13 желтоксан пдф

Page 1

Жамбыл облыстық қоғамдықсаяси газет

№170 (18027), Сенбі, 13 желтоқсан, 2014 жыл

ak-jol-taraz@rambler.ru

ПРЕЗИДЕНТ

www. akjolgazet.kz

Сөз қуған пәлеге жолығады, Шаруа қуған олжаға жолығады. Халық мақалы.

Д

ҮНІНЕ ТАРТУ

ТАСЫ ДА АЛТЫН, ҚОРДАЙДЫҢ ТАУЫ ДА

алтын

Газет 1922 жылғы 1 мамырдан шығады.

ТӘУЕЛСІЗДІК – ТҰҒЫРЫҢ, ЕГЕМЕНДІК – ЕЛДІГІҢ

Н. НАЗАРБАЕВ «АРСЕЛОР МИТТАЛ» ЕҢБЕККЕРЛЕРІНІҢ ӘЛЕУМЕТТІК ЖАҒЫНАН ҚАМТЫЛУЫНЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫН АТАП ӨТТІ

КЕШЕ ОБЛЫС ӘКІМІ КӘРІМ КӨКІРЕКБАЕВ ҚОРДАЙ АУДАНЫНДА ЖҰМЫС САПАРЫМЕН БОЛЫП, БІРҚАТАР АУЫЛДЫҚ ОКРУГТЕРДІ АРАЛАП, ЖАҢА НЫСАНДАРДЫҢ АШЫЛУЫНА ҚАТЫСТЫ.

М Е РЕ К Е

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Арселор Миттал» компаниясының төрағасы әрі бас атқарушы директоры Лакшми Митталды қабылдады. Кездесу барысында компанияның Қазақстандағы қызметінің негізгі бағыттары талқыланды. Мемлекет басшысы «Арселор Миттал» жұмысының оң нәтижелеріне тоқталды. – Жалпы, компания шығаратын өнімдерге деген бағаның көтерілуі нәтижесінде көрсеткіштердің жақсаруы, табыстың көбеюі байқалуда. Негізгі стратегиялық міндет бұрынғысынша болат өндірісін 6 миллион тоннаға дейін ұлғайту болып қала бермек, – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Қазақстан Президенті сондай-ақ компанияда жұмыспен қамтылған еңбеккерлерді әлеуметтік тұрғыдан қолайлы жағдайлармен қамтамасыз етудің маңыздылығына назар аударды. – Қазір ең басты нәрсе – өндірісте жұмыс істейтіндердің әлеуметтік көңіл-күйі. Менің теміртаулық металлургтермен және қарағандылық кеншілермен қарым-қатынасым ерекше. Сондықтан, жұмыс орындары қысқарып, жалақы төленбей жатса, олар тікелей маған хабарласады, – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Л.Миттал компания инвестицияларды еселеу арқылы өндірісті дамытуды жалғастырып жатқанын айтты. – Әлемдік экономикадағы тұрақсыздыққа қарамастан, «АрселорМиттал Теміртау» қызметі соңғы 4 жылда ұдайы кеңейіп отырды. Біз жылына орта есеппен 350 миллионнан 400 миллион долларға дейін инвестиция салдық. Домна пештері мен орталық зауыттағы өндірісті жақсартып, аясын кеңейту жұмыстарын жалғастырдық, – деді компания басшысы. Соңында компанияның ел экономикасындағы маңызды рөлі мен оның индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының екінші бесжылдығына қатысуының қажеттігі атап өтілді.

ТӘУЕЛС ІЗ

ДОСЫ КӨПТІ ЖАУ АЛМАЙДЫ, АҚЫЛЫ КӨПТІ ДАУ АЛМАЙДЫ

К ІК

Қ

Облыс басшысы аудандағы «Central Asia Gold Production» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі құрылысын жүргізген, алтын кенін өндіріп, өңдейтін зауытының ашылу салтанатына қатысты. Кәрім Нәсбекұлы бұл жобаның облыс және Қордай ауданы экономикасын дамытудағы маңызына тоқталды. Мұнда жылына 500 килограмм таза алтын өндіріліп, 150 адам тұрақты жұмыспен қамтылады. Жобаның құны – 2,1 миллиард теңге. Кәсіпорын көп ұзамай толық қуатында жұмыс істейді. Соның нәтижесінде салық және басқа да міндетті төлемдер есебінен жергілікті бюджетке жылына 200 миллионға жуық теңге түсетін болады. Облыс әкімі сондай-ақ тағы бір маңызды жобаның бірі – «Vista International» ЖШС құрылысын жүргізген жел электр стансасының ашылу рәсімінде болды. Бұл компания өткен жылы қуаты 4 мегаватт жел электр стансасының алғашқы кезегін пайдалануға берген болатын. Енді Қордайдағы жел электр стансасының жалпы қуаты жылына 59,5 миллион киловатт/сағатты құрайды. Жобаның құны – 6,4 миллиард теңге. Он үш адам тұрақты жұмыспен қамтылады.

САҢЫНДА Р А

БҰЛАҚ КӨРСЕҢ, КӨЗІН АШ ОБЛЫС ӘКІМІ К. КӨКІРЕКБАЕВ ТАЛАНТТЫ ӨРЕНДЕРДІ МАРАПАТТАДЫ

Тұрсынбек СҰЛТАНБЕКОВ, «Ақ жол». ҚАЛЫПТАСҚАН ДӘСТҮР БОЙЫНША ОБЛЫС ӘКІМІ КӘРІМ КӨКІРЕКБАЕВ ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІ МЕРЕКЕСІ ҚАРСАҢЫНДА БІР ТОП ШЫҒАРМАШЫЛ ЖАСТАРДЫ ҚАБЫЛДАП, ЖЫЛ САЙЫНҒЫ СЫЙАҚЫСЫН ТАПСЫРДЫ.

– Халқымыз әрқашан жастарға үлкен үміт артқан. Жастардың жалынды жігеріне, күш-қайратына, серпінді ісіне зор сеніммен қараған. Өз уақытында кемеңгер Абай «Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті: ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек» - деген еді. Бүгінде бұл қасиеттер жалындаған жастардың бойынан табылуы керек. Тәуелсіз еліміздің болашағы үшін осынау маңызды бағытқа Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев зор мән бере отырып, жастардың әлемдік деңгейге сай білімді, парасатты, бәсекеге қабілетті, елжанды, жан-жақты дамыған азамат болып қалыптасуына әрқашан қамқорлық танытып келеді. Мемлекет тарапынан жастарымызға жасалып жатқан барлық қамқорлықтар жалғаса беретін болады. Жастарды

достық пен ынтымаққа бағыттау ертеңгі күніміздің негізі болмақ. Этносаралық, дінаралық қатынас сияқты аса нәзік мәселелерде жастардың ой-пікірін тыңдау, ортақ ой бөлісу, оларды жігерлендіру, дұрыс жолға бағыттау кез-келген түйткілді мәселені шешуге ықпал етеді. Бүгінгі шара – әр жасқа ерекше серпін беретін, болашағына даңғыл жол ашатын игі іс деп есептеймін. Біздің қоғамымыздың келешектегі келбеті мен мемлекетіміздің болашақтағы бітімі, жастар, мына cендердің қолдарыңда. Ұлт көшбасшысы бірлік пен береке орнаған Қазақстан атты елімізді Әлем аренасында танытты. Ендігі кезекте Қазақстанның абыройын одан әрі асқақтататын сендерсіңдер. Елбасымыз

алдымызға қойып отырған биік мақсаттарға жету үшін терең білім алып, талмай еңбек етеді деп сенемін!- деді Кәрім Нәсбекұлы өзінің құттықтау сөзінде. Айта кету керек, аталған сыйақы 2005 жылдан бері ғылым, мәдениет, спорт, өнер салаларында жетістіктерге жетіп жүрген 35 жасқа дейінгі шығармашыл жас азаматтарға тапсырылып келеді. Осы жолы «Ғылым» номинациясы бойынша М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің сектор меңгерушісі Нұржан Жоламанов, осы оқу орнының кафедра меңгерушісі Ләтипа Қожамжарова, облыстық үш тілде оқытатын мамандандырылған дарынды балаларға арналған мектептің мұғалімі Мейрамгүл Орынбаева марапатталды.

«Солист-вокалист» номинациясы о б л ы с т ы қ филармониясының әншісі Ерлан Ибаділдаев, «Мәдениет» номинациясы бойынша Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық колледжінің оқытушысы Нұрша Жұбанышева үздік деп танылса, «Жазушы мен ақындар» номинациясына «ЖамбылТараз» газетінің тілшісі, жас ақын Нұржан Қадірәлі ие болды. «Суретші, сәулетші (бейнелеу, қолданбалы өнер)» номинациясы бойынша тағы бір әріптесіміз, облыстық «Знамя труда» газетінің шолушысы Михаил Те мен Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық колледжінің оқытушысы Берік Халиев оза шапты. «Спорт» номинациясының жүлдесі «Жоғары спорт шеберлігі мектебінің» спортшысы Дәулетхан Жақыпов пен «Дене мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған спорт клубының» спортшысы Нышан Өмірәліге бұйырды. Марапатталған жастардың барлығына ақшалай сертификат пен арнайы дипломдар табыс етілді. Өз кезегінде жастар да көрсеткен қолдауы мен қамқорлығы үшін облыс басшысына алғыстарын білдірді. Суретті түсірген Алтынбек ҚАРТАБАЙ.

(Жалғасы 3-бетте).

ӘЛЕУМЕТ ПЕН ӘЛЕУЕТ

Е ІГ Ш З МА ТІЛ ҒЫ ЫР ТЫ ПС ТА

ҮКІМЕТ ҮМІТ ТІ АҚТАДЫ Амангелді ӘБІЛ, «Ақ жол». ЖАНАР-ЖАҒАРМАЙ БАҒАСЫ ҚЫМБАТТАСА АЗЫҚ-ТҮЛІК, ТҮРЛІ КОММУНАЛДЫҚ ҚЫЗМЕТ, ЖОЛАҚЫСЫ ДА ШАРЫҚТАП КЕТЕДІ. АЛАЙДА, НАРЫҚ ЗАМАНЫНДА ОНЫ ТӨМЕН ҰСТАП ТҰРУ ҚИЫН ШАРУА. СОНДА ДА ҮКІМЕТ ТИІСТІ ШАРАЛАРДЫ ҚАБЫЛДАП КЕЛДІ. ҮСТІМІЗДЕГІ ЖЫЛДЫҢ 8 ЖЕЛТОҚСАН КҮНІ ЭНЕРГЕТИКА МИНИСТРЛІГІ ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІНІҢ КЕЛІСІМІМЕН ЖАНАРЖАҒАРМАЙДЫҢ ШЕКТЕЛГЕН БАҒАСЫН БЕКІТТІ. БҰҒАН БІРІНШІ ҚАРАПАЙЫМ ХАЛЫҚ ҚУАНДЫ. (ЖАЛҒАСЫ 3-БЕТТЕ).

ОБЛЫСТЫҚ ӘКІМДІКТЕ КЕШЕ ҚАРАТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ, ӘСІРЕСЕ, СПОРТСҮЙЕР ҚАУЫМ ҮЛКЕН ҚУАНЫШҚА БӨЛЕНДІ. «ЕУРОХИМ-ТЫҢАЙТҚЫШ» ЖАУАПКЕРШІЛІГІ ШЕКТЕУЛІ СЕРІКТЕСТІГІНІҢ ДЕМЕУШІЛІГІМЕН «КЕРУЕН-СЕРВИС» ЖАУАПКЕРШІЛІГІ ШЕКТЕУЛІ СЕРІКТЕСТІГІНІҢ ҚҰРЫЛЫСШЫЛАРЫ ҚҰРЫЛЫСЫН ЖҮРГІЗГЕН ЗӘУЛІМ, ӘСЕМ, СПОРТТЫҢ БІРНЕШЕ ТҮРІНЕН ЖАРЫСТАР ӨТКІЗУГЕ ЫҢҒАЙЛАНҒАН СПОРТ КЕШЕНІ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ. ОНЫҢ АШЫЛУ САЛТАНАТЫНА ХАЛЫҚ КӨП ЖИНАЛДЫ. САЛТАНАТТЫ РӘСІМДЕ ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ Е.МАНЖУОВ ҚҰТТЫҚТАУ СӨЗ СӨЙЛЕДІ.

Спорт жұлдыздары ШЫҢДАЛАДЫ

Сәулембай ӘБСАДЫҚҰЛЫ, «Ақ жол».

– Елбасының тапсырмасымен, Моноқалаларды дамытудың 2012-2020 жылдарға арналған бағдарламасына сәйкес, елімізде шағын қалалардың санатына жататын Қаратау қаласының инфрақұрылымын жаңғыртуға мемлекет тарапынан қыруар қаржы бөлініп, көптеген жұмыстар атқарылуда. Әлеуметтік әріптестік негізінде салынған Спорт кешенінің құрылысы соның бір айғағы. Құны 220,4 миллион теңге тұрады, – деді.

Облыс әкімінің орынбасары одан әрі Спорт кешені халықтың игілігіне айналып, түрлі деңгейдегі спорттық бәсекелерді өткізудің ордасына, облыс, республика, әлем, Олимпиада жүлдегерлерін дайындауға шеберлерді шыңдайтын орынға айналуы тиіс, – деп қорытты сөзін. Талас ауданының Құрметті азаматы М. Фрид пен аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ж.Шәріпұлы: Еліміздің спортына қаратаулық саңлақтар да үлес қосып, үлкен жетістіктерге жете берейік, – деген тілектерін білдірді.

«Керуен-сервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің өкілі А.Дүрімбетов жиналғандарды қуанышты сәтпен құттықтап, спорт кешенінің кілтін №26 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің директоры А.Сейдалиевке салтанатты түрде табыс етті. Спорт кешенінің ашылу сәтінде алқызыл лента қиылып, жиналған жұртшылық нысанды аралап, қуаныштарымен бөлісті. Талас ауданы, Қаратау қаласы.

ЕЛ ЕРТЕҢІ – ЖАСТАР ОЛАР БОСБЕЛБЕУЛІК ПЕН БҰЗАҚЫЛЫҚҚА БОЙ АЛДЫРМАУЫ ТИІС

Тұрсынбек СҰЛТАНБЕКОВ, «Ақ жол». Облыс әкімі Кәрім Көкірекбаевтың төрағалығымен облыс әкімдігі жанындағы жастар ісі жөніндегі кеңестің отырысы өтіп, онда «Қазақстан-2020: болашаққа жол» мемлекеттік жастар саясатының 2020 жылға дейінгі Тұжырымдамасының облысымызда іске асырылу барысы қаралды. Аталған мәселе бойынша облыс әкімдігі жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Еркебұлан Құралбаев баяндама жасады. Баяндамашының сөзіне сенсек, жастар саясаты саласында алға қойылған мақсатқа қол жеткізу үшін басқарма аталған тұжырымдамадағы 10 бағыт бойынша жүйелі жұмыстар жүргізуде екен. Ағымдағы жылы басқарма және басқарма жанындағы облыстық «Жастар орталығы» тарапынан жастар арасындағы патриотизм, адамгершілік-имандылық, құқықтық, эстетикалық, кәсіптік, тіл, нашақорлыққа және қылмысқа қарсы күрес, жемқорлық, салауатты өмір салты, экология, әлеуметтік мәселелерге байланысты және қоғамдағы түрлі салалар бойынша 200-ге жуық ірі ісшаралар өткізілген. Жастарға дұрыс бағыт-бағдар беруге және олардың бос уақытын тиімді

ұйымдастыруға бағытталған осындай игі іс-шаралар облыс аумағындағы қалалық және 10 аудандық «Жастар орталықтарының» ұйытқы болуымен де жергілікті жерлерде ұйымдастырылуда. Қазіргі таңда осы бағытта жұмыс атқаратын барлық деңгейдегі «Жастар орталықтарында» 250 қызметкер жұмыс жасаса, олардың көпшілігі облысымыздың әрбір ауылдық округінде жастар ісі жөніндегі нұсқаушы болып қызмет атқарады. Сондай-ақ, басқарма жұмысының негізгі бағыттарының бірі - үкіметтік емес ұйымдармен жұмыс жүргізу. Осы мақсатта үстіміздегі жылы жергілікті бюджеттен 38 миллион теңге қаржы бөлініп, жастар арасындағы өзекті мәселелерді қамтыған 25 бағыт бойынша жұмыстар жүргізілді және бұған 22 үкіметтік емес жастар ұйымдары тартылды. Жоспарға сәйкес аталған жұмыстар қараша айында толық аяқталды. Жастар арасындағы тағы бір өзекті мәселенің бірі – қылмысқа бой алдыру. Осы мақсатта тиісті жұмыстар атқарылып жатқанымен, жасалынған қылмыстар саны әлі де азаймай отыр. Үстіміздегі жылдың 11 айының қорытындысы бойынша жастар қолымен 2236 қылмыс жасалынған. Өткен жылдың 11 айымен салыстырғанда қылмыс саны 103-ке

азайғанымен, Тараз қаласы, Байзақ, Жуалы, Меркі аудандарында жоғары көрсеткіш байқалуда. Басқарма басшысы өз сөзінде шешімін табуды қажет ететін мәселелерге де тоқталды. Атап айтқанда, Т.Рысқұлов ауданындағы 15 ауылдық округтің о н ы н д а , М о й ы н қ ұ м ау д а н ы н ы ң 6 ауылдық округінде мамандарды компьютермен, тиісті құралжабдықтармен қамтамасыз ету қолға алынбай отыр. Соның салдарынан және жұмыс істеу тиімділігінің жоқтығынан мамандардың тұрақсыздығы байқалады. Мәселен, 2013-2014 жылдары Т.Рысқұлов ауданында 18 маман өзге жұмысқа ауысқан, оның ішінде 2-3 ай ғана жұмыс жасағандары да бар. Келесі мәселе, Байзақ, Жуалы және Т.Рысқұлов аудандарындағы жастар орталықтары аудандық әкімшіліктердің ғимаратында орналасқан. Орталық қызметкерлерінің жұмыстарының негізгі бағыттарының бірі – жастарға консультациялық көмек көрсету. Ғимарат мәселесі жастармен адрестік жұмыс жүргізуге кері әсерін тигізуде. Аталған аудан әкімдері алдағы жылы орталықты жастармен жұмыс жүргізуге қолайлы ғимаратқа көшіру мәселесін қолға алуы қажет. (Жалғасы 2-бетте).


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.