12 маусым 2015 пдф

Page 1

ДОСЫ КӨПТІ ЖАУ АЛМАЙДЫ, АҚЫЛЫ КӨПТІ ДАУ АЛМАЙДЫ

ź Ì Ì Ê¿ÃgÄÒg º ºÃÕÇ

Жамбыл облысты о амды саяси газет

№71 (18105), Сенбі, 13 маусым, 2015 жыл

ak-jol-taraz@rambler.ru

www. akjolgazet.kz

Газет 1922 жыл ы 1 мамырдан шы ады.

ПРЕЗИДЕНТ

Мемлекет басшысының төрағалығымен Қауіпсіздік кеңесінің отырысы өтті. Отырыс барысында экологиялық қауіпсіздік мəселелері, қоршаған ортаны қорғау саласындағы қабылданып жатқан шаралар талқыланды. Нұрсұлтан Назарбаев Ақмола облысындағы Қалачи жəне Батыс Қазақстан облысындағы Березовка ауылдары тұрғындарының денсаулығын қорғауға қатысты мəселелерді тездетіп реттеу қажеттігін айтты. Осыған байланысты халықтың өздері тұратын өңірдегі экологиялық ахуал туралы ақпаратқа еркін қолы жетуін қамтамасыз етудің маңыздылығы атап өтілді. – Қалачи ауылындағы құбылыстың себебі неден екенін əлі ешкім дұрыстап түсіндірген жоқ. Құзырлы органдар жағдайды анықтай алмаса, қажетті сарапшылары жоқ болса, онда шетелдіктерді шақырып, бұл істі соларға тапсыруы керек еді, – деді Мемлекет басшысы. Қазақст ан Пре зиденті экологиялық қатерлерді болжап, алдын алудың тиімді

тетіктерін жасау техногенді жəне табиғи сипаттағы төтенше жағдайлардан болатын шығынды мейлінше азайтуға мүмкіндік беретініне назар аударды. Мемлекет басшысы Үкімет пен жергілікті атқарушы органдар Қазақстанды орнықты дамыту жөніндегі міндеттерді орындаумен қатар жануарлар мен өсімдік əлемінің биоалуандығын сақтауды қамтамасыз етуге, соның ішінде бірқатар облыстардағы киіктің жаппай қырылуының басты себептерін анықтауға міндетті екенін айтты. – Əрқилы болжамдар мен қарама-қайшы пікірлер айтылуда. Ол дегенің бұл бағытта мүлде жөнсіздік орын алып отырғанын, тиісті мамандардың жоқтығын, осындай жағдайға əкеп соқтырған жайттарды анықтай алмағандықты білдіреді, – деді Елбасы. Нұрсұлтан Назарбаев атап өткендей, табиғат қорғау саласындағы саясат ресурс үнемдеу, шаруашылық қызметінің барлық саласында

қалдықсыз технологияларды енгізу мəселелерін шешу ісіне бизнесті ынталандырып, кеңінен тартуға бағытталуы тиіс. Ел халқының денсаулығы мен жоғары сапалы, жайлы тұрмысын қамтамасыз ету Қазақстан ғылымынан қоршаған орта ахуалына стратегиялық талдау жасауға жəне кез-келген теріс құбылыстың алдын алуға мүмкіндік беретін серпінді зерттеулер мен əзірлемелерді талап етеді. Мемлекет басшысы қоршаған ортаның ахуалын мониторингілеу, экология саласындағы қатерлерді алдын ала анықтау үшін Жерді қашықтан зондтайтын, 2014 жылы іске қосылған қазақстандық екі ғарыш аппаратын тиімді пайдаланудың маңыздылығына тоқталды. Сонымен қатар Елбасы индустрияландыру, аграрлық сектор мен шағын жəне орта бизнесті дамыту міндеттерімен бірге Қазақстанның экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету

мəселелеріне көңіл бөлуі қажеттігіне назар аударды. Жердің шөлейттенуі мен тозуы, кейбір елді мекендердегі ауа сапасының нашарлығы, суды тиімсіз пайдалану, өнеркəсіптерден зиянды заттардың ауаға тарауы мен қоқыс тастайтын орындардың ретсіз орналасуы, тұрмыстық қалдықтардың қордалануы сияқты қатерлер мемлекет пен бизнес тарапынан нақты шаралар қабылдауды қажет етеді. Энергетика министрі В.Школьник өз баяндамасында экологиялық ахуалға, мемлекеттік органдардың осы саладағы, соның ішінде Қазақст анның «жасыл экономикаға» өту жөніндегі тұжырымдамасы аясындағы қызметіне шолу жасады. Та л қ ы л ау қ о р ы т ы н д ы с ы б о й ы н ш а Қазақстан Президенті Үкіметке бірқатар нақты тапсырма беріп, олардың орындалуын б а қ ы л а уд ы Қ а у і п с і з д і к к е ң е с і н і ң Хатшылығына жүктеді.

СП ОР Т

–Д О

ДІНІҢ ТҰРСЫН ДІН АМАН Ы СТ

Қ

І ШІС Л Е

ТҰҢҒЫШ РЕТ! ТАРАЗДА!

ҚЫ Н ТАРИХЫНДАҒЫ АЛҒАШ ВОЛЕЙБОЛДАН ҚАЗАҚСТА АУЫ ЖЕЛБІРЕДІ ЖӘНЕ ӘЛЕМДІК ЛИГАНЫҢ ЖАЛ ЖЕҢІСІНЕ ҚОЛ ЖЕТКІЗДІ ҚЫ Ш ҒА АЛ ІЗ ІМ ЕР СТ ЛЕ ЕР Ж

Əуедопты алақанда ұршықша иірген шеберлердің ел тарихындағы тұңғыш əлемдік лигасы Тараз қаласында басталды. Алдымен «Тараз-Арена» спорт кешенінде Қазақстан ұлттық құрамасының, қонақ командалардың қатысуымен баспасөз мəслихаты өткізілді. Тілшілермен басқосу барысында ұлттық құраманың бас бапкері Андрей Патраков «H тобындағы квартеттің қайсысы фаворит, қайсысы аутсайдер?» деген сауалға: «Топта кімнің басты фаворит, кімнің аутсайдер екенін ойын ғана көрсетеді. Біздің ұлттық құрама бұл додаға алғаш рет қатысып отыр. Мүмкіндігінше жақсы ойнауға тырысамыз. Тəжірибе жинақтау керек. Жанкүйерлер қызу қолдау көрсетеді деген сенімдемін» десе, басқа елдің құрамаларының бас жаттықтырушылары

ЖАЗЫЛЫМ – 2015

сияқты, тағдырдың кейбір сынақтарымен сен күресе аласың жəне жеңе де аласың. Сондықтан, өмірдің мəні қарапайым адам үшін – жақсы өмір сүру, өз Отаныңның болашағы үшін еңбектену. Бүгінгі күнмен өмір сүру. Ал, біз «Қай жерден қателестім екен?» деп үнемі не кешегі күнмен, «Ертең не болар екен?» деп не ертеңгі күнмен өмір сүреміз. Біз ертең не болатынын білмейміз ғой. Қазір мен осы жерде сөйлеп тұрмын, 5 минуттан кейін бұл тарихқа айналып шыға келеді. Енді оралмайтын нəрсені ойлап не қажеті бар? Кеткен кетті ғой. «Жиырма, отыз жылдан кейін не болар екен?» деп тағы айтамыз. Біз, тіпті, ертең не болатынын білмейміз. Табиғат пен Жер-Ана соншалықты «нəзік», оның айналасында неше түрлі қауіп бар. Адам басына келетін неше түрлі нəрсе бар. Оның барлығын ойласаң, өмір сүре алмайсың. Алла бізге жан берген кезде қашан өлетініңді айтқан жоқ, оны білетін болсақ, өмірдің өзі сұмдық болар еді. Сондықтан, өмірдің мəні, дінімізде айтылғандай, Аллаға қызмет ету, дұрыс өмір сүру. Өкінішке қарай, адамзаттың барлығы тура жолмен жүрмейді. Өмірдің мəні – жақсы, дұрыс өмір сүру, жақындарыңды жақсы көру, Отаныңды сүю, ұрпағыңа болашақ қалдыру. Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ. (Астана іргесіндегі «жасыл белдеумен» танысқаннан кейін БАҚ өкілдеріне берген сұхбатынан).

Табиғат АБАИЛДАЕВ, «Ақ жол».

ЖАЗДЫКҮН ШІЛДЕ БОЛҒАНДА, КӨКОРАЙ ШАЛҒЫН, БӘЙШЕШЕК ҰЗАРЫП ӨСІП ТОЛҒАНДА: КҮРКІРЕП ЖАТҚАН ӨЗЕНГЕ КӨШІП АУЫЛ ҚОНҒАНДА: ШҰРҚЫРАП ЖАТҚАН ЖЫЛҚЫНЫҢ ШАЛҒЫННАН ЖОНЫ ҚЫЛТЫЛДАП, АТ, АЙҒЫРЛАР, БИЕЛЕР БҮЙІРІ ШЫҒЫП, ЫҢҚЫЛДАП, СУДА ТҰРЫП ШЫБЫНДАП, ҚҰЙРЫҒЫМЕН ШЫЛПЫЛДАП, АРАСЫНДА ҚҰЛЫН-ТАЙ АЙНАЛА ШАУЫП БҰЛТЫЛДАП. ЖОҒАРЫ-ТӨМЕН ҮЙРЕК, ҚАЗ ҰШЫП ТҰРСА СЫМПЫЛДАП. ҚЫЗ-КЕЛІНШЕК ҮЙ ТІГЕР, БҰРАЛА БАСЫП БЫЛҚЫЛДАП, АҚ БІЛЕГІН СЫБАНЫП, ӘЗІЛДЕСІП СЫҢҚЫЛДАП. МАЛ ІШІНЕН АЙНАЛЫП, КӨҢІЛІ ЖАҚСЫ ЖАЙЛАНЫП, БАЙ ДА КЕЛЕР АУЫЛҒА, АЯҢШЫЛЫ ЖЫЛПЫЛДАП. ЖАЛШЫ АЛДАҒАН ЖАС БАЛА ЖАҒАЛАЙДЫ ШЕШЕСІН: ЕТ ӘПЕР ДЕП ҚЫҢҚЫЛДАП. КӨЛЕҢКЕ ҚЫЛЫП БАСЫНА, КІЛЕМ ТӨСЕП АСТЫНА, САЛТАНАТТЫ БАЙЛАРДЫҢ САМАУРЫНЫ БҰРҚЫЛДАП. БІЛІМДІЛЕР СӨЗ АЙТСА, БӘЙГІ АТЫНДАЙ АҢҚЫЛДАП, ӨЗГЕЛЕР БАСЫН ИЗЕЙДІ, ӘРИНЕ ДЕП МАҚҰЛДАП. АҚ КӨЙЛЕКТІ, ТАЯҚТЫ АҚСАҚАЛ ШЫҒАР БІР ШЕТТЕН: МАЛЫҢДЫ ӘРІ ҚАЙТАР ДЕП, МАЛШЫЛАРҒА ҚАҢҚЫЛДАП. БАЙ БАЙҒҰСЫМ ДЕСІН ДЕП, ШАҚЫРЫП ҚЫМЫЗ БЕРСІН ДЕП. ЖАРАМСАҚСЫП, ЖАЛПЫЛДАП. ШАПАНДАРЫН БЕЛСЕНГЕН, АСАУ МІНІП ТЕҢСЕЛГЕН, ЖЫЛҚЫШЫЛАР КЕП ТҰРСА, ТАҢЕРТЕҢНЕН САЛПЫЛДАП. МЫЛТЫҚ АТҚАН, ҚҰС САЛҒАН. ЖАС БОЗБАЛА БІР БӨЛЕК СУ ЖАҒАЛАП ҚУТЫҢДАП. ҚАЙЫРЫП САЛҒАН КӨК ҚҰСЫ, КӨТЕРІЛЕ БЕРГЕНДЕ, ҚАЗ СЫПЫРСА ЖАРҚЫЛДАП. ӨТКЕН КҮННІҢ БӘРІ ҰМЫТ, ҚОЛДАН КЕЛЕР ҚАЙРАТ ЖОҚ, БАҒАНАҒЫ БАЙҒҰС ШАЛ АУЫЛДА ТҰРЫП КҮЛЕДІ, ҚОШЕМЕТ ҚЫЛЫП ҚАРҚЫЛДАП.

ОРАЗАҒА – 5 КҮН ҚАЛДЫ

«ӨМІРДІҢ МӘНІ – АЛЛАҒА ҚЫЗМЕТ ЕТУ, ДҰРЫС ӨМІР СҮРУ» – Бəрі өмірдің мəнін танығысы келеді. Мен аз жасаған жоқпын, өмірден алған тəжірибеме қарап айтарым, «Өмірдің мəні неде?» деп ойлану бос дүние. Өмірдің мəнін Жаратушы Алла туған кезде қанымызға сіңірген, сондықтан, əуел баста-ақ қай уақытта не істейтініміз, қашан оқу оқимыз, қашан үйленіп, қанша жыл өмір сүріп, қашан өмірмен қоштасатынымыз маңдайымызға жазылып қойған. Сондықтан, «Өмірдің мəні не?» деп ойлаудың қажеті жоқ. Тағдыр деген бар. Тағдырдан бір сəт те кейін, не ілгері жүре алмаймыз. Бірақ, адамзат су тасқынынан сақтанамын деп, жер сілкінісінен қашамын деп шара қолданады ғой, үстіңе көлік құлап келе жатса, сен секіріп қашасың ғой. Сол

ЖАЗ

20 ДАНА «АҚ ЖОЛҒА» ЖАЗЫЛДЫҚ «Газет – халықтың құлағы, көзі һəм тілі». Əрі газетті бұқара мен биліктің арасындағы алтын көпір, байланыс орнатушы негізгі құрал десек қателеспейміз. Осы ретте, кез-келген басылым да замана ағымына сай жанданып, жаңартылып отыруы тиіс екені айтпасақ та түсінікті. Бүгінде облыстық ата басылым – «Ақ жол» газеті осы үдеден шығып отыр. Жиырма үш мыңдай оқырманы бар, ғасырға жуық тарих тереңінен тамыр алатын облыстық бас басылымның күн өткен сайын көркейіп, əрленіп келе жатқанының бəріміз куəгеріміз. Басылым бетінде оқырманға түрлі ой салатын, жастарды жігерлендіріп, жасамыстың көңілін сергітетін сан қилы өзекті мақалалар жарық көріп жатыр. Біз, яғни, облыстық кəсіпкерлер палатасы да «Ақ жол»-ды өз жанымызға жақын көріп, оның əр санын назардан тыс қалдырмай оқып отырамыз. Сол себепті, екінші жартыжылдық жазылым науқанында біздің ұжым 20 дана «Ақ жол» газетіне жазылды. Бұл біздің жасарып-жандану үстіндегі ата басылымға деген оң көзқарасымызды білдіретіні сөзсіз! Бекнұр САТЫБАЛДИЕВ, облыстық кəсіпкерлер палатасының баспасөз хатшысы.

«АҚ ЖОЛҒА» жазылыңыздар, ағайын!

да өз ойларын ортаға салды. Мəселен, бір жылдары Еуропа чемпионатын жеңіп алып, сенсация жасаған Испания құрамасының бас бапкері Фернандо Муйоз: «Мақсатымыз – топтық турнирде жеңіске жетіп, жарыс жолын əрмен қарай жалғастыру болып саналады. Венесуэла құрамасымен өткізген кездесулерде бірде жеңіп, бірде жеңіліп жүрдік. Енді оның бəрін ұмытып, биік белестерді бағындыруды көздейміз» деді. Ал Венесуэла құрамасының тізгінін ұстаған Винченцо Наччи болса басты қарсыластары ретінде Испания құрамасын санайды. (Жалғасы 8-бетте).

ӘР АЙДЫҢ 28-ІНЕ ДЕЙІН КЕЛЕСІ АЙҒА ЖАЗЫЛЫМ ҚАБЫЛДАНАДЫ.

19 ЖЫЛДАН КЕЙІН...

ҚАЛАДАҒЫ ОҚЫРМАН БІР АЙҒА – 314,03, ҮШ АЙҒА – 942,09, АЛТЫ АЙҒА – 1884,18 ТЕҢГЕГЕ,

ҚАЗАҚСТАН ДҮНИЕЖҮЗІЛІК САУДА ҰЙЫМЫНА МҮШЕ БОЛУ ЖӨНІНДЕГІ КЕЛІССӨЗДЕРДІ АЯҚТАДЫ Қазақстан 19 жыл өткеннен кейін Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше болу жөніндегі келіссөздерді аяқтады, – деп хабарлайды ДСҰ баспасөз қызметі. Жұмыс тобының мүшелері өзінің 10 маусымдағы отырысында ұйым үшін 20 жылдық қызметінде «ең күрделі сын» болған келіссөз жүргізу процесінің аяқталғаны туралы шешім шығарды. Қазақстанның ДСҰ-ға мүше болуы туралы жобасы 22 маусымда ресми түрде бекітіліп, ДСҰның 161 мүшесі ресми түрде шешім қабылдауы үшін Бас кеңеске жіберіледі. – ДСҰ мүшелері мен Қазақстан Республикасының Үкіметін осы тарихи оқиға-

мен құттықтаймыз. Бүгін Қазақстанның ДСҰға кіруі туралы келіссөздері аяқталды, – деді ұйымның бас директоры Роберту Азеведу. Баспасөз хабарламасында Қазақстанның ДСҰ құрамына кіруіндегі күрделілігі мен бірегейлігінің республиканың Еуразиялық э ко н ом и к а л ы қ од а ғ ы н а м ү ш е л і г і м е н байланысты т арифтер тура лы келісім жасасудың қажет болғаны деп көрсетілген. Қазақстан ДСҰ-ға кіруге 1996 жылдың 29 қаңтарында өтініш берген. «Ақ жол-Ақпарат».

АЛ АУЫЛДАҒЫ ОҚЫРМАН БІР АЙҒА – 352,25, ҮШ АЙҒА – 1056,75, АЛТЫ АЙҒА – 2113,5 ТЕҢГЕГЕ ЖАЗЫЛА АЛАДЫ. МЕКЕМЕЛЕР БІР АЙҒА – 355,69, ҮШ АЙҒА – 1067,07, АЛТЫ АЙҒА – 2134,14 ТЕҢГЕГЕ ЖАЗЫЛАДЫ.

ЖАЗЫЛЫМ «ҚАЗПОШТАНЫҢ» БАРЛЫҚ БӨЛІМШЕЛЕРІНДЕ ЖҮРГІЗІЛЕДІ.


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.