13 қазан 2016 ж пдф

Page 1

Ж

(АБАЙ).

А

БІРІҢДІ, ҚАЗАҚ, БІРІҢ ДОС, КӨРМЕСЕҢ, ІСТІҢ БӘРІ БОС.

А ҺАН Д

және

Сарысу Сар С Сары Са ар а ары ры ысу су ау ауда а ауд уда уд уд да аны ны ауданы

Жамбыл облысты о амды саяси газет

Мой Мо М ой йы ын Мойынқұм а ау у уд уда дан да ауданы

ЖАМБЫЛДА

Мойынқұм

Шу ауданы

Талас ауданы

Төле би

Жаңатас Қаратау

Жамбыл ауданы

Меркі ауданы

Байзақ ауданы

Аса Жуалы ауданы

Т.Рысқұлов ауданы

Құлан

Қордай ауданы Қордай

Меркі

Бауыржан Момышұлы

ak-jol-taraz@rambler.ru

№119 (18313), Бейсенбі, 13 азан, 2016 жыл

www. akjolgazet.kz

Газет 1922 жыл ы 1 мамырдан шы ады.

НДА ЖАҺА

ПРЕЗИДЕНТ

ТӘУЕЛСІЗДІК ШЕЖІРЕСІ: ДЕРЕК ПЕН ДӘЙЕК

РЕСЕЙ ҒАРЫШҚА АНДРОИД-РОБОТ ЖІБЕРЕДІ

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ АСТЫҚ ЖИНАУ НАУҚАНЫНЫҢ ТАБЫСТЫ АЯҚТАЛУЫНА БАЙЛАНЫСТЫ ЕЛІМІЗДІҢ АГРОӨНЕРКӘСІП КЕШЕНІ ЕҢБЕККЕРЛЕРІНЕ ҚҰТ ТЫҚТАУ ЖОЛДАДЫ

Еліміз егемендігін алған ширек ғасыр бедерінде мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеруге көп көңіл бөлінді. Еліміздің жер-су, елді мекен атауларын орнына келтіру, оларды тарихи тұрғыдан реттеу жұмыстары мемлекетіміз Тәуелсіздік алғаннан кейін мықтап қолға алынды. Кеңес Одағы кезінде, сол замандағы тоталитарлық жүйенің әсерінен көп өзгеріске түсіп, қазақтың байырғы атауларынан бір белгі, не бір із қалмағандай еді. Бұл халқымызды ұлттық санасынан ажыратудың, бөліп-бөлшектеудің Кеңес кезеңінде жүргізілген саясаты болатын. Облысымызда Тәуелсіздік алған 25 жыл ішінде 1924 көше, 172 елді мекен,

146

Қазақст анда жиын-терін науқаны аяқталып келеді. Бұл – ауыл еңбеккерлері, агроөнеркəсіп кешені жəне бүкіл еліміз үшін а з ы қ - т ү л і к қ ау і п с і зд і г і н і ң деңгейін айқын көрсететін аса маңызды оқиға. Биылғы науқан нəтижесін Тəуелсіздіктің 25 жылдығына тамаша тарту деп бағалауға болады. Өйткені, бұл жолы жиналған астық мөлшері – осы кезеңдегі ең ірі жетістіктің бірі. Астықтың жалпы көлемі 23 миллион тоннадан асты, бұл – былтырғыдан бір жарым еседей артық көрсеткіш. Ақмола, Солтүстік Қазақстан жəне Қостанай облыстарының диқандары 5 миллион тоннадан астам астық алды. Қарағанды облысында миллион тоннадан астам астық жиналып, бұрынсоңды болмаған көрсеткішке қол жеткізілді. Ауыл шаруашылығы саласындағы өзге дəнді дақылдар бойынша да жиын-терін науқанының нəтижелері көңіл қуантып отыр. Қызылорда облысында күріштен рекордтық

нысанның атаулары қайта аталды. Халық жадынан өшірілген, ұмытылған тарихи атаулар қайтарылып, қалпына келтіру жұмыстары жалғасып келеді.

Өзін ғана ойлаған Жамандықтың белгісі, Өзгені де ойлаған Адамдықтың белгісі.

өнім алынды. Алматы, Жамбыл жəне Оңтүстік Қазақстан облыстарында көкөніс пен баубақша дақылдарының өнімділігі едəуір артты. Майлы дақылдар көлемі 1,2 есеге ұлғайып, соңғы бес жылдағы ең жоғары көрсеткішке жетеді деп болжануда. Осының барлығы мейлінше мол тер төгуді, ұдайы қамқорлықты,

зор қажырлылықты, білім мен тəжірибені талап ететін саланың бірі – егін шаруашылығының табысты дамып келе жатқанын даусыз дəлелдейді. Бұл саладағы азаматтардың бəрін құттықтап, бірден жеміс бере қоймайтын жер төсіндегі бейнетті еңбектері үшін зор алғыс білдіремін. Өткен ширек ғасыр ішінде

ауыл шаруашылығының қалай өркендегенін, Қазақстанның аграрлық держава ретіндегі өз жағдайын жақсартып қана қоймай, азық-түлік нарығындағы жаңа белестерді игеріп келе жатқанын көріп отырмыз. Осы жылдарда мемлекетіміз агроөнеркəсіп кешеніне жүйелі түрде қолдау көрсетудің тиімді мүмкіндігін тапты. Қазір ол стратегиялық басымдық ретінде қарастырылып отыр. Біз бірлесе күш жұмыл-дырып, халқымыздың өсіп-өркендеуіне септігін тигізетін, туған өлкеміздің шынайы əлеуетін көрсететін ауыл шаруашылығын жаңғыртудамыз. Қ а з і р г і з а ма н д а жо ғ а р ы технологиялы қуатты агроөнеркəсіп кешені елдің əлеуметтікэкономикалық дамуының өлшемі болып саналады. Біз Қазақстанда диқандардың адал еңбегі барынша бағаланып, ауыл шаруашылығы инвестицияға қолайлы, жаңа жобаларға, жастарымыздың күш-қуатына өріс ашатын перспективалы салаға айналуы үшін барлық жағдайды жасаймыз.

Ресей премьер-министрінің орынбасары Дмитрий Рогозин орбиталық кеме экипажының мүшесі ретінде ғарышқа аттанатын андроид-роботты таныстырды. Ол қашықтықтан басқарылатын роботты кеме экспедициясына қатыстыру үшін бейімдеуден өткізуді тиісті жерге тапсырғанын айтты. Бұған дейін Ресей үкіметі жанындағы Әскери-өнеркәсіптік комиссия 2018 жылдан кейін Ресей армиясына жауынгерлік роботтардың жеткізіле бастайтынын хабарлаған еді. ОҢТҮСТІК КОРЕЯ СМАРТФОНДАРЫН ӨШІРІП ТАСТАУҒА КЕҢЕС БЕРДІ «Samsung Electronics» компаниясы ұшақ бортында бірнеше рет өртене бастаған «Galaxy Note7» телефонының сатылымын уақытша тоқтатқанын мәлімдеді және барлық сатып алушыларға оларды өшіріп тастауды ұсынды. АҚШ сатып алушыларына арналған компания сайтында осы телефон моделін сатып алған барлық қолданушыға құрылғыны өшіріп, оны мүлдем қолданбау ұсынылды. Сонымен бірге, смартфонды «Galaxy S7» моделіне немесе 25 доллар бонусымен «Galaxy S7 edge»ге ауыстыру мүмкіндігі бары жазылған.

ЫЛ ЖАМБ

ДА

ТАРАЗ МАЛ АЗЫҒЫНЫҢ БЕРІК ҚОРЫ ЖАСАЛДЫ Биылғы жыл ырысты болды. Маусым айында нөсерден көз ашпаған өңірде шөп қалың өсті. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметінше, 1,5 миллион тонна шөп, 14 мың тонна сүрлем мен 140 мың тонна сабан жиналған. Сондайақ, бау-бақша өнімдері де мол. Дәнді дақылдардың өнімділігі әр гектарына 23,6 центнерден айналды. Бұл – Тәуелсіздік жылдарындағы ең жоғары көрсеткіш. Т. РЫСҚҰЛОВ

С

ҚҰЛАНДА ІРІ ҚАРА БАСЫ КӨБЕЮДЕ

! НШ І І Й Ү

Белгілі бапкер Нұрлан Ақүрпековтің шəкірті, Тараз қаласының тұрғыны Нұрсұлтан Аманжолов Таиландта өткен студенттер арасындағы əлем чемпионатында +91 килограмм салмақта топ жарып, жеңімпаз атанды. Ол финалдық жекпе-жекте Ресей боксшысы Сергей Смолиннен басым түсті. Жартылай финалда белорус Евгений Медникті жарыс жолынан шығарды. Құдай қаласа, аса ауыр салмақта Левит, Дычколардан басқа да талантты боксшы Тараздан да шығайын деп тұр.

Бұған дейін бірқатар додада көзге түскен Нұрсұлтан Аманжолов Бішкектегі Д.Шопоковты е ске а луға арна лған турнирде Біріккен Араб Əмірліктерінің үміті Алмерами Хамадты нокаутпен жеңген болатын. Жамбылдық алып боксшының бойы 2 метр. «Нұрсұлтан бір-екі жылда тəжірибесі толысқан боксшыға айналғалы тұр», – дейді бапкері Нұрлан Ақүрпеков. «Ақ жол-Ақпарат».

АУЫЛ ӨМІРІ: КҮЗГІ ЖИЫН-ТЕРІН

Құландық шаруалар «Ырыс» бағдарламасы арқылы мүйізді ірі қара басын көбейтуде. Бағдарлама аясында «Шалқар» шаруа қожалығы 150 бастық сауын сиыр фермасының құрылысын жүргізуде. Ал «Созақбай» және «Жеті баба» шаруа қожалықтары әрқайсысы 50 бас ірі қараға, одан бөлек, «Ақ қайнар» шаруа қожалығы – 50, «Береке» шаруа қожалығы 100 басқа арналған ферма құруға құжаттары мен кепілдіктерін түгендеп, асыл тұқымды шаруашылықтардан МІҚ малын алуға келісімшарттар жасасуда.

ТАРАЗ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ! Сіздерді 2016 жылдың 14 қазаны к ү н і с а ғ ат 1 9 . 0 0 - д е о р т а л ы қ стадионда «Қала күні» мерекесіне арналған салтанатты іс-шараны тамашалауға шақырамыз! Аталған іс-шараға Қазақстан эстрада жұлдыздары Айқын Төлепберген, Ғаділбек Жанай жəне «Тарту» тобы қатысады. Келіңіздер, көріңіздер!

ЖАЗЫЛЫМ – 2017

«АҚ ЖОЛ» – әр шаңыраққа! Дархан ҚЫДЫРӘЛІ «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы.

ИННОВАЦИЯНЫҢ ИГІЛІГІ ДЕГЕН ОСЫ

Ахмет БАЙТҰРСЫНҰЛЫ: «Газет — халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек. Дүниеде болып жатқан істер, сөйленіп жатқан сөздер — кімге пайдалы? Кімге зарарлы екендігін күні бұрын біліп, пайдалы болса, шаттанып, зарарлысынан сақтандырып тұрады».

«ҚАЗПОШТА» БАЙЛАНЫС БӨЛІМШЕЛЕРІНДЕ:

БІРЛІКҮСТЕМДІКТЕР ПИЯЗДЫҢ ӘР ГЕКТАРЫНАН 100-120 ТОННАДАН ӨНІМ АЛУДА Петр НОРКИН, журналист. Күз – ауыл шаруашылығы еңбеккерлері үшін қауырт шақ. Атап айтқанда, олар пияз жəне басқа да бақша дақылдарының жиын-терін жұмыстарына қызу кірісіп кеткен. Бірлікүстемдік диқандар жаңа технологияларды пайдалану жөнінен ауданда алда келеді. Олар тиімді тəсілді ауданда бірінші болып қолға алды жəне жаңа технологиямен өсірілетін дақыл көлемі артып отыр. Бұған

Нұрбек Қарауылов жетекшілік ететін «Бірлікүстем» шаруа қожалығындағы тамшылатып суарылған пияз алқабының көлемі 110 гектарға жеткендігі айқын дəлел.Мысалы, биыл егіс алқабының əр гектарынан 100-120 тоннадан пияз алынуда. Бұл – бұрын-соңды болып көрмеген табыс. Сондай-ақ, Ибрагим Юсупов басқаратын «Agrowest» шаруа қожалығы да бақша өнімдерін өсіру бағытында суарудың жаңа технологиясын ауданда тиімді пайдаланып келеді. Ол бұл жөнінде: – Бұрындары су шықпайтын егістік жердің біразы бос жататын. Арамшөп басып, кəдеге жарамайтын. Қазір

тамшылатып суарудың нəтижесінде сондай жерлерге қарбыз өсірілуде. Қарбыз болғанда дəмі тіл үйіретін тəтті қарбыздар. Енді басқа дақылдарды да тамшылатып суару арқылы өсіру жайын ойластырудамыз, – дейді. Шу ауданы. Суретте: Бірлікүстем ауылдық округінің əкімі Асқар Бименбетов шаруа қожалығының жетекшісі Ибрагим Юсуповтің алқабында.

ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАР ҮШІН

ЖЕКЕ ТҰЛҒАЛАР ҮШІН

Ауылдағы кәсіпорындар мен ұйымдарға: 6 айға – 3184,14 теңге 1 жылға – 6368,28 теңге ИНДЕКСІ 15457

Ауыл тұрғындарына: 6 айға – 2934,12 теңге 1 жылға – 5868,24 теңге ИНДЕКСІ 65457

Тараз, Қаратау, Жаңатас, Шу қалалары бойынша 6 айға – 2848,98 теңге 1 жылға – 5697,96 теңге ИНДЕКСІ 15457

Тараз, Қаратау, Жаңатас, Шу қалалары бойынша 6 айға – 2598,96 теңге 1 жылға – 5197,92 теңге ИНДЕКСІ 65457

ТАРАЗ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ ҮШІН: «Эврика-пресс» ЖШС, «Тараз-пресс» ЖШС, «ERNUR-PRESS» ЖШС бөлімшелері арқылы жазылуға болады.


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.