ДОСЫ КӨПТІ ЖАУ АЛМАЙДЫ, АҚЫЛЫ КӨПТІ ДАУ АЛМАЙДЫ
Жамбыл облыстық қоғамдықсаяси газет №75-76 (17932-17933), Сейсенбі, 20 мамыр, 2014 жыл
ak-jol-taraz@rambler.ru
l
www. akjolgazet.kz
l ТАРАЗ
Газет 1922 жылғы 1 мамырдан шығады.
Қаладағы Саңырық батыр мен Тәуке хан көшелерінің қиылысындағы алаңқайдан жоңғар шапқыншылығында елін қорғап, қол бастаған әйгілі Саңырық батырға ескерткіш тұрғызылатын болды. Бұл игілікті істі «Саңырық батыр» қоры қолға алып отыр. Батырдың асқақ тұлғасымен бірге, тұтастай жоңғарларға қарсы күресті бейнелейтін еңселі монумент бой көтереді. Қазір ескерткіштің іргетасы қаланып бітті.
АСПАН АСТЫ ЕЛІНДЕ
l БАЙЗАҚ Биылғы оқу жылында аудан мектептерінен 636 түлек үлкен өмірге жолдама алғалы отыр. Қазір ұлттық бірыңғай тестілеуге 475 оқушы қатысуға дайын. Оның ішінде ауданның 10 орта мектебінен «Алтын белгі» белгісіне үміткер 16 оқушы бар.
Қазақстан мен Қытай басшылары екіжақты 5 құжатқа қол қойды Бұдан басқа, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ мен «CITIC» корпорациясы арасында өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы меморандум жасалды. Бұл құжат мұнай-газ және тау-кен секторында өзара іс-қимылды дамытуды қарастырады. Сонымен қатар, Қытайдың ЭКСИМ банкімен «Петро Казахстан ойл продактс» ЖШС жобасын қаржыландыруға қатысты өзара түсіністік туралы меморандум жасалды. Аталмыш құжат Шымкент мұнай өңдеу зауытын жаңғырту мен қайта құрылымдауға 1 млрд. доллар қаражат бөлуді көздейді. Бұдан бөлек, Қазақстан Даму Банкі мен ҚХР Мемлекеттік даму банкі арасында жалпы сомасы 500 млн. долларды құрайтын несие желісі туралы Бас келісімге қол қойылды. Сонымен қатар, «ҚазМұнайГаз» ҰК» мен «CNPC» корпорациясы арасында Алматы облысында үлкен диаметрлі (300-1600 мм) мұнайгаз құбырын шығаратын зауыт құрылысын салу туралы негіздемелік келісім жасалды. Аталған жоба құны 150 млн. долларға бағаланып отыр. Елбасының мемлекеттік сапары аясында Шығыс Қытайдың Цзянсу өлкесіндегі Ляньюньган портында қазақстандық логистикалық терминал құрылысын бастаудың ресми салтанатты рәсімі өтті. Атап айтқанда, “Сицзяо” резиденциясында екі мемлекеттің басшылары “Шанхай-Ляньюньган” бейнекөпірі арқылы аталған жоба құрылысын іске қосты. Сонымен қатар, Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа «Жібек жолы» бейбітшілік сыйлығы берілді. Сыйлық Елбасыға қытай тарапынан оның ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинмен келіссөздерінің қорытындылары бойынша берілді. «Сіздің бейбітшілік ісін қамтамасыз етуге және оның гүлденуіне қосқан үлесіңізге біздің алғысымыздың белгісі ретінде Сізге «Жібек жолы» бейбітшілік сыйлығын тапсырамыз. Сіз бұл сыйлық беріліп отырған алғашқы адамсыз», – деп жариялады қытай тарапы ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің қатысуымен Мемлекет басшысын марапаттау салтанатының барысында. «Ақ жол-Ақпарат».
КЕШЕ ҚР ПРЕЗИДЕНТІ НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВТЫҢ ҚЫТАЙДЫҢ ШАНХАЙ ҚАЛАСЫНА МЕМЛЕКЕТТІК САПАРЫ АЯСЫНДА ЕКІЖАҚТЫ 5 ҚҰЖАТҚА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ. АТАП АЙТҚАНДА, Н. НАЗАРБАЕВТЫҢ ҚХР ТӨРАҒАСЫ СИ ЦЗИНЬПИНМЕН КЕЛІССӨЗДЕРІНІҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ БОЙЫНША ЕКІ ЕЛ АРАСЫНДАҒЫ СТРАТЕГИЯЛЫҚ ӘРІПТЕСТІКТІҢ БАРЛЫҚ САЛАЛАРЫН ҚАМТИТЫН ЖӘНЕ ТАРАПТАРДЫҢ КЕЛЕШЕКТЕГІ ПЕРСПЕКТИВАЛЫҚ БАҒЫТТАРЫН АЙҚЫНДАЙТЫН БІРЛЕСКЕН ДЕКЛАРАЦИЯ МАҚҰЛДАНДЫ.
l ЖАҢА НЫСАН
l ЖУАЛЫ Ауданда 2013 жылы шағын несиелік ұйымдар – «КазМикрофинанс» ЖШС, «Жуалы Рантье» шағын несие ұйымы және «Жуалы» несиелік серіктестігі кәсіпкерлерге 693 миллион теңге инвестиция таратқан болатын. Бұл жұмыс биыл да жүйелі жалғастырылуда. Несиелік ұйымдар оларды несиемен қамтамасыз ету үшін құжаттар қабылдауда. Үстіміздегі жылы 4 айда жоғарыдағы ұйымдар 140-тан астам шаруашылыққа 80 миллион теңгеге жуық несие берді.
l ТАЛАС Аққұм ауылының «Абзал» шаруа қожалығы ұлттық спорт түрлерінен бәсеке өткізіп келеді. Қожалықтың демеушілігімен өткен қазақ күресі жарысында Бөлтірік ауылының балуаны, өткен жылғы республикалық «Қазақ барысы» додасында күш сынасқан Айдос Теңгебаев бас балуан атанды. Ат бәйгесінде құнан бәйгеде Аққұм ауылының жүйрігі, аламан бәйгеде Т.Рысқұлов ауданының жүйрігі топ жарды.
Арғымақ аттың құйрығы Әрі жібек, әрі қыл, Асыл мінез азамат, Әрі төре, әрі құл. Халық мақалы.
«ОСЫ ЕДІ ҒОЙ КҮТКЕНІМ БАЯҒЫДАН...” -
Құрманбек ӘЛІМЖАН, «Ақ жол»
КЕНЕН АУЫЛЫНДАҒЫ ЕКЕЙБАЙ ҚАШАҒАНОВ АТЫНДАҒЫ МЕКТЕПТІҢ ЖАҢА ҒИМАРАТЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ 2011 ЖЫЛДЫҢ АЯҒЫНДА БАСТАЛҒАН БОЛАТЫН. ЖОБА БОЙЫНША ОЛ БІР ЖАРЫМ ЖЫЛДА АЯҚТАЛЫП, ЯҒНИ, БЫЛТЫРҒЫ ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫН АУЫЛ ОҚУШЫЛАРЫ ОСЫ ЖАҢА БІЛІМ ОРДАСЫНДА БАСТАУЫ ТИІС ЕДІ. БІРАҚ, БАСТАПҚЫ МЕРДІГЕР «ЗАКСЕРВИС» ЖШС ҚҰРЫЛЫС БАРЫСЫН НЕГІЗСІЗ СОЗБАЛАҢҒА САЛЫП, ТІПТІ, БІРАЗ УАҚЫТ ТОҚТАТЫП ТА ҚОЙҒАНДЫҚТАН 2013 ЖЫЛДЫҢ 16 ТАМЫЗЫНДА ОБЛЫСТЫҚ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН АУДАНАРАЛЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ СОТЫНЫҢ ШЕШІМІМЕН МЕКТЕП ҚҰРЫЛЫСЫНА ТАПСЫРЫС БЕРУШІ МЕН МЕРДІГЕР АРАСЫНДАҒЫ КЕЛІСІМШАРТ БҰЗЫЛҒАН. СОНЫМЕН ЖАҢА МЕРДІГЕР «ТАРАЗҚҰРЫЛЫСИНВЕСТ» ЖШС ЖҰМЫСЫ ОРТА ЖОЛДА ТОҚТАП ТҰРҒАН ҚҰРЫЛЫСТЫ ӨТКЕН ЖЫЛДЫҢ СОҢЫНА ҚАРАЙ ЖАЛҒАСТЫРЫП, МІНЕ, АРАДА ЖАРТЫ ЖЫЛ ӨТКЕНДЕ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІП ОТЫР. СОНЫҢ ҚУАНЫШЫНА КЕШЕ АҚЫН АУЫЛЫНДА ҮЛКЕН МЕРЕКЕ ӨТТІ. ОҒАН ОБЛЫС ӘКІМІ К. КӨКІРЕКБАЕВ ПЕН ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТТЫҢ ХАТШЫСЫ Б. ҚАРАШОЛАҚОВ ҚАТЫСТЫ.
деп жырлаған Кенен ата ауылында жаңа мектеп пайдалануға берілді
l АСЫЛ БЕЙНЕ Күләш АХМЕТОВА, ақын, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты.
НЕМЕРЕЛЕР
ЖҮРЕГІНІҢ ЛҮПІЛІ
ЖУЫРДА «ЭДЕЛЬВЕЙС» БАСПАСЫНАН ПОЭЗИЯ ПАТШАЙЫМЫ ФАРИЗА ОҢҒАРСЫНОВА ЖАЙЛЫ «АСЫЛ БЕЙНЕ» АТТЫ ЖАҢА КІТАП ЖАРЫҚ КӨРДІ. ӨМІР БОЙЫ БІРГЕ ТУҒАН ІНІ-СІҢЛІЛЕРІН, ӨЗІНІҢ АЙБАРЫН, ОЛАРДЫҢ БАЛАЛАРЫН ҚАНАТТЫҒА ҚАҚТЫРМАЙ, ТҰМСЫҚТЫҒА ШОҚЫТТЫРМАЙ, АЯЛАП, БАҒЫПҚАҒЫП, ӘЛПЕШТЕП ӨСІРІП, АНАЛЫҚ МЕЙІРІМІНЕ БӨЛЕЙ БІЛГЕН, БАЛАЖАН АҚЫН ФАРИЗАҒА ДЕГЕН ПЕРЗЕНТТІК МАХАББАТҚА ТОЛЫ БҰЛ КІТАПТЫҢ ОРНЫ БАСҚАЛАРДАН ӨЗГЕРЕК.
Жинақ негізінен Оңғарсыновтар әулетінің ең жас өрендерінің еске алуларынан тұрады. Бұлардың ақын ананың өзі қойған аттары қандай мағыналы да, әсем! Алан, Әнел, Аруай, Асылан, Ахметжан, Әлихан, Әмірлан, Айсана, Кәмила, Әбіш, Әдина, Әдия. Жауқазындай жас ұрпақтың даңқты әжелері туралы жүректен туған естеліктері барынша шынайы. Бала сағынышы самал тербеген дала гүлдерінің қауызынан тамып кеткен таңғы шықтай мөп-мөлдір. Ақылды жасөркен ақын әжелерінің есімін мақтанышпен, құрметпен еске алады. Бірі-Фариза әжесінің өз қолымен пісірген балдай дәмді бауырсағын айтса, бірі- шахмат, асық ойнап, күлдіргі сөздермен әжелерінің көңілін көтергенін, тағы бірі – асыл ананың айтқан ақылдарын, үйреткен істерін, оқыған өлеңдерін, өздеріне еркелетіп қойған екінші аттарын еске алады. Әжесі бар кездегі әдемі шақтарын бала тілімен әсерлі баяндайды. Көркем безендірілген кітаптан бала жүрегінің лүпілі, тап-таза тұма бұлақтың сылдыры естілгендей болады. Әрбір жолы әжелерді ардақтауға үндеп тұрған естеліктер жинағы ұрпаққа үлгі боларлық. Жақын жандардың жақсы лебіздерінен тұратын, көңілдің бір шоқ гүліндей бұл жинақты әзірлеп, әрлеп шығарып, тұсаукесерін өткізіп, ақын әруағына Құран бағыштап, дастархан жайған қалам ұстап жүрген қыздардың бірі - Маруся Маралқызының игі ниетіне нұр жаусын.
Құрылысы онсыз да кешіккен мектепті алдағы жаңа оқу жылына қарата ашса да болар еді. Оқу аяқталар тұстағы бұл салтанаттың себебін оған қатысқан облыс әкімі Кәрім Көкірекбаев былайша түсіндірді: – Бірер күннен кейін соңғы қоңырау соғылады. Алда мемлекеттік емтихандар тұр. Биыл бұл мектепті бітіретін түлектер бар. Олар да жақсылықты көппен бірге сезініп, біраз уақыт болса да жаңа мектептегі жаңа парталарда отырып емтихандарын тапсырсын. Оның үстіне алда 1 маусым – балаларды қорғау күні келеді. Ал одан да бөлек оқиға --- биыл Кенен атамыздың туғанына 130 жыл толуы атап өтілмек. Ауылдағы жаңа нысанның ашылуы осыған жарасымды тарту емес пе. Бұдан соң әкім облыс көлемінде білім беру саласы бойынша атқарылып жатқан жұмыстарға қысқаша шолу жасады. – Соңғы төрт жылда өңірде облыс аумағында 56 мектеп пен 138 шағын орталықтардың құрылысы жүруде. Тек биылдың өзінде 18 мектеп және 12 балалар бақшасы салынуда. Мұның барлығы Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың биылғы халыққа Жолдауында атап көрсеткендей, апатты және үш ауысымды мектептерді азайту талабына сәйкес қолға алынған шаралар. Біз алдағы екі жылда облыс көлеміндегі апатты және үш ауысымды мектептерді толық жойып, оларды міне осындай жаңа ғимараттармен алмастыратын боламыз, – деген Кәрім Нәсбекұлы жаңа мектепке көрімдікке теледидар тарту етті. (Жалғасы 2-бетте).
ОБЛЫСТЫҚ ӘКІМДІКТЕ
АЗ ЖҰМЫСТЫ ҚИЫНСЫНСАҢ, КӨП ЖҰМЫСҚА ТАП БОЛАРСЫҢ облыс әкімі К. Көкірекбаев арқаны кеңге салған әкімдерді сынға алды Амангелді ӘБІЛ, «Ақ жол».
Бағдарлама талаптары орындалмауда Кеше облыстық әкімдікте облыс әкімі аппаратының селекторлық режімде дәстүрлі кеңесі өтті. Онда күн тәртібінде бірінші «Жұмыспен қамту-2020 жол картасы» бағдарламасының орындалу барысы қаралды. Бұл мәселе жөнінде облыстық әкімдіктің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Сейдахмет Сейтбеков хабарлама жасады. Хабарламашы бағдарлама аясында республикалық және облыстық бюджеттен 5,8 миллиард теңге қаралып, есепті кезеңге жоспарланған 746,3 миллион теңгенің 452,4 миллион теңгесі немесе 60,6 пайызы орындалғанын еске салды. Бағдарламаның бірінші бағыты бойынша барлығы 83 жобаға 3102,3 миллион теңге қаралып, есепті мерзімде бөлінген 459,4 миллион теңгенің бар-жоғы 184,6 миллион теңгесі ғана игеріліпті. Бұл – 40,2-ақ пайыз. Есепті мерзімде қаралған қаржыдан Сарысу ауданы бар болғаны 6,7 пайызын ғана, Тараз қаласы 28,3, Меркі ауданы 35 пайызын игерсе, Жамбыл, Талас және Шу аудандары күні бүгінге дейін көк тиын да игермеген. Осы бағытта барлық жобаларда 1708 жұмыс орнын құру жоспарланса, 21 жобада жұмыс басталып, 133 азамат жұмысқа орналасыпты. Оның ішінде 69 адам Жұмыспен қамту орталықтарының жолдамасымен келген. Бұқаралық ақпарат құралдарында барлық 85 жоба туралы хабарлама жарияланған. – Конкурс өткізілген 50 жобаның 42-сінде жеңімпаз анықталып, 37 мердігермен келісімшарт жасалып отыр. Дегенмен, Талас ауданында үш жоба, Сарысу ауданында бір жоба бойынша келісімшарт жасалмаған. Сол сияқты, 21 нысанда келісімшарт жасалғанымен, жұмыстар әлі басталмаған. (Жамбыл-5, Қордай-5, Талас-3, Сарысу-2, Т.Рысқұлов-2, Мойынқұм-2, Жуалы-1, Меркі-1) Бағдарламаның екінші бағыты бойынша 2014 жылға 1786,5 миллион теңге бөлініп, 920 адамды қамту жоспарланып отыр, – деді С.Сейтбеков. Биылғы 1 мамырға 920 адам кәсіпкерлік негіздеріне оқытылып, осы мақсатқа қаралған 37,7 миллион теңгенің 31,1 миллион теңгесі игеріліпті. Ал, 6,6 миллион теңге мемлекеттік
сатып алудан үнемделген қаржы көрінеді. Шағын несие беру бойынша уәкілетті өңірлік ұйым болып, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» акционерлік қоғамының облыстық филиалы белгіленіпті. Шағын несие алушылар үшін жылдық тиімді сыйақы ставкасы 6 пайызды құрайды екен. Шағын несие беру осы айда басталатынын жеткізген басқарма басшысының орынбасары аудан әкімдері несие алған азаматтардың бірінші кезекте салық органдарында тіркелуін, олардың әрқайсында кем дегенде бір қосымша жұмыс орындарының ашылуын қамтамасыз етулері қажет екенін еске салды. Одан әрі ол бағдарламаның үшінші бағыты бойынша атқарылып жатқан жұмыстан да жан-жақты хабардар етті. Мемлекеттік бағдарламаны орындауда олқылықтарға жол берген Шу, Жамбыл, Сарысу және Меркі аудандарының әкімдері Б.Нүркенов, Р.Дәулет, Қ.Мәдібек және Б.Көпбосынов түсінік берді. Осы жерде кейбір аудан әкімдері нақты цифрлардан жаңылысып жатты. Селекторлық режімде өтетін облыс әкімі аппаратының кеңесіне қалай болса, солай дайындықсыз келетін әкімдерді Кәрім Нәсбекұлы сын тезіне алды. Ол орынбасары Ерқанат Манжуовқа аудан әкімдерінің осы саламен айналысатын орынбасарларын шақырып, шұғыл жиын өткізуді жүктеді. Облыстық әкімдіктің білім басқармасының басшысы Сұлушаш Құрманбекова «Жұмыспен қамту-2020 жол картасы» бағдарламасының білім саласына қатысты бірінші және үшінші бағыттары бойынша хабарлама жасады. Облыстың бас педагогының сөзіне қарағанда бағдарлама шеңберінде техникалық және кәсіптік білім мекемелерінде кәсіптік даярлау курстары бойынша өңірдегі 955 білімгердің 70-і оқуын аяқтапты. Биылғы сәуірмамыр айлары аралығында 5 мамандық бойынша 3 колледжде 101 адам бір айлық біліктілігін арттыру курстарымен қамтылыпты.
547,4 мың гектар ауылшаруашылығы жері пайдаланусыз жатыр Облыс әкімдігінің жер қатынастарын реттеу басқармасы басшысының орынбасары Бердібек Молдабайдың хабарына қарағанда 2013 жылдың 1 қарашадағы жер есебі бойынша облыстың жер қоры 14 миллион 426,4 мың гектарды құрайды екен. 2011-2013 жылдар аралығында жүргізілген тексеру және түгендеу жұмыстарының нәтижесінде облыс бойынша 547,4 мың гектар ауылшаруашылығы жерінің пайдаланусыз жатқаны анықталыпты. Оның ішінде егістік жерлер 176,5 мың гектарды құрайтын көрінеді. Жергілікті атқарушы органдар
және жер инспекциясы тарапынан қолданылған шаралардың нәтижесінде анықталған жерлердің 439,9 мың гектары немесе 80 пайызы мемлекет иелігіне қайтарылыпты. 2013 жылғы түгендеу жұмыстарының желтоқсан айында аяқталуына және материалдардың осы жылдың наурыз айында келіп түсуіне байланысты 18 мың гектар жердің құжаты қазіргі кезде аудандық жұмыс топтарында қаралып жатыр екен. Осының қорытындысы бойынша бұл жерлерді де мемлекет иелігіне қайтару шаралары жүргізілетінін еске салған хабарламашы мұның сыртындағы 57,7 мың гектар жер иесіз мүлік ретінде есепке алынғанын атап көрсетті. Одан әрі ол республикалық бюджет есебінен жүргізіліп жатқан ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді түгендеу жұмыстарын 2014 жылы аяқтау жоспарланғанын еске салып, биыл бұл жұмыспен Тараз қаласы, Қордай, Шу ауданы қамтылатынын жеткізді. «Мемлекет иелігіне қайтарылған жерлерді ауыл шаруашылығы айналымына қосу шаралары басты назарда ұсталуда. Бүгінгі күнге қайта айналымға қосылған жерлердің аумағы 165,7 мың гектарды құрап отыр» деді. Басқарма басшысының орынбасары күн тәртібіне шығарылып отырған мәселе өзекті бола тұра бұл шаруаға немқұрайлылық танытып отырған Тараз қаласының немесе бірде-бір аудан әкімдерінің есімін атамады. Осыны хабарламашыға қабырғасынан қойған облыс әкімі «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» халықаралық жолының бойындағы қазылған ой-шұңқырларды және Мойынқұм ауданындағы компаниялар жердің астан-кестеңін шығаратынын, осы аймақтан тамыр жинаушылар жерді шұрқ тесік қылып жататынына алаңдаушылық білдірді. Ал, Тараз қаласындағы бос жатқан жерлер қоқыс төгетін алаңға айналған. Осы мәселе бойынша Мойынқұм ауданының әкімі Болат Мәдікенов пен Тараз қаласының әкімі Нұржан Календеровтың атына әжептәуір сын айтылды.
Одан кейін облыс бойынша аумақтық жер инспекциясының басшысы Серікбай Тәпеев қосымша хабарлама жасады. Кәрім Көкірекбаев Тараз қаласы мен аудан әкімдеріне, облыстық басқармалардың басшыларына күн тәртібіне шығарылған мәселелер бойынша бірқатар нақты міндеттер жүктеді. Кеңес жұмысын қорытындылаған облыс әкімі тазалық мәселесіне, өрт қауіпсіздігіне, қысқы жылу беру науқанына дайындыққа, басқа да бірқатар маңызды мәселелерге назар аударып, тиісті басқарма, мекеме басшыларына тапсырма берді. Алдағы айда атақты композитор, әнші Кенен Әзірбаевтың 130 жылдығы өтеді. Сондайақ, даңқты палуан Жақсылық Үшкемпіров атындағы турнир жалауын көтереді. Тиісті басқарма басшыларына осы ауқымды шараларды тиісті дәрежеде өткізуді жүктеді.