АБАИҒА құлақ түрейікші,
ДОСЫ КӨПТІ ЖАУ АЛМАЙДЫ, АҚЫЛЫ КӨПТІ ДАУ АЛМАЙДЫ
Жамбыл облыстық қоғамдықсаяси газет
№19 (18053), Сенбі, 14 ақпан, 2015 жыл
ak-jol-taraz@rambler.ru
www. akjolgazet.kz
Газет 1922 жылғы 1 мамырдан шығады.
ҚАЗАҚСТАНДА ЖАСАЛҒАН
АҚОРДА
АСТАНАДА ҚАЗАҚСТАН, БЕЛАРУСЬ ЖӘНЕ РЕСЕЙ КӨШБАСШЫЛАРЫНЫҢ КЕЗДЕСУІ ӨТЕДІ
ЖАҢА
ИНДУСТРИЯЛАНДЫРУ
ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашенкомен телефон арқылы сөйлесті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен хабарлады. А. Лукашенко Ресей, Украина, Франция Президенттерінің және Германия Канцлерінің Минскіде «норманд форматында» өткізген келіссөздерінің қорытындылары туралы айтты. Қазақстан Президенті өзін хабардар еткені үшін алғыс білдірді және кездесудің жақсы ұйымдастырылуымен, сондай-ақ келіссөздердің табысты аяқталуымен құттықтады. Мемлекеттер басшылары барлық тараптың бейбіт үдерісті қамтамасыз етуге жұмсаған күш-жігері Украинадағы дағдарысты реттеуге септігін тигізеді деп үміттенетіндерін білдірді. Президенттер таяу арада біздің елімізде Қазақстан, Беларусь және Ресей мемлекеттері басшыларының кездесуін өткізу туралы уағдаласты. Телефон арқылы сөйлесуге Беларусь жағы бастамашы болды.
Мәртебең биік болса, Алыстан көреді. Жақының да, жатың да, Иіліп сәлем береді. Халық мақалы.
Көсемәлі СӘТТІБАЙҰЛЫ.
БАҒАҢДЫ БІЛІКТІ ҰСТАЗ БЕРСІН Бір шаһардағы Шеберге жасөспірім кеп: –Мен өзімді қолынан түк келмейтін ақымақ адам сияқты сезінем, ондайда тіпті, өмір сүргім келмей кетеді. Жұрттың бәрі мені олақ, нақұрыс, бақытсыз деп санайды. Өтінем, маған көмектесіңізші! – деді. Шебер жасөспірімге көзінің қиығын салды да асығыс: – Кешір, қазір қолым тимейді, көмектесе алмаймын. Маған бір тығыз шаруаны тез бітіру керек боп тұр, – деді де кішкене ойланып барып, – айтпақшы, сол шаруама қол ұшын берсең, мен де саған бар ықыласыммен көмектесейін, – деді. – Тапсырмаңызға әзірмін, – деп күбірлеген бозбала ішінен «менің өтінішім тағы да кейінге қалды-ау» деп өкінді. – Олай болса жақсы. Шебер сол қолындағы саусағынан әсем тастармен безендірілген сақинасын шешіп алды да: – Атыма мін де базарға тарт. Маған қарызымды қайтару үшін мына сақинаны дереу сату керек боп тұр. Бірақ қымбатқа сатуға тырыс. Ең арзан дегеннің өзінде бағасы алтын тиыннан кем болмасын. Ал, жөнел! Тек тез оралатын бол! Бозбала сақинаны алды да атқа мініп базарға қарай шаба жөнелді. Ә дегенде сақинаға қызыға қараған саудагерлер «бағасы ең аз дегенде алтын тиыннан кем болмауы керек» деген сөзді естіген заматта-ақ теріс айналып кетті. Тіпті кейбіреулері ашықтан-ашық күлкі етті. Тек бір саудагер ғана мұндай сақинаға алтын тиынның құнын сұрау ақылсыз екенін, бұл бұйымды ары кетсе мыс немесе күміс тиынға бағалауға болатынын айтты. Бұл сөзді естіген жасөспірімнің еңсесі түсіп кетті. Өйткені Шебер «бағасы ең арзан дегенде алтын тиыннан кем болмасын» деп тапсырма бергені есінде. Сақинаны базардағы жүз адамға көрсетсе де айтқан бағасына өткізе алмаған соң, атына мініп Шеберге қайта келді. – Тапсырмаңызды орындай алмадым. Бірақ сақинаны екі күміс тиынға сатуға болатын еді, бірақ сіз «бағасы алтын тиыннан кем болмасын» деген соң, амал жоқ кері қайттым. – Сен дәл қазір өте маңызды сөз айттың, балам! – деді Шебер, – ақылды адам сақинасын сатпас бұрын алдымен оның бағасын біліп алуы қажет. Ал оны зергерден басқа кім біледі? Тез зергерге бар да сұра, ол бұл сақинаны қаншаға бағалар екен? Бірақ бағасын естіген заматта сақинаны ал да кері қайт. Бозбала енді зергерге тартты. Зергер ұлғайтқыш аспаппен сақинаға ұзақ үңілді. Сосын таразыға сап, салмағын өлшеді. Содан кейін ғана барып: – Шеберіңе айт, мына сақинасы үшін мен оған елу сегіз алтын тиыннан артық бере алмаймын. Бірақ ол біраз уақыт күте тұратын болса, бұл сақинаны жетпіс алтын тиынға сатып аламын. –Жетпіс алтын тиын! Бозбала қуанғанынан шаттана айғайлап жіберді. Сөйтті де зергерге алғыс айтып Шеберге қарай асықты. Көңілді оралған жасөспірімнің әңгімесін тыңдап болған соң Шебер мейірленіп. –Кел отыр, балам, – деді. – Бұдан былай есіңде болсын. Сен де мына қымбат әрі қайталанбайтын сақина сияқтысың. Саған баға беретін сөз қуған адамдар емес, адам жанын танитын білімді ұстаз. Сондықтан өзің туралы айтқан әркімнің әжуәсіне көңіл аударма. Өз бағаңды өзің біл! * * * Ағайын, Сіздер де өз бағаларыңызды өздеріңіз біліп, еңбектеріңізді Ел мен Ес, Ұлт пен Ұрпақ қызметіне жұмсаңыздар!
«ҚЫЗЫЛ ЖҰЛДЫЗДЫҢ »
кеспесі-ай, шіркін!
ағайын!
БИЛЕМЕСЕ БІР КЕМЕЛ СӘУЛЕҢ БОЛСА КЕУДЕҢДЕ, МЫНА СӨЗГЕ КӨҢІЛІҢ БӨЛ. ЕГЕР СӘУЛЕҢ БОЛМАСА, МЕЙЛІҢ ТІРІЛ, МЕЙЛІҢ ӨЛ. ТАНЫМАССЫҢ, КӨРМЕССІҢ, ҚАПТАҒАН СОҢ КӨЗДІ ШЕЛ. ИМАМСЫЗДЫҚ НАМАЗДА – ҚЫЗЫЛБАСТЫҢ САЛҒАН ЖОЛ. КӨП ШУЫЛДАҚ НЕ ТАБАР, БИЛЕМЕСЕ БІР КЕМЕЛ? БЕРЕКЕЛІ БОЛСА ЕЛ – ЖАҒАСЫ ЖАЙЛАУ ОЛ БІР КӨЛ. ЖАПЫРАҒЫ ЖАЙҚАЛЫП, БҰЛҒАҚТАЙДЫ СОҚСА ЖЕЛ. ЖАН-ЖАҒЫНАН КҮРКІРЕП, ҚҰЙЫП ЖАТСА АҚҚАН СЕЛ, ОНЫҢ МАЛЫ ӨЗГЕДЕН ӨЗГЕШЕ БОП ӨСЕР ТЕЛ. БЕРЕКЕСІ КЕТКЕН ЕЛ – СУЫ АШЫҒАН БАТПАҚ КӨЛ. ҚҰС ҚАҢҚЫЛДАП, ЖАҒАЛАП, СУЛАЙ АЛМАС ЖАЗҒЫ ТӨЛ. ОНЫҢ СУЫН ІШКЕН МАЛ ТЫШҚАҚ ТИІП, АСПАС БЕЛ. КӨЛ ДЕП ОНЫ КІМ ЖАЙЛАР, СУЫ ҚҰРСЫН, ОЛ – БІР ШӨЛ. ЕДИНИЦА – ЖАҚСЫСЫ, ЕРГЕН ЕЛІ БЕЙНЕ НӨЛ. ЕДИНИЦА НӨЛСІЗ-АҚ ӨЗ БАСЫНДЫҚ БОЛАР СОЛ. ЕДИНИЦА КЕТКЕНДЕ, НЕ БОЛАДЫ ӨҢКЕЙ НӨЛ? БЕРЕКЕҢДІ ҚАШЫРМА, ЕЛ ТЫНЫШ БОЛСА, ЖАҚСЫ СОЛ. РАС СӨЗГЕ ТАЛАСЫП, АҚЖЕМ БОЛМА, ЖАНЫМ, КЕЛ!
өндіруге жергілікті жерде өсірілетін дәнді-дақылдар жарамайды. Олардың клейковинасы аз. Сондықтан да кәсіпорын ұнды Солтүстік Қазақстан облысынан сатып алатын. Мұның өзі өнімнің өзіндік құнына елеулі кері әсерін тигізіп келді. Өндірісті кеңейту және қажетті шикізатты өздерінде өндіру үшін 2011 жылы серіктестік тәулігіне 60 тонна дән өңдейтін диірменді іске қосты. Мұнда бүгінде жоғары, бірінші және екінші сұрыпты ұн шығарылады. Жоғары және бірінші сұрыптар макарон мен кеспе әзірлеуге жұмсалады. Ал екінші сұрыпты ұн Тәжікстанға өткеріледі. Байзақ ауданы тұрғындарының арасында кебекке де сұраныс көп. Олар оны кезекке тұрып З Ө С сатып алып, мал семіртуге пайдаланады. Ы Қазақстан Республикасы Президентінің АЛБІЗ ӘСТЕ ТӘУБЕШІЛ ЕЛМІЗ. Қазір үш ауысымда 155 адам жұмыс істеп, Т А АЛАСАПЫРАН КҮНДЕРДЕ КӨРГЕН тәулігіне 15 тонна макарон және кеспе « Ә кімдердің халыққа есеп беру шығарады. Цехтарда макаронның 14 ҚИЫНДЫҚТАРДЫ ҰМЫТПАУҒА кездесулерін өткізу туралы» 2013 жылғы және кеспенің 7 түрі өндіріледі. ТИІСПІЗ. КЕШЕ ҚАНДАЙ БОЛЫП ЕДІК, БҮГІН КІМГЕ АЙНАЛДЫҚ? ОСЫНЫ ЕШҚАШАН Жұмысшылардың орташа айлық15 тамыздағы №615 Жарлығына ЕСТЕН ШЫҒАРМАЙЫҚ. ӘЛЕМДЕ ЕЛІ ЖОҚ, ЖЕРІ жалақысы 70 мың теңге. «РолаЖОҚ ҚАНШАМА ХАЛЫҚ БАР. ЕЛІ БОЛҒАНЫМЕН 7» ЖШС-ның директоры, сәйкес 2015 жылғы 20 ақпанда сағат Ақылжан МАМЫТ, ИГІЛІККЕ ЖЕТЕ АЛМАЙ ЖҮРГЕН, ҚАЗЫНАСЫН ӨЗІНЕ «Қазақстан даңқы» орденінің ПАЙДАЛАНА АЛМАЙ ЖҮРГЕНДЕР КӨП. БАЙЛЫҒЫ КІМ «Ақ жол». 11.00-де «Баласағұн» орталық концерт иегері, белгілі кәсіпкер БОЛСА СОНЫҢ АУЗЫНДА КЕТКЕН ХАЛЫҚ БАР. АЛ БІЗ ТӨРІНЕ ТУ ТІГІП, ӘЛЕМГЕ ТАНЫЛҒАН ЕЛМІЗ. Т ұ р с ы н б е к Н ұ р б а е в залында облыс әкімі Кәрім Нәсбекұлы Азық-түлік дүкендерінде макарон ТАМЫЗДАЙ ТАМЫЛЖЫҒАН ТҰРАҚТЫЛЫҚ ПЕН УЫЗДАЙ нарықта өтімді өнім мен кеспенің алуан түрлері толып тұр. ҰЙЫҒАН БІРЛІГІМІЗ БАР. БІЗДЕ БӘРІ БАР. СОНДЫҚТАН, КӨКІРЕКБАЕВТЫҢ халыққа есеп беру өндіру, өндірісті кеңейту Әлбетте, тұтынушылар олардың арасынан ТӘУБЕМІЗДІ ҰМЫТПАЙЫҚ. БАРҒА ҚАНАҒАТ ЕТІП, БАҒАЛАЙ жөніндегі ізденістерін БІЛЕЙІК. ЕЛ БІРЛІГІ ЕШҚАШАН ҚҰНЫ ТҮСПЕЙТІН, ЖЫЛ кездесуі өтеді. сапасы жоғары, бағасы қолжетімді және бір сәт бәсеңдеткен емес. ӨТКЕН САЙЫН МАҢЫЗЫ АРТЫП, МӘНІ ТОЛЫҒА ТҮСЕТІН сыртқы қаптамасы сәндісін таңдайды. ШЕКСІЗ БАЙЛЫҚ. СОЛ БАЙЛЫҚТЫ ЕСЕЛЕП, ДАМЫТА Соның нәтижесінде Байзақ ауданының Қызыл жұлдыз ТҮСЕЙІК. БІРЛІГІМІЗГЕ БЕКЕМ БОЛЫП, ТАТУЛЫҚТЫ кәсіпорын тұрақты ауылындағы «Рола-7» жауапкершілігі ТУ, ТӘУЕЛ СІЗДІКТІ ТҰҒЫР ЕТЕ БІЛЕЙІК. СОНДА жоғары нәтижеге қол БАЙ БОЛСАҢ, ХАЛҚЫҢА ПАЙДАҢ ТИСІН... ҒАНА МЕРЕЙІМІЗ ҮСТЕМ БОЛАДЫ. ОСЫ ЖОЛДАН шектеулі серіктестігі осындай жоғары жеткізіп келеді. Олардың ТАНБАЙЫҚ. сұранысқа ие, нарықта өтімді тауар өндіреді. салыққа және міндетті Серіктестік 2008 жылы құрылған болатын. Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ. төлемдерге қарызы жоқ. Бұрынғы машина-трактор шеберханасын қайта Рентабельділік 15 пайызды жарақтандырған олар әуелі «Чабрец» кеспесін құрайды. Әлбетте, бұл жаман өндіретін цехты іске қосты. 2010 жылы макарон және көрсеткіш емес. кеспе өндіретін цехтар салынды. Жоғары сапалы өнім Сәулембай ӘБСАДЫҚҰЛЫ, дегендері жиналып, қор аштық. Сөйтіп, (Жалғасы 3-бетте).
ОБЛЫС ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА!
АУЫЛДАН МОНША, НАУБАЙХАНА АШПАҚ «Ақ жол».
Қазақта: «Бай болсаң халқыңа пайдаң тисін, батыр болсаң жауыңа найзаң тисін» деген қанатты сөз бар. Байлығын құзғынша басып жатпай, қыранша шашып, еліне, туған жеріне сәуесін тигізіп жүрген ер-азаматтар, Құдайға шүкір, жоқ емес. Бостандық ауылының тумасы, «ФиброТас» ЖШС-ның Бас директоры Саят Әбдіров – сондай азаматтардың бірі. Ол жыл сайын Наурыз мерекесінде дастарханын жайып, ел-жұртын ырза етіп кетеді. Жоқ-жітікке қарайласады. Осы ауылдан шыққан өзге де азаматтармен бірлесіп, мәдени-спорттық шаралар өткізіп тұрады. Өткен жылы 1995 жылы мектептен түлеп ұшқан түлектер бас қосып, ауылдағы қараусыз қалған сауда орталығын қайта жаңғыртудан өткізіп, әлеуметтік кешенге айналдыруға уағдаласқан. Соның басықасында жүрген де Саят бауырымыз. – Сыныптастардың шамасы келеді-ау
әлгі сауда үйінің бір қанатын моншаға, екінші қанатын наубайханаға, ортасын – супермаркетке, бильярд бөлмесіне айналдырамыз деп шештік. Орталықтың алдынан «Жастар саябағын» жасамақпыз. Ауа райының суықтығына қарамастан, құрылыс жұмыстары басталып кеткен. Құрылысшылар жұмысына Саяттың сыныптастары да араласып жүр. – Күн жылынса, қаладағы жүзге тарта құрылысшымды әкеліп, жұмысқа жауып жіберемін, – дейді Саяттың өзі. Әзірге ішісыртын ыңғайластыру жұмыстары жүргізілуде. Сыныптастар нысанның құрылысын мамыр айының жиырма бесіне, соңғы қоңырау соғылар күні аяқтап, ел игілігіне ұсынамыз деп құлшынып отыр. Алла сәтін салса, бұл орталықта оннан аса адам жұмыспен қамтылмақ. Аудан әкімі Болат Рысмендиев: «Осындай кәсіпкерлер әр ауылдан шығып, олар еліне, туған жеріне игілігін тигізіп жатса, ауылдарымыз көркейе түсер еді» деген пікірін білдірді. Бостандық ауылы, Талас ауданы.
ан м р ы Оқ
д а р н аз ар ы н
а!
Құрметті оқырман! Сіздер www.akjolgazet.kz сайтына ену арқылы туған өлке таңғажайыптарымен, біртуар тұлғалардың сұхбаттарымен, жас ақындардың шығармашылығымен, елге белгілі спортшылардың жеңісті сәттерімен бейнебаян арқылы таныса аласыздар және PDF форматында «Ақ жол» газетінің электрондық нұсқасын оқисыздар. Сонымен қатар, алдағы уақытта «Ақ жол» газетінің бай сурет қорымен ғаламтордан да емін-еркін танысуға мүмкіндік туатынын қуана хабарлаймыз.
«Ақ жол» газеті әлеуметтік желілерде facebook.com/akjolgazet twitter.com/akjol_gazet vk.com/akjolgazet