Ж
(АБАЙ).
А
БІРІҢДІ, ҚАЗАҚ, БІРІҢ ДОС, КӨРМЕСЕҢ, ІСТІҢ БӘРІ БОС.
А ҺАН Д
және
Сарысу Сар Са С Сары ар арысу ары су ауданы ау ауд ауда а у уд уда д да ан ны ы
Мой Мо М ойын йы й ын Мойынқұм а ау у уд уда дан да ауданы
Жамбыл облысты о амды саяси газет
ЖАМБЫЛДА
Мойынқұм
Шу ауданы
Талас ауданы
Төле би
Жаңатас Қаратау
Жамбыл ауданы
Меркі ауданы
Байзақ ауданы
Аса
Т.Рысқұлов ауданы
Құлан
Жуалы ауданы
Қордай ауданы Қордай
Меркі
Бауыржан Момышұлы
ak-jol-taraz@rambler.ru
№80 (18274), Сейсенбі, 12 шілде, 2016 жыл
www. akjolgazet.kz
Газет 1922 жыл ы 1 мамырдан шы ады.
НДА ЖАҺА
ШАРУАСЫ ШАЛҚЫҒАН ШАРУА ҚОЖАЛЫҚТАРЫ
ҰЛЫБРИТАНИЯ ЖЫЛДАМДЫҚ САҒАТЫНА 1600 ШАҚЫРЫМҒА ЖЕТКІЗІЛЕДІ
Нұрболат ƏЛДИБЕКОВ, «Ақ жол». Абай ауылындағы ағайынды төрт азаматтың тындырымды тірліктерін көргенде, ең бірінші «Төртеу түгел болса – төбедегі келеді» деген бабалар нақылы ойға оралды. Ағайынды Қоқан, Мұқан, Уəлихан жəне Əлиханның аналары Сүйіннің атынан құрған шаруашылықтары бүгінде ауылдастарының баққ ұ т ы н а а й н а л ы п , е л - ж ұ рт т ы сүйсінтіп отыр. Қазіргі таңда шаруашылықтың үй іргесіндегі мал бордақылау алаңдарында 100ге жуық жылқы, 80-ге тарта бұқа, 200 қой бордақыланып, қоңды мал арысы – Алматы, берісі Тараз базарларына шығарылады. Ағайынды төрт азаматтың үлкені Қоқан Бəрменқұлов əңгімесін арыдан бастады. – 1991 жылы бұрынғы Одақ т арағаннан кейін елдің көбі жұмыссыз қалып, қиын кезең болды ғой. Сол кезде жұрттың көбі сауда-саттықпен айналысты. Алғашқы кезде отбасымызды асырау үшін біз де əрқайсысымыз бет-бетімізбен кетіп, өз тіршіліктерімізді жасадық. Үлкен қиындықтарды бастан кешірдік. Бəрін өмір үйретеді ғой. «Береке түбі – бірлікте» дейді халқымыз. Жолымызда кездескен кедергілерді ағайынды төртеуміз бірігіп, табанды еңбектерімізбен жеңе білдік. Қиындықтарға мойымадық. Шаруамыз 2006 жылдан бері
дөңгеленіп, ісіміз алға басты. Өз қаражатымызға қажетті техника сатып ала бастадық. Техникаң болса, біреуге алақан жаймай, қолың ұзарып, шаруаларыңды қ ы с қ а м е р з і м д е ат қ а р а с ы ң . Кейін қожалығымыз іріленіп, қосымша жұмысшы ала бастадық. Бүгінде ұзын-ырғасы 15 адамға
жұмыс тауып беріп отырмыз. Науқандық кездерде олардың саны екі есеге дейін өседі. Қожалық мүшелеріне еңбекке қатысуына қарай ай сайын орташа 90 мың теңге жалақы төленеді. Оларға қосымша мал өнімдерін беріп тұрамыз. Қазір төртеуміздікін қосқанда, 200 қой, 80 ірі қара
жəне 100 жылқы бордақылануда. Семірген мал сойылып, Тараз жəне Алматы базарларына жөнелтіледі. Аудандағы той-тома лақ, асбасқосуларға да етті негізінен бізден алады, – деп Қоқан Тұтқышбайұлы «Сүйін» шаруа қожалығының қазіргі қам-қарекетімен қысқаша таныстырып өтті.
Т. Рысқұлов ауданы.
Р» Ф НИ МА
Е СІ
Ерлан КЕРІМҚҰЛОВ, «КИИК» ЖШС аудандық баспахана маманы, Ауған соғысының ардагері.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың А Қ Ш - т ы ң В а ш и н г то н қ а л а с ы н д а өткен халықаралық саммитте жасаған мəлімдемесін жүрегіне ізгілік нұры ұялаған адамзат баласының қолдамауы мүмкін емес. Қазақстанның əлемді атомдық қарудан тазарту сынды жауапты миссияның бастауында тұрғанын көру – біз үшін үлкен мақтаныш. Мемлекет басшысы əлемді жаппай қырып-жоятын қаруға қарсы ұстанымын жариялап, өзінің нық позициясын көрсетті. Біз кешегі сұм соғыстың зардабын бастан кешкен ұрпақтың өкіліміз. Оның қасіретті кесапаты қандай болатынын ұмытқан жоқпыз. Талай шаңырақ ортасына түсіп, балалар жетім, əйелдер жесір қалды. Ұлы Отан соғысының жеңіспен аяқталғанына жетпіс бір жыл өтті. Десек те, соғыс салған жарақат əлі жазылған жоқ. Өткен ғасырдың 1987-1989 жылдары Ауған соғысына қатысқан азамат ретінде айтарым, соғыс дегенің – зұлмат. Ауғанстанның өрт-жалынға оранған Құндыз провинциясында кеңестік автоколонналарды қорғау кезінде үш мəрте нағыз қанды қасаптың ортасында қалдық. Сонда Термезде алты айлық курста дайындықтан бірге өткен шымкенттік қаруласымның көз алдымда оққа ұшып мерт болғанын көріп, жүрегіме қанды кек қатқан еді. Одан өзге батальонда, полктерде жүздеген боздақтар көз жұмды, мүгедек болып қалғандары қаншама. Қарулы қақтығыстар үлкен соғысқа ұласып, орны толмас апатқа айналатынын біз жақсы білеміз. Сондықтан, Елбасы манифесін толық қолдаймын. «Біріншіден, қазіргі кездегі бірде-бір соғыста жеңімпаз болмайды жəне бола да алмайды, онда бəрі де жеңіледі. Екіншіден, жаңа соғыста жаппай қырып-жоятын қарулар – ядролық, химиялық, биологиялық жəне ғылым жетістігі негізінде ойлап табылатын басқа да кез-келген қару түрлерін қолданудан қашып құтылу мүмкін болмайды. Бұл бүкіл адамзаттың қырылуына алып келеді. Жəне осыған кімнің жауап беретінін анықтаудың өзі де кеш болады жəне жауап беретін адам да табылмайды», – деді Елбасы халықаралық саммитте. Ащы болса да, шындық осы. Сол себепті мемлекеттераралық бейбіт келісімдер арқылы ядролық қаруларды сынауға қарсы мораторийлер жер бетінде жан-жақты қолдау тапса екен деймін. Бейбітшіліктің қадірін білетін өркениетті елдердің көпшілігі мұны қолдап, өздерінде атом қаруларын сынауды тоқтатып жатыр. Бірақ, барлығы емес. Атомды бейбіт мақсатқа пайдаланғанның өзінде аса абай болмаса халыққа орны толмас қасірет əкелетін Чернобыль жəне Фукусима атом электр стансаларындағы апат көрсетті. Міне, сол себепті қырғи-қабақ көзқарастан, экономикалық санкциялар мен басқыншылық əрекеттерден туындайтын соғыстарға жол бермеу керек. Отпен ойнау қашанда опық жегізеді. Қордай ауданы.
Баймаханбет АХМЕТ, «Ақ жол». Бұл жаңалықты біз бұрын жазғанбыз. Өткен сенбіде ол нақты жүзеге асып, «Худжант – Тараз – Сургут» бағыты бойынша БОИНГ-737-300 əуе кемесімен ұшып жеткен алғашқы жолаушыларды қарсы алу рəсімінің куəсі болды. Сол күні Тəжікстанның Худжант қаласынан Таразға жеткен 47 жолаушының 45-і Сургут бағытында ұшуын одан əрі жалғастырды. Облыс əкімінің бірінші орынбасары Б. Орынбеков «SCAT» əуе компаниясы мен «Əулиеата» халықаралық əуежайы басшыларына өңір жұртшылығы атынан алғысын жеткізді. Бекболат Серікбекұлының айтуынша, əуежай кешенін қайта жаңғырту жұмыстарына республикалық бюджеттен 4,6 миллиард жəне «SCAT» əуе компаниясы тарапынан 2,5 миллиард теңге бөлініпті. Алдағы уақытта жаңа «Нижневартовск – Тараз – Нижневартовск», «Тюмень – Тараз – Тюмень» əуе бағыттары ашылатын болады. Б.Орынбеков баспасөз мəслихатында сондай-ақ таяу жылдарда Тараздың бірқатар
ҚЫТАЙ БУДДАНЫҢ БАС СҮЙЕГІ ТАБЫЛДЫ Археологтар жер астынан тастан жасалған сандық тапты. Оның ішінде темір жәшік, темір жәшіктің ішінде келі болған. Ал келінің ішіне күмістен жасалған шағын сандықша орналастырылған. Бұл алтын сандықшадан бас сүйегі табылды. Сандықтағы жазбаға сәйкес, ол Буддаға тиесілі. Жәдігер Сун (б.з.д. 997-1022) әулетінің өкілі император Чжэнь-цзун басқарған заманнан сақталған деп болжанып отыр. АҚШ КИБОРГ ШЕГІРТКЕ Сент-Луистегі Вашингтон университетінің зерттеушілері жарылғыш іздейтін киборг шегіртке жасап жатыр. Осы жоба үшін АҚШ-тың әскери-теңіз зерттеулер басқармасы 750 мың доллар грант бөлген. Жобаның жетекшісі Баранидхаран Раман бірнеше жыл бұрын жәндіктерді зерттеп жүріп, олардың сезу органдары қазіргі сенсорлық технологиялардан дәлірек жұмыс істейтіндігін байқаған. Ол жарылғышты іздеуде жақсы нәтиже беру керек.
ЫЛ ЖАМБ
ДА
ҚОРДАЙ ЭСТАФЕТА ҚОРДАЙДАН ӨТТІ Халықаралық «Әлемдік жүгіру» алау эстафетасының «Азия-Тынық мұхит» тармағына қатысушылар тобы Қырғызстанға өтіп бара жатып, аудан орталығына аялдады. Құрамында Қытай, Моңғолия, Қазақстан, Қырғызстан және Ресей азаматтары бар эстафеташылар биылғы сапарларын достастық елдері тәуелсіздігінің мерейтойларына арнап отыр. Қордайлықтар оларды орталық алаңда жарқын жүзбен, көңілді концертпен қарсы алып, аудан әкімінің Алғыс хатымен марапаттады. МОЙЫНҚҰМ 35 МИЛЛИОН ТЕҢГЕ БӨЛІНДІ Ау д а н о рта л ы ғ ы н д а ғ ы А м а н гел д і к ө ш е с і тротуарының әбден тозығы жеткен еді. Биыл осының сәті түсіп, аудандық бюджеттен 35 миллион қаржы бөлініп, көше бойындағы жаяу жүргіншілер жолын қайта жаңарту жұмыстары сәтті жүргізілуде. Тендер жеңімпазы «Alcon Ser Ltd» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 3 шақырым 65 метр келетін жаяу жүргіншілер жолын толығымен асфальттауды тамыз айының соңына дейін аяқтағалы отыр.
ИНТЕГРАЦИЯ – ЕЛ ИГІЛІГІ
«ӘЛЕМ . ХХ І ҒА СЫ
ЕЛ МАҚСАТЫ – БЕЙБІТШІЛІК
Ағайынды төрт азамат тапқандарын жамбастарының астына басып жатпай, айналасындағы ел-жұртқа, жағдайы төмен отбасыларына қарасып тұрады. Мəселен, Қоқан аға бірер жылдан бері жылына он қойды жағдайы төмен отбасыларына таратып беруді үрдіске айналдырса, інілері Мұқан мен Уəлихан көмекті қажет ететін ауылдастарына ұн əперіп, көмір түсіріп береді. Ал үйдің кенжесі, қара шаңырақтағы Əлихан мен жұбайы Маржан жағдайы төмен отбасылардың балаларына киім-кешек, ойыншықтарын əперіп қуантып тұруды өздеріне парыз санайды. Бір айта кететіні, «Сүйін» ш а руа қ ож а л ы ғ ы м ү м к і н д і г і шектеулі азаматтарға да жұмыс беріп отыр. Халқымызда «Оң қолыңның бергенін сол қолың білмей қалсын» деген жақсы сөз бар. Біз мысал келтірген ағайынды төрт жігіттің жоғарыдағы игі істері елге жасаған жақсылықтарының бір парасы ғана. Өздері Үкіметке қол жаймай-ақ, банктен де несие алмай-ақ өз күштерімен, тынымсыз еңбектерінің, берекелі бірліктерінің арқасында осы жағдайға жетіп отыр. Ең бастысы, «Бірлік бар жерде тірлік» болатынын бұлар баяғыдан-ақ біліп, бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, бір-бірін демеп, бір-біріне қол ұшын созып тірлік жасап келеді.
Bloodhound SSC зымыран көлік жобасының командасы жер бетіндегі жылдамдық рекордын жаңартуды көздеп отыр. Салмағы 7,5 тонна көлікті 55 секунд ішінде турбо ебелекті (вентилятор) және гибрилді зымыран қозғалтқыш көмегімен сағатына 1600 шақырым жылдамдыққа жеткізбек. Қозғалтқыштың қуаты 135 000 аттың күшіне тең. Сағатына 1600 шақырым жылдамдықпен жүйіткитін болидті тоқтату үшін шамамен 65 секунд жеткілікті.
ТАЛАС ЖОБА ҚҰНЫ – 20 МИЛЛИОН «Азмина Мрамор» ЖШС мәрмәр тасынан плиталық тастар, баспалдақтар, кірпіш орнына пайдаланатын табиғи тастар шығаруды қолға алды. Жобаның құны 20 миллион теңгені құрайды. Жылына 32 мың тонна ұнтақталған тасты өңдеп, 150 миллион теңгенің құрылыс заттарын өндіретін болады. Қосымша 8 жұмыс орны ашылады. Қазір өндіріс орны құралжабдықтарын тасымалдап, орнату үстінде.
елдер мен ірі қалалардың транзиттік орталығына айналатынын ерекше атап өтті. Бұдан əрі «SCAT» компаниясының в и ц е - п р е з и д е н т і , « Ə ул и е ат а » халықаралық əуежайы» акционерлік
қоғамының басқарма төрағасы Д. Хамзин, облыстық тəжік этномəдени бірлестігінің жетекшісі А. Муллажанов жаңа əуе бағытының ашылуына орай құттықтау лебіздерін білдірді.
ЛАШАҚҚА БАСТАР ЖОЛ «НҰРЛЫ ЖОЛ» – БО
Жақсы қойшының төлі түлеп тұрады, Жаман қойшының төлі жүдеп тұрады. ЖАЗЫЛЫМ – 2016
ЖАҢА МЕКТЕП ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛДЫ
«АҚ ЖОЛ» – әр шаңыраққа!
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БЮДЖЕТТЕН БӨЛІНГЕН ҚАРАЖАТТЫҢ 918 МИЛЛИОН ТЕҢГЕСІ БИЫЛ ИГЕРІЛМЕК
Ахмет БАЙТҰРСЫНҰЛЫ: «Газет — халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек. Дүниеде болып жатқан істер, сөйленіп жатқан сөздер — кімге пайдалы? Кімге зарарлы екендігін күні бұрын біліп, пайдалы болса, шаттанып, зарарлысынан сақтандырып тұрады».
Есет ДОСАЛЫ, «Ақ жол». «НҰРЛЫ ЖОЛ» МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ БІРҚАТАР ӘЛЕУМЕТТІК ИНФРАҚҰРЫЛЫМДАРДЫҢ ЖАҢҒЫРТЫЛЫП, КӨПТЕГЕН ӘЛЕУМЕТТІК НЫСАНДАРДЫҢ БОЙ КӨТЕРУІНЕ МҮМКІНДІК БЕРІП ОТЫР. «САЛТАНАТ» ШАҒЫН АУДАНЫНДА БАСТАЛҒАН ЖАҢА МЕКТЕПТІҢ ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫНА ҚОМАҚТЫ ҚАРАЖАТ БӨЛІНУІ – CОНЫҢ БІР АЙҒАҒЫНДАЙ. МҰНДАҒЫ №30 ОРТА МЕКТЕПТЕ КЕЗІНДЕ 1500 БАЛАҒА ДЕЙІН БІЛІМ АЛҒАН. АТАЛҒАН БІЛІМ ОРДАСЫНЫҢ ҒИМАРАТЫ ЕСКІРІП, ПАЙДАЛАНУҒА ЖАРАМСЫЗ БОЛЫП ҚАЛҒАН ЕДІ. ТІПТІ, АПАТТЫ ЖАҒДАЙЫНА БАЙЛАНЫСТЫ ҚОСЫМША САЛЫНҒАН БӨЛІГІ ҒАНА 500 ОҚУШЫҒА АРНАЛҒАН БАСТАУЫШ МЕКТЕПКЕ АЙНАЛДЫРЫЛҒАН. АЛ ЖОҒАРЫ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫ МАҢАЙДАҒЫ ӨЗГЕ МЕКТЕПТЕРГЕ БАРЫП ОҚЫҒАН.
(Жалғасы 3-бетте).
«ҚАЗПОШТА» БАЙЛАНЫС БӨЛІМШЕЛЕРІНДЕ: ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАР ҮШІН
ЖЕКЕ ТҰЛҒАЛАР ҮШІН
Ауылдағы кәсіпорындар мен ұйымдарға: 6 айға – 3185,10 теңге 1 жылға – 6370,20 теңге ИНДЕКСІ 15457
Ауыл тұрғындарына: 6 айға – 2935,08 теңге 1 жылға – 5870,16 теңге ИНДЕКСІ 65457
Тараз, Қаратау, Жаңатас, Шу қалалары бойынша 6 айға – 2849,76 теңге 1 жылға – 5699,52 теңге ИНДЕКСІ 15457
Тараз, Қаратау, Жаңатас, Шу қалалары бойынша 6 айға – 2599,74 теңге 1 жылға – 5199,48 теңге ИНДЕКСІ 65457
ТАРАЗ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ ҮШІН: «Эврика-пресс» ЖШС, «Тараз-пресс» ЖШС, «ERNUR-PRESS» ЖШС бөлімшелері арқылы жазылуға болады.