13тамыз 2016ж пдф

Page 1

Ж

(АБАЙ).

А

БІРІҢДІ, ҚАЗАҚ, БІРІҢ ДОС, КӨРМЕСЕҢ, ІСТІҢ БӘРІ БОС.

А ҺАН Д

және

Сарысу ауданы

Жамбыл облыстық қоғамдықсаяси газет

Мойынқұм ауданы

ЖАМБЫЛДА

Мойынқұм

Шу ауданы

Талас ауданы

Төле би

Жаңатас Қаратау

Жамбыл ауданы

Меркі ауданы

Байзақ ауданы

Аса

Т.Рысқұлов ауданы

Құлан

Жуалы ауданы

Қордай ауданы Қордай

Меркі

Бауыржан Момышұлы

ak-jol-taraz@rambler.ru

№94 (18288), Сенбі, 13 тамыз, 2016 жыл

АҚОРДА

www. akjolgazet.kz

Газет 1922 жылғы 1 мамырдан шығады.

НДА ЖАҺА

ӘКІМ ЕСЕП БЕРДІ: НӘТИЖЕ МЕН МІНДЕТ

ҚАЗАҚСТАН ПРЕЗИДЕНТІ РИО-ДЕ-ЖАНЕЙРОДАҒЫ ОЛИМПИАДА ОЙЫНДАРЫНДАҒЫ ЖЕҢІСІНЕ БАЙЛАНЫСТЫ НИЖАТ РАХИМОВҚА ҚҰТТЫҚТАУ ЖЕДЕЛХАТЫН ЖОЛДАДЫ Мемлекет басшысы ауыр атлетика сайысында алтын медаль иеленген Н.Рахимовты құттықтады. «Қазақстандықтар сенің өнеріңді зор қызығушылықпен және үлкен үмітпен тамашалады. Сен олардың үмітін толық ақт адың. Жоғары спорттық шеберлігің, жанкештілігің мен асқан ерік-жігерің саған қиын сайыста мықты қарсыластарды жеңіп шығып, Қазақстанның олимпиадалық командасына алғашқы алтын медальды әперуге көмектесті. Сенің жеңісің елдің жас спортшылары үшін лайықты үлгі болары анық», – делінген жеделхатта. Нұрсұлтан Назарбаев спортшыға жаңа жеңіс пен жетістіктер тіледі.

ЕЛБАСЫ НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ ДМИТРИЙ БАЛАНДИНГЕ РИО-ДЕ-ЖАНЕЙРОДАҒЫ ОЛИМПИАДА ОЙЫНДАРЫНДАҒЫ ЖЕҢІСІНЕ БАЙЛАНЫСТЫ ҚҰТТЫҚТАУ ЖЕДЕЛХАТЫН ЖОЛДАДЫ Мемлекет басшысы Д.Баландинді суға жүзу сайыстарында жеңіп алған алтын медалімен құттықтады. «Сенің жарқын жеңісің қазақст андықт арға зор қуаныш сыйлады. Даңқты қарсыластармен ж а н ке ш т і ж ә н е қ и ы н с а й ы с т а жеңіп алған алтын медаль – сенің жоғары шеберлігіңнің, мақсатқа талпынуыңның, ерік-күшің мен қайратжігеріңнің көрсеткіші. Сенің теңдессіз т абысың Қазақст ан спортының шежіресінде мәңгілік қалады», – делінген жеделхатта. Қазақстан Президенті спортшының келешекте жаңа беле стерді бағындыруына тілектестік білдірді.

ӨРКЕН ЖАЙҒАН ӨҢІР ЭКОНОМИКАСЫНЫҢ ДАМУ СЕРПІНІ ҚАНДАЙ ДЕҢГЕЙДЕ?

Ардақ ҮСЕЙІНОВА, Маржан РАҚАЙ, «Ақ жол».

ӨНДІРІСТЕ ӨСІМ БАР

САЯСИ-ӘЛЕУМЕТТІК АХУАЛ ТҰРАҚТЫ Ел өмірінде орын ал ған саяси-әлеуметтік

өзгерістер осы жиында нақты көрініс тапқанын айта кету керек. Алтыншы шақырылған облыстық мәслихат депутаттарының алдында өңір басшысы Кәрім Көкірекбаев стратегиялық жоспарлар ж ә н е ау м а қ т ы қ д а м у бағдарламаларының жүзеге асырылу барысы туралы е с еп берді. Ағымдағы жылдың алғашқы жарты жылдығында атқарылған жұмыстарды жан-жақты баяндаған облыс әкімі биылғы аса маңызды саяси оқиға – Парламент Мәжілісі және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының сайлауы болғанын атап өтті. – Облыстық атқарушы органдар Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, д а м у » ат т ы Жо л д ау ы мен «100 нақты қадам» – Ұлт жо спарында айқындалған міндеттерді басшылыққа ала отырып,

АЛҒЫС

ШЫН ЖҮРЕКТЕН АЛҒЫС БІЛДІРЕМІН Құрметті Кәрім Нәсбекұлы! 2016 жылғы 2-9 тамыз аралығында 40-әскери базасының «Гвардейск» оқу-жаттығу полигоны базасында (Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Гвардейск кенті) Армиялық халықаралық ойындар өткізілді. Көрсетілген іс-шараның Қазақстан Республикасының шетелдермен халықаралық әскери және мәдени ынтымақтастығын нығайту үшін маңызы зор болды, Отан қорғаушының беделін арттыруға және қазақ халқының мәдениетін насихаттауға ықпал етті. Ойындарға дайындалу және оны өткізу барысында Сіз баға жетпес көмек көрсеттіңіз. Сізге көрсеткен жәрдеміңіз үшін шын жүректен алғыс білдіремін және алдағы уақытта сеніп тапсырылған жұмыс бөлігінде табыстар тілеймін. И. ТАСМАҒАМБЕТОВ, ҚР Қорғаныс министрі.

АСПАННАН ЖҮЛДЕ ЖАУҒАН КҮН

Табиғат АБАИЛДАЕВ, «Ақ жол».

БАЛАНДИН АЛТЫНҒА ҚОЛ ЖЕТКІЗДІ Басқа-басқа, жүзу спортынан қазақстандықтардың жүлде, соның ішінде алтын медаль күтпегені анық. Құрлықтық деңгейде атой салып жүрген Дмитрий Баландин алтын жүлдемен апталады дегенге букмекерлік кеңселер түгілі, қарапайым жанкүйерлер де сенбеген-ді. Жартылай финалдық сында брасс әдісі бойынша (200 метр) бар болғаны сегізінші нәтиже көрсетіп, ақтық сынға әупіріммен шыққан Диманікі сөзсіз ерлік болатын. Екі жүз метрлік қашықтықтың алғашқы елу метрін қазақстандық спортшы төртінші болып түйіндеп, жүз метрден соң екінші орынға көтерілгенде, үміт оты лаулай бастады. Ал соңғы елу метрлікті бірінші болып аяқтаған кезде өз көзімізге өзіміз сене алмадық. Шаттықтан басымыз айналғандай күй кештік. Бұл – ел тарихындағы ең елеулі оқиға. Қазақстан жүзу спортынан медаль алды. Медаль болғанда да күміс пен қола емес, бірден алтын жүлде, тұңғыш рет! Қалай қуанбайсың, қалай шалқымайсың, шарықтамайсың! Рахмет саған, Баландин! (Жалғасы 6-бетте).

жұмыс жүргізуде. Есепті кезеңдегі маңызы жоғары саяси оқиға – Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісі және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының сайлауы да Мемлекет басшысы ұсынған Ұлт жоспарын тиімді жүзеге асыру мақсатынан туындаған болатын. Бұл сайлауда өңір тұрғындары саяси

белсенділіктерін танытты. Жамбылдықтардың белсен­ділігі 82,66 пайызды құрап, ре спубликада жоғары көрсеткіш көрсетті. Сонымен қат ар, о сы кезеңде орын алған еліміз­ дегі елеулі оқиғалардың бірі – Қазақстанның тұңғыш рет Орталық Азия мемлекеттері арасында Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік кеңесінің 2017

– 2018 жылдарға уақытша мүшесі болып сайлануы болғанын айтуымыз керек. Бұл – тәуелсіз Қазақстан үшін ерекше, маңызды, тарихи оқиға. Әлем елдерінің мемлекетіміздің халықаралық аренадағы толағай табысын, бейбітшілік жолын­ дағы еңбегін жоғары бағалауы деп білеміз, – деді Кәрім Нәсбекұлы.

Есепті кезеңде облыстың әлеуметтік-экономикалық, саяси-мәдени салаларында жүйелі жұмыстар жүргізілді. Нәтиже де жоқ емес. – Дағдарыс жағдайына қарамастан, өңірде өндірілген өнім көлемі өткен жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда 0,2 пайызға артып немесе 220,5 миллиард теңгені құрады. Жалпы өнім көлемі әр тұрғынға 198,2 мың теңгеден айналып, өткен жылдың тиісті кезеңінен 10 пайызға артып отыр. Бірінші жартыжылдықта өңірде негізгі көрсеткіштер­ дің біршама артып отырғаны байқалады. Есепті кезеңде 162,4 миллиард теңгенің өнеркәсіп өнімі өндіріліп, 2015 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 3,2 пайызға артып отыр. Қайта өңдеу саласы бойынша азықтүлік (141,1 пайыз), жеңіл өнеркәсіп (104,2пайыз), мұнай өнімдерін өндіру (175,0 пайыз), металл емес өзге де минералды өнімдер (101,2 пайыз) және металл өңдеуде (135,0 пайыз) оң нәтижелер бар. Экономиканы тұрақтандыру мен дағдарыс салдарын жеңілдетуге бағыт­т алған шаралар дер кезінде қабыл­­данбағанда өңір экономикасына едәуір соққы болар еді. (Жалғасы 3-бетте).

«ҚАЗАҚСТАН-2050» СТРАТЕГИЯСЫ: АЗЫҚ-ТҮЛІК ҚАУІПСІЗДІГІ

ЖІГЕРЛІ МҰРАТЫНА ЖЕТЕДІ

Есет ДОСАЛЫ, «Ақ жол».

Алмас Ибраев – мемлекеттік «Сыбаға» бағдарламасының жемісін көріп отырған а з а м ат т а рд ы ң б і р і . Ә уе л і шаруашылығында 8 сиыр, 5 3 уа қ ма л б а р ед і . 2 0 1 5 жылы мемлекеттік «Сыбаға» бағдарламасы бойынша 8 миллион 500 мың теңге несиеге қол жеткізіп, «Алатау» асыл тұқымды 50 сиыр және «Абердинангус» асыл тұқымды бұқа сатып алды. Қазіргі таңда бұл қожалықта 180 асыл тұқымды сиыр, 6 асыл тұқымды бұқа бар. Зеңгі баба тұқымының 60 пайызы – етті ірі қара. Мұндай мал 14 айлық кезінде 480 килограмм ет береді екен. 3 жасар ірі қарадан таза 1 тонна ет алуға болады. Шаруашылықта уақ мал да өсіріледі. Бүгінгі таңда қой саны 850-ге жеткен. 50

БО

қошқар бар. Жиырмаға тарта жылқы бағып отыр. Алмас Шахмаранұлы алдымен жұмысшылардың жағдайына қарап, солардың мүддесін ойлайды. Оларға арнап қыстаудан 6 бөлмелі үй салып берген. Қыстау Тараздан 150 шақырым жерде. Мал базы да жылы әрі жайлы. Енді

ҚТЫ А Ш ЛА

ТІ – Б Ң КІЛ

Кеңес ауылдық округінен 10 шақырым қашықтағы жайлауға да баз салдырып, үй тұрғызуды ойлап отыр. Шаруашылық ісін ілгерілетуге Алмасқа екі інісі көмектесуде. Әсіресе, інісі Нұрлан Ибраев жайлаудағы барлық жұмыстың тізгінін қолына алып, ағасына қолғабыс етуде. Сиыршы Бауыржан

Жүнісов, құрылысшылар Мәлік Мәмбеталиев, Омар Жүсіпов те нағыз істің адамдары. Соның арқасы шығар, шаруаны дөңгелетіп әкеткені. Ауылдағы 15 адамды тұрақты жұмыспен қамти білген «АИБ И » ш а руа қ ож а л ы ғ ы н ы ң төрағасы Алмас Ибраевтың іскерлігіне, табандылығына, інілерін жұмысқа жұмылдыра білген жігеріне риза боласың. – Жұмыс бірден алға баспайды. Бастапқыда талай қиындыққа тап болдық. Жолда жылқымыз ұрланып, көліктеріміз бұзылып дегендей, қиын сынақтардан өттік. Оның барлығына сабырмен қарап, төздік. Енді ісіміз алға басып келеді. Төзімділік, с абыр, алға қойған мақсат адамды жетістіктерге жеткізеді екен, – дейді отыз жастан енді асқан қожалық басшысы. Байзақ ауданы.

=ЖАПОНИЯ АУА РАЙЫН «БОЛЖАЙТЫН» ҚОЛШАТЫР

Үйден шықпас бұрын көбімізді «бүгін жауын жауар ма екен» деген сұрақ мазалайды. Ал Жапониядағы компаниялардың бірі күн райын болжап беретін «ақылды» қолшатыр ойлап тауыпты. «Jonas» деп аталатын бұл инновациялық өнім арнайы бағдарлама арқылы смартфонға қосыла алады. Бұл қолшатырдың көмегімен тек ауа райы туралы біліп қана қоймай, телефонды бөлмеде жатқан жерінен тауып ала аласыз. =БРИТАНИЯ ЕСКІ ОРЫНДЫҚТАН ҚАЗЫНА ТАУЫП АЛДЫ

Ерлі-зайыптылар ескі орындықты 7 долларға сатып алады, кейін оны жөндеу кезінде жұмсақ көпшігінің ішінен жалпы құны 7 мың доллар болатын гауһардан жасалған зергерлік бұйымдар тауып алған. Энджела Милнер-Браун мен әйелі Ангус көне жәдігер орындықты бірнеше жыл бұрын аукционнан сатып алған. Жиһаз күтіп ұстамағандықтан өте ескі еді. Бұрынғы иелері оған итін жатқызып жүріпті. =ҚЫТАЙ МЫҢДАҒАН РОБОТТАР БИЛЕДІ

Шаньдун провинциясында 1007 дана робот бір сәтте билеп әлем рекордын орнатты. Биіктігі 43,8 сантиметрлік машиналар бір ұялы телефонға орнатылған бағдарлама арқылы басқарылды. Би бір минутқа созылған. Бұдан бұрынғы бір уақытта билеген роботтар саны бойынша рекорд та Қытайда тіркелген болатын. Оны «UBTECH Robotics» корпорациясының 540 роботы билеп орнатқан болатын.

А ЫЛД Б М А Ж =ТАРАЗ «ҚАЗФОСФАТТЫҢ» ЖОЛДАРЫ ЖӨНДЕЛЕДІ

Та р а з д ы ң м а ң ы н д а ғ ы « Қа з ф о с ф ат » серіктестігінің өндіріс орнына қатынайтын 22,3 шақырым автокөлік жолы мемлекеттік балансқа алынған еді. Енді 197 миллион теңгеге оның 11,4 шақырымын орта жөндеу жұмыстары басталды. =ТАЛАС ШАРУАҒА ОҢ ҚАДАМ

Ауданда жыл басынан бері «Сыбаға», «Алтын асық», «Құлан» бағдарламары бойынша «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-ы және «Әулие Ата» несие серіктестігі ЖШС-нен 68510,0 мың теңгені құрайтын 8 шаруа қожалығының 10 жобасы мақұлданып, несиелер алды. Және де лизингтік жүйе бойынша «ҚазАгроқаржы» АҚ арқылы шаруа қожалықтары 26 дана ауыл шаруашылығы техникаларын жаңартты. =ШУ 2 КӨКӨНІС ҚОЙМАСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ АЯҚТАЛМАҚ

Ауданда 26 мың тонна көкөніс сақтауға арналған қоймалар бар. Енді сыйымдылығы 5 мың тонна құрайтын 2 көкөніс қоймасының құрылысы аяқталуға таяу. Оның құны 800 миллион теңгені құрайды.

Жердің құты - жаңбыр, Үйдің құты - жақсы әйел, Аймақтың құты - әділ басшы.

ІЛІМДЕ

ТҮРКИЯ БАЛАМАЛЫ ЭНЕРГЕТИКА САЛАСЫНДАҒЫ ҮЗДІК ӘЗІРЛЕМЕЛЕРІН ҰСЫНАДЫ

Мемлекеттік оқу грантына ие болу үшін Ұлттық бірыңғай тестілеуде жоғары балл жинап, «Алтын белгі» иегері болу аз. Білім беру гранттарын беру жөніндегі республикалық комиссия жұмысының қорытындысымен танысқаннан кейін осылай ой түйдік. Жас талапкер еліміздің жоғары оқу орындарында шәкіртақы алып, тегін оқуды қаласа, алдымен мамандық таңдауда қателеспеуі керек екен. Себебі, биыл «Алтын белгі» иегерлерінің өзі білім беру грантынан қағылып отыр.

Анкарада ҚР Президентінің Түрік Республикасына сапары барысы шеңберінде Түркияның ЭКСПО – 2017-ге қатысу шартына қол қойылған болатын. Құжатқа «Астана ЭКСПО – 2017» ұлттық компаниясының басқарма төрағасы Ахметжан Есімов және «ЭКСПО – 2017» Түрік секциясының комиссары, Түркияның Экономика министрінің орынбасары Тарык Сонмез қол қойды. Кездесу кезінде Ахметжан Есімов Түркия Қазақстанның ЭКСПО – 2017-ні өткізуге құқығын қолдағандығын және көрмеге қатысу бойынша басым елдердің тізіміне кіретіндігін атап өтті. – Түркия павильоны көрмедегі ең үлкен павильондардың бірі болады. Осылайша, Түрік Республикасы ЭКСПО – 2017-де жаңартылған энергия көздері саласындағы өзінің үздік жетістіктерін көрсететіндігіне сенімдімін, – деді Ахметжан Есімов. Қазіргі уақытта Анталия қаласында ЭКСПО – 2016да бағбандық көрмесі өтуде, оған ҚР белсенді қатысуда. Осыған орай ұлттық компания басшысы ЭКСПО – 2017 үшін осындай іс-шараларды өткізуде Түркияның тәжірибесі қызықты екендігін атап өтті. Өз кезегінде, Экономика министрінің орынбасары Түркия жаңартылған энергия көздері саласындағы өзінің үздік жетістіктерін көрсететіндігін мәлімдеді.

(Жалғасы 2-бетте).

«Ақ жол-Ақпарат».

Ардақ ҮСЕЙІНОВА, «Ақ жол».

МЕМЛЕКЕТТІК ОҚУ ГРАНТЫНА ИЕ БОЛҒЫҢ КЕЛСЕ...


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.