12 науырыз пдф 2016

Page 1

Жамбыл облысты о амды саяси газет

Ж

(АБАЙ).

А

БІРІҢДІ, ҚАЗАҚ, БІРІҢ ДОС, КӨРМЕСЕҢ, ІСТІҢ БӘРІ БОС.

А ҺАН Д

және

Сарысу Сар Са Сары С ар а ары ры ысу су ауданы ау ауда ауд а уда у уд да д аны ны

Мойынқұм Мой Мо М ой йы ын ын ауда а ау у уд уда дан да ауданы

ЖАМБЫЛДА

Мойынқұм

Шу ауданы

Талас ауданы

Төле би

Жаңатас Қаратау

Жамбыл ауданы

Меркі ауданы

Байзақ ауданы

Т.Рысқұлов ауданы

Аса

Құлан

Жуалы ауданы

Қордай ауданы Қордай

Меркі

Бауыржан Момышұлы

№29 (18223), Сенбі, 12 наурыз, 2016 жыл

ak-jol-taraz@rambler.ru

www. akjolgazet.kz

Газет 1922 жыл ы 1 мамырдан шы ады.

НДА ЖАҺА

ПРЕЗИДЕНТ

ЖАПОНИЯ АҒАШТАН КӨЛІК ЖАСАП ШЫҒАРДЫ

«ЖАСТЫҚ! ЖІГЕР! ЕҢБЕК!» АТТЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ФОРУМҒА ЕЛДІҢ БАРЛЫҚ ӨҢІРІНЕН ҮШ МЫҢДАЙ ЖАСТАР ӨКІЛІ ҚАТЫСТЫ

Toyota компаниясы ағаштан жасалған жаңа көлік түрін көпшіліктің назарына ұсынды. Мамандар жаңа көлікті Toyota Setsuna деп атады. Setsuna сөзі жапон тілінен аударғанда «қасқағым» деген мағынаны білдіреді. Автомобиль ағаштың бірнеше түрінен жасалған. Мәселен, көліктің рамасы тегіс жапырақты қайыңнан дайындалса, шанағы үшін жапон самырсыны қолданылған. Ал рөлі сауырағаштан ойылған. Көлік электромотордың көмегімен жүреді. ҚЫТАЙ ШАНХАЙДА ЛАҒМАНДЫ РОБОТТАР ПІСІРУДЕ Шанхай қаласындағы мейрамханалардың бірінде лағманды роботтар әзірлеуде. Кеспенің бұл түрінен қаланың Бэйвайтань сауда орталығында дәм татуға болады. Мұндағы роботтар тамақты дәмді етіп пісіріп, келген қонақтармен әңгімелесіп, олардың көңілін аулайды екен. Темірден жасалған аспаздар мейрамханадағы жұмысты тең бөлісіп атқарады. Олар бір тәрелкеге лағман салу үшін 1,5 минут жұмсайды. КАНАДА КӨРІНБЕЙТІН ПЛАЩТАР ШЫҚТЫ

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ақтөбе облысына жасаған жұмыс сапарында «Жастық! Жігер! Еңбек!» атты республикалық жастар форумына қатысты. Форумға елдің барлық өңірінен үш мыңдай жастар өкілі қатысты. Іс-шара барысында форумға қатысушылар «Гүлдене бер, туған ел!» жалпыұлттық марафонэстафетаның басталғанын мəлімдеді. Мемлекет басшысы мұнда ел үміт артқан ең талапшыл жастар жиналғанын атап өтті. – XXI ғасырды біз жаһандық сынқатерлер дəуірі ғана емес, жас, қуатты жəне талантты адамдардың дəуірі деп те атаймыз. Қазақстанда бүгінде əрбір төртінші азамат – жас ұрпақтың өкілі. Мені сіздердің білімдеріңіз, шетел тілдерін игергендеріңіз, инновацияға ашық болуға талпыныстарыңыз қуантады. Араларыңызда ақылы мен білімі қазірдің өзінде Отанымызға пайдасын тигізіп жатқан жастар аз емес. Əлем жұрты көп ұзамай жаңа қазақстандық ғалымдар, дəрігерлер, инженерлер, музыканттар мен спортшылар туралы естіпбілетініне сенімдімін, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақстан Президенті жастар қазіргі уақытта ұсынылып отырған мүмкіндіктерді пайдалануы қажеттігін айтты. – Біз заманауи білім беру жүйесін, зияткерлік мектептер, Астанада халықаралық университет аштық. Жыл сайын мыңдаған студентті əлемнің үздік университеттеріне жібереміз. Өмірдегі ең басты нəрсе – білім, жоғары кəсібилік жəне өз Отаныңа адалдық, мен сіздерді осыны есте ұстауға шақырамын. Сіздерде зор күш-қуат пен шығармашылық əлеует бар. Осының бəрін өмірлеріңіздегі ең басты мақсатқа жетуге бағыттаңыздар, – деді Мемлекет басшысы. Нұрсұлтан Назарбаев біздің ел жастар дың əлеуетін дамытуға жəне жүзеге асыруға қажетті жағдайлар жасап жатқанын айтты. – «100 нақты қадам» – Ұлт жоспарында жастарды қолдауға бағытталған шаралар қарастырылған. «Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020», «Бизнестің жол картасы-2020», «Дипломмен – ауылға», «Жасыл ел» жобалары арқылы жарты миллион қазақстандық жас қамтылған. «Қолжетімді баспана» бағдарламасы аясында жас отбасыларға 3,5 мыңнан астам пəтер берілді. Бұл жұмыс əлі

Білім алмай болдым деме, Еңбек етпей толдым деме. СЫ АРМАНШЫЛ ІҢ БАЛА Д КЕЛ Л Е ӨСЕР Е

ДІ

... ИСААК МУСТОПУЛО АҒЫЛШЫННЫҢ АТАҚТЫ ҒАЛЫМЫ СТИВЕН ХОКИНГПЕН КЕЗДЕСЕДІ

жалғасады. 2017 жылдан бастап əрбір орта мектеп түлегі мемлекет есебінен алғашқы мамандығын меңгеріп шығатын болады. Жаһандық дағдарысқа қарамастан, біз барлық ресурсты еңбек адамын қолдауға бағыттаймыз. Бұл біздің экономикамыздың дамуы үшін мультипликативті əсерді қамтамасыз етеді, қазақстандықтар үшін қуатты «əлеуметтік саты» қалыптастырады жəне жастардың игілігін арттырады, – деді Қазақстан Президенті. Мемлекет басшысы бүгінде елімізде жолдар салынып, индустрия дамытылып, жаңа жұмыс орындары мен инновациялық кəсіпорындар ашылып жатқанына назар аударды. – Сіздердің тың идеяларыңыз бен жастық жігерлеріңізді қажет ететін жүздеген, мыңдаған жұмыстар бар. 200 мыңдық сарбазы бар «Жасыл ел» акциясы нағыз ерлік болды, олар 10 жылда 115 мың гектар аумақта 50 миллион ағаш отырғызды. Осы игі миссияны жалғастырып, Қазақстанды жасыл əрі болашақ ұрпақ үшін таза өлкеге айналдыру керек. Сіздер Универсиада мен халықаралық «ЭКСПО-2017» көрмесін өткізу ісіне белсене қатысатындарыңызға сенімдімін. Осының бəрі сіздер үшін, сіздердің

болашақтарыңыз бен еліміздің болашағы үшін жасалуда. Жастарымыз мемлекет қамқорлығына үздік оқумен, спорттағы жəне шығармашылықтағы табыстарымен, Отанына қызмет етуімен жауап береді деп сенемін, – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Соңында Қазақстан Президенті елдің барша жастарына сөз арнады. – Сіздер – елдің болашағысыздар. Сіздер мен біздің ұлы мақсатымыз бар. Армандар ұмтылған кезде ғана орындалады. Қазақстан ХХІ ғасырда қуатты əрі өздеріңмен бірге өркендейтін ел болуы үшін сіздердің күш-жігерлеріңіз, ынтымақтарыңыз, табандылықтарыңыз бен таланттарыңыз жеткілікті екеніне сенемін, – деді Мемлекет басшысы. Сондай-ақ Н. Назарбаев Ақтөбе қаласындағы физика-математика бағытындағы зияткерлік мектепте болды. Мектептің оқу сыныптарын, спорт залын, шығармашылық жəне ғылыми-зерттеу жұмыстары көрмесін аралап көрді. Елбасы мұнан кейін Ақтөбе мұнай жабдықтары зауытында болып, кəсіпорын жұмысшыларымен, облыстың шағын жəне орта бизнес өкілдерімен əңгімелесті.

-2050» СТРАТЕГИЯСЫ: МЕЖЕ МЕН М Н А Т С ІНДЕ ЗАҚ Т «ҚА

«Ақ жол-Ақпарат».

ЫЛ ЖАМБ

ДА

ЖАМБЫЛ ҚАРАТӨБЕДЕ ГИПС ЗАУЫТЫ, ТҮРКСІБТЕ КҮН ЭЛЕКТР СТАНСАСЫ Ауданда 2 инвестициялық жобаны іске асыру көзделуде. Оның бірі Қаратөбе ауылдық округі Бектөбе ауылындағы «КазУпакТрейд» ЖШС гипс зауытын соғуды, ал Бесағаш ауылдық округіне қарасты Түрксіб ауылында «Көгенхан» ЖШС 10 МВт-тық күн электр стансасының құрылысын жүргізуді қолға алмақ. ЖУАЛЫ МЫҢДАРҒА АРНАЛҒАН МИЛЛИОНДАҒАН НЕСИЕ Өткен жылы «KazMicroFinance» ЖШС-ның аудандық бөлімшесінен 2363 адамға – 660 миллион теңге, «Жуалы несие серіктестігі» ЖШС 5 адамға – 43 миллион 675 мың, «Азия несие қоры» ЖШС 849 адамға – 154 миллион 478 мың, «Арнур-кредит» 141 адамға 41 миллион 629 мың теңге несие берді. МОЙЫНҚҰМ БІР КҮНДЕ 1000-1500 КИЛОГРАММ БАЛЫҚ Мыңарал ауылындағы «Мыңарал компаниясы» ЖШС-ның жылына 1,5 мың тонна балық өңдейтін зауыты күніне 1000-1500 килограмм аралығында балық аулауда. Балқаш көлінен жалға алынған су айдынынан жылына 800 тоннаға дейін балық ауланады. Зауыт жақында балық етінен филе жасауды бастады. Ал балық өңдеуден қалған қалдықтардан ұнтақ жасалады.

БИЫЛ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ Сəулембай ƏБСАДЫҚҰЛЫ, «Ақ жол». ДАҒДАРЫСҚА ҚАРАМАСТАН, МЕМЛЕКЕТІМІЗДЕ ӘЛЕУМЕТТІК САЛАНЫ ДАМЫТУҒА БАСА КӨҢІЛ БӨЛІНУДЕ. ЕЛБАСЫ ТАПСЫРМАСЫМЕН ӘЛЕУМЕТТІК МӘСЕЛЕЛЕРДІ ШЕШУ ҮШІН АПАТТЫ ЖАҒДАЙДАҒЫ МЕКТЕПТЕР МЕН ЕМХАНАЛАР ҚҰРЫЛЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА. ІРГЕСІ ӨТКЕН ЖЫЛЫ ҚАЛАНҒАН ҚАРАТАУ ҚАЛАСЫНДАҒЫ ЖАҢА ЕМХАНА ҚҰРЫЛЫСЫНЫҢ БИЫЛ ДА ҚАРҚЫНДЫ ТҮРДЕ ЖАЛҒАСУЫ – ОСЫ СӨЗІМІЗДІҢ ДӘЛЕЛІ.

ЖАЗЫЛЫМ – 2016

Арғынбай БЕКБОСЫН, ақын, публицист, цист, қоғам қайраткері. аткері.

«АҚ ЖОЛ» – әр шаңыраққа!

(Жалғасы 3-бетте).

Ағылшынның атақты ғалымы Стивен Хокинг Таразда тұратын жас данышпан Исаак Мустопуломен кездесуге дайын. Бұл туралы ОКҚ брифингінде «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ басқарма басшысының орынбасары Жұматай Сəлімов мəлім етті. Брифингте Ж. Сəлімов тараздық Исаактың «Үйлесім гармониясы» жобасы үшін түрлі мүмкіндігі бар арнайы жүлдеге ие болғанын еске салды. «Исаак Мустопуло – жеңімпаз. Əрине, ол сал ауруына шалдыққан, бірақ соған қарамастан, астрофизикамен айналысып келеді. Міне, жас данышпан осы аталымда жеңімпаз атанды. Мақтау қағазымен марапаттаған кезде, Исаак ағылшынның атақты ғалымы Стивен Хокингпен кездескісі келетін арманын айтқан», – деді ол. Стивен Хокинг – ағылшынның атақты ғалымы, ол да астрофизикамен айналысады, ол да жастайынан мүгедектер арбасына таңылды, бірақ бүгінде ғылым əлемінде даңқы зор. Стивен Хокинг қазақстандық баланың өзімен кездескісі келетінін білгенде оған қуана-қуана келіскен. Сондықтан алдағы уақытта Исаак Ұлыбританияға барып Стивен Хокингпен кездесіп, Кембриджде болып, ағылшындардың ғылым музейін тамашалайтын болады.

Бүгінгі таңда көрінбейтін плащтар ғылыми жетістіктердің арқасында шындыққа айналды. Көрінбейтін плащ арнайы ерекше материалдан жасалады. Оның технологиясы «Quantum Stealth», яғни «Жарықтық бүгілу» деп аталады. Ғалымдар белгілі бір себептерге байланысты материалдың жасалу жолын ашып айтпай отыр. Канадалық ғалымдар әзірше осы технологиямен апельсин пішіндес заттарды ғана түгелімен көрінбейтін ете алатындарын айтты. Ол ешқандай қосалқы заттардың көмегінсіз-ақ жасырады.

КӨКТЕМГІ ЕГІС

ДАЛА ТӨСІНДЕГІ ДҮБІР ТОЛАСТАҒАН ЖОҚ Баймаханбет АХМЕТ, «Ақ жол». Өңір егінші-диқандарының қосқа шыққанына да бір жетідей уақыт болып қалды. Бүгінде жер-жерде жерді жырту, өңдеу, тұқым себумен байланысты көктемгі егісдала жұмыстары қыза түсуде. «Көктемнің бір күні – жылға азық» екенін жақсы білетін дала еңбеккерлерінде тыным жоқ. – Биыл дəн сеуіп, егін егуде күннің жылы шуақты күндері мен жерде аз-кем болса да ылғалдың барын сəтімен пайдаланып үлгергендердің асығы алшысынан түспек. Олардың кепілді өнім алары да анық. Міне, сондықтан да өңірдің егінші-диқандары көктемнің əр сəтін ұтымды пайдаланып қалуға күш салуы тиіс. Əзірге себік ісінде селкеулік жоқ, шаруашылықтар тұқыммен

жеткілікті қамтылған, – дейді бұл тұрғыда облыс əкімдігінің ауыл шаруашылығы

басқармасы егіншілік бөлімінің басшысы Шəкір Момынқұлов. Оның айтуынша, дəл қазіргі уақытта алқаптарда негізінен ақ егіс, көпжылдық шөп жəне көккөніс егу ісі қатар жүргізілуде. Биыл

жоспарға сай дақылдар 593, 2 мың гектар алқапқа орналастырылады деп күтіліп отыр екен. Жаздық масақты дəнді дақыл 141 400 (оның ішінде арпа – 137 900, бидай – 3, 5 мың) гектар алқапқа өсірілмек. Бүгінгі күнге дейін барлығы 38 384 гектар жерге дəн себілген. Т. Рысқұлов ауданындағы Луговой жылқы зауыты өз қарамағындағы 8 мың гектар алқапқа масақты дақыл егуді толығымен аяқтап та шыққан. Байзақ ауданында бұл іс бел ортаға жуықтапты. Базбір жерлерде бұл іс енді қарқын алып келеді. Сондай-ақ, өңірде көпжылдық шөп – 5930, пияз 2506 гектарға егіліпті. Мамандар таулы аймақтарда сəл кештеу басталатын дала жұмыстары сəуір айына дейін мəресіне жетуі тиістігін айтады. Себік жұмыстары одан əрі жалғасуда. Даладағы дүбір əлі бəсеңси қойған жоқ.

Ахмет БАЙТҰРСЫНҰЛЫ: «Газет — халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек. Дүниеде болып жатқан істер, сөйленіп жатқан сөздер — кімге пайдалы? Кімге зарарлы екендігін күні бұрын біліп, пайдалы болса, шаттанып, зарарлысынан сақтандырып тұрады». «ҚАЗПОШТА» БАЙЛАНЫС БӨЛІМШЕЛЕРІНДЕ: ЖЕКЕ ЖАЗЫЛУШЫЛАР ҮШІН Ауыл тұрғындары үшін 6 айға – 2414.40, 1 жылға – 4828.80 теңге ИНДЕКСІ 65457 Қаратау, Жаңатас, Шу қалалары бойынша 6 айға – 2185.08, 1 жылға – 4370.16 теңге ИНДЕКСІ 65457 Тараз қаласы бойынша 6 айға – 2041.26, 1 жылға – 4082.52 теңге ИНДЕКСІ 65457

КӘСІПОРЫНДАР МЕН ҰЙЫМДАР ҮШІН Ауылдағы кәсіпорындар мен ұйымдар үшін 6 айға – 2664.42, 1 жылға – 5328.84 теңге ИНДЕКСІ 15457 Қаратау, Жаңатас, Шу қалалары бойынша 6 айға – 2435.10, 1 жылға – 4870.20 теңге ИНДЕКСІ 15457 Тараз қаласы бойынша 6 айға – 2291.28, 1 жылға – 4582.56 теңге ИНДЕКСІ 15457


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.