ЖАМБЫЛДА
Сарысу ауданы
Мойынқұм ауданы
ДОСЫ КӨПТІ ЖАУ АЛМАЙДЫ, АҚЫЛЫ КӨПТІ ДАУ АЛМАЙДЫ
НЕ ЖАҢАЛЫҚ?
Мойынқұм
Жамбыл облыстық қоғамдықсаяси газет
№140 (18174), Бейсенбі, 12 қараша, 2015 жыл
ak-jol-taraz@rambler.ru
www. akjolgazet.kz
Газет 1922 жылғы 1 мамырдан шығады.
Төле би
Жаңатас Қаратау
Жамбыл ауданы
Меркі ауданы
Байзақ ауданы
Аса
Т.Рысқұлов ауданы
Құлан
Жуалы ауданы
Меркі
Қордай ауданы Қордай
Бауыржан Момышұлы
=БАЙЗАҚ Ботамойнақ ауылдық округiнде ақсақалдар алқасының төрағасы К.Шартықбаев, ауыл әкімінің орынбасары Т.Байділдаева және бас маман Б.Танашев жалғызілікті қарттар мен мүгедектерге қайырымдылық жасады. Бұл іс-шараға ауылдың жеке кәсіпкерлері де атсалысты. Шара барысында екі жалғызбасты қарияға, төрт мүгедегі бар отбасына және соғыс ардагерінің жесіріне азық-түліктер әперілді. Сонымен қатар, соғыс ардагерінің жесірі А.Қойлыбаеваның үйіндегі қорасын жөндеуге ауыл әкімі Е.Зәуірбеков өз қаражаты есебінен қолдау білдірді.
«ҚАЗАҚСТАН - 2050» СТРАТЕГИЯСЫ: МЕЖЕ МЕН МІНДЕТ
ПРЕЗИДЕНТ
Шу ауданы
Талас ауданы
=ЖУАЛЫ Бауыржан Момышұлы мемориалдық музейіне еліміздің Бас прокуроры Асхат Дауылбаев Қазақ хандығының 550 жылдығы мен ҚР Конституциясының 20 жылдығына орай жарыққа шыққан «Қазақстан прокуратурасының қалыптасуы және дамуы – Өткелді жолдың елесі – бүгінгінің белесі» атты тарихи деректі кітабына қосымша өзінің құттықтауын жолдапты. Кітапта жерлесіміз Бауыржан Момышұлының 1930-1932 жылдары прокуратура қызметкері болғаны жазылып, кітаптың біздің облысқа арналған бөліміне «Жеңіске жеткізгендер» деген айдар қойылып, бірінші бетіне даңқты батырдың суреті мен өмірбаяны берілген. Бұл сыйды музей меңгерушісі Ғалия Ауғанбаеваға аудан прокуроры Нұрбек Ұласбекұлы әкеліп тапсырды.
=ҚОРДАЙ
ҰЛЫБРИТАНИЯ МЕН ФРАНЦИЯ САПАРЫ ТАБЫСТЫ АЯҚТАЛДЫ НӘТИЖЕСІНДЕ ОН БІР МИЛЛИАРДТАН АСТАМ ДОЛЛАРДЫҢ КЕЛІСІМШАРТТАРЫНА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ Нұрсұлтан Назарбаевтың өткен аптадағы Ұлыбритания мен Францияға ресми сапарлары, жетекші экономист-сарапшылардың пікірлерінше, Қазақстанның аталған алдыңғы қатарлы әлемдік индустриялық державалармен инвестициялық және сауда ынтымақтастығында шешуші рөл атқарды. Қазақстан делегациясы бұрын-соңды болмаған табысты келіссөздер жүргізсе, нәтижесінде орасан зор сомаға – 11 миллиардтан астам доллардың келісімшарттарына қол қойылды. Алайда, Қазақстан Президентінің табысты турнесінен дивидендтер тек ақшалай көрсеткішпен ғана шектелмейді. Бұл арада Қазақстанның Ұлыбританиямен және Франциямен ынтымақтастығында сапалық тұрғыдан жаңа дәуір басталғаны анағұрлым маңызды. Осылайша, бұдан былай қарай жетекші рөл шикізаттық емес секторларға, өңдеуші өнеркәсіпке, жоғары технологиялы өндіріске берілетін болады. Лондон және Париж уағдаластықтарының нәтижесінде өмірге жолдама алатын жобалар Бес институттық реформаның, «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының және индустрияландыру бағдарламаларының негізіне айналады. Қазақстан алдыңғы қатарлы технологияларға қол жеткізіп, елімізде жоғары қосымша құн салығы бар жаңа өндіріс орындары пайда болады, жоғары білікті мамандар оқытылады. Қол жеткізілген келісімдерден келетін әлеуметтік тиімділіктің құны да аса жоғары. Жаңа бірлескен Қазақстан-Британия және ҚазақстанФранция жобаларының арқасында мыңдаған жаңа жұмыс орындары құрылып, тұтастай өңірлер тұрғындарының әл-ауқаты артатын болады. Нұрсұлтан Назарбаевтың сапарынан соң Еуропада Қазақстан туралы «Жаңа Жібек жолы» жобасының шешуші қатысушысы ретінде әңгіме айтыла бастады. Еуропа бизнесінің еліміздің транзиттік әлеуетін пайдалануы да қазақстандықтарға кең ауқымды экономикалық тиімділік әкеледі.
«БАЛДӘУРЕНДЕГІ» БАЛАЛЫҚ ШАҚ Есет ДОСАЛЫ, «Ақ жол». Ы н т ы м а қ ау ы л д ы қ о к р у г і н е қарасты Мәдімар ауылында 50 орындық «Балдәурен» балабақшасы пайдалануға берілді. Жаңа нысанға «Жұмыспен қамту–2020» бағдарламасы аясында аудандық бюджеттен 104 миллион теңге бөлінген. Кезінде колхоздың кеңсесі болған ғимаратты қайта жөндеуден өткізу жұмысын Мұрат Дауишев басқаратын «Бибасар-2005» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі сапалы жүргізген. «Балдәурен» балабақшасының ашылу
М
салтанатында Байзақ ауданының әкімі Мұратхан Шүкеев жаңа нысанның сапалы жөнделгенін, ауыл тұрғындарына үлкен қуаныш сыйлап отырғанын, мұндай игі істердің барлығы Елбасымыздың сара саясатымен жүзеге асып отырғанын айтты. Сондай-ақ, Ынтымақ ауылдық ақсақалдар кеңесінің төрағасы Тұрсын Құрмашев елді мекендегі бүлдіршіндерге көрсеткен қамқорлығы үшін облыс және аудан әкімдеріне, мердігер компания басшыларына алғысын білдірді. Балабақша меңгерушісі Айман Мейрамбекқызының айтуынша, әзірге екі топ жұмыс істейді, 22
қызметкер бар. Алдағы уақытта топтар санын көбейту көзделуде. Себебі, бұл ауылда 45 бала мектепке дейінгі мекеменің кезегінде тұр екен. Балабақшаға 2 жастан 5 жасқа дейінгі бүлдіршіндер қабылданады. «Ауылымызда 2100 тұрғын немесе 300 шаңырақ бар. Сондықтан жаңа балабақшаның қажеттігі туындап еді. Ол мәселе сәтімен шешімін тауып отыр», – дейді Ынтымақ ауылдық округінің әкімі Мейірбек Ноғаев. Дер кезінде ашылған мектепке дейінгі мекеме ауыл тұрғындарын да қуанышқа бөлеп отыр.
Аудандық Мәдениет үйінде «Парасат» халықтық әжелер ансамблінің құрылғанына 15 жыл толуы аталып өтті. Ұлттық өнеріміз бен салт дәстүрлеріміздің жанашыры ретінде танылған егде жастағы оншақты өнерпаз әже – аналардан құралған бұл ұжым қазақтың халық әндерін әуелете шырқап мерекелік жиындардың шырайын келтіріп, қоғам өміріне белсене атсалысып келеді. Оларды мерейтойымен құттықтаушылар қатарында Кенен ауылындағы ақын атамыздың зайыбының атын иеленген «Насиха» әнші әжелер тобы және аудан өнерпаздары ән-жырдан шашу шашты, аудан әкімі мен мәслихаттың Алғыс хаттары табыс етілді.
Басқа бақ жарасады, Батырға жақ жарасады. Аталы ерден би туса, Халық пайдасына жанасады. Халық мақалы.
Байзақ ауданы.
МӘНІСІ Ң І Н Е ӘСЕЛ
ӨМІР ЖӘНЕ ӨРКЕНИЕТ
Е ІГ Ш З МА ТІЛ ҒЫ ЫР ТЫ ПС ТА
БАҒАНЫ НАРЫҚ РЕТТЕЙТІН БОЛАДЫ Жаңа жылдан бастап әлеуметтік нанның бағасын нарық реттейтін болады. Бұған дейін нан бағасын Үкімет бақылауда ұстаған еді. Бірақ нарықтың талабы, қазіргі қаржылық жағдай нан бағасының да еркін айналымға түскенін дұрыс деп санайды. Әрине, қазіргідей дағдарыс кезінде нанның бағасы еркін айналымға түссе, бұрынғыға қарағанда, қымбаттамаса арзандамасы мәлім. Ал бұл ретте Үкімет әлеуметтік жағынан аз қамтылғандарға тиісті көмек көрсетпек. Қазіргі күні нан бағасын тұрақты ұстап тұру үшін мемлекеттік бюджеттен арнайы субсидия бөлініп отыр. Мәселен, 2014 жылдан бері қарай бұл мақсатқа мемлекеттік бюджеттен 17 млрд. теңгеге жуық қаржы жұмсалған. Құзырлы орган өкілдерінің айтуынша, қазіргі астық өндірушілерді субсидиялау жүйесі саладағы бәсекелестікті тежеуде. Өйткені, мемлек еттің көмегін
әдетте ірі кәсіпо рындар иеленеді. Олар өз кезегінде өндірісті жаңғыртуға асығар емес. Осылайша, нан бағас ын жасанды ұстап тұру тиімсіз, дейді журналистермен кездесуінде Ауыл шаруашылығы минис трлігінің жауапты хатшысы Арман Евниев. Оның мәлімд еуінше, бидайдың өзіндік құны 30 пайыздан көп емес. Қалғаны жанар-жағармай, электр энергиясы, көлік шығыны, тағы басқалар. «Біз бұл мәселені үнемі шаруалардың есебінен немесе бюджеттік субсидия арқылы шешіп отырдық. Енді алдағы жылдан бастап нанның бағасын нарық өзі реттейді. Әрине, әр қаладағы баға әртүрлі. Меніңше, бәсе келестік көп болса, тіпті баға төмендеуі де мүмкін. Саланы бәсекелестік құтқарады. Біз кәсіпкерлерге қолдау көрсетуіміз қажет. Мысалы, Еуропаны алып қарайық. Олар нанның түр-түрін өндіреді. Ал біз бидай өндіру бойынша әлемде жетінші орындамыз.
Соған қарамастан, Кәрі құрлықта ғыдай нанның түр-түрін өндіріп жат қанымыз шамалы», – деді А.Евниев. Бұл шешімді Астық өндірушілер қауымдастығы да қолдап отыр. Бидай өндіруші елдер қатарында жетінші орында тұрс ақ та, нан зауыттарын ашуға құлықты кәсіпкерлеріміз аз. Осы ның салдарынан сала тұралап тұр, дейді мамандар. «Нан бағасын еркін айналымға жіберсек, саланың жаңа тынысы ашылады. Бірнеше жылдық тәжірибесі бар адам ретінде айтамын, инвест иц ия тартуға, жоғары технолог иял арды енгізуге, өнім түрлерін арттыруға сеп болады», – дейді Қазақстанның астық және нан өндірушілері одағының президенті Евгений Ган. Сондайақ, ол нан бағасының нендей мәселелерге сүйеніп түзетілетінін де айтты. (Жалғасы 3-бетте).
ӨНІМ ӨНДІРУ КӨЛЕМІ И Ғ И Б А Т , Н Е ІМ Н Е Г Е Д Н Е М ТӨ ГАЗДЫҢ ҚОРЫ МОЛ АМАНКЕЛДІ ГАЗ КЕНІ 1974 ЖЫЛЫ СЕЙСМОБАРЛАУМЕН ІЗДЕСТІРУ БҰРҒЫЛАУЫН ЖҮРГІЗУ НӘТИЖЕСІНДЕ 1975 ЖЫЛЫ АШЫЛҒАНЫ БЕЛГІЛІ. ҰЗАҚ ЖЫЛҒЫ ІЗДЕНУДЕН СОҢ «КӨГІЛДІР ОТЫНДЫ» КӘСІПТІК-ТӘЖІРИБЕЛІК НЕГІЗДЕ ПАЙДАЛАНУ ТЕК 2003 ЖЫЛДЫҢ 28 ҚАЗАНЫНДА ҒАНА ЖҮЗЕГЕ АСҚАН БОЛАТЫН. БОЛАШАҚТА КЕН АЙМАҒЫН ЗЕРТТЕУ, ИГЕРУ ЖҰМЫСЫ ЖАЛҒАСЫН ТАБА МА ДЕГЕН САУАЛДАР КЕЗ-КЕЛГЕН АДАМДЫ ҚЫЗЫҚТЫРУЫ МҮМКІН. (ЖАЛҒАСЫ 3-БЕТТЕ).
ЖАЗЫЛЫМ – 2016
Ауыл тұрғындары асыға күтетін басылым ДАРХАН БАЙМБЕТОВ, ҮШАРАЛ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ.
Бүгінгі таңда қай салада да бәсекелестік басым. Істің алға жылжуы үшін ол заңдылық секілді. Сондай бәсекелестік ақпарат айдынында да жоқ емес. Елімізге белгілі, өзіндік соқпағы бар басылымның бірі – «Ақ жол» газеті. Облыстың аға газетін бәсекеге қабілетті, шындықтың айнасы деп айта аламыз. Себебі, әр оқырманға керекті дүниеміздің барлығын осы үнпарақтың бетінен табамыз. Қажетімізді өтейтінімен де, жылт еткен жақсы жаңалықты жарқ еткізіп жариялауымен де, жеделдігімен де бұл газет ерекше бағалы, әр сөзі қымбат. Ауыл тынысын, менің бүгінгі әріптестерімнің жетістіктерін, ойға алған жоспар-мақсаттарын да «Ақ жол» кеңінен толғап, жаза біледі. «Ақ жол» газетінің көтерер тақырыбы сан алуан. Соның ішінде ауыл шаруашылығы, өндіріс салалары, рухани әлемнің жаңалықтары басылымның назарынан түскен емес. Бұған нақты мысал ретінде жуырда жарық көрген «Ешкі баққаның есесі кетпейді» деген мақаланы айтуға болады. Мақала жан-жақты
талдап жазылған, талай еңбеккерге ой салатыны анық. Сондай-ақ, балық шаруашылығын, қызылша өсіруді дамыту, тамшылатып суару жаңаша тәсілдердің тиімділігін де облыстың аға басылымы көбірек қозғайды. Сондықтан, «Ақ жолды» қалың оқырманның көзі, сөзі һәм құлағы болып келе жатыр деп айта аламын. «Ақ жолды» оқысаң көңілің марқаяды. Әсіресе, «Ауылдың айтқыштары» айдары арқылы шалғай елді мекендердегі кісілердің тауып айтқан қалжыңдарынан хабардар болып, езу тартамыз.
Үшарал ауылдық округінде бүгінде 2155 тұрғын бар, 327 шаңырақ түтін түтетіп отыр. Олардың ішінде 110 отбасы «Ақ жол» газетіне келесі жылға жазылып қойды. Алдағы уақытта бұл көрсеткіш тағы 50-60 данаға артады деп ойлаймын. Себебі, біздің округте «Ақ жол» газетін асыға күтетіндер өте көп. Оларға газеттің бүгінгі жаңашыл келбеті ұнайды. Сондықтан, ауылдастарым бұл басылымды қызығып оқиды. Мен бір кездері журналистика саласында да еңбек еттім. Сондықтан, басылымдардың тынысынан, тілшілердің тынымсыз тіршілігінен хабарым бар. Олардың ерен еңбектері елеуге тұрады. Әсіресе, облыстық «Ақ жол» газетіне деген құрметім, қызығушылығым жоғары. Облыстағы барша журналистердің жұмысына табыс, береке, сәттілік тілеймін. Ауыл-ауылдарды асықпай аралап, ел ішіндегі жағдайларды, көнекөз қарттарды, өнерпаз, шебер, талантты кісілерді көбірек жазса екен деген тілегім бар. «Ақ жолға» жазылайық, ағайын! Талас ауданы.
«АҚ ЖОЛ» – әр шаңыраққа!
«Газет — халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек. Дүниеде болып жатқан істер, сөйленіп жатқан сөздер — кімге пайдалы? Кімге зарарлы екендігін күні бұрын біліп, пайдалы болса, шаттанып, зарарлысынан сақтандырып тұрады». Ахмет БАЙТҰРСЫНҰЛЫ.
«ҚАЗПОШТА» БАЙЛАНЫС БӨЛІМШЕЛЕРІНДЕ: ЖЕКЕ ЖАЗЫЛУШЫЛАР ҮШІН Ауыл тұрғындары үшін 6 айға – 2414.40, 1 жылға – 4828.80 теңге ИНДЕКСІ 65457 Қаратау, Жаңатас, Шу қалалары бойынша 6 айға – 2185.08, 1 жылға – 4370.16 теңге ИНДЕКСІ 65457 Тараз қаласы бойынша 6 айға – 2041.26, 1 жылға – 4082.52 теңге ИНДЕКСІ 65457
КӘСІПОРЫНДАР МЕН ҰЙЫМДАР ҮШІН Ауылдағы кәсіпорындар мен ұйымдар үшін 6 айға – 2664.42, 1 жылға – 5328.84 теңге ИНДЕКСІ 15457 Қаратау, Жаңатас, Шу қалалары бойынша 6 айға – 2435.10, 1 жылға – 4870.20 теңге ИНДЕКСІ 15457 Тараз қаласы бойынша 6 айға – 2291.28, 1 жылға – 4582.56 теңге ИНДЕКСІ 15457