ЕҢ БАСТЫСЫ, ӘСІРЕСЕ, ІРІ КӘСІПОРЫНДАР ЖҰМЫСШЫ АДАМ ҮШІН ЖҰМЫС ОРНЫН САҚТАУЫ КЕРЕК. МЕН МҰНЫ БҰРЫНҒЫ ЖҰМЫСШЫ РЕТІНДЕ АЙТЫП ОТЫРМЫН. МЕН БАРЛЫҚ КОМПАНИЯ БАСШЫСЫНА ЕГЕР ӨНДІРІС МӘЖБҮРЛІ ТҮРДЕ ҚЫСҚАРТЫЛАТЫН БОЛСА, АДАМДАР МӘЖБҮРЛІ ТҮРДЕ ҚЫСҚАРАТЫН БОЛСА, ОЛАР БАСҚА ЖҰМЫСТА ІСТЕУІ МҮМКІН ЕКЕНІН АЙТҚЫМ КЕЛЕДІ. БҰЛ АДАМ ҮШІН, ОНЫҢ ОТБАСЫ ҮШІН АЙРЫҚША МАҢЫЗДЫ.
Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ.
ДОСЫ КӨПТІ ЖАУ АЛМАЙДЫ, АҚЫЛЫ КӨПТІ ДАУ АЛМАЙДЫ
Жамбыл облыстық қоғамдықсаяси газет
№18 (18052), Бейсенбі, 12 ақпан, 2015 жыл
ak-jol-taraz@rambler.ru
www. akjolgazet.kz
Газет 1922 жылғы 1 мамырдан шығады.
ЕЛ ЖӘНЕ ЕЛБАСЫ
ҚАЗАҚСТАНДА ДАҒДАРЫС ЖОҚ! ҒАЛАМДЫҚ ДАҒДАРЫС СЫРТҚЫ ФАКТОР
қатал саясатын, бюджет шығыстарын оңтайландыруды жүргізу керек. Жаңа бастамаларды жақсы кезеңге дейін кейінге қалдырайық. Ойға алынған істерді аяғына дейін жеткізейік. Бұл мемлекеттік органдарға, әкімдіктерге, ұлттық компанияларға қатысты. Үкіметке 2015 жылға арналған республикалық бюджет шығыстарын 700 миллиард теңгеге дейін немесе жалпы шығыс көлемінің 10 пайызы мөлшерінде қысқартуды тапсырамын. Бірақ, мемлекеттің халық алдындағы әлеуметтік міндеттемелері өзгермеуі керек, – деді Назарбаев. Сонымен қатар, Мемлекет басшысы Үкіметке «Нұрлы жол» бағдарламасын дағдарысқа қарсы жаңа шаралармен толықтыруды да тапсырды. «Бұл – о т а н д ы қ м а ш и н а ж а с ау с а л а с ы н , э к с п о р т т ау ш ы л а р ы м ы з д ы қ о л д ау, агроөнеркәсіп кешенін мемлекеттік қолдауды ұлғайту, ішкі нарықты қолдау жөніндегі шаралар. Үкімет шұғыл шараларды қабылдауға арналған резерв құруы керек. Осы жыл ішінде шұғыл жағдайлар болуы мүмкін. Сондықтан, Үкіметке 250 миллиард теңге көлемінде резерв құруды тапсырамын», – деді Президент.
Суретті түсірген Тұрар Қазанғапов.
Кеше Ақордада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген құрамдағы отырысы өтті. Жиын барысында «Қазақстан экономикасында дағдарыс жоқ» деп мәлімдеді Елбасы. «Тағы да айтқым келеді, біздің қазақстандық экономикада айтарлықтай дағдарыс жоқ. Ғаламдық дағдарыс – сыртқы фактор. Бірінші жағымсыз фактор – мұнайдың екі есе арзандауы: маусымда – жүзден жоғары (мұнай баррелінің бағасы – авт.), қазір – 50-ден төмен. Негізгі экспорттық тауарлар – металл, тыңайтқыштар және тағы да басқалардың бағасы төмендеп жатыр. Екінші маңызды фактор – экономикалық дағдарыс, Ресей рублінің құнсыздануы, Ресейдегі рецессия. Экономикалық әріптестік және даму ұйымы елдерінде 43 миллион жұмыссыз бар, 850 миллионнан астам адам аштықта. Еуроаймақта жұмыссыздық деңгейі – 11,5 пайыз. Жалпы әлемдік жағдай, ал біз сол әлемнің бөлшегіміз және бұл бізге әсер етпей қоймайды. Міне, біз әсерін сезіп отырмыз», – деді Мемлекет басшысы. Оның айтуынша, осы себепті «Нұрлы жол» бағдарламасы қабылданды. «Көп іс жағымсыз тенденцияларды жұмсарту үшін жасалды. «Нұрлы жол» бағдарламасы – қиын жағдайдағы өсудің бастауы. Мен осы жылы қиындықтар болатынын айтқанмын. Бүгін кеңес тәртібінде отырыс өткіземіз, ұсыныстары бар әркімге сөз беремін, Үкімет бүгін не қабылдауы керектігін айтсын», - деді Назарбаев.
ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫН САҚТАУДЫ ТАПСЫРДЫ Жиында министрлер елдегі қазіргі экономикалық ахуал туралы баяндама жасады. Мәселен, Инвестициялар және даму министрі Әсет Исекешев биыл іске қосылатын инвестициялық жобалар туралы баяндады. Министр бұл жобалар сапалы жұмыс орындарын ашуға және оларды сақтауға мүмкіндік беретінін айтты. Нұрсұлтан Назарбаев жұмыспен қамту мәселесіне ерекше тоқталды, ол барлық компания басшысына тапсырма берді. «Ең бастысы, әсіресе, ірі кәсіпорындар жұмысшы адам үшін жұмыс орнын сақтауы керек. Мен мұны бұрынғы жұмысшы ретінде айтып отырмын. Мен барлық компания басшысына егер өндіріс мәжбүрлі түрде қысқартылатын болса, адамдар мәжбүрлі түрде қысқаратын болса, олар басқа жұмыста істеуі мүмкін екенін айтқым келеді. Бұл адам үшін, оның отбасы үшін айрықша маңызды», – деді Мемлекет басшысы.
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ ЖҰМЫСЫ БИЗНЕСКЕ АЙНАЛМАУЫ ТИІС Үкімет отырысында Елбасы мемлекеттік қызметкерлерге өз жұмысына сергек қарау керектігін тапсырды. – Мемлекеттік қызметкерлердің жұмысы бизнеске айналмауы тиіс. Мемлекеттік қаржыны фирмаларға, өздерінің таныстарына, достарына және туысқандарына шашуларына жол бермеу керек. Өкінішке қарай, облыстың үш әкіміне қатысты дәл осы себеппен тергеу, амалдары жүргізілді. Сонымен қатар бірқатар министрліктер мен ведомстволардың басшылары қылмыстық жауапкершілікке тартылуда», – деді Елбасы.
Президент басшылар команда жинап, ол кейін Атырау облысындағы секілді бандыға айналатындығын мысал етті. Бүгінде атқарушы биліктен халық нақты әрі тиімді істерді күтіп тұрғанына тоқталған Елбасы, әкімдер халыққа жақын болуы керек, өңірлердегі мәселелерді шешуге білек сыбана кірісулері қажет екенін тапсырды.
ҰЛТТЫҚ КОМПАНИЯЛАРДЫ ТЕҢГЕНІ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРДЫ «Самұрық-Қазына» басқарма төрағасы Өмірзақ Шөкеевтің баяндамасынан кейін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев барлық ұлттық компанияларға өтініш білдірді. – Барлық холдингтер мен ұлттық компанияларға өз ақшаларыңды
айырбастау арқылы ұлттық валютаға қолдау көрсету туралы өтінішім бар. Әрине, келісу керек, қажеттілік сәті болады. Сол сәт теңге үшін өте маңызды. Менің барлық ұлттық компанияларға айтарым – Қазақстан теңге бағамының күрт ауытқуына жол бермеуге тырысады және сіздердің мүдделеріңізді толықтай ескереді. Сондықтан, сіздердің мүдделеріңіз де, жалпы мүдде де бар, – деді Назарбаев. Еске сала кетейік, 2014 жылы 24 желтоқсанда Қазақстан Үкіметі мен Ұлттық банктің экономикалық саясаттың 2015 жылға арналған негізгі бағыттары туралы тиісті мәлімдемесі жарияланған болатын. Мәлімдемеде валюталық саясат казақстандық экономиканың ішкі және сыртқы бәсекеге қабілеттілігі арасындағы тепе-теңдікті қамтамасыз етуге бағытталатыны туралы айтылған. Сонымен бірге, теңгенің айырбас бағамының шұғыл ауытқуларына жол
берілмейтіні көрсетілген. Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің бағаларын шартты бірліктермен белгілеуге тыйым салынатыны және доллармен ашылған депозиттердің жылдық сыйақы мөлшері төмендейтіні айтылды. Сонымен қатар, Қайрат Келімбетов Ұлттық банк биыл айырбас бағамының күрт өзгеруін болдырмауға ниетті екенін мәлімдеді.
2015 ЖЫЛДЫҢ БЮДЖЕТІ 700 МИЛЛИАРД ТЕҢГЕГЕ ҚЫСҚАРАДЫ Республикалық бюджет шығыстары 700 миллиард теңгеге қысқартылады. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында осындай тапсырма берді. – Барлық жерде экономиканың
ХАЛЫҚТЫҢ АҚШАСЫН АСТА-ТӨК МЕРЕЙТОЙЛАРҒА ЖҰМСАМАУ КЕРЕК Елбасы халықтың ақшасын аста-төк мерейтойларды өткізуге жұмсамауға шақырды. – Біз өткізетін сондай мегажобаларды, түрлі мерейтойларды сығымдауға болады. Оның орнына балаларды оқытып, емдету керек. Мерейтойларға бізде бір жалпыұлттық махаббат бар. Мерейтой болса, бәрі соған жүгіреді. Жиналыстарға қатысып, банкеттерде отырып жатады. Біз өткізетіндей мерейтойлар әлемнің қай жерінде бар? – деді Нұрсұлтан Әбішұлы. Мемлекет басшысы ұлы даталарды басқаша атап өту керектігін айтты: олар туралы баспасөзде, телеарналарда айтып, ғылыми-практикалық конференциялар өткізу керек. – Ғаламдық той ұйымдастырып, далаға мың киіз үй тігу той иесіне не береді, айтыңыздаршы? Бүгінде даңқты атабабаларымызды қазіргі заман жағдайында бұқаралық ақпарат құралдары арқылы адамдардың санасында қалдыруға болады, онымен еш нәрсе теңесе алмайды, – деді ол. – Сондықтан, Бердібек, сен мұның бәріне қара, мен өткізуге қарсы емеспін. Егер ата-бабасына құрмет көрсеткісі келсе, оны демеушілер өткізсін, ешкім қарсы емес. Неге біз оған мемлекеттің, халықтың ақшасын жұмсауымыз керек? – деді Мемлекет басшысы вице-премьер Бердібек Сапарбаевқа. (Жалғасы 2-бетте).
Ел тілегі - ер тірегі
ЖАН-ЖАҚТЫ ӘЗІРЛЕНГЕН ҚҰЖАТ БАР Ақордада өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан экономикасында дағдарыстың жоқтығын мәлімдеді. Әрине, әлем елдерінде дағдарыстың болып жатқаны жасырын емес. Бұл экономикалық құбылыс әркімге әрқалай әсер етіп жатыр. Сұлтан Сондықтан, кейбір қауіпті жайттарды ӘБІЛДАЕВ, жеңілдету үшін Үкіметіміз қазына ТарМУ-дың қаржысын үнемдеу қадамдарына барды. Бұл доценті, – өте оңтайлы шешім. Себебі, дағдарыстың экономист. алдын алу мақсатында жобаларға қаржы құюда тәуекелдерге бара берген де қауіпті. Сондықтан қаржының үнемделіп жатқаны уақытша шешім деп ойлаймын. Шүкір, өзге елдерге қарағанда біздің жағдайымыз жаман емес. Бізде Еуропадағыдай жаппай жұмыс орындарын қысқарту жүріп жатқан жоқ. Салалық және мемлекеттік бағдарламалар тоқтамай, іске асырылуда. Ел де тыныш. – Тағы да айтқым келеді, біздің қазақстандық экономикада айтарлықтай дағдарыс жоқ. Ғаламдық дағдарыс – сыртқы фактор. Бірінші жағымсыз фактор – мұнайдың екі есе арзандауы: маусымда – мұнай баррелінің бағасы жүзден жоғары, қазір – 50-ден төмен. Негізгі экспорттық тауарлар – металл, тыңайтқыштар және тағы да басқалардың бағасы төмендеп жатыр. Екінші маңызды фактор – экономикалық дағдарыс, Ресей рублінің құнсыздануы, Ресейдегі рецессия. Экономикалық әріптестік және даму ұйымы елдерінде 43 миллион жұмыссыз бар, 850 миллионнан астам адам аштықта. Еуроаймақта жұмыссыздық деңгейі –11,5 пайыз. Жалпы әлемдік жағдай, ал біз сол әлемнің бөлшегіміз және бұл бізге әсер етпей қоймайды. Міне, біз әсерін сезіп отырмыз, – деді Президент Нұрсұлтан Назарбаев. Елбасының бастамасымен қабылданған «Нұрлы жол» бағдарламасы дағдарыстың еліміз экономикасына әсер етпеуін қамтамасыз етпек. Жан-жақты әзірленген бұл құжат халықты қиындыққа қалдырмайды деп сенейік.
ҚАЗЫНА ҚАРЖЫСЫ ШЕНЕУНІКТЕРДІҢ МЕНШІГІ ЕМЕС
«ТАРТА ЖЕСЕҢ ТАЙ ҚАЛАДЫ...»
Үкіметтің кешегі өткен кеңейтілген отырысында Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев мемлекеттің дамуы мен имиджіне қатысты пайымды пікірлерімен бөлісіп, тың тапсырмалар берді. Президенттің мемлекеттік шенеуніктерді мемлекеттік Жандар қызметті бизнеске айналдырмауға КӘРІБАЕВ, және қазір тергеуде жүрген қоғам әкімдер мен мемлекеттік орган қайраткері, басшыларының қателіктерін саясаттанушы. қайталамауға шақыруы кімге де болсын ой салуы керек. – Бүгін, үлкен өкініш пен ренішіме қарай, мен үш облыс әкімінің тергеуде жүргенін айтуға тиіспін. Министрліктер мен ведомстволардың бірқатар жетекшілері де қылмыстық жауаптылыққа тартылуда. Сіздердің араларыңызда ешқайсы олардың қатарын толтырғысы келмейді ғой деп үміттенемін, – деген Елбасы мемлекеттік қызметкерлер мен ұлттық компания қызметшілерін қарапайымдылық пен үнемшілдіктің жарқын мысалы болуға шақырды. – Мемқызметкерлердің жұмысы бизнеске, мемлекет ақшаларын фирмаларға, өз таныс-білістеріне, достары мен туыстарына таратуға айналмауы тиіс. Реніш мынада, қаншама жыл адамды әртүрлі лауазымда дайындайсың, шыдайсың, әлпештейсің, өсіресің, ал келгенде... «Команда жинап жатырмыз» дейді. Команда сосын бандыға айналады. Атырау облысындағыдай, – деп наразылығын білдірді Мемлекет басшысы. Шынында да қазына қаржысы ол лауазымды шенеуніктердің жеке игілігі емес. Ол – қалың елдің несібесі. Оның үстіне әлем елдерін дағдарыс шырмауы матап жатқан қазіргі кезеңде біздің мемлекетіміз де тиімділік тетіктерін қарастыруда. Отанға деген адалдық пен жауапкершілік болған жерде ғана біз тығырықтан жол тауып шыға аламыз.
Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қатысуымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өткені жайлы радиодан естіп, ондағы қаузалған мәселелерден хабардар болдық. Мемлекет басшысы өз сөзінде: «Алдағы уақытта орын алуы мүмкін қиындықтарды еңсеру жолында біз елдің қаржысын үнемдеуіміз керек. Мен алдағы Баттал бір ай ішінде Үкіметке бюджет қаражатын ЖАҢАБАЕВ, 10 пайызға қысқартуды тапсырамын. облыстың Жұмыс орындарын сақтай отырып, үнемге Құрметті үйренуіміз керек» дей келе, әртүрлі аста-төк азаматы. мерейтойларға да шектеу қойылу керектігін тілге тиек етті. Қазір еліміз үшін ең ұтқыр амал мемлекет қазынасын үнемдеу болып отыр. Айталық, бір тұлғаның мерейтойы болатын болса, соған арнап жүздеген қазақ үй тігіліп, ат шаптырып, бәйге беріліп жатады. Мақұл, ұлт мақтаныштарын қастерлеу үшін ондай ұлықтаулар қажет-ақ десек те, әлемнің алпауыт елдерінің өзі араны ашылған дағдарысқа тойтарыс бере алмай отырған тұста, енді ғана өркендеп, өркениеті дамыған елдер қатарына қосылған біздің елге дағдарыстың алдын алу үшін үнемге жүгіну бірінші кезекте тұруы керек. Елбасы айтқандай, ондай үлкен мерейтойларға мемлекет қазынасынан қыруар қаржы шығындамай, жекелей қалталы азаматтар мен мәдениет жанашырлары тарапынан демеушілер табылып, қолдау болып жатса, құба-құп. Онда оған ешқандай дау жоқ. Болмаса, көлемді сомадағы шығынды қажет етпейтін конференциялармен шектелсек, ел Президентінің дегенімен үндесіп, қордағы ақшаға әжептәуір үнем болар еді. Қазақ қаншалықты тойшыл, қуанышқа келгенде оңды-солды шашылар жомарт көңіл халық болғанымен, ысыраптың жетегінде алақан сипап қалатындай ойсыз емес. Демек, көреген Көшбасшымыз бұл ретте де халқының қамы үшін осындай талапқа барып отыр. Қашаннан бірлікке келгенде бірауыздылық танытатын еліміз бұл тұрғыда да түсіністік төңірегіне топтасады деп сенеміз. Дана қазақтың өзі «Тарта жесең тай қалады...» деп бұл турасында әдемі топшылағанын айтсақ та жеткілікті.
Сындырып жақсаң, Қырық жылға жетеді. Қопарып жақсаң, Бір жылға жетеді. Халық мақалы.
ОБЛЫС ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА! Қазақстан Республикасы Президентінің «Әкімдердің халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы» 2013 жылғы 15 тамыздағы №615 Жарлығына сәйкес 2015 жылғы 20 ақпанда сағат 11.00-де «Баласағұн» орталық концерт залында облыс әкімі Кәрім Нәсбекұлы КӨКІРЕКБАЕВТЫҢ халыққа есеп беру кездесуі өтеді.