ДОСЫ КӨПТІ ЖАУ АЛМАЙДЫ, АҚЫЛЫ КӨПТІ ДАУ АЛМАЙДЫ
Жамбыл облыстық қоғамдықсаяси газет №90 (17947), Сенбі, 14 маусым, 2014 жыл
ak-jol-taraz@rambler.ru
www. akjolgazet.kz
Газет 1922 жылғы 1 мамырдан шығады.
ҚАЗАҚСТАН – ЕУРОАЗИЯНЫҢ АЛТЫН ҚАҚПАСЫ Шетел инвесторларының таңдауы қазақ елі 12 МАУСЫМДА БУРАБАЙДА МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВТЫҢ ТӨРАҒАЛЫҒЫМЕН ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ЖАНЫНДАҒЫ ШЕТЕЛДІК ИНВЕСТОРЛАР КЕҢЕСІНІҢ 27-ЖАЛПЫ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ. Кеңес отырысы шетелдік инвесторлардың Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық дамуының екінші бесжылдығын жүзеге асыруға қатысу мәселелеріне арналды және ЭКСПО-2017 тіркеу досьесін қорғауға байланысты берілген Халықаралық көрмелер бюросының туын қабылдау салтанатымен басталды. Қазақстан Президенті инвесторлармен тұрақты кездесу жақсы дәстүрге айналғанын, ал Кеңес өзін шетелдік бизнес үшін де, біздің еліміз үшін де ең маңызды тақырыптарда ашық диалог құрудың тиімді алаңы ретінде көрсеткенін атап өтті. Мемлекет басшысы Қазақстан үшін қазіргі өткізу нарықтарын кеңейтуге және ынтымақтастықты нығайтуға мүмкіндік беретін Еуразиялық экономикалық одақтың маңыздылығына тоқталды. – Біздің елдеріміздің арасында тиімді экономикалық байланыстар орнату өңірде достық және тату көршілік қарым-қатынастарды жолға қоюға ықпал етеді. Кейбір елдерде ахуал тұрақсызданып, инвестициялық климат нашарлап отырған кезде Қазақстанда экономикалық одақтың арқасында шетелдік инвесторлар үшін жаңа мүмкіндіктер ашылуда, – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Ел Президенті Қазақстан экономикасына инвестиция салу Еуразиялық экономикалық одақтың ортақ нарығында жұмыс істеу үшін оңтайлы алаң болатынын атап өтті. – Бірегей инвестициялық шарттар, ең төменгі салықтар және инвесторлар мен мемлекеттің өзара қарым-қатынастарының тұрақтылығы біздің елді Еуразиялық экономикалық одақтың алып нарығына кіретін «үздік» қақпа ретінде көрсетеді, - деді Қазақстан Президенті. Индустрияландырудың бірінші бесжылдығына тоқталған Мемлекет басшысы жаһандық экономикалық дағдарыспен байланысты туындаған қиындықтарға қарамастан, Қазақстан жаңа жұмыс орындарын ашып, экономиканың өңдеуші салаларына инвесторлар тарта алғанын атап өтті. – Индустрияландыру картасы аясында 4 жылда жалпы сомасы 2,4 триллион теңгенің 651 жобасы іске қосылды, 70 мыңға жуық жұмыс орны құрылды. Осы жобалардың әрбір жетіншісі тікелей шетелдік инвестициялардың көмегімен жүзеге асырылды, - деді Нұрсұлтан Назарбаев. Қазақстан Президенті мұндай жобалардың қатарында «Альстом» компаниясы ұйымдастырған Астанадағы электровоздар өндірісін, «Рено», «Ниссан» және «Автоваз» компанияларымен бірлескен автоқұрамдауыштар өндірісінің толық циклды зауытының құрылысын атады. Мемлекет басшысы әлемдегі тұрақсыз экономикалық ахуалдың салдарынан шетелдік тікелей инвестициялар ағыны қысқарып жатқан жағдайда Қазақстан инвесторлар үшін тұрақты әрі сенімді серіктес болып отырғандығын айтты. – Әлемдік дағдарыстарға қарамастан, біздің экономикамыз орнықты даму қарқынын жоғалтпады. Біз инвесторларды барлық жағынан қолдаймыз және қолдау шараларын үнемі жетілдіріп отырамыз, – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Индустриялық-инновациялық дамудың екінші бағдарламасының басымдықтарына тоқталған Мемлекет басшысы шетелдік инвесторлармен серіктестіктің бірқатар негізгі тәсілдерін атады. Қазақстан Президенті бұл бағыттағы маңызды қадамдардың бірі жағымды макроэкономикалық климат қамтамасыз ету екенін айтты.
14 маусым – дүниежүзілік донор күніне орай облыстық қан орталығы мен №1 қалалық балалар ауруханасының ұжымы бірлескен акция өткізді. Олар науқас бүлдіршіндерге көмек ретінде ұжым болып қан тапсырды.
l ЖУАЛЫ М. Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінен ауданға студенттік құрылыс жасағы келді. Аудандық «Достық» Мәдениет үйінің алдында «Еңбекке жастан, өнерге бастан» атты салтанатты жиын өтті. Онда аудан тұрғындары еңбек етуге келген жастарға сәттілік тіледі. 47 студент жаз бойы аудан орталығында салынып жатқан 300 орындық мектеп пен 280 орындық балабақшаның құрылысына белсене қатысатын болады.
l МЕРКІ Белгілі ақын, драматург, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Иран Ғайып Ботбай баба туралы «Тас жарған» атты пьеса жазып бітірді. Сайрам мен Қарқаралы арасында дуанбасы болған Ботбай баба бейнесін енді облыстық қазақ драма театрының артистері сомдайтын болады.
l Т. РЫСҚҰЛОВ Облысымыздың бас имамы Данияр қажы Жұмабаев он аудандағы орталық мешіттермен онлайн кестесі бойынша тікелей эфирге шығып, сұрақ-жауап сұқбатын өткізді. Барлық имамдар мен мешіт молдаларына Бас Мүфти Ержан қажы Малғажыұлының алда келе жатқан Рамазан айымен барлық Қазақстан мұсылмандарын құттықтауы және Үндеуі таныстырылды. Аудан мешіттері қасиетті Рамазан айына дайындық үстінде.
l САРЫСУ Игілік ауылының орталығындағы Айтбай Назарбеков атындағы көшені жарықтандыру жұмыстары басталды. Жеке кәсіпкер Абзал Кенетаев қазіргі таңда 38 электр бағанына жаңа үлгідегі жарықшамдар орнатып бітті. Енді бірер күнде электр сымдары жалғанып, көше түнгі уақыттарда жарқырап тұратын болады
l ТАЛАС
- Қазақстан он жылдан астам уақыт бойы кезеңкезеңімен орнықты макроэкономикалық орта құрды. Осы көрсеткіш бойынша біз 2013 жылы 23-орынды иелену арқылы қазірдің өзінде бәсекелестіктің жаһандық индексінде алғашқы отыздық елдері қатарына кіріп отырмыз, – деп атап өтті Нұрсұлтан Назарбаев. Мемлекет басшысы сондай-ақ Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруі инвесторлар үшін қосымша қолайлы шарттар тудыратынын айтты. Өйткені елімізде сауда, инвестиция, зияткерлік меншікті қорғау салаларында халықаралық ережелер қолданылатын болады. Инвесторларға жәрдемдесудің тағы бір маңызды шарасы ретінде қаржылық қолдау мәселесі аталды. – Индустрияландырудың жаңа бағдарламасын жүзеге асыру үшін мемлекеттік бюджеттен бес жыл бойына шамамен 600 миллиард теңге бөлінеді. Сондайақ, Ұлттық қордан тағы 1 триллион теңге бөлу туралы шешім қабылдадық. Оған қосымша, Дүниежүзілік банкпен, Еуропалық қайта құру және даму банкімен, Азия даму банкімен және Ислам банкімен негіздемелік келісімге де қол қойдық, – деді Қазақстан Президенті. Мемлекет басшысы бизнес байланыстар мен кәсіпкерлердің халықаралық кооперациясын кеңейту үшін визалық кедергілерді жою қажеттігіне тоқталды. – Бүгін біз Қазақстанда барынша жоғары инвестициялық белсенділік танытқан он мемлекеттің азаматтары үшін біржақты визасыз режим орнату туралы хабарлаймыз. Бұл тізімге АҚШ, Нидерланды, Ұлыбритания, Франция, Германия, Италия, Малайзия, Біріккен Араб Әмірліктері, Корея Республикасы және Жапония кірді, - деді Нұрсұлтан Назарбаев. Қазақстан Президенті инвесторларды инновациялық экономиканың негізін қалыптастыру және тиісті кадрлар даярлау үдерістеріне белсенді қатысуға шақырды. – Сіздерді корпоративтік ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық орталықтар құруға және
оларды Назарбаев университетінің құрылып жатқан Астана Бизнес Кампус Ғылыми паркі аумағында орналастыруға шақырамын, - деді Мемлекет басшысы. Кадр даярлау жүйесін жаңғыртуды индустрияландырудың маңызды шарттарының бірі ретінде атаған Қазақстан Президенті Үкіметке инвесторларды колледждер мен жоғары оқу орындарын басқаруға тартуды тапсырды. Мемлекет басшысы мемлекет-жеке меншік серіктестігінің маңыздылығына назар аударды. Осы орайда ол шетелдік инвесторларды жоспарланып отырған 700-ге жуық компанияны жекешелендіруге белсенді қатысуға шақырды. Нұрсұлтан Назарбаев 2015 жылы «Еурокодтар» жүйесіне көшудің және құрылыс саласындағы сараптама бойынша қызметтердің басым көпшілігін бәсекелік ортаға берудің қажеттілігін де атап өтті. Мемлекет басшысы капитал салудың мейлінше перспективалы бағыттары ретінде шикізат, өңдеуші өнеркәсіпті, инновациялық салаларды, шағын және орта бизнес, туризм және қызмет көрсету секторын атады. Отырыс барысында Қазақстан Президенті басымдығы бар бағыттардың тартымдылығын көтеру үшін Үкімет әзірлеген ауқымды ынталандыру пакеті туралы да айтты. Атап айтқанда, индустрияландырудың осы салаларындағы инвесторлар корпоративтік табыс салығын төлеуден және жер салығынан 10 жылға, мүлік салығынан 8 жылға босатылады. Сонымен қатар, мемлекет нысанды пайдалануға бергеннен кейін шетелдік инвесторларға күрделі шығыстарының 30 пайызына дейін өтеп беретін болады. Бұл орайдағы тағы бір шешім – инвестициялық жобаны жүзеге асырудың бүкіл кезеңінде және нысанды іске қосқаннан кейін бір жыл ешқандай квотасыз және рұқсатсыз жұмыс күшін тарту болып отыр. Сондай-ақ, инвесторларға қосымша құн салығы мен акцизден басқа, барлық салықтар мен төлемдердің мөлшерлемелеріне қатысты заңнаманың
тұрақтылығына кепілдік берілетін болады. Қазақстан Президенті инвесторлар үшін мемлекеттік мекемелермен жұмыс кезінде «бір терезе» қағидаты енгізілетінін айтты. Бұдан бөлек, инвесторлардың құқықтары мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету үшін «инвестициялық омбудсмен» институты заңнамалық деңгейде енгізілетін болады. Мемлекет басшысы басымдығы бар салаларда жұмыс істейтін кәсіпорындардың кепілдендірілген тапсырыстар алуына жәрдем жасалатынына назар аударды. Сөзінің соңында Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне инвестициялық климатты жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға қол қойды. Отырыс барысында Еуропалық қайта құру және даму банкінің президенті Сума Чакрабарти және Премьер-Министрдің орынбасары – Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешев баяндама жасады. Сондай-ақ, «Тоталь», «Дойче Банк Франкфурт», «Эни», «Дженерал Электрик Ойл энд Газ», «Телиа Сонера», «Сбербанк России», «Эрнст энд Янг», «Анадолу Групп» және басқа да компаниялардың басшылары отырыстың негізгі тақырыбына қатысты өз пікірлерін білдірді. Іс-шараның қорытынды бөлігінде «БурабайҚостанай» телекөпірі болып, оның барысында Мемлекет басшысы «Тойота» автомобильдерін шығару жөніндегі жобаны іске қосу рәсіміне қатысты. Соңында Нұрсұлтан Назарбаев Шетелдік инвесторлар кеңесінің келесі отырысында Қазақстандағы агробизнесті дамыту мәселелерін талқылауды және оны Шымкентте өткізуді ұсынды. Отырыстан кейін Нұрсұлтан Назарбаев Кеңеске қатысушылармен бірге Щучье көлінің жағасына тігілген этно-ауылды аралап көрді.
ОБЛЫСТЫҚ ӘКІМДІКТЕ
Біріккен екі бірлігі жоқ жетіні жеңеді, Біріккен жүз бытыраңқы мыңды алады. Халық мақалы. l
l ТАРАЗ
ҚАПЕРІҢІЗДЕ БОЛСЫН l
«ҚАРАТАУ САРЫНЫ» музыкалық фестивалі «TURKSOY-1»-дің қолдауымен өтеді Өңіріміздің өнері мен мәдениетін паш етіп, әсіресе, теріскейді тербеген алуан сарын, саз иірімдерін ортақ бір арнада тоғыстыруға бағытталған халықаралық II дәстүрлі музыка фестивалі қарт Қаратау төрінде, Тараз жерінде 23-24 маусым күндері өтеді деп күтілуде. Мәдениет министрлігінің келісімімен, облыс әкімдігі мен халықаралық «TURKSOY-1» түркі мәдениеті мен өнерін дамыту ұйымының қолдауымен бұл іс-шараның жыл сайын өткізілуі дәстүрге айналған. Оның былтыр Астана қаласының 15 жылдық мерейтойы аясындағы тұсаукесер өткізілімі жоғары деңгейде ұйымдастырылып, халықтың зор қошеметіне ие болғаны белгілі. Фестиваль бағдарламасында биыл да жамбылдық танымал әншілер ұжымының көпшілікпен бірге бір мезгілде он халық әнін орындау салтанаты қарастырылып отыр. Гала-концертте қазақстандық және шетелдік дәстүрлі өнер шеберлері өнер көрсетпек. «Ақ жол-Ақпарат».
ЖЕРІН ТАУЫП, ТЫНЫС ҚЫЛ жүйесін тауып, жұмыс қыл
Амангелді ӘБІЛ, «Ақ жол. ЖЕР – МЕМЛЕКЕТ БАЙЛЫҒЫ. СОНДЫҚТАН, ҚАЙ ЕЛ БОЛМАСЫН ОНЫ КӨЗДІҢ ҚАРАШЫҒЫНДАЙ САҚТАУҒА МҮДДЕЛІ. ДҮНИЕЖҮЗІ БОЙЫНША ЖЕР КӨЛЕМІ ЖАҒЫНАН ТОҒЫЗЫНШЫ ОРЫН АЛАТЫН ҚАЗАҚСТАНДА БҰЛ МӘСЕЛЕГЕ АЙРЫҚША КӨҢІЛ БӨЛІНЕДІ. ОБЛЫСТА ДА ЖЕР МӘСЕЛЕСІ ҮНЕМІ НАЗАРДА.
Өңірдегі жер қорындағы ауылшаруашылық алқаптарын түгендеу жұмыстарына ел қазынасынан бөлінген 87,3 миллион теңгенің, кейінгі екі жылда 60,4 миллион теңгесі игерілді. 2012 жылы мұндай жұмыс Байзақ, Меркі, Т.Рысқұлов және Талас аудандарында жүргізіліп, 44 888 гектар ауылшаруашылығы жерінің пайдаланусыз жатқаны анықталған. Ал, былтыр Жамбыл, Жуалы, Мойынқұм және Сарысу аудандарында да осындай шара жалғасып, 18061 гектар ауылшаруашылығы жерінің пайдаланбай жатқаны белгілі болды. Осы жерді мемлекет игілігіне қайтару жұмыстары биыл жүргізіледі. Қордай және Шу аудандарында түгендеу жұмыстары осы жылы жүргізіліп, облыс бойынша толықтай аяқталады. Облыста
ауылшаруашылығы мақсатындағы жерді ұтымды пайдалану бағытында 2013-2014 жылдарға арналған бағдарлама әзірленіп, жүзеге асырылуда. Облыстық әкімдікте облыс әкімінің орынбасары Мұратбай Жолдасбаевтың төрағалығымен «Жер қатынастарын жетілдіру» тақырыбында республиканың оңтүстік өңірлерінің облыс, аудан әкімдерінің орынбасарлары, облыстық, аудандық жер қатынастары басқармалары мен бөлім басшыларының, жеке шаруашылық құрылымдары жетекшілерінің қатысуымен өткен кеңесте осы мәселелермен қатар, алдағы уақытта қабылданатын Жер кодексіне ұсыныстар енгізу жайы кеңінен талқыланды. (Жалғасы 2-бетте).
Күрді ұлты қоныстанған Қасқабұлақ елді мекенінде мемлекеттік тілді оқыту курсы ашылған болатын. Курста дәріс алған жастар Қаратау қаласындағы І. Жансүгіров атындағы орталық кітапханада мемлекеттік тілден сынақ тапсырып, түрлі қойылымдар көрсетті. Қазақ тілін меңгерген талапты жастарға жұрт риза болысты.
l ШУ Тасөткел су қоймасының жанындағы Сәбит Мұқанов атындағы жазғы лагерьге алғашқы тынығушы 70 оқушы келді. Тамыз айының соңғы күндеріне дейін мұнда 7 ауысымда оқушылар демалатын болады. Олардың қатарында көпбалалы отбасылар мен жағдайы төмен отбасылардың балалары қамтылған.
Е ІГ Ш З МА ТІЛ ҒЫ ЫР ТЫ ПС ТА
ХАТ АРТЫНДА АДАМ БАР
» Н Е Т С С Е Р П З «ТАРА ЫҒАР... Ш М А Д Л Ы Ж ТАСБАҚА
ТАРАЗ ҚАЛАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІ ЖЫЛ САЙЫН ЖЕРГІЛІКТІ БЮДЖЕТТЕН БАСЫЛЫМҒА ЖАЗЫЛУҒА БӨЛІНЕТІН 5 МИЛЛИОН ТЕҢГЕ ЕСЕБІНЕН ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫ АРДАГЕРЛЕРІ МЕН МҮГЕДЕКТЕРІНЕ, ЕЛГЕ ЕҢБЕК СІҢІРІП, МЕМЛЕКЕТТІК МАРАПАТТАУЛАРДЫ ИЕЛЕНГЕН ЗЕЙНЕТКЕРЛЕРГЕ 6 ТҮРЛІ ГАЗЕТТІ БІР ЖЫЛҒА ТЕГІН ЖАЗДЫРЫП БЕРЕДІ. БИЫЛ СОЛ ТИЕСІЛІ ГАЗЕТТЕРІН УАҚТЫЛЫ АЛА АЛМАЙ, ПҰШАЙМАН БОЛҒАН ҚАРИЯЛАР БҰЛ ЖАУАПСЫЗДЫҚҚА НАРАЗЫЛЫҒЫН БІЛДІРІП, АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНЕ КҮНДЕ ШАҒЫМДАНУМЕН КЕЛЕДІ. ҚАЛАНЫҢ ӘР АУМАҒЫНАН ӨКПЕ-РЕНІШТЕРІН ЖЕТКІЗГЕН АЗАМАТТАРДЫҢ ТІЗІМІ ӨТЕ КӨП. АЛАҢ КӨҢІЛ АРДАГЕРЛЕР РЕДАКЦИЯҒА ДА ҚОҢЫРАУ ШАЛДЫ. (Жалғасы 4-бетте).
l АҢДАТПА Бейсенбі күні Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігінің төрағасы Марат Әзілханов облысымызға жұмыс сапарымен келді. Агенттік төрағасы сапарының алғашқы күнінде Қордай ауданының Масаншы, Сортөбе, Ауқатты ауылдық округтерінде орналасқан мешіттердің жай-күйімен танысып, Сортөбе ауылында имамдармен, тұрғындар өкілдерімен, жастармен кездесу өткізді. Ал, кеше Қордай ауылында облыс әкімі Кәрім Көкірекбаевтың төрағалығымен облыс әкімдігі жанындағы діни бірлестіктермен жұмыс жөніндегі кеңестің көшпелі отырысы өтті. Басқосу туралы толық есепті газетіміздің келесі санынан оқитын боласыздар.
l ДІНІҢ ТҰРСЫН ДІН АМАН