14 науырыз пдф 2015

Page 1

ЕЛБАСЫМЕН БІРГЕ - ЖАҢА ЖЕҢІСТЕРГЕ! ДОСЫ КӨПТІ ЖАУ АЛМАЙДЫ, АҚЫЛЫ КӨПТІ ДАУ АЛМАЙДЫ

Жамбыл облыстық қоғамдықсаяси газет

№31-32 (18065-18066), Сенбі, 14 наурыз, 2015 жыл

ak-jol-taraz@rambler.ru

www. akjolgazet.kz

Газет 1922 жылғы 1 мамырдан шығады.

СЪЕЗД

БАРШАҒА БІРДЕЙ ОСЫ ЗАМАНҒЫ МЕМЛЕКЕТ: БЕС ХАЛЫҚТЫҚ РЕФОРМА

і лег і т

А қы

Қымбатты қазақстандықтар! Құрметті делегаттар мен съезд қонақтары! Баршаңызды съезд жұмысының бас­т алуы­м ен құттықтаймын. Сіздер байтақ Қазақ­станның барлық аймақтарын қамтитын 850 мың партия мүшесінің атынан келіп отырсыз­дар. Мен барша партиялас серіктеріме еліміздің гүлденуі мен өсіп-өркендеуі үшін төгілген өлшеусіз тер мен ортақ патриоттық еңбектеріңіз үшін зор ризашылығымды білдіремін. Алдымызда еліміз үшін тағы бір тағдыр­лы, тарихи белес тұр. Қазақстан халқы Ассам­блеясының кезектен тыс Президент сайлауын өткізу туралы бастамасы халықтың тарапынан қызу қолдау тапты. Санаулы күнде маған бұл мәселеге қатысты мыңдаған хат келіп түсті. Құзырлы органдар бұл бастаманы еліміздің заңдарына сәйкес деп тапты. 26 сәуірде кезектен тыс Президент сайлауын өткізу туралы менің Жарлығым халқымыздың бастамасына жауап болды. Бұл – Отанымызды, бейбітшілік пен келісімді нығайтудағы біздің бағытымызды жалғастыруға жалпыхалықтық ұмтылыс пен бірліктің дәлелі. Құрметті қазақстандықтар! Тәуелсіздік жылдары ішінде біз Ұлы жолды жүріп өттік. Біздің еліміз әлемнің неғұрлым бәсекеге қабілетті 50 елінің қатарына енді. ІЖӨ 20 есе өсіп, 2014 жылы жан басына шаққанда 13 мың долларды құрады. Бүгінде біз «Қазақстан-2050» Стратегиясының басты мақсаты – әлемнің неғұрлым дамыған 30 елінің қатарына енуге қол жеткізу жолында жұмыс жүргізудеміз. Өткен 4 жылда 2011 жылдың сайлау науқаны барысында мен айтқан барлық міндеттерге қол жеткізілді. Біріншіден, ІЖӨ көлемі орта есеппен жыл сайын 5,7 пайызға өсіп отырды. Үдемелі индустриялықинновациялық дамудың бірінші бесжылдық жоспары аяқталды. Екіншіден, аграрлық сектор даму үшін қуатты серпін алды. Үшіншіден, инфрақұрылымдық салаларда үлкен өзгерістер болды. Төртіншіден, шағын және орта бизнес дамып келеді. Бесіншіден, Қазақстан әлеуметтік жаңғыру жолына бет бұрды. 2010 жылдан бері халықтың табыстары 43 пайызға, ал айлық еңбекақы 130 мың теңгеге жақындап, 64 пайызға өсті. Мем­лекеттік әлеуметтік жәрдемақылар мөлшері 1,4 есеге, ең төменгі зейнетақы 1,8 есеге өсті. Алтыншыдан, 4 жыл ішінде ауқымды әкімшілік реформа жүргізілді. Мемлекеттік аппарат реформаланып, Үкіметтің функцияларының 60 пайызы министрліктер мен әкімдіктер деңгейіне берілді. Министрліктер саны 17-ден 12-ге дейін оңтайландырылды. 9 агент­т ік қысқартылып, комитеттер ретінде минис­тр­ліктер құрамына берілді. Аудандық маңыз­дағы қалалар әкімдерінің, сондай-

н

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ, «НҰР ОТАН» ПАРТИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ Н.Ә.НАЗАРБАЕВТЫҢ ПАРТИЯНЫҢ XVI СЪЕЗІНДЕ СӨЙЛЕГЕН СӨЗІ

ті лаш

легі

Тәуекел, тағы да бір жол бастаңыз! Бекарыс ШОЙБЕКОВ, айтыскер ақын, съезд делегаты.

Ақтарсам көкіректен шыншыл жырды, Қазағым татулықпен тіл сындырды. Дағдарыстың дауылы біз түгілі, Талай алып елдерді күрсіндірді. Елбасы көшті бастап келе жатыр, Күні бұрын бағдарлап тылсым күнді. Алты Алашқа керегі – ел бірлігі, Бейбіт күн көгімізде күлсін нұрлы. Сондықтан өзіңізге тапсырмақшы, Қалың ел екі тізгін, бір шылбырды. Мына жол – бабалардан жалғасқан із, Жатпайды қын түбінде алмас нағыз. Қашанда жаныңызға тірек болған, Қолдаңыз, ұлтыңызды қорғаштаңыз. Қаншама асулардан адастырмай, Аман-сау алып өткен марқасқамыз. Тағдырын жұртым сізге тапсырып тұр, Тәуекел, тағы да бір жол бастаңыз!

ақ село­лық әкімдердің сайланбалылығы енгізілді. Құқық қорғау органдары мен сот жүйе­сінде терең реформалар жүруде. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қатаң күрес жүргізілуде. Конфессияаралық келісім мен тыныштықтың арқаулық негізі ретінде мемлекеттің зайырлылық сипаты нығайтылды. Жетіншіден, елдің халықаралық беделі нығайып келеді. Бүтіндей алғанда, біз жоспар­лан­ғандардың бәріне қол жеткіздік! Алға қарай қарышты қадам жасалды! Бұл баршамыздың ортақ жеңіс маршымыз! Қазіргі уақытта әлемдегі ахуал күр­делілене түсуде. Әлемдік рыноктарда энер­гия көздері мен металл бағаларының құл­дырауы экономикалық тәуекелдерді күрт ұлғайтып жіберді. Барлық дерлік мем­лекеттер елеулі геосаяси және эконо­микалық сын-қатерлерді бастан өтке­руде. «Нұрлы Жол» Жаңа Экономикалық Саясаты Қазақстанның экономикалық тәуекелдерге қояр тосқауылы болды. Ол, біріншіден, инфрақұрылымдық дамудың мемлекеттік бағдарламасы аясында экономикалық ауытқушылыққа қарсы іс-қимыл шараларынан, екіншіден, индустрияландыру бағытының екінші бес жылдығын одан әрі жалғастырудан тұрады. Сондай-ақ, әлеуметтік саясат та айқын белгіленді. Қатаң бюджеттік сая­сат пен үнем мемлекеттің әлеуметтік міндеттемелеріне өзгеріс енгізбейді. Сонымен бірге, жаһандық сын-қа­терлер

мен тәуекелдердің тереңдігі сондай, ол әр мемлекеттің тұрақтылығы мен табыстылығын сынаққа салады. Сон­дықтан да біздің алдымызда жаңа мін­деттер тұр. Біріншіден, сыртқы факторлардың мемлекет құрылысына ықпалының теріс сценарийіне жол бермеу. Екіншіден, дамудың қол жеткізілген қарқынын сақтау. Үшіншіден, одан әрі даму үшін жағдайлар жасау. Төртіншіден, әлемнің 30 дамыған мемлекетіне қарай алға жылжуды жалғастыру. Біздің мемлекеттілігіміздің ауқымды сынқатерлеріне қалыптан тыс және күшті жауап беру қажет. Бір орында тұруға болмайды. Өз табыстарымызды арқау етіп өзіміздің мемлекеттілігімізді дамыту үшін біздің алға қарай қозғалуымыз керек. Сондықтан да мен бес институттық реформаны алға тартамын. Бірінші – Экономикалық бағ­дар­ламаларды сапалы жүзеге асыруды және мемлекеттік қызметтерді ұсынуды қамтамасыз ететін қазіргі заманғы, кәсі­ би және автономиялы мемлекеттік аппаратты қалыптастыру. Бүгінде әкімшілік мемлекеттік қыз­меттің саяси деңгейге тәуелді екенін көрмеу мүмкін емес. Бұл, тіпті, ешқандай саясатсыз кәсіби басқару қажет болған кездің өзінде де шешімдер қабылдауды саясаттандырады. Мемлекеттік аппаратта белгілі бір қамқоршының айналасында команда қалыптасады. Мұндай пат­р о­н ат жемқорлық үшін жағдайлар туғы­зады, тамыр-таныстықты туындатады, кадр­ лық әлеуетті төмендетеді. Со­нымен бірге, еңбекке ақы төлеудің төмен­д ігінен мемлекеттік қызмет тартымсыз күйінде қалуда. Көбіне-көп мем­лекеттік қызметшілерде айқын мансап­тық келешек жоқ, ал қызметте жоғары­лау сол баяғы қамқоршыларға байла­ нысты. Мен маңызды мемлекеттік бағдар­ламалар мен жобалардың түрлі деңгей­л ер­д егі жекелеген шенеуніктердің білік­с із­д ігінен «зардап шегіп» жатқанын білемін. Сондықтан мемлекеттік қызметшілер корпусын кәсіби және автономиялы етіп жасау маңызды міндет болып табы­лады. Сайлаулар, министрлердің, әкімдер мен өзге де басшылардың ауысуы әкімшілік мемлекеттік қызметке әсер етпеуі тиіс. Ағымдағы позициялылықтан мемлекеттік қызметтің мансаптық моделіне көшу қажет. Әрбір басшы төмен­нен бастап барлық басқару сатыларынан өтуі тиіс. Мемлекеттік қызметшілерге, олардың басқару үдерісіне қосқан үлесінің нәти­же­лілігі бойынша еңбекке ақы төлеу­дің жаңа жүйесін енгізу қажет. Олар­дың қызметтері мен экономикада қол жеткізген табыстарының әр жылда­ғы нәтижелері бойынша саяси қызмет­шілер үшін бонустар және әкімшілік қызметшілер үшін сыйақылар төлеуді қарастыру қажет. Жақсы жұмыс істесе – бонус алады. Жаман жұмыс істесе, экономикада өсу және нәтижелері жоқ болса – тиісінше, еңбекақысы да төмендейді. (Жалғасы 2-бетте).

САЙЛАУ ҚАРСАҢЫНДА

ШТАБ ТІЗГІНІН МҰХТАР ҚҰЛ-МҰХАММЕД ҰСТАДЫ «НҰР ОТАН» ПАРТИЯСЫНЫҢ ОРТАЛЫҚ АППАРАТЫНДА ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТТІГІНЕ КАНДИДАТ Н.НАЗАРБАЕВТЫҢ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ ШТАБЫ АЛҒАШҚЫ ОТЫРЫСЫН ӨТКІЗДІ. ШТАБТЫ МҰХТАР ҚҰЛ-МҰХАММЕД БАСҚАРАТЫН БОЛДЫ.

– Мемлекет басшысының республикалық штабын басқару маған тапсырылды, – деді М.ҚұлМұхаммед. Еске сала кетейік, осыдан біраз күн бұрын Мемлекет басшысының Өкімімен Мұхтар Абрарұлы Құл-Мұхаммед Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі қызметінен босатылған еді. Ол «Нұр Отан» партиясының он алтыншы съезінде кезектен тыс президент сайлауына кандидат ретінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың кандидатурасын ұсыну туралы бірауыздан шешім қабылданғанын айта келе, онда Елбасының баршаға бірдей осы заманғы мемлекет, бес институционалды реформа атты бірегей бағдарламасын арнағанын айтты. Бұл бағдарламада Елбасы кәсіби әрі автономиялы мемлекеттік аппарат қалыптастыру, заңның үстемдігін қамтамасыз ету, индустрияландыру және әртараптандыруға негізделген экономикалық өсім, болашағы біртұтас ұлт, транспарентті және есеп беруші мемлекет сияқты ел дамуының басым бағыттарын айқындап берді. «Нұр Отан» партиясының осы шешіміне еліміздің жетекші саяси партиялары, атап айтсақ, «Ақ жол» партиясы, «Патриоттар партиясы», «Ауыл», «Бірлік» партиясы қосылды. «Жалпыхалықтық пікірлерге байланысты бүгін Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат Н.Назарбаевтың республикалық қоғамдық штабы құрылды. Штабты басқаруды Елбасы маған тапсырды. Осы ретте, Елбасына өз атымнан алғысымды айта отырып, штаб жұмысын барынша жоғары деңгейде атқарып шығу үшін бар күш-жігерімізді, тәжірибеміздi жұмсаймын деп сөз береміз», – деді ол. Штаб құрамына жоғарыда айтқан саяси партиялардың жетекшілері, белгілi мемлекет және қоғам қайраткерлері, ғалымдар мен шығармашылық адамдар, кәсіпкерлер мен журналистер, спортшылар кіреді. «Біз Президенттікке кандидат Н.Назарбаевқа жан-жақты қолдау көрсетумен, оның сайлауалды тұғырнамасын түсіндіру жөніндегі үгіт-насихат жұмыстарын жүргізумен және сенімді өкілдердің жұмысын үйлестірумен айналысатын боламыз. Сайлауалды науқан аясында біз Қазақстанның барлық өңіріне барып, сайлаушылармен кездесеміз. Біздің мақсатымыз – әр елді мекенге барып, еңбек ұжымдарымен кездесу. Осыншама ауқымды және жүйелі жұмысты қамтамасыз ету үшін бүгінгі таңда біздің кандидатымызды қолдау жөнінде облыстық, қалалық, аудандық штабтар құрылуда. Осындай ұстанымдар арқылы біз сайлауалды науқанды мейілінше жоғары деңгейде өткізетіндігімізге нық сенімдіміз», – деді М.Құл-Мұхаммед.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТТІГІНЕ КАНДИДАТ НҰРСҰЛТАН ӘБІШҰЛЫ НАЗАРБАЕВТЫ ҚОЛДАУ МАҚСАТЫНДА ӨҢІРДЕ САЙЛАУАЛДЫ ШТАБТАР ҚҰРЫЛАТЫН БОЛДЫ. БҰЛ ТУРАЛЫ КЕШЕ «НҰР ОТАН» ПАРТИЯСЫ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНДА ЖУРНАЛИСТЕРМЕН ӨТКЕН БРИФИНГ БАРЫСЫНДА ПАРТИЯ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ МАСАТ БЕРІК МӘЛІМДЕДІ. БРИФИНГКЕ ПАРТИЯ АРДАГЕРІ ҚАРЖАУБАЙ БЕКБОЛАТОВ, ОБЛЫСТЫҚ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫ ХАТШЫЛЫҒЫНЫҢ БАСШЫСЫ ЛАРИСА ЛЫСОВА, ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТТЫҢ ДЕПУТАТТАРЫ АСАУБАЙ МАЙЛЫБАЕВ, ГҮЛСІН ОРЫНБАЕВА, СЕМБЕК СЕЙДӘЗІМОВ ҚАТЫСТЫ.

ҚОҒАМДЫҚ ШТАБ МАҚСАТЫ – ЕЛБАСЫН ҚОЛДАУ Тұрсынбек СҰЛТАНБЕКОВ, «Ақ жол». Басқосуды ашқан Масат Әшімұлы: – Өздеріңіз білесіздер, күні кеше Астана қаласында 2000-ға жуық делегаттың қатысуымен «Нұр Отан» партиясының кезекті ХVІ съезі өтті. Осы басқосудың бір ерекшелігі – оған бастауыш партия ұйымдары кеңінен қамтылды. Бұрын бірлі-жарымы ғана болатын. Мысалы, біздің облыстан 80 делегат қатысса, соның 17-сі – бастауыш партия ұйымдарының төрағалары. Алқалы басқосуда Елбасы бес тұжырымдамалық бағытты айқындап берді. Олардың бәрі бір-бірімен сабақтас. Осы міндеттерді абыроймен атқаратын болсақ, біз, шын мәнінде, әлемдегі ең іргелі отыз елдің қатарынан ойып тұрып орын аламыз, – деп Астана сапарын тілге тиек ете келе брифингтің мән-маңызына тоқталды. – Партия съезінде сөз алған делегаттар Қазақстан Республикасы Президенттігіне Елбасының кандидатурасын ұсынды. Әсіресе, айтыскер ақын Бекарыс Шойбековтің өлеңмен өрнектеген орамдары жүректі толқытып жіберді. Көп тілегін ескерген Мемлекет басшысы сайлауға түсуге өз келісімін берді. Сол күні түстен кейін Орталық сайлау комиссиясына кандидаттыққа тіркелу үшін тиісті құжаттарын өткізіп, мемлекеттік тілді

меңгеру деңгейі бойынша емтиханды өте сәтті тапсырды. Кеше Елбасын алдағы сайлауда қолдау үшін республикалық қоғамдық штаб құрылды. Осындай штаб облыста да құрылады. Қазір штаб құрамын жасақтау жұмысымен айналысып жатырмыз. Оның құрамында өңірге белгілі азаматтар жұмыс істейді деген ойдамыз. Сонымен қатар бірнеше бөлім мен баспасөз орталығы іске кіріседі. Кандидаттың қоғамдық қабылдау бөлмесі де ашылмақ. Біздің міндетіміз –Нұрсұлтан Әбішұлына қолдау көрсету, сайлаудың жоғары деңгейде өтуіне атсалысу, осы мақсатта қалалық, аудандық штабтардың және сенімді өкілдердің жұмысын үйлестіру, –деді Масат Әшімұлы. Брифинг барысында журналистер тарапынан бірқатар сұрақтар қойылып, оларға тиісті жауаптар берілді. «Нұр Отан» партиясы Тараз қалалық филиалында да Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты қолдау мақсатында сайлауалды қоғамдық штаб құрылмақ. Жаңа штабтың мақсат-міндеттері туралы партия қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Балжан Пернебекова мен партия ардагері Қаржаубай Бекболатов журналистермен өткен брифингте жанжақты айтып берді.

Батыр қол бастар, Шешен сөз бастар, Көсем жол бастар. Халық мақалы.

8 КҮН ҚАЛДЫ Ұлттық тағам. Молшылықтың жоралғысы ретінде Наурыз мейрамында әрбір шаңырақта міндетті түрде әзірленеді. Халық дәстүрі бойынша оған бидай, тары, сүр ет, бұршақ, айран, сүт, тұз сияқты кем дегенде жеті түрлі азықтық заттар міндетті түрде қосылуы тиіс. Тақ санын сақтап, мұндай заттарды көбейте беруге де болады. Соғымнан арнайы сақталған мүшелерді (қазы, қарта, шұжық, т.б.) де қосады. Наурыз көже – негізінен бидай көже, тары көже секілді әзірленген. Наурыз көжені халық арасында «тілеу көже», «көп көже» деп те атайды. Наурыз көжеге, наурызға арналып сойылған малдың кәделі асына Наурыз бата берілген соң, жиналған халық ішіп-жеп, «Ақ мол болсын!» деген тілек айтып тарқасады.

ОРТАЛЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНДА

ҚАУЛЫ ҚАБЫЛДАНДЫ Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан Республикасының Конституциясында және «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңында қойылатын талаптарға сәйкестігін белгілеу туралы қаулы қабылдады. О р т а л ы қ с а й л ау к о м и с с и я с ы Қ а з а қ с т а н Республикасының Пре­з иденттігіне кандидат Нұрсұл­т ан Әбішұлы Назарбаевтың Қа­з ақ­­с тан Республикасының Консти­т у­ц иясында және «Қазақ­стан Республикасындағы сайлау ту­ралы» Конституциялық заңында қойылатын талаптарға сәйкестігін белгілеу туралы қаулы қабылдады. Дәл осы күні Орталық сайлау комиссиясы кандидатқа оның кандидатурасын қолдап азаматтардың қолдарын жинау үшін қол қою парақтарын берді. Ортсайлауком қабылдаған қаулыға сәйкес, Қазақстан Респуб­л икасының Президенттігіне кан­д идатты қолдайтын сайлау­ш ылардың рас қолдарының саны кемінде 93 мың 012 қолды құ­р айды. Президенттікке кандидат­т ы қолдап қолдар жинауды сенім білдірілген адамдар жүзеге асы­рады. Қолдарды жинайтын топтар­дың саны мен құрамына шек қой­ылмайды. Президенттікке кандидатты қолдап толтырылған қол қою парақ­­т ары аумақтық сайлау комис­с ия­л арына тапсырылады, олар бес күн мерзім ішінде паспорт қыз­метінің қызметкерлерін қатыстыра отырып қойылған қолдардың шын екендігін тексеруді жүзеге асырады, тиісті хаттаманы ресімдейді және оны Орталық сайлау комиссиясына жолдайды. Қолдардың шын екенін тексеру Президенттікке кандидатқа қажетті санда рас қолдар анықталғанға дейін жүргізіледі. Осылайша, азаматтардың 93 мың 012 қолының шын екені расталған кезде қалған қолдарды тексеру жүргізілмейді, деп хабарлады Орталық сайлау комиссиясының баспасөз қызметі.

СЪЕЗД ДЕЛЕГАТТАРЫ НЕ ДЕЙДІ?

ТРАНСПАРЕНТТІ МЕМЛЕКЕТТІҢ ІРГЕТАСЫ БЕРІК Махметғали САРЫБЕКОВ, М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің ректоры, педагогика ғылымдарының докторы, профессор.

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев қазіргідей қиын-қыстау кезеңде экономикамызды өркендетудің жолын ғана емес, мемлекеттілікті нығайтуға аса қажетті бес бағытты да айқын көрсетіп беріп отыр. Елбасы «Нұр Отан» партиясының ХVІ съезінде сөйлеген сөзінде Қазақстанды дамыту үшін бес халықтық реформаны іске асыру қажеттігін айтты. Төрт реформа кезеңімен орындалғаннан кейін бесінші – саяси мәселелерді шешу ісіне көшу керектігіне тоқталды. Елбасы атап көрсеткен төрт мақсат – транспарентті мемлекетті құрудың негізгі іргетасы. Яғни, мемлекет алдында есеп беретін Үкіметті дамытудың бірден-бір жолы. Жалпы, транспарентті мемлекет дегеніміз не? Біз қоғамдық жүйенің бейнесін қалай елестетеміз? Мұндай институттық реформаның ірге негізі елімізде қашан қалана бастады? Әуелі осы сауалдарға жауап іздеп көрейікші. Транспарентті мемлекет дегеніміз – мемлекеттік жүйе мен мемлекеттік емес жүйе арасындағы байланыс. Осы екі жүйенің өзара сабақтастығының сақталуына көңіл бөлген ел ғана транспарентті мемлекет бола алады. Ал барлық іс-шаралар әкімшілік тұрғыда, Үкімет тарапынан шешілетін болса, ол авторитарлық мемлекет деп саналады. Сондықтан, Елбасы «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Жолдауында әкімшілік ресурстармен қатар, мемлекеттік емес институттарды дамыту қажеттігін баса айтып, нақты тапсырмалар берді. Азаматтық қоғамның алдында барлық мемлекеттік құрылымдар есеп беруі тиіс. Бұл, ең алдымен, республикалық бюджет бекітілген кезде қажет. Бюджет қай мақсатта жұмсалады, оның тиімділігі, халыққа пайдасы, игерілуі тұрғындарға мемлекеттік емес ұйымдар арқылы жан-жақты түсіндірілуі керек. (Жалғасы 2-бетте).


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.
14 науырыз пдф 2015 by akjolgazet - Issuu