ДОСЫ КӨПТІ ЖАУ АЛМАЙДЫ, АҚЫЛЫ КӨПТІ ДАУ АЛМАЙДЫ
Жамбыл облысты о амды саяси газет №103 (17960), Сенбі, 12 шілде, 2014 жыл
ak-jol-taraz@rambler.ru
www. akjolgazet.kz
Газет 1922 жыл ы 1 мамырдан шы ады. l ЖАМБЫЛ
l ЕРДІҢ ЖАҚСЫСЫ ЕЛІМЕН ОЙЛАСАДЫ l
Қаратөбе ауылдық округінің аумағынан «Оңтүстік халал тағамдары» ЖШС жаңа ет комбинатының құрылысын жүргізуде. Онда мал союдың барлық технологиясы сақталатын болады. Тәулігіне 40 тонна ет өңдейтін комбинатта жүздеген адамға жұмыс орны ашылмақ.
ҰЛТТЫҚ ҚОР МӨЛШЕРІ
l ЖУАЛЫ Аудандық Мәдениет үйінде «Ауылдың ең үздік жас ветеринары» атты облыстық кәсіптік байқауы болып өтті. Оған облыс аудандарынан 7 үміткер қатысты. Мал шаруашылығына қатысты сан сауалдан тұратын сыннан сүрінбей өткен меркілік Ержан Жарқынтаев бірінші орынды иеленді. Екінші орынға Т. Рысқұлов ауданының жас ветеринар-дәрігері Нұрслан Шәріпбаев лайықты деп табылса, үшінші орын Талас ауданының өкілі Абдулла Шалқар мен жуалылық Досжан Қожамбаевқа берілді.
77 МИЛЛИАРД АҚШ ДОЛЛАРЫНА ЖЕТТІ Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев елдің қаржы жүйесінің тұрақтылығы туралы сөз етті
l МЕРКІ
ҒЫЛЫМНЫҢ БАР МҮМКІНДІГІН ПАЙДАЛАНУ КЕРЕК Нұрсұлтан Назарбаев еліміздің барлық жоғары оқу орнына ғылыммен айналысуды тапсырды
Алматыдағы резиденцияда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Үкімет басшысы Кәрім Мәсімовпен және Ұлттық банк төрағасы Қайрат Келімбетовпен кездесу өткізді. Кездесу барысында Кәрім Мәсімов Мемлекет басшысына еліміздің бірінші жартыжылдықтағы экономикалық дамуының негізгі қорытындылары жөнінде айтып, Үкіметтің екінші жартыжылдыққа арналған жұмыс жоспары туралы баяндады. Нұрсұлтан Назарбаев негізгі макроэкономикалық көрсеткіштердің және валюта нарығындағы ахуалдың тұрақтылығын қамтамасыз ету қажеттілігін атап өтті, сондайақ әлемдік қаржы нарықтарында қалыптасып отырған ахуалға орай ұдайы болатын қатерлерге талдау жүргізуге баса назар аударды.
Қайрат Келімбетов елдің қаржы секторы мен банк жүйесінің жағдайы, сондай-ақ Ұлттық банк жүргізіп отырған ақша-кредит саясаты жөнінде мәлімдеді. Ұлттық банк басшысының мәліметіне сәйкес, 2014 жылғы бірінші тоқсанда ІЖӨ нақты өсімі 3,8% болды. 2013 жылғы бірінші тоқсанмен салыстырғанда тауарлар экспорты 10,8 %-ға өсіп, 22,7 млрд АҚШ долларына жетті, ал тауарлар импорты 14,6%-ға төмендеп, 8,7 млрд АҚШ долларын құраған. Алдын ала деректер бойынша, Ұлттық қор мөлшері шамамен 77 млрд АҚШ долларына жеткен. Кездесу қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы елдің қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз ету және экономиканың даму қарқынын сақтау жөнінде бірқатар тапсырмалар берді.
Мемлекет басшысы Қазақ ұлттық аграрлық университетімен бірлескен шаруашылық базасында құрылған “Байсерке-Агро” оқу ғылыми-өндірістік орталығының жұмысымен танысты. Президентке “Байсерке-Агро” ғылымиөндірістік оқыту орталығы базасында алынған дәнді-дақылдардың жаңа сорттары, пестицидтер мен биотыңайтқыштардың алуан түрлері, сондай-ақ ветеринариялық препараттар көрсетілді. Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаев ауылшаруашылығы техникасының жетілдірілген әрқилы түрлері мен мал шаруашылығы нысандарын аралап көрді. Мемлекет басшысы отандық жоғары оқу орындары оқыту үдерісін ғылыммен және өндіріспен ұштастыру тәжірибесін қолдануы қажеттігіне назар аударды. “Барлық университеттер ғылыммен айналысуға тиіс. Оларда зертханалар ашып, кейін өндіріс ұйымдастыру үшін қажет болатын тәжірибелік-өнеркәсіптік жұмыстарды жүргізуге арналған техникалық база құрған жөн”, – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Мемлекет басшысы елдегі ауылшаруашылығы кешенін тиімді дамыту ісі бұл салада заманауи ғылыми әдістемелер мен әзірлемелерді қолдануды талап ететінін айтты. “Азық-түлік өндірісі елімізді дамытудың басты факторына айналып келеді. 2050 жылға қарай әлемде халық саны 9 миллиардқа дейін өседі, ол ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруді екі есеге арттыруды қажет ететін болады. Қазақстанның, орасан кең алқаптарды қоса алғанда, сол орынды иеленуге барлық мүмкіндігі бар. Бұл ретте ауылшаруашылығы жаңа технологиялардың көмегінсіз одан әрі дами алмайды. Ғылымның бар күшін пайдалану керек, тек сонда ғана біз ауылшаруашылығы саласында ілгерілей аламыз”, – деді Қазақстан Президенті. “Байсерке-Агро” өндірістік шаруашылығы егін шаруашылығымен, мал шаруашылығымен, ет және сүт өңдеумен айналысады. Ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру барысында отандық ғалымдар әзірлеген инновациялық технологиялар белсенді түрде қолданылады. Шаруашылық құрамына екі ветеринарлық патология-анатомиялық зертханасы, жем-шөпті зоотехникалық талдаудан өткізетін зертханасы және агрохимия зертханасы бар ғылыми-өндірістік оқыту орталығы кіреді. «Ақ жол-Ақпарат».
«ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ЖОЛ КАРТАСЫ - 2020»: БАҒДАРЛАМА ІС ЖҮЗІНДЕ
Ақылдының соңына ер, жолың болар, Тиянақтының ісін көр, көңілің толар.
КЕШЕ ОБЛЫСТЫҚ ӘКІМДІКТЕ ОБЛЫСЫМЫЗҒА ЖҰМЫС САПАРЫМЕН КЕЛГЕН ЕЛІМІЗДІҢ ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРІ ТАМАРА ДҮЙСЕНОВА «ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ЖОЛ КАРТАСЫ – 2020» БАҒДАРЛАМАСЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДЫҢ 2014 ЖЫЛДЫҢ БЕС АЙЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ БОЙЫНША ОБЛЫС ӘКІМДІГІ БАСҚАРМАЛАРЫ БАСШЫЛАРЫ, ҚАРЖЫ ИНСТИТУТТАРЫНЫҢ ӨКІЛДЕРІ, ТАРАЗ ҚАЛАСЫ МЕН АУДАНДАР ӘКІМДЕРІНІҢ ОРЫНБАСАРЛАРЫ, ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР БӨЛІМДЕРІНІҢ БАСШЫЛАРЫ, ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ОРТАЛЫҚТАРЫНЫҢ ДИРЕКТОРЛАРЫ ЖӘНЕ АУЫЛДЫҚ ОКРУГ ӘКІМДЕРІМЕН КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ. БАСҚОСУДЫ ОБЛЫС ӘКІМІ КӘРІМ КӨКІРЕКБАЕВ АШЫП, ЕҢ ӘУЕЛІ ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ДЕПАРТАМЕНТІ ДИРЕКТОРЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ БАЛЖАН ШӘМЕНОВАҒА СӨЗ БЕРДІ.
(15-ШІ КҮН)
(Жалғасы 2-бетте).
«Ақ жол-Ақпарат».
Қаратау қаласында «Таза қала» ЖШС Наурыз бағындағы талдарақты суғару үшін құбырлы құдық қаздырып, пайдалануға берді. Енді Еңбек Ерлері аллеясын көгеріштендіру үшін құдық қаздыруды қолға алды. Шілденің ыстығында сусап тұрған талдарақ осылай күтімге алынады.
l ШУ Шу қаласының балалар мен жасөспірімдер мектебінде ауыл ойындарының спартакиадасы бағдарламасына орай қазақ күресінен 1997-1998 жылдары туылған жастар арасында жарыс өтті. Оған облыс аудандарынан 70-ке жуық жас балуан 7 салмақ дәрежесінде командалық жүйеде күш сынасты. Боз кілемдегі жарыс барысында бірінші орынды Жамбыл, екінші орынды Байзақ, үшінші орынды Т. Рысқұлов ауданының жас балуандары жеңіп алды.
АҚЖОЛТАЙ ЖАҢАЛЫҚ!
ҚОС АУЫЛҒА ГАЗ ЖЕТКІЗІЛДІ АСТАНА КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА ҚОРДАЙ АУДАНЫНЫҢ САРЫБҰЛАҚ ЖӘНЕ СТЕПНОЙ АУЫЛДАРЫ ГАЗДАНДЫРЫЛЫП, ТҰРҒЫНДАР ҚУАНЫШҚА КЕНЕЛДІ. КӨГІЛДІР ОТЫНДЫ МАЗДАТҚАН 109 ҮЙДІҢ ҚУАНЫШЫН «ҚАЗТРАНСГАЗАЙМАҚ» АҚ ЖАМБЫЛ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ МҰҚАН СӘДУАҚАСОВ АРНАЙЫ БАРЫП БӨЛІСТІ.
Фариза ӘБДІКЕРІМОВА, «Ақ жол». Ол өз сөзінде «ҚазТрансГазАймақ» компаниясы жеке қаражаты есебінен «Қордай» автоматтандырылған газ тарату стансасынан (АГТС) Шу қаласына дейін жүргізілген ұзындығы 106 шақырым және диаметрі 325 миллиметр жерасты болат газқұбырын салуға бағытталған үлкен инвестициялық жобаны жүзеге асырғанын жеткізді. 2012 жылдың мамыр айында басталған құрылыс жұмыстары кесте бойынша 2013 жылдың мамырында аяқталуы тиіс болған. Алайда, қарқынды жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде «ҚазТрансГазАймақ» АҚ («ҚазТрансГаз» АҚ еншілес ұйымы) әлеуметтік маңызды нысанды 2012 жылдың желтоқсан айында пайдалануға берді. Нәтижесінде, жылдық қуаттылығы 462 миллион текше метрлік «Қордай-Шу» жоғары қысымды жеткізуші газ құбыры мерзімінен бұрын іске қосылды. – Қордайдағы қос ауылға табиғи газдың келуі осы жұмыстардың жемісі. «Қордай» АГТС-нан «Шу» бас газ тарату пунктіне (БГТП) дейінгі құбырдың газ тасымалдау қабілеті сағатына 52 895 текше метр. Қажетті газ «Бұқара-Ташкент-Бішкек-Алматы» магистралдық газ құбырынан алынуда, – деді Мұқан Сәдуақасов өз сөзінде. Сарыбұлақ ауылының тұрғыны, зейнеткер Қ.Дидебаева: «Көгілдір отынның ауылымызға кіргені үлкен жаңалық болды. Енді қыстың көзі қырауда көмір сатып алып, ағаш жарып қиналмаймыз. Бұдан үлкен бақыт жоқ» деп ағынан ақтарылды. Алдағы уақытта осы аудандағы Жамбыл, Бетқайнар, Қақпатас, Қайнар, Жаңатұрмыс ауылдары, ал, Шу ауданы бойынша Көкқайнар, Белбасар, Еңбекші, Жаңажол ауылдары да газдандырылатын болады. Қордай ауданы.
ЕГІН ОРАҒЫ – 2014
ртаж о п е ің р Бізд
ҚУАҢШЫЛЫҚҚА ҚАРАМАСТАН ӘР ГЕКТАРДАН 15 ЦЕНТНЕРДЕН ДӘН ЖИНАУДА ОБЛЫСТА ЖАМБЫЛ АУДАНЫНЫҢ ДИХАНДАРЫ АСТЫҚ ЖИНАУҒА АЛҒАШҚЫЛАРДЫҢ БІРІ БОЛЫП КІРІСТІ. НАУҚАН БАРЫСЫМЕН ТАНЫСУ ҮШІН ЖАМБЫЛ АУДАНЫ, КӨЛҚАЙНАР АУЫЛДЫҚ АЙМАҒЫНА ҚАРАСТЫ ТАСТӨБЕ АУЫЛЫНА КЕЛДІК.
Фариза ӘБДІКЕРІМОВА, «Ақ жол».
Таразда LTE (4G) жоғары жылдамдықты ұялы тарату желісі пайдалануға берілді. Осыған орай, «АЛТЕЛ» АҚ басқарма төрағасы Мақсұт Сауранбеков еліміздің халық көп шоғырланған оңтүстік өңіріндегі қаланың әкімшілік орталықтарының барлығы 4G желісімен қамтамасыз етілгенін атап өтті. Сондай-ақ, «АЛТЕЛ» Тараз қаласының маңындағы елді мекендерді CSM/ UMTS желісіне қосуды жалғастыруға ниетті. Естеріңізге сала кетейік, 4G желісі Қазақстанда алғаш рет 2012 жылы Алматы және Астана қалаларында жұмысын бастады. Байланыстың төртінші ұрпағы интернетке ұялы құрылғы арқылы секундына 30 мегабайтқа дейін жылдамдықпен қосылады. Бұған қоса, 4G желісі «Қазақтелекомға» жарты жылда 100 миллион теңге пайда түсірді.
l ТАЛАС
Биліктің басты мақсаты – әлеуметтің әлеуетін арттыру
КҮН ОРАЗА
ТАРАЗДА 4G ЖЕЛІСІ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ
Аудан орталығы Құлан ауылында 320 миллион теңгеге 100 балаға арналған балабақшаның құрылысын «Құлан жолдары» ЖШС жүргізуде. Құрылыста 16 адам еңбек етуде. Оларға 2 жүк автокөлігі және автокран бекітіліп берілген. Жаңа нысанның өз қазандығы болады. Құрылыс материалдарынан еш тапшылық жоқ.
АУЫРСЫЗ ЖЕҢІЛ ЖОҚ
ОТЫЗ
БӘРЕКЕЛДІ!
l Т. РЫСҚҰЛОВ
ЕҢБЕКСІЗ ӨМІР ЖОҚ,
Халық мақалы.
АДАМЗАТТЫҢ АСЫЛ ҰСТАЗЫ МҰХАММЕД ПАЙҒАМБАРЫМЫЗДЫҢ (С.Ғ.С.) ҚАСЫНДА ҰЗАҚ БОЛҒАН САХАБАЛАРДЫҢ БІРІ ӘНАС ИБН МАЛИК (Р.А.): «СӘРЕСІ ІШІҢДЕР, ӨЙТКЕНІ СӘРЕСІДЕ БЕРЕКЕТ БАР», – ДЕГЕН ХАДИС РИУАЯТ ЕТЕДІ [БҰХАРИ, МҮСЛІМ]. СӘРЕСІНІҢ БІРІНШІ БЕРЕКЕТІ – СҮННЕТТІ ОРЫНДАУЫМЫЗДА ЖАТЫР, ЯҒНИ ПАЙҒАМБАРЫМЫЗДЫҢ (С.Ғ.С.) ҮНЕМІ ЖАСАҒАН АМАЛЫН ОРЫНДАҒАН БОЛАМЫЗ. ЗАЙД БИН СӘБИТ (Р.А.): «БІЗ АЛЛА ЕЛШІСІМЕН (С.Ғ.С.) БІРГЕ СӘРЕСІ ІШТІК, СОСЫН НАМАЗҒА ТҰРДЫҚ», – ДЕДІ. СОНДА ОДАН: «АЗАН МЕН СӘРЕСІ АРАСЫ ҚАНША БОЛҒАН ЕДІ?», – ДЕП СҰРАҒАНДА САХАБА: «ЕЛУ АЯТ ШАМАСЫНША», – ДЕП ЖАУАП БЕРГЕН ЕДІ [БҰХАРИ]. ПАЙҒАМБАР (С.Ғ.С.) СӘРЕСІ ІШПЕЙ ОРАЗА ТҰТҚАН БОЛСА, МҰСЫЛМАН ҮМБЕТІНЕ НӘР ТАТПАЙ ОРАЗА ҰСТАУ ҚИЫНҒА СОҒАР ЕДІ. АЛ, СӘРЕСІНІ ТҮН ОРТАСЫНДА ІШСЕ, БҰЛ ДА ОҢАЙ БОЛМАС ЕДІ. ПАЙҒАМБАРЫМЫЗ (С.Ғ.С.) ОҒАН ЕРЕКШЕ МӘН БЕРІП, САХАБАЛАРДЫ ДА ҮНДЕП ҚЫЗЫҚТЫРУШЫ ЕДІ. БҰЛ ТУРАСЫНДА ҺИРБАД БИН САРИЯ (Р.А.) АЛЛА ЕЛШІСІНІҢ (С.Ғ.С.) РАМАЗАН АЙЫНДА СӘРЕСІГЕ ШАҚЫРЫП, «КЕЛ, ҚҰТТЫ АСҚА», – ДЕГЕНІН РИУАЯТ ЕТЕДІ [ӘБУ ДӘУІТ, НАСАИ]. ӘБУ САҒИД ӘЛ-ХУДРИ (Р.А.): «СӘРЕСІ – БЕРЕКЕТ, ОНЫ ТАСТАУШЫ БОЛМАҢДАР. ТЫМ БОЛМАСА БІР ЖҰТЫМ СУ ІШСЕҢДЕР ДЕ», – ДЕГЕН [АХМЕТ]. ЕКІНШІ БЕРЕКЕТІ: СӘРЕСІ МҰСЫЛМАНДАРДЫ ОСЫ ҚҰТТЫ ДАСТАРҚАН БҰЙЫРМАҒАН КІТАП ИЕЛЕРІНІҢ ОРАЗАСЫНАН ЕРЕКШЕ ЕТІП ТҰРАДЫ. АМР БИН АС (Р.А.): «БІЗДІҢ ОРАЗАМЫЗ БЕН КІТАП ИЕЛЕРІНІҢ ОРАЗАСЫНЫҢ АЙЫРМАШЫЛЫҒЫ СӘРЕСІ ІШУДЕ», – ДЕГЕН ХАДИС ЖЕТКІЗГЕН [МҮСЛІМ]. ҮШІНШІ БЕРЕКЕТІ: СӘРЕСІ АДАМҒА ҒИБАДАТ ЕТУГЕ КҮШ ЖӘНЕ КҮНДЕЛІКТІ ІСІНЕ СЕРГЕКТІК БЕРЕДІ. СӘРЕСІ ІШПЕГЕН АДАМ БОЙЫ ӘЛСІРЕП, КҮШ-ҚУАТЫН ЖОҒАЛТАДЫ. ТІПТІ, АУЗЫН АШЫП ЖІБЕРУГЕ МӘЖБҮР БОЛУЫ ДА МҮМКІН. ТӨРТІНШІ БЕРЕКЕТІ: СӘРЕСІ ІШУШІ ДҰҒА-ТІЛЕК ҚАБЫЛ БОЛАТЫН УАҚЫТТА ОЯУ БОЛАДЫ. ӨЙТКЕНІ, ХАДИСТЕ ӘР КҮНІ СӘРЕСІ УАҚЫТЫНДА АЛЛА ТАҒАЛА: «СҰРАУШЫ БАР МА, БЕРІЛЕДІ, ДҰҒА ЕТУШІ БАР МА, ЖАУАП ҚАЙТАРЫЛАДЫ, ИСТИҒФАР ЕТУШІ БАР МА КҮНӘСІ КЕШІРІЛЕДІ», – ДЕП АЙТАДЫ», – ДЕЛІНГЕН [МҮСЛІМ]. БЕСІНШІ БЕРЕКЕТ: СӘРЕСІ ІШУ – ИЛӘҺИ МЕЙІРІМДІЛІКТІҢ КӨРІНІСІ. АЛЛА ТАҒАЛА ҚАЛАСА, ЕШБІР ТАМАҚ ЖЕМЕЙ ОРАЗА ТҰТУДЫ ӘМІР ЕТКЕН БОЛАР ЕДІ. АЛАЙДА, АЛЛА ТАҒАЛАНЫҢ БАРЛЫҚ ӘМІРЛЕРІНДЕ ЖЕҢІЛДІК ПЕН МЕЙІРІМДІЛІК КӨРІНІС ТАПҚАН. АЛТЫНШЫ БЕРЕКЕТ: СӘРЕСІ ІШКЕН АДАМҒА АЛЛА ТАҒАЛАНЫҢ РАҚЫМЫ ЖӘНЕ ПЕРІШТЕЛЕРДЕН ДҰҒА ЖАУАДЫ. ӘБУ САҒИД ӘЛ-ХУДРИ (Р.А.) РИУАЯТ ЕТКЕН ХАДИСТЕ: «РАСЫНДА АЛЛА ТАҒАЛА ЖӘНЕ ПЕРІШТЕЛЕРІ СӘРЕСІ ІШУШІЛЕРГЕ РАҚЫМЕТ ПЕН ДҰҒА ЕТЕДІ», – ДЕЛІНГЕН [АХМЕТ].
Үстіміздегі жылы Жамбыл ауылдық аймағынан екі шаруа «Сыбаға» бағдарламасымен несие алған еді. «Мәдібай» шаруа қожалығы – «Аграрлық несие корпорациясы» арқылы алған 10 миллион теңге несиеге қазірдің өзінде 57 бас сиыр мен 3 асыл тұқымды бұқа сатып алды.
Шілденің шіліңгір ыстығы апшыны қуырып барады. Осы қапырыққа қарамастан, егіншілер астықты алқапта күн демей, түн демей еңбек көрігін қыздырып жүр. Егін орып жүрген «Қызыл дихан» өндірістік кооперативінің «Нива» комбайны жүрісін баяулатып, алқаптың шет жағына келіп тоқтады. Осы сәтте «МТЗ-80» тракторы тіркемесін бункер науасының астына тоса қойды. Тіркеме қорабына бункерден алтын дән ақтарылды. Кооператив төрағасының өндіріс жөніндегі орынбасары Жақсынбек Жамансариев, биыл шаруашылық 500 гектар алқапқа бидай, 200 гектар жерге арпа еккендігін айтты. Егін ору бесінші шілдеден басталыпты. Қазір 110 гектары орылып қойыпты. Бір күнде 15 гектар алқаптың дәні бастырылуда.
Өнім гектарына 15 центнерден айналуда. Көрсеткіш былтырғыдан біршама төмендеу. Биылғы қуаңшылық күтілгендегідей өнім алуға кері әсерін тигізді, – деді Жақсынбек Еламанұлы. Шаруашылық арзандатылған бағамен жанар-жағармай алған. Алайда, алқаптағы комбайндар ескірген. Кооператив дихандары осыдан кейін 200 гектар арпаға орақ салмақ. Жұмыс уақыты таңертеңгі алтыдан кешкі сағат онға дейін. Дихандар бел шешпей еңбек етуде. Механизаторлар А.Әселов, Қ.Майлыбаев, Б.Көлбаев, М.Әбуовтың бұл істе тәжірибесі мол. Агроқұрылым еңбеккерлері бұдан бөлек тамшылатып суғару әдісі бойынша 50 гектарға пияз, 700 гектар алқапқа жоңышқа, 70 гектарына жүгері, 10 гектар жерге бақша дақылдарын егіпті. Олардың күтімі көңілдегідей. Жамбыл ауданы.
Суреттерді түсірген Ақәділ РЫСМАХАН РЫСМАХАН..