14 шілде

Page 1

АҺАН Д

Jambyl oblystyq qoǵamdyq-saıası gazet

А

Ж

BІRІŃDІ, QAZAQ, BІRІŃ DOS, KÓRMESEŃ, ІSTІŃ BÁRІ BOS. (ABAI).

және

Сарысу ауданы

Мойынқұм ауданы

ЖАМБЫЛДА

Мойынқұм

Шу ауданы

Талас ауданы

Төле би

Жаңатас Қаратау

Жамбыл ауданы

Жамбыл облыстық қоғамдық-саяси газет

Меркі ауданы

Байзақ ауданы

Т.Рысқұлов ауданы

Аса

Құлан

Жуалы ауданы

Қордай ауданы Қордай

Меркі

Бауыржан Момышұлы

№80 (18574), Senbі, 14 shіlde, 2018 jyl

ak-jol-taraz@rambler.ru

Gazet 1922 jyldyń 1 mamyrynan shyǵady

www. aqjolgazet.kz

«ЖАҢАРҒАН ЖАМБЫЛДАН – АСҚАҚТАҒАН АСТАНАҒА!» АСТАНАЛЫҚТАР ЖАМБЫЛДЫҚТАРДЫҢ ТАРТУЫН ЖЫЛЫ ҚАБЫЛДАДЫ

НДА ЖАҺА =РЕСЕЙ «Космокурс» компаниясы туристерді 200 мың доллармен ғарышқа ұшырмақ. Осы бағыттағы жұмыстар бес жыл ішінде аяқталған соң, Гагарин орбитасы (180-220 км) биіктігіне дейін экскурсия ұйымдастыру қолға алынады.

=АРГЕНТИНА Сан-Хуан ұлттық университеті мамандары жасы 200 миллионнан асатын ірі зауроподтың сүйегін тауып алды. Бұл алпауыт динозаврды 30 миллион жасқа дейін «қартайтуға» мүмкіндік береді. Бұл сүйектер бұған дейін беймәлім болған зауроподқа тиесілі.

=ФРАНЦИЯ Парижде 1910 жылы салынған «Лютеция» қонақ үйі қайта ашылды. Бұл орынға Э.Хэмингуэй секілді танымал қайраткерлер тоқтаған. 184 жай, 47 люкс бөлмесі бар нысанды жаңғыртуға 4 жыл уақыт, 200 миллион еуро жұмсалған.

=ҚЫРҒЫЗ Құлпынай, қызыл шие мен өрік Қырғыз елінің брендіне айналмақ. Ауыл шаруашылығы министрлігі жемістің осы түрлерін көптеп өсіруге ден қойды. Ал аталған жеміс-жидекті Еуразиялық экономикалық одақ нарығына экспорттамақ.

=ЖАҢА ЗЕЛАНДИЯ Ел ғалымдары әлемде алғаш рет адамның үш өлшемді түрлі түсті рентген кескінін түсірді. Бұған CERN орталығында әзірленген Medipix3 жүйе арқасында қол жеткізілген. Түсті рентген кескіндері науқастарға барынша дәл диагноз қоюға мүмкіндік береді.

Арқа төсіндегі арман қала төрінде еліміздің барлық облыстарының мәдениет күндері өтуде. Елбасының төл туындысына телінген бас қаланың мерейтойына жамбылдық көркемөнерпаздар да өз тарту-таралғысын алып барды. Алдымен бекзат өнер иелері – облыстық қазақ драма театры ұжымы Қанабек Байсейітов пен Қуандық Шаңғытбаевтың «Беу, қыздар-ай!» атты классикалық комедиясын елордалықтардың назарына ұсынды. Ж и ы рм а с ы н ш ы ғ а с ы рд ы ң а л п ы с ы н ш ы ж ы л д а р ы н д а ә уе л д е М . Ә уе з о в ат ы н д а ғ ы академиялық драма театрында қойылған әйгілі шығарма уақыт өтсе де өз маңызын жойған емес. Мұны Қ.Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрына жиналған жұртшылық та жан-жүрегімен сезінді. Әдемі әзілмен өріліп, жастар арасындағы махаббатты бейнелейтін комедияның көркемдігі мен шынайылығы көрермен қауымды бірден баурап алғаны анық. Иә, Арқа төсіндегі ару қала Астананың жиырма жылдық мерейтойы жоғары деңгейде тойлануда. Қолға алынған бастамалардың бәрі елордаға арналуда. «Өңірлердің Астанаға тартуы» жобасы аясында еліміздің әр өңірі Есілдің бойындағы арман шаһарға қолдарынан келгенше тарту жасап жатыр. Бұл игі істен жамбылдықтар да шет қалған жоқ.

Д БЫЛ ЖАМ

Құттықтау Жамбыл облысының әкімі А. МЫРЗАХМЕТОВКЕ Құрметті Асқар Исабекұлы! Сізді және бүкіл Жамбыл облысының жұртшылығын Астананың 20 жылдығымен шын жүректен құттықтаймын! Тәуелсіз Қазақстанның символы саналатын бас қаламыздың айтулы мерейтойы – барша қазақстандықтарға ортақ қуаныш. Сарыарқа төсіне қазығын қаққан еңселі елордамызды тұрғызуға бүкіл халқымыз жұмыла атсалысты. «Өңірлердің Астанаға тартуы» жобасы аясында Жамбыл облысы да елордаға ерекше сый жасады. Ұзақ қашықтықты қамтитын және толық жабдықталған велосипед жолағы адамдарға арналған қаладағы заманауи ортаның маңызды құрамдас бөлігі саналады. Бұл велосипед жолағы саламатты өмір салтын насихаттап, елордада жаппай спортпен шұғылдану үрдісін дамытуға септігін тигізетін болады. Астананы көркейтуге зор үлес қосқан Сізге және өңір тұрғындарына шынайы ризашылығымды білдіремін. Сіздерге зор денсаулық, бақ-береке тілеймін! Н. НАЗАРБАЕВ, Қазақстан Республикасының Президенті.

Анығырақ айтсақ, 6 жер телімін қамтитын велосипед жолағын салуға жамбылдықтар да көмек қолын созды. Жалпы ұзындығы – 43,92 шақырымды, сметалық құны 2588,312 миллион теңгені құрайтын «Велосипед көлігінің инфрақұрылымы» нысанының құрылысы 6 облыс тарапынан іске асқан. Оның №3 жер теліміндегі тиісті жұмыстарды атқаруды біздің облыс қолға алған болатын. Велосипед көлігіне арналған жол ұзындығы 12, 36 шақырымды құрайды. Есіл ауданының Достық көшесінен бастап, Қабанбай батыр даңғылына дейінгі аралықты қамтыған ғаламат жоба еріксіз көз тартады. Құрылыс жұмыстарына өңір қазынасынан 470,9 миллион қаралып, нақты құрылысқа 467 794,2 мың, техникалық қадағалауға 2 200,0 мың, авторлық қадағалауға 916,2 мың теңге бөлінген. Жоба аясында қоқысқа арналған жәшіктер, орындықтар, велосипедті орналастыратын арнайы құрылғылар мен тұрақтар жұмысы іске асқан. Заманауи үлгіге сай салынған велосипед жолағы елордалықтардың да, Елбасының да көңілінен шықты. Иә, бұл мерейтойға тамаша тарту екені анық! Мемлекет басшысы да, астаналықтар да бүгінде жамбылдықтар мен өзге облыстың атқамінерлеріне алғыстарын айтуда. Астанаға тартулар легі әлі жалғасуда. (Жалғасы 4-бетте).

А

=ТАРАЗ ТИГУ-да жаңа жатақхана салынады. ЖОО ректоры Е.Саурықовтың айтуынша, университет аумағы 7,5 мың шаршы метрді құрайтын 5 қабатты ғимарат сатып алған. 400 орындық нысанды қайта жөндеуге 100 миллион теңге жұмсалмақ.

=МЕРКІ Меркілік шаруалар егін орағына кірісті. Ауданда барлығы 42 мың гектар егіс алқабы болса, оның 19 450 гектары бидай. Ораққа 167 комбайн жұмылдырылды. Жоспар бойынша гектарына 20 центнерден өнім алу көзделсе, қазір гектарына 19 центнерден айналуда.

=ЖАМБЫЛ Биыл телерадиохабарлар таратуды цифрлық жүйеге енгізу жұмыстары басталды. Осы ақпаратты халыққа түсіндіру мақсатында құрылған мобильдік топ Гродиково, Бесағаш, Қаракемер, Жалпақтөбе, Тоғызтарау ауылдарында болып, тұрғындар сұрақтарына жауап берді.

=БАЙЗАҚ Мырзатай, Ботамойнақ ауылдарының оқушылары жаңа оқу жылында жаңа білім ошағының табалдырығын аттайды. Өйткені 2 мектеп толықтай күрделі жөндеуден өтсе, Байзақ ауылындағы 300 орындық жаңа мектеп құрылысы тамыз айының аяғында бітпек.

=ШУ

ФРЛЫҚ ҚАЗАҚСТАН ЦИ

ОБЛЫСТЫҚ ӘКІМДІКТЕ

ЖАСТАРЫ ЖАЛЫНДЫ ЕЛДІҢ ЕРТЕҢІ НҰРЛЫ Жанғазы АХМЕТ

БИЫЛ 12 ІТ СЫНЫБЫ АШЫЛАДЫ Камила БОРАШОВА Өңірімізде «Нұр Отан» партиясының бастамашыл жобаларын жүзеге асыру мақсатында желілік кестеге сәйкес жыл соңына дейін 12 ІТ сынып ашу жоспарланып отыр. Соның алғашқысы облыстық мектеп олимпиадаларын және мектептен тыс іс-шараларды өткізетін орталықта ашылды. Мұнда оқушыларды «STEM centr» академиясы бойынша 3 модульден тұратын оқу бағдарламасымен оқытады. Бағдарламаның бірінші оқу модулінде оқушылар «Скрейтч», «Питон», «Си++», «Жава» бағдарламалауды игеріп шыққаннан кейін, робототехниканы меңгеруге көшеді. Онда – «Лего» және «Арудиннода» жұмыс істеп үйренеді. Үшіншісінде – 3D модельдеуде оқушыларға «Аутодеск», «Скетч ап», «Солидоркс» бағдарламаларын оқыту көзделуде. – Елбасымыз міндеттеген тапсырмалардың бірі – барлық салаға автоматтандыруды енгізу екені белгілі. Осы мақсатта «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы қабылданды. Осы бағдарлама аясында «Нұр Отан» партиясы 22 бастамашыл жобаны дайындады. Біздің облысымызда осы жоба шеңберінде Тараз қаласында алғашқы IT сыныбы ашылып отыр. Негізгі мақсат – балаларға ІТ сыныптарында бағдарлама жасауды, жаңа технологиялармен жұмыс істеуді үйрету. Алдағы уақытта облыс орталығындағы М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінде ІТ орталығы желілік кестеге сай ашылады. Бұл 22 бастамашыл жоба «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары М.Әшімбаев пен облыстық партия төрағасы Асқар Мырзахметов жасасқан келісім бойынша бекітілген. Сол кесте бойынша жұмыстар әрі қарай жалғасын табатын болады, – деді облыстық «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Мұратхан Шүкеев. Осы шарада белгілі болғаны, биыл ІТ сыныбына 1300 оқушы тартылмақ. Ал алдағы 2019 жылы 1800, 2020 жылы 2400 оқушы ІТ сыныбын оқып шығатын болады. Ондағы мақсат – балалардың бос уақытын тиімді пайдаланып, тегін ІТ сыныбында жаңа құрылғылармен жұмыс істеп, өздерінің білімдерін жетілдіруіне мүмкіндік туғызу. Жаңа сыныпта алғашқы сабағын жүргізуді бастаған ІТ маманы Бахтияр Ошақбаев «STEM centr» академиясында оқып, арнайы сертификат алыпты. Әрі қарай да білімін жетілдіретінін айтқан ұстаз қазірдің өзінде балаларға өзінің білгенін үйретуге кірісіп кеткен. Қазір ІТ сыныбына 10 оқушы қабылданыпты. Алдағы уақытта олардың қатары көбейетіні анық. Бір айта кетерлігі, ІТ сыныбы барлық құрал-жабдықтарымен және компьютер, ноутбуктармен және робототехника, 3D модельдеу үстелдерімен толық жабдықталған. Мұнда балалар алаңсыз ойлаған армандарына қол жеткізеді.

Бүгінде жастар саясатының «Қазақстан 2020: болашаққа жол» тұжырымдамасы облыст а қа лай жүзеге асырылуда? Индикаторлық көрс еткіштер көңіл көншіте ме? Бұл туралы облыс әкімі Асқар Мырзахметовтің төрағалығымен өткен жастар істері жөніндегі кеңес отырысында жан-жақты талқыланды.

АЛТЫН

Жамбылдық жастардың жай-күйін баяндаған облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Мәди Мәтен бүгінгі таңда өңірде 240 мыңнан астам жастың бар екенін жеткізді. Бұл облыс тұрғындарының 21 пайызын құрайды. Олардың 186 мыңы еңбекке қабілетті жаста болса, қалғандары студенттер мен оқушылар. – Ағымдағы жылдың алғашқы

Қонаев ауылындағы «Берекелі-2016» кооператив мүшелері мемлекеттік қолдаудың арқасында мал сою алаңын ашты. 20 жеке қосалқы шаруашылық біріккен, ірі қара малын бордақылаумен айналысатын ұжым жаңа нысанды салу үшін 64 миллион теңге несие алған.

Жақсы топта танылады, Мырза жоқта танылады.

тоқсанындағы жағдай бойынша, «Жастардың жалпы санында «NEET» көрсеткіші 9, 2 пайызды құраса, жыл соңында мұны 8,5 пайызға төмендету көзделуде. Бұл дегеніміз – еш жерде оқымайтын, жұмыс істемейтін жастар. Ал өңір жастарының мемлекеттік жастар саясатына қанағаттану деңгейі 76,6 пайызды құрайды. Жылдық жоспар – 73,0 пайыз.

(Жалғасы 2-бетте).

ОРАҚ – 2018

ЖАЗЫЛЫМ – 2018

БІТІК ЕГІН БАПҚА БІТЕДІ

Ақылжан МАМЫТ Облысымыздағы астықтың о т ы з п а й ы з ы Т. Р ы с қ ұ л о в ауданында өндіріледі. Үстіміздегі жылы ауданда ақ егіс 86666 гектар алқапқа орналастырылған. Оның 36014 гектары – күздік, 3208 гектары жаздық бидай, 47444 гектары жаздық арпа. Аудан диқандарының масақты дақыл өсіруде тәжірибесі мол. Агротехникалық талаптарды қатаң сақтау нәтижесінде олар биыл да бітік өнім өсірді. Астық өсірумен айналысатын шаруалардың жартысына жуығы оны жинауға кіріскен. Ауданда әзірге орташа өнімділік 24 центнерден айналуда. Науқанға егін жинайтын 194 комбайн, 80 доңғалақты трактор, 169 автокөлік және су таситын 42 автокөлік қатыстырылады. Жалпы, диқандар биыл 192 мың тонна дән бастыруды

көздеп отыр. Ауданда сыйымдылығы әртүрлі 82 астық қоймасы және Малдыбай ауылында сыйымдылығы 30 мың тонналық астық қабылдау пункті бар. Мол өнім алып жатқан агроқұрылымдар да аз емес. Солардың бірі – «Луговой жылқы зауыты» ЖШС. Серіктестік асыл тұқымды жылқы және шошқа өсіреді. Оларға мал азығын өздері әзірлейді. Өткен жылы күзде 4700 гектар алқапқа сіңірілген өнгіштігі жоғары «Стекловидная – 24» сұрпынан мол өнім жиналуда. Бітік өскен, бойы 1,5 метрден асатын өсімдіктің әр гектарынан орта есеппен 30-32 центнерден дән бастырылуда. Алқапта қаз-қатар тізіліп бара жатқан 13 «Джон Дир»

комбайны күнделікті 500 гектардан астам алқаптың астығын жинайды. Серіктестік иелігіндегі егістіктен Малдыбай ауылындағы астық қабылдау пунктіне қазірге дейін 7 мың тонна дән жеткізілген. Қ уат т ы ком б а й н д а р соңындағы жалдарға сабанды ұсақтап тастайды. Оның бір бөлігі мал азығы үшін жиналады, қ а л ғ а н ы а лқаптың құнарлылығын арттыру үшін қалдырылады. Олар егістен комбайн кетісімен жер жыртуды игі дәстүрге айналдырған. Осы кезде жер жұмсақ болады әрі жеңіл жыртылады. Агроқұрылымда бұл іспен үш трактор айналысуда. – Жа л п ы , к ү зд і к б и д а й д а н 10 мың тонна дән жина лады деп күтілуде. Көктемде жаздық

арпаның «Бәйшешек» және «Арна» сұрыптарын 4600 гектар жерге орналастырған болатынбыз. Күннің суық болуына байланысты өсімдік жақсы өсіп, жетіле алмады. «Арық айтып, семіз шық» демекші, арпаның әр гектарынан орта есеппен 10-12 центнерден өнім күтілуде. Оны да қысқа мерзімде ысырапсыз жинап алуға күш саламыз. Жалпы, ақ егістен алынған түсім 15 мың тоннаны құрайтын болады. Масақты дақылдардың бір бөлігі тұқымға және мал азығына, 5 пайызы сатылымға шығарылады, – дейді «Луговой жылқы зауыты» ЖШС бас агрономы Нұржан Нәбиғұлов. Алқап басында техникалық қызмет көрсететін автокөлік бар. Өрт қауіпсіздігі қатаң қадағалауда. Науқанға қатысушыларға ақшалай 3 жүлде тағайындалған. Олар ең жоғары еңбек өнімділігіне қ о л ж е т к і з г е н д е р г е н ау қ а н қорытындысында салтанатты жағдайда табысталады. Т.Рысқұлов ауданы.

ІІ ЖАРТЫ ЖЫЛДЫҚҚА ЖАЗЫЛУ БАСТАЛДЫ, ҚАПЫ ҚАЛМАҢЫЗ, ОҚЫРМАН! «Қазпошта» Заңды тұлғалар үшін Ауылдағы кәсіпорындар мен ұйымдарға: 6 айға – 3246,48 теңге 1 жылға – 6492,96 теңге Индексі 15457 Тараз, Қаратау, Жаңатас, Шу қалалары бойынша 6 айға – 2911,32 теңге 1 жылға – 5822,64 теңге Индексі 15457

байланыс бөлімшелерінде: Жеке тұлғалар үшін Ауыл тұрғындарына: 6 айға – 2996,46 теңге 1 жылға – 5992,92 теңге Индексі 65457 Тараз, Қаратау, Жаңатас, Шу қалалары бойынша 6 айға – 2661,30 теңге 1 жылға – 5322,60 теңге Индексі 65457

Тараз қаласының тұрғындары үшін: P Эврика-пресс

P ERNUR-press

P Тараз-пресс

PҚыран-пресс

БӨЛІМШЕЛЕРІ АРҚЫЛЫ ЖАЗЫЛУҒА БОЛАДЫ


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.