КЕРЕЙ МЕН ЖӘНІБЕК ТІККЕН СОЛ КИЕЛІ ТУ ЖЫҒЫЛҒАН ЖОҚ. ОЛ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТӘУЕЛСІЗДІК АЛУЫМЕН БІРГЕ АСПАН АСТЫНДА ҚАЛЫҚТАҒАН ҚЫРАНДАЙ ШЫРҚАУ БИІККЕ КӨТЕРІЛЕ ТҮСТІ. СОНДЫҚТАН БІЗ ТӘУЕЛСІЗДІКТІҢ КӨК БАЙРАҒЫН БЕРІК ҰСТАП, ЕГЕМЕНДІГІМІЗДІ КӨЗІМІЗДІҢ ҚАРАШЫҒЫНДАЙ ҚОРҒАУҒА ТИІСПІЗ. НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ.
ДОСЫ КӨПТІ ЖАУ АЛМАЙДЫ, АҚЫЛЫ КӨПТІ ДАУ АЛМАЙДЫ
Жамбыл облыстық қоғамдықсаяси газет
№113 (18147), Сенбі, 12 қыркүйек, 2015 жыл
ak-jol-taraz@rambler.ru
www. akjolgazet.kz
Газет 1922 жылғы 1 мамырдан шығады.
ҰЛЫ ДАЛА ЕЛІНДЕГІ ҰЛЫ ТОЙ БАСТАЛДЫ
ІС-ШАРАҒА ӘЗЕРБАЙЖАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ ИЛХАМ ӘЛИЕВ, ҚЫРҒЫЗ РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ АЛМАЗБЕК АТАМБАЕВ, ТҮРКИЯ ҰЛЫ ҰЛТТЫҚ ЖИНАЛЫСЫНЫҢ СПИКЕРІ ИСМЕТ ЙЫЛМАЗ, ТҮРІКМЕНСТАН ҮКІМЕТІНІҢ ВИЦЕ-ПРЕМЬЕРІ САПАРДҰРДЫ ТОЙЛИЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПАРЛАМЕНТІНІҢ ДЕПУТАТТАРЫ, ЗИЯЛЫ ҚАУЫМ ӨКІЛДЕРІ, СПОРТ, МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ӨНЕР ҚАЙРАТКЕРЛЕРІ ҚАТЫСТЫ. САЛТАНАТТЫ ЖИЫНҒА ҚАТЫСУШЫЛАР АЛДЫНДА СӨЗ СӨЙЛЕГЕН МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНЫҢ 550 ЖЫЛДЫҒЫН МЕРЕКЕЛЕУ – ХАЛҚЫМЫЗДЫҢ ДАҢҚТЫ ШЕЖІРЕСІНЕ ТАҒЗЫМ ЖӘНЕ ҚАЗІРГІ ҰРПАҚ ҮШІН ТАРИХТАН ТАҒЫЛЫМ АЛУ ЕКЕНІН АТАП ӨТТІ. НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАННЫҢ БҮГІНГІ ҰРПАҒЫ ЕЛ МӘРТЕБЕСІН БҰРЫН-СОҢДЫ БОЛМАҒАН БИІККЕ КӨТЕРІП, АТАБАБАЛАРЫМЫЗДЫҢ САН ҒАСЫРЛЫҚ АРМАНЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРҒАНЫН АЙТТЫ. ҚАЗАҚСТАН ПРЕЗИДЕНТІ СОНДАЙ-АҚ 2 МЫҢ ЖЫЛДАН АСТАМ ТАРИХЫ БАР ЕЖЕЛГІ ТАРАЗДА БІР АЙДАН КЕЙІН ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНЫҢ 550 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН МОНУМЕНТ САЛТАНАТТЫ ТҮРДЕ АШЫЛАТЫНЫН МӘЛІМДЕДІ. ҚАСИЕТТІ ЖЕРІМІЗДІҢ ТАРИХЫ БІРНЕШЕ МЫҢДАҒАН ЖЫЛДАРҒА ЖАЛҒАСАТЫНЫН ЕСТЕ ҰСТАЙ ОТЫРЫП, БАБАЛАРДЫҢ ЕРЛІК ІСТЕРІНЕ ТАҒЗЫМ ЕТЕМІЗ. ОЛ ӨЗІНІҢ БІРЕГЕЙ ӨРНЕГІМЕН ЕУРАЗИЯНЫҢ БҰРЫНҒЫ ЖӘНЕ ҚАЗІРГІ ӨРКЕНИЕТТЕРІМЕН БІТЕ ҚАБЫСЫП ЖАТЫР, – ДЕДІ НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ. МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҺАН ЖҰРТШЫЛЫҒЫНА ТАНЫМАЛДЫҒЫН АРТТЫРА ТҮСУ ҮШІН ӨТКЕН ТАРИХЫМЫЗ БЕН КЕЛЕШЕК ЖОЛЫМЫЗДЫ САРАЛАУДЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫНА НАЗАР АУДАРДЫ. ӘЛЕМДЕ КЕЙБІР ХАЛЫҚТЫҢ РЕСМИ МЕМЛЕКЕТТІК АТАУЫМЕН ҚАТАР АЙРЫҚША БЕЙРЕСМИ ҰҒЫМДЫ ҚОЛДАНУЫНЫҢ МЫСАЛЫ КӨП. БІЗДІҢ КИЕЛІ ЖЕРІМІЗДІ ЕЖЕЛДЕН ҰЛЫ ДАЛА, АЛ БІЗДІ ҰЛЫ ДАЛА ПЕРЗЕНТТЕРІ ДЕП АТАҒАН, – ДЕДІ ҚАЗАҚСТАН ПРЕЗИДЕНТІ. НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ ОТАНЫМЫЗДЫҢ ХАЛЫҚТЫҚ АТАУЫ ОНЫҢ ӨТКЕНІН, ҚАЗІРГІСІ МЕН БОЛАШАҒЫН БЕЙНЕЛЕЙТІНІН АТАП КӨРСЕТТІ. ОНДА ҚАЗАҚСТАНЫМЫЗДЫҢ БОЛМЫСЫ, ОНЫҢ НЕГІЗГІ ҚЫРЛАРЫ КӨРІНІС ТАПҚАН. БҰЛ – АҚЖАРҚЫНДЫҒЫМЫЗ БЕН КЕҢ ПЕЙІЛІМІЗ, ЖҮРЕГІМІЗДІҢ ЖЫЛЫЛЫҒЫ, ҚОНАҚЖАЙЛЫҚ ПЕН БЕЙБІТСҮЙГІШТІК, ДАНАЛЫҚ ПЕН БАЙЫПТЫЛЫҚ, ЕҢБЕКҚОРЛЫҚ ПЕН ЖІГЕРЛІЛІК. БҰЛ – ӨЗ КҮШІМІЗГЕ ЖӘНЕ ТУҒАН МЕКЕНІМІЗДЕ БҰҒАН ДЕЙІН БОЛМАҒАН ӨРКЕНДЕУГЕ ҚОЛ ЖЕТКІЗУ МҮМКІНДІГІНЕ ДЕГЕН СЕНІМ. ЖАҢА ҚАЗАҚСТАНЫМЫЗДЫҢ ОСЫ БЕЙНЕСІ ӘРБІР ҚАЗАҚСТАНДЫҚТЫҢ САНАСЫ МЕН ЖҮРЕГІНЕ ОРНЫҒЫП, БҮКІЛ ӘЛЕМГЕ МОЙЫНДАЛАТЫНЫНА СЕНІМДІМІН, – ДЕДІ МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ.
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы Д.Н. НАЗАРБАЕВАНЫ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ ҚЫЗМЕТІНЕ ТАҒАЙЫНДАУ ТУРАЛЫ
Дариға Нұрсұлтанқызы Назарбаева Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары болып тағайындалсын.
Хан - бас, Халық - кеуде. Халық мақалы.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ Астана, Ақорда, 2015 жылғы 11 қыркүйек, № 90 Б. М. САПАРБАЕВТЫ АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ ҚЫЗМЕТІНЕ ТАҒАЙЫНДАУ ТУРАЛЫ
Бердібек Машбекұлы Сапарбаев Ақтөбе облысының әкімі болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары қызметінен босатылсын. Қазақстан Республикасының Президенті Н. НАЗАРБАЕВ. Астана, Ақорда, 2015 жылғы 11 қыркүйек, №89
А.Б. МҰХАМБЕТОВТІ ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ ҚЫЗМЕТІНЕ ТАҒАЙЫНДАУ ТУРАЛЫ
Архимед Бегежанұлы Мұхамбетов Қостанай облысының әкімі болып тағайындалсын, ол Ақтөбе облысының әкімі қызметінен босатылсын. Қазақстан Республикасының Президенті Н. НАЗАРБАЕВ. Астана, Ақорда, 2015 жылғы 11 қыркүйек, №88
ҮРЛЕРДІҢ І БАҺАД Г Л Е ЕЖ
ҚҰРАМЫНДА ЖЕРЛЕСІМІЗ АЙДЫН АЙЫМБЕТОВ, РЕСЕЙЛІК ҒАРЫШКЕР ГЕННАДИЙ ПАДАЛКА МЕН ДАТ АСТРОНАВТЫ АНДРЕАС МОГЕНСЕН БАР «СОЮЗ ТМА18М» ҒАРЫШ КЕМЕСІНІҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЭКИПАЖЫН НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ ҚАРСЫ АЛУЫ МҮМКІН ДЕП ХАБАРЛАЙДЫ BNEWS.KZ.
ОНЫ ЖЕРДЕ ЕЛБАСЫ НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ ҚАРСЫ АЛАДЫ Сонымен қатар, қазақстандық ғарышкер Айдын Айымбетовті қонған жерінен туған-туыстары, 17 жастағы ұлы Әмір мен бауыры қарсы алатынын атап өтті. Естеріңізге сала кетейік, Айдын Айымбетов ғарышқа 2 қыркүйекте «СОЮЗ ТМА 18М» зымыранымен аттанды. Айымбетов экология, физика және медицина саласында бірқатар ғылыми сынақ жүргізетін болады. Жерлесіміз отандық ғылым саласы үшін онға жуық сынақ өткізеді деп көзделген. Оның
МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ Н. Ә. НАЗАРБАЕВТЫҢ ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНЫҢ 550 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН САЛТАНАТТЫ ЖИЫНДА СӨЙЛЕГЕН СӨЗІ
Құрметті ханымдар мен мырзалар! Мәртебелі меймандар! Қазақ хандығының 550 жылдығына жиналған барша қауымды бүгінгі торқалы тоймен шын жүректен құттықтаймын! Бүкіл әлемді дағдарыс жайлап, дамыған елдердің өздері үлкен экономикалық күйзеліске ұшыраған мынау алмағайып заманда алыс-жақын ағайынның басын қосып, Қазақ хандығының 550 жылдық ұлан-асыр тойын өткізудің өзінің ерекше себептері бар. Бүгінгі той, ең алдымен, батыр бабаларымыздың биік рухына тағзым ету және тағдырдың сан алуан қиындықтарынан сүрінбей өткен ата тарихынан тағылым алу үшін өткізіліп отыр.
Қабанбай, Бөгенбай, Наурызбай батырлардың еңселі ескерткіштері бой көтеріп, олардың есімдері елді мекендерге, жоғары оқу орындары мен мектептерге берілді. Бабалардың ерлік пен күреске толы өнегелі өмір жолдары жайлы том-том ғылыми еңбектер мен әдеби шығармалар жазылды. Тәуелсіздікпен бірге оралып, ұрпағына ұланғайыр қоныс қалдырған батыр бабаларымыздың биік рухы қазақтардың, әсіресе, жаңа буынының арасында аса зор патриоттық өрлеу туғызып, ұлт тарихына деген мақтаныш сезімін ұялатты. Қазақ, Жұбан ақын айтқандай, «мың өліп, мың тірілген» халық. Бірлігі жарасқанда даңқы асып, билікке таласқанда берекесі қашқан. Баршаға белгілі, байырғы бабаларымыз бөрілі
Кеңес Одағы заманында Қазақстан мектептерінде оқушылар «КСРО тарихы» атты ортақ оқулықтан білім алды. Сондықтан, жас ұрпақ ата тарихынан мүлде алшақтап қалды. Оның үстіне Қазақ хандығының шаңырағын көтеріп, айбынын асырған ұлы хандарымыз бен даңқты батырларымыздың есімдері біртіндеп ел жадынан өшіріле бастады. Өз ішімізден шыққан оларды жамандағыштар құрметке бөленді. Елімізде ханның, не батырдың ескерткіші тұрмақ, олардың атында білім мен мәдениет нысандары, керек десеңіз, жалғыз-жарым көше де болған жоқ. Қазақ хандарының аты атала қалған жағдайда оларға үстем тап өкілі ретінде келеңсіз баға беріліп, қисынсыз айып тағылды. Бұл туралы ақын Ғафу Қайырбеков кезінде: «Басқаның патшасының бәрі жақсы. Неліктен біздің хандар жаман болған?» деп ашына жазған болатын. Ұлт жадының тамырына балта шабуға арналған осындай сұрқай саясаттың небәрі ширек ғасыр бұрын орын алғанына сенудің өзі қиын. Бірақ кеңес заманының ащы шындығы дәл осындай болатын. Тәуелсіздік қазақ халқының өшкенін жандырып, өлгенін тірілтті. Алматы мен Астанада, облыс орталықтары мен ірі елді мекендерде Керей мен Жәнібек, Абылай мен Әбілқайыр сияқты әйгілі хандарымыздың,
байрақ ұстап, Байкалдан Балқанға дейінгі алқапты еркін жайлаған. Көгімізде желбіреген алтын күн астында қыраны қалықтаған туымыз мемлекеттігіміздің үзілмей жалғасып жатқандығының айғағы. Қазақ хандығы бұдан бес жарым ғасыр бұрын ғана шаңырақ көтерсе де, Еуразияның ұлы даласында орнаған арғы дәуірдегі сақ, ғұн, үйсін мемлекеттерінің, бергі замандағы Ұлы түрік қағандығы, Дешті Қыпшақ пен Алтын Орда мемлекеттерінің заңды мұрагері болды. Арғы дәуірлерге бармай-ақ, таза түркілік заманымызға зер салар болсақ, әйгілі Рим империясы құлап, Еуропадағы осы күнгі мемлекеттердің нобайы да әлі қалыптаса қоймаған, ал Қытайда үш патшалық пен алуан әулет өзара қырқысып жатқан 6 ғасырда – 552 жылы Алтайда Ұлы түрік қағанаты атты қуатты, күшті мемлекет дүниеге келді. Ол небәрі жарты ғасыр ішінде Алтай мен Кавказ арасындағы алып далада жеке дара билік жүргізді. Дәуірлеп тұрған кезінде Византия мен Ираннан, Қытайдың екі патшалығынан алым алған ер түріктің берекесі кетіп, өз ішінде билікке талас бастағанда, әуелі батыс және шығыс болып ажырап, кейін оғыз, қарлұқ, қыпшақ болып бөлініп, жауларына жем болды. (Жалғасы 2-бетте).
ЕЛЖАНДЫ ҰРПАҚТАРЫ
БҮГІН БАТЫРЫМЫЗ ҒАРЫШТАН ОРАЛАДЫ «Қазғарыш тарапынан хабарлама келіп түсті, оған сәйкес Қазақстанның бірінші тұлғасы – Президент экипажды өзі қарсы алуға ниет білдірген, осыған сәйкес қосымша міндеттер қойылып, екі сағат он минут қосымша уақыт бөлінді, қону орнынан Астанаға дейін жеткізу үшін, – деп хабарлады журналистерге берген сұхбатында Ресей Әуе көліктері федералдық агенттігі басшысының орынбасары Александр Ведерников.
АТА ТАРИХ АМАНАТЫ – ТҮРКІ ДҮНИЕСІНІҢ БІРЛІГІ
қатарында Арал және Каспий теңіздерінің жай-жапсарын бақылау, шаңды дауылдардың қозғалысын назарда ұстау және мұнаймен ластану деңгейін бағалау міндеті бар. Оған қоса радиацияның адам миына әсерін және ғарышкерлердің борттағы қарым-қатынасының психологиялық жағдайын сынға алмақ. Елбасының ғарыштан аман-есен оралған батырға деген құрметі қалың елі – қазағының құрметі, ағайын! «Ақ жол-Ақпарат».