12 караша пдф

Page 1

ЖАМБЫЛДА

Сарысу ауданы

Мойынқұм ауданы

ДОСЫ КӨПТІ ЖАУ АЛМАЙДЫ, АҚЫЛЫ КӨПТІ ДАУ АЛМАЙДЫ

НЕ ЖАҢАЛЫҚ?

Мойынқұм

Жамбыл облыстық қоғамдықсаяси газет

Шу ауданы

Талас ауданы

Төле би

Жаңатас Қаратау

Жамбыл ауданы

Меркі ауданы

Байзақ ауданы

Т.Рысқұлов ауданы

Аса

Құлан

Жуалы ауданы

Меркі

Қордай ауданы Қордай

Бауыржан Момышұлы

l ТАРАЗ

№155 (18012), Сейсенбі, 11 қараша, 2014 жыл

ak-jol-taraz@rambler.ru

www. akjolgazet.kz

Газет 1922 жылғы 1 мамырдан шығады.

«Жас құтқарушы» клубтары арасында облыстық жарыс өтті. Жарысқа қатысушылар үш кезең бойынша сынға түсті. Олар сатымен жоғары қабатқа өрлеу, альпинистік құрал-жабдықты пайдалану, зардап шеккен адамдарды басқа жаққа жылдам көшіру болып табылады. Жарыс қорытындысы бойынша бірінші орынға Т. Рысқұлов аудандық «Сұңқар» командасы, екінші орынға Тараз қаласының «Сұңқар» командасы лайық деп табылды.

«ҚАЗАҚСТАН – 2050» СТРАТЕГИЯСЫ: АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ӨНДІРІСІ

ПРЕЗИДЕНТ

ЕУРОПАДАҒЫ НЕГІЗГІ СЕРІКТЕСІ

l ТАЛАС Аудан әкімдігінің білім бөлімі әдіскері Назгүл Тұрлыбекованың ұйымдастыруымен «Жер әлемін жасыл етіп сақтайық» атты акция өткізілді. Аталмыш шараға аудан мектептерінің мұғалімдері мен оқушыларының қолдарынан шыққан «Табиғи материалдардан жасалған бұйымдар» шығармашылық көрмесі ұйымдастырылды. Акцияда ауласын гүлге орап, сан алуан ағаштар отырғызған мектептер үлгі болды. Табиғат жанашыры Назгүл Тұрлыбековаға республикалық «Гүлстан» журналының бас редакторы, табиғат жанашыры Г.Құлжабаеваның алғыс хаты табыс етілді.

ӨТКЕН СЕНБІДЕ ҚАЛАНЫҢ ОРТАЛЫҚ «ДОСТЫҚ» АЛАҢЫНДА ТАҢЕРТЕҢМЕН ДӘСТҮРЛІ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТКІЗІЛДІ. ТАРАЗ ТҰРҒЫНДАРЫ ҮШІН АПТА САЙЫНҒЫ МЕРЕКЕГЕ АЙНАЛҒАН БҰЛ ШАРАҒА ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ БЕКБОЛАТ ОРЫНБЕКОВ ПЕН ОРЫНБАСАРЫ ҚАЛИЖАН ӘБДІРАЙЫМОВ ЖӘНЕ ТАРАЗ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ НҰРЖАН КАЛЕНДЕРОВ ҚАТЫСЫП, АЛАҢНЫҢ ҚОС ҚАПТАЛЫНА ҚАЗ-ҚАТАР ТІГІЛГЕН ШАТЫРЛАР АСТЫНДАҒЫ ҚЫЗҒАН САУДА БАРЫСЫН АРАЛАП КӨРДІ.

Елбасы Германияның федералдық сыртқы істер министрі Франк-Вальтер Штайнмайерді қабылдады. Кездесу барысында екіжақты сауда-экономикалық, инвестициялық және отын-энергетикалық ынтымақтастықты одан әрі нығайту мәселелері талқыланды. Сондай-ақ, өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті жайттар туралы сөз қозғалды. Қазақстан Президенті өткен айда Федералдық канцлер А.Меркельмен Миланда жүргізілген келіссөздердің жемістілігін атап айтты. – Біз өзара іс-қимылдарымыздың барлық тармақтары бойынша тағы бір рет «сағаттарымызды теңестіріп», ынтымақтастықтың деңгейі жоғары және қарқыны жақсы екенін атап өттік. Біз сіздің елді Қазақстанның Еуропадағы негізгі серіктесі санаймыз және барлық бағыттар бойынша әрі қарай да жұмыс істеуге дайынбыз, – деді Мемлекет басшысы. Өз кезегінде осы кездесу үшін алғысын білдірген Ф.Штайнмайер бұл оның Қазақстанға Германия сыртқы істер министрі ретінде келген үшінші сапары екенін айтты. – Біздің талқылайтын тақырыптарымыз көп. Әлемдегі жағдай күрделенді, дегенмен, айналып өтілмеуге тиіс тамаша сәттер де бар, мәселен, Германияда кеше Берлин қабырғасының құлатылуының 25 жылдығы атап өтілді, – деді Германия федералдық сыртқы істер министрі. Тараптар сондай-ақ, екіжақты ынтымақтастықтың дамуына тың серпін бере алатын бірқатар перспективалы бағыттарға да назар аударды.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БАС ПРОКУРАТУРАСЫНЫҢ ҮНДЕУІ «Прокуратура туралы» Заңның 25-2-бабына сәйкес заңдылықты қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы Ауғанстан, Ирак және Сирия аумағында ұрыс қимылдарына қатысатын бірқатар Қазақстан азаматтары туралы дәлелді, дұрыс ақпараттың қолда бар екенін хабарлайды. Сондай-ақ, Украинаның оңтүстікшығысындағы қарулы жанжалға қатысу мақсатында жекелеген азаматтардың шығуы туралы мәліметтер де бар. Бұл мәліметтер бойынша құқық қорғау және арнайы мемлекеттік органдар қылмыстық істер қозғап, тергеуде, ал олардың жекелегендері бойынша соттың айыптау үкімдері шығарылды. Дегенмен, қазіргі уақытта біздің азаматтарымыздың шетелге, «ыстық нүктелер» деп аталатын жерлерге, соның ішінде азғырып-көндірумен және ұрыс қимылдары аймағына тілек білдергендерді жөнелтумен айналысатын тұлғалардың көмегімен шығу талпыныстары жалғасуда. Мұндай әрекеттер Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне сәйкес қылмыс болып табылады. Атап айтқанда, Қылмыстық кодекстің 162-бабымен жалдамалылық, яғни, жалдамалыны жалдануға азғырыпкөндiру, оқытып-үйрету, қаржыландыру, сондай-ақ оны қарулы жанжалда пайдалану және оның қатысуы өмiр бойы бас бостандығынан айыруға дейінгі қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатыны белгіленген. Қылмыстық кодекстің 162-1-бабына сәйкес жалдамалылық белгілері болмаған кездің өзінде шет мемлекеттің аумағындағы қарулы қақтығыстарға немесе әскери әрекеттерге құқыққа сыйымсыз қатысу да қылмыс болып табылады. Бұл әрекетті жасағандық үшін жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жауапкершілік көзделген. Мұндай қылмыстардың ерекше қоғамдық қауіптілігін, олардың артында бейбіт азаматтарды өлтіру, олардың тұрғын үйлерін қирату және өзге мүлкінен айыру, ұрлау мен азаптау тұрғанын атап өту маңызды. Олар шет мемлекеттердегі ғана емес, біздің де елдегі тұрақтылық пен бейбітшілікке қауіпқатер әкеледі. Осыған байланысты, Бас прокуратура ұрыс қимылдарына қатысу мақсатында елді тастауға талпынған Қазақстан Республикасының азаматтарын көрсетілген қылмыстарды жасаудан сақтандырады және бұл үшін қылмыстық жауапкершілік белгіленгені туралы ескертеді. Кез-келген мұндай дабылдар құқық қорғау және арнайы мемлекеттік органдардың мұқият тексерісіне ұшырайтынын ресми түрде ескертеміз. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің жоғарыда көрсетілген баптарындағы қылмысты жоспарлағаны немесе жасағаны туралы дәлелді, дұрыс ақпараты бар адамдардың барлығы бірі қалмастан қылмыстық қудалауға ұшырайтын болады. Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы. (30 қазан 2014 жыл)

Н Е Н І Г І Л Ү Т Қ Ы АУЫЛДЫҢ АЗ здар!

алыңы

Жасұлан СЕЙІЛХАНОВ, «Ақ жол». Шыны керек, бүгінде аудандар мен облыс орталығында, Астанада жәрмеңке өткізу дағдыға айналған әрі жыл-он екі ай жалғасады, қысы-жазы үзілмейді. Осыданақ, халық негізгі азық-түлік өнімдерін осы жәрмеңкеден алып үйренді деуге болады. Әсіресе, қысқа қамданып, азық-түлік қорын жасауға жәрмеңке ыңғайлы әрі тиімді. Пайдасын өзіңіз-ақ есептей беріңіз, бір ғана мысал: Тараздағы жәрмеңкеде бірнеше апта бойы картоптың килограмы 60 теңгеден асқан жоқ. Қаланың базарларында оның бағасы 80-90 теңгеден, дүкендерінде одан да жоғары дейді. Содан болар, жәрмеңке ашылмай жатып жұрт картопқа кезекке тұрып алған. Ет, сүт өнімдері де мұнда арзан. Әрі ауылдан тікелей келген сапалы өнім. Қала тұрғындары да ауылдың азық-түлігінің дәмін біліп алған сияқты бүгінде. Себебі, онсыз да сығылысқан қала орталығы ертеңгілік жеңіл көлікке сыймай кетеді. Оның да өз жөні бар. Саудаларының өнімді болатынын білетін тұтынушылар жәрмеңкеге көбіне көліктерімен келетін болған. Расымен де аз ғана уақыттан кейін нағыз соғым соятын кез келеді. Алайда, оған кез-келген қалалықтың қолы жете бермесі анық. Осыны ескерген бе, жәрмеңкеге түрлі мал еттерін молынан алып келіпті. Облыс

әкімдігінің ұйымдастыруымен облыс тұрғындарына азық-түлік тауарларын ауылшаруашылық тауар өндірушілерден тікелей, алып сатусыз, төмендетілген бағамен сатып алуларына мүмкіндік беретін ауылшаруашылық өнімдерінің бұл жолғы жәрмеңкесіне Байзақ, Жамбыл, Жуалы, Т.Рысқұлов аудандары және Тараз қаласының ауылшаруашылық тауар өндірушілері қатысты. Облыс әкімдігі ауыл шаруашылығы басқармасы баспасөз қызметінің берген мәліметіне сүйенсек, жәрмеңкеге ұсынылған тауардың құны 38,7 миллион теңгені құрады. Және жәрмеңкедегі тауарлар базардағы бағадан 5-39 пайыз арасында арзан сатылу бекітілген. Тараздықтарға 159,7 тонна ауылшаруашылық тауары ұсынылды. Оның ішінде, 12 тонна ет өнімдері (жылқы, сиыр, қой, шошқа, құс еті), 5 тонна сүт өнімдері, 5000 дана жұмыртқа және 118,7 тоннадан астам жеміс-жидектер мен көкөніс өнімдері, тағы басқа да ауыл шаруашылық тауарлары өткерілді. Ет өнімдерінің ішінен ең қымбаты қазы мен жая болды. Екеуі де 1400 теңгеден сатылды. Өткен аптада да осы баға қойылған еді. Ал, жылқы еті сол бұрынғысынша – 1150, сиыр еті 1000 теңгеден өткізілді. Қойдың еті 900 теңге болса, шошқа 1200 теңгеге бағаланып, тауық еті 400 теңгеге сатылып жатты. Қысқасы, тауарлардың әрқайсысының бағасына тоқталып, талдап

Жыланның уы басында, Бейқамның жауы қасында.

жатпайық, олар ұйымдастырушылар бекітіп, әр шатырға іліп қойған бағалармен босатылды. Дегенмен, картоп пен қырыққабатқа, алмаға сұраныстың көптігі байқалды. Еттің барлық түрі мол болды. Тіпті бүтін сойылған семіз қой етіне дейін тұрды. Шұбат пен қымыздың да бәсі жоғарырақ болды. Халқымызда «Ауылым – алтын бесігім» деген жақсы сөз бар. Шындығында да, ауыл – қазақтың қара шаңырағы, дәстүрлі шаруашылығының асыл қазығы, атамекені. Ендеше, ауылды дамыту – ауылшаруашылығын өркендету деп білеміз. Апта сайынғы жәрмеңкенің өткізіліп отыруы шын мәнінде қалалықтар үшін үлкен мереке. Базар тиімді, арзан болса халық сонда ағылар еді. Мұнда керегіңді әрі оның сапалысын арзан бағаға іздеп табасың, – дейді Тараз қаласының тұрғыны Жанболат Манабаев. Ауылдың сүті мен еті, жеміс-жидегі қалалықтар үшін ерекше ыстық, қымбат қазына. Апта сайын шатырын тігіп, есігін айқара ашатын ауылшаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі осының дәлелі. Қашанда жәрмеңкесімен қаланың қамқоры болып келе жатқан ауылдың жылыжұмсағы мұнымен шектеліп, тәмамдалып қалмайды. Ұйымдастырушылар жәрмеңке әр сенбі сайын жалғасады деп отыр.

l ШУ Аудандық «Шу өңірі»-«Шуская долина» газетін ұзақ жыл басқарған, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Ахметжан Қосақовтың құрметті демалысқа шығуына байланысты салтанатты рәсім өтті. Рәсімге аудан әкімі Б. Нүркенов қатысып, А.Қосақовтың жемісті еңбегін бағалай келіп, иығына шапан жапты. Ал газеттің фототілшісі, Қазақстанның Құрметті журналисі П. Норкин қызықты естеліктер айтты. Аудан өмірінің айнасы «Шу өңірі»-«Шуская долина» газетінің тізгінін осы газетте бұған дейін бас редактордың орынбасары қызметін атқарып келген Нұржан Қадырбеков ұстады.

ДАБЫЛ ! З ҚАҒАМЫ

БАҒАНАНЫ ЖАЛҒА АЛЫҢЫЗ ДА, АҚША ТӨЛЕҢІЗ! «ЖАМБЫЛ ЭЛЕКТР ЖЕЛІЛЕРІ» ЖШС БҮЙРЕКТЕН СИРАҚ ШЫҒАРЫП, КӘСІПКЕРЛЕРДІ ҚЫСПАҚҚА АЛЫП ОТЫР БІРНЕШЕ ЖЫЛ БҰРЫН КӨТЕРІЛІП БАРЫП БАСЫЛҒАН БАҒАНАЛАРДЫ ЖАЛҒА АЛУ МӘСЕЛЕСІ ТАРАЗДА ҚАЙТА УШЫҒА БАСТАДЫ. БҰЛ ЖОЛҒЫСЫ БИЗНЕС ӨКІЛДЕРІНІҢ ШЫМБАЙЫНА ҚАТТЫ БАТҚАН СИЯҚТЫ. ОҒАН ОБЛЫСТЫҚ КӘСІПКЕРЛЕР ПАЛАТАСЫНА «ЖАМБЫЛ ЭЛЕКТР ЖЕЛІЛЕРІ» ЖШСНЫҢ ҮСТІНЕН АТАЛҒАН МОНОПОЛИСТ МЕКЕМЕНІҢ ЖАҢА ТАРИФТІК БАҒА ЕНГІЗУІНЕ ҚАТЫСТЫ ШАҒЫМ АЙТУШЫ КӘСІПКЕРЛЕР ҚАТАРЫНЫҢ КӨБЕЙІП ОТЫРҒАНДЫҒЫ ДӘЛЕЛ.

Суретті түсірген Ақәділ РЫСМАХАН.

(ЖАЛҒАСЫ 3-БЕТТЕ).

БЮДЖЕТ НАҚТЫЛАНДЫ Сапарғали ӘЛІБАЙ, «Ақ жол».

Халық мақалы.

Жамбыл ауданындағы №15 сайлау округінен депутат Ғалымжан Сағынтаевтың төрағалығымен өткен бесінші шақырылған облыстық мәслихаттың кезектен тыс 31інші сессиясының жұмысына облыс әкімінің бірінші орынбасары Бекболат Орынбеков, облыс әкімдігі басқармаларының басшылары және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Сессияда облыс әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Жомарт Әмірханов «2014-2016 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» Жамбыл облыстық мәслихатының 2013 жылғы 18 желтоқсандағы №20-3 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» және «Жамбыл

облысын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы туралы» Жамбыл облыстық мәслихатының 2014 жылғы 26 маусымдағы №26-8 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» баяндамалар жасады. Ол күн тәртібіндегі бірінші мәселе — облыстық бюджет кірістерінің 400 миллион теңгеге қысқартылғанын, ал бюджеттің шығыс бөлігі бойынша мемлекеттік сатып алу нәтижелері барысында үнемделген сома есебінен облыс әкімдігінің білім, ауыл шаруашылығы, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар, мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы сияқты бюджеттік бағдарламалар әкімшілеріне, сол сияқты бірқатар әлеуметтік маңызды бюджеттік жобаларды іске асыруға қаражат бөлу қарастырылғанын таратып айтып, халық

қалаулыларының қолдау көрсетуін сұрады. Сессияда күн тәртібіндегі үшінші мәселе — «Қайта өңдеуші кәсіпорындардың ауылшаруашылық өнімін тереңдете қайта өңдеп шығаруы үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамы туралы облыс әкімдігі ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Зиятхан Өмірәлиев хабарлама жасады. Халық қалаулылары облыстық мәслихат сессиясының қарауына облыс әкімдігі ұсынған үш мәселе бойынша да тиісті шешім қабылдады. Сессия Тараз қаласындағы №9 сайлау округінен депутат Мұқаш Ескендіровті бесінші шақырылған облыстық мәслихаттың 32-інші сессиясының төрағалығына сайлады.

ӨМІРДЕН КІМ ӨТКЕНІН БІЛЕСІЗ БЕ? А

ЫНД ЫР АСТ ЫС – Қ

БАҚҰЛ БОЛ,

Қ

БИЫЛ МЕРКІ АУДАНЫ БОЙЫНША МАЛ ҚЫСТАТУҒА 35410 БАС МҮЙІЗДІ ІРІ ҚАРА, 232154 БАС ҚОЙ-ЕШКІ, 11478 БАС ЖЫЛҚЫ, 140 БАС ТҮЙЕ,1225 БАС ШОШҚА ТҮСКЕЛІ ОТЫР.

БАТЫР ҰШҚЫШ!

ҚЫСТАУЛАРҒА ЖЕМШӨП ЖЕТКІЗІЛУДЕ Сейсен ҚОЖЕКЕ, «Ақ жол». «Қазіргі таңда «Жылы бұлақ-Меркі», «Меркі» асыл тұқымды қой зауыты, «Аспара» сияқты ірі шаруашылықтарда қойды қолдан ұрықтандыру науқаны аяқталып, енді алыс мал жайылымдарындағы қыстауларға мал азығын тасу жұмысы қолға алынды», – дейді аудандық ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы Садық Бұтабаев. Оның айтуынша қыстау

басына бүгінгі таңға 128 мың 300 тонна жемшөп жеткізілген. Бұдан басқа қолдағы малға тоғыз мың бес жүз тонна сүрлем, 12900 тонна сабан, 21 мың тонна жем дайындалған екен. «Сарықобы», «Қосқұдық» сияқты шалғайдағы қыстауларға мал азығы тасымалдануда. Осы іске 48 трактор мен 21 жүк автокөлігі жегілген. Олар қар түскенше қыстау басына жемшөптің жеткілікті қорын жеткізіп алуға күш жұмсауда. Меркі ауданы.

Қазақ халқының айтулы перзенті, даңқты ұшқыш, авиация генералмайоры, Кеңес Одағының екі мәрте б а ты р ы , Та лғ а т Ж а қы п б е к ұ лы Бигелдинов 10 қарашаға қараған түні өмірден өтті. Бұл қаза бүкіл қазақтың қабырғасын қайыстырып, әрбір жүректі сыздатары анық. Өйткені, оның әскери әуе қорғанысында сіңірген ерен еңбегі еліміздің тарихынан айрықша орын алып, халқымыздың жадынан өшпек емес. Талғат Бигелдинов 1922 жылы 5 тамызда Ақмола облысында дүниеге келген. Оның балалық-жастық шағы Бішкекте өтті. 16 жасында аэроклубқа оқуға түседі. 1943 жылдың қаңтарында Калинин майданына алынады, оған 296-дивизияның 800-ші шабуылдаушы авиациялық полкының Ил-2 шабуылдағыш ұшағының тізгіні беріледі. 1944 жылдың қазан айында Знаменка және Кировоград қалаларын жаудан азат етуде ерлік пен әскери шеберлік көрсеткені үшін және жаудың төрт ұшағын атып түсіргені үшін аға лейтенант Бигелдинов Кеңес

Одағының Батыры атағы атанды. Осы уақытқа дейін ол әуеде 200-ге жуық әскери тапсырманы орындаған болатын. Даңқты ұшқыш Берлинді азат ету үшін болған ұрысқа да қатысты. 1945 жылдың 27 маусымында оған Кеңес Одағының Батыры атағы екінші рет берілді. Ол барлығы 305 әскери ұшуды жүзеге асырды. 2012 жылы авиация маршалы Александр Ефимов өмірден өткеннен кейін Талғат Бигелдинов Кеңес Одағының Батыры атағын екі мәрте алғандардың арасында Ұлы Отан соғысы кезіндегі ерлігі үшін «Алтын Жұлдызды» иеленген көзі тірі жалғыз адам болған еді. Кеше Президент Нұрсұлтан Назарбаев аты аңызға айналған ұшқыш Талғат Бигелдиновтің өмірден өтуіне байланысты оның отбасына көңіл айтты. Онда ел басына күн туғанда Отанды қалай сүю керектігін көрсетіп, өзінің әскери өнері мен ерлігі арқылы туған халқының абыройын асқақтатты делінген. Бақұл бол, батыр ұшқыш!


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.
12 караша пдф by akjolgazet - Issuu