13 қыркүйек пдф

Page 1

ДОСЫ КӨПТІ ЖАУ АЛМАЙДЫ, АҚЫЛЫ КӨПТІ ДАУ АЛМАЙДЫ

Жамбыл облыстық қоғамдықсаяси газет №129 (17986), Сенбі, 13 қыркүйек, 2014 жыл

ak-jol-taraz@rambler.ru

www. akjolgazet.kz

l ЖАМБЫЛ

Еңбек ауылының тұрғыны, жас ақын Қуаныш Ауғанбаев өткен жылы Астанада өткен «Бәріміз бірдейміз – кемсітуді білмейміз» атты республикалық фестивальда «Алтын қауырсын» номинациясы бойынша бірінші орынды иеленген еді. Енді жас ақынның «Тектұрмас жаққа ұшқан құс» атты жыр жинағы Алматыдан жарық көрді.

Газет 1922 жылғы 1 мамырдан шығады.

«БАТЫС ЕУРОПА – БАТЫС ҚЫТАЙ»: ЖАҢА ЖІБЕК ЖОЛЫ

ШЫҰ: АЛТАУ АЛА БОЛМАСЫН

l ЖУАЛЫ

Аудандық орталық кітапханада көзі көрмейтін және нашар көретін жандарға арналған бөлім ашылды. Жаңа бөлімге компьютер, «Браиль» машинкасы алынып, жұмыс істеуде. Осы топқа жататын оқырмандарға СD дискілерімен музыка тыңдап, газет-журналдар оқып, жаңалықтармен танысуға мүмкіндік туды.

ҮЛКЕН МІНДЕТТЕР АЙҚЫНДАЛДЫ

l ҚОРДАЙ

2038 шекаралық бөлімі сарбаздарының арасында мемлекеттік тілді меңгеруі бойынша өткізілген байқаудың жеңімпазы жас шекарашы Николай Воробьевке Шымкентте Қазақстан халықтары тілдері мерекесіне арналған байқауға жолдама берілген еді. Жуырда Н. Воробьев одан да бірінші орынды иеленіп, жеңіспен оралды. l МОЙЫНҚҰМ

Облыстық бюджеттен бөлінген 22,9 миллион теңгеге «Оңғарбай», «Күшаман», «Коминтерн», «Көкжелек», «Ақиық» каналдары аршылып, гидротехникалық құрылғылар салынуда. «Радай» өзеніне су реттейтін гидроқұрылғы орнатуға да 373,4 миллион теңге бөлініп, құрылыс алдағы қараша айында аяқталады деп күтілуде.

ЖОЛЫҢ БОЛСЫН, ЖОЛАУШЫ! ЕЛБАСЫ ШАНХАЙ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ҰЙЫМЫНА МҮШЕ МЕМЛЕКЕТТЕР БАСШЫЛАРЫ КЕҢЕСІНІҢ ШАҒЫН ҚҰРАМДАҒЫ ОТЫРЫСЫНА ҚАТЫСТЫ. ОТЫРЫСҚА ШЫҰ-ҒА МҮШЕ МЕМЛЕКЕТТЕРДІҢ БАСШЫЛАРЫ: ҚХР-ДАН – СИ ЦЗИНЬПИН, ҚЫРҒЫЗСТАННАН – А.АТАМБАЕВ, РЕСЕЙДЕН – В.ПУТИН, ТӘЖІКСТАННАН – Э.РАХМОН ЖӘНЕ ӨЗБЕКСТАННАН – И.КАРИМОВ ҚАТЫСТЫ. ОТЫРЫС БАРЫСЫНДА ҚАЗАҚСТАН ПРЕЗИДЕНТІ ӘЛЕМДЕГІ ТҰРАҚСЫЗ ГЕОСАЯСИ ЖӘНЕ ГЕОЭКОНОМИКАЛЫҚ АХУАЛ ЖАҒДАЙЫНДА ШАНХАЙ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ҰЙЫМЫ ҮШІН БАСЫМДЫҒЫ БАР МІНДЕТ САНАЛАТЫН БІРҚАТАР ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРДІ АЙҚЫНДАП БЕРДІ.

Мемлекет басшысы негізгі мәселелердің бірі ретінде ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер арасындағы шешілмеген шекара проблемаларын атады. Ол сенім шараларын нығайтуды және шекара ауданында қарулы күштерді қысқартуды қарастыратын ШЫҰ-ның Шанхай және Мәскеу келісімдері секілді базалық құжаттарының ережелерін сақтаудың айрықша маңыздылығына назар аударды. Нұрсұлтан Назарбаев азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің экономикалық ынтымақтастығының маңызды бағыттарының бірі саналатынын айтты. – Сарапшылардың болжауынша, 2050 жылға қарай Жер жүзінің халқы 9 миллиардқа жетеді. Сонымен бір мезгілде таяу 10 жылда ауа райының ауытқуы салдарынан азық-түлік өндірісінің көлемі қысқарады. Мұндай беталыс азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету тетіктерін құру және соған сәйкес Ынтымақтастық бағдарламасын бекіту туралы Қазақстанның бастамасын талқылауды жаңғырту қажеттігін көрсетеді, – деді Мемлекет басшысы. Сонымен қатар, Елбасы су тапшылығы мәселесі өңірдегі тұрақтылық пен қауіпсіздікке ықпал ететін салмақты проблема екендігіне тоқталды. Осыған байланысты Мемлекет басшысы Қазақстан ұсынып отырған Су комитетін құру осы мәселені шешу бағытындағы ынтымақтастықтың іс жүзіндегі тетігіне айналуы мүмкіндігін айтты. Соңында Мемлекет басшысы отырысқа қатысушылардың назарын ШЫҰ аясындағы бірқатар мәселелерге аударды. Соның ішінде Елбасы ШЫҰ басымдықтарының жекелеген қатысушымемлекеттердің ұлттық мүдделерімен сәйкеспеуі салдарынан жүзеге асуы тежеліп отырған жобалар мен бастамаларды, сондай-ақ, бірқатар маңызды экономикалық жобалардың ілгерілеуін қиындатып отырған қаржылық ресурстардың жоқтығын атады. * * * Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Душанбедегі ШЫҰ Саммиті кезінде Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен кездесті. Кездесу барысында сауда-экономикалық, инвестициялық, мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты өзара іс-қимыл мәселелері, сондайақ, халықаралық күн тәртібіндегі өзекті жайттар талқыланды. Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путин екі елдің халықаралық және өңірлік ұйымдар, соның ішінде Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы ынтымақтастығына да назар аударды. Сонымен қатар, Мемлекет басшылары 26 тамызда Минскіде өткен Кеден одағы елдерінің, Украинаның басшылары мен Еуропалық одақ өкілдерінің кездесуі кезінде жасалған уағдаластықтардың іске асырылу барысын талқылады.

l ШУ

ҚОРДАЙ АСУЫНДАҒЫ 80 ШАҚЫРЫМ АЙНАЛМА ЖОЛ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

Құрманбек ӘЛІМЖАН, «Ақ жол». «Ұлы Жібек жолын» бес ғасырдан кейін қайта тірілтіп, Батыс пен Шығысты жалғастыратын жаңа сауда магистралін салу Елбасы өзі ұсынған іргелі жоба. Ресейдегі Санкт-Петербургтен Қытайдың Чженчжоу Ляньюньган қаласына дейінгі 8445 километрге созылған алып дәліздің үштен бір бөлігі, яғни, 2787 шақырымы (оның 2452 шақырымы жаңадан салынуда) Қазақстан аумағымен Ақтөбе, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл және Алматы облыстарының жерін көктей өтеді. Мамандардың болжауынша бұл дәліз толық іске қосылғанда Шығыс және Орталық Азия, Ресей және Еуропа елдері арасындағы жүк тасымалының шамамен сексен пайызы Қазақстан арқылы өтетін болады. « Ға с ы р қ ұ р ы л ы с ы » ата н ы п о т ы р ға н автобанның 495 шақырымы біздің облыстың аумағымен өтеді. Күні кешеге дейін оның қ ұ р ы л ы с ы а я қ т а л ға н 3 3 2 ш а қ ы р ы м ы пайдаланылып келген болса, кеше Қордай асуын айналып өтетін 80 шақырым бөлігі де іске қосылды. Сөйтіп, оңтүстіктен Алматыға бағыт түзеген жол бұрынғыға қарағанда кемінде елу шақырымға қысқарып, онымен жүргенде едәуір уақыт та үнемделмекші. Өткен жылы ғана пайдалануға берілген «Ойтал – Қайнар» жолы енді Қордай ауылына

қарай бұрылмастан тіке тартып, Кенен ауылының тұсынан шығады. Бұл автотрасса II техникалық санатқа сәйкес екі жүру жолағымен салынып, пайдалануға беріліп отыр. Жолдың бұл телімінің құрылысын түркиялық мердігер «Дженгиз Иншаат» АҚ 2011 жылдың қыркүйек айында бастаған болатын. Жобалық-сметалық құны 18 миллиард 290 миллион теңгеге бағаланған жолдың 69,5 шақырымы 25 сантиметр қалыңдықтағы бетоннан құйылған, Шоқпар жоталарымен өтетін 10,5 шақырымына қиыршық тас қосылған асфальт төселген. Жолдың өн бойында жергілікті тұрғындардың техникасы мен малын өткізуге арналған үш көпір, сегіз жол асты өткелдері жасалған. Енді осы жолды бірінші санатқа жеткізетін қалған екі жүру жолағының құрылысын жалғастыруға қаржы қарастырылуда. Кеше Қайнар ауылы тұсындағы жол айрығында жаңа жол бөлігінің ашылуына арналған салтанат өтті. Оған еліміздің Инвестиция және даму министрлігі Автомобиль жолдары комитеті төрағасының орынбасары Амангелді Беков, облыс әкімінің бірінші орынбасары Бекболат Орынбеков, облыстық және аудандық сала басшылары қатысты. Министрліктің өкілі Амангелді Әуесқанұлы бүгін пайдалануға беріліп отырған жол әлі жұмыстың жартысы екенін атап көрсетті. – Парламент депутаттары мен облыс әкімдігінің

Шу қаласындағы Ғани Мұратбаев атындағы көшенің 42 жеке тұрғын үйіне көгілдір отын кіргізіліп, көше тұрғындарын қуанышқа бөледі. Бұған қоса осы көшенің жолы жөндеуден өткізілді. Жүргізілген жұмыстарға көше тұрғындары дән риза.

ұсынысымен жол құрылысының екінші кезегін қаржыландыру мәселесі шешімін тауып, жұмыстар жалғастырылуда, – деді ол. – Бұл жол бөлігі де келесі жылдың соңына дейін төрт жолақты бірінші санатқа жеткізілетін болады. Сондықтан, екінші жолақта құрылыс жұмыстарының жалғасып жатқанын ескере отырып, қауіпсіздік мақсатында жол қозғалысы уақытша бір бағытта ғана ашылып отыр. Яғни, «Алматы – Тараз» бағыты жаңа жолмен, ал «Тараз – Алматы» бағыты бұрынғысынша ескі бағытпен Қордай арқылы жүргізіледі. Ал автобанның құрылысы толығымен келесі жылдың соңында аяқталады. Б. Орынбеков қысқаша құттықтау сөз сөйлеп, жолаушыларға жол болсын айтты. Сол-ақ екен, жол полициясы қызметкерлері белгі беріп, «ТаразАлматы» және «Алматы-Тараз» бағытындағы ауыр жүк көліктері, автобустар мен жеңіл көліктер көлденең керілген көк түсті лентаны үзіп, жаңа жолмен сапарын жалғастыра бастады. Дыбыс күшейткіштен әуелеп тұрған музыка ырғағымен үндесе: «Жолың болсын, жолаушы!», «Бабалар жолы – елдіктің елшісі», «Жаңа жол құтты болсын, ағайын!» деген құттықтау тілектер саңқылдап естіліп тұрды.

Атадан - өсиет, Анадан - қасиет.

Қордай ауданы.

Халық мақалы.

Суретті түсірген Алтынбек ҚАРТАБАЙ

14 ҚЫРКҮЙЕК – ОТБАСЫ КҮНІ

ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫ

ОЛ МЕМЛЕКЕТТІКТІҢ БЕРІК ҰСТЫНЫ САРА МӘДИЕВА, ОБЛЫСЫ ӘКІМІ ЖАНЫНДАҒЫ ӘЙЕЛДЕР ІСТЕРІ ЖӘНЕ ОТБАСЫ – ДЕМОГРАФИЯЛЫҚ САЯСАТ ЖӨНІНДЕГІ КОМИССИЯНЫҢ ХАТШЫСЫ. Кез-келген мемлекет пен қоғамның өмір сүруі оның біртұтастығының сақталуына тәуелді. Бәлкім, сондықтан да болар, Республика Президенті тілін, тарихын, мәдениеті мен дәстүрін қадірлей білген халықтың ғана толыққанды ұлт бола алатындығын, ал қоғамда салт-дәстүр үрдістерін сақтаудың маңызды институты – отбасы болып табылатындығын, соған байланысты, мемлекеттікті нығайтудың

маңызды факторы ретінде, ең алдымен дәстүрлі отбасылық құндылықтардың қадіріне жету қажеттігін атап көрсеткен-ді. Міне, осынау маңызды міндеттің үдесінен шығу үшін, әуелі тартымды отбасы үлгісін қалыптастыруға жағдай туғызу қажет. Өйткені, қай уақытта да болсын, қоғамның әлеуметтік-экономикалық құрылымы ауысқанымен, отбасы тұрақты түрде оның арқау-негізі болып қала беретіндігі белгілі. Осыны ескерген Елбасы «Отбасылық құндылықтарды, көпбалалы ата-ана болуды насихаттау — бұл біздің мемлекетіміздің ең басты міндеттерінің бірі», — деп өркениеттілікке қарай көштің бетін түзеген қоғамымыздың алдында тұрған басты басымдықтарды айқындап берді. (Жалғасы 2-бетте).

«Ақ жол-Ақпарат».

І!

Д ЕЛ

ОҚЫРМАН ЖӘНЕ ГАЗЕТ

ЖАЗЫЛЫМ – 2015

Мен «Егемен Қазақстан», «Ақ жол», «Ғұмырдария», «Талас тынысы» газеттерін, «Математика» журналын жыл сайын үйге жаздырып аламын. Жасым қазір бірі кем 80-де. Өмірімнің мағыналы 70 жылын Талас ауданында өткіздім. Өзім Таразда тұрсам да, бар ой-санам, жүрегім туған топырағым – Талас өңірінің, Талас өмірінің бар тыныс-тіршілігін біліп-сезгісі келеді. Аудандық газет сонысымен мені қызықтырады. Мен адамның санасы әлі аша алмаған табиғаттың жұмбағы бар екеніне сенемін. Міне, ағымдағы жылдың 26 тамыз күнгі «Ақ жол» газетінде «Жердің егізі табылды» деген ғылыми жаңалық жарияланды. Осылай табиғаттың бізге белгісіз жұмбақтарын ғылым аша бермек. Жақын арада 2015 жылға баспасөзге жазылу науқаны басталады. Кейбіреулер «Газет-журналға

АБАЙ ОҚУЛАРЫ

ЖИДЕБАЙДАН ЖҮЛДЕЛІ ОРАЛДЫ Р

ГАЗЕТТІҢ РЕҢІ КІРДІ Алматай ТӨЛТАЕВ, ҚР білім беру ісінің үздігі, еңбек ардагері.

ЕК

жазылудың не керегі бар, үйдегі компьютерден-ақ тауып алып оқымайсың ба?», – дейді. Оған үңіліп, сығалап отыратын жас емеспіз. Оның үстіне көз де бұрынғыдай жарыққа қарауға шыдас бермейді. Кейбір басқа басылымдарды кітапханаға барып та оқып жүреміз. Алайда, жазылған басылымдарды үйде қолыңа ұстап, көзіңмен көріп, еш алаңдамай, мейірлі пейіліңмен тыныш отырып оқығанға не жетсін! «Ақ жол» газетінің бас редакторы Көсемәлі Сәттібайұлына айтар рахметім мол! Ол басылымға басшылыққа келген бес ай ішінде «Ақ жолдың» реңі кіріп қалды. Безендірілуінің өзі анадайдан көз тартады. Газеттің мазмұны да артты. Облысымыздың айнасы – «Ақ жол» газетіне жазылым басталысымен жазылуды дәстүрге айналдырғанмын. Алла қаласа, келесі жылы да сүйікті газетіммен қауышып, мағыналы мақалаларын үзбей оқитын боламын. Тараз қаласы.

БӘ

Табиғат АБАИЛДАЕВ, «Ақ жол». Ұлтымыздың ұлы ақыны Абай Құнанбаев оқулары биыл он бесінші мәрте өткізіліп отыр. Жидебайда ұйымдастырылған дәстүрлі додаға облысымыздан үздік шыққан жас таланттар қатысып, жүлделі оралды. Үш кезеңнен тұратын байқаудың алғашқы «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы» бөлімі бойынша Меркі ауданындағы №39 мектеп-гимназиясының оқушысы Назерке Бақтыгерей 1-орынды иеленді. Ол Абайдың үш жүз өлеңін, екі поэмасын жатқа біледі екен. «Көңілім әнді ұғады» деп аталатын екінші бөлімде өнер көрсеткен қазақ түрік лицейінің оқушысы Мәрлен Қосақов үшінші орынды қанжығаға байлады. Ал Абайға арнау өлеңдерін оқыған жас ақындар сынында облыс намысын қорғаған Ерсін Елемес еліміздің Білім және ғылым министрлігінің грамотасымен марапатталып, арнайы сыйлыққа ие болды. Ол «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» кезеңінде сынға түсті. «Біздің өңірдің намысын қорғап жүрген білім алушылар жылда жоғары нәтиже көрсетіп келеді» дейді ҚР Білім беру ісінің үздігі Қаншайым Иманәлиева оқушылардың дайындығының қалыпты деңгейде болғанын сөз етіп.


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.