12 маусым пдф

Page 1

ДОСЫ КӨПТІ ЖАУ АЛМАЙДЫ, АҚЫЛЫ КӨПТІ ДАУ АЛМАЙДЫ

Жамбыл облыстық қоғамдықсаяси газет №89 (17946), Бейсенбі, 12 маусым, 2014 жыл ӘКІМ БОЛ, ХАЛҚЫҢА ЖАҚЫН БОЛ! l

ЖАҢА БАСШЫҒА

НАҚТЫ ТАПСЫРМАЛАР БЕРІЛДІ Сәулембай ӘБСАДЫҚҰЛЫ, «Ақ жол».

КЕШЕ АУДАН ӘКІМДІГІНІҢ МӘЖІЛІС ЗАЛЫНДА АУДАН АКТИВІНІҢ ЖИНАЛЫСЫ ӨТТІ. ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ КӘРІМ КӨКІРЕКБАЕВ ЖИНАЛҒАНДАРҒА АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТТАРЫНЫҢ КЕЛІСІМІМЕН ТАЛАС АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ҚЫЗМЕТІНЕ БОЛАТ ҚАНАТБАЙҰЛЫ РЫСМЕНДИЕВТІҢ ТАҒАЙЫНДАЛҒАНЫН ЖАРИЯ ЕТТІ. – Болат Қанатбайұлы, Жамбыл облысының бірқатар аудандарында басшылық қызмет атқарған азамат, – деді ол. Әсіресе, ауылшаруашылығы саласын жетік біледі. Осы жиынды пайдалана отырып, оған нақты тапсырмалар берсем деймін. Атап айтқанда, Елбасының Қазақстан халқына Жолдауындағы және осы Жолдауға байланысты Үкіметтің кеңейтілген мәжілісіндегі нақты тапсырмаларды орындауға күш салу қажет. Оның ең бастылары: халықтың әл-ауқатын нығайту, экономиканы дамыту, индустриялық-инновациялық бағдарламаларды жүзеге асыру болып табылады. Моноқалалардың инфрақұрылымын қайта жаңғырту жөніндегі бағдарламаға сәйкес Қаратау қаласындағы қолға алынған жұмыстарды әрі қарай сапалы түрде жалғастыру керек. Ауылшаруашылығы саласында қордаланған мәселелер де жеткілікті. Ең алдымен, мал тұқымын асылдандыру, шаруа қожалықтарын ірілендіру және оның шикізатын өңдейтін өндірістерді дамытуға басым бағыт беру керек деп есептеймін. Аймақ басшысы ауданның тарихы бай, бір өзінен 59 Еңбек Ері мен 2 Кеңес Одағының Батыры шыққан, қасиетті өлке екенін еске салды. «Бұл ауданның халқы ауызбірлікті, еңбекқор. Сол бай әлеуетті тиімді пайдаланып, ауданның экономикасы мен әлеуметтік саласын жаңа сатыға көтеруге Сіздің тәжірибеңіз бен біліміңіз, білігіңіз жетеді деп сенемін», деді облыс әкімі. Өз кезегінде Б.Рысмендиев киелі де қазыналы ауданды басқаруды сеніп тапсырғаны үшін облыс әкіміне рахметін айтып, Талас ауданын бұрыннан білетіндігін, аудандық мәслихат депутаттарының және сала басшыларының қолдауымен бар күш-жігерін халық үшін аянбай еңбек етуге жұмсайтынына сендірді. Активте ауданның Құрметті азаматтары Ж.Тәукебаев, Т.Сейдуанов, облыстық мәслихаттың депутаты А.Бектай шығып сөйлеп, жаңадан тағайындалған аудан әкімінің алдағы жұмысына сәттілік тіледі. Талас ауданы.

ОҚЫҒАНЫ ЕЛ ОЗАД

www. akjolgazet.kz

Газет 1922 жылғы 1 мамырдан шығады.

БІЛІМДІ БОЛСА ҰЛ-ҚЫЗЫҢ, МАҢДАЙДАҒЫ ЖҰЛДЫЗЫҢ

Ардақ ҮСЕЙІНОВА, «Ақ жол». ЖАС ДЕМЕЙ, КІШІГЕ ІЗЕТ КӨРСЕТІЛСЕ, КІСІЛІКТІҢ ҮЛГІСІ ОСЫ. ӘРИНЕ, ӘҢГІМЕ ЕКІ ҚОЛЫН ҚОЯРҒА ЖЕР ТАППАЙ ЖҮРГЕН ЖАСТАР ТУРАЛЫ ЕМЕС. АЛ, ТЕРЕҢ БІЛІМІМЕН ТОП ЖАРҒАН, ДАРЫНДЫЛЫҒЫМЕН ДАРА ШЫҚҚАН ЖЕТКІНШЕКТЕРГЕ ҚАЛАЙ ҚОЛДАУ КӨРСЕТСЕК ТЕ ЖАРАСАДЫ. Кеше облыс әкімі Кәрім Көкірекбаев талмай ізденіп, талай-талай білім аламанында озып шығып, мерейімізді асырып жүрген дарынды жастарды қабылдады. Дәстүрлі кездесуге биыл 113 озат оқушы шақырылған екен. Түрлі себептерге байланысты бірқатары келе алмай қалыпты. Облыс әкімінің қабылдауына шақырылған дарынды жастардың санын бекер тілге тиек еткен жоқпыз. Былтыр мұндай кездесуге 109 оқушы келген болатын. Биыл өнер, білім бәсекелерінде топ жарғандар қарасы өткен жылмен салыстырғанда едәуір артып отыр. Әсіресе, халықаралық пән олимпиадалары мен ғылыми жоба жарыстарында жүлдегер

атанғандар да жылдан-жылға көбейіп келеді. Жуырда ғана өткен ұлттық бірыңғай тестілеуден осындай бірегей білім додаларында жеңіске жетіп, жүлдегер атанған 83 түлектің босатылуы – осы сөзіміздің айғағы. – Биылғы оқу жылында халықаралық, республикалық пән олимпиадалары мен ғылыми жарыстарға қатысқан 229 оқушының 143-і үлкен жетістіктерге қол жеткізді. Біздің оқушыларымыз халықаралық білім додаларында 62 медаль олжалады. Оның 19-ы алтын, 20-ы күміс, 23-і қола. Ал, республикалық пән олимпиадасында 47 оқушы жүлдеге қол жеткізді. Олимпиада қорытындысы бойынша облыс командасы екінші жыл қатарынан жалпы есепте алға шығып, «Ең үздік команда» атағын жеңіп алды. Облыстық дарынды ер балаларға арналған қазақ-түрік мектеп интернаты алтыншы мәрте «Ең үздік олимпиада мектебі» деген атақты иеленді. Сондай-ақ, республикалық ғылыми жобалар жарысында жамбылдық дарынды жастар 20 медаль еншілеп, «Республикалық ғылыми жарыстың үздік командасы» атанды. Бұл біз үшін – үлкен мақтаныш, – деді аймақ басшысы Кәрім Нәсбекұлы кездесуде. Талапты жастың қашанда жолы ашық. Облыс әкімі оқу жылы аяқталса да, талмай

ізденіп, маусым-шілде айларында дүниежүзілік пән олимпиадаларына баруға дайындалып жүрген оқушылардың есімдерін атап өтті. Вьетнам, Индонезия, Оңтүстік Африка, Тайвань елдерінде өтетін білім додаларына облыстық дарынды ұлдарға арналған қазақ-түрік мектеп интернатының шәкірттері – Данияр Қамал (математикадан), Хафиз Жұмәділ, Роман Когай, Антон Хван (биологиядан), Жасұлан Биназар, Азамат Әмзебек (химиядан), Ұлықбек Әділбеков (информатикадан) қатысып, өз бақтарын сынамақ. Кездесуде жастарға бағалы сыйлықтар тапсырылды. Талантты шәкірт тәрбиелеген ұстаздар да назардан тыс қалмады. Өз кезектерінде облыстың озат оқушылары да облыс басшысына деген жылы лебіздерін жеткізіп, ойларымен бөлісті. Халықаралық олимпиаданың жүлдегері Иса Данат пен республикалық пән олимпиадасының жеңімпазы, ҰБТ-да облыс бойынша ең жоғары 123 балл алған Анастасия Хан өздерінің қол жеткізген табыстары – білім саласына жасалып жатқан қамқорлықтың жемісі екенін тілге тиек етті. Ал байзақтық Наджия Назимова жоғары жетістікке мемлекеттік тілді меңгерудің арқасында жеткенін айтады. Өзге ұлт өкілдерін қазақ тілін үйренуге шақырған түрік қызы қазақшаға судай екен.

ТАҒАЙЫНДАУ

Жамбыл облысы әкімінің 2014 жылдың 11 маусымдағы №206-ө өкімімен Талас ауданының әкімі болып Болат Қанатбайұлы РЫСМЕНДИЕВ тағайындалды.

Б.Рысмендиев 1954 жылы туылған, ұлты – қазақ, білімі – жоғары. 1976 жылы Алматы зоотехникалық-малдәрігерлік институтын «Зоотехния», 2004 жылы М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін «Қаржы және несие» мамандықтары бойынша бітірген. Еңбек жолын 1976 жылы Көкшетау облысы Зеренді ауданы Қарабұлақ кеңшарының зоотехник-селекционері болып бастаған.1977-1992 жылдары Жамбыл облысы Красногор аудандық ауыл шаруашылығы басқармасының аға зоотехник-экономисі, Шу ауданы «Ақтөбе» ұжымшарының бас зоотехнигі, Чкалов атындағы кеңшардың партком хатшысы, Жамбыл атындағы кеңшардың директоры, 19921993 жылдары Шу ауданы әкімінің бірінші орынбасары лауазымдарын атқарған. 1993-1998 жылдары «Белбасар» АҚ-ның бас директоры, «Өнім» АҚ-ның вице-президенті, «Алтын диірмен» агроөндірістік бірлестігінің бас директоры болған. 1998-2011 жылдары Жамбыл облысы Шу, Меркі, Мойынқұм аудандарының әкімі қызметтерін атқарған. 2012 жылдың қазанынан осы уақытқа дейін «КазТрансГаз» АҚның компаниялар тобы газ саласындағы қызметкерлерінің кәсіптік одақтары бірлестігінің төрағасы қызметін атқарып келген. l

ӘЛҚИССА

САРЫСУМЕН МАҚТАНАТЫН БОЛАМЫЗ ӘЛІ АУДАН АГРАРЛЫҚ-ИНДУСТРИЯЛЫҚ АЙМАҚҚА АЙНАЛМАҚ Облыс әкімі Кәрім Көкірекбаев ауданда болған сапарында атқарылған жұмыстарға оң баға берді

ой

Азамат ТАЛАСИ.

l БАЙЗАҚ Ботамойнақ ауылдық округінің Байзақ ауылының басты көшесі асфальтталды. – Біз бұл жұмысты сәуір айының басында қолға алдық. Құрылыста он адам еңбек етті. Көшені көркейту үшін тал-дарақтар оталып, 26 электр бағанасы тұрғызылып, 24 түнгі шам орнатылды. Бұл үшін жеке трансформатор қойылды, – дейді «Шебер Тараз» ЖШС-ның директоры К. Болысбаев.

l ЖАМБЫЛ Жұма теміржол бекетіндегі «Жәнібек» ат спорты кешенінде ат спортынан атақты көкпаршы, аударыспақтан еліміздің бірнеше дүркін чемпионы, өмірден ерте кеткен Жәнібек Әбдікерімовті еске алу турнирі болып өтті. Оған облысымыздың бірнеше ауданынан көкпар командалары қатысып, бас жүлдені Жәнібектің жерлестері жамбылдық шабандоздар жеңіп алды. Ал, аударыспақтан ақтық сында Оңтүстік Қазақстан облысының өкілі Біржан Қосалиев пен Шығыс Қазақстан облысының сайыскері Ермек Жапишов кездесіп, ақырғы минутта Біржан басым түсіп, турнирдің бас жүлдесін жеңіп алды.

l ЖУАЛЫ Жазғы демалыс кезінде 8250 оқушыны демалту көзделуде. Соның ішінде 400 оқушы тау етегіндегі лагерьде алаңсыз демалады. 240 оқушы Оңтүстік Қазақстан облысының Машат шатқалында орналасқан «Орленек» сауықтыру лагерінде демалыстарын бастап та кетті. Екінші кезең – 27 шілде мен 21 тамыз аралығында осы лагерьде 160 оқушы демалып қайтады.

АЙТЫС АРҚАУЫ – ОТАН МЕН ОТБАСЫ

Жамбыл облысының 75 жылдығы мен «Нұр Отан» партиясының 15 жылдығына орай осы жылдың 22 маусымы күні «Баласағұн» орталық концерт залында «Отбасым – тірегім, Отаным – жүрегім!» атты республикалық ақындар айтысы өтеді. Айтысқа халықаралық, республикалық айтыстардың жүлдегерлері Балғынбек Имашев, Нұрмат Мансұров, Анар Жаппарқұлова, Рүстем Қайыртайұлы, Жақсылық Орынбасар, Қайнар Алагөзов, Асхат Қылышбек, Біржан Байтуов, Айым Көшербай, Әсет Дүйсебаев қатысады. Билеттер «Баласағұн» орталық концерт залының кассасында сатылады. Басталуы: сағ. 15.00-де.

l «ҚАЗАҚСТАН – 2050»: АЗЫҚ-ТҮЛІК ҚАУІПСІЗДІГІ

l

Құз жартастың басына шығып, жан-жағындағы ғажайып көріністерді тамашалап отырған қойшы бала, өз әрекетінен өзі жалықты ма кім білсін, көп ұзамай терең ұйқыға батты. Осы кезде сол маңайдан өтіп бара жатқан Жазмыш баланы көрді де, түртіп оятты. Сосын жәй ғана: – Оян, құлыным, ұйқылы-ояу домалап кетсең, мына құздың түбінен бір-ақ шығасың. Абай бол. Егер Сен осы жерден құлап, өліп қалсаң «Бұл Жазмыштың ісі ғой» деп менен көреді. Бірақ, сенің құзға өзің шығып, мына жардың шетіне өзің ұйықтап қалғаныңа менің түк те қатысым жоқ екенін қайдан білсін. Айтып бар, адамдар алаңғасарлықтарын менен көрмей, өздерінен көрсін.

Облыс әкімдігінің дін істері басқармасының ұйымдастыруымен облыс аумағында жұмыс атқаратын этномәдени орталықтардың жетекшілері мен дәстүрлі діни конфессиялар көшбасшыларының қатысуымен «Халықтар достығы» атты кездесу өтті. Шара барысында аталған басқарманың басшысы Серғали Айдапкелов өңірде конфессияаралық және этносаралық келісімді нығайту жолында елеулі еңбек етіп жүрген бірқатар азаматтарға алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар тапсырды.

БАЙЛАНЫС ТЕЛЕФОНДАРЫ: 43-89-19, 34-43-83.

Мемлекеттік қызметшілер өз міндеттерін абырой-мен атқарып жүр ме? Кадрлардың қарым-қабілеті қай деңгейде? Олардың мінез-құлқына, кісілігі мен кішіпейілдігіне деген көпшіліктің пікірі қандай? Міне, осындай мәселелер Мемлекеттік қызмет істері агенттігі облыстық департаментінің ұйымдастыруымен өткен дөңгелек үстел отырысында кеңінен талқыланды. Басқосу барысынан жазылған мақаланы басылымның келесі санынан оқисыздар. «Ақ жол-Ақпарат».

с ы қ О

l ТАРАЗ

Келіңіздер, көріңіздер!

Суретті түсірген Ақәділ РЫСМАХАН.

l

ak-jol-taraz@rambler.ru

Сәулембай ӘБСАДЫҚҰЛЫ, Фариза ӘБДІКЕРІМОВА, «Ақ жол». Облыс әкімі Кәрім Көкірекбаев Сарысу ауданына іссапарын Жаңаталап ауылдық округіндегі «Жаңаталап» шаруа қожалығының егіс алқабынан бастады. Шаруашылық биылғы жылы 10 гектар алқапқа пияз егіпті. – Қожалықта қанша адам еңбек етеді? – деген

аймақ басшысының сауалына қожалық төрағасы Марқаш Мизамбаев: – 10 адам, – деп жауап беріп, жиын-терін кезінде адам саны бұдан екі есеге дейін артатынын жеткізді. Оның айтуына қарағанда, су жеткілікті. Әзірге, Шабақты өзенінің суын пайдаланып отырған жайы бар. Шіліңгір шілде айында «Ынталы» су қоймасының суын пайдаланбақ. Биыл қоймаға 36 миллион текше метр су жиналыпты. Аудан әкімі

Халық мақалы.

Қанатбек Мәдібектің айтуына қарағанда, қойманың суы маңайындағы шаруа қожалықтарының егістіктеріне жеткілікті. Ауданда бір ғана су қоймасының барын ескерсек, облысымыздың өзге аудандарына қарағанда сарысулықтардың суды алтынға бағалайтынын аңғару қиын емес. Облыс әкімі шаруа қожалығының жұмысына сәттілік тілеп, болашақта пияздың өтімді болуы үшін қойма салу қажеттігіне тоқталып, ондай жағдайда өнім бағасының келер жылдың көктемінде екі есе өсетініне дәлелдер келтірді. Одан кейін өңір басшысы Байқадам ауылдық округіне қарасты Саудакент ауылындағы орман шаруашылығы мекемесіндегі көрмеде «Сыбаға» бағдарламасы арқылы мал өсіріп отырған шаруа қожалықтарын аралап көрді. «Абылай хан» шаруа қожалығының төрт түлікті өсірудегі тәжірибесі үйренуге тұрарлық болып шықты. Шаруашылық соңғы екі жылда ауылшаруашылығын қолдау қоры арқылы 2013 жылы 10 миллион, 2014 жылы 4 миллион қаржыға 125 мүйізді ірі қара сатып алыпты. Қожалық иесі осы малды өсіріп, болашақта өзге шаруаларға сатуды жоспарлап отыр. Сондайақ, «Үбайділда» шаруа қожалығы (төрағасы Ж.Сыздықов) түйе өсіріп, одан шұбат өндіруді, сөйтіп оны нарыққа шығаруды жоспарлағанымен арнайы цехтың жоқтығын тілге тиек етті. Облыс әкімі үстіміздегі жылдан бастап қымыз бен шұбат өндіруге де субсидияның беріле бастағандығын еске салды. Ауданда соңғы жылдары «Казагроқаржы» ауылшаруашылығын қолдау қоры арқылы лизингке 9 «Беларусь» тракторы алынған. Орташа құны 4,2-5 миллион теңгені құрайтын тракторлардың құнын өтеу жеті жылға есептелінген. Осы орайда облыс әкімі Еуразиялық экономикалық одақтың құрылуы алдағы уақытта шаруаларға жаңа мүмкіндіктер беретінін атап көрсетті. Келешекте мұндай техникаларды Беларуссиядағы Минск трактор жасау зауытымен тікелей келісімшарт жасасып, неғұрлым арзан бағаға алу жағы қарастырылып жатқандығын айтты. (Жалғасы 2-бетте).

Е ІГ Ш З МА ТІЛ ҒЫ ЫР ТЫ ПС ТА

ХАТ АРТЫНДА АДАМ БАР...

, І Д Й Е М Р І Т І Б Н Е Ш Е ДАУДЫ Ш

І Д Е Р І Т І Б Р Е ШЕБ

РЕДАКЦИЯМЫЗҒА ОҚЫРМАНДАРЫМЫЗДАН ӘРТҮРЛІ ЖАЙТТАРҒА БАЙЛАНЫСТЫ АРЫЗ-ШАҒЫМ ТҮСІП ТҰРАДЫ. ТҮЙІНДІ МӘСЕЛЕЛЕРДІҢ АҚ-ҚАРАСЫН АЖЫРАТЫП, ЖӘРДЕМ БЕРУІМІЗДІ СҰРАНАДЫ. ТҮПТЕП КЕЛГЕНДЕ, ШИЕЛЕНІСКЕН ШАРУАНЫҢ ЗАҢДЫ-ЗАҢСЫЗЫН АНЫҚТАУМЕН ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУ ОРГАНДАРЫНЫҢ АЙНАЛЫСАТЫНЫ БЕЛГІЛІ. СОЛАЙ ДЕСЕК ТЕ, БІЗ НЕГІЗІНЕН ӨЗ ТАРАПЫМЫЗДАН ЖУРНАЛИСТІК ЗЕРТТЕУ ЖҮРГІЗУГЕ ҚҰҚЫЛЫ ЕКЕНІМІЗДІ ПАЙДАЛАНЫП, КӨРГЕН-БІЛГЕНІМІЗДІ, КӨКЕЙГЕ ТҮЙГЕН ОЙ-ПІКІРІМІЗДІ ЖАЗЫП, ГАЗЕТКЕ ЖАРИЯЛАЙМЫЗ. АЛ, ТӨРЕЛІГІН ӘРИНЕ, ЗАҢ ОРЫНДАРЫ АЙТАДЫ. БҰЛ ЖОЛҒЫ ҚОЛЫМЫЗҒА ТИГЕН АРЫЗ ТУРАЛЫ СӨЗ ҚОЗҒАУ ӘРІ ОҢАЙ, ӘРІ ҚИЫНДАУ СЕКІЛДІ КӨРІНДІ. ОҢАЙ БОЛАТЫНЫ – ҚҰЗЫРЛЫ ОРГАНДАРДЫҢ ШЫҒАРҒАН ШЕШІМДЕРІНІҢ ОРЫНДАЛМАУЫ ҚҰЖАТТА АП-АНЫҚ КӨРСЕТІЛГЕН. ҚИЫНДАУ БОЛАТЫНЫ – ОНЫҢ АЯҒЫ НЕГЕ АПАРЫП ТІРЕЙТІНІ. БӘРІН БАСЫНАН БАСТАСАҚ...

БҮГІН БРАЗИЛИЯДА ФУТБОЛДАН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛАДЫ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТТАРЫ БАСТАЛМАЙ ЖАТЫП-АҚ, БҰЛ ДОДАДА КІМДЕРДІҢ ЖЕҢІСКЕ ЖЕТУІ МҮМКІН ЕКЕНДІГІ ЖАЙЛЫ ТҮРЛІ БОЛЖАМДАР ЖАСАЛУДА. БАСЫМ КӨПШІЛІГІ ФУТБОЛ ТАРИХЫНА СҮЙЕНІП АЙТЫЛСА, КЕЙБІРЕУЛЕР КОМАНДАНЫҢ САПЫНДАҒЫ ФУТБОЛ «ЖҰЛДЫЗДАРЫНЫҢ» САНЫНА ҚАРАЙ ЖОРАМАЛДАУДА. ҚАЛАЙ ДЕСЕК ТЕ, АЛАМАНДА АЙТУЛЫ АЯҚ ДОП ШЕБЕРЛЕРІНІҢ ӨНЕРІН ЖАНКҮЙЕРЛЕР ЖІТІ БАҚЫЛАЙТЫНЫ АНЫҚ. ЕНДЕШЕ, «ЖҰЛДЫЗДАР» ӨНЕР КӨРСЕТЕТІН ҚҰРАМАЛАРДЫ САНАМАЛАП КӨРЕЙІК.

Талапты бала талпынған құстай, Құмары қанбас биікке ұшпай.

(Жалғасы 8-бетте).

(Жалғасы 3-бетте).


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.