ЖАМБЫЛДА
Сарысу ауданы
Мойынқұм ауданы
ДОСЫ КӨПТІ ЖАУ АЛМАЙДЫ, АҚЫЛЫ КӨПТІ ДАУ АЛМАЙДЫ
НЕ ЖАҢАЛЫҚ?
Мойынқұм
Жамбыл облыстық қоғамдықсаяси газет
№127 (18161), Cейсенбі, 13 қазан, 2015 жыл
ak-jol-taraz@rambler.ru
www. akjolgazet.kz
Газет 1922 жылғы 1 мамырдан шығады.
САЙЛАУДАҒЫ ЖЕҢІСІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ Н.Назарбаев А.Лукашенконы президенттік сайлаудағы жеңісімен құттықтады. ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Александр Лукашенконы Беларусь Республикасының Президенті қызметіне қайта сайлануымен құттықтады. Бұл турады БР Президентінің ресми сайтында хабарланды. «Беларусь Республикасының басшысы Александр Лукашенко мен Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 12 қазанда телефон арқылы әңгімелесу кезінде беларусьқазақстандық ынтымақтастықтың жекелеген мәселелерін талқылады. Мемлекет басшылары екі ел мүдделі болып отырған тақырыптарды Қазақстанда, ТМД және ЕАЭО форматында өтетін алдағы кездесулер барысында талқылауды келісті», – делінген хабарламада.
Жаңатас Қаратау
Жамбыл ауданы
Меркі ауданы
Байзақ ауданы
Аса
Т.Рысқұлов ауданы
Құлан
Жуалы ауданы
Меркі
Қордай ауданы Қордай
Бауыржан Момышұлы
=БАЙЗАҚ
=МЕРКІ
Т. Рысқұлов ауылдық округіне қарасты «Трансфер» шаруа қожалығы қызылшаның әр гектарынан 750 центнерден өнім алуда. Олар бұл жетістікке шымкенттік «Южный полевод» ЖШСмен тығыз байланыс орнатудың арқасында қол жеткізді. Заманауи тамшылатып суару жүйесімен минералдық, органикалық тыңайтқыштарды ретті қолдануда мол өнімнің негізі. =САРЫСУ
ТҮРКИЯ ПРЕЗИДЕНТІНЕ КӨҢІЛ АЙТТЫ Н.Назарбаев Анкарадағы террорлық актіге байланысты Түркия Президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады. – Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Түркия Республикасының Президенті Режеп Тайып Ердоғанға Анкара қаласында болған террорлық актіге байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен. Жеделхатта қайғылы оқиғаның салдарынан бейбіт шеруге қатысқан көптеген жазықсыз азаматтар қаза тапқаны және зардап шеккені туралы хабарды Елбасы зор күйзеліспен қабылдағаны айтылған. Нұрсұлтан Назарбаев барша Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан бауырлас түрік халқына, қаза тапқандардың отбасылары мен жақындарына көңіл айтып, зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді.
Төле би
Аудан орталығы Сарыкемер ауылында апта сайын ауыл шаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі тұрақты өтуде. Онда тұрғындар базар бағасынан 10-15 пайыз төмен бағада әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын сатып алуда. Жәрмеңке кезінде концерттік бағдарламалар ұйымдастырылып, жергілікті өнерпаздар әннен шашу шашты.
ПРЕЗИДЕНТ
АҚОРДА
Шу ауданы
Талас ауданы
ҚЫТАЙДЫҢ ҚОРҒАНЫС МИНИСТРІН ҚАБЫЛДАДЫ Елбасы Қытай Халық Республикасының қорғаныс министрі Чан Ваньцюанді қабылдады. Кездесу барысында Мемлекет басшысы Қазақстан мен Қытай бүгінде ынтымақтастықтың жаңа кезеңінде тұрғанын атап өтті. Нұрсұлтан Назарбаев ҚХР қорғаныс министрін Бейжіңде Екінші дүниежүзілік соғыстағы жеңістің 70 жылдығына арналған әскери парадтың табысты өтуімен құттықтады. Қазақстан Президенті
Қытайдың халық-азаттық армиясы осы шара барысында бүкіл әлемге өзінің қуаты мен техникалық жарақтану деңгейін көрсеткенін айтты. Осы орайда екі елдің қорғаныс министрліктері арасындағы ынтымақтастықты нығайтудың маңыздылығы атап өтілді. Сонымен қатар, Мемлекет басшысы ҚХР-дың Орталық Азиядағы ядролық қарудан ада аймақ туралы шартқа қатысты кепілдігін Қазақстан жоғары бағалайтынына назар аударды.
Чан Ваньцюань өткізілген кездесу үшін Нұрсұлтан Назарбаевқа алғыс айтып, ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің сәлемін жеткізді. ҚХР қорғаныс министрі сондай-ақ Қазақстан Президентінің елдің жаңа келбетін қалыптастыруға қосқан үлесін атап өтті. – Біз Сізді ұлы саясаткер және стратег санаймыз. Сіз Қазақстанның қалыптасуы мен дамуына зор үлес қостыңыз, халық арасындағы беделіңіз зор, – деді Чан Ваньцюань.
Т
рт о й ға т а
у
ЕРТАЙ АУЫЛЫНДАҒЫ ЕРЕКШЕ МЕКТЕП
ЕРТАЙ АУЫЛЫНДАҒЫ ЖАҢА МЕКТЕПТІҢ АШЫЛУ САЛТАНАТЫ ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНЫҢ 550 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙ ТОЙЫМЕН ТҰСПА-ТҰС КЕЛДІ. ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫ ЕКІ ЖЫЛҒА ЖОСПАРЛАНҒАН 120 ОРЫНДЫҚ МЕКТЕПКЕ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БЮДЖЕТТЕН 392 МИЛЛИОН ТЕҢГЕ БӨЛІНГЕН. ОНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫН «САМҒАУ ФИРМАСЫ» ЖАУАПКЕРШІЛІГІ ШЕКТЕУЛІ СЕРІКТЕСТІГІ ЖҮРГІЗДІ.
КЕҢЕСХАН ҚАЖЫ МЕШІТІ МҰСЫЛМАНДАРҒА ЕСІГІН АЙҚАРА АШТЫ
Тараз қаласының орталығында бір уақытта мың жамағат зиярат ететін зәулім мешіт ашылды. Қарахан кесенесінің жанынан бой көтерген бұл мешіттің ашылуына еліміздің ҚМДБ-ның төрағасы, бас муфти Ержан қажы Малғажыұлы, облыс әкімі Кәрім Көкірекбаев және «Һибатулла Тарази» мешітінің бас имамы Данияр Жұмабаев қатысып, мұсылмандар қауымына құтты болсын айтты. Бас муфти жамағатқа мешіттің атын Қазақстан мұсылмандар діни басқармасы шешімімен Кеңесхан қажы мешіті аталғанын жария етті. Қасиетті Құран кітабын мешітке сыйға тартты. Салтанатта облыс әкімі Кәрім Көкірекбаев:
=ТАЛАС
Қаратау қаласындағы Орталық саябақты жөндеуге, көркейтуге республикалық бюджеттен 60,2 миллион теңге қаражат бөлінген болатын. Сол қаражатқа «Талас-Таза қала» ЖШС абаттандыру, жөндеу жұмыстарын жүргізді. Кіре беріске сәнді де биік арқалық орнатылып, ішкі жаяу жолдардың бордюрлері жаңартылды. Алаңшаларға балалар ойнайтын түрлі әткеншектер әкелініп, демалушылардың игілігіне ұсынды. Жақында қала халқының қатысуымен аудан әкімі Б.Рысмендиев, аудандық мәслихат хатшысы Ж.Әсемов және ардагерлер Кеңесінің төрағасы Ж.Шәріповтер жаңарған саябақтың алқызыл лентасын қиып, құттықтады. =ШУ
ДІНІҢ ТҰРСЫН ДІН АМАН
Қанат ТІЛЕПБЕРГЕН, «Ақ жол».
Ақтоғай ауылының тұрғыны болған,Ұлы Отан соғысының ардагері, ұста Иса Сауытбекұлының 500 килограмдық су диірмені Т.Мақашев атындағы аудандық тарихи-өлкетану мұражайына тапсырылды. Өңір тарихынан сыр шертетін орын осылайша тағы бір жәдігермен толықты. Майдангер ұстаның 1953 жылы жасаған диірмені Ақтоғай ауылындағы өзеннің сарқырамасына орнатылып, аудан тұрғындарына ұн тартатын орынға айналған. 1977 жылы әкесі өмірден өткен соң, ұлы Тахир диірменмен ұн тартуды одан әрі жалғастырып, ел үшін қайырымды іс атқарып келді.
– Қадірменді ағайын, құрметті тараздықтар, қала қонақтары, сіздерді Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойымен, құлпырған Таразда тағы бір мешіттің ашылуымен құттықтаймын. Күні кеше арамызда жүрген Кеңесхан Ахаев ағамыз осыдан алты ай бұрын осы мешіттің іргесін қалауды бастаған болатын. Игі істің бастамашысы болған Кеңесхан ағамыз дүниеден өтсе де балалары, ұрпақтары, күйеу балалары ісін аяғына дейін жеткізді. Нұрлан, Мақсат, Бақыт және Маржан жеңеше, сіздерге мың алғыс. Мал таппайтын адам жоқ, Кеңесхан ағамыздың осы балалары жанар-жағармай бекеті, кафе соқса да болатын еді, жоқ, олар халыққа керек мешіт салып берді. Сауапты іс атқарды. Бүгін жұма – қасиетті күн. Алла үйінің салтанатты ашылуы құтты болсын! – деді.
(Жалғасы 3-бетте).
Мерекедегідей түрлі түсті шарлармен безендірілген білім ошағының ауласында оқушылар сап түзеді. Аудан әкімінің орынбасары Нарбай Ергебеков оқушыларды, мұғалімдерді және ата-аналарды құттықтады. – Құрметті Ертай ауылының тұрғындары. Бүгін елімізде үлкен мереке. Қазақ хандығының 550 жылдығы атап өтілуде. Сонымен бірге, аудан орталығынан шалғай орналасқан сіздердің ауылда тойға тарту ретінде жаңа мектеп ашылып отыр. Бұл мектептен елімізге белгілі талай азаматтар түлеп ұшты. Олардың ішінде сіздердің жерлестеріңіз академик Лесбек Сейтбеков, Парламент Мәжілісінің депутаты, Халық Қаһарманы, генерал-лейтенант Бақытжан Ертаев және басқа азаматтар бар. Болашақта да жаңа мектептен сондай, елге белгілі, білімді азаматтар көптеп шыға берсін! Жаңа мектеп құтты болсын! – деді. Одан кейін ауыл тұрғындарын ардагер ұстаз, көп балалы ана Гүлжан Нұрлықұлова құттықтап, осындай мектеп салып, қуанышқа
бөлегені үшін Елбасы Н.Назарбаевқа, жерлесіміз Парламент Мәжілісінің депутаты Бақытжан Ертаевқа алғысын білдірді. Ал «Самғау фирмасы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Советхан Мықтыбеков өз кезегінде өздеріне қолдау білдірген аудан басшылығына рахметін айтып, мектеп директоры Алтын Абдуалиеваға мектеп кілтін тапсырды. Марат ҚҰЛИБАЕВ, журналист. Жуалы ауданы.
Мүгедек балаларды оңалту және бейімдеу орталығында Қазақ хандығының 550 жылдығына орай «Жеңіс қаһарманы» қоғамдық бірлестігі қайырымдылық шарасын ұйымдастырды. 25 бала тәрбиеленіп жатқан орталыққа арнайы келген бірлестік мүшелері, яғни Семей ядролық полигонының ардагерлері өз сый-сыяпаттарын әзірлеп, бүлдіршіндерді шаттыққа бөледі. Қоғамдық бірлестік төрағасы Бектен Қарғабаев бастап келген ардагерлерге оңалту орталығының директоры Естай Қыстаубаева алғысын жеткізді.
Ұстамен дос болсаң, Керегіңді соқтырып аласың. Қайықшымен дос болсаң, Қайығыңды суға саларсың.
Халық мақалы.
ОБЛЫСТЫҚ ӘКІМДІКТЕ
СУ СУЫҒАНМЕН СҰРАУЫ БАР Есет ДОСАЛЫ, «Ақ жол». Облыс әкімі Кәрім Көкірекбаев өткізген облыс әкімдігінің аппараттық кеңесінде су шаруашылығы нысандарының алдағы жылға әзірлігі қаралды. Аталған саланың жалпы дайындығы жөнінде облыс әкімдігі табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Серік Қойбақов баяндама жасады. Облыс аумағында 117 су қоймасы мен су бөгеттері бар. Олардың 5-і республикалық меншікте. Облыс бойынша жалпы су шаруашылығы жүйелерінің ұзындығы
3707,5 шақырымды құрайды. Соңғы алты жылда жергілікті қазынадан бөлінген 2108,1 миллион теңгеге коммуналдық меншіктегі су шаруашылығы нысандарына, 254 су жүйелеріне ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Өткен жылы облыстың коммуналдық меншігіндегі 33 су шаруашылығы нысандарына «Ерекше аса қауіпті су шаруашылығы құрылыстары мен су жүйелерін қалпына келтіру» бағдарламасы бойынша облыстық бюджеттен 104 миллион теңге қаражат бөлініп, жөндеу жүргізіліпті. Ал, келесі жылы жалпы көлемі 297,5 миллион теңгеге 36 су шаруашылығы нысандары жөндеу көрмекші. Оның ішінде аса қауіпті Жуалы ауданындағы Дарбаза су қоймасына 55
миллион теңге, Талас ауданындағы Тамды су қоймасына 65 миллион теңге қаражат қажеттігі жөнінде облыстық бюджеттік комиссиясына ұсыныстар әзірленіп отыр. Облысымыздағы ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді ағын сумен кідіріссіз қамту мақсатында 20162019 жылдары жалпы құны 12,5 миллиард теңге Қордай ауданында «Ырғайты» мен «Қалғұтты», Меркі ауданында, «Аспара», Талас ауданында «Ақмола» шағын су қоймаларын салу, 2,7 миллиард теңгеге Тасөткел, Қарақоңыз және Ынталы су қоймаларын қайта жарақтандыру жұмыстары жоспарлануда. (Жалғасы 3-бетте).