12 сауир пдф 2016 ж

Page 1

2016 ЖЫЛДЫҢ 1 ҚАҢТАРЫНАН «5 ИНСТИТУТТЫҚ РЕФОРМАНЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ БОЙЫНША 100 НАҚТЫ ҚАДАМ» – ҰЛТ ЖОСПАРЫН ОРЫНДАУДЫҢ ПРАКТИКАЛЫҚ КЕЗЕҢІ БАСТАЛДЫ. МЕМЛЕКЕТТІ, ЭКОНОМИКА МЕН ҚОҒАМДЫ ДАМЫТУ ҮШІН ҚАҒИДАТТЫ ЖАҢА ҚҰҚЫҚТЫҚ ОРТА ҚАЛЫПТАСТЫРАТЫН 59 ЗАҢ КҮШІНЕ ЕНДІ. БІЗГЕ ТАРИХЫМЫЗДАҒЫ БҰРЫНСОҢДЫ БОЛМАҒАН АУҚЫМДАҒЫ ҰЛТТЫҚ ЗАҢНАМАҒА ӨЗГЕРІСТЕРДІ БАҒАМДАУ МАҢЫЗДЫ. ОНЫҢ ҮСТІНЕ, ОЛАР БІЗДІҢ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ АРМАНЫМЫЗ – ХХІ ҒАСЫРДА КӨШБАСШЫ ОТЫЗ ЕЛДІҢ БІРІ БОЛУҒА ҚОЛ ЖЕТКІЗУІМІЗГЕ ЖОЛ АШАДЫ.

БІРІҢДІ, ҚАЗАҚ, БІРІҢ ДОС, КӨРМЕСЕҢ, ІСТІҢ БӘРІ БОС.

(АБАЙ).

Жамбыл облысты о амды саяси газет

№42 (18236), Сейсенбі, 12 с уір, 2016 жыл

Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ.

ak-jol-taraz@rambler.ru

www. akjolgazet.kz

Газет 1922 жыл ы 1 мамырдан шы ады.

ПРЕЗИДЕНТ

Мемлекет басшысының Иран Ислам Республикасына ресми сапары басталды. Сапар аясында Президент Х.Руханимен, рухани көшбасшы А.Хаменеймен, сондай-ақ Иран холдингтері мен компанияларының өкілдерімен кездесу жоспарланған болатын. Ке ш е Е л б а с ы И р а н И с л а м Республикасының Президенті Хасан Руханимен кездесті. Екі ел көшбасшылары Х.Руханидің Астанаға 2014 жылғы қыркүйектегі мемлекеттік сапары кезінде қол жеткізілген уағдаластықтардың жүзеге асырылу барысын талқылады. Сондай-ақ мемлекеттер басшылары сауда-экономика, инвестиция, ауыл шаруашылығы жəне көлік-транзит саласындағы өзара іс-қимылды нығайту мəселелерін де қозғады. С о н ы м е н қ ат а р Н ұ р с ұ л т а н Назарбаев пен Х.Рухани өңірлік жəне халықаралық қауіпсіздікке қатысты өзекті жайттар жөнінде пікір алмасты. Қазақстан Президенті еліміз Иранмен əрдайым достық қарым-қатынаста болғанына назар аударды. Х.Рухани Нұрсұлтан Назарбаевтың Тегеранға бүгінгі сапары ҚазақстанИран ынтымақтастығына тың серпін беретініне сенім білдірді. Мемлекет басшысының Иран Ислам Республикасына ресми сапары аясындағы кеңейтілген құрамда өткен келіссөздер барысында ортақ мүдделілік бар бірқатар бағыттардағы перспективалы жобаларды жүзеге асыру мəселелері егжей-тегжейлі талқыланды. Тарапт ар екіжақты қарымқатынастардың жүйелі дамып келе жатқанын, сондай-ақ оның аясын кеңейту үшін зор əлеует бар екенін ат ап өтті.

Сонымен қатар, Қазақстан-Иран серіктестігінің негізгі құрамдас бөлігі ретінде сауда-экономика саласындағы өзара іс-қимылды тереңдету қажеттілігі айтылды. Сапар аясында мынадай құжаттарға қол қойылды. – Сотталғандарды беру туралы Қазақстан Республикасы мен Иран Ислам Республикасы арасындағы келісім; – Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Иран Ислам Ре спубликасы Үкіметінің өсімдіктерді қорғау жəне карантин саласындағы ынтымақтастығы туралы келісім; – Қазақстан Республикасының Инвестиция жəне даму министрлігі мен Иран Ислам Республикасының ғылым жəне техника ұйымының жаңа технологиялар саласындағы ынтымақтастық бойынша өзара түсіністік туралы меморандумы; – Қазақстан Республикасының Инвестиция жəне даму министрлігі мен Иран Ислам Республикасының Өнеркəсіп, кеніштер жəне с ауда минист рлігі арасындағы индустрияландыру саласындағы ынтымақтастық бағдарламасы; – «Жібек жолы» бағыты бойынша Иранмен ұзақмерзімді кеңейтілген ынтымақтастық бағдарламасы; – Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі мен Иран Ислам Республика сының Орталық банкі арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум; – «Қазақст ан теміржолы» Ұлттық компаниясы» АҚ мен Иран Ислам Республикасының теміржол компаниясы арасындағы өзара ынтымақтастық туралы меморандум; – «ҚТЖ Экспресс» АҚ мен IRISL» иран кеме компаниясы арасындағы

ЖАҢА Ж ІБЕК

ЖО ЛЫ Н

к е л і с і м м е н « Жо л к а р т а с ы » : – «Бəйтерек» ҰБХ» мен Иран ұлттық даму қоры арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум. Қазақстан мен Иран президенттерінің кездесу қорытындысына арна лған бірле скен брифинг барысында келіссөздерде сауда қатынаст арын дамыту үшін

бизнесмендерге виза беру үдерісін жеңілдету мəселелері талқыланғаны ат а п ө т і л д і . С о н д а й - а қ ау ы л шаруашылығы, ғылым, технология жəне мəдениет с алаларындағы ынтымақтастықтың аясын кеңейту жайы айтылды. Тарапт ар көлік-логистика, с о н д а й - а қ э кол о г и я н ы қ о р ғ ау,

Ка с п и й д е ке м е қ ат ы н а с ы м е н туризмді дамыту салаларындағы жəне Каспий теңізінің құқықтық мəртебесі жөніндегі құжаттарға қол қою барысындағы өзара іс-қимылды нығайтудың маңыздылығын атап өтті. Мемлекеттер басшылары экстремизммен жəне терроризммен күресу, Ирак, Ауғанстан, Сирия

ау м а ғ ы н д а ғ ы т ұ р а қ т ы л ы қ т ы қамтамасыз ету, сондай-ақ Йемендегі қақтығысты саяси шешімдер негізінде тоқтату қажеттігін айтты. Нұрсұлтан Назарбаев Х.Руханиді жəне бүкіл Иран халқын ядролық мəселені шешудегі қол жеткен табыстарымен, елдің алдынан зор мүмкіндіктер ашатын санкциялардың алынуымен құттықтады. Елбасы қалыптасқан жағдайға қарамастан біздің елдің Иранмен жоғары деңгейдегі қарым-қатынаста болғанын айтты. Мемлекет басшысы осы сапар аясында металлургия, тау-кен, ауыл шаруашылығы, көлік-логистика, туризм, ғылым жəне білім, медицина салаларында жалпы құны 2 миллиард доллар болатын 66 екіжақты құжатқа қол қойылғанына назар аударды. Нұрсұлтан Назарбаев Х.Руханидің тікелей атсалысуымен ҚазақстанТ ү р і к м е н с т а н - И р а н т е м і р жо л қ ұ р ы л ы с ы н ы ң жо б а с ы ж ү з е ге асырылғанын айтты. – Алғашқы контейнерлік пойыз шығыс Қытайдан Иранға 12 күнде келді. Теңіз арқылы тасымал екі есе уақыт алар еді, – деді Қазақстан Президенті. Нұрсұлтан Назарбаев Иран мен Сауд Арабиясы арасындағы қарымқатынасты келіссөз арқылы жолға қоюдың маңыздылығын айтты. Мемлекет басшысы елдеріміздің арасын қазіргі уақытта үш бірдей көлік бағыты – теміржол, автомобиль жолы жəне Каспий теңізі жалғап жатқанын, мұның қарым-қатынасты бұдан ары дамытуға оң ықпалын тигізетінін атап өтті. Соңында Қазақстан Президенті к е з д е с уд і ж о ғ а р ы д е ң г е й д е ұйымдастырғаны үшін алғыс айтып,

Х.Руханиді елімізге ресми сапармен келуге шақырды. Иран Пре зиденті Қазақст ан тəуелсіздік алған уақыттан бері достас ел болып келе жатқанына тоқталды. – Қазақстан əрдайым бізге жақын болды, Иранның «алтылықпен» ядролық келіссөздерінің екі раундын өткізуге көмектесті. Енді Бірлескен жалпыға ортақ іс-қимыл жоспары аясында қол ұшын созуда, – деді Х.Рухани. Иран Президенті екі ел арасында еркін сауда айналымына мүмкіндік ашатын жаңа құжатт арды ратификация лаудың жəне Иран мен Еуразиялық экономикалық одақ арасында басымдығы бар т а р и ф т е р қ а л ы п т а с т ы руд ы ң маңыздылығын айтты. * * * Елбасы Иран Ислам Республикасының рухани көшбасшысы Əли Хаменеймен кездесті. Ке з д е с у б а р ы с ы н д а е к і е л ынтымақтастығын одан əрі нығайту жолдары талқыланды. Мемлекет басшысы Қазақстан мен Иран халықтарын ежелден қалыптасқан əлеуметтікэкономикалық жəне рухани қарымқатынас байланыстыратынын айтты. Та р ап т а р ха л ы қ а р а л ы қ к ү н тəртібіндегі мейлінше өзекті мəселелер жөнінде де пікір алмасып, терроризммен жəне экстремизммен күрестің маңыздылығын атап өтті. Нұрсұлтан Назарбаев пен Əли Хаменей Қазақстан-Иран қарымқатынасының сауда жəне инвестиция, бірле скен жаңа жобалар жасау салаларындағы даму қарқынына қанағаттанушылық білдіріп, осының бəрі екі елдің халқының достығын нығайту жолындағы берік негіз қызметін атқаратынын айтты.

«100 НАҚТЫ ҚАДАМ»: БЕС РЕФОРМА – ҰЛТ ЖОСПАРЫ

Ы

Ң БО

НДА ЙЫ ЧАНЦЗИ-ХУЭЙГЕ САПАР КЕЗІНДЕ 9 КЕЛІСІМГЕ ҚОЛ ҚОЙЫЛЫП, 20 ИНВЕСТОР ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНА ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҚ БІЛДІРДІ

ЖЕТІЛДІРУ – ЖАСАМПАЗДЫҚҚА БАСТАЙТЫН ЖОЛ ЕЛБАСЫ ТАПСЫРМАСЫНА СӘЙКЕС ӨҢІРІМІЗДЕ ДАМЫТУ, ҚАЙТА ӨЗГЕРТУ ӨРІСТЕП КЕЛЕДІ ЕЛБАСЫ ҰСЫНҒАН «100 НАҚТЫ ҚАДАМ» – ҰЛТ ЖОСПАРЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ КЕЗЕҢІ БАСТАЛҒАЛЫ ҮШ АЙДАН АСТАМ УАҚЫТ ӨТТІ. МЕМЛЕКЕТТІК АППАРАТТЫ ТҮБЕГЕЙЛІ ЖАҢҒЫРТЫП, ЗАҢНЫҢ ҮСТЕМДІГІН АРТТЫРАТЫН, ЭКОНОМИКАМЫЗДЫ ӘРТАРАПТАНДЫРАТЫН, ЕСЕП БЕРЕТІН МЕМЛЕКЕТТІК ЖҮЙЕНІ ҚАЛЫПТАСТЫРЫП, БОЛАШАҒЫ БІРТҰТАС ҰЛТТЫ ОРТАҚ МҮДДЕГЕ ЖҰМЫЛДЫРАТЫН БЕС ИНСТИТУЦИОНАЛДЫҚ РЕФОРМАНЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДЫ КӨЗДЕЙТІН ҰЛТ ЖОСПАРЫНЫҢ ПРАКТИКАЛЫҚ КЕЗЕҢІНЕ ЕЛІМІЗ ҮЛКЕН ДАЙЫНДЫҚПЕН КЕЛДІ. МЕМЛЕКЕТТІ, ЭКОНОМИКА МЕН ҚОҒАМДЫ ДАМЫТУ ҮШІН ҚАҒИДАТТЫ ЖАҢА ҚҰҚЫҚТЫҚ ОРТА ҚАЛЫПТАСТЫРАТЫН 59 ЗАҢ КҮШІНЕ ЕНДІ. БҮГІНДЕ МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ТАПСЫРМАСЫНА СӘЙКЕС, БЕС РЕФОРМАНЫҢ ӘРҚАЙСЫСЫ БОЙЫНША ІС-ҚИМЫЛДЫҢ ЖОЛ КАРТАСЫ ЖАСАЛҒАН ЖӘНЕ ОЛАР ДӘЙЕКТІЛІКПЕН ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУДА.

Досы көпті жау алмайды, Ақылы көпті дау алмайды. ЖАЗЫЛЫМ – 2016

Қанат нат ӘУЕСБАЙ, журналист. урналист.

(Жалғасы 2-3-беттерде).

Облыс əкімі Кəрім Көкірекбаев пен ҚХР ШыңжаңҰйғыр автономиялық өлкесінің Чанцзи-Хуэй автономиялық округінің губернаторы Ма Сюнчэн қазақстандықтардың Чанцзи қаласына жасаған екікүндік сапарының қорытындысы бойынша екі аймақ арасында бауырлас байланыстарды орнату туралы келісімге қол қойды. Ж а м б ы л о б л ы с ы ж ə н е Ч а н ц з и - Ху э й делегацияларының мүшелері яғни, облысымыз бен əлемде ең ірі электр трансформаторлары мен кабельдер шығарушы TBEA электр-техникалық бірлестігі, Байзақ ауданы мен ШҰАА ЧХАӨ-нің Манас ауданы, Қордай ауданы мен ШҰАА ЧХАӨ-нің Хутуби ауданы, Шу ауданы мен ШҰАА ЧХАӨ-нің Мори-Қазақ автономдық ауданы, облыс əкімдігінің ауыл шаруашылық басқармасы мен ШҰАА ЧХАӨнің халық үкіметі экономика жəне саясат комитеті, облыс əкімдігінің ауыл шаруашылық басқармасы мен ШҰАА ЧХАӨ-нің халық үкіметі басқармасы, облыс əкімдігінің мəдениет басқармасы мен ШҰАА ЧХАӨ-нің халық үкіметі басқармасы, Тараз мемлекеттік педагогикалық институты мен Чанцзи кəсіби-техникалық колледждің арасында өзара түсіністік пен ынтымақтастықты нығайту туралы меморандумдарға қол қойылды. (Жалғасы 3-бетте).

ВАЦ ИННО

ИЯ – ЕЛ ИГІЛІГІ

Сəулембай ƏБСАДЫҚҰЛЫ, «Ақ жол». Соңғы жылдары ауданда ауыл шаруашылығы жерлерін тиімді пайдалануға ұмтылыс бар. «Не ексең, соны орасың» демекші, шаруалар агротехникалық шараларды қатаң сақтауға күш салуда. Ауданда ағын су тапшы. Жалғыз «Ынталы» су қоймасына қарап қалатын кездер де жоқ емес. Сондықтан да сарысулық диқандар суды үнемдеп пайдалануда батыл қадамдарға баруда. Солардың бірі – Жаңаталап ауылдық округіне қарасты «Жантөре» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің басшысы Əріпхан Жантөреев. Өткен жылы ол 20 гектар алқапқа пияз егіп, одан тəп-тəуір өнім алды. Біраз қаражатын тамшылатып суғаруға арналған құрал-жабдық сатып алуға жұмсады.

– Бүгінгі таңда, – дейді ол, – 35 гектар алқапты агротехникалық талапқа сай жыртып, өңдеп, оның 25 гектарына пияз, 4 гектарына жүгері, 4 гектарына бау-бақша дақылдарын орналастырғалы отырмыз. Бір айта кетерлігі, көктемгі егіс-дала жұмыстарына жегілетін техниканың

«АҚ ЖОЛ» – әр шаңыраққа! б і і барлығы – серіктестіктің өзінен. Тамшылатып суғаратын құрал-жабдықтарды да өз күштерімен құрастыруды к ө з д е п о т ы р . Ауд а н д ы қ əкімдіктің ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Серік Тоқаев аталған серіктестіктің жоспары көп екенін, жер асты суларын пайдалану жолдарын да қарастырып отырғандығын айтады. Арзан да ү н е м д і ы л ғ а л д а н д ы ру к ө зд е р і н пайдалану шаруа үшін табыстың басты көзінің бірі екені анық. Жаңаталаптықтардың осы орайдағы ізденісі төңірегіндегі шаруа қожалықтарының қызығушылығын туғызуда. Жаңаталап ауылы, Сарысу ауданы.

Ахмет БАЙТҰРСЫНҰЛЫ: «Газет — халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек. Дүниеде болып жатқан істер, сөйленіп жатқан сөздер — кімге пайдалы? Кімге зарарлы екендігін күні бұрын біліп, пайдалы болса, шаттанып, зарарлысынан сақтандырып тұрады». «ҚАЗПОШТА» БАЙЛАНЫС БӨЛІМШЕЛЕРІНДЕ: ЖЕКЕ ЖАЗЫЛУШЫЛАР ҮШІН Ауыл тұрғындары үшін 6 айға – 2414.40, 1 жылға – 4828.80 теңге ИНДЕКСІ 65457 Қаратау, Жаңатас, Шу қалалары бойынша 6 айға – 2185.08, 1 жылға – 4370.16 теңге ИНДЕКСІ 65457 Тараз қаласы бойынша 6 айға – 2041.26, 1 жылға – 4082.52 теңге ИНДЕКСІ 65457

КӘСІПОРЫНДАР МЕН ҰЙЫМДАР ҮШІН Ауылдағы кәсіпорындар мен ұйымдар үшін 6 айға – 2664.42, 1 жылға – 5328.84 теңге ИНДЕКСІ 15457 Қаратау, Жаңатас, Шу қалалары бойынша 6 айға – 2435.10, 1 жылға – 4870.20 теңге ИНДЕКСІ 15457 Тараз қаласы бойынша 6 айға – 2291.28, 1 жылға – 4582.56 теңге ИНДЕКСІ 15457


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.