Жамбыл облыстық қоғамдықсаяси газет
Ж
(АБАЙ).
А
БІРІҢДІ, ҚАЗАҚ, БІРІҢ ДОС, КӨРМЕСЕҢ, ІСТІҢ БӘРІ БОС.
А ҺАН Д
және
Сарысу ауданы
Мойынқұм ауданы
ЖАМБЫЛДА
Мойынқұм
Шу ауданы
Талас ауданы
Төле би
Жаңатас Қаратау
Жамбыл ауданы
Меркі ауданы
Байзақ ауданы
Т.Рысқұлов ауданы
Аса
Құлан
Жуалы ауданы
Қордай ауданы Қордай
Меркі
Бауыржан Момышұлы
ak-jol-taraz@rambler.ru
№81 (18275), Бейсенбі, 14 шілде, 2016 жыл
АҚОРДА МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ИТАЛИЯ РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ МАТТЕО РЕНЦИГЕ БАРИ ПРОВИНЦИЯСЫНДА БОЛҒАН ПОЙЫЗДАР АПАТЫНА БАЙЛАНЫСТЫ КӨҢІЛ АЙТУ ЖЕДЕЛХАТЫН ЖОЛДАДЫ
Қазақстан Президенті ж о л а у ш ы л а р пойыздарының соқтығысуы салдарынан ондаған италиялық азамат опат болғаны туралы суыт хабарды зор күйзеліспен қабылдады. Нұрсұлтан Назарбаев ауыр қайғыға ортақтаса отырып, қаза болғандардың туыстары мен жақындарына Қазақст ан ха лқының және жеке өзінің атынан көңіл айтты, сондай-ақ зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді.
www. akjolgazet.kz
Газет 1922 жылғы 1 мамырдан шығады.
НДА ЖАҺА
МЕМЛЕКЕТ МАҚТАНЫШТАРЫ
ОЛЖАЛЫ ОРАЛ, ОЛЖАС! БОКСТАН АЗИЯ ЧЕМПИОНЫ, РИО-ДЕ-ЖАНЕЙРО ОЛИМПИАДАСЫ ЖОЛДАМАСЫНЫҢ ИЕГЕРІ ОЛЖАС СӘТТІБАЕВТЫ ҚАБЫЛДАҒАН ОБЛЫС ӘКІМІ КӘРІМ КӨКІРЕКБАЕВ ОСЫЛАЙ ДЕП БАТА БЕРДІ
Табиғат АБАИЛДАЕВ, «Ақ жол». Бокстан 52 килограмм салмақ дәрежесінде 2015 жылғы Азия чемпионы, Риоде-Жанейро Олимпиадасы жолдамасының иегері Олжас Сәттібаевты облыс әкімі Кәрім Көкірекбаев қабылдады. «Жамбыл жері – спорттық тұрғыдан тарихқа бай өңір. Бокстан Мәскеу Олимпиадасында күміс жүлде иеленген даңқты Серік Қонақбаев, екі рет күміс медаль еншілеген Болат Жұмаділов, алтыннан а лқа т ағынған Ермахан Ыбырайымов, Бақтияр А рт а е в с е к і л д і д а ң қ т ы ағаларың бар. Мен саған ылғи да тілектеспін. Өнеріңді бақылап жүремін. Алла қаласа, еліміздің туын көкке көтеретініңе сенемін. Олимпиададан олжалы орал, Олжас, деп батамды бердім. Біз мұнда отырып, өзіңе жанкүйер боламыз. Жамбыл облысының 1 миллион 100 мың халқы сенің тілеуіңді тілейтінін есіңнен шығарма, айналайын! Теледидардан өнеріңді қалт жібермей тамашалаймыз. Биік шың дарды бағындыра бер!» –
=ЭФИОПИЯ ЕМТИХАН УАҚЫТЫНДА ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕР БҰҒАТТАЛДЫ Ел үкіметі жоғары оқу орындарына түсу үшін мемлекеттік емтихан тапсыру кезінде ел аумағында әлеуметтік желілердің жұмысын шектеген. Жергілікті биліктің осыған қатысты арнайы құжатында «әлеуметтік желілердің жұмысына тыйым салу емтиханды жеткілікті деңгейде өткізуге мүмкіндік береді» деп жазылған. Тыйым салынған желілер қатарында «Facebook», «Twitter», «Instagram» және «Viber» бар. Бұл уақытша шара бір аптаға созылады.
А ЫЛД Б М А Ж =ТАРАЗ ЕЛ ЕСІРТКІГЕ ҚАРСЫ
деді облыс басшысы боксшы оғланға сәттілік тілеп. Олжас өз ке зегінде Олимпиада барысында бар күшін салатынын айтты. «Оңай қарсылас жоқ. Бәрі өзімізге байланысты. Аллаға шүкір, дайындығымыз
жақсы. Жеңісті жорықты жалғастыруға ниеттімін. Бәрі де Алланың қалауымен болады ғой», – деді жер лесіміз жылы жымиып. О л ж а с С ә т т і б а е вт ы ң боксшы ретінде қалыпта суына ықпал еткен бапкері
М ұ р ат Ә б і м с е л і м о в т е шәкіртінің биік белестерді бағынд ыруға әзір екенін білдірді. «Олжас – жауапкершілік жүгін сезінетін спортшы. Құдай қаласа, жақсы нәтиже көрсетеді деп ойлап отырмыз.
Сол бағытта аянбай тер төгіп жүр. Шүмектеп төккен тердің жемісін көретін кез де келген шығар», – деді бапкері. Біз де жамбылдық жампоздың Рио-деЖанейрода жасындай жарқырауына тілектеспіз.
Құрманбек ӘЛІМЖАН, «Ақ жол».
ҚОРДАЙЛЫҚТАР ЕГІН ОРАҒЫНА ЖАППАЙ КІРІСТІ. БАСТЫ НАУҚАННЫҢ ӘДЕТТЕГІДЕН ЕКІ АПТАҒА КЕШІГІП БАСТАЛУЫНА БИЫЛ ШІЛДЕГЕ ДЕЙІН ТОЛАСТАМАҒАН ЖАҢБЫР СЕБЕП БОЛДЫ. ЖАУЫННЫҢ БИЫЛ МОЛ ТҮСУІНЕН АСТЫҚ ТА, ШӨП ТЕ ЫРҒЫН. ЖАЛПЫ, 45000 ГЕКТАР АЛҚАПТА ӨСІРІЛГЕН АРПА МЕН БИДАЙДЫҢ ТҮСІМІ ЖАҚСЫ. ТЕК ҰЙЫТҚЫҒАН ҚАТТЫ ЖЕЛ МЕН ТОЛАССЫЗ НӨСЕР КЕЙ ЖЕРЛЕРДЕ БІТІК ЕГІНДІ АЯУСЫЗ ЖАЙПАП ӨТКЕНІ БОЛМАСА. АУДАНДЫҚ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ БӨЛІМІНІҢ МӘЛІМЕТІ БОЙЫНША, 17 МЫҢ ГЕКТАР БИДАЙ МЕН 28 МЫҢ ГЕКТАР АРПАНЫ ОРЫП АЛУҒА 214 АСТЫҚ КОМБАЙНЫ, 368 АВТОКӨЛІК ПЕН 582 ТРАКТОР ТІРКЕМЕСІ ДАЙЫНДАЛҒАН. АСТЫҚ ҚАБЫЛДАУҒА 21 МЕХАНИКАЛАНДЫРЫЛҒАН ҚЫРМАН, 29 АВТОТАРАЗЫ, 15 ТҰҚЫМ ТАЗАЛАҒЫШ ДАЙЫНДЫҚ САПЫНА ҚОЙЫ ЛЫПТЫ. БИЫЛ 77,2 МИЛЛИОН ТЕҢГЕГЕ 24 ЖАҢА АСТЫҚ ТЕХНИКАСЫ АЛЫНҒАН.
(Жалғасы 3-бетте).
«Ақ жол-Ақпарат».
=ШВЕЙЦАРИЯ Лозанна қаласындағы Федералды политехникалық мектептің зерттеушілері темір жол вагоны мен ұшақты біріктіруді ұсынды. Жоба Clip-Air деп аталған. Жоба тиісті қаржыландыруға ие болса, шамамен 50 жылда жүзеге асуы мүмкін. Вагон прототипі 150 жолаушыға дейін тасымалдай алады. Clip-Air болашақта вагондар мен автобустардың ұшақ корпусы түрінде шығады. Мұндай вагонның әрқайсысы 450 жолаушы немесе 30 тоннаға дейін жүк тасымалдай алады.
ҚОРДАЙДЫҢ ЫРҒЫН АСТЫҒЫ
«Астана ЭКСПО-2017» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Ахметжан Есімовтің тапсырмасы бойынша қоғаммен байланыс департаменті ЭКСПО атын жамылып, заңсыз ақша жинау фактілерін хабарлау үшін арнайы «жедел желі» іске қосылды. Барлық «күдікті қоңыраулар» міндетті түрде жылдам қаралып, сыбайлас жемқорлық фактілері сәйкесінше өкілетті органдарға жолданатын болады. Заңсыз ақша жинау фактілерін хабарлау бойынша «жедел желіге» арналған 87023326521 телефоны азаматтарға тәулік бойы қызмет көрсетеді. Дәл осы нөмірде «WhatsАpp» жұмыс істейді. Сондай-ақ, шағымдарды hotline@expo2017astana.com электрондық поштасына жіберуіңізге болады. Айта кету керек, үстіміздегі жылдың 29 маусымында өңірлермен жұмыс істеу мәселелеріне қатысты өткізілген кеңейтілген кеңес барысында Ұлттық компания басшысы Ахметжан Есімов Халықаралық мамандандырылған көрмеге халықтан ақша жинау туралы әңгімені жоққа шығарған еді. – ЭКСПО тұрғындардан тікелей не жергілікті билік органдары арқылы, тіпті полиция қызметкерлері көмегімен ешқашан ақша жинаған емес. Оның үстіне, жобаның құны соңғы айлар көлемінде 130 миллиард теңгеге қысқартылды. Ел ішінде ЭКСПО-ның атын жамылып ақша жинаушылар болса аталған нөмірге қоңырау шалып, шағым түсіре алады. Шағым лезде қаралып, заң бұзушылық анықталса, тиісті шара қолданамыз, – деп ескертті Ахметжан Есімов.
КҮН ПАНЕЛЬДЕРІНЕН ЖАСАЛЫНАТЫН ЖОЛ Миссури көлік департаменті жаңа жоба аясында күн панельдерінен жасалған әлемдегі ең бірінші жол құрылысын бастауды жариялады. Пішіні алты бұрышты күн панельдері асфальтты алмастырады. Жолға төселген панельдер күн энергиясын жинақтап жергілікті тұрғындарды энергиямен қамтамасыз етеді. Күн панельдерін мұз бен қарды еріте алатын жылыту бөлшектерімен жабдықтау жоспарланған. ВАГОН МЕН ҰШАҚТЫ БІРІКТІРЕДІ
ЕГІН ОРАҒЫ – 2016
ЭКСПО АТЫМЕН АҚША «ЖАСАҒАНДАР» ҚАТАҢ ЖАЗАЛАНАДЫ
=АҚШ
КӘСІПКЕРЛЕРГЕ 500 МИЛЛИОН ТЕҢГЕ БӨЛІНЕДІ
ЖЫЛДЫҚ СЫЙАҚЫ МӨЛШЕРЛЕМЕСІ 8,5 ПАЙЫЗ НЕСИЕ ҚАРАЖАТЫ ЕКІНШІ ДЕҢГЕЙЛІ БАНКТЕР АРҚЫЛЫ БЕРІЛЕДІ
Облыстық әкімдікте облыс кәсіпкерлерін қолдау мәселелеріне арналған жиын өтті. Онда облыс әкімі Кәрім Көкірекбаев жаһандық қаржы дағдарысына қарамастан, мемлекетіміз тарапынан шағын және орта бизнеске жанжақты қолдау көрсетіліп жатқандығын атап өтті. Нәтижесінде осы қолдау облысымызда да шағын және орта бизнесті жандандыруға мүмкіндік беретінін тілге тиек етті. Бұдан кейін «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ басқармасының төрағасы Қ.Тулеушин облысымыздың шағын және орта бизнесін қолдау бойынша атқарған жұмыстары және болашақтағы жо спарлары тура лы айтып берді.
Облыс әкімдігі мен «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ арасындағы өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Осыған сәйкес, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ тарапынан басымдық негізде ауыл шаруашылық, өңдеу өнеркәсібі, туризм, өнер және ойын-сауық салаларына қызмет көрсететін шағын және орта кәсіпкерлік нысандарына жеңілдетілген 500 миллион теңге несие бөлінетін болды. Ат а лған құжатт а шағын және орта бизнесті қолдау бағытында кең көлемдегі өзара іс-қимылдар көзделген. Қаражат екінші деңгейлі банктер арқылы босатылады. Жылдық сыйақы мөлшерлемесі – 8,5 пайыз. Несиенің шекті мөлшері – Тараз қаласының кәсіпкерлері үшін 100 миллион теңгеге дейін, облыста жүзеге асырылып жатқан
=ҚОРДАЙ «АЛТЫН АСЫҚ» БАҒДАРЛАМАСЫМЕН АСЫЛ ТҰҚЫМДЫ МАЛ КӨБЕЮДЕ «Алтын асық» бағдарламасы бойынша биыл аудан агроқұрылымдарының отарлары үш мыңнан аса өнімділігі жоғары қойлармен толықпақшы. Бүгінге дейін «Аңсар», «Ақтасты», «Төлнұр», «Мақсат» шаруа қожалықтары жалпы сомасы 32,4 миллион теңгеге 1337 бас саулық қой мен асыл тұқымды қошқарлар сатып алды. Енді «Әділ», «Көктөбе», «Дархан» ШҚ-ларының несиеге мал сатып алу құжаттары ресімделуде. =МОЙЫНҚҰМ ШЫҒАНАҚТА ЖАҢА БАЛАБАҚША АШЫЛДЫ Аудан орталығынан шалғайда жатқан Шығанақ ауылы балабақшаға мұқтаж еді. Бұдан бірнеше жыл бұрын басталған балабақша құрылысы аяқталып келеді. Мердігер «Тараз инвест» ЖШС қазір жаңа нысанның ауласын абаттандыру жұмыстарын жүргізуде. Екі қабатты балабақшаға қажетті бұйымдар жеткізілуде. 140 орындық балабақша осы айда есігін айқара ашпақ.
Белдескеннің белін сындыр, Тірескеннің тізесін бүктір. ЖАЗЫЛЫМ – 2016
ОБЛЫСТЫҚ ӘКІМДІКТЕ
Наурызбек САРША, «Ақ жол».
«Ертеңің өзіңе байланысты! Дұрыс өмір сүр! Есірткіден бас тарт!» ұранымен «Бәйтерек» балалар демалыс орталығында Халықаралық нашақорлықпен және заңсыз есірткі айналысымен күрес күніне орай облыстық саламатты өмір салтын қалыптастыру орталығы, ішкі істер басқармасы және іскер әйелдер қауымдастығының ұйымдастыруымен кең көлемді акция өтті. Шараға Қ.Сарымолдаев атындағы №1 балалар үйінің тәрбиеленушілері мен Сарысу ауданынан келген 300-ге жуық бала қатысып, мамандардан есірткінің зияны жайлы кең көлемді мағлұмат алды.
жобалар үшін – 50 миллион теңге. Несие жаңа құрал-жабдықтар сатып алып, негізгісін жаңалауға 84 айға дейін беріледі. Айналымдағы қаражатты толықтыруға 36 айға дейінгі мерзім белгіленген. Негізгі қарызды өтеудегі жеңілдік берілетін мерзім 12 айдан аспайды. «Жамбыл облысында жұмыс істеп жатқан шағын және орта кәсіпкерлік нысандарының көп еместігін, яғни 59 мың екенін ескере отырып, арзан, қолжетімді, ұзақ мерзімге берілетін несие ұсыну арқылы олардың қатарын көбейтуіміз керек. Жылына 8,5 пайыз сыйақы мөлшерлемесімен берілетін несие өңірдегі шағын және орта кәсіпкерлік өсіміне үлкен серпін болары анық», – деді «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ басқарма төрағасы Қаныш Тулеушин.
«АҚ ЖОЛ» – әр шаңыраққа! Ахмет БАЙТҰРСЫНҰЛЫ: «Газет — халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек. Дүниеде болып жатқан істер, сөйленіп жатқан сөздер — кімге пайдалы? Кімге зарарлы екендігін күні бұрын біліп, пайдалы болса, шаттанып, зарарлысынан сақтандырып тұрады».
«ҚАЗПОШТА» БАЙЛАНЫС БӨЛІМШЕЛЕРІНДЕ: ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАР ҮШІН
ЖЕКЕ ТҰЛҒАЛАР ҮШІН
Ауылдағы кәсіпорындар мен ұйымдарға: 6 айға – 3185,10 теңге 1 жылға – 6370,20 теңге ИНДЕКСІ 15457
Ауыл тұрғындарына: 6 айға – 2935,08 теңге 1 жылға – 5870,16 теңге ИНДЕКСІ 65457
Тараз, Қаратау, Жаңатас, Шу қалалары бойынша 6 айға – 2849,76 теңге 1 жылға – 5699,52 теңге ИНДЕКСІ 15457
Тараз, Қаратау, Жаңатас, Шу қалалары бойынша 6 айға – 2599,74 теңге 1 жылға – 5199,48 теңге ИНДЕКСІ 65457
ТАРАЗ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ ҮШІН: «Эврика-пресс» ЖШС, «Тараз-пресс» ЖШС, «ERNUR-PRESS» ЖШС бөлімшелері арқылы жазылуға болады.