12 кантар пдф 2016ж

Page 1

Жамбыл облысты о амды саяси газет

Ж

(АБАЙ).

А

БІРІҢДІ, ҚАЗАҚ, БІРІҢ ДОС, КӨРМЕСЕҢ, ІСТІҢ БӘРІ БОС.

А ҺАН Д

және

Сар Сары Са С Сарысу ар ары а рысу ры су ауданы ау ауд а ауда уд уда у д да аны ны

Мойынқұм Мой Мойы Мо М ой о ойы йы й ын ауда а ау ауд у уда дан да ауданы

ЖАМБЫЛДА

Мойынқұм

Шу ауданы

Талас ауданы

Төле би

Жаңатас Қаратау

Меркі ауданы

Байзақ ауданы

Жамбыл ауданы

Т.Рысқұлов ауданы

Аса

Құлан

Жуалы ауданы

Қордай ауданы Қордай

Меркі

Бауыржан Момышұлы

№4 (18198), Сейсенбі, 12 а тар, 2016 жыл

ak-jol-taraz@rambler.ru

www. akjolgazet.kz

Газет 1922 жыл ы 1 мамырдан шы ады.

НДА ЖАҺА

ПРЕЗИДЕНТ

АҚШ КІШІ ДЖОРЖ БУШТЫҢ КӨРМЕСІ

Американың бұрынғы президенті кіші Джорж Буш зейнетке шыққан соң, сурет салумен айналысып, енді сурет көрмесін өткізуге шешім қабылдапты. Көрменің ерекшелігі – көрмеге қойылатын суреттерде, Буш өзі қызмет істеген мезгілдегі мемлекет басшыларымен болған қарым-қатынас бейнеленбек. Көрме Калифорния штатында ашылады деп күтілуде. Биыл 67 жасқа толған кіші Буштың көрмеге қойылатын суреттері бұрын ешқайда жарияланбаған.

Елбасы Парламент Мəжілісінің төрағасы Қабиболла Жақыповты қабылдады. Кездесу барысында Мəжіліс қызметінің негізгі бағыттары талқыланды. Мемлекет басшысы Парламенттің Бес институционалдық реформаны жүзеге асыруды заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз ету ісі жөнінде жемісті жұмыс жүргізгенін атап өтті. Нұрсұлтан Назарбаев, сондай-ақ бүгінде депутаттардың алдында маңызды міндеттер тұрғанын, қазақстандықтардың əл-ауқаты соларды табысты жүзеге асыруға байланысты екенін айтты.

МАЛШЫ ЖӘНЕ ТҮЗ ТАҒЫСЫ СЫ

ТҮРКИЯ ТҮРІКТЕР АВТОКӨЛІК ЖАСАМАҚ Түркияда жаңа автокөлік шығару ісі қолға алынды. Елдің Ғылым, өнеркәсіп және технологиялар министрі Фикри Ышык алғашқы 3 автокөлік түрінің суреттерін жария етті. Министрдің сөзінше, мақсат – 2016 жылы 30-40 автокөлік шығарып, оларды түрлі жағдайдағы жолдармен жүргізіп тексеруден өткізу және 2019 жылдың соңына дейін жаппай өндіріске көшу. 2020 жылы ел азаматтарына түрік маркалы машинамызды ұсынатын боламыз», – деді ол. ГЕРМАНИЯ ЕУРОПАДАН ЕСКІ МЕШІТ ТАБЫЛДЫ Германияның Вюнсфорф қаласында жүргізіліп жатқан археологиялық қазба жұмыстары кезінде ел аумағындағы көне ғибадат орны табылды. Берлиннен 60 шақырым жерден қазылған бұл жәдігерді мамандар Германия жеріндегі ең көне мешіт деп отыр. Профессорлар Райнхард Бернбек пен Сьюзан Поллок бастаған археологтар тобы бұл мешіттің шамамен осыдан 100 жыл бұрын тұрғызылғанын мәлімдеді. Бір мұнарасы бар ағаш мешіт «Хилал» атты әскери тұтқындарға арналған лагерь аумағында салынса керек. ШВЕЦИЯ ӘЛЕМДЕГІ ЕҢ КӘРІ ШЫРША Швеция жеріндегі ормандардың бірінде планетадағы ең көне шырша ағашының өсіп тұрғаны анықталды. Рекордшы атанып отырған ағаштың өсіп тұрғанына 9500 жыл болған. Оны 2004 жылы география профессоры Лейф Каллман тапқан екен. Содан кейін көп жыл бойы дарақтың шын жасын анықтауға арналған зерттеу жұмыстары жүргізіліп келіпті. Ағаштың бір кездері Солтүстік теңіз табаны жатқан жерден өсіп шыққан болуы да мүмкін.

Е ІГ Ш З МА ТІЛ ҒЫ ЫР ТЫ ПС ТА

ЫЛ ЖАМБ

ДА

БАЙЗАҚ ЖҮЗДЕН ЖҮЙРІК ОЗАДЫ Жылдағы дәстүр бойынша өткен жылдың үздік сала мамандары мен ұжымын марапаттау рәсімі өтті. Аудандық орталық аурухананың бөлім меңгерушісі Мырзағали Мәдімаров «Жылдың үздік дәрігері», Әл-Фараби атындағы Мәдениет үйінің әдіскері, ақын-сазгер Қасқырбай Нарбатыр «Жылдың үздік мәдениет қызметкері» және К.Әзірбаев атындағы саз мектебінің ұжымы «Жылдың үздік ұжымы» атанып, сый-сияпаттар тапсырылды.

БӨРІЛЕР ДЫ БАСЫНЫП БАРА

САРЫСУ МИНИСТРДІҢ АЛҒЫС ХАТЫ «Оңтүстік» өңірлік әскери қолбасшылығының рота командирі, аға лейтенант Бек Қамбарбекұлы Қазақсан Республикасының Қорғаныс министрі И.Тасмағамбетовтің Алғыс хатын иеленді. Ал рота командирінің Саудакент ауылында тұратын атаанасы Қамбарбек пен Рәшқа Қазақстан Қарулы Күштерінің Құрлық әскерлерінің Бас қолбасшысы М.Майкеевтің атынан Отанына адал ұл өсіргендері үшін Алғыс хат келді.

Сəулембай ƏБСАДЫҚҰЛЫ. «Ақ жол». Биылғы қаңтар айы мың құбылып тұр. Рас, солтүстіктегідей сұрапыл боран, үскірік аяз жоқ. Тіпті, қар соңынан жаңбыр жауып, күн жылымық болғанымен, шаруаға жайсыздық танытып тұр. Олардың мазасын алып тұрған тағы бір жағдай бар. Ол – түз тағыларының басынуы. – Аудан бойынша елді мекендерден тыс жерлерде 155 мал қыстату орны бар. Қыстауларда 20489 тонна шөп жинақталған. Жалпы жағдайлары жаман емес. Алайда, құла дүзді кезген түз тағылары шаруаларымыздың бетіне қарап отырған ірілі-ұсақты малдарына қырғидай тиіп, қырып барады. Мысалы, 6 қаңтар күні түз тағылары Қамқалы ауылының малшысы Əбиір Сағанаевтың өрісте жүрген малына тапа-тал түсте шауып, 40 бас қойын тамақтап кетті. Түз тағыларының еркінсігендері соншалықты Жаңатас қаласының іргесіндегі мал қыстауларын мекендеп отырған малшылардың қойын ғана емес түйесіне, жылқысына шауып, айбат көрсетіп тұр, – дейді аудан əкімдігі ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Серік Тоқаев. Бірлі-жарым аңшылардың əрекеті дала бөрілеріне тоқтам болатын түрі жоқ. Мəселен, аңшы Оразбай Тоққұлиев былтырдан бері жалғыз өзі 20 қасқыр соғып алыпты. Малшылар еңбегіне қой беріп, Оразбайды ынталандырып жүр екен. Жыл сайын облыстық орман шаруашылығы мекемелеріне жыртқыш аңдарды аулау үшін қаржы бөлінетін көрінеді. Алайда, биыл бұл жағынан қозғалыс жоқ. Ал Ақкөл ормандар жəне жануарлар дүниесін қорғау мекемесінің директоры Ақынбек Бектай жыртқыш аңдарды аулауға қаржы бөлінісімен, конкурс жарияланатынын, қасқырдың, шибөрінің терісінің құны белгіленіп, аңшылар түз тағысын азайтуға кірісетінін айтып берді. Ал түз тағылары бөлінетін қаражатты күтіп отырмасы анық. Тегінде мұндай мəселенің шешімін ерте күзден ұйымдастырса қайтеді деген ой келеді. Ал сарысулықтар малшыларды ұйымдастырып, бөрілердің ізіне түскен екен, нəтижесі шамалы болыпты. Оның үстіне əне бір жылдары аңшылар қоғамы деген ұйым болатын. Олар аң-құсты жою емес, сақтауды басты мақсаттары санайтын. Кейінгі жылдары екі ауданда да ол қоғамның бар-жоғы белгісіз. Елдің барлығы аңшы болып кеткен. Оның үстіне оқ-дəрі Тараз қаласында арнайы дүкендерде ғана сатылады. Дəрілерді əкелу қиын болатыны тағы анық. Малшылардың жанайқайына құлақ асатындар бар ма? Сарысу ауданы.

МОЙЫНҚҰМ КӨПІР ЖӨНДЕЛДІ

ОБЛЫСТЫҚ ӘКІМДІКТЕ

ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУҒА БӨЛІНГЕН ҚАРАЖАТ ЖЕТКІЛІКТІ Баймаханбет АХМЕТ, «Ақ жол». Əлеуметтік сала – ел əлеуетінің басты көрсеткіші. Халықтың əлеуметтік жағдайы бірінші кезекте тұруға тиіс. Облыс əкімінің аппарат мəжілісінде өңірдің əлеуметтік саласы бойынша жыл қорытындысы, сондайақ, қысқы жылыту маусымының өткізілуі əңгіме арқауы болды. Оны облыс əкімі Кəрім Көкірекбаев ашып, жүргізіп отырды. Жиынның күн тəртібіндегі негізгі мəселе – «Жұмыспен қамту жол картасы – 2020» бағдарламасының орындалу барысы бойынша облыс əкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру жəне əлеуметтік б а ғ д а рл а ма л а р б а с қ а рма с ы н ы ң б а с ш ы с ы Жо р а бе к Б аубе ко вт і ң баяндамасы тыңдалды. Басқарма басшысы облыста жыл бойғы жүзеге асырылған жұмыстарға талдау жасап, аталған бағдарламаның жаңа жұмыс орындарын құру, жұмыссыз

азаматтардың жұмысқа орналасуына ықпал ету, оларды кəсіптік даярлау жəне қайта даярлау, ақылы қоғамдық жұмыстарға тарту, жастар тəжірибесі, бос жұмыс орындары жəрмеңкелерін ұйымдастыру секілді бағыттарының жүзеге асырылуы жайына жан-жақты тоқталды. Оның айтуынша, былтыр өңірімізде жұмыссыздық деңгейін 5 пайыздан асырмау мақсатын көздеген облыстың кешенді жоспары аясында 18826 адамды жұмыспен қамту шараларына тарту ойластырылса, жыл қорытындысында бұл жоспар 139,5 пайызға орындалып, 26256 азамат жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен қамтылған. Оның ішінде 17642-і тұрақты жұмысқа орналастырылыпты. Барлық бағыттары бойынша табыспен жүзеге асырылған бағдарламаны қ а р ж ы л а н д ы ру ғ а 2 , 2 м и л л и а рд теңге қаржы бөлініп, ол толықтай игерілген. Бағдарламаға барлығы 6961 адам қатысыпты. Өткен жылдың

сəйкес кезеңімен салыстырғанда, 15-28 жас аралығындағы жастардың жұмыссыздық деңгейі 6,5-тен 4,1 пайызға төмендеген. Баяндамашының айтуынша, əлеуметтік саланың əлеуеті артуда. Елбасының жуықтағы Жолдауында ж ү к т е л г е н м і н д е т т е р г е с ə й ке с жұмыспен қамту бағдарламасы одан əрі де жалғасады. Осыған байланысты биыл облыста жұмыспен қамтудың белсенді шараларына барлығы 22 мыңнан астам адамды тарту жоспарланып отыр. Оларды жұмыспен қамту мақсатына ағымдағы жылы барлығы 8,1 миллиард теңге – оның ішінде республикалық бюджеттен – 2 миллиард 346 миллион теңге, облыс əкімінің тікелей тапсырмасымен облыстық қазынадан қосымша – 4 миллиард 713 миллион теңге, Тараз қаласы мен аудандар бюджеттерінен – 1 миллиард 41 миллион теңге қарастырылған. (Жалғасы 4-бетте).

Мойынқұм ауылы Б.Момышұлы көшесінің бір топ тұрғындары ауылдың ортасынан өтетін «Ақиық» каналына сонау 1990 жылдары салынған жаяу адам өтетін ағаш көпірді жөндеп беру туралы аудан басшылығына өтініш білдірген болатын. Өтініш жерде қалмай аталған көпір күрделі жөндеуден өткізілді. Көше тұрғындары дән риза көңіл күймен аудан әкімі Бақытжан Нүркеновке алғыстарын білдірді. Т.РЫСҚҰЛОВ ЫНТЫМАҚ. БІРЛІК. КЕЛІСІМ Көкдөнен ауылында аудандық «Жастар орталығының» ұйымдастыруымен, «Ынтымақ, Бірлік, Келісім ең басты байлық ел үшін» атты жастар флешмобы өтті. Аталған шараға белсенді қатысқан ауыл жастары көтеріңкі көңіл күй аурасын қалыптастырды. Әуезді ән шырқап, мың бұралып би билеген жастар өнеріне көкдөнендіктер дән риза болды.

Қасқырдың ойлағаны, арамдық, Қойдың ойлағаны амандық


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.