12 qarasha PDF 2019

Page 1

Jambyl oblystyq qoǵamdyq-saıası gazet

АҺАН Д

А

Ж

BІRІŃDІ, QAZAQ, BІRІŃ DOS, KÓRMESEŃ, ІSTІŃ BÁRІ BOS. (ABAI).

және

Сарысу Сар С ар а ры ыс ысу ы су су ауданы ауд а ау уд у дан аны а ны н ы

Мо Мой М о ой йын ын Мойынқұм а ау ауд уд у да ан н ауданы

ЖАМБЫЛДА

Мойынқұм

Шу ауданы

Талас ауданы

Төле би

Жаңатас Қаратау

Жамбыл облысты о амды -саяси газет

Жамбыл ауданы

Меркі ауданы

Байзақ ауданы

Т.Рысқұлов ауданы

Аса

Құлан

Жуалы ауданы

Қордай ауданы Қордай

Меркі

Бауыржан Момышұлы

№3 (18653), Senbі, 12 qańtar, 2019 jyl

ak-jol-taraz@rambler.ru

www. aqjolgazet.kz

Gazet 1922 jyldyń 1 mamyrynan shyǵady

ПРЕЗИДЕНТ

НДА ЖАҺА

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ МЫРЗАТАЙ ЖОЛДАСБЕКОВПЕН КЕЗДЕСТІ Қазақстан Президенті мемлекет жəне қоғам қайраткері, көрнекті ғалым Мырзатай Жолдасбековпен кездесті. Кездесу барысында «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асырудың өзекті мəселелері талқыланды.

ҚЫТАЙ Қаңтардың басында Айға қонған «Чанъэ-4» ғарыш аппараты суреттер жібере бастады. Арнайы камера арқылы 360 градуста тұтас қамтылып түсірілген сурет арқылы ай қабатының минералды құрамын зерттеуге болады.

АҚШ Лас-Вегас қаласында әлемдегі ең ауқымды CES технологиялық көрмесі өтіп жатыр. Онда әуежайда өз иесінің артынан қалмайтын ақылды жолсандық, балаларға жүзуді үйрететін электронды тақтайша бар.

ОҢТҮСТІК КОРЕЯ Елде өткен жылы жылжымайтын мүлікке рекордтық баға тіркелді. Сеул орталығындағы үйдің бір шаршы метрінің құны 9 мың доллардан асты. Таңғы самал елі тұрғындарының тек 45 пайызының өз баспаналары бар.

ФИНЛЯНДИЯ Лапландияда мұздан жасалынған Муми-тролльдердің алып қамалы бой көтерді. Оған 20 мың текшеметр қар мен 70 тонна мұз жұмсалған. Ертегі қалашығында дәмханалар мен лабиринт, сырғанауға арналған 50 метрлік төбешік орнатылған.

М.Жолдасбеков Мемлекет басшысының «Ұлы Даланың жеті қыры» атты бағдарламалық мақаласында көрсетілген басты бағыттар аясында атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде айтты.

СОЛТҮСТІК ИРЛАНДИЯ Елдегі қарапайым отбасы «Еуромиллионс» (EuroMillions) лотереясынан джекпот ұтып алды. Оның көлемі – 115 мың фунт немесе 145 мың доллар. Жеңімпаз бүгінде ұтысын бөлісетін адамдардың тізімін де жасап үлгеріпті.

ДА БЫЛ М А Ж ТАРАЗ

М ЕЛ

ЕН ЕС

Шаһардың бұрынғы тұрғыны сол кезде өз ауласынан ІХ-Х ғасырларға тиесілі қыш құмыра тауып алған. А.Мостовщиков оны облыс орталығындағы музейге беру үшін Омбы қаласынан арнайы келіпті. Мамандар бұл құмыраны соғдылар пайдаланған дейді.

ӨҢІР ЖӘНЕ ӨРКЕНИЕТ

БАЙЗАҚ Аудандық бөлім, мекеме басшылары мен Ботамойнақ, Түймекент, Темірбек ауылдық округтерінің әкімдері мал қыстауларында болып, малшы отбасыларының балаларына сый-сияпат жасады.

ЖУАЛЫ Ауданда Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017- 2021 жылдарға арналған бағдарламасы аясында былтыр 2500-ден астам адам жұмыспен қамтылса, 3 азаматқа қайтарымсыз көмек қаржы берілген.

«ОВ», «ЕВ»-ТІ АЛЫП ТАСТАУҒА КЕДЕРГІ ЖОҚ Камила БОРАШОВА Қазір төлқұжатыңыздағы «ов», «ев»-ті алып тастап, аты-жөніңізді қазақшалаудың еш қиындығы жоқ. Ол үшін Халыққа қызмет көрсету орталығына барып, жеке куəлігіңізді ғана ауыстырып алуыңызға болды. Дегенмен мамандардың айтуынша, басқа құжаттарға қатысты бірізділік те қажет екен. Яғни жеке куəлігіңізбен бірге туу туралы куəлігіңізді де ауыстыруыңыз керек болады. Ол үшін қай мекемеге барып, қандай мамандарға қайырылған жөн? Бұл сұраққа нақты жауапты Тараз қалалық азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімшесінің əдіскері Арай Нұрова жауап берді. – Еліміздегі «Неке (ерлі-зайыптылық) жəне отбасы туралы» Заңның 183-бабында азаматтық хал актілерінің жазбаларын өзгерту, толықтыру жəне түзету тəртібі жазылған. Біз осыны негізге ала отырып азаматтардың өтініштерін орындаймыз. Сонымен қатар аталған заңның 194-бабында баланың тууын мемлекеттік тіркеу кезінде оған тегін, атын, əкесінің атын беру тəртібінде: «Азаматтардың тілегі бойынша ұлты қазақ адамдардың тегі мен əкесінің атын жазуда қазақ тіліне тəн емес: -ов, -ев, -ова, -ева, -ин, -н, -ины, -на, -овна, -евна, -ович, -евич аффикстері алынып тасталады, ал олардың орнына əкесінің атына: –ұлы, -қызы деген сөздер қосылып бірге жазылады» делінген. Кейбір азаматтар жеке куəлігін қазақшалап алғаннан кейін, оның түбірі, яғни туу туралы куəлігін ауыстырмайды. Ол зейнетке шыққанда немесе шет мемлекетке сапарлайтындарға қиындық туғызады. Сол үшін ең алдымен жеке куəлікпен бірге туу туралы куəлікті ауыстыру керек. Оның жолдары айтарлықтай қиын емес. Ең алдымен бізге əке-шешеңіздің неке қию туралы куəлігін, туу туралы куəліктерін, өзіңіздің жеке жəне туу туралы куəлігіңіз жəне отбасылы болсаңыз, балаларыңыздың туу туралы куəліктері қажет. Туу туралы куəліктегі əкесі мен шешесі деген жерде қате бар ма, жоқ па соны тексеріп, егер қате жоқ болса, түбірін тексеру үшін азаматтың туылған жеріне сұраныс жасаймыз. Сұраныс пошта арқылы жіберіледі. Сұраныс келгеннен кейін барлық құжаттарын алып халыққа қызмет көрсету орталығына барып, туу туралы куəлік пен жеке куəлікті сəйкестендіру туралы өтініш береді. Сол өтініш негізінде «ов», «ев» алынып «қызы», «ұлы» дегенді қосып немесе тегін ғана жазып береміз. Егер Тараз қаласында туылса, онда мəселені сұраныс жасамай-ақ шешуге болады. Ал аудан немесе басқа қалада туып-өссе, сұраныс жасалады. Біздің байқағанымыз, тегіңіздегі «ов», «ев»-тен арылу аса қиын емес. Ал егер тегіңіздің орнына əкеңіздің есімін жазғызатын болсаңыз ғана сізге қосымша арнайы куəлік қажет болады екен. Құжат беру мəселесін жеңілдетуде биылдан бастап енгізіліп жатқан жаңа жүйенің тиімді екенін айтады мамандар. Өйткені осы жүйеде барлық мəліметтер электронды базаға жинақталып, сол арқылы сұраныстар жасалатын көрінеді. Ол толық енгізілсе, азаматтар құжатын бұрынғыдай айлап күтпейтін болады. Туу туралы куəлік пен жеке куəлігіңізді ауыстырғаннан кейін халыққа қызмет көрсету орталығы сізге не себепті ауысқаны жөнінде анықтама береді екен. Сол анықтаманы зейнетақы жинақтау орталығына жəне көлігіңіз немесе басқа да мүліктеріңізге қатысты құжаттарыңыз болса тиісті мекемелерге барып, анықтамаңызды көрсетіп, жеке куəлігіңізбен сəйкестендіріп жазғызып алғаныңыз жөн. Өйткені сізбен аты-жөні сəйкес келетін азаматтар болып қалуы əбден мүмкін. Сондықтан да ондай қиындықтар туындамас үшін құжат ауыстырғанда барлық тиісті заңдылықтарды сақтағаныңыз абзал. Осы жерде шетелге шығатын паспортты ауыстыру керек пе деген сұрақ туындауы мүмкін. Мамандардың айтуынша, оны қазақшалаудың қажеті жоқ. Өйткені шетелге шығатын паспортыңыз жəне туу туралы куəлігіңізде орысша жазылуы керек екен. Ресми тіл халықаралық қатынас тілі болғандықтан да талап солай қойылған шығар. Қазір еліміз кириллицадан латын графикасына ауысуға дайындық жасап жатқаны белгілі. Сондықтан 2021 жылдан бастап жаңа əліпби бойынша жазылған төлқұжат, жеке куəлік жəне басқа да құжаттар беріле бастайды. Мүмкін сол кезде бəрі біріздендірілетін болар. Тараз қаласы.

МЕРКІ

«МАРТ» ЕСІГІН АШАТЫН КҮН ЖАҚЫН Марат ҚҰЛИБАЕВ Бүгінде Тараз қаласының сəулеті мен ажары жылдан-жылға артып келеді. Өркениет талаптарына сай салынып жатқан əлеуметтік нысандар да көп-ақ. Бұл қала тұрғындарының өмір сүру деңгейі жақсара түскенінің де көрінісі. Десек те шаһарда балалардың бірегей ойын-сауық орталықтарының аздығы да жасырын емес. Міне, осы олқылықтың орнын «Көне Тараз» археологиялық паркінің іргесінен салынып жатқан «Март» сауда жəне ойын-сауық орталығы толтырғалы отыр. Бұл ныс ан қа ламызда жеке инвесторлардың қолдауымен жəне

қаржыландырылуымен салынып жатыр. Оның жалпы жобалық құны да қомақты қаржыға түсіп отыр. Ал нысанның құрылыс жұмыстарын «Vivat-Taraz» жауапкершілігі шектеулі с е р і к т е с т і г і ж ү р г і зуд е . Жа л п ы құрылыс алаңы 55,3 мың шаршы метрді алып жатыр. Бес қабаттан тұратын бұл ғимараттың биіктігі – 27 метр. Онда 635 автокөлікке арналған автотұрақ қарастырылған. Келушілер үшін сауда орталықтары, балалардың ойын алаңдары, мұз айдыны, кинотеатр залдары, бассейн, қонақтар тамақтанатын орындар, SPA салоны, конференция залдары мен қонақ үйлер ашылып, халыққа қызмет көрсетпек. Негізінен нысан тəулігіне 5

мың адам қабылдауға есептелген. Құрылысы 2013 жылы басталып, 2017 жылы пайдалануға берілуі тиіс нысанның белгіленген уақыттан кешіккені болмас а, құрылыс жұмыстары сапалы жүргізілуде. Қазір мұнда төрт жүзге жуық жұмысшы күн-түн демей еңбек етуде. Құрылыс алаңында қарбалыс жұмыс. Дəнекерлеуші жігіттер ғимараттың сыртқы жабындыларын жабыстыру үстінде. Ал тас қалаушылар жаяу жүргінші жолдарына құм төсеп жатыр. Сонымен қатар ғимараттың ішінде ішкі əрлеу жұмыстары жалғасуда. Жалпы бүгінгі таңда ғимараттың құрылыс жұмыстары 90 пайызға орындалған.

Меркі ормандары мен жануарлар дүниесін қорғау мекемесі көгеріштендіру жұмыстары аясында 4 гектар жерге қараағаш, терек, шырша отырғызды. Мекеме былтыр таулы аймаққа сексеуіл тұқымын ексе, шығымдылығы 60 пайызды құраған.

ТАЛАС Есейхан ауылында ауызсу құбыры жүйесінің құрылысы жүруде. Жобаның сметалық құны 650 миллион 800 мың теңгені құрайды екен. Мердігер «Монолит Дизайн-2030» серіктестігі жұмыстың 45 пайызын атқарып үлгерген.

Ынтымақ түбі игілік, Тірлік түбі бірлік.

(Жалғасы 4-бетте).

И Н ТЕ Р Н Е Т И

ДУМ АЯСЫНДА МЕМОРАН

ІРІМД Е Р І

ЖҮЗ ЖАСАҒЫҢ КЕЛСЕ, ЖАЯУ ЖҮР Қазіргі заманның өмір сүру салты, яғни адамның қимыл-қозғалысының азаюы салдарынан ж ү р е к - қ а н т а м ы рл а р ы аурулары, қант диабеті, простатит, бүйрек жəне бауыр аурулары сияқты дерт көбейіп, қаншама есіл азаматтар ажал құшуда. Дүниежүзілік денсаулық с ақт ау ұйымының б ол ж а м ы н а с ү й е н е т і н болсақ, бұл қорқынышты деректер жылдан-жылға ұлғая бермек. Əлемнің ғұлама ғалымдары денсаулықты сақтаудың ең оңай жолы, ең қолжетімді де əрі тиімді əдісі ретінде таза ауада жаяу журуді ұсынады. Жапон ғалымдарының пікірінше, əр күн сайын, тəулігіне 10

мың қадам (ол шамамен 6-7 км) жаяу жүрген адамдардың дендері сау əрі жоғарыда ат а лған аурулардан ада болады. Ал Американың Онкологтер Қауымдастығы, қатерлі ісіктің алдын алудың тиімді жолы ретінде де жаяу жүруді ұсынады. Мұндай материалдар медициналық БАҚ-та, ғаламторда өте көп. Бірақ біздің азаматтар жаяу жүрмейді, таяқ тастам жерге

де көлікпен жүргенді дұрыс көреді, өйткені көпшілігі жаяу жүрудің зор денсаулықтың кепілі екендігін, аталған аурулардың алдын алатынын білмейді, ал білетіндері жаяу жүруге ерінеді, оған ықпал ету тағы жоқ. Сондықтан халық арасында көп үгіт-насихат жүргізілуі қажет. Осыған орай еліміздің жаяу жүру жəне скандинавияша жаяу жүру федерациясы жаяу жүруді

ха л ы қ а р а с ы н д а ж ап п а й насихаттап, оны жалпыұлттық қозғалысқа айналдыруды жоспарлап отыр екен. Жақында осы федерация мен «Аq jol» газеті ЖШС арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Құжат негізінде өзара тиімді көптеген жоба ларды іске асыруға мүмкіндік бар. Мысалы, облыстық газеттерде жаяу жүрудің пайдасын халыққа жеткізетін материалдарға конкурс жариялау (сыйлық қорын федерация ұсынады), сондай-ақ федерация ө зд е р і н і ң б ұ қ а р а л ы қ і с шаралары арқылы газеттердің таралымын арттыруға атсалысу тəрізді жобалар. Ендеше, ұлт саулығы үшін бірлесе жасалатын қызметтің жемісті болатындығына сенім білдіріп, қолдайық, ағайын! «Аq jol-Aqparat».

Біздің сайтты ашып қара, сырласым! Газетіміздің сайты жаңарды. Сөйтіп, заманауи дизайнмен жасалған cайттың бұдан былайғы айтары мен қамтитын тақырыптарының аясы да кеңейе түсті. «Жаңалықтар», «Саясат», «Экономика», «Əлеумет», «Мəдениет» жəне «Спорт» айдарлары бойынша газетте шыққан мақалалармен қатар жер-жаһандағы маңызды жаңалықтармен енді күн құрғатпай танысуға мүмкіндік туды. «Аq jol» ТV айдарындағы қызықты, тағылымды сюжеттер де назар аударуға тұрарлық. Мақалалар сондай-ақ «Фейсбук», «Инстаграм» əлеуметтік парақшаларына газет шыққан күндері жарияланып тұрады. Сізді газет тарихы, редакция құрамы қызықтырып жатса, олар жайлы да деректер бар. Елді елең еткізер жаңалықтарыңыз бен тың тақырыптарыңыз болса немесе жарнама берем десеңіздер де, сайтта көрсетілген байланыс нөмірлеріне қоңырау шалсаңыз жеткілікті. Бір сөзбен айтқанда, «Aq jol» газетінің сайтынан ендігі жерде «Тілегенің алдыңнан, іздемей-ақ табылады»! Ол үшін www.aqjolgazet.kz сілтемесі арқылы біздің сайтты ашып, пернетақтаны басып қара, сырласым! «Аq jol-Aqparat».


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.