АБАИҒА құлақ түрейікші,
ДОСЫ КӨПТІ ЖАУ АЛМАЙДЫ, АҚЫЛЫ КӨПТІ ДАУ АЛМАЙДЫ
Жамбыл облыстық қоғамдықсаяси газет
№141 (18175), Сенбі, 14 қараша, 2015 жыл
ak-jol-taraz@rambler.ru
www. akjolgazet.kz
Газет 1922 жылғы 1 мамырдан шығады.
«ҚАЗАҚСТАН - 2050» СТРАТЕГИЯСЫ: МЕЖЕ МЕН МІНДЕТ
ӨҢДІРІСІ ӨРКЕНДЕГЕН ӨҢІР ОБЛЫС ӘКІМІ КӘРІМ КӨКІРЕКБАЕВ ІССАПАРМЕН ШАЛҒАЙДАҒЫ АУДАНДА БОЛДЫ
ағайын!
ҰЯЛМА ДЕГЕНІ КӨҢІЛ ҮШІН ҰЯЛМА ДЕГЕНІ КӨҢІЛ ҮШІН, ҰСАҚ ҚУЛЫҚ БІР ҒАНА ӨМІР ҮШІН. ТАТЫМДЫ ДОСТЫҚ ТА ЖОҚ, ҚАСТЫҚ ТА ЖОҚ. ЖІГЕРІ ЖОҚ МАҢЫЗЫ ЖЕҢІЛ ҮШІН. ЖАЛЫҒУ БАР, ШАЛҚУ БАР, ІШ ПЫСУ БАР, ЖАҢА СҮЙГІШ АДАМЗАТ, КӨРСЕ ҚЫЗАР. АР МЕН ҰЯТ ОЙЛАНБАЙ,ТӘНІН АСЫРАП, ЕРТЕҢІ ЖОҚ, БҮГІНГЕ БОЛҒАН ҚҰМАР. ТУЫСҚАНЫҢ, ДОСТАРЫҢ – БӘРІ ЕКІ ҮШТІ, СОЛ СЕБЕПТІ ДОСЫҢНАН ДҰШПАН КҮШТІ. СҮЙСЕ ЖАЛҒАН, СҮЙМЕСЕ АЯНБАҒАН, БҰЛ НЕ ДЕГЕН ЗАМАНҒА ІСІМ ТҮСТІ?! ӨЗІҢ ҮЛКЕН, ҚЫЛЫҒЫҢ – БАЛА-ШАҒА, БАЛАША МӘЗ БОП ЖҮРСІҢ ТАМАШАҒА. ӘКЕСІ ҰРЫССА БАЛАҒА, ОЛ ДА – ДОСТЫҚ, БАЛАСЫ ҰРЫССА ӘКЕГЕ ЖАРАСА МА?
ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛАН-ҒАЙЫР ҰЛЫ ДАЛАСЫНЫҢ ӘР ӨҢІРІНІҢ ӨЗІНДІК ОРНЫ, ӨЗ ЕРЕКШЕЛІГІ БАР. СОНЫҢ БІРІ – МОЙЫНҚҰМ. ОЛ – ҚАЗАҚТЫҢ БАҚ-БЕРЕКЕ ДАРЫҒАН ҚАСИЕТТІ ДЕ ҚҰТТЫ ЖЕРІ. ОБЛЫС АУМАҒЫНЫҢ 42 ПАЙЫЗЫН АЛЫП ЖАТҚАН, БІР ҚИЫРЫ БЕТПАҚТЫҢ БЕЛІМЕН, БІР ШЕТІ БАЛҚАШ КӨЛІМЕН ШЕКТЕСЕТІН, МОЙЫНҚҰМ
ҚҰМЫ, ШУ АҢҒАРЫ, ХАНТАУ, ЖАМБЫЛ, БАЙҒАРА ТАУЛАРЫ ӨҢІРІНЕ ОРНАЛАСҚАН ОСЫ АУДАНДЫ МОЛШЫЛЫҚ МЕКЕНІ ДЕСЕК ҚАТЕЛЕСПЕЙМІЗ. АУДАНҒА АРНАЙЫ ІССАПАРМЕН АТ БАСЫН БҰРҒАН АЙМАҚ БАСШЫСЫ КӘРІМ НӘСБЕКҰЛЫНЫҢ ӨҢІР ТУРАЛЫ ОЙЛАРЫ ДА ОСЫ МАЗМҰНДА ӨРБІДІ.
(Жалғасы 3-бетте).
МОЙЫНҚҰМ АУДАНЫНЫҢ АУМАҒЫНДАҒЫ «ШЫҒЫС КЕН БАСҚАРМАСЫ» ЖАУАПКЕРШІЛІГІ ШЕКТЕУЛІ СЕРІКТЕСТІГІ ЖОҒАРЫ САПАЛЫ ГРАВИТАЦИЯЛЫҚ БАРИТ ӨНДІРЕДІ. ОЛ – ХИМИЯ ӨНЕРКӘСІБІ, МҰНАЙ-ГАЗ ӨҢДЕУ КӘСІПОРЫНДАРЫ ЖӘНЕ МЕДИЦИНА САЛАСЫНДА ҚОЛДАНЫЛАДЫ. КӘСІПОРЫН ШЫҒАНАҚ КЕН ОРНЫНДА ШИКІЗАТ ӨНДІРЕДІ, ӨҢДЕЙДІ ЖӘНЕ ТАПСЫРЫС БОЛСА, ТЕМІР ЖОЛМЕН ЖЕТКІЗІП БЕРЕДІ. 2009 ЖЫЛЫ ИСО-9001: 2008 ХАЛЫҚАРАЛЫҚ САПА МЕНЕДЖМЕНТІ ЖҮЙЕСІН ЕНГІЗГЕН.
МОЙЫНҚҰМНЫҢ БАРИТІ «ШЫҒЫС КЕН БАСҚАРМАСЫ» ЖОҒАРЫ САПАЛЫ ГРАВИТАЦИЯЛЫҚ БАРИТ ӨНДІРЕДІ Ақылжан МАМЫТ, «Ақ жол». 2010 жылы «Русский Регистр» және «Қазақстандық сапа орталығы» қауымдастықтарының тиісті сертификаттарын алған. Заманауи жабдықтар орнатылған зертханада өнімнің сапасы қатаң бақылаудан өткізіледі. Ұнтақталған гравитациялық баритті концентрат буылып-түйіліп, контейнерлер арқылы вагондарға тиеледі. Осында өндірілген өнімнің дені елімізбен қатар Әзірбайжан, Ресей, Түрікменстан және Өзбекстан мемлекеттеріне өткеріледі. Кен орнында бариттің болжанған 9 миллион 972 мың тонна қоры бар. Кәсіпорын толық қуатында жұмыс істесе, жылына 300 мың тонна өнім өндіріп, өткере алады. Әлемдік қаржы дағдарысы бұл өндіріс орнын да айналып өткен жоқ. Соңғы кезде мұнай-газ саласындағы экономикалық қиындықтарға байланысты баритке деген
сұраныс азайды. Соның салдарынан серіктестік өткен жылы 120 мың тонна өнім өткерумен шектелген. Келісімшарт бойынша биыл да осындай мөлшерде өнім өндіреді. Осыған қарамастан, олар аз шығынмен мол әрі бәсекеге қ а б і л е т т і т ау а р ө н д і р у ж ө н і н д е г і ізденістерін жалғастыруда. Мамандарды қ ы с қ а р т п ау д ы ң а л у а н ж о л д а р ы н қарастыруда. Соның нәтижесінде 500ден астам жұмысшының бірде-біреуі қысқармаған. Салыққа және міндетті төлемдерге қарызы жоқ. Жұмысшылардың 60 пайызға жуығы – жергілікті тұрғындар. Орташа жалақы – 80 мың теңге. Жұмыс вахталық әдіспен ұйымдастырылған. Мамандарға күнделікті үш мезгіл тамақ беріледі. Жататын орын, душ және моншамен қамтылған. Арнайы жұмыс киімі беріледі. – Өндіріс орнында кен ашық әдіспен өндіріледі. Шикізатты қажетті сыныпқа дейін ұсақтау үш сатымен жүргізіледі. Оны байыту үшін пневматикалық-
ЖАЗЫЛЫМ – 2016
Тұшымды дүниелерге толы газет
ӘМІРБЕК ДӘУРЕНОВ, ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ.
Мен көп жылдардан бері «Ақ жол» газетінің тұрақты оқырманымын. Бүгінгідей бәсекелестік заманда қай істе болсын алдымен сан емес, сапа керек екені ақиқат. Халықтың да бұл күнде талабы мен талғамы өсіп, өзгерді. Сондықтан да, газет журналистері мен оның бетін әрлеушілерге артылар жүк салмақты. Осы тұрғыдан алып қарағанда, «ақжолдықтар» ел сенімі үдесінен ұдайы шығып келеді. Себебі, өңір өмірінің айнасы іспетті бұл басылым облыс экономикасының жайын, сан салалы өндірісін, мәдениеті мен әлеуетін ауқымды түрде жазып көрсетіп, спорт пен туризм, шағын және орта бизнес, құрылыс, тіпті, тазалық пен тәртіп мәселелерін де жиі қозғап жүр. Сондай-ақ, газет бетінен оқырмандар шығармашылығына да арнайы орын беріп, ауылдың тыныс-тіршілігінен бастап, күллі әлемнің жаңалығына дейін қамтып, оқырмандарын алуан жайттардан да құлағдар етуді назардан тыс қалдырған
емес. Халықтың көзі мен құлағы бола білген «Ақ жолдың» бүгінде беделі артпаса, кеміген жоқ деп ойлаймын. Облыс бас басылымының халық пен билік арасындағы шынайы алтын көпір бола отырып, мемлекет мүддесі үшін қадамы қияс кеткендерді сынау арқылы жөнге шақыруы – заңдылық. Сол үшін де бұл сала «төртінші билік» аталған. Бұл жөнінде де «Ақ жол»
батылдық танытуда. Сонымен қатар, жаңадан бой көтерген құрылыс нысандарын ұдайы назарда ұстауы, әлдебір ұсқыны қашқан аялдамаларды, тозығы жеткен ғимараттар мен қордаланған қоқыс, көзге шыққан сүйелдей болған ескілікті көше атауы немесе қате жазылып, шаһардың сәнін қашырған бейберекет жарнамаларға «Фотоайғақ» жасауы арқылы кемшіліктердің дер кезінде түзетілуіне мұрындық болды. Бұл өз кезегінде Қазақ хандығының 550 жылдығы тұсында қайта түлеген Тараздың ажарлана түсуіне қосылған үлкен үлес деп есептеймін. Аптасына үш рет жарық көріп, қалың елге жол тартатын «Ақ жол» өз оқырманын түрлі жаңалықтармен дер кезінде қауыштырып келеді. Тұшымды дүниелерге толы осы газетке мен де биыл алғашқылардың бірі болып жазылдым. Ал редакция ұжымына айтарым, мемлекет саясатының жүзеге асырылуына кең көлемде қолдау көрсете отырып, алдағы уақытта да жылт еткен дүниені болсын бұқараға бүкпесіз жеткізе білулеріңізге тілектеспін!
механикалық тұндыру машиналарында гравитациялық әдіс қолданылады. Мұнда 2007 жылы жылына 300 мың тонна кен өңдейтін байыту фабрикасы іске қосылды. Фабрика құрамында ірі, орташа, ұсақ ұсақтағыш және тұндыру корпустары бар. Мұның өзі қол күшін және өндірістік шығындарды азайтуға, еңбек өнімділігін еселеп арттыруға қол жеткізді. Өндіру, өңдеу, тұндыру және жеткізу жұмыстары осындағы 30 бірлік техника күшімен атқарылады. Оларды жаңартуға да ерекше көңіл бөлінуде. Соңғы екі жылда 6 бірлік заманауи үлгідегі қуатты техника сатып алынды. Инновация – бәсекеге қабілеттілік кепілі. Бұрын бізде кен конустық тәсілмен ұсақталатын. Өткен жылы біз өндіріске роторлы ұсақтауды енгіздік. Мұның өзі кенді бұрынғыға қарағанда мол өндіруге, еңбек өнімділігін екі есе арттыруға қол жеткізді, – дейді «Шығыс кен басқармасы» ЖШС-ның атқарушы директоры Азамат Дүйсенов. Мойынқұм ауданы.
«АҚ ЖОЛ» – әр шаңыраққа!
«Газет — халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек. Дүниеде болып жатқан істер, сөйленіп жатқан сөздер — кімге пайдалы? Кімге зарарлы екендігін күні бұрын біліп, пайдалы болса, шаттанып, зарарлысынан сақтандырып тұрады». Ахмет БАЙТҰРСЫНҰЛЫ.
«ҚАЗПОШТА» БАЙЛАНЫС БӨЛІМШЕЛЕРІНДЕ: ЖЕКЕ ЖАЗЫЛУШЫЛАР ҮШІН Ауыл тұрғындары үшін 6 айға – 2414.40, 1 жылға – 4828.80 теңге ИНДЕКСІ 65457 Қаратау, Жаңатас, Шу қалалары бойынша 6 айға – 2185.08, 1 жылға – 4370.16 теңге ИНДЕКСІ 65457 Тараз қаласы бойынша 6 айға – 2041.26, 1 жылға – 4082.52 теңге ИНДЕКСІ 65457
КӘСІПОРЫНДАР МЕН ҰЙЫМДАР ҮШІН Ауылдағы кәсіпорындар мен ұйымдар үшін 6 айға – 2664.42, 1 жылға – 5328.84 теңге ИНДЕКСІ 15457 Қаратау, Жаңатас, Шу қалалары бойынша 6 айға – 2435.10, 1 жылға – 4870.20 теңге ИНДЕКСІ 15457 Тараз қаласы бойынша 6 айға – 2291.28, 1 жылға – 4582.56 теңге ИНДЕКСІ 15457
Дихан жерін мақтайды, Балықшы көлін мақтайды, Кәсіпкер кенін мақтайды. Халық мақалы.
ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТТАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА Бесінші шақырылған Жамбыл облыстық мәслихатының кезектен тыс, XXХХІ сессиясы 2015 жылдың 16 қарашасында облыс әкімдігінің мәжіліс залында (2-қабат) сағат 12.00-де келесі күн тәртібімен өтеді: 1. «2015-2017 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» Жамбыл облыстық мәслихатының 2014 жылғы 11 желтоқсандағы №33-3 шешіміне өзгерістер енгізу туралы; 2. «Жамбыл облысының Құрметті азаматы» атағын беру туралы; 3. Республикалық ономастикалық комиссиясының қарауына мемлекеттік заңды тұлғаны жеке адамның есімімен қайта атау жөнінде ұсыныс енгізу туралы; 4. «Жамбыл облысының су объектілерінде ортақ су пайдалану Қағидаларын бекіту туралы» Жамбыл облыстық мәслихатының 2013 жылғы 23 тамыздағы №164 шешімінің күші жойылды деп тану туралы; 5. Жамбыл облыстық мәслихатының қабылдаған кейбір шешімдерін жою туралы. * * * Облыстық мәслихат тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы облыс әкімдігінің мәжіліс залында (2-қабат) 2015 жылдың16 қарашасында сағат 11.00-де өтеді. * * * Депутаттарды тіркеу 2015 жылдың 16 қарашасы күні сағат 10.30-да басталады. Облыстық мәслихаттың хатшысы Б.ҚАРАШОЛАҚОВ.
Ж
А АҢ
ЛЫ
Қ
ЖА Т АН
НА ЖЕРИДІ МАН ҒА
САЙТЫМЫЗДЫ ОҚЫП, СӘЛЕМ ЖОЛДАДЫ
Облысымыздың бас басылымы – «Ақ жолдың» оқырмандары өңірімізде ғана емес, сонау Алматы, Астана сынды қалалар мен еліміздің түкпір-түкпірлерінде де баршылық. Оған газетіміздің сайты мен электронды поштамызға күнделікті келіп түсіп жатқан хаттар арқылы көз жеткізуге болады. Жылы лебізге толы хаттың бірі жақында белгілі қаламгер Бейбіт Қойшыбаевтан келіп түсті. Ол өз хатында: «Құрметті «Ақ жол» ұжымы! Газеттеріңізде осы жылдың 10 қарашасында мен туралы жарияланған журналист Әшірбек Маханбетқұлұлы Амангелдінің «Туралықтан таймаған тұлға» деген мақаласын сайттарыңыздан көрдім, оқыдым. Рахмет Сіздерге! Алла разы болсын! Еңбектеріңіз жана берсін! Құрметпен, Бейбіт Қойшыбаев», – депті. Газетіміздің сөзі облысқа ғана емес, сонымен бірге, еліміздің түкпір-түкпіріне таралуы – «Ақ жол» газеті сайтының арқасы. Оқырмандарымыз заман талабына сай қолға алынған сайттың игілігін көре бастады. Әсіресе, соңғы 1-1,5 жылда жандана түскен сайттан бүгінде газетте жарияланған мақалаларды ол үйге жетпей жатып-ақ ПДФ нұсқасында толық танысуға болады. Мұндағы мақалалар «Facebook», «VK» секілді әлеуметтік желілердегі «Ақ жолдың» арнайы парақшасына да салынуда. Сондай-ақ, еліміздегі, әлемдегі жаңалықтар оқырмандарға кириллица әрпімен бірге, латын, төте жазу арқылы да жедел ұсынылуда. Мұнымен қоса, сайт жас ақындардың өлеңдеріне түсірген бейнебаяндарын, туған өлке таңғажайыптарын, әлеуметтік зерттеулерін, сыр-сұхбаттарын, спортшыларымыздың жеңісті сәттерін «Ақ жол-ТД» арқылы беріп отырады. Кейбіреулердің сайт оқылмайды деп жүргендері бекер сөз. Сондықтан, «Ақ жолға» жазылып, сайтымызға да назар салып отыруды ұмытпаңыздар! «Ақ жол-Ақпарат».