14 тамыз пдф

Page 1

ДОСЫ КӨПТІ ЖАУ АЛМАЙДЫ, АҚЫЛЫ КӨПТІ ДАУ АЛМАЙДЫ

Жамбыл облыстық қоғамдықсаяси газет №117 (17974), Бейсенбі, 14 тамыз, 2014 жыл

ak-jol-taraz@rambler.ru

БИЛІК

www. akjolgazet.kz

Газет 1922 жылғы 1 мамырдан шығады.

Ықылас Дүкенұлы атындағы қалалық мәдениет үйінде мүмкіндігі шектеулі жандар арасында «Бәріміз бірдейміз – кемсітуді білмейміз» атты байқаудың Тараз қаласы бойынша іріктеу кезеңі болып өтті. Байқауға қатысқан 43 үміткердің арасынан Анжелика Сарян, Гүлнұр Қандашбекова, суда жүзу спортынан халықаралық жарыстардың жеңімпазы, І топтағы мүгедек Зульфия Габидуллина, Қайрат Абдуллаев, Талғат Аманбеков, Аружан Тілеулесова, Шолпан Сұранбаева сынды қатысушылар әр номинация бойынша үздік атанды. Енді олар алдағы облыстық байқауда өнер көрсетеді.

ОБЛЫСТЫҚ ӘКІМДІКТЕ

ҚАРИЯСЫН СЫЙЛАҒАН ЕЛ АЗБАЙДЫ

l БАЙЗАҚ «Саламатты Қазақстан» бағдарламасы аясында «Денсаулық жолы» акциясы өтті. Ынтымақ ауылдық округіне қарасты Мәдімар ауылында өткізілген акция барысында бір топ медицина мамандары ауыл тұрғындарына тегін дәрігерлік қызмет көрсетті. Олардың арасында онколог, фтизиатр, балалар дәрігері, кардиолог және жылжымалы флюорография мамандары бар.

Лесбек САЙЛАУБЕК, «Ақ жол».

РЕСЕЙ ПРЕЗИДЕНТІ В.ПУТИНМЕН ТЕЛЕФОН АРҚЫЛЫ СӨЙЛЕСТІ Кеше Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті. Әңгіме барысында екі елдің көшбасшылары Батыс елдерінің Ресейге қатысты санкциялары мен оған РФ-ның қарымта шараларын, сондайақ, олардың ықтимал салдарларын талқылады. Украинаның оңтүстік-шығысындағы ахуал жөнінде пікір алмасылды. Кеден одағына мүше мемлекеттер мен Украинаның кездесуін Беларусь Президенті А.Лукашенконың ұсынысына сәйкес биылғы тамыздың үшінші онкүндігінде өткізу мүмкіндігі құпталды. Сонымен қатар, Мемлекет басшысын В.Путин өзінің Әзербайжан және Армения президенттерімен кездесуінің қорытындылары туралы хабардар етті. Тараптардың қазіргі қиындықтарды талқылап, Таулы-Қарабақ мәселесі жөніндегі ұстанымдарын жақындастырғаны атап өтілді. Соңында Мемлекет басшылары Қазақстан мен Ресейдің екіжақты ынтымақтастығының бірқатар мәселелерін талқылады.

КЕШЕ ОБЛЫСТЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ КЕЗЕКТІ V ПЛЕНУМЫ ӨТТІ. ОНЫҢ ЖҰМЫСЫНА ОБЛЫС ӘКІМІ КӘРІМ КӨКІРЕКБАЕВ ҚАТЫСТЫ. ПЛЕНУМ МӘЖІЛІСІНІҢ КҮН ТӘРТІБІНЕ СӘЙКЕС, БАЙЗАҚ ЖӘНЕ ЖУАЛЫ АУДАНДЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСТЕРІНІҢ ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫ ЖЕҢІСІНІҢ 70 ЖЫЛДЫҒЫНА ДАЙЫНДЫҚТАРЫ ТУРАЛЫ ЕСЕПТЕРІ ТЫҢДАЛДЫ.

Байзақ аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Рәш Шәметұлы өздерінде 9000-ға жуық ардагер есепте тұратынын, 18 ауылдық округте 53 бастауыш және 25 цехтық ұйым барын тілге тиек ете келіп, қарияларға жасалып отырған қайырымдылық шараларына тоқталды. – Бұл ұйым жастар тәрбиесіне де баса назар аударады, – деді Рәш ақсақал. – Мысал келтірсек, өткен жылы мамыр айында Суханбаев ауылы ардагерлерінің ұйытқы болуымен Дихан, Түймекент ауылдарының ақсақалдары бас қосты. Алқалы жиынға округ әкімдері, ұйым өкілдері, мектеп директорлары, әкімшілік пен құқық қорғау орындарының жауапты мамандары қатысып, үш ауылдық округтегі жастар арасында белең алған тәртіпсіздіктерді медиация

l ҚОРДАЙ Аудан орталығындағы «Жиһаз-2» ЖШС жұмысын жолға қойған серіктестік болып саналады. Серіктестік жұмыс ауқымын ұлғайту мақсатында «Өндірісті дамыту-2» бағдарламасы бойынша өздеріне қажетті техника, құрал-жабдықтар сатып алуға «Темір банк» АҚ-дан 9 миллион теңгеден астам жеңілдікті несие алды.

l МЕРКІ Аудан аумағында орналасқан 11971 және 2035 әскери бөлімдерінде «Тараз қаласының Ауған соғысы ардагерлері мен мүгедектері қоғамының» бір топ мүшелері патриоттық тақырыпта кездесу өткізді. Жас сарбаздардың Отан тыныштығы жолындағы абыройлы қызметтеріне сәттілік тілеген олар әскерилердің тыныс-тіршілігімен де танысты.

l МОЙЫНҚҰМ

әдісімен реттеуге қол жеткізді. Аудан орталығында жаңадан құрылған Бәйтерек ауылдық округі ардагерлерінің жұмысы көңіл аударарлық. Бес бастауыш ұйымда есепте тұратын 800-ден астам ардагерзейнеткер ауылды абаттандыруға, көше тазалығын сақтауға, көгеріштендіруге айрықша мән береді.

Аудан ардагерлері ақылшы-кеңесші ғана емес, қолдарынан көп шаруа келетіндіктерін де дәлелдеп отыр. Мысалы, 700-ден астам ардагер егін егіп, мал өсірумен айналысады. 30-ға жуық ардагер тікелей шаруа қожалықтарына басшылық етеді. (Жалғасы 3-бетте).

БӘРЕКЕЛДІ!

«ХАЛЫҚҚА АҚПАРАТ

ЖАМБЫЛ БОКСЫНЫҢ ЖҰЛДЫЗЫ

ОБЛЫСЫМЫЗҒА ЖҰМЫС САПАРЫМЕН КЕЛГЕН ПАРЛАМЕНТ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТТАРЫ Қ. ЖАБАҒИЕВ ПЕН Н.НЕСТЕРОВА ОСЫЛАЙ ДЕДІ

ЖАНАР КҮН ЖАҚЫН

Өткен жылы Мемлекет басшысы зейнетақы туралы заңнамаға өзгерістер енгізу туралы тапсырма берді. 2013 жылдың 21 маусымында жаңа редакциядағы «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заң қабылданды. Қазіргі уақытта зейнетақы саласы өте өзекті тақырыптардың бірі болып тұр. Сондықтан болар, облысымызға іссапармен келген Парламент Мәжілісінің депутаттары Қожахан Жабағиев пен Надежда Нестерова жұмыстарын Тараз қаласындағы «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» («БЖЗҚ») АҚ филиалдарының қызметімен танысудан бастады. Халық қалаулылары алдымен облыстық филиалдың ғимаратына бас сұқты. «БЖЗҚ» АҚ – биылғы жылдың бірінші қаңтарынан бастап зейнетақы аударымдарының әр түрін жинақтауды жүзеге асыратын жалғыз ұйым. «БЖЗҚ» АҚ облыстық филиалының директоры Анар Жұмағұлованың айтуынша, облыста 450 мыңнан астам салымшы бар. Кез-келген салымшының қызмет көрсету орталықтарына келіп, өзінің жарналары туралы толық ақпарат алуына болады. Алайда, салымшылардың санына қатысты күмәнін білдірген Қожахан Жабағиев бұл бағыттағы жұмыстарды әлі де жандандыра түсу керектігін айтты. Расында да, өңірдегі бір миллионнан сәл асатын халықтың жартысына жуығының зейнетақы жарналары болуы мүмкін бе? Мүмкін, кейбіреулердің уақытында бірнеше зейнетақы қорына аударылған жарналары бірікпеген шығар? Сонымен қатар, әлі күнге дейін тұрғындардың басым бөлігінің зейнетақы қорындағы жаңғыртулар, жаңа өзгерістер жайлы біле бермейтіндігі рас. Сондықтан, елдің арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын көбірек жүргізу керек. Қажетті мәліметтердің барлығын қордың сайтынан алу мүмкін емес. Өйткені, әлі ғаламтор желісіне қосылмаған ауылдар бар. Осы уақытқа дейін елімізде зейнетақы қорларын біріктіру бағытында ұйымдастыру жұмыстары атқарылды, енді бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының салымшылармен тығыз байланысқа көшкені жөн. Осындай ой айтқан Қожахан Көкірекбайұлы азаматтарға инвестициялық табыстылықтың тиісті деңгейі қамтамасыз етілуі және барлық ақпарат қолжетімді болуы керек деді. Бұдан кейін, облыстық филиалдың қалалық бөлімшесіне де ат басын бұрған депутаттар ондағы жұмыстардың жайымен де танысып, мұрағаттағы мұнтаздай реттілікті көріп, разы болды. Надежда Нестерова қолайлы жерге орналасса да, алғашқы қызмет көрсету орталығына қарағанда мұнда салымшылардың аз келетіндігін, яғни, бұл туралы халыққа ақпарат жетпей жатқандығын айтты. Қазақстан халқы Ассамблеясы «Достық үйінде» мәжілісмендер этномәдени бірлестіктердің жетекшілері және мүшелерімен де кездесті. Әңгіме өзегі – Қазақстан халқы Ассамблеясын дамыту тұжырымдамасы болды. Жиынды облыстық хатшылықтың басшысы Лариса Лысова ашты. Қазақстан халқы Ассамблеясы атынан сайланған Мәжіліс депутаты Надежда Нестерова тұжырымдама бойынша «Достық үйлері» этносаралық қатынастар саласындағы азаматтық қоғамды ұйыстырушы функциясын атқара отырып, этносаралық бейбітшілік пен келісімді сақтауда үлкен рөл атқаратындығын атап өтті. Енді халықпен жұмыс істеудің нақты нысаны ретінде, әлеуметтік және азаматтық бастамалардың дамуына ықпал ететін негіз ретінде Достық үйлерінің жұмысын ары қарай жандандыра беру қажет. Келесі кезекте Қожахан Көкірекбайұлы қазіргі уақытта азаматтарда құқықтық және қаржылық сауаттылық жағы кемшін түсіп жатқандығын, сол үшін түрлі шараларды мәдени бірлестіктер де қолға алуы керектігін айтып, мемлекетіміздің үздіксіз даму үстінде болуы үшін еліміздегі түрлі ұлт өкілдерінің ауызбіршілігі маңызды орын алатындығын жеткізді. Суретті түсірген Алтынбек ҚАРТАБАЕВ.

Қарақыстақ тау шатқалындағы Әлия Молдағұлова атындағы сауықтыру лагерінде осы жазда барлығы үш жүзге жуық бала демалды. Соңғы маусымға мүмкіндігі шектеулі 20 бала келді. Лагерьде тәрбиешілер балаларға қызықты шаралар ұйымдастырып, оларға сыйлықтар таратты. Асханада тәтті тағамдар мен ұлттық сусындар берілді. Балалар өз өнерлерін көрсетіп, әртүрлі спорттық жарыстар мен байқауларда жеңімпаз атанды. Лагерьдегі жазғы демалыс қызықты өтуде.

l ТАЛАС

Ардақ ҮСЕЙІНОВА, «Ақ жол». ЖАМБЫЛДЫҚТАР ӘРҚАШАН «БІЗДІҢ БОКСШЫЛАР!» ДЕП МАҚТАНЫП ЖҮРЕТІН. ӨЙТЕТІН ДЕ ЖӨНІ БАР. ӘУЛИЕАТАЛЫҚ БЫЛҒАРЫ ҚОЛҒАП ШЕБЕРЛЕРІ ОЛИМПИАДА ОЙЫНДАРЫНДА ДА АТОЙ САЛДЫ, ӘЛЕМ БІРІНШІЛІКТЕРІНДЕ ДЕ ЕШКІМГЕ ДЕС БЕРГЕН ЕМЕС. ЕРМАХАН МЕН БОЛАТТЫҢ, БАҚТИЯРДЫҢ, КӘСІПҚОЙ БОКСТЫҢ ШАРШЫ АЛАҢЫНДА ҚАРСЫЛАС ШАҚ КЕЛТІРМЕГЕН МАРАТТЫҢ ЖЕҢІСТІ ЖОЛЫН ЖАЛҒАСТЫРАТЫН ЖАСТАР ӘЛІ ДЕ БАРШЫЛЫҚ. БІРАҚ, СӘТСІЗДІК ПЕ, ЖОҚ ӘЛДЕ БАСҚАДАЙ СЕБЕПТЕРІ БОЛДЫ МА, КЕЙІНГІ ЖЫЛДАРЫ ОБЛЫСЫМЫЗДЫҢ БЫЛҒАРЫ ҚОЛҒАП ШЕБЕРЛЕРІНІҢ ЖОЛЫ БОЛМАЙ КЕЛГЕН ЕДІ.

Шынар САҒИЕВА, «Ақ жол».

Хантау цемент зауытына қажетті мамандар даярлау үшін биылғы жылғы жергілікті бюджеттен 1500,0 мың теңге қаражат қарастырылған болатын. Зауыт басшылығының сұранысына сай жуырда жұмыссыз жүрген 30 азамат 3 мамандық бойынша оқу курсынан өтіп, сертификаттар алды. Аталған мамандар вахталық әдіспен 15 күн практикалық, 15 күн теориялық тұрғыда Хантау цемент зауытының базасында білімдерін тереңдеткен. Бүгінде жұмысшылар арасында бір азамат өз мамандығы бойынша Ақбақай кен байыту комбинатына, тағы бірі Хантау цемент зауытына қабылданды.

l Т. РЫСҚҰЛОВ

ДЕПУТАТ ЖӘНЕ ХАЛЫҚ

ҚОЛЖЕТІМДІ БОЛУЫ ТИІС»

l ТАРАЗ

(Жалғасы 5-бетте).

Республикалық «Нұр Отан» партиясының жаңа үлгідегі билетін табыстау шарасы ауданда басталып та кетті. Алғашқылардың бірі болып І. Жансүгіров атындағы аудандық кітапхана ұжымындағы 30 адамға партия билетін «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Т.Жұмабеков табыс етті.

l ШУ Спорт күніне орай Шу қаласындағы Сары Хасенов атындағы стадионда «Спорт тек дене шынықтыру ғана емес, сонымен қатар – тәрбие» атты жастар арасында кіші футболдан жарыс өтті. Ауданның әр округінен спорт бәсекесінде бақ сынасқан командалар арасында Төле би ауылының жастары озып шығып, 1-орынды жеңіп алды. Сондай-ақ, ойында үздік өнер көрсеткен «Үздік шабуылшы», «Үздік қақпашы», «Үздік қорғаушылар» да марапатталды.

КӘСІП ТҮБІ – НӘСІП

Ақыл жасқа қарамайды, басқа қарайды. Халық мақалы. ү б і н д е ж а т қ а н с ө з... т Ой

Ң КӨРШ?І КІМ Амангелді ӘБІЛ, «Ақ жол». «Ағайынның аты озғанша ауылдастың тайы озсын» деген қазақ едік. Біздің бала кезіміздің өзінде ауылдағы ағайындар есігін айқара ашып тастап, жолаушылап жүре беретін. Қыс мезгілі болса көрші-қолаңның бірі үйіне кіріп, пештегі отын маздатып қоятын. Малын қоралап, сиырын да сауа салатын. Ал, қалада көпқабатты үйлердің тұрғындары ертеңмен сыртқы ағаш және темір есікке бірнеше құлыпты салып, жұмысқа кетеді де, кешке оралып, іштен тас құлыпталып алады. Бүтіндей бір көпқабатты үйдің тұрғындарын айтпай-ақ қояйық, бір кіреберісте тұратын қазақтардың

өздері бірін-бірі тани бермейді. Бір-біріне кіріп, араласып жатпағандықтан солай. Тәуелсіздікпен бірге дініміз бен діліміз қайта оралғанына жиырма жылдан асса да Ораза немесе Құрбан айт күндері де пәтерлерді аралап, айттап жүрген қалалықтарды көз шала бермейді. Тек қана отыз күн Ораза кезінде, Қадір түні қарсаңында жарапазан айтқан балалар болмаса.Тараздың он жылға жуық тұрғыны болғанда осыны байқадым. Мүмкін облыс орталығында да ынтымағы ұйыған, береке қонған ауылдай күй кешіп жатқан көпқабатты үйдің тұрғындары бар шығар. Сіздерде қалай оқырман? Көршің кім?

ҚОЛЫ ҚИМЫЛДАҒАННЫҢ,

аузы қимылдайды

ШУДЫҢ ТӘТТІ ҚАРБЫЗЫ-АЙ! Жаздың аптап ыстығы қуырып тұр. Арқырай аққан Шудың суын мейлінше ішкен бақша алқаптары алыстан менмұндалайды. Биылғыдай құрғақ та ыстық жазға бой бермей, көкпеңбек болып жатқан қарбыз алқабы Жаңа жол ауылдық округіне қарасты екен. Мұнда жаз бойы бау-бақша өсіріп, табысқа кенелетін дихандар жетерлік. – Биылғы жылғы құрғақшылыққа қарамастан тәуекелге бел буып, 3,5 гектар алқапқа қарбыз ектім. Сонау ерте көктемнен отбасыммен осы бақша

басында тер төгудемін. Дихандықты кәсіп еткеніме тоғыз жыл болды. Қарбызды өсірудің қыр-сырына қанықпын. Өткен жылы 2 гектардан 70 тонна қарбыз жинадым. Биылғы жылы бұйыртса 130-150 тонна өнім аламын деп отырмын. Тамыз айының аяғында қарбыздың дені піседі. Оның 100 тоннасын Ресейге жөнелткелі отырмын, – дейді алқап қожайыны Нұрлан Серкебаев. Иә, тоғыз жолдың торабындағы Шу қаласы мен Төле би ауылының базарларында тау-тау болып үйіліп жатқан

қарбыз жетерлік. Дәмі тіл үйірер қарбызға ауыл да қарық, қала да қарық. Дихан еңбегінің өтелгені осы емес пе?! Жәмила АҚБЕРГЕН, тілші.

Суретті түсірген Петр НОРКИН. Шу ауданы.


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.
14 тамыз пдф by akjolgazet - Issuu