ЖАМБЫЛДА
Сарысу ауданы
Мойынқұм ауданы
ДОСЫ КӨПТІ ЖАУ АЛМАЙДЫ, АҚЫЛЫ КӨПТІ ДАУ АЛМАЙДЫ
НЕ ЖАҢАЛЫҚ?
Мойынқұм
Жамбыл облыстық қоғамдықсаяси газет
№43 (18077), Сейсенбі, 14 сәуір, 2015 жыл
ak-jol-taraz@rambler.ru
www. akjolgazet.kz
Газет 1922 жылғы 1 мамырдан шығады.
«НҰРЛЫ ЖОЛ» - БОЛАШАҚҚА БАСТАР ЖОЛ
ҚОРДАЙДАҒЫ ИГІ ІСТЕРГЕ КӨҢІЛ ТОЛАДЫ Құрманбек ӘЛІМЖАН, «Ақ жол». СЕНБІ КҮНІ ТАҢЕРТЕҢ ОБЛЫС ӘКІМІ КӘРІМ КӨКІРЕКБАЕВ ҚОРДАЙ АУЫЛЫНА АЛМАТЫ ЖАҚТАН КІРЕБЕРІСТЕ САЛЫНЫП ЖАТҚАН 50 ПӘТЕРЛІК БЕС ҚАБАТТЫ ТҰРҒЫН ҮЙДІҢ ҚҰРЫЛЫСЫН КӨРУГЕ КЕЛДІ. БАС МЕРДІГЕР ТАРАЗДЫҚ «АРҚАТ» ЖШС ЖҮРГІЗІП ЖАТҚАН НЫСАННЫҢ ЖАЛПЫ СМЕТАЛЫҚ ҚҰНЫ – 466 МИЛЛИОН ТЕҢГЕНІҢ ҮСТІНДЕ. КЕЛІСІМ-ШАРТ ҚҰНЫ – 400 МИЛЛИОН ТЕҢГЕ. БЫЛТЫР РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БЮДЖЕТТЕН 216 МИЛЛИОН, ОБЛЫСТЫҚ БЮДЖЕТТЕН 24 МИЛЛИОН ТЕҢГЕ ИГЕРІЛІП, ҚҰРЫЛЫСТЫҢ НЕГІЗГІ ЖҰМЫСТАРЫ АТҚАРЫЛҒАН БОЛАТЫН. Ө т ке н к ү з д е ауд а н ғ а ке л г е н д е Кәрім Нәсбекұлы жұмыс қарқынын мейлінше тездетіп, тұрғын үйді Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығы мерекесіне орай пайдалануға беруге тапсырма берген-ді. Қазір оның ішкі әрлеу, сыртқы абаттандыру жұмыстарына жүзден астам адам жұмылдырылған. Еденге линолеум төселіп, ас бөлмеге газ плиталары қойылуда. Сыртта су құбыры, кәріз жүйелері жүргізіліп, жылыту қазандығы салынып жатыр. Үйде бір бөлмелі – 10, екі бөлмелі – 20 және үш бөлмелі 20 пәтер болады. Облыс басшысы негізінен пәтерге аса мұқтаж соғыс ардагерлеріне, көптен кезекте тұрған көп балалы отбасылары мен жас мамандарға арналған пәтерлерді бөлу комиссиялы түрде дау-дамайсыз атқарылуы керектігін аудан басшыларына ескертті. Құрылысшыларға үйдің сыртқы келбетін безендіруге қатысты ұсыныстар айтты. Аудан аумағында ірілі-ұсақты бес су жинақтау орындары болса, соның ішінде ірілері – Қарақоңыз және Қақпатас су қоймаларын облыс басшысы арнайы барып көрді. 1986 жылы салынған Қақпатас су қоймасында да 10,0 миллион текше метрге
жуық су жинақталған. Қарақоңыздағы тәрізді мұның да сыйымдылығын арттыру қажеттілігі туып отыр. Өйткені ауданның ішкі су көздері қажеттіліктің тек 12 пайызын ғана өтейді. Қалған 80 пайызға жуық су Шу өзенінен алынады. Жаздың аптапты суару маусымында көрші республикадан берілетін судың кемітілуінен егіншілер зор бейнетпен еккен егістіктің өнімі азайып немесе мүлде күйіп кететін кездері аз емес. Егер, Қақпатас су қоймасының бөгенін биіктеп, мұндағы су көлемі ең болмағанда он бес миллион текше метрге көбейтілсе, төмендегі Бетқайнар, Қақпатас, Сарыбұлақ ауылдық аймақтарындағы қаншама диханның тынысы кеңейер еді. Қазір осы жұмыстардың жобасы жасалуда. Ал Ноғайбай ауылдық аймағында Ырғайты өзені бойында салынуы тиіс жаңа су қоймасының тағдыры да әзірге қағаз жүзінде қалып отыр. Жалпы құны 7,7
Р НАЗА
миллион теңгеге бағаланған бұл жоба іске асар болса, 30 миллион текше метрлік жаңа су қоймасын іске қосу арқылы «Совхоздар» аймағынан 6 мың гектардан аса жер суландырылып, қырғыздарға тәуелділік анағұрлым азайған болар еді. Жалпы, ауданның су қоймаларын кеңейту және жаңадан салу бойынша төрт жоба республикалық тиісті ведомстволардың қарауында жатыр. Облыс басшысы оларды жүзеге асыру арқылы ауданда қолдан жинақталатын су көлемін 100 миллион текше метрге дейін жеткізіп, қордайлықтарды су тапшылығынан арылту жолында жұмыстар жасалып жатқанын айтты. Осы егістік суының тапшылығынан жыл сайын маңдайлары тасқа тиіп жүрген аудан егіншілері соңғы жылдары ылғал үнемдеу технологияларына барынша ден қоя бастаған. Егер былтыр тамшылатып
және жаңбырлатып суару тәсілдері қолданылған егістік көлемі 1070 гектар болса, биыл 2000 гектардан асып отыр. Жаңа технологияның артықшылықтары облыс басшысы ат басын тіреген Масаншы ауылдық аймағындағы «Щенхо» және Сарыбұлақ ауылдық аймағындағы «Самғау» шаруа қожалықтарының мысалынан айқын көрінеді. Мәселен, «Щенхо» ШҚ биыл 120 гектар жерде дақылдарды тамшылатып суарып өсірмек. Былтыр осындай әдіспен өсірген пияздың әр гектарынан 64 тоннадан өнім жиналған. Ал бұрынғыша қолмен суарылған жерде ол 16-18 тоннадан аспас еді әрі су ысырабына жол беріледі. – Тамшылатып суаруда су, тыңайтқыш және уақыт айтарлықтай үнемделеді, егістікті арамшөп баспайды, – дейді ШҚ басшысы Уджур Керим. – Биыл пиязбен қоса қанатты жоба ретінде он бес гектарда картоп пен сәбізді де тамшылатып суарғалы
САН ДАҒЫ НЫ
отырмыз. Бұл жоба өзін-өзі ақтаса келесі жылы мұндай егіс көлемін еселеп арттырамыз. Суарудың жаңа технологиясын үш жыл бұрын енгізген «Самғау» шаруа қожалығының басшысы Евгений Трубников те облыс әкіміне жаңа тәсілге тәуекел еткеннен тек пайда көріп отырғанын жасырмады. – И з р а и л ь д і к ком п а н и я м е н ынтымақтасудың арқасында олардың тамшылатып суару технологиясын жақсы игеріп алдық. Өткен екі жылда пияз бен дәндік жүгеріден әдеттегіден бір жарым-екі есеге дейін артық өнім жиналды. Биыл барлығы 330 гектар егістік тамшылатып суарылады. Оның ішінде 260 гектар жүгері, 45 гектар пияз және 15 гектар қант қызылшасы болады. Осылайша суды мейлінше үнемдей отырып, өнімділікті барынша молайтудың тәсілін қолданып жатырмыз. Өмірде кереғарлықтар аз ба? Бір жерде дихандар аз суға таласып өзара жаға жыртысып жатса, екінші жерде үйдің ауласына дейін су басып, жұртты әбігерге салуда. Мұндай жай соңғы екіүш жыл көлемінде Бетқайнар ауылында пайда болды. Қыс кетіп көктем туысымен мұнда жер асты суы көтеріліп, ауыл шетіндегі жиырма шақты үйді қызыл су басып қалатын «өнер» тапты. Биыл да солай болды. Үлкендердің айтуынша, ауылдың бұл шеті баяғыда қамыс өскен сазды жер болған екен. Кейіннен мүлде құрғап кеткендіктен, бертінде тұрғындар саны өсуіне байланысты бұл арадан үй салуға жер бөлінген. Жұрт іргетасын құйып шетінен үй сала бастаған кезде жер асты суы қайта көтеріліпті. Ауылдық аймақ әкімі Елужан Мақұлбаев облыс басшысына бұл қатерді жою бойынша атқарылып жатқан жұмыстардың жайын баяндады. Ауылда төтенше жағдай жарияланып, облыс әкімдігінің қорынан 21 миллион теңге, ауданнан 1 миллион 500 мың теңге бөлініп, жер асты суын дренаждық жүйемен ауыл сыртына шығарудың инженерлік жұмыстары қолға алынған. ПМК-48 механизаторлары бұл жұмысты маусым айының аяғына дейін толық аяқтауды көздеп отыр. Қазір көлденең қазылған арық-атыздар арқылы бір жерге жиналған су сорғызылып әкетілуде. (Жалғасы 3-бетте).
ОБЛЫСТЫҚ ӘКІМДІКТЕ
КӨКТЕМНІҢ ӘР КҮНІ ЖЫЛҒА АЗЫҚ
Шынар САҒИЕВА, «Ақ жол».
ЖАҢА ӘДІСПЕН САЛЫНҒАН ҒИМАРАТ КОММУНАЛДЫҚ ШЫҒЫНДАРДЫ АЗАЙТАДЫ Ақылжан МАМЫТ, «Ақ жол». Тараздағы Тимур Манашев жетекшілік е т е т і н « Та р а з қ ұ р ы л ы с д и з а й н » жауапкершілігі шектеулі серіктестігі құрылысты ережелер мен нормативке және кестеге сәйкес жүргізеді. Серіктестік соңғы жылдары Тараздағы «Бәйтерек» мөлтек ауданындағы 200 төсектік көп салалы балалар ауруханасын, 600 орындық көп салалы колледж және шаһардағы «Жүрек» кардиохирургиялық ауруханасын белгіленген мерзімде салып, ел игілігіне бе рд і . Ком п а н и я о бл ы с б о й ы н ш а мемлекеттік кірістер департаменті таяуда өткізген байқауда «Үздік салық төлеуші» аталымы бойынша жеңімпаз атанды. Қазір мердігер Тараздағы Сабалақов және Крупская көшелерінің қиылысындағы облыстық 200 төсектік перинатальдық орталықтың құрылысын жүргізуде. Нысанның жобалық-сметалық құны – 6 миллиард 953 мың теңге. Іске 2013 жылдың қараша айында кіріскен олар қазірге дейін белгіленген жұмыстың 80 пайызын еңсерген. Нысан биыл қыркүйек айында іске қосылуы тиіс. Білікті мамандар шоғырланған, қуатты техникасы
бар олар қазір әрлеу жұмысын аяқтап келеді. Инженерлік коммуникациялық жұмысты жүргізу үшін бес қосалқы мердігер тартылған. Бүгінде аурухананы уақтылы пайдалануға беру үшін мұнда 468 адам бел шешпей еңбек етуде. Былтыр және биыл жыл басында біраз уақыт қаржыландыру уа қ ы т ш а то қ т ап қ а л ғ а н . Ком п а н и я басшылары тығырықтан шығу, жұмыс ырғағын бәсеңдетпеу үшін екінші деңгейлі банктерден несие алған. Соның нәтижесінде кестеге сәйкес жұмыс істеуде. – Нысанның құрылысын жаңа әдіспен жүргізудеміз. Ғимараттың қабырғалары тұтас бетонмен және көпіршік блокпен құйылуда. Оның сырты минералды матамен қапталған. Мұның өзі үйдің ішіндегі бөлмелерде температураның тұрақты сақталуына, энергия үнемдеуге және коммуналдық шығындарды азайтуға мүмкіндік береді. Осының есебінен электр қуаты мен газ едәуір үнемделеді, – дейді «Тараз құрылыс дизайн» ЖШС директорының орынбасары Ғазизбек Бекбердиев. Мұнда қазақстандық үлес 80 пайызды құрайды. Бетон – Тараздағы «Ғимараттемірбетон» ЖШС-нан, ал гипс «Жамбыл гипс» кәсіпорнынан алынуда. Барлық сатып алынған материалдар зертханада тексеруден өткізіледі. Ауруханаға заманауи үлгідегі
құрал-жабдықтар сатып алынады. Олар Ресей мен Австриядан жеткізіледі. Бұл мақсатқа 2 миллиард 700 миллион теңге бөлінген. Қайда болса да бәсекеге қабілеттінің бағы жанады. Уақыт серіктестіктегі құрылысшыларға бірнеше мамандықты қатар игеру талабын қойып отыр. Бұрын тек кірпіш қалаумен шұғылданатын тас қалаушылар сылақ жүргізуді, ағаш ұстасы мамандықтарын игеруде. Бұған қоса ертінді даярлаушы және дәнекерші мамандығын үйреніп жүргендер де көп. Орташа айлық жалақы 80 мың теңге. Жұмысшыларға жалақы айына екі рет, бөліп төленеді. Құрылыс басында 150 орындық асхана бар. Құрылысшылар түс мезгілінде кезектесіп ыстық тамақ ішеді. Жұмысшылардың барлығы жергілікті азаматтар. Іс тетігін қашанда мамандар шешеді. Прорабтар Ерлан Бейсекин, Асқар Қарабалаев, Жандар Мадиярұлы және бригадирлер Ғани Шабатаев, Махмұд Ерназаров, Орал Жапарова әріптестерін ұдайы өнімді еңбекке жұмылдырып жүреді. Ғазизбек Бекбердиев нысанды биыл қыркүйек айында пайдалануға беретіндерін нық сеніммен айтады. Тараз қаласы. Суреттерді түсірген Ақәділ Рысмахан.
Облыс әкімі Кәрім Көкірекбаевтың төрағалығымен өткен облыс әкімдігінің кезекті аппарат кеңесінде көктемгі егіс дала жұмыстарының барысы қаралды. Ол туралы облыс әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Абдалы Нұралиев баяндама жасады. Оның айтуынша, биыл қант қызылшасын 10 мың, дәндік жүгеріні 15 мың, майлы дақылдарды 93,5 мың, көкөніс дақылдарын 24,1 мың, бақша дақылдарын 9,4 мың, мал азығы дақылдарын 189,1 мың гектарға орналастырту жоспарланыпты. Сонымен қатар, ылғал-ресурс үнемдеу технологияларын 25,0 мың гектарға, су үнемдеу технологияларын 7,0 мың гектарға жеткізу межеленген. Алайда, бүгінде мұндай технологияларды енгізуде Сарысу, Талас, Меркі, Жуалы аудандары сылбырлық танытуда. Мәселен, өткен жылы Жуалы ауданы бірде-бір гектар алқапқа су үнемдеу технологиясын енгізбесе, Т.Рысқұлов ауданында 8 гектар алқапты ғана құраған. «Биыл дихандар үшін қолайлы жыл болады деген болжам бар», – деген баяндамашы биыл өнімді көп алу жоспарланып отырғандығын айтты. Тоғызыншы сәуірге дейінгі мәлімет бойынша, 134,6 мың гектар жер айдалып, 178,6 мың гектар жер өңделіп, оның 94,1 мың
гектарына жаздық масақты дәнді дақылдар себілсе, 14,7 мың гектарына көп жылдық шөп, 8,8 мың гектарына көкөніс, 7,6 мың гектарына майлы дақылдар, 15 гектар қант қызылшасы, 2,0 мың гектар бақша және 2,6 мың гектар картоп, 5 гектар дәндік жүгері тұқымы егіліп, көктемгі дала жұмыстары жалғасуда. Оған облыстағы қолда бар техникалар барынша жегілген. Биылғы жылдың үш айында елу дана жаңа ауыл шаруашылығы техникасы алыныпты. Облыс әкімінің тапсырмасы бойынша аудандарға қант қызылшасының егіс көлемін он мың гектар алқапқа жеткізуге тапсырма берілген. Алайда аудандардың берген мәліметі бойынша облыс бойынша 7050 гектар алқапқа қант қызылшасы егіледі деп күтілуде екен. «Шу ауданында 2015-2017 жылдары көкөніс кластерін құру кешенді іс-шаралар жоспарына» сай бірқатар жұмыстар да атқарылыпты. Егін шаруашылығындағы инвестициялық жобалардың жай-күйі де баяндалды. Көктемгі дала жұмыстары бойынша аудан әкімдерінің де есебін тыңдаған облыс басшысы Кәрім Көкірекбаев қант қызылшасын көбейту керектігін айтып, Шу ауданындағы Тасөткел су қоймасын пайдаланып, оның жанынан алма бағын салуды және суды үнемдеп, тамшылатып суғаруға мән беру керектігін қадап айтты.
Шу ауданы
Талас ауданы
Төле би
Жаңатас Қаратау
Жамбыл ауданы
Меркі ауданы
Байзақ ауданы
Т.Рысқұлов ауданы
Аса
Құлан
Жуалы ауданы
Қордай ауданы
Меркі
Қордай
Бауыржан Момышұлы
=БАЙЗАҚ «Өнер» мектебінің шығармашылық ұжымы Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына орай концерттік бағдарламалармен Тараз қаласындағы қарттар үйі мен аудандағы Сарыкемер орта мектебінде болды. Концерт барысында «Ай ару» бишілер тобы түрлі ұлттың биін билесе, кішкентай өнерпаздардан тұратын қобызшылар ансамблі халық күйлерін орындап, тыңдармандарын тәнті етті. =ЖУАЛЫ Аудандық «Достық» Мәдениет үйінде «Жуалы аруы2015» аудандық байқауы болып өтті. Байқауға он үміткер қатысты. Арулардың ақылы мен парасаты, өнері мен өнегесін сарапқа салған байқау тартысты өтті. Қ.Қошмамбетов атындағы орта мектептің озат оқушысы, қазақтың қызына тән қасиетке бай Аида Әжібай бас жүлдеге лайық деп табылды.
=ҚОРДАЙ Сортөбедегі Лермонтов атындағы мектептің 11-сынып оқушысы Амина Джимбарова биыл жыл басында өзге ұлт өкілдерінің мемлекеттік тілді меңгеруі бойынша өткен облыстық пән байқауында бірінші орын алып, республикалық жарысқа жолдама иеленген еді. Амина жуырда Атырау қаласындағы пән олимпиадасынан да бірінші орынды олжалап оралды. =Т. РЫСҚҰЛОВ Ауданда өткен жылы 626,4 миллион теңгеге 54 дана әртүрлі маркалы техника лизингке және нақты қаражатқа сатып алынды. Бүгінгі күнгі комбайндар паркінің 32,4 пайызы және тракторлар паркінің 23,7 пайызы жаңаланған. Енді жыл басынан бері 306,964 миллион теңгеге әртүрлі маркалы 11 дана жаңа ауыл шаруашылық техникасы сатып алынды. =ШУ Аудан әкімі Бақытжан Нүркенов пен аудандық ардагерлері кеңесінің төрағасы Саруархан Зәуірбеков «Жеңістің 70 жылдығы» мерекелік төсбелгілерін аудандағы Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің үйлеріне апарып, құрметпен табыс етті. Аудан бойынша 12 соғыс ардагеріне төсбелгімен қатар, дабыл тетігі орнатылған ұялы телефондар сыйға тартылды.
САЙЛАУ – 2015 «АТАМЕКЕН» ҰЛТТЫҚ КӘСІПКЕРЛЕР ПАЛАТАСЫНЫҢ БАСТАМАСЫМЕН РЕСПУБЛИКА КӨЛЕМІНДЕ ӨТІП ЖАТҚАН «ӘРКІМНІҢ ДАУЫСЫ МАҢЫЗДЫ!» АТТЫ АКЦИЯНЫ ОБЛЫСТЫҚ КӘСІПКЕРЛЕР ПАЛАТАСЫ ДА ҚЫЗУ ҚОЛДАУДА. ТАҚЫРЫБЫ АЙТЫП ТҰРҒАНДАЙ АКЦИЯ САЯСИ НАУҚАННАН ҚАЛЫС ҚАЛМАУҒА ҮНДЕЙДІ.
ОТАНДЫҚ ТАУАРЛАРДЫҢ СЫРТЫНА СТИКЕР ЖАПСЫРДЫ
Шынар САҒИЕВА, «Ақ жол». Бұл жолы облыстық кәсіпкерлер палатасының қызметкерлері облыс орталығындағы «Дәмдес», « S М А R Т» , « Ме т р о н ом » , «Small» ірі супермаркеттері мен «Вкусная корзинка», «Ромашка» сауда желілерін ара лап шықты. Ондағы отандық өнімдердің сыртына «Әркімнің дауысы маңызды!» деген ұранмен 26 сәуір күні сайлау екендігі көрсетілген стикерлерді жапсырды. С ауд а о р ы н д а р ы н ы ң басшылары мұндай бастаманы қолдап, кәсіпкерлер палатасымен келісіп, с т и ке рл е рд і с ө р е л е рд е г і отандық тауарларға жапсырып қойыпты. «Дәмдес» сауда орталығының әкімшісі Люция
(Жалғасы 3-бетте).
Байкуразова тұтынушылар тарапынан, әсіресе, өзімізден шығатын сапалы сүт, ет, ұн өнімдеріне сұраныс жоғары екендігін, а л олардың сыртындағы жапсырмалар жұрттың назарын бірден ауд а р а т ы н д ы ғ ы н ж ә н е ха л ы қ т ы ң с а й л ауд а н хабары болғандықтан бұл жөнінде ешқандай сұрақ туындамағандығын айтады. «SМАRТ» супермаркетінен ке р е к - ж а р а ғ ы н т ү ге н д е п жүрген қала тұрғыны Назира Сағынтайқызы «саяси науқанда азаматтардың белсенділік танытқандары жөн» деп ойпікірімен бөлісті. Сонымен қатар, сайлауға қанша күн қа лғандығын к ө р с е т і п т ұ р ат ы н ү л ке н к ү н т і з б е л е р д е ат а л ғ а н нысандардың кіре берістеріне ілінді.
Сәуір болса, күн күркірер, Күн күркіресе, көк дүркірейді. Халық мақалы.
ХАТҚА ТҮЙІЛГЕН ТІЛЕК
СҮЙІКТІ ГАЗЕТІМІЗДІҢ ӨҢІ ӨЗГЕРДІ Құрметті редакция! Сіздерге хат жолдап отырған отбасы мүшелері кешегі соғыстың зардабын бір кісідей шегіп, қан майданнан қайтпай қалған әкелерінен бір жарым жасында қалған сәбилер еді. Сол елін қорғауда опат болған әкенің өмір жолын жалғап жатқан Есмаханов Әбеннің ұлы Амангелді Есмахан және келіні Балкүл Шардарбек боламыз. Біз шалғайдағы Жайылма ауылында тұрамыз. Амангелді мектепте 45 жыл, мен 41 жыл қызмет
етіп, бүгінде зейнетке шығып, алаңсыз өмір сүріп отырған жайымыз бар. Біз отбасымызбен «Ақ жол» газетіне 50 жылдан астам уақыт үзбей жазылып, облысымыздың тыныс-тіршілігімен хабардар болып отырамыз. Соңғы жылы осы басылымның өңі өзгеріп сала берді. Қазір әрбір санын асыға күтетін болдық. Себеп – газеттегі жарияланып жатқан түрлі айдардағы әрбір мақала оқырманның жүрегін селт еткізбей қоймайды. Бұл тақырыптар үлкендерге де, кішілерге де өте тартымды. Газеттің бірінші
бетіндегі нақыл сөздер, Абайдың өсиет өлеңдері бізге және жастарға рухани байлық сыйлайды. Сіздердің еңбектеріңізге шабыт тілей отырып, отбасыларыңызға бақыт-береке тілейміз. Балкүл ШАРДАРБЕК, Қазақ ССР халық ағарту ісінің озық қызметкері. Жайылма ауылы, Сарысу ауданы.