Ж
(АБАЙ).
А
БІРІҢДІ, ҚАЗАҚ, БІРІҢ ДОС, КӨРМЕСЕҢ, ІСТІҢ БӘРІ БОС.
А ҺАН Д
және
Сарысу Са С Сары ар а ары рыс ры су у ау ауд ауда а уда уда уд дан ны ы ауданы
Мой Мо М ой йы ын ын Мойынқұм а ау уда у уд дан да ауданы
ЖАМБЫЛДА
Жамбыл облысты о амды саяси газет
Мойынқұм
Шу ауданы
Талас ауданы
Төле би
Жаңатас Қаратау
Меркі ауданы
Байзақ ауданы
Жамбыл ауданы
Т.Рысқұлов ауданы
Аса
Құлан
Жуалы ауданы
Қордай ауданы Қордай
Меркі
Бауыржан Бауырж жан н Момышұлы Мом Мо М о ом мышұлы
№5 (18199), Бейсенбі, 14 а тар, 2016 жыл
ak-jol-taraz@rambler.ru
www. akjolgazet.kz
Газет 1922 жыл ы 1 мамырдан шы ады.
НДА ЖАҺА
ПАРЛАМЕНТ
МӘЖ ЖІЛІС ДЕППУТАТТАРЫ КЕЗЕКТЕН ТЫЫС САЙЛААУ ӨТКІЗУУ ТУУРАЛЫ БАСТАМА КӨТЕРРДІ Кеше Парламент Мəжілісінің төрағасы Қабиболла Жақыповтың төрағалығымен Мəжілістің жаңа жылдағы алғашқы жалпы отырысы өтті. Халық қалаулылары ең əуелі Елбасының атына Мəжіліс депутаттарының бесінші шақырылымдағы Қазақстан Республикасы Парламенті Мəжілісін мерзімінен бұрын тарату жəне Парламент Мəжілісі мен барлық деңгейдегі мəслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауын өткізу туралы бастама көтерген үндеуін жолдады. Қазірден бастап жаңа реформаларды жүзеге асыруға жедел кірісу үшін, сонымен бірге, дағдарысқа қарсы шараларды тиімді жүзеге асыру
үшін бесінші шақырылымдағы Мəжілістің өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатып, Парламентке жаңа сайлау тағайындау айрықша маңызды. Сондай-ақ, реформаларды жүзеге асыру жөніндегі іс-əрекеттерді барлық деңгейде үйлестіру үшін Парламент сайлауын жергілікті мəслихаттар сайлауымен қоса өткізу қажет. Мəжіліс депутаттарының өз дəйектерін алға тарта отырып, Елбасының атына бесінші шақырылымдағы Қазақстан Республикасы Парламенті Мəжілісін мерзімінен бұрын тарату жəне Қазақстан Республикасының Парламенті Мəжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы Жарлығын қабылдау туралы ұсынысы барлық депутаттық корпус атынан бірауыздан қолдау тапты. Палата Төрағасының атап өткеніндей, белгіленген мерзім ішінде Елбасы қандай бір шешім қабылдағанға дейін Мəжіліс жұмысы бұрынғыдай жалғаса беретін болады.
АҚШ
ҚР ПАРЛАМ МЕН НТІ МӘ ӘЖІЛ ЛІСІ ДЕЕПУУТАТТТАРРЫНЫ ЫҢ ПАРЛАМЕЕНТ МӘЖ ЖІЛІСІ МЕН БАРЛЫҚ ДЕҢ ҢГЕЙД ДЕГІ МӘСЛИ ИХА АТТАР ДЕПУУТАТТАРРЫНЫ ЫҢ КЕЗЕК КТЕН ТЫС СА АЙЛ ЛАУЫ ЫН ӨТТКІЗУ ТУРРАЛЫ Ы БА АСТА АМА КӨТТЕРГЕЕН ҮНД ДЕУУІ Бүгінде жаһандық жүйелі дағдарыс əлемнің барлық елдерін, тіпті дамыған жетекші мемлекеттерді де қамтуда. Əлемдегі күрделі геоэкономикалық жəне геосаяси ахуал халықаралық шиеленістің артуымен, жаңа қақтығыс ошақтарының пайда болуымен, лаңкестік қауіп-қатердің күшеюімен қатар өрбуде. Қазақстан егемен ел ретінде дамып келе жатқан 25 жылдың ішінде əлемдік дағдарыстардың сын-қатерлерімен сан мəрте бетпе-бет келді жəне біз олардың барлығына лайықты тойтарыс бере білдік. Тіпті, біз ондай кезеңдерді əрдайым дамудың жаңа сапалық деңгейіне шығудың мүмкіндігі ретінде пайдалана білдік. Сол себепті, біздің еліміз əрқашан, əрбір дағдарыстан жаңғырған, қуатты ел болып шығып келеді. Қазір де Қазақстанның жаңа жаһандық сын-қатерлерді еңсеретін нақты жоспары бар. Елбасы, Мемлекет басшысы Н.Ə.Назарбаевтың саясатының арқасында еліміздің тек əлемдік дағдарысқа қарсы тұру жөнінде ғана емес, жаңа жаһандық нақты ахуал жағдайында дамуы туралы стратегиясы мен нақты «Ұлт жоспары» бар. Бүгін – кейінге қалдырмайтын жедел шаралар уақыты. Осыған байланысты, қазірден бастап жаңа реформаларды жүзеге асыруға жедел кірісу үшін, сонымен бірге, дағдарысқа қарсы шараларды тиімді жүзеге асыру үшін біз бесінші шақырылымдағы Мəжілістің өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату жəне Парламентке жаңа сайлау тағайындау туралы бастама көтереміз. Біріншіден, қазіргі Мəжіліс «Ұлт жоспарын» жүзеге асырудың заңнамалық негізін қалап, өзінің тарихи миссиясын орындады. Парламент 80-ге жуық заң қабылдады. Президенттің 5 институттық реформасының əрқайсысын жүзеге асырудың «жол картасы» жасалды. Ал қазір, жаңа тарихи кезеңге аяқ басып, елімізді ауқымды жаңғыртуға жəне Президент реформаларын барлық бағыттар бойынша нақты жүзеге асыруға кіріскен сəтте партиялар сайлаушылардың жаңа сенім мандатын алуы айрықша маңызды.
Екіншіден, осынау жауапты сəтте дағдарысқа қарсы шараларды тиімді жүзеге асыру үшін кең ауқымды қоғамдық бірігу қажет. Тек бірлік пен үйлесімді іс-əрекеттер ғана бізге жаңа экономикалық соққыларға төтеп беруге мүмкіндік береді. Үшіншіден, біздің реформаларды жүзеге асыру жөніндегі іс-əрекеттерімізді барлық деңгейде үйлестіру үшін Парламент сайлауын жергілікті мəслихаттар сайлауымен қоса өткізу қажет. Бұл дағдарыс жағдайында сайлау науқанын ұзақ мерзімге созбауға жəне сайлауды ұйымдастыру мен өткізуге жұмсалатын бюджет шығыстарын біршама қысқартуға мүмкіндік береді. Осы айтылған ұстанымдарды негізге ала отырып, біз Мемлекет басшысына Қазақстан Республикасы Президентінің бесінші шақырылымдағы Қазақстан Республикасы Парламенті Мəжілісін мерзімінен бұрын тарату жəне Қазақстан Республикасының Парламенті Мəжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы Жарлығын қабылдау туралы бастамамен жүгінеміз. Қазіргі тарихи сəттің барша жауапкершілігін, мақсаттар мен міндеттердің ортақтығын сезіне отырып, бұл үндеуді үш парламенттік фракцияның барлығының депутаттары қабылдайды. Біз парламенттік аламанға қатысуға жəне мемлекеттік стратегия мен саясатты жүзеге асыру жауапкершілігінің бір бөлігін өзіне алуға дайын екендіктерін сан рет мəлім еткен барлық саяси партияларды адал жəне ашық күреске – жаңа сайлауға қатысуға үндейміз. Сонымен қатар, біз еліміздің барлық қоғамдық бірлестіктері мен үкіметтік емес ұйымдарын, барша азаматтарды біздің бастамамызды қолдауға шақырамыз. Біз ел дамуының жаңа жəне жауапты кезеңіне аяқ бастық жəне онда бірлігіміз бен тұтастығымызды нығайта түсу арқылы ғана өз жетістіктерімізді қорғап, Отанымызды дамудың жаңа белестеріне шығара аламыз. Біздің Қазақстанымыз – біздің ортақ үйіміз! Біздің Отанымыз бір, Тағдырымыз бір! Қазақстан Республикасы Парламентінің Мəжілісі.
СУПЕРЖҰҚА БАТАРЕЯ
Райс Университетінің зерттеушілері конденсатордың (электр жинақтағыштың) жаңа электрохимиялық нұсқасын жасап шығарды. Батарея литий-ионды аналогынан әл д е қ а й д а қ а р а п а й ы м ж ә н е қ ау і п с і з . Конденсатордың қалыңдығы 0,03 сантиметр. Қуатталуы өте жылдам. Тіпті 10 000 рет қуатталғаннан кейін де, батарея бастапқы қалпының 76 пайызын сақтап тұра алады. НИДЕРЛАНДЫ HOVER BIKE ҰШУҒА ДАЙЫН
Aerofex компаниясы өзінің ұшатын көлігін іс жүзінде сынап көрді. Қазір компания жаңа деңгейге көтеріліп, құрылғыны сатуға шығаруды жоспарлауда. Aerofex компаниясы «Aero-X»-тің коммерциялық құнын 85 000 АҚШ долларына бағалап отыр. Ерекше көлік 2017 жылдан бастап сатылымға шығады. БЕЛЬГИЯ «ИНЕЛІК» ВЕРТИКАЛЬДІ ФЕРМАСЫ
Бельгиялық сәулетші Винсент Каллебут Нью-Йорктағы Рузвельт аралында салынатын вертикальді ферманың жобасын жасады. «Инелік» деп аталатын ферма 132 қабаттық сәулет ғимаратында ауыл шаруашылық өнімдерін өсіретін болады. Жүйе күн және жел энергиясымен жұмыс істейтіндіктен, өзін-өзі толық қамтамасыз ете алады деп күтілуде.
ЖАМБ
А Ы ЛД
ТАРАЗ ЭНЕРГИЯ ҮНЕМДЕЙТІН ШАМДАР
Өткен жылы Тараз қаласының 11 орталық көшесінің жарығы энергия үнемдейтін светодиодты шамдарға ауыстырылды. Бұл үшін жергілікті бюджет есебінен 264 миллион теңге бөлінген болатын. Бұл жұмыстар биыл да жалғасады. МОЙЫНҚҰМ
БИЛІ
ЖАСАЛҒАН ҚАЗАҚСТАНДА
КЖ ӘН ЕБ Ұ
АСЫЛ ТҰҚЫМДЫ МАЛ ӨСІРІЛУДЕ
ҚА РА
ЖЫЛЫНА – 2000 ТОННА ЭЛЕКТРОД Ақылжан МАМЫТ, «Ақ жол».
БАРЛЫҚ ДЕҢГЕЙДЕГІ ӘКІМДЕРДІҢ ХАЛЫҚ АЛДЫНДА ЕСЕП БЕРУ КЕЗДЕСУЛЕРІ АЛДАҒЫ 18 ҚАҢТАР-13 АҚПАН АРАЛЫҒЫНДА ӨТЕДІ Баймаханбет АХМЕТ, «Ақ жол». Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Əкімдердің халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы» 2013 жылғы 15 тамыздағы №615 Жарлығын іске асыру мақсатында соңғы жылдары облыстағы аудандық маңызы бар қала, ауылдық округтер мен аудан, қала əкімдері жұртшылық алдында жыл бойы атқарылған жұмыстары, өңірдің əлеуметтік-экономикалық, мəдени дамуы мен алдағы міндеттері туралы есептерін ортаға салып, тұрғындардың ой-пікірі мен ұсыныстілектерін де басшылыққа алуда. Бұл іс дəстүрге де айналған. О бл ы с ə к і м і ап п а р ат ы ұ й ы м д а с т ы ру инспекторлық бөлімінің меңгерушісі Мəди Мəтен жауапты науқанның биыл қашан, қалай өткізілетіні туралы сауалымызға былай деді. – Барлық деңгейдегі əкімдердің жұртшылық алдында есеп беруі билік пен халықтың арасын жақындату, түйінді мəселелерді шешу, зерттеу бағытындағы оң шешім екенін өмірдің өзі дəлелдеуде. Өткен жылы 14 қаңтар мен 14 ақпан аралығында барлық деңгейдегі əкімдер жəне 20 ақпанда облыс əкімі халық алдында өз есептерін берген болатын. Барлық өткізілген 379 кездесуге 44 мыңнан аса адам қатысып, 1207 ұсыныс айтылды. Оның ішінен 228 мəселе бақылауға алынып, арнайы іс-шаралар жоспарына енгізілсе, қалғандарына мерзімінде жауаптар берілді. Бүгінде іс-шараға енген 228 мəселенің 160-ы өз шешімін тапса, 68 мəселе кезең-кезеңімен орындалуда. Облыс əкімінің есебіне келсек, есеп кезінде облыс тұрғындарын толғандырып жүрген өтініштілектердің 27-сі арнайы іс-шаралар жоспарына енгізіліп, бақылауға алынды, оның бүгінде 16-сы өз шешімін тапты. Қалған мəселелер жергілікті атқарушы органдардың тұрақты бақылауында. Іс-шаралардың орындалу барысы тоқсан сайын əкімдік мəжілістерінде талқыланып, жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануда. Биыл есеп беру кездесулері 18 қаңтар – 13 ақпан аралығында өтпек. Осы мерзім ішінде Тараз қаласы мен аудандар, 156 аудандық маңызы бар қала, ауылдық округтер мен ауылдар əкімдерінің, ал 19 ақпанда облыс əкімінің есебін өткізу көзделіп отыр. Барлығы 379 кездесу өткізу жоспарланған.
«Мойынқұм Агро» серіктестігі 3 мың басқа арналған бордақылау кешенін және ет бағытындағы 5 мың бас мүйізді ірі қара малға арналған репродуктор құруда. Қазіргі таңда Ресейден 600 бас асыл тұқымды мал әкелінді. Осы орайда шетелдік компаниялармен б і р л е с ке н ж о б а л а р д ы ж ү з е ге а с ы р ы п , экспорттық әлеуетті дамыту қолға алынбақ. ШУ «ТАРАЗ ХИМИЯЛЫҚ ПАРКІ» ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ
Элект род – құрылыст а мет а лл дəнекерлеу үшін кеңінен қолданылатын материал. Ол елімізде Қарағанды жəне Жезқазған қалаларында өндіріледі. Шағын кəсіпорындардағы өнім аз болғандықтан, еліміздің нарығына оның дені Қытай жəне Ресей мемлекеттерінен жеткізіледі. Сырттан əкелінетін тауардың бағасы қымбат болатыны əрі ақша сырқа кететіні айтпаса да түсінікті. Осыны ескерген, нарықты зерттеген кəсіпкер Айдын Алтай өткен жылы Таразда электродтың ОНИ-13-55, ТМУ-21, ЦУ-5 жəне МР-3 маркаларын өндіретін кəсіпорын ашты. Əр марканың еуростандартқа сай лицензиялары мен сертификаттары бар. Өнім өндіретін жабдықтар Қытай, Ресей жəне Украинадан жеткізілді. Кəсіпкер бұл мақсатқа 120 миллион теңге жеке инве стициясын жұмсаған. Жақында Екібастұздан тағы екінші желінің қондырғыларын əкеліп, іске қосқан. Зауыт толық қуатында жұмыс істеген кезде жылына 2 мың тонна электрод өндіреді. Өндірісте жаңа 20 жұмыс орны ашылған. Жұмысшылардың орташа айлық жалақысы – 80 мың теңге.
505 гектар алқапқа орналасқан «Тараз химиялық паркінің» сыртқы инфрақұрылымына автокөлік, темір жол, су және газ құрылысы жүргізілуде. Бұл аймақта жылына 2 миллион тоннадан астам химиялық өнім шығаратын 16 жоғары технологиялық химия кәсіпорындарын құру жоспарлануда.
Би болар жігіттің, Төбеде болар жұмысы. Мерген болар жігіттің, Жебеде болар жұмысы.
(Жалғасы 3-бетте).
«ҮЛКЕН ЕЛ – ҮЛКЕН ОТБАСЫ» АКЦИЯСЫНЫҢ ТҰСАУЫ КЕСІЛДІ
Нұрым СЫРҒАБАЕВ, «Ақ жол». Болашағы біртұтас ұлттың бойындағы жасампаздықты жарыққа шығарып, əлемдегі дамыған отыз елдің қатарына қосылуға бастайтын Елбасы Н.Ə.Назарбаев ұсынған Ұлт жоспарындағы 5 институттық реформаны жүзеге асыруға арналған «100 нақты қадамның» 85-қадамында «Мəңгілік Ел патриоттық актісі жобасын əзірлеу» атап көрсетілсе, 86-қадамында бүгінгі ұлтаралық татулықтың ұйытқысы болып отырған Қазақстан халқы Ассамблеясына «Үлкен ел – Үлкен отбасы» кең көлемді жобасын əзірлеу жəне оны жүзеге асыру жүктелген. Себебі, еліміздің болашағы – халқымыздың біртектілігі мен бірлігінде жəне қазақстандықтардың тату-тəтті тұрмыс кешуі мен ортақ Отанымыздың кемелденіп, саяси тұрақтылықтың орныға түсуі – ел болашағының кепілі болмақ.
Тəуелсіздіктің 25 жылдығына орай елімізде басталған «Үлкен ел – Үлкен отбасы» акциясының өз өңірімізде салтанатты түрде ашылу рəсімі Тараз мемлекеттік педагогикалық иниститутының мəжіліс залында өтті. Ассамблея мүшелері жəне түрлі үкіметтік емес ұйымдар мен жастар өкілдері қатысқан акцияның ашылуында Тараз қаласы əкімінің орынбасары Маржан Қожаева: «Ассамблеяның 20 жылдығына орай былтыр өңірде 70 мың азаматтың қатысуымен екі мыңға жуық түрлі мəдени іс-шаралар, байқаулар, форумдар өткізілген болатын. Тəуелсіздіктің 25 жылдығына орай ұйымдастырылған «Үлкен ел – Үлкен отбасы» акциясы аясында биыл да бұл игілікті істер жалғасын таппақ. Алдағы іс-шаралардың барлығы да Тəуелсіздіктің тұғырын биіктетіп, «Мəңгілік Ел» идеясының жүзеге сəтті асуына негіз болмақ», – деді. Сондайақ, маңызды мазмұндық сипатқа ие акция барысында өңірдегі этномəдени
бірлестіктер мен Ассамблея жанынан құрылған аналар кеңесінің мүшелері, белсенді жастар сөз сөйледі. Мəңгілік Ел болу жолында аянбай еңбек етіп,
ұзақ жылдар бойы қалыптасқан қазақстандық біртұтастық дəріптелген акцияда достықтың əні шырқалып, биі биленді. – Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың көрегенділігі мен с аяси тұрғыдағы кемеңгерлігін əлем мойындай бастағаны даусыз. С ебебі, көп ұлтты елдің басын қосып, бір отбасын жасау – кез-
келген Президенттің қолынан келе бермейтін іс. Мемлекет басшысы ұсынған Ұлт жоспарындағы «100 нақты қадамды» жүзеге асыру баршаға міндет деп есептеймін. Əр ұлттың бір-біріне бауырмалдықпен жəне салтдəстүрлеріне жақсы көңілмен қарауы – үлкен қасиет. Қазақстандық əрбір этнос өкілі өзінің дінін, ділін, тілін, ұлт ретіндегі құндылықтарын бір-бірімен сабақтастырса, соның арқасында мемлекетіміз əлемдік деңгейге көтерілсе, еліміз бірліктен ажырамай, дамыған 30 елдің қатарына еркін енсе – мақсатымыздың орындалғаны. Тəуелсіздігімізбен бірге халқымыз мəңгілік мұраттарға уақыт өткен сайын біртіндеп қол жеткізіп келеді. Қазақтың мəңгілік ғұмыры ұрпақтың мəңгілік болашағын баянды етуге арналған. Ендігі келер ұрпақ Мəңгілік Елдің ұрпағы болатынына сенімім мол, – дейді «Əулиеата» этномəдени орталығы ақсақалдар алқасының төрағасы, М.Х.Дулати атындағы Тараз
мемлекеттік университетінің Құрметті профессоры, мəдениет қайраткері Есілбек Баймұрзаев. Жалпы, облыста аталған акция аясында жыл аяғына дейін түрлі халықаралық медиафорумдар мен отбасылық құндылықтарды дəріптеу бойынша əртүрлі байқаулар өткізіліп, 35-тен астам түрлі ісшара ұйымдастырылуы күтілуде. Себебі, ел Тəуелсіздігінің 25 жыл і ш і н д е с е р п і н д і е ң бе кт е р і м е н танылып, қуатты мемлекет құра білген қазақстандықтарды алда жаңа белестер мен жаңа мүмкіндіктер күтіп тұр. Барша қазақ халқын сол жарқын істерге бастайтын – Елбасы ұсынған «100 нақты қадам» – Ұлт жоспарындағы жүзеге асырылатын жоба лар. Ал Қазақст ан ха лқы Ассамблеясы өкілдері ұйытқы болған «Үлкен ел – Үлкен отбасы» кең көлемді жобасы осы ұлт жоспарының іске асуына барша қазақстандықтарды жұмылдыруды көздейді.