұлтан Назарбаев экономикалық және көліктранзит әлеуетін дамытуға бағытталған бірқатар қазақстандық-ирандық жобалардың сәтті жүзеге асырылуын атап өтті. – Биыл біз Орталық Азия мен Парсы шығанағы елдерінің арасын байланыстыратын желіге айналатын Жаңаөзен-Берекет-Гөрган бағытындағы темір жолдың құрылысын аяқтаймыз. Жаңа темір жол бағытының іске қосылуы арқылы тек келесі жылдың өзінде елдеріміздің арасындағы тауар айналымы 2 миллиард долларға дейін өсуі мүмкін, - деді Мемлекет басшысы. Қазақстан Президентінің пікірінше, екі ел де өзара тиімді ынтымақтастықты металлургия, агроөнеркәсіп

«Денсаулық фестивалі» облыс орталығындағы «Ұлан» стадионында «Белсенді өмір – 100 жастық ұзақ ғұмыр» ұраны аясында өтті. Акция Достық алаңында флеш-моб биі ұйымдастырылуымен, осы жерден велошабандоздар шеруінің Абай, Байзақ көшелері бойымен «Ұлан» стадионына дейін жүріп өтуімен басталды. Акция әнмен, бимен көмкерілген шын мәніндегі денсаулық пен спорт мерекесі түрінде өтті. Оған қаладағы барлық спорт мектептері белсене атсалысты.

l байзақ

Әріптестік әр тараптан дамиды ДОСТЫҚТА ЖОҚ ШЕКАРА

l тараз

– Мен Алматыдағы Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық техникалық университетінің ұстазы, физика-математика ғылымдарының докторы Серік Көмековпен ақылдаса отырып, «Қамқалы» атты жеке қор аштым. Сөйтіп, «ПРООН» ғаламдық экологиялық қорға 2012 жылы мүше болып қабылданғанмын. Жақында осы қордан «Sanrain» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Вадим Ахтиямов деген азаматтың өзі ауылға келіп, біздің жағдайымызбен танысты. Содан соң,

құны 18 мың доллар тұратын, қуаты 0,6 киловаттық дербес күн электр стансасын үйдің жанына орнатып берді. Мұның пайдалану мерзімі 30 жыл екен. Күн сәулесінен қуат алатын электр стансасынан бүгінде қажетті жарықты алып, теледидар көріп отырмын. Үйдегі басқа да электр қуатына қосатын тұрмыстық техниканы пайдаланудамыз, – дейді Арқабек. Арқабек бұдан бөлек аталған қор арқылы к ө р ш і л е с Ұ л а н б е л а у ы л ы н ы ң ж е к е л е ге н азаматтары да күн сәулесімен жарық беретін шағын стансалардың пайдасын көріп отырғанын жеткізді. Мәселен, осындағы шаруа қожалығының жетекшілері Әби Сауырбаев, Юра Чебаков, Нұрлан Габдуллин, Бекболат Балабеков, Ерболат Үсенов, Нұрболат Ибраев құны 30 мың теңгелік, қуаты 12 вольттық, салмағы 2-3 килограмм болатын кішкене қондырғыларды жоғарыдағы аталған жауапкершілігі шектеулі серіктестіктен сатып алған. Шағын болса да күн сәулесінен қуат алып, малшы ауылындағы бір үйге жарық беріп, теледидар көруге мүмкіндік туып отыр. Аталған шағын қондырғы малшылардың көшіп-қонуына ыңғайлы, жинапқұруы да қарапайым екендігін айта кеткен жөн. Мұндай жасаған жақсылығы үшін олар Арқабекке алғысын айтуда. – Біз осы күн көзінен қуат алатын қондырғыларды насихаттау мақсатында тиісті орындармен келісе отырып, ауданда, облыста семинар өткізуді жоспарлап отырмыз, – дейді Арқабек. Иә, күннен қуат өндіру – жаһандық экономикаға да, экологияға да тиімді болары анық. Ендеше өз ауданымызда да Арқабек Қарамергенов секілді күн көзінен қуат алатын осындай дүниелерді көптеп пайдалансақ, мұның жеке азаматтарға да, аудан экономикасына да тигізер пайдасы аз болмас еді.

«журналист-десант» Облыс әкімі баспасөз қызметінің жаңа жобасы Облыс әкімі баспасөз қызметінің ұсынысымен және облыс әкімінің қолдауымен «ЖурналистДесант» жобасы қолға алынды. Жобаның мақсаты – облыс өңірінде Мемлекет басшысының саясатымен және облыс басшылығының қолдауымен жүзеге асып жатқан игі тірлікті республикалық бұқаралық ақпарат құралдары арқылы елімізге жан-жақты жазып көрсету. Құрамында республикалық «Егемен Қазақстан» газетінің, «Хабар» және «Қазақстан» ұлттық телеарналарының меншікті тілшілері бар «Журналист-Десант» тобы алғашқы сапарын Меркі ауданынан бастады. «Ақ жол-Ақпарат».

Жақсы топта танылады, Мырза жоқта танылады. Халық мақалы.

әлеумет пен әлеует

Сүндетулла ӘБІЛОВ, журналист. Мойынқұм ауданы.

е іг ш з ма Тіл ғы ыр ты пс та

Оқырман және газет

«Ақ жол» газеті жас жазылым – 2015

таланттарды танытып жатыр

Қуандық Шолақ, ақын, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты. Жалпы, қай басылым болмасын, әдебиетке, мәдениетке баса назар аударғанын құп көремін. Өйткені, руханиятсыз ел, ел емес. Өз басым облыстық «Ақ жол» газетін тұрақты оқимын. Қара шаңырақ саналатын бұл газетте соңғы кездері оңды өзгерістер байқала бастады. Әсіресе, әдебиетке, мәдениетке деген көзқарас өзгерген секілді. Мұны атап өтпеуге болмас. Шыны керек, кезінде өзіміз әдеби ортаны аңсап, іздеп жүретінбіз. Әсіресе, жастар жағы сол ортаға асық болады. Бүгінгі таңда облысымызда талантты жас ақындар баршылық. Олардың жазған өлеңдерін «Ақ жол» арқылы оқып, аяқ алыстарына тәнті болып жүрмін. Жастар әрдайым қолдауды сезінуі керек. Бұл тұрғыдан

алған кезде кейінгі бірнеше айдың бедерінде аға басылым сол үдеден шығып жүр. Жас жазушылар мен ақындардың шығармаларын тұрақты беріп тұру арқылы басылым оларды қанаттандырады. Егер олардың ішіндегі таланттыларының, талаптыларының жазған дүниелерін редакция қызметкерлері жаратпай, кері ысырса, ол жас өрен қолын бір сілтей салуы мүмкін. Сондықтан кей басылымдар секілді жазған туындысының әдеби қуаты жоқ, нәрі таусылған дүниелерін жарты, бір бет қылып басылым бетіне шығарғаннан гөрі, болашағынан үлкен үміт күттіретін таланттарды елге танытқанымыз тиімді. Бүгінгі «Ақ жол» газеті сол үдеден шығып келеді. Мені де қуантатыны сол. Басылымға алған бағыттарынан таймасын деген тілек білдіремін. Жас таланттардың шығармаларымен «Ақ жол» газеті арқылы тұрақты танысып отыру үшін келесі жылы да осы газетке қуана-қуана жазылатын боламын.

шаруа қалай,

шалғай ауыл? ел

ағы Шу бойынд ың төменгі н ы р н а д ау әселелер ба Сарысу ін күткен м ім еш ш е д ін ді мекендер

(Жалғасы 3-бетте).


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.
"Ақ жол" электрондық нұсқа by akjolgazet - Issuu