12 мамыр пдф 2016 ж

Page 1

Ж

(АБАЙ).

А

БІРІҢДІ, ҚАЗАҚ, БІРІҢ ДОС, КӨРМЕСЕҢ, ІСТІҢ БӘРІ БОС.

А ҺАН Д

және

Сарысу Сар Са С Сары ар арысу ары су ауданы ау ауд ауда а у уд уда д да ан ны ы

Мой Мо М ойын йы й ын Мойынқұм а ау у уд уда дан да ауданы

Жамбыл облысты о амды саяси газет

ЖАМБЫЛДА

Мойынқұм

Шу ауданы

Талас ауданы

Төле би

Жаңатас Қаратау

Жамбыл ауданы

Меркі ауданы

Байзақ ауданы

Т.Рысқұлов ауданы

Аса

Құлан

Жуалы ауданы

Қордай ауданы Қордай

Меркі

Бауыржан Момышұлы

№54 (18248), Бейсенбі, 12 мамыр, 2016 жыл

ak-jol-taraz@rambler.ru

www. akjolgazet.kz

Газет 1922 жыл ы 1 мамырдан шы ады.

НДА ЖАҺА

ПРЕЗИДЕНТ

АҚОРДА

ҰЛЫБРИТАНИЯ ЛОНДОННЫҢ МЭРІ ҚАСИЕТТІ ҚҰРАНҒА ҚОЛЫН ҚОЙЫП АНТ БЕРДІ

ЕЛБАСЫ РЕССЕЙ ФЕДЕРРАЦИЯСЫ ФЕДЕЕРАЛДЫҚ Қ ЖИНАЛЫСЫ Ы ФЕДЕРАЦ ЦИЯ КЕҢ ҢЕСІНІҢ ТӨРАЙЫМЫ ВАЛЕНТИНАА МАТВИ ИЕНКОМЕН КЕЗДЕСТІ

Лондонның мэрі болып лейборист Садық Хан сайланды, ол тарихқа бұл қызметтегі алғашқы мұсылман ретінде кірісті. Жаңа қала басшысының есімі сенбіге қараған түні лондондық ратушадағы арнайы рәсім кезінде аталды. Ол мэр жұмысына салтанатты кірісер алдында қасиетті Құранға қолын қойып ант беріпті.

Кездесу барысында екі елдің өзара ықпалдастығын, соның ішінде парламентаралық саладағы іс-қимылын нығайту мəселелері талқыланды. Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан мен Ресей арасындағы ынтымақтастық көпжақты сипатта екенін, оған негіз қалаушы құжат ХХІ ғасырдағы тату көршілік жəне одақтастық туралы шарт болып саналатынын жəне ол Еуразиялық экономикалық одақ құру туралы шешім қабылдауға ықпал еткенін атап өтті. Бұл орайда Қазақстан Президенті осы интеграциялық бірле стіктің дамуына назар аударды, сондай-ақ Еуропалық комиссия төрағасы Ж.К.Юнкермен күзде Еуразиялық экономикалық одақ – Еуропалық одақ бірлескен форумын өткізу туралы уағдаластыққа қол жеткізілгенін айтты. Ресей Федералдық Жиналысының Федерация Кеңесінің төрайымы қабылдау үшін алғыс айтып, екі елдің арасындағы стратегиялық жəне достық қарым-қатынастарды одан əрі дамытуға бар күшжігерін жұмсауға əзір екенін білдірді. Кездесу барысында Мемлекет басшысы сондайақ В.Матвиенкоға Қазақстан мен Ресей арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан үлесі үшін ІІ дəрежелі «Достық» орденін тапсырды.

АЛЖИР ӘЛЕМДЕГІ ҮШІНШІ ҮЛКЕН МЕШІТ Бұл елде көлемі жағынан әлем бойынша үшінші алып мешіт салынбақ. «Джамаа әл-Джазаир» деп аталатын мешітте бір мезгілде 120 000 жан құлшылығын өтейтін болады. Аталмыш мешіттің мұнараларының биіктігі 265 метр болмақ. Бұдан бөлек, мешіт ғимаратында 300 шәкіртке арналған оқу орталығы және үлкен кітапхана орналасады. АВСТРАЛИЯ ҚАРАПАЙЫМ ҰЯЛЫ ТЕЛЕФОН МИҒА ЗИЯН ЕМЕС Ғалымдар соңғы 30 жылдағы онкологиялық диагноздарға талдау жүргізіп, қарапайым ұялы телефондар миға еш әсер етпеген деген қорытынды жасады. Зерттеу барысында австралиялық ғалымдар 1982-2012 жылдар аралығындағы 19 858 ер адам мен 14 222 әйелдің диагнозын сарапқа салған. Қатерлі ісік 70 жастан асқан адамдарда жиі кездеседі екен. Қатерлі ісіктің көбейуі ұялы телефондарға еш қатысы жоқ.

Мемлекет басшысы Ре сей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен кездесті. Кезде су барысында мемлекеттер басшылары екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі аспектілерін, сондай-ақ күн тəртібіндегі бірқатар өңірлік жəне халықаралық мəселелерді талқылады. Нұрсұлтан Назарбаев В.Путинді Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 71 жылдығымен жəне Восточный ғарыш айлағынан алғашқы зымыран ұшырылуымен құттықтады. – Бүгінде кез келген мемлекет осындай заманауи ғарыш айлағын іске қоса алмайды. Бұл Сіздің қолыңыздан келді. Сіздің ел үшін осы бір тарихи оқиға көптеген ұрпақтың жадында қалатын болады, – деді Мемлекет басшысы.

МЛЕКЕТ БАСШЫСЫ МЕМЛЕКЕТТІІК МЕМ ҚЫ ЫЗМЕТ ІССТЕРІ МИНИСТТРІ ТАЛҒАТТ ДОНАҚ ҚОВТЫ ҚАБЫЛДАДЫ Т.Донақов таяуда құрылған министрлік қызметінің осы аралықтағы нəтижелері, сондай-ақ мемлекеттік қызмет жүйесінің қазіргі ахуалы туралы баяндады. Қазақстан Президенті «Ұлт жоспары» аясындағы кəсіби мемлекеттік аппарат қалыптастыруға бағытталған реформаларды тиімді жүзеге асырудың маңыздылығына назар аударды. Т. Д о н а қ о в б и ы л ғ ы б і р і н ш і то қ с а н д а министрлікті ұйымдастыру кезеңі аяқталғанын, оның орталық жəне өңірлік деңгейдегі құрылымы айқындалғанын айтты. Министрлік бəсекеге қабілетті кадрлар құрамынан жасақталды жəне қойылған міндеттерді орындауға дайын. Мемлекет басшысы кездесу қорытындысы бойынша бірқатар нақты тапсырма берді.

Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаев биыл Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысы, Шанхай ынтымақтастығы ұйымының саммиті жəне ТМД мемлекеттері басшыларының кеңесі өтетінін еске салды. – Биыл күн тəртібінде көп кездесу бар, бағдарлама ауқымды. Қазіргі күрделі кезеңде Еуразиялық экономикалық одақ қалыпты режимде дамып жатыр. Дағдарыс уақытында туындап жатқан қиындықтарды еңсеруге болады, – деп атап өтті Қазақстан Президенті. Ре с е й П р е з и д е н т і Ұ л ы О т а н соғысындағы Жеңістің 71 жылдығына арналған парадқа қатысу мақсатымен Мəскеуге келгені үшін Нұрсұлтан Назарбаевқа алғыс айтты. – Біздің қарым-қатынасымыз да осылай жақсы əрі жан-жақты

дами беретініне сенімдімін. Бүгін Сіз көрсеткен ілтипат ертеңгі күні де өзара сенімді нығайтып, достық байланыстарымыздың бұдан əрі дами беруі үшін жақсы жағдай қалыптастыратыны сөзсіз, – деді В.Путин. * * * Елбасы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 71 жылдығына арналған əскери парадқа қатысты. Нұрсұлтан Назарбаев Қызыл алаңдағы əскери парадқа барды, сондай-ақ Белгісіз солдат бейітіне гүл шоқтарын қою рəсіміне қатысты. Мəскеудегі əскери парадқа 10 мыңнан астам əскери қызметшілер мен 100-ден аса заманауи қару-жарақ жəне əскери техника қатысты.

ЫЛ ЖАМБ

ДА

ҚОРДАЙ ЕТ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СТАНДАРТҚА САЙ ӨНДІРІЛЕДІ О б л ы с б о й ы н ш а э к с п о рт қ а б е й і м д ел ге н әрқайсысында үш мың ірі қара семіртілетін жоғары технологиялы 4 мал бордақылау алаңдарының екеуі Қордай ауданында ашылуда. «Медет» ШҚ және «Kaz Meat Kordai» ЖШС-да етті малды қолда ұстап үстеме қоректендірумен қатар, табиғи жайылымның мүмкіндігі де мейлінше пайдаланылады. МОЙЫНҚҰМ ҚҰРЫЛЫС МАТЕРИАЛДАРЫ АРТА ТҮСЕДІ «Эврика-барит» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі үстіміздегі жылдың 3 айында 264,4 миллион теңгеге 23,9 мың тонна барит концентратын өндірді. Жол жиектерін, тротуарларды безендіру үшін қат құрылыс материалдарын өндіретін кәсіпорын жұмыс ауқымын ұлғайтуда. Оған түрлі көлемде тапсырыстардың түсуі мүмкіндік беріп отыр. САРЫСУ 23 МИЛЛИОН 900 МЫҢ ТЕҢГЕ НЕСИЕ БЕРІЛДІ

ЕРЛІК – ЕЛГЕ МҰРА, ҰРПАҚҚА ҰРАН

Батыр туса ел ырысы, Жаңбыр жауса жер ырысы.

БҰЛ ЖЕҢІС ОҢАЙЛЫҚПЕН КЕЛГЕН ЖОҚ Нұрым СЫРҒАБАЕВ, «Ақ жол».

ТАРАЗ ҚАЛАСЫ. «МӘҢГІЛІК АЛАУ» МЕМОРИАЛЫ. ҚАН МАЙДАНДА ҚАС ДҰШПАНҒА ҚАСҚАЙЫП ҚАРСЫ ТҰРҒАН ЕРЛЕРДІҢ ЕСІМІ ЕШҚАШАН ҰМЫТЫЛМАЙТЫНЫН АЙҒАҚТАП ТҰР. ЖАЙ КҮНДЕРІ АЛЫСТАН ҚАРАҒАНҒА ҮНСІЗ ТҮНЕРІП ТҰРАТЫН ТАС ЕСКЕРТКІШ БҰЛ КҮНІ АЙРЫҚША ЕҢСЕЛІ КӨРІНДІ. ЖАМБЫЛДЫҚТАР ЖЫЛДАҒЫ ДӘСТҮР БОЙЫНША 9 МАМЫР – ҰЛЫ ЖЕҢІС КҮНІ МЕРЕКЕСІН ОТАН ҮШІН ОТҚА ТҮСКЕН ЖАУЫНГЕРЛЕРДІҢ ӨШПЕС РУХЫНА АРНАЛҒАН ТАҚТАҒА ГҮЛ ШОҚТАРЫН ҚОЙЫП, ШЕЙІТ БОЛҒАНДАРДЫ 1 МИНУТ ҮНСІЗДІКПЕН ЕСКЕ АЛУДАН БАСТАДЫ. ШАРАҒА ОБЛЫС ӘКІМІ КӘРІМ КӨКІРЕКБАЕВ ҚАТЫСЫП, ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫ АРДАГЕРЛЕРІ МЕН ӨҢІР ТҰРҒЫНДАРЫН ЖЕҢІС МЕРЕКЕСІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ.

«ӘЛЕМ . ХХ І ҒА СЫ Р» ФЕ НИ МА

БІТІМГЕРШІЛІК БАСТАМАСЫ

« С а у д а ке н т к р е д и т т і к с е р і к те ст і г і » Ж Ш С арқылы ағымдағы жылы ауданда егіншілік пен мал шаруашылығын дамыту бағытында 5 шаруа қожалығына 23 миллион 900 мың теңге несие таратылды. «Алтын асық» бағдарламасымен 2 миллион теңгелік 1 жоба, «Құлан» бағдарламасы бойынша 20 миллион 850 мың теңгеге 3 жоба және 1 миллион 50 мың теңге болатын 1 жоба ұсынылды.

СІ

Найман СҰЛТАНБАЕВ, Жаңақоғам ауылдық округінің əкімі. Адамзаттың басты байлығы, қасиетті құндылығы – тыныштық. Ұлтына, тіліне, дініне қарамастан, туған үйінің, Отанының тыныштығы мен берекесін ойламайтын жан жоқ. Жер бетіндегі жұмырбасты пенденің бəрінің де бір арнада тоғысатын арман-мұраты осы. Осы орайда, бастамашысы – Қазақстан, Елбасымыз болып табылатын «Əлем. ХХІ ғасыр» атты бейбітшілік манифесінің маңызы өте зор. Қазақстанның бастамашы болуымен өткен жылы БҰҰ Бас Ассамблеясы Ядролық қарудан азат əлем құру туралы жалпыға ортақ декларация қабылдаса, ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың манифесі арқылы тағы да біздің бейбітсүйгіш ел ретіндегі ұстанымымыз əлемдік деңгейде жоғары бағаланды. Біз бүгінде жаһанға бейбіт бастамаларымен танылған, халқының ынтымағы жарасқан мəртебелі мемлекетпіз. Тарихта тұңғыш рет елімізде қуатты ядролық полигонның жабылғандығын мақтанышпен айтуымызға болады. Кезінде бұл тұрғыда Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев батыл қадам жасап, кейбір мемлекеттер тарапынан ядролық қаруды сақтап қалу туралы ұсыныс түсіп жатқанына қарамастан, қатерлі қарудан бас тарту жөніндегі маңызды шешім қабылдаған-ды. Əлемде ХХІ ғасырға дейін өркениетті елдер бой көтерді, технология дамыды. Бүгінде терроризмнің өрті өршіп-ақ тұр. АҚШ астанасында өткен Ядролық қауіпсіздік жөніндегі саммитте Қазақстан Республикасының Президенті осындай жаһандық қауіп-қатерлерді алға тарта келе, əлемдік лидерлер мен халықаралық қоғамдастықты ақыл-парасатқа жүгінуге шақырды. Елбасының бұл ғаламдық бастамасы əлемдік қауымдастық тарапынан адамзатқа қауіп-қатер төндіріп тұрған қанды қақтығыстар мен сойқанды соғыстардың алдын алуға негізделген басты бағдарлама ретінде бағаланып отыр. Шу ауданы.

(Жалғасы 2-бетте).

ТАРАЗДА ТАҒЫ БІР ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ Жаздың соңына қарай облыс орталығында гипс өңдейтін, гипскартон жəне құрылыс қоспаларын өндіретін зауыт толық қуатында іске қосылады деп күтілуде. Оның алғашқы цехы мамыр айының ішінде ашылады. ADM Capital компаниясының басқарушы директоры Əділ Өсжігіт Kapital. kz іскерлік ақпарат орталығының тілшісіне берген сұхбатында осылай деп мəлімдеді. Айта кету керек, елімізде KazakhstanGrowthFund (KGF) 2008 жылы құрылған. Қордың инвесторлары Еуропалық қайта құру жəне Даму банкі (ЕҚДБ) мен ҚКМ болып табылады. Қорды капиталдандыру 81 миллион долларды құрайды. KGF инвестициялық портфелі ауыл шаруашылығы, денсаулық сақтау, тасымалдау жəне логистикалық қызметтер, с о н д а й - а қ с ау ы қ қ ұ р у қ ы з м е т т е р і саласындағы жобаларды қамтиды. Қордың басқарушы компаниясы – осы ADM Capital. «Қазына Капитал Менеджмент» АҚ басқармасымен бірлесе жұмыс істейтін ат а лған басқарушы компания жаңа зауыт үшін 20 миллион долларға жуық

инвестиция құйып отыр. Инвестициялар салу басқарушы қордың өзінің, «Даму» қорының жəне Еуропалық қайта құру жəне Даму банкінің есебінен жүзеге асырылып отыр. ADM Capital компаниясы қазірдің өзінде осындай бір зауытты басқарады. Алайда оның қуаттылығы жеткіліксіздеу. Əділ Өсжігіттің айтуынша, жаңа кəсіпорын бір кездердегі Ресей рублінің девальвациялануынан соң біртіндеп жоғалтылған қазақстандық нарықтық ұстанымды кері қайтару үшін еңсе көтеруде. «Өздеріңізге мəлім, рубльдің девальвациялануынан кейін теңге біраз уақыт бағаның ырықтандырылуына жол бермей ұстап тұрды, соның нəтижесінде ресейлік өнімдер көп жерлерде арзан бола түсті» деп еске алады компания басшысы. Алайда қазір ахуал өзгерген, бағалар теңестірілді, компания да өз нарығында айырылып қалған бағзы ұстанымын кері қайтаруды көздейді. Əділ Өсжігіттің айтуына қарағанда, олар экспортты қайта қалпына келтіруді жоспарлауда. «Қазіргі кезде, мемлекет жүргізіп отырған аграрлық

саясаттың шеңберінде, сондай-ақ барлық қоғамның азық-түлік қауіпсіздігін сақтауға баса назар аударылуына байланысты, инвесторлар үшін Қазақстандағы ауыл ш а р у а ш ы л ы қ ко м п а н и я л а р ы ү л ке н қызығушылық туғызып отыр. KGF қорының инвестициялары KazGrain компаниялар тобының қызметін əрі қарай кеңейтуге, шетелден озық технологиялар тартуға, Орта Азия елдерінің нарықтарында көшбасшылық орындарға қол жеткізуге бағытталатын болады. Дағдарысқа дейін де 25-30 пайыз өніміміз экспортқа, көршілес Ресейге жөнелтіліп келді. Қазір біз мұны қалпына келтіруді ойластырудамыз» дейді ол. Компания басқарушысының сөзіне сүйенсек, бұған барлық логистикалық қолайлы мүмкіндіктер бар. Оның үстіне логистика негізінен Ресейдің еуропалық бөлігінде көптеп шоғырландырылған. Ал Сібір мен Орал жеріне қазақстандық материалдарды тасымалдау анағұрлым жеңіл түседі деп санайды Ə. Өсжігіт. «Ақ жол-Ақпарат».

ӨМІР ЖӘНЕ ӨРКЕНИЕТ

ЫСТЫҚ СУ ТОҚТАТЫЛДЫ. ОЛ ЕНДІ ҚАШАН БЕРІЛЕДІ? Маржан РАҚАЙ, «Ақ жол». Кеше, 11 мамыр күні, таңертең Тараз қаласының тұрғындарының пəтерлеріне ыстық су беру тоқтатылды. Бұл туралы алдын ала хабарланбаған болатын. Біз осы тосын жайтқа байланысты тиісті мекеме басшыларымен сөйлескен едік. О л а рд ы ң а й ту ы н ш а , б и ы л о бл ы с б о й ы н ш а жылу 3 сəуірден 4 сəуірге қараған түні өшірілді. «Таразэнергоорталығы» АҚ жəне «Таразтрансэнерго» мекемелері кестеге сəйкес жазғы жөндеу жұмыстарын жүргізеді. Облыс əкімдігінің энергетика жəне коммуналдық-шаруашылық басқармасы жылу-энергетика бөлімінің басшысы Князь Тұртаева «Жамбыл-Жылу» жəне «Темір Жол Жылу» мекемелеріне қарасты көп қабатты 158 тұрғын үйде ыстық су беру ағымдағы жылдың 6 шілдесіне дейін жалғасатынын айтты. – Ал кеше ыстық су беру тоқтатылған тұтынушыларға төртінші маусымда ыстық су қайта беріледі деп жо спарланған болатын. Бұл жо спарға қаланың орталығындағы тұрғын үйлер мен №3 жəне №4 шағын аудандар кіреді. Алайда, жылу магистральдарында жүргізіліп жатқан қайта жаңғырту жұмыстарына байланысты бүгінде бұл мəселе нақты шешімін таппауда. Бір анығы, қаланың жылу желілерін қайта жаңғырту жүргізілетін учаскелерінде ыстық су жаңа жылыту маусымының басталуына орай беріледі. Бұл учаскелердің қатарында Тараз қаласындағы Рахымов, Жұбанышев көшелері, Жамбыл даңғылы, Б.Момышұлы, С.Сейфуллин, Ы.Сүлейменов, Қолбасшы Қойгелді көшелері бар. Аталған учаскелерді қайта жаңғырту кезінде 328 тұрғын үйге ыстық су жылу беру маусымына дейін берілмейді. Сонымен қатар, шағын аудандар мен «Химпоселок» аумағында да ыстық су болмайды, – деді Князь Таңатарқызы. Айта кетейік, ыстық су маусым айында қайта берілген күнде де ол тек 6 шілдеге дейін жалғаспақ. Ал жылу беру маусымының басталуына байланысты қала бойынша ыстық су толық беріледі. Тараз қаласы.


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.