Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы ДОСЫ КӨПТІ ЖАУ АЛМАЙДЫ, АҚЫЛЫ КӨПТІ ДАУ АЛМАЙДЫ
Жамбыл облыстық қоғамдықсаяси газет
№169 (18026), Бейсенбі, 11 желтоқсан, 2014 жыл
ak-jol-taraz@rambler.ru
ПРЕЗИДЕНТ
ӘДЕБИЕТ ПЕН ӨНЕР САЛАСЫНДАҒЫ 2014 ЖЫЛҒЫ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК СЫЙЛЫҒЫН БЕРУ ТУРАЛЫ
Газет 1922 жылғы 1 мамырдан шығады.
www. akjolgazet.kz
Әдебиет пен өнер саласындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссияның ұсынымдарын қарап, ҚАУЛЫ ETEMІH:
ТӘУЕЛСІЗДІК – ТҰҒЫРЫҢ, ЕГЕМЕНДІК – ЕЛДІГІҢ
Н. НАЗАРБАЕВ ШЕТЕЛ ЕЛШІЛЕРІНІҢ СЕНІМ ГРАМОТАЛАРЫН ҚАБЫЛДАДЫ
Әдебиет пен өнер саласындағы 2014 жылғы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығы мыналарға берілсін: 1) Қажығали Мұханбетқалиұлына, жазушы – «Тар кезең» тарихи романы үшін; 2) Гүлнар Сейітжанқызы Салықбаеваға, ақын – «Кешіріңдер келгенімді өмірге» өлеңдер жинағы үшін; 3) Пантелей Константинович Кесоглуге, әнші – «Песня — душа моя» жеке концерті үшін; 4) Балнұр Балғабекқызы Қыдырбекке, композитор – «Реквием» вокалды-симфониялық шығармасы үшін; 5) авторлар ұжымына: Асқар Исабекұлы Мырзахметовке, Бақытжан Құдайбергенұлы Әшірбаевқа, Насир Ачилович Рустамовқа, Әмірхан Бекжанұлы Шүменовке, Нұрлыжан Маратбекұлы Бөкебаевқа – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған тарихи-монументалдық саябақ кешені үшін. Осы Жарлық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Бүгін Ақордада Елбасы Н.Назарбаев Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елші болып тағайындалған бірқатар шетелдік дипломаттың сенім грамоталарын қабылдады. ҚР Президентіне Италияның Төтенше және Өкілетті Елшісі Стефано Раваньян, Швеция Елшісі Кристиан Камилл, Чех елшісі Элишка Жигова, Литва елшісі Витаутас Наудужас, Мысыр елшісі Хайсам Салах Камел Ибрагим, Үндістан Елшісі Харш Кумар Джайн, Македония Елшісі Илья Псаукиров, Қытай Елшісі Чжан Ханьхуэй сенім грамотасын табыс етті. «Сіздерді дипломатиялық миссияларыңыздың ресми түрде басталуымен құттықтаймын. Бүгінгі кездесу еліміз үшін аса маңызды күн Тәуелсіздігіміздің 23 жылдығы қарсаңында өтіп отыр. Біз осы қысқа мерзімде мемлекетіміздің берік негізін қаладық. Заманауи экономика, орнықты саяси жүйе, салиқалы азаматтық қоғам орнаттық. Біз ішкі тұрақтылықты, қоғамдық келісімді қарқынды экономикалық өсім арқылы қамтамасыз еттік», — деді Мемлекет басшысы шетел дипломаттарының сенім грамоталарын қабылдағаннан кейін. Сонымен қатар ҚР Президенті Сыртқы саяси ұстаным айқындығы мен еліміздің халықаралық беделінің көтерілгенін баса айтты.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ. Астана, Ақорда, 2014 жылғы 9 желтоқсан. №975
Іргесі берік елді жау ала алмас, Бірлігі бар елді дау ала алмас.
Халық мақалы.
КӘРІ ҚҰДАҢ - ҚЫС КЕЛІП, ӘЛЕК САЛДЫ
КӨМЕК ДЕР КЕЗІНДЕ ЖЕТТІ ОБЛЫС ТҰРҒЫНДАРЫНА АЛТЫНШЫ, ЖЕТІНШІ ЖЕЛТОҚСАНДА АУА РАЙЫНЫҢ КҮРТ СУЫТАТЫНДЫҒЫ, ОҢТҮСТІК БАТЫСТАН СЕКУНДЫНА 25 МЕТР ЕКПІНМЕН ЖЕЛ СОҒЫП, ҚАЛЫҢ ҚАР ЖАУАТЫНДЫҒЫ АЛДЫН АЛА ЕСКЕРТІЛГЕНІ БЕЛГІЛІ. АТАЛҒАН МЕРЗІМДЕ ШАҚПАҚ, КҮЙІК АСУЛАРЫНАН ӨТЕТІН АЛМАТЫ-ТАШКЕНТ АВТОМОБИЛЬ ЖОЛЫНДА КӨЗ АШТЫРМАС ДАУЫЛ МЕН АЯЗ ОРЫН АЛДЫ.
Шынар САҒИЕВА, «Ақ жол».
ЖӘ
Осыған байланысты облыстық ІІД әкімшілік полиция басқармасы мен «Қазақавтодор» АҚ филиалы және облыстық төтенше жағдайлар департаменті бірлесіп, күн райы жақсарғанша республикалық маңызы бар жолда барлық автокөліктердің жүруіне уақытша шектеу қою жөнінде шешім шығарды.
Д
Алтыншы желтоқсан күні кешкі сағат жетіден бастап Жуалы ауданына қар құрсауында қалғандарға көмектесу үшін апаттық-құтқару қызметтері жіберілді. Бұл жұмылдыру қызметіне облыс әкімінің бірінші орынбасары Бекболат Орынбековтің өзі бас болып жүрді. Нәтижесінде 500ге жуық жолаушыға дер кезінде көмек келіп және 71 автокөлік
табиғаттың тосын мінезінен кедергісіз шықты. Тек сегізінші желтоқсан күні таңғы сағат сегізге жуық метеорологиялық жағдайдың жақсаруына байланысты жолдар а ш ы л ы п , қ ау і п т і т е л і м д е р г е тазалау және құм себу жұмыстары жүргізілді.
Р ІГЕ
87 ЖЫЛДАН СОҢ...
1927 ЖЫЛЫ ТҮСІРІЛГЕН СУРЕТ АҚЫН ШӘКӘРІМНІҢ БЕЙНЕСІ БОЛЫП ШЫҚТЫ ОСЫ УАҚЫТҚА ДЕЙІН АҚЫН ШӘКӘРІМ ҚҰДАЙБЕРДІҰЛЫНЫҢ ҮШ ФОТОСУРЕТІ САҚТАЛҒАН ЕКЕН. БІРАҚ, ОНЫҢ ІШІНДЕ АҚЫННЫҢ БҮРКІТ ҰСТАП ТҮСКЕН ФОТОСЫ ДАУ ТУҒЫЗЫП КЕЛГЕН БОЛАТЫН. СЕБЕБІ, ЕЛІМІЗДЕГІ КӨПТЕГЕН КІТАПТАРДА БҰЛ СУРЕТ «БҮРКІТ ҰСТАҒАН АҢШЫ» ДЕП ҚАНА БЕРІЛГЕН. КЕЙБІРЕУЛЕР МҰНЫ «ҚАЗАҚТЫҢ БЕЛГІСІЗ АҚСАҚАЛЫ», ДЕСЕ, ЕКІНШІЛЕРІ «БҰЛ – ШӘКӘРІМ ҚҰДАЙБЕРДИЕВ» ДЕП ДАУЛАСҚАН.
Бүгінде Абай мұражайының қызметкерлері бұл дауға нүкте қойды. Олар Ресейге барып, суреттің қолдан жасалмағандығын, түпнұсқасы сақталғандығын дәлелдеп қайтты. Мәскеу мұрағаттарында Шәкәрімнің кітапта берілген осы фотосы және басқа да фотолары табылыпты. Нақты айтсақ, Ресей Федерациясы Мәдениет және өнер комитеті, Мәскеу этнология және антропология институтының мұрағатында табылған түпнұсқа сыртында «1927 жыл, Шәкәрім» деп жазылған. Фотоға түсірген
ОБЛЫСТЫҚ ӘКІМДІКТЕ
КӨНЕ ТАРАЗ ҚАЛАШЫҒЫ МУЗЕЙІ КӨРІКТІ ОРЫНДАРДЫҢ БІРІНЕ АЙНАЛАДЫ Маржан РАҚАЙ, «Ақ жол». Ежелгі Тараз қалашығында жүргізіліп жатқан қазба және ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижесі шығарылып, қорытындыланды. Облыс әкімі К.Көкірекбаевтың басшылығымен өткен Жамбыл облысының тарихи-мәдени мұраларын қорғау және қалпына келтіру жөніндегі ғылыми-әдістемелік кеңестің отырысында аталған орында жұмыс жүргізген төрт мердігер компанияның басшылары мен өкілдері есеп берді. Жыл басында мемлекеттік сатып алу Заңына сәйкес «Археолог» халықаралық ғылыми-зерттеу орталығы», «Археологиялық экспертиза», «Археологиялық экспедиция» және «Қазархеология» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері қазба жұмыстарына бөлінген лоттарды жеңіп алып, жыл бойы тарихи орында тер төккен болатын. – Елімізге бүкіл әлемнің назарын аудартып отырған «ЭКСПО-2017» көрмесіне дейін тарихының тереңдігімен ерекшеленетін Тараз шаһарында теңдессіз аспан асты музейін жасап бітіруді алдымызға мақсат етіп қойған едік. Жыл басында арнайы кеңес өткізіп, осы бағыттағы жұмыстарды
мейлінше жылдамдатуды тапсырған болатынмын. Жұмыстың қарқынды, жылдам әрі сапалы жүргізілуі үшін облыстық бюджеттен қосымша қомақты қаржы да бөлінді. Бұл нысан барлығымыздың жіті назарымызда. Сондай-ақ, қазақ хандығының құрылғанына 550 жыл толуына орай да түрлі шаралар тізбегі жасалуда. Ал, хандықтың біздің өлкеде қазығын қағып, қанатын жайғанын ескерсек, Таразға тағы да жұрт назары ауып тұр. Ендеше, осындай жүктің
салмағын сезіне отырып, сіздер бар күш-қайраттарыңызды жұмсап жұмыс істейді деген сенімдемін, – деген облыс әкімі әрбір серіктестік жұмысының қорытындысымен жіті танысты. Археологтар облыс басшысына қазақстандықтардың ғана емес, шетелдік туристердің де назарын аудартатын нендей жәдігерлерді аршып, жарыққа шығарғанын жіпке тізгендей етіп баяндап, алдағы атқарылар іске қатысты өз жоспарларымен, ой-пікірлерімен бөлісті.
Алғашқы болып сөз алған «Археологиялық экспертиза» серіктестігінің өкілдері өздеріне тиесілі болған ежелгі қалашықтың «Цитадель» бөлігіндегі көптеген жәдігерлерді сөз ете келе он тоғызыншы ғасырдағы қалашыққа тиесілі үлкен даңғыл жолға назар аудартты. Назар аударарлығы – оның нақ бойымен он екінші ғасырдағы қалашыққа тиесілі жол да тұп-тура бойлай салынған екен. Екеуінің де бағыты бір, айырмашылығы тек енінде ғана. Ал қалашықтың қорғаныс жүйесі мен қамал қақпасын зерттеумен шұғылданған т.ғ.д., профессор М. Елеуов басқаратын «Археолог» серіктестігі қала ішін бойлай аққан Талас өзенінің қос бірдей арнасын аршып, тарихтан сыр шертетін талай құнды деректерді келтірді. Сол өзенді бойлай тастан қаланып салынған жол кімкімге де қызықты болары сөзсіз. Сонымен қатар, XI-XIII ғасырдағы қыз суреті бейнеленген қыш тәрелкенің көшірмесін жасатып, көпшілік назарына ұсынды. Ол алдағы күндерде кәдесый ретінде шығарылып жатса Таразды тамашалай келген кез-келген адамға тамаша естелік болары сөзсіз. (Жалғасы 3-бетте).
ы
т қ а д р а н е м і г е б ң Адам е
ӨТКЕНГЕ КӨЗ ЖҮГІРТСЕК, ЕЛІМІЗ ЕГЕМЕНДІК АЛҒАН АЛҒАШҚЫ ЖЫЛДАРЫ БІЗ ЕШҚАНДАЙ ДА ӘЛЕМДІК РЕЙТИНГКЕ ЕЛ ҚАТАРЛЫ ЕНЕ АЛМАДЫҚ. ДЕГЕНМЕН, ЕЛДЕГІ ЖАҢА ЭКОНОМИКАЛЫҚ РЕФОРМАЛАР АЛҒА АЛЫП ШЫҚТЫ БІЗДІ. ЕЛБАСЫНЫҢ ІШКІ ЖӘНЕ СЫРТҚЫ САЯСАТТАҒЫ БАТЫЛ ҚАДАМДАРЫ АЛДАМАПТЫ. БІЗ ҚАЗІР БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІ ДЕГЕН ЕЛУЛІККЕ КІРДІК. ЕНДІ АЛДЫМЫЗҒА СОЛ МЕЖЕНІ ОТЫЗДЫҚҚА ДЕЙІН ЖЕТКІЗСЕК ДЕГЕН НИЕТ ҚОЙДЫҚ.
БАУЫРЖАННЫҢ Жасұлан СЕЙІЛХАНОВ, «Ақ жол».
орыс зерттеушісі Федор Фиельструп екен. Ғұлама оған құс салып, аң аулау және қазақтың сүт тағамдары жайлы әңгімелеп берген. – Бұл сурет тұңғыш рет елімізге нақты анықтамасымен расталып жетіп отыр, – дейді Абай мұражайының директоры Жандос Әубәкір. – Бұған дейін кітаптарда «Бүркіт ұстаған аңшы» деп аталған болатын. Осы сурет арқылы Шәкәрімнің этнографияға қосқан үлесін де анықтауға болады. «Ақ жол-Ақпарат».
Елбасымыз 2006 жылы сол елулікке ену туралы мәселе қойған кезде мұның мүмкін еместігін сөз еткендер де табылды. Дегенмен, біз бұл биікті небәрі жеті жылдың ішінде бағындырдық! Бұл Еуразия атты алып құрлықтың ойып тұрып ортасынан орын алған Қазақстандай мемлекеттің экономикалық әлеуеті мықты, сәйкесінше халқының бірлігі мен берекесі мығым ел екенін әлемге кезекті рет паш етті.Бұл жетістіктің түп тамырында ең алдымен үлкен еңбек жатыр. Еңбек демекші, мақала кейіпкері Бауыржан Әжібеков еңбек етіп жүрген «Қазфосфат» ЖШС зауыттарының ел еңсесінің тіктелуіне қосқан үлесі орасан. Кезінде аздап қиналыңқырап барып ес жиған «Қазфосфат» Қазақстандағы жетекші компаниялардың қатарында қазір. Ал, химия саласының көшбасшысы.
Осының арқасында облысымыз елдегі химия өндірісінің Отанына айналған. Мұнда мыңдаған адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Қырықтың қырқасындағы Бауыржан бүгінде «Қазфосфат» ЖШС-ның Тараз іргесіндегі Минералды тыңайтқыштар зауытында тұрақты жұмыста. Ол зауыт цехтарының бірінде ажырату аппаратының алтыншы дәрежелі маманы. Бұған дейін жолаушылар тасымалы саласында нәпақасын тауып, отбасының қамын күйттеп келген ол 2005 жылдан бері біржола осы салаға бет бұрған. Елдегі өндірістің өркендеп келе жатқанын саналы түрде бағамдай білген ол өз болашағын химия өндірісімен байланыстырыпты. Амандық болса, еңбектегі мемлекет белгілеп берген миссиясын химия өндірісі ардагері ретінде осында тәмамдамақшы, яғни зейнетке дейінгі еңбек жолын тыңайтқыштар зауытында өткізуді жоспарлап отыр. Әрине, мұндай шешімдер бәрібір уақыт
биігі
еншісінде қалады. Дегенмен, оның өз жұмысына деген бар ынтасы мен ықыласы қиялындағы арманын көпке жетелейтін сияқты. – Нағыз өндіріс ортасы болғандықтан зауыттағы қайнаған тіршіліктің қашанда қиындығынан гөрі қызығы жеңіп кетіп жататындай көрінеді маған. Өйткені, адам өмірі сол қиындықтарды жеңумен қызық. Үлкен өндіріс ошағы болғандықтан, мұнда жауапкершілік те көп, сондықтан сақтық шаралары біз үшін аса маңызды мәселе. Ал, қалған қиындықтарды өндіріс барысында «жеңіп» жатамыз, – дейді Б.Әжібеков. Осында келгеніне он жылға жуықтаған Бауыржан бүгінде шәкірт тәрбиелеуге жарап қалған. Қарамағында бір жас маман бар екен. Ал, үйдегі тәрбиедегі балаларының да бірі бойжетіп, екіншісі ержеткен. Қызын қияға қондырған.
Негізінен ТМД елдеріне және еліміздің ауылшаруашылығына минералды тыңайтқыштар шығаратын зауытта Бауыржан Әжібеков сынды білікті мамандар көп-ақ.Ол өз биігін тапқан сыңайлы. Себебі, кезінде тұрмысты қаржыгер, экономист, банкир сынды элиталы мамандықтар ғана «билейді» деген таяз түсінік жылдан-жылға өзінің өміршеңдігін жойып келеді. Бұған – бүгінде елімізде техникалық мамандықтардың жаңа дәуірі басталғаны дәлел. Суретті түсірген Ақәділ РЫСМАХАН.