ДОСЫ КӨПТІ ЖАУ АЛМАЙДЫ, АҚЫЛЫ КӨПТІ ДАУ АЛМАЙДЫ
Жамбыл облыстық қоғамдықсаяси газет
№156-157 (18013-18014), Бейсенбі, 13 қараша, 2014 жыл
ak-jol-taraz@rambler.ru
www. akjolgazet.kz
Газет 1922 жылғы 1 мамырдан шығады.
ҚАЗАҚ ЕЛІ, ҚАРЫШТЫ ҚАДАММЕН ТЕК ҚАНА АЛҒА!
Президент Нұрсұлтан Назарбаев «Нұр Отан» партиясы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысы аясында «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды деп ешкім күтпеген болатын. Сондықтан да бұл қазақстандықтар үшін көңіл аударып, құлақ түрерлік елеулі оқиға болды. Жолдаудың парасатты пайымға толы әр сөзін Елбасының ел деп соққан үлкен жүрегінің жыры мен сыры деп ұғуға болады. – «Нұрлы Жол» Жаңа Экономикалық Саясаты – әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына бару жолындағы біздің ауқымды қадамымыз, – деді Елбасы. Сонымен, Мемлекет басшысы ұлғайып келе жатқан әлемдік экономикалық дағдарыстың ел жағдайындағы қаупінің алдын алу үшін жедел іске көшіп, «Нұрлы жол» Жаңа Экономикалық Саясатының басымдықтарын жария етті. Ұлт мүддесі үшін сары майдай сақтап жүрген Ұлттық қор қаражатынан қомақты қаржы бөліп, ел әлеуетін арттыра түсуге Үкіметке тапсырма беріп, Ұлықтық танытты.
НҰРЛЫ ЖОЛ – БОЛАШАҚҚА БАСТАР ЖОЛ
МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫ
(ЖАЛҒАСЫ 4-БЕТТЕ).
ПРЕЗИДЕНТ
Құрметті қазақстандықтар!
БАҒДАРЛАМАНЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУҒА БҮКІЛ ӨҢІРЛЕР ҚАТЫСУЫ ҚАЖЕТ
Елбасы Нұрсұлтан Наз арбаев облыс әкімдер ім ен кездесті, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Кездесуде Елбасы Қазақстан халқына Жолдауында жария етілген жаңа экономикалық бағдарламаны жүзеге асыруға бүкіл өңірлер қатысуы қажеттігін айтты. Нұрсұлтан Назарбаев алға қойылған барлық міндеттерді
жүзеге асыру үшін облыс әкімдерінің бар мүмкіндіктерін тиімді пайдалануы керектігіне назар аударды. Сондай-ақ, әкімдер През ид ентке өздері басқарып отырған өңірлердің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен негізгі мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылу барысы туралы баяндады.
ҮКІМЕТ
МІНДЕТТЕР АУҚЫМЫ КЕҢ, БІЗ ОЛАРДЫ ІСКЕ АСЫРУЫМЫЗ КЕРЕК «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Президент Жолдауын жүзеге асыру бойынша кешенді жоспар ҚР Үкіметінің жедел отырысында қаралды. «Біздің міндетіміз – ел Президенті берген тапсырмаларды қысқа мерзімде әрі сапалы орындау», – деді Кәрім Мәсімов Үкімет мүшелеріне қарата айтылған сөзінде. Премьер-Министр тапсырмалардың ауқымды екенін және оларды іске асыру мерзімдері де нақты көрсетілгенін, сондықтан «арқаны кеңге салуға уақыттың жоқ» екенін атап көрсетті. Осыған байланысты Премьер-Министр тиісті мемлекеттік органдардың басшыларына бірқатар шұғыл тапсырмалар берді. «Мемлекет басшысы Ұлттық қордан 2015-2017 жылдары әр жыл сайын 3 миллиард АҚШ долларына дейін қосымша қаражат бөлу керектігін жариялады. Ұлттық экономика, Қаржы
және Әділет министрліктері өзге де мүдделі органдармен бірлесе отырып, тиісті нормативтік-құқықтық актілердің жобаларын дайындасын және олар ағымдағы жылғы 14 қарашада Үкімет отырысында қаралсын», - деді К.Мәсімов. Сондай-ақ, Премьер-Министр Ұлттық экономика министрлігіне ағымдағы жылғы 10 желтоқсанға дейін 5 жылға арналған инфрақұрылымдық даму жоспарының жобасын Үкімет қарауына енгізуді тапсырды. Аталған жоспардың нақты бағыттарына жауап беретін мүдделі министрліктерге 20 қарашаға дейін тақырыптық бөлімдердің жобаларын ұсыну жүктелді. Премьер-Министр Ұлттық экономика министрлігіне үстіміздегі жылғы 1 желтоқсанға дейін кәсіпкерлік субъектілерді қаржыландыруды қамтамасыз ету бойынша Үкімет пен Ұлттық банктің бірлескен іс-қимыл жоспарын бекіту
туралы қаулы жобасын дайындауды тапсырды. Сонымен қатар, Кәрім Мәсімов Ұлттық экономика министрлігіне Президент Әкімшілігімен және мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесе отырып, Елбасы Жолдауын іске асыру жөніндегі Жалпыұлттық жоспардың жобасын әзірлеп, оны Үкіметтің келесі отырысында қарау туралы тапсырма берді. «Президенттің Жолдауда берілген әрбір тапсырмасы – бұл әрбір басшының жеке жауапкершілігі. Оның сапалы әрі мерзімінде орындалуына, Мемлекет басшысы айтқандай, талап өте қатаң болатынын» Премьер-Министр ерекше атап көрсетті. «Біз жұмыстың үйлесімділігі мен Ұлттық қордан бөлінген қаражаттың тиімді әрі ұтымды игерілуін қамтамасыз етуіміз қажет. Міндеттер ауқымы кең, біз оларды іске асыруымыз керек», - деді К.Мәсімов.
Бүгінде бүкіл әлем жаңа сындармен және қатерлермен бетпе-бет келіп отыр. Әлемдік экономика әлі де жаһандық қаржы-экономикалық дағдарыс салдарынан айыға қойған жоқ. Қалпына келу өте баяу және сенімсіз қадамдармен жүруде, ал кейбір жерлерде әлі құлдырау жалғасуда. Геосаяси дағдарыс пен жетекші державалардың санкциялық саясаты әлемдік экономиканы қалпына келтіруде қосымша кедергілер туындатуда. Мен өзімнің тәжірибемнен алдын ала сезіп отырғанымдай, таяудағы жылдар жаһандық сынақтардың уақыты болады. Әлемнің бүкіл архитектурасы өзгереді. Барлық елдер осы күрделі кезеңнен лайықты өте алмайды. Бұл шептен тек мықты мемлекеттер, жұдырықтай жұмылған халықтар ғана өтетін болады. Қазақ стан, әлемдік экономиканың бір бөл шегі және геосаяси қысымның эпи центріне тікелей жақын орналасқан ел ретінде, барлық осы үдерістердің теріс ықпалына тап келеді. Нәти жесінде не болып жатқанын біз көріп отырмыз: әлемдік нарықтарда баға құлдырауда және тұтастай алғанда, экономикалық өсім баяулауда. Халықаралық валюта қоры мен Дүниежүзілік банк тарапынан 2014 және одан кейінгі екі жылда әлемдік экономиканың дамуында болжам төмендеу жағына қарай қайта қаралғаны белгілі. Сондықтан кейбір позицияларды жедел түрде қайта қарап, сондай-ақ, алдағы кезеңдердің жоспарларына түзетулер енгізу қажет. Бізде ырғалып-жырғалуға уақыт жоқ.
Бүгін айтылатын шараларды 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап жүзеге асыру керек. Біз теріс үрдістердің алдын алу үшін барлық ықтимал шараларды жедел қабылдауға тиіспіз. Бүгін менің тапсырмам бойын ша Үкімет белсенді жұмысқа кірісіп кетті. Біз 2015 жылға арналған респ убликалық бюдж етт ің пара метрлерін қайта қарадық. Бұл дұрыс, өйткені, біздің экспорттық шикізат ресурстарына бағаның құлдырауы бюджеттің кіріс бөлігіне қаржы түсуін төмендетуге алып келуде. Бірақ, соған қарамастан, Үкімет алдына оңай емес, алайда, нақты міндет – барлық әлеуметтік міндеттемелерді толық көлемінде қамтамасыз ету міндеті қойылып отыр. Дағдарыс жағдайларында, әлем дік тәжірибе көрсетіп отырғанын дай, экономикалық саясатты қайта бағдарлаулар жүріп жатыр. Қолдауды экономикалық өсім мен жұмыс пен қамтуда аса үлкен мультипли кат ивті тиімділік беретін салалар алуы тиіс. Мұндай тәжірибе бізде бұған дейін болған. Біздің 20072009 жылдардағы дағдарысқа қар сы табысты шараларымызды еске алсақ та жеткілікті. Көріп отырған дарыңыздай, өмір біздің жоспар ларым ызға түзетулер енгізуде. Және біз партияның тұғырнамасын бүгінгі күн шындығы тұрғысынан қарай отырып жаңа мазмұнмен толықтыруға тиіспіз. Менің тапсырмам бойынша Үкімет дамудың жаңа ауқымды бағдарламасын жасауды аяқтады. Бүгінде, алдымызда тұрған сынқатерлерге жауап бере отырып, мен Қазақстанның «Нұрлы Жол» Жаңа
Экономикалық Саясаты туралы жариялаймын. Мен 2015 жылға арналған халыққа жаңа Жолдауымды осыған арнаймын. Ол контрцикл ды сипатқа ие болады және біздің экономикамыздағы құрыл ымдық реформаларды жалғастыруға бағытталады. Бұл нені білдіреді? Сыртқы нарықтардағы жағдай оңтайлылығымен ерекшеленіп, мұнай мен біздің экспорттық өнім дерімізге баға айтарлықтай жоғары деңгейде болған жылдары біз шикізат экспортынан түскен табыстарды Ұлттық қорға бағыттап келдік. Ұлт тық қордың негізгі міндеттерінің бірі біздің экономикамыздың сыртқы естен тандырулар алдындағы ор нықтылығын, оның ішінде, табиғи ресурстарға баға төмендеген жағдай да да, жоғарылату болып табылады. Осы жылдардың бәрінде шикізат өндіру мен одан түскен табыстарды біз осы Қорға салып келдік. 10 миллиард долларды біз 2007-2009 жылдардағы дағдарысқа қарсы күреске бағыттадық. Қалған ақшаны ішіп-жеп және жұмсап қойған жоқпыз, сақтадық және көбейттік. Қазір біз осы резервтерді пайдалануға тиіс болатын кезең туындап келеді. Бұл қаржы қиын уақыттарды еңсе ріп, экономикамыздың өсімін ынта ландыруға көмектесетін болады. Бұл ресурстар қысқа мерзімдік шараларға арналмаған. Олар экономиканы әрі қарай қайта құрылымдауға бағытталатын болады. Нақты айт қанда, көліктік, энергетикалық, индустриялық және әлеуметтік инфрақұрылымдарды, шағын және орта бизнесті дамытуға бағытталады. (Жалғасы 2-бетте).